XX ғасырдағы 40-шы жылдарындағы психодиагностика ғылымының дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XX ғасырдағы 40-шы жылдарындағы психодиагностика ғылымының дамуы.

Осы кезде психодиагностикалық әдістемелердің саны көбейе түсті. Оскар Буростың (1941) «Психодиагностикалық өлшеу жылнамасында »325 тестілерден нәтижелерді және 200 тестінің жәй тізімі басылымында жарияланады.

Бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар психологтар жаңа тестілер жасауға бағыттады. Екінші дүние жүзілік соғыстың басында АҚШ психологтары армия қажеттілігі үшін топтық тестілерді құрастыруға көңіл бөлді. Соның бірі жалпы армияның топтастыру тесті одан 10млн. әскери адамдар өтті. Теңіз офицерлері мен пилоттарды іріктеу кезінде Роршах тесті ТАТ тестісінің қысқартылған варианты және басқада әскери модификациялары пайдаланылды. Стресстық фокторлардың тікелей әсерін ситуациял ық (жағдаят) тестерді құрау арқылы зерттеген. Олар шпиондық бақылау әрекетіне лайықты деген адамдарды таңдауға арналған. 1944 жылғы мәлімет әскер жасындағы 20млн. адам зерттеуден өткенін көрсетеді.

Ұлыбританияда әскери топтастыру мақсатында Равеннің прогрессивті матрицасы негізгі тест болып саналады . Ол радарлық қондырғыларды пайдалану идеясын табыстылығын көрсететін пайдалы құрал болып табылады. Германияда осы соғыстың кезінде авиация қызметіне, әскери қызметке жарамдылығын анықтау кезінде тестілер кеңінен қолданылды. Ресми түрде 1942 жылы тестілеуге тыйым жасалды. Американың психология тарихшылары оның екі себебін көрсетті:

1. Психологилық тестілеу - үстемдік етіп тұрған саяси партиялар немесе әлеуметтік топтарға мүше болуға емес индивидуалдық психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып таңдауға сүйенетін демократиялық процедура.

2. Неміс қаруы күштерінде психологилық мәселеледің бар екендігін жоққа шығаруға ықылас білдірді. Оған қарамастан жасырын түрде 425000 адамды бірінші дүние жүзілік соғыста АҚШ-та қолданған топтық тестілерден өткізу арқылы Германияға құлшылық жұмысқа іріктеген.

1942 жылы Векслер - Белльвью II, немесе екінші басылым мен «екінші Векслер» атты тесті шықты. Ол АҚШ-тағы сол кездегі ақыл-ой дамуының деңгейін анықтауға арналған лидерлік әдістеменің бірі болып табылады. Ол субтестер көрсеткіштері бойынша органикалық мидағы зақымдары арқылы шизофренияны т. б. психикалық ауытқуларды анықтауға мүмкіндік туады деген, бірақ Векслердің дәлдігіне көптеген психатрлар да күмәнді болды.

Ересек ж астағыларға арналған шкаласы тәрізді Векслер 1949 ж ылы балалардың ақыл - ой деңгейін айқындайтын шкаласын жариялаған. Оны 200 бала арқылы стандарттаған: 5 жастан 15 жас аралығында, 100 ұл бала, 100 қыз бала. Қатысқандар ақ нәсілді қала және ауыл тұрғындары бола отырып, олардың ата - аналарының жұмыс өзгешелігі еске алынған. 2 ай мен 30 ай аралығындағы сәбилерді тестілеу үшін Джеймс Кеттелдің П. Кеттел қызының шкаласы пайдаланылады. Бірақ оның шкаласының жарамдылығы мен сенімділігі туралы тартыстар болды. Жеке тұлғаның когнетивті сферасын диагностикалау үшін осы кезде Стэнфортың жетістікке жету атты тесті ( Standorol Achiervement Tests, 1940) және R, S, T Отистің топтастыру тесті ( Otis Classification Test, 1941) пайдаланылды.

Тоғыз сала:мәдениет, математика, әдебиет, механика, музыка, саясат, ғылым, әлеуметтік қызмет көрсету, кеңседе жұмыс жасау бағыты бойынша қызығушылықты өлшеу үшін 168 тапсырманы қамтыған Кьюдер сауалнамасы (Kuder Preferece Recorol, 1942) болды. Осы жылы Катрин Бриггс және оның қызы Исабель Майерс Юнг теорисының негізінде өздерінің сауалнамасын құрастырды. Оның «Майерс-Бриггс индекатор типі»(Myers-Briggs Type Inchator, MBT) деп атап ол зерттеу түрін 1962 жылдары ғана жариялады. Старк Р. Хатауэй және Мак -Кенли (Starke Hathaway, J. C. Mc Kinley, 1940, 1943) Миннесоталдық көпаспектілі жекелік сауалнамасына (ММPI The Vinnesota Multiphasic Personality Inventory) біраз психологтар назарын аударды алғашқы кезде психиатирялық диагноз жасау үшін 550 пікірге негізделген MMPI паталоргиясы жоқ жеке тұлғаларды диагностикаклауда да қолданыла бастайды.

Жаңа жекелік сауалнама қатарына 1947 жылы Моуделейкийдің медициналық сауалнамасы (Maudsley medical Questionnaire) жатады. Алғашқы тест сериясын жасаған ағылшын Ганс Юрген Айзенк (1934-1997) . Бұл тест нейротизмді айқындауға арналған. Негізгі қасиеттерді өлшеудің құралын табу үшін ол 1940 жылдары факторлық талдауға назарын аударады. Дж. Гильфордтың және оның әріптестерінің жекелеген сұрақтар арасындағы өзара байланысындағы корреляцияның зерттеуі Айзенктің белгілі «оброзрение темперамента»(Guilforol- Zimmerman Temperament Survey, 1949) («темперамент шолуы») деген еңбектер шығаруға жол ашты. Бірақ бұл бағыттағы зерттеулер XXғ. 40-жылдарының ІІжартысында ғана өз биігіне көтерілді. 1939-1947 осы жылдар аралығында Рор шахтың тесті бойынша 436 пайдалану нұсқаулары жарық көріп, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау жолын көрсетуге үлес қосқандар Клопфер мен Келли (1942) болды.

Соғыс аяқталған соң жаңа проективті әдістемелер пайда болды. Оның бірі - фрустрацияға деген реакцияны бағалауға арналған Саул Розенцвет тесті (1945) . Ол 24 суреттен тұрады. Сол жағындағы суреттегі персонаж өзінің фрустрациялық жағдайын сипаттаса, ал оң жағындағы сурпеттегі персонаж өзінің ең бірінші жауабын жазу керек. Осының негізіне индивидтің фрустрациялық жағдайдағы типін, әлеуметтік адаптация дәрежесін бағалайды.

Шнейдман (1947) тестісінде әуелі сурет салу қажет, содан соң сурет бойынша не бейнеленген айтып беру қажет.

Саймондс (1947) тестісі бойынша тапсырмаларындағы сөйлем құрамының негізгі бөлігі сыналушыға беріліп оны әрі қарай аяқтау қажеттігін көрсеткен.

Блюм(1949) Блекки тестін құрастырып ит тұымдастар бейнеленген сурет бойынша мәтін құруды талап еткен. Демек бала ит проблемаларын сипаттау арқылы өзін қоршап отырған адамдар проблемалары туралы айтады. Әр суретте ит әр түрлі жағдайда психоаналитикалық теория бойынша жеке тұлғалық функцияналды аспектілерді бейнелейтін (мысалы, Эдип комплекісі, анальді және оральді импульстері т. б. ) бір немесе бірнеше ит бейнеленген.

АҚШ-та психодиагностика саласындғы Сонди тестісінің әйгілі болуына әсер еткен Давид Рапапорт (1911-1960) . Бұнда ақыл-ой деңгейін бейнелеу мен қоса жеке тұлғалық проекциясының өнімділігін сурет арқылы тану идеясы көрсетіледі. Карен Софи Маховер (1902-1949) тестісінде адам суретін салу талап етілді, содан кейін соған қарсы жынысты адамның суретін салу керек. Осы тест арқылы сурет салушымен салынған фигура арасындағы байланысты айқындауды алғашқы диагностикалық құрал деп тапқан. Буктың тесті үй, адам, ағаш суреттеріне (1948) негізделген. Осы тәрізді басқа да проективті техникалық суреттер пайда болды.

Швейцар психологы Макс Люшер (1923-1977) түрлі түстерді таңдаудың психологиялық маңызды бар екенін дәлелдеді. Ол 1948 жылы түрлі-түсті таңдау тестісінің проективті әдістемесін жасады. Пфистар - Хейс (1951) турлі- түсті пирамида тестін өмірге әкелді, бірақ бұл тестер Роршах, ТАТ тесттер тәрізді жарамдылық пен сенімділік техникасы болмағандықтан әйгілі бола алмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы педагогика - психология ғылымдарының іргетасын қалаушы
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Уақыт және тарих
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Психодиагностика
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz