А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі


Ф - ОБ - 001/033
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І тарау. Философиялық ақыл ойдың өркендеуіндегі болмыс концепциясы
1. 1. Ежелгі дүниетанымда болмыс туралы ойдың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері . . . 7
1. 2. А. Камю көзқарасы мен қазақ философиясының көрнекті өкілдерінің көзқарастарына салыстырмалы талдау . . . 21
ІІ. А. Камю философиясындағы болмыстың мәні
2. 1. А. Камюде абсурд проблемасы . . . 34
2. 2. А. Камюде бүлік ұғымының философиялық
қарастырылуы . . . 46
Қорытынды . . . 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60
Ф - ОБ - 001/033
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Экзистенция» - өмір сүру, тіршілік ету, күн кешу деген түсініктердің баламасы. Адам дүниеге не үшін келді? Адам өмірінде қандай мән бар? Ол өз ғұмырын қандай мұраттарға арнауы қажет? Алдына қойған мақсаттарға жету жолында нендей құндылықтарды ұстанып, тұтынуы керек? Нендей қасиеттер адам табиғатына сай келмейді? Осы тектес сан алуан сауалдар экзистенциалдық ізденістерге негіз болады және соларға жауап іздеуге мәжбүр етеді.
Философиялық ағым ретінде экзистенциализм Батыс Еуропалық философияда ХХ ғасырда пайда болды. Экзистенциалистердің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің тұлғалық байланысын тек өздері арқылы орнықтырады. Мұндағы негізгі мақсат - халықтың әл - ауқаттылығын арттыра отырып, адамдық тұтынуды меңгерген адамды жарату, ал бұл дегеніміз - мәдениеттің құндылықтарын тиімді пайдалануды үйрету -, деп есептейді экзистенциалистер.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» стратегиясында былай дейді: «Мемлекеттің ендігі жердегі жаңа ролі адамдар үшін шешімдер қабылдауда емес екені көптеген шенеуніктердің өздерінің де әлі түсіне бермейтіні құпия емес. Керісінше, оның ролі бәрінен де бұрын азаматтармен жекеше сектор өздері мен өз отбасылары үшін тиімді шаралар қолдана алатын жағдайларды қалыптастыруда болып отыр. Біз, бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1. ] .
Адам өмірі, адам жаны, оның ішкі дүниесі - әрқашан біз үшін құпия болып келеді. Экзистенциализм, антропология, персонализм, тағы да басқа адам мәселесін зерттеуге бағытталған ағымдар, адамды зерттеуге арналған ғылымдар - психология, философия, медицина, т. б. күн сайын дамып келе
Ф - ОБ - 001/033
жатқанымен, әлі де болса, адамның ішкі дүниесінің бар құпиясын аша алмады.
Альбер Камю - ХХ ғасыр Батыс философиясының көрнекті ойшылдарының бірі. Бұл дипломдық жұмыста А. Камю шығармашылығындағы болмыс мәселесін қарастыруы зерттелген.
Әлем мен болмыстың қайшылығы, өмірдің мәні, еркіндікке қатынасы, адамның әлем мен қоғамдағы орны мен ролі - бұл сұрақтар әрқашан ашық болған және барлық заман ойшылдарын қызықтырған. Бірақ, олар әсіресе ХХ ғасырда өзекті болды. Өйткені, бұл ғасырда техниканың күрт дамуы мен техногенді ортаның пайда болуы, саяси өзгерістер мен тоталитарлық жүйенің орнығуы орын алды.
Камюдегі маңызды факторлардың бірі - адам, адамшылық факторы. Қоғамның деңгейі, ең алдымен, адамның өсу деңгейімен анықталады. Камюдың осы пікірін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2007 жылғы «Жаңа Әлемдегі - Жаңа Қазақстан» жолдауындағы мына пікірмен салыстыруға болады: «Әлемдік шаруашылық байланыстарына батыл кіріккен барлық осы заманғы байқуатты мемлекеттер «парасатты экономикаға» сүйенген болатын. Ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами қазынамызды еселегеніміз парыз» [2. ] .
Альбер Камюдың сипаттап отырған адамда кездесетін зерігу жағдайы кез - келген адамда, әйтеуір өмірінің бір кезеңінде кездеседі. Бұл мәселенің шешімдері осы дипломдық жұмыста терең зерттелген.
Сонымен, Камю философиясының өзегі адам мәселесі болып, адамның өмір сүру тәсілі, тіршілік ету ерекшеліктері сарапқа салынып жатса, мұндай дүниетанымнан экзистенциалдық сипат іздеу біздің рухани тәуелсіздігіміздің бір көрінісі.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Альбер Камю, оның дүниетанымы мен философиялық көзқарастары жайлы жазылған кітаптар мен ғылыми
Ф - ОБ - 001/033
жұмыстар кемде - кем. Өйткені, оның абсурд пен бүлік мәселесі тек батыстық ойлау жүйесіне ғана тән.
А. Камюдың өмірбаяны, философиялық көзқарастары толық әрі жан - жақты орыс ғалымы А. Руткевичтің «Философия А. Камю» кітабында, сонымен бірге Т. Манн - Г. Манның «Эпоха. Жизнь. Творчество», К. Долговтың «Творчество и свобода», С. Великовскийдің «Грани несчастного сознания», «В поисках утраченного смысла», Е. Кушкиннің «Альбер Камю. Ранние годы» еңбектерінде зерттелген.
Камю еңбектерін К. Долгов, А. Руткевич, С. Великовский француз тілінен орыс тіліне аударып, көпшілік назарына ұсынған. Бұл ғалымдардың ұсынып отырған еңбектері - А. Камю шығармаларының жиынтығы болып табылады. Егер А. Руткевич Камюдың «Миф о Сизифе. Эссе об абсурде» философиялық эссесін, «Бунтующий человек» шығармасын аударса, С. Великовский «Посторонний», «Падение», «Чума» еңбектерін аударды.
Сондай - ақ, Камю философиясының өзегі болған абсурд пен бүлік мәселесіне қатысты орыс ғалымы В. Захаров «Герой абсурда и его бунт» тақырыбына жазылған диссертациялық жұмысын ұсынды.
Қазақстанда А. Камю туралы С. Актаевтің «Альбер Камю. Оба: роман және повесть» еңбегі жарық көрді.
Әрине, экзистенциалдық уайым мен қайғы, өмірдің мәнсіздігі, оның алдындағы жеке адамның шарасыздығы, сол шарасыздықтан туған үрей мен қорқыныш А. Камю шығармаларында терең талдауын тапқан мәселелер. Бүгінгі таңда А. Камю философиясында болмыс мәселесі деген нақты тақырып ғылыми ізденіс объектісіне айнала қойған жоқ. Дегенмен, ғылыми ізденіс көп жағдайда белгілі ғылым қайраткерлерінің бағдарламалық сілтемелеріне сүйеніп туатынына байланысты, батыс философиясындағы белгілі тұлғалардың пайымдауларын негіз ете отырып, алғашқы қадамдардың бірін жасауға талыпыныс білдірдім.
Ф - ОБ - 001/033
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - белгілі экзистенциалист А. Камю философиясындағы болмыс мәселесі, яғни адам болмысы, адам өмірінде кездесетін «шекаралық жағдайға» берілген сараптамасына сүйене отырып зерттеу.
Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындады:
- А. Камю дүниетанымының экзистенциалдық сипатын сол кезеңдегі батыс қоғамының саяси, әлеуметтік, рухани дағдарысының сыншыл санадағы бейнесі ретінде қарастыру;
- ұлттық философияның басты өкілдері мен Камю көзқарастары арасындағы экзистенциалдық үндестіктер мәселесін зерттеу;
- А. Камю еңбектеріндегі абсурд пен бүлік ұғымына берілген анықтамаларды зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Камю философиясын белгілі бір қоғам қайшылықтарының айнасы ретінде қарастыру керек. Бірақ замана талабына сай бұл мәселе сыңаржақ идеология тұрғысынан қаралып, Камюге бір жақты ғана баға берілді. Бұл тақырыптың жаңалығы:
- Дәстүрлі қазақ философиясының біртуар өкілдері Абай, Шәкәріммен Камю дүниетанымын экзистенциалдық үндестік тұрғысынан зерттеу;
- философияның өзегі болып табылатын мәселелер - Адам және адамгершілік, адамдық және кісілік, өмір мен өлім Абайға да, Шәкәрімге де, Камюге де тән. Осы себептен олардың арасындағы сабақтастық, іліктілік, үндестік жағын ашу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімге біріктірілген төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 62 бет.
Ф - ОБ - 001/033
І тарау. Философиялық ақыл ойдың өркендеуіндегі болмыс концепциясы
1. 1. Ежелгі дүниетанымда болмыс туралы ойдың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Болмыс мәселесінің шешілуін талап ететін мәселе ретінде қарастырылуы ерте дәуірден басталды.
Болмыс ұғымының қарастырылуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең - болмыстың мифологиялық түсіндірмесі.
Екінші кезең - «натуралистік онтология» кезеңі.
Үшінші кезең - И. Кант философиясынан басталады. Болмыс адам іс - әрекетімен байланысты бір нәрсе ретінде қарастырылды.
Болмыс ұғымына алғаш анықтамалар беру антикалық дәуірдің Элей мектебінен басталды (б. д. д. ҮІ - Ү ғ. ғ. ) . Оның негізін салушы Парменид болмыс жайлы пайымдаулардың өзгеше қорытындыларға алып келетінін түсінді. Оның пікірін былай деп түсіндіруге болады: «Болмыс - бұл барлық нәрсе, яғни, «бұл - бар» немесе «бұл - өмір сүреді» деп айтатын нәрселердің барлығы. Ал бейболмыс дегеніміз не? Егер бейболмысты бар деп айтатын болсақ, онда біз логикалық қатеге тап боламыз. Одан аулақ болу үшін «бейболмысты » өмір сүру статусынан айыру керек. Сондықтан болмыс пен бейболмыстың арасындағы жалғыз логикалық дұрыс пікір: «болмыс - бар, бейболмыс - жоқ» (бар нәрсе өмір сүреді; жоқ нәрсе - өмір сүрмейді) болуы мүмкін. Бірақ, егер бейболмыс жоқ болса, онда одан ешнәрсе пайда болмайды және жоғалып кетпейді. Ал егер ештеңе пайда болмаса, жойылмаса, демек, онда ешнәрсе өзгермейді, яғни қозғалмайды. Болмыс өзгермейді және қозғалмайды. Сондай - ақ болмыс бүтін, ол бөлінбейді».
Құдайлар үшін өткен де жоқ, болашақ та жоқ, олар үшін тек қазір ғана бар. Сондай - ақ Парменид ойлау мен болмыстың тепе - теңдік идеясын ұсынады: «ойлау және болу - бір». Мұндай болмыс, оның пікірінше,
Ф - ОБ - 001/033
бейболмыс болуы мүмкін емес, өйткені болмыс бейболмыстан пайда болуы мүмкін емес.
Парменидтің пікірін оның шәкірті Зенон қолдады. Өзінің көптеген апорияларында ол болмысты қозғалыс, бөліну, т. б. қасиеттердің қайшылықты түрде ойлау мүмкін еместігін көрсетті. Кез - келген сызықты нешеге бөлуге болады? Бөлінудің шегі көрінбегендіктен, оны шексіз көп бөліктерге бөлуге болатын секілді көрінеді. Бірақ, сызықтың шегі бар. Қалайша шегі бар сызық шексіз көп бөліктерге бөліне алады? Олай болса, шексіздіктің шегі бар, сансыздың саны бар. Бірақ логикалық қайшылық және оны шешу үшін (элеаттардың логикасы бойынша), болмыстың бөлінбейтіндігін, демек, бірлігі мен өзгермейтінін мойындау керек.
Олай болса, бізді қоршаған әлемдегі біз көзбен көретін және сезетін барлық нәрселердің қозғалып және бөлінетінін қалай түсіндіруге болады? Демек, әлем - біз оны қабылдағандай емес болып шыққаны ма? Жоқ, ол дәл солай. Бірақ, мәні жағынан ол басқа. Әлемнің мәні - сезімдік қабылдаудан өзгеше бейне беретін және оған өмір сүруге мүмкіндік беретін - оның болмысы және бұл әлемнің шынайы, ақиқат болмысы тек ойлаумен ғана танылады. Ал бұл дегеніміз - оның табиғаты - идеалды.
Гераклит - болмыс пен танымның бірнеше диалектикалық принциптерін ұсынды. Оның диалектикасы тек материалдық ғарыш шеңберінде ойлауға ғана болатын және заттық стихиялардан - от, ауа, су және жерден тұратын үздіксіз өзгеріс, қалыптасу концепциясын ұсынды.
Қалыптасу - тек қарама - қарсылықтардың бір - біріне үздіксіз ауысу, қалыптасқан қарама - қарсылықтардың бірігу түрінде болғанда ғана мүмкін. Сонымен, Гераклитта өмір мен өлім, күн мен түн, жақсылық пен жамандық біртұтас. Бұл қарама - қарсылықтар үнемі өзара күресте болады.
Парменидтің антикалық қарсыласы оның бейболмысты терістеуімен келіспейді. Элеаттардың мәселесінің тиімді шешімін Демокрит тапты. Ол - әлемнің негізі бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атомдар деп ұсынған. Атом
Ф - ОБ - 001/033
бөлінбейтін болғандықтан, бөлінудің шегі бар және де сызықты шексізге дейін бөлуге болмайды (тек атомға дейін) . Сондықтан да бөлінушілікті де, қозғалысты да қайшылықсыз ойлауға болады. Болмыс - жалғыз (бір атомдан тұрады) және сонымен бірге көп те (себебі, бірнеше атомдардың қосындысынан әртүрлі заттар пайда болады) бола алады. Болмыс бар (ол - атомдар), бірақ бейболмыс та бар - ол атомдар қозғалыста болатын бостық. Болмыстың ең терең және эвристикалық материалистік концепцияларының бірі осылай пайда болды.
Болмыс мәселесінің тағы бір шешімін Платон ұсынды. Бірлік, бөлінбеушілік, өзгермейтіндікті ол идеялар әлемінен тапты. Демек, идея (эйдос) - ол шынайы болмыс. Осылай Платон болмыстың тек парменидтік қасиеттерін ғана (мәңгілік, абсолюттік, т. б. ) сақтап қалған жоқ, сондай - ақ ол идеалды болмыс әлемін бізге белгілі заттар заттар әлемімен байланыстырады. Идеялар заттарда өмір сүреді, олар заттың бейнесі, мақсаты және оның ұғымы қызметтерін атқарады. Затты түсіну үшін, алдымен оның идеясын, басқаша айтқанда - сезімге емес, ақылға ғана тән оның ұғымын, яғни ондағы жалпы, тұрақты нәрсені табу керек. Яғни, осы арқылы өзгермелі және көпқырлы материалды әлемде тұрақты, абсолютті бір нәрсені, яғни, реалды болмысты көруге болады [3. ] .
Аристотель болмыстың түрлерін «ол бар» деген пікір түрлерімен сәйкестендіріп, айқындайды. Болмыс барлық категорияларға қатысты жалпы предикат болып табылады, бірақ ол тектік ұғым емес. Форма мен материяның байланыс принципіне негізделе отырып, Аристотель философияда белгілі болған болмыс аясындағы қарама - қарсылықтар идеясын жеңеді, өйткені, форма болмыс қасиеттерінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бірақ, Аристотель барлық формалардың материалдық емес формасы - Құдайды да мойындайды.
Аристотель Платонның идеялар туралы ілімін сынайды және ол жалпы мен жекенің қатынастары жөніндегі мәселенің шешімін ұсынады. Жеке - ол
Ф - ОБ - 001/033
«бір жерде» және «ендігі кезде» өмір сүреді, оны сезіммен қабылдауға болады. Жалпы - кез - келген жерде және кез - келген уақытта («барлық жерде» және «әрқашан») өмір сүреді және ол белгілі бір жағдайларда жеке арқылы өз көрінісін тауып, танылады. Жалпы - ғылым объектісі болады және ол ақыл арқылы танылады.
Барлықты дәлелдеу үшін Аристотель 4 себепті ұсынады:
- әр затқа өзіндік ерекшелік беретін болмыстың мәні (формальды себеп) ;
- материя және кез - келген нәрсені тудыратын субстрат (материалдық себеп) ;
- қозғалыстың бастауы, қозғалыс себебі;
- мақсаттық себеп - кез - келген нәрсенің іске асуы.
Аристотель материяны алғашқы себеп деп есептеп, оны мәнді десе де, ол оны тек енжар бастама деп білді (белгілі бір зат болу мүмкіндігі), ал барлық белсенділікті ол қалған үш себепке, әсіресе, болмыстың мәні - формаға - мәңгілік пен өзгермейтіндік қасиеттерін берсе, кез - келген қозғалыстың негізі - қимылдамайтын, бірақ қозғайтын бастама - Құдай деді. Аристотельдің Құдайы - барлық формалардың дамуының жоғарғы мақсаты, әлемнің «алғашқы қозғаушысы».
Антикалық философияның болмыс мәселесін қоюы және оны шешу жолдарын іздеуі Батыс Европалық өркениеттің қалыптасуында зор роль ойнады. Антикалық философтардың осы мәселе төңірегіндегі ізденістерінің нәтижесі келесі көзқарастардың пайда болуына әкелді:
1. Көзге көрінетін, сезімдік - материалдық әлемде болмыстың шын мәні болып табылатын бір абсолют бар. Онда біздің әлемнің барлық қасиеттері : қажеттілік, бірлік, реттілік, гармония, ақиқат, т. б. бар.
2. Шын болмысты тек ақыл - ой арқылы танып - білуге болады. Тек абстракцияның күші ғана абсолюттің көзге көрінбейтін кейбір қасиеттерін
Ф - ОБ - 001/033
жүзеге асыра алады. Сондықтан да адамға берілген қабілетті барынша дамыту керек.
3. Егер адамның абстракцияларда, ұғымдарда болмыс мәні (бірлік, өзгермейтіндік, бөлінбеушілік) көрініс тапса, онда олар еріксіз таза субъективті емес, бірақ, жалпы мазмұны бар объективті ойлау формалары болып табылады. Сондықтан, оларды реттеу сезімдік - материалдық тәжірибеге сүйенбей - ақ ақиқатқа әкеледі.
4. Егер шынайы болмыс бізге үйреншікті материалды болмыстан өзгеше болса, онда біздің әлемдегі тіршілігіміз де ақиқат емес, жетілген емес. Олай болса, оны өзгертіп, шынайы, ақиқат болмысқа жақындатуға тырысу дұрыс болар еді [4. ] .
Сонымен, болмыс мәселесінің антикалық шешімін табуы келесі дәуірлерге көзқарастық және құндылықтық бағдарлар берді.
Ортағасырлық христиан философиясы да болмыс мәселесін назардан тыс қалдырмады. Бұл кезде де алдынғы қатарға әлемдік, шектелген тіршілікке шынайы, сезімдіктен жоғарғы болмысты қарсы қоюшылық шықты. Ортағасыр христиандық көзқарас бойынша әлемдегі өзгеретін барлық нәрсені «ештеңеден» Құдай жаратты. Шынайы болмыс та Құдайдың өзі болып табылады. Қалған барлық нәрселерді Құдай жаратқандықтан, оларда дербестік жоқ. Сондықтан олар «шынайы емес» болмыс.
Болмыстың түзілісі туралы ортағасыр европалық ойшылдардың көзқарастары оның дамуындағы мынадай нәтижелерді берді:
- адам жаратылысын «Құдай бейнесіне ұқсас» тезисін қолдаған ортағасыр схоластары адам мен табиғаттың арасын біршама алыстатып жіберді; дәл осы кезеңде адам - «табиғаттың патшасы» деген көзқарас пайда болды; табиға пен қоғам болмыстың әртүрлі көрінісі деп түсіндірілді;
- әлеуметтік болмыстың ішінде алдынғы қатарға адамның ішкі рухани әлемі; шынайы болмыстың бір бөлігі ретінде әрбір адамға берілген субъективті реалдылық мәселелері (Құдайдың ұшқыны) қойылды [5. ] .
Ф - ОБ - 001/033
Классикалық ғылым мен философияның кезеңі табиғаттың өздігінен, адамның ешбір қатысуынсыз әрекет ететін белгілі бір механизм деп есептелген, болмыстың натуралистік - объективтік концепциялары жасалған кезең болды. Жаңа заманда жаңа метафизика пайда болды. Жаңа метафизикалық жүйелерді Декарт, Спиноза және Лейбниц жасады. Олардың философиялық концепциялары сол ғасырдың «ғылыми төңкерісі » болды. ХҮІІ ғ. ғылыми революция, Декарт пен Лейбництің математика саласындағы ашқан жаңалықтары әлемнің жаңа, күрделі және дифференциалды бейнесін жасады. Бірақ, егер философ әралуандықта - бірлікті көруді, кеңейіп және күрделіленіп келе жатқан әлемдегі бір принциппен көруді тоқтатса, онда ол философ болудан қалады. Антика заманында қалыптасқан бұл дәстүр жаңа заман ойшылдарының шығармаларында да сақталған.
Болмыстың салыстырмалы түсінігін жасаған Спиноза табиғатты адамнан бөлек қарастырды. Ол өз онтологиясының өзегі етіп біртұтас, мәңгі және шексіз субстанция, өз - өзінің себебі болатын және басқа бастамаларды мойындамайтын, Құдай мен табиғатты тепе - тең деп есептеді. Әртүрлі жеке заттардың шексіздігін мойындай отырып, Спиноза оларды бір ғана субстанцияның әртүрлі көрінісі болатын модустардың жиынтығы деп есептеді. Бұл - болмыстың Жаңа замандағы маңызды концепцияларының бірі.
Декарт - метафизикасында болмыс басқаша түсіндіріледі. Ол - табиғатты өзіндік сана деп есептейді. Декарттың - «cogito ergo sum» - ойлаймын, демек, өмір сүремін тезисі субъект болмысының өзін - өзі тануға болатынын дәлелдейді.
Декарттың философиялық көзқарасының негізгі ерекшелігі - жан мен тәннің, субстанцияның «ойлау» мен «ұзындығы» дуализмінде. Адам - ойлау мен еріктен тұратын жансыз денелі механизмнің жанмен байланысы. Адам жанының барлық қабілеттерінің ішінен ол ерікті бірінші орынға қойды.
Ф - ОБ - 001/033
Құдайдың өзі жанды денемен байланыстырып, жануарды адамдан ажыратып қойды[6. ] .
И. Кант заттардың өзінде өмір сүретінін терістемейді, ол болмысты заттардың қасиеті ретінде емес, пікірді байланыстырушы ретінде қарастырады. « . . . Болмыс реалды предикат емес, басқаша айтқанда, ол заттың ұғымы болып табылатын белгілі бір нәрсе емес . . . Логикалық қолданыста ол тек пікірді байланыстырушы». Болмыс қасиеттерінің ұғымына қоса отырып, біз оның мазмұнына жаңаша еш нәрсе қоспаймыз.
«Әлемнің сезімдік қабылдау мен ақыл жетерлігі жөніндегі формалар мен принциптер туралы» диссертациясы «сыни» көзқарас кезеңіне өтуге бастама болды. Бұл кезеңдегі негізгі еңбектері - «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын» және «Пікірлеу қабілетіне сын» болды. Бұл үш «сын» да заттар мен құбылыстардың өздігінен, яғни, «заттардың өзінде» өмір сүруінен тұрады[7. ] .
И. Фихте үшін таза болмыс абсолютті Меннің еркі, таза іс - әрекеті, ал материалдық болмыс болса, осы іс - әрекеттің жемісі болып табылады. Фихте алғаш рет философиялық анализдің объектісі ретінде адам іс - әрекетінің негізінде пайда болатын болмыс - мәдениет болмысын қарастырады. Оның пікірі бойынша, затқа практикалық іс - әрекет жасаудан бұрын, оны теориялық байқау қажет. Сана берілген жоқ, ол өз - өзін тудырады. Оның анықтылығы байқауда емес, іс - әрекетте жатыр, ол интеллектпен қарастырылмайды, ерікпен анықталады. Өз Меніңді тап, оны осы сана арқылы біл - Фихтенің негізгі талабы да осы. Осы акт арқылы индивид өз рухын, өз еркіндігін қалыптастырады.
«Табиғатынан» индивид тұрақсыз нәрсе: оның сезімі, мінезі үнемі өзгеріп отырады және ол басқа бір нәрсеге байланысты. Осы сыртқы көріністерден ол өзін - өзі тану актісінде босайды: оның - «Мен - ол Мен» деген өзіне - өзі тепе - теңдігі - Меннің еркін іс - әрекетінің нәтижесі. Өзін - өзі анықтау - субъект үшін мәңгі шешілуін іздейтін мәселе болып қалады.
Ф - ОБ - 001/033
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz