Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану



1. Рекреациялық ресурстар
2. Емдік табиғат ресурстарды пайдалану
Рекреациялық ресурстар - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққа рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік нысандар. Рекреациялық ресурстарға табиғи кешендер мен оларды құраушылар (бедер, климат, өсімдік, суқойма), мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше техникалық ғимараттар жатады. Курорттық, сауықтырғыш, спорттық және экскурсиялық-туристік рекреациялық ресурстар болып ажыратылады.
Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда туризм индустриясының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Тән және рух саулығына деген сән ХХІ ғасырда емдік-сауықтыру туризмінің аса үлкен қарқынмен дамуына негіз болды.
1. Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-
2. рекреационного хозяйства в Казахстане.А. 1997.
3. Достопримечательные места Казахстана. А-А.1959
4. Николаенко Д.В. Рекреационная география.М.2001
5. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А.1998
6. Ердавлетов С.Р. Гоеграфия туризма.А.1989
7. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский А.1989
8. Мырзабеков М Особоохраняемые территории Казахстана .А.2001

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану
1. Рекреациялық ресурстар
2. Емдік табиғат ресурстарды пайдалану
Рекреациялық ресурстар - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққа рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік нысандар. Рекреациялық ресурстарға табиғи кешендер мен оларды құраушылар (бедер, климат, өсімдік, суқойма), мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше техникалық ғимараттар жатады. Курорттық, сауықтырғыш, спорттық және экскурсиялық-туристік рекреациялық ресурстар болып ажыратылады.
Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда туризм индустриясының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Тән және рух саулығына деген сән ХХІ ғасырда емдік-сауықтыру туризмінің аса үлкен қарқынмен дамуына негіз болды. Әлемнің көптеген елдерінде емдік-сауықтыру туризмі жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық тауарлар өндірісі сияқты экономиканың негізгі салаларына орасан зор әсер етеді және әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік факторы болып есептеледі.
А.М. Ветитневтің анықтамасы бойынша емдік-сауықтыру туризміне арнайы сауықтыру бағдарламаларының негізінде денсаулықты нығайту және аурудың алдын алуға бағытталған туризм түрі жатады [1]. Сонымен қатар емдік-сауықтыру туризміне физикалық және психологиялық денсаулықты қалпына келтіру мен демалу мақсатындағы туризмді жатқызуға болады. А.В.Бабкин бойынша емдік-сауықтыру туризмі резиденттер мен резидент емес тұлғалардың мемлекет аумағында немесе шет елдерде 24 сағаттан кем емес және 6 айдан аспайтын уақыт аралығында емдік-сауықтыру мақсатында орын ауыстыруын қарастырады және курортологияға негізделеді [2]. Курортология - бұл табиғи емдік факторлар және олардың адам ағзасына әсері мен емдік-сауықтыру мақсатында пайдаланылу әдістері туралы ғылым.
Ерте кезеңдердің өзінде адам ағзасына әр түрлі табиғи, климаттық, гидроминералды және ландшафттық факторлардың әсер ететіндігі байқалған болатын, ал ХVI-XVIII ғасырларда климатпен және сумен емдеудің ғылыми алғышарттары қалыптасты, алғашқы курорттар пайда болды, курортология ғылым ретінде медициналық тәжірибеге енді.
Бальнеология (лат. balneum - монша, суға түсу) - минералды сулардың пайда болуы мен физико-химиялық қасиеттерін және емдік-сауықтыру мақсатында қолданылу әдістерін зерттейтін ғылым. Бальнеологияның алғышарттары б.з.д. V ғасырда ғалым Геродот минералды суларды пайдалану әдістері мен жағдайларын ұсынған кезде пайда болған, ал Гиппократ (б.з.д. V-IV ғғ.) өз еңбектерінде өзен, көл және теңіз суының емдік қасиеттерін атап өткен. Ғылыми бальнеологияның негізі XVII-XVIII ғасырларда неміс ғалымы Ф. Гофман минералды сулардың химиялық құрамын анықтаған кезде қалыптасты.
Емдік сулар химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, күшәла, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Минералды сулармен емдеумен қатар, емдік-сауықтыру туризмі саласында балшықпен емдеу де кең тараған.
Балшықпен емдеу, пелоидотерапия (грекше plos -- саз, балшық және therapeіa -- емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері, сондай-ақ, оларды қорек ететін ұсақ организмдері бар балшықты және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалануды білдіреді. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады [3].
Қазіргі кезде дамыған елдерде емдік-сауықтыру туризмі екі бағытта қалыптасады:
* науқастардың арнайы мекемелерде туристік бағдарламалармен қоса ем қабылдауы;
* дені сау адамдардың арнайы мекемелерде белгілі бір қызметтер алу арқылы физикалық және психологиялық жағдайын қалпына келтіріп, жақсарту мақсатында өзге елдерге саяхат жасауы.
Емдік-сауықтыру туризмінің негізгі даму аймағы - Еуропа, нақтырақ айтсақ, Орталық және Шығыс Еуропа болып табылады. Бұл мемлекеттерде емдік табиғи-климаттық ресурстар кең тараған, сонымен қатар науқастарды емдеудің, қалпына келтірудің және аурудың алдын алудың қазіргі заманғы тиімді әдістері пайдаланылады.
Еуропа елдерінің ішінде шипажайлы-курорттық емделуге келушілердің саны жөнінен Чехия алдыңғы орынды алады. Мұндағы ең үлкен және әйгілі здравница - Карловы Вары болып табылады. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің деректері бойынша жыл сайын оған емделуге әлемнің 70 елінен 50 мың адам және 2 млн. экскурсант келеді. Соңғы кезде елде чех здравницаларын еуропалық емдік-сауықтыру туризмі нарығында белсендірек жылжыту шаралары жүргізіліп жатыр. Курорттарда театр сахналары, галереялар, көрме залдары, би алаңдары, ойын мекемелері, түнгі клубтар ашылуда. Сонымен қатар гольф, теннис, суда жүзу, яхтинг, каратэ, жаяу, атпен және велосипедпен серуендеуге жағдай жасай отырып, белсенді демалысқа мүмкіндіктерді кеңейтуде. Емдік-сауықтыру бағдарламалары мәдени, ойын-сауық және танымдық шаралармен жақсы үйлесім табады. Чех курорттары музыкалық фестивальдер, ән байқауларын, курорттық балдар, аэробика-марафондар, көрме-сатылымдар, фольклорлық фестивальдер ұйымдастырады. Карловы-Вары курортында дәстүрге айналған Халықаралық толықметражды фильмдер фестивалі өткізіледі. Бұл шаралар туристерді көбірек тартуға және олардың контингентін кеңейтуге бағытталған.
Еуропаның емдік-сауықтыру туризмі нарығында Чехияның басты бәсекелесі - Венгрия болып табылады. Оны термалды моншалар зонасы деп атайды. Тәулігіне 500000 м³ жуық термалды су табиғи бұлақтардан ағып шығады, оның жартысы медицинада пайдаланылады. ХІХ ғасырда Венгрия Еуропаның сумен емдеу орталығы, ал Будапешт емдік сулар қаласы атағына ие болған. Бүгінгі таңда Венгрияның 22 қаласы мен 62 ауылында ресми түрде бекітілген емдік су көздері бар. Туристік ағындар көбіне Будапештке және Балатон көліне келеді. Будапешттегі әйгілі түрік моншалары XVI-XVII ғасырлардан бері сақталған және бүгінде қызмет етуде. Балатон - Еуропаның ең үлкен және жылы көлдерінің бірі, балық аулау, жүзу, желкенді спорт және су шаңғысымен айналысуға қолайлы орын. Жыл сайын көлге әр елден 100 мыңға жуық турист келеді. Венгрия курорттарында емделу мен демалу Германия, АҚШ, Австрия азаматтары және жергілікті халық арасында сұранысқа ие. Барлық келушілердің жартысынан көбі осы төрт елдің үлесіне тиеді.
Емдік-сауықтыру туризмі нарығында Польшаның бальнеологиялық және климаттық курорттары кең тараған. Негізгі бальнеологиялық және бальнеобалшықтық Свиноуйсьце, Камень-Поморски, Колобжег курорттары Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Олар Чехия және Венгрия курорттарына қарағанда онша әйгілі емес және бәсекелестікке түсе алмайды. Жарнаманың жоқтығы, медициналық қызмет деңгейінің төмендігі және теңіз суының суықтығы сияқты факторлар Польша курорттарының мүмкіндігін шектейді. Польшадағы емдік-сауықтыру туризмінің дамуына Эстония, Латвия, Литвадағы сияқты теңіз жағалауындағы қолайсыз экологиялық жағдай теріс әсерін тигізеді. Теңіз жағалаулары өндіріс қалдықтарымен және қоқыстармен ластанған. Көптеген өнеркәсіп орындары техникалық жағынан ескірген және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қайта жабдықталуы тиіс. Зиянды заттардың негізгі бөлігі шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауда орналасқан өндіріс нысандарынан келеді. Өте жоғары деңгейде бактериалды ластануды салдарынан кейбір Балтық жағалаулары жабылып, адамдарға суға түсуге тыйым салынады. Мұндай жылдары Польшаның теңіз жағалауларына келетін туристік ағын кемиді. Таулы аудандарда орналасқан климаттық курорттардың ісі жандана түседі. Олардың саны көп, сондықтан тау-климаттық туризмді Польшаның емдік-сауықтыру туризмінің мамандандырылған саласы ретінде қарастыруға болады.
Чехия, Венгрия, Польшадан басқа емдік-сауықтыру туризмі Болгария, Румыния, Сербия, Черногорияда дамыған. Бұл елдер жылы теңіздерге шыға алады және негізінен теңіз жағалауындағы климаттық курорттарда сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, Хорватияда медицинада пайдаланылатын мұнай түрі - нафталанның Еуропадағы жалғыз шығу көзі ашылған. Оның негізінде құрылған Иванич-Град курорты тері және тірек-қозғалыс аппаратының аурулары бар науқастарды қабылдайды. Словакия термалды здравницаларын қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтау арқылы жақын арада Чехияға баратын туристік ағынды өзіне тартып, емдік-сауықтыру туризмі нарығында басты орынға ие болуы мүмкін.
Батыс Еуропа мемлекеттері курорттық істің терең дәсүрлерімен ерекшеленеді. Мұнда әлемдік маңызға ие Германиядағы Баден-Баден және Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Спа және басқа да ірі курорттар орналасқан. Олар ХІХ ғ. 2 ж. тек қана емдік емес, демалыс орны ретінде де дамыған. Аралас архитектуралық стильдер, павильондардан шыққан әр түрлі әуендер, концерттер, сахналық көріністер және балдар, сән үлгілерінің және алғашқы автокөліктердің көрінісі, ойын бизесі, сауық кештері бұл курорттарға ерекше қайталанбас сипат берген. Батыста курорттық істі ұйымастырудың ХІХ ғасырда қалыптасқан қағидалары бүгінгі таңда өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Курортқа келген адамдарға қатаң күн тәртібі белгіленбейді, олар ем алу уақытын өздері таңдайды және дәрігердің кеңесімен жүруге міндетті емес. Батыс Еуропа курорттарының көпшілігі Германия, Австрия және Швейцарияда орналасқан. Олар негізінен бальнеологиялық және климаттық болып келеді.
Германияда жоғарыда аталған Баден-Баден және Висбаденнан өзге Шварцвальд тау жүйесінің етегінде жатқан Баденвейлер, Вильдбад және Байерсбронн, Франкфурт-на-Майне қаласына жақын орналасқан Бад-Хомбург және Бад-Наухайм, елдің батысындағы Ахен сияқты атақты бальнеологиялық курорттар бар. Климаттық курорттардың арасында тау және орман курорттары басым (Кведлинбург, Оберхоф, Фюссен), сонымен қатар теңіз жағалауындағы (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург) курорттар да кең тараған. Жыл сайын неміс курорттары 1 млн. астам адам қабылдайды. Германияның климаттық және бальнеологиялық орталықтары ұсынатын аурудың алдын алу және қалпына келтіру бағдарламалары Франция, Бельгия, Люксембург, АҚШ және Канада тұрғындарының арасында сұранысқа ие.
Австрияның көптеген курорттарының ішінде ең әйгілісі - Бадгастайн бальнеологиялық курорты Зальцбург провинциясының оңтүстігінде, Гастайн өзенінің алабында орналасқан. Ол ыстық радон бұлақтарының негізінде құрылған. Бальнеологиялық және климаттық курорттармен қатар Австрияда көл жағалауындағы емдік-сауықтыру туризмі дамыған. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе және Топлицзе көлдеріне 1 млн. жуық турист келеді. Жалпы, елге келетін туристердің 20%-ы емдік мақсатты көздейді.
Швейцариядағы курорттар саны Германия және Австрияға қарағанда аз болғанымен, емдік-сауықтыру туризмінің әйгілі бағыттарының бірі болып табылады. Алайда бағасының өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Туризмнің дамуы
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Жетісу Алатауы көлдерінде туризмді дамыту
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Пәндер