Мәліметтер қорының орындалу жолдары


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Мәліметтер қорын ұйымдастыру кезеңдері

2 Кестелік мәліметтер қоры

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезде дүние жүзінде программалаушыларға және пайдаланушыларға нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген жүйелер және деректермен жұмыс істеу технологиялары жасалған.

Visual Basic тілі өзіне орнатылған программалық құралдардың көмегімен осы жүйелердің және технологиялардың көпшілігін қолдануға мүмкіндік береді.

Қолданушының көзқарасы тұрғысынан қарағанда, мәліметтер қоры бұл информациямен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программа. Мұндай программаны іске қосқанда, экранда қарап шығу арқылы қажетті мәдіметтерді табуға болатын кесте пайда болады.

Дискіге тұрақты файл түрінде сақталатын ақпараттар жиынтығы мәліметтер қоры деп аталады. Мәліметтер қоры арқылы кез келген уақытта кез келген қажетті шығарып алып, оқуға немесе редакциялауға болады. Мәліметтер қорын бір немесе бірнеше компьютерлер пайдалана алады. Әдетте мәліметтер қорында белгілі бір салаға байланысты мәліметтер сақталады.

Мәліметтер қорында сақталатын ақпарат бірлігі ретінде кестелер қарастырылады. Кесте деп қатарлар мен бағандарға бөлінетін мәліметтер жиынын айтады. Мәліметтер қоры терминінде қатарларды жазу деп, ал бағандарды өріс деп атайды. Кез келген мәліметтер қорының мәліметтер жазылатын кемінде бір кестесі болуы тиіс. Кестелерді қатарлары белгілі бір жазу, ал бағандары жазу өрістері болып табылатын екі өлшемді массив ретінде де қарастыруға болады. Осындай кестелерден тұратын мәліметтер қоры моделін реляциялық деп атайды.

Қазіргі кезеңдерде мәліметтер қорын жасайтын және олардың элементтерін басқаратын көптеген жүйелер мен программалық орталар бар. Солардың ішінде Paradox, Access және dBase жүйелері кеңінен қолданылады. Бұл құралда VisData, Access жүйелері мен Visual Basic ортасында программалау барысында мәліметтер қорын жасау жолдары мен олардың элементтерін басқару әдістері қарастырылған.

1 Мәліметтер қорын ұйымдастыру кезеңдері

Қазіргі кезде дүние жүзінде программалаушыларға және пайдаланушыларға нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген жүйелер және деректермен жұмыс істеу технологиялары жасалған.

Біртекті құрылымды мәліметтердің кез келген жиынтығын мәліметтер қоймасы деп атауға болады, ол қағаз немесе электрондық түрде көрсетіле алады.

Біздің әрқайсысымыз бала кезімізден бастап мәліметтер қоймасымен көптеген жағдайларда жұмыс істеп келеміз. Мысалы, мәліметтер қоймасында әр түрлі анықтамалар жатады.

Мәліметтер қоймасында қасиеттерінің жиыны бірдей объектілер тобы туралы информациялар сақталады.

Мәліметтер қоймасындағы информациялар реттелген түрде сақталады. Мысалы, жазу кітапшасында барлық жазбалар алфавит бойынша реттелген, ал кітапханадағы каталогтарда - алфавит бойынша немесе білім саласы бойынша реттелген.

Егер біз жазу кітапшасына информацияларды реттелген құрылымды түрде жазбасақ, онда ол мәліметтер қоймасы болып табылмайды.

Электрондық мәліметтер қоймасы қандай да бір информацияны қамтитын файл ретінде көрсетіледі. Бұл файлды мәліметтер файлы деп атаймыз. Мәліметтер файлы жазулардан тұрады. Әрбір жазу тек бір объекті туралы информацияны қамтиды.

Жазулар өрістерден тұрады. Әрбір өріс объектінің бір сипаттамасы туралы информацияны қамтиды.

Мәліметтер қоры бұл бірдей қасиеттер жиыны бар объектілер тобы туралы мәліметтерді реттелген түрде сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель. Информациялық модельдердің бірнеше әр түрлі құрылымдары бар және соған сәйкес мәліметтер қорының да әр түрлі типтері бар:

  • кестелік;
  • иерархиялық;
  • желілік.

2 Кестелік мәліметтер қоры

Қағазда мәліметтер қорын кесте түрінде көрсету ыңғайлы. Компьютерлік мәліметтер қоймасындағы информацияны кәдімгі жағдайда экранға кесте түрінде шығарады.

Кестелік мәліметтер қоры бір типті объектілер тізімін, яғни бірдей қасиеттер жиыны бар объектілерді қамтиды. Мұндай мәліметтер қорын екі өлшемді кесте түрінде көрсету ыңғайлы. Оның әрбір қатарында объектілердің бірінің қасиеті тізбектеле орналасады. Қасиеттің әрбір мәні өзінің бағанында, қасиеттің атымен аталған болады. Мысалы, “Жазу кітапшасы” мәліметтер қоймасында кестенің әрбір бағанында белгілі адам туралы информация болады, ал оның қасиеттерінің мәндері “N”, “Тегі”, “Телефоны”, “E-mail” әр түрлі бағандарда сақталады.

N
Тегі
Телефон
E-mail
N: 1
Тегі: Шардарбекова А.
Телефон: 87057045676
E-mail: Aiagoz@mail. ru
N: 2
Тегі: Маханбетярова А.
Телефон: 87057045679
E-mail: Aigul@mail. ru
N: 3
Тегі: Молдабекова А.
Телефон: 87014962888
E-mail: Ainur@mail. ru

Кестенің әрбір қатары жазуларға, ал кестенің ұялары, яғни кестенің объектілері сақталатын белгілі бір сипаттамалары бар болғаны - өріске сәйкес келеді. Мұнда кесте бағынының тақырыбы - бұл өрістің аты, ал кесте қатарының нөмірі - жазудың нөмірі.

Әрбір өріс өзінің атымен және берілген қасиетінің мәнін көрсететін мәліметтердің типімен сипатталады.

Мәліметтер қорының өрісі - бұл белгілі қасиеттің мәнін қамтитын кестенің бағаны.

Өріс
Өріс: Жазу
Атқаратын қызметі
Аты, тегі
Телефоны
Өріс: Топ басшысы
Маханбетярова А.
87057045679
Өріс: Топ басшысының көмекшісі
Шардарбекова А.
87057045676
Өріс: Мәдениет секторы
Тойкенов Ғ.
87014586655
Өріс: Тазалық секторы
Сырлыбекова Ғ.
87016565745

Жазулар кесте бағандарына және өрістерге бөлінген, сондықтан әрбір жазу өрісте бар мәндер жиынын көрсетеді.

Мәліметтер қорының жазуы - бұл мәліметтер қорының өрістерінде орналасқан қасиеттердің мәндерінің жиынын қамтитын кесте қатары.

Әрбір кесте ең болмағанда ішіндегісі бұл кестедегі әрбір жазу үшін бірегей бір кілтті өрісті қамтиды.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SQL кестелеріндегі мәліметтердің модификациясы
Visual Basic ортасының деректер қоймасына қатынаудың құрауышының қызметі
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
Кафе жұмысын автоматтандыру (Delphi ортасында)
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Мәліметтер қорын құру тәсілдері
Мәліметтер қорлары туралы жалпы мәліметтер
Мәліметтер қорларын жобалау. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Microsoft Visual basic 6-ең жаңа программалау тілі
Visual basic ортасында деректер қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz