«Қазақ» этнонимінің шығу тарихы
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
«Қазақ» терминінің тарихнамасынан
«Қазақ» сөзінің этимологиялық сипаты
«Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы тарихшы.ғалымдардың болжамдары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиет

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
1. Сабденова Г.Е. «Қазақ» сөзі тарихнамасының бір беті // Қазақстанның тәуелсіздігі: бастауынан іске асырылуына дейін (Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жылдығына орай): Мақалалар жинағы. –Алматы, 2001. -Б.5-11.
2. Сабденова Г.Е. Қазақ хандығының тарихнамасы: халқының қалыптасуы, мемлекеттілігінің құрылуы және нығаюы (ХҮ ғасырдың ортасы – ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі). 07.00.09 мамандығы бойынша тар. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореф. -А., 2003. -30 б.
3. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін».- Алматы,1998.
4. www.irgetas.com.

Кіріспе
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу
айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ"
атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" ,
кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы
Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз
басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ"
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата
шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери
жорықтарға қатысуын санаған.Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий
және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар
"хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан
тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ
қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік
топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы
қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған.
Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып
келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ
Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып
болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі
болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
Қазақ терминінің тарихнамасынан
Қандай этнос болса да өзінің өзгелерден ажырата бастаған кезеңі өз
атауының қайдан шыққанын, семантикалық мәнін түсінуге тырысады. Осыған
байланысты қазақ сөзіне, оның этимологиялық мәніне сан алуан ғалымдар мен
оқырмандар тарапынан назар аударылуы заңдылық болып табылады.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда қазақ сөзі сақтар заманында пайда
болған. С.П.Толстовтың басшылығымен жүргізілген Хорезм өлкесіндегі Топырақ
қаладағы қазба жұмыстары барысында азды-кемді жазба деректер (ағашқа
жазылған) кездескені мәлім. Оларды әліптеген авторлар жазбаларда касак,
касасак, пандикасак деген атаулардың кездесетінін жазады. Соңғы екеуі,
Ә. Сарайдың пайымдауынша, тиісінше батыр сақ, ұстаз сақ дегенді
білдіреді. Сонымен, Топырақ қаланың өмір сүрген уақытын басшылыққа ала
отырып, қазақ сөзінің толық күйде алғаш хатқа түсуі ІІІ ғасырдың орта
шені деп белгілеуге болады.
Көне Қытай деректерінде қазақ сөзі ІІ ғасырдың орта кезінде хатқа
түсірілген, тіпті сол уақыттың өзінде этнонимдік мәнге ие болған. Қытай
тарихнамашылары Қаңлы мемлекетін қазақтардың отаны деп біледі. Мысалы,
Хань дәуірінде (б.д.д. 209 ж. – б.д. 220 ж.) Кангюй мемлекетінің
жерлері Касакэ елінің оңтүстік-шығыс шекарасынан басталып, солтүстік
батыста кейінгі уақытта құрылған Мәскеу мемлекетінің шекарасына дейін
созылып жатты, – деп жазады Хэ Цютао сынды тарихшы [1].
Синьцзян универеситетінің (Қытай) профессоры Су Бэйхай қытай
жылнамаларында кэса (қазақ) атауы YІІ ғасырдан бастап кездеседі дейді.
Таңнаманың Персия баянында түріктердің Кэса тайпасы туралы айтылады.
Юань патшалығы тарихының аударма материалдарына толықтырулар атты Хон
Цзюньнің еңбегінде: Түріктер дәуірлеп тұрған кездерде ... ең батыс шетте
Кэсалар өмір сүрді. Олар гэсалар деп те аталған. Батыс елдерінің көне
кітаптарында да осы атау кездесіп қалады, онда гэсаны басқашалау атаған
Каспий мен Қара теңіздің терістік жағын түгелдей солар мекендеген, – деп
нақтыланған.
Осы пікірді отандық тарихнамада Т. Жанұзақов та қолдап, "қазақ" атауы
Кавказдағы түрік қауымы арасында сонау YІ ғасырдың өзінде-ақ халық атауы
ретінде айтылған болатын деп жазды.
Башқұрт ғалымы З.У.Тоған ІХ ғасырдағы араб авторы Әдһам Әл-Куфидің
шығармасында қазақ деген сөздің ұшырасатындығын айтады. 982 ж. парсы
тілінде жазылған Худуд әл-Әлам атты кітапта: алан елінде қазақ деген
ұлыс бар делінген. Византия императоры Константин Багрянородныйдың (905-
959 ж.) Об управлении империей деген өсиет еңбегінде Казахия
жұрты туралы айтылады. Оның замандасы Фирдоусидің (940-
1020) Шахнамасында қазақ сөзі топоним, этноним ретінде қолданылған. Х
ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы Масудидің еңбегінде
кездесетін кашак деген халықты қазақ деп оқушылар да бар [1].
Қазақ термині монғол шапқыншылығына дейін-ақ пайда болып қойған жоқ,
этнонимдік мазмұнға ие болды деген пікірді қолдаушылардың
Б.Молдабаев Манасэпосында қазақтар туралы басқа халықтарға қарағанда жиі
айтылады. Олар туыс халық ретінде жиі
көрінеді. Қазақ және қырғыз тер мині жырда бір қатарда қосарланып
айтылады. Дегенмен де Манаста қазақтар жеке халық болып аталады – деп
жазады.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда хатталған Монғолдың құпия
шежіресінде касаг этнонимі кездеседі. 1245 ж. жарық көрген Араб-қыпшақ
сөздігінде қазақ атауына түсініктеме берілген.
Никон жылнамасында 1233 ж. монғолдар шабуыл жасаған
кезде касахтар жері арқылы өтіп, қыпшақтарды және орыс князьдерін Қалқа
өзені бойында талқандады делінеді. Әл-Омари (1348 ж. ө.), Ибн Халдун (1406
ж. өлген) еңбектерінде азак халқы деген кездеседі [2].
Мұнан кейінгі уақытта қазақ термині Еуразия кеңістігінде, Дон
жағалауында, орыстардың этникалық аумағында ұшырасып отырғандығы жөнінде
түрлі деректерде кездесетін мәліметтер зерттеушілер назарынан тыс қалған
жоқ. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар мен тілші-ғалымдардың ізденістері
нәтижесінде жоғарыда аталған деректерді пайымдауға арналған сан алуан
зерттеулер жарық көрді. Бірақ қазақ сөзінің түп-төркінінің өзі қай тілден
шыққандығы жөнінде бір тоқтамға келінген жоқ. Кейбір ғалымдар
(В.Ф.Минорский) кассах, кашах т үріндегі сөз тұлғасын араб, парсы
тілдерінен іздейді. Фин ғалымы Г.Рамстедтің ізімен қазақ сөзін монғолдың
қасағ терген деген сөз тіркесімен байланыстыруға тырысқан авторлардың
әрекеттерінің ғылыми негізі жоқ екендігі дәлелденді. Кейбір отандық және
шетелдік ғалымдардың (Су Бэйхай) қазақ сөзінің төркінін ежелгі аңыз-
әпсаналардан іздеуін де құптарлық деуге болмайды. Ғалымдардың көпшілігі бұл
сөздің түп төркіні түркілік екендігі жөніндегі пікірге ойысып отыр. Бұл
бағыттың негізін қалаушылар орыс шығыстанушылары В. В. Бартольд, В.В.
Радлов сияқты ғалымдар болды. Қазақ деген сөз түбірінің (қаз) ескі
түрік тілінен шыққандығын қолдаушылар қатарында С.А. Плетнева, А.В. Гадло
т.б. бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz