Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: «Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары»

МАЗМҰНЫ

бет

Кіріспе . . . 3

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

1. 1 Білім беру: мәні және мазмұны

1. 2 Білім берудегі модернизация

1. 3 Модернизациялаудың әлемдік тәжірибесі

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ

2. 1 Қазақстандағы ұлттық білім беру жүйесі

2. 2 Қазақстандағы білім берудің модернизациясы

2. 3 Модернизациялаудағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру жүйесі

2. 4 Жаһандану жағдайындағы ұлттық білім берудің бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе


1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

  1. Білім беру: мәні және мазмұны

XVIII ғасыр аяғы XIX-ғасырдың басында білім беру мазмұны ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар білім берудің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әр түрлі саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңірегінде Я. А. Коменский өз еңбектерінде дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XIX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруға материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұсынып келеміз. Яғни бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қорытынды жасай аламыз. Екінші теория - білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұсынушыларға Гераклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Гераклиттың тұжырымы бойынша, «адамды оның көп білімі ақылды етпейді». Мұны Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидалары И. Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша, оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А. Дистерверг өзінің «Неміс оқытушыларына басшылық» атты еңбегінде өзіндік көзқарасын білдірген. Ол білім беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескерту қажеттігіне мән беру керек деген. Формальды оқытудыжақтаушылар да, алғашқылар сияқты, оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К. Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып екі теорияны да сынға алды. Ол: «Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді», - дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К. Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған //.

Педагогикада білім беру мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тәрбие мен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да, алдымен, білім беру мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмаса керек.

Сонымен, білім беру мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Яғни білімді адам деп ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.

Білім мазмұны оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі. Ал оның мәні әрбір ғылыми пәндерден ғылыми білімді игеру, тәжірибеде қолдана білуде жатыр.

Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Білім беру мазмұны мен оның мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он-он бес жыл шамасында күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған мәселе И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, В. С. Леднев, Б. М. Бим-Бад және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, талданған.

И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин білім беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп түсіндірген, сонымен қатар шығармашылық іс-әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады. Бірқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция, т. б) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық өмірдегі шынайы құбылыстарды түсіндіруде оқу пәндерін өзара кіріктіруді негізге алуды ұсынған.

Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, оның ғылым мен техниканың және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда.

Білім беру мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени тұрғыдан мазмұнын дамыту мақсатында ғылым туралы толық мәлімет беру (білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары, ұғымдары, және т. б) ; білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнін ашу; білім алушылырдың жас және дара ерекшеліктерін ескеру; әр түрлі пәндерді оқытуда берілген мерзіміне, көлеміне қарай беру; білім беру мазмұнын әлемдік тәжірибемен ұштастыру; оқу орнының оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай құру қажет.

Білім беру мазмұнының мақсаты қашанда қоғамның қажеттілігін, жеке тұлғаның сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыруы тиіс.

Білім беру мазмұнының сипатын жеке тұлға бойында саналы өзгеріс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз - субъектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер.

Бұл мәселе тұрғысында В. С. Леднев білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бойынша, негізінен, нақты оқу процесін игерумен байланысты. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын құрастырғанда оның ұстанымдары мен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әр түрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізі болып табылатын пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс-әрекет, білім алушының тұлға ретіндегі бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының ізгілендіру ұстанымы, ең алдымен, білім алушылардың жалпы адамзаттық мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тікелей байланысты. Білім алушылардың дүние танымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның ізгілік мәдениетінің негізгі компоненті:өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті; экономикалық және еңбек мәдениеті; саяси және құқұқтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты.

Жалпы білім беру мазмұны оның негізгі компоненттеріне байланысты, яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі.

Сонымен, білім мазмұны - ол білім алушылардың оқылатын пәндер бойынша меңгеретін білім, білік, дағдылары /1, 163-166 б. /.

Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жүйедегі бірыңғай норма мен талаптарды жүзеге асыру міндетін шешу болуға тиіс. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық, жергілікті ерекшеліктер мен оқушының тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында басшылыққа алынатын үш деңгей көрсетілген:

  1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;
  2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, географиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т. б.
  3. Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орындарының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттік тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнің терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.

Білім дегеніміз танымдық біліктік дағды, оқушының ғылыми жүйені меңгеруінің нәтижелік үрдісі негізінде көзқарасының қалыптасуы және тұлғаның адамгершілік, имандылық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің сапалық көрінісі. Ал білімнің мазмұны болса бұл ғылыми жүйе оқушы білуге тиісті шығармашылық тәжірибе, танып білуге тиісті имандылық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік көзқарастар мен әдеп пен дағдылары және тұжырымдалған пайымдаулар.

Білімнің мазмұнын сұрыптауға байланысты әр алуан теориялар бар. Ол теориялардың қайсысы болмасын орта оқу орындарында берілетін білімнің жүйесін, меңгерілуге тиісті деңгейін сипаттап, нақтылауға бағытталған. Мазмұндық мәнді іріктеп, деректерді сұрыптауда тиісті себеп-салдарға байланысты факторлар басшылыққа алынады. Сол бойынша берілетін танымдық түсініктерді анықтап, айқындаудағы бағдарлы ұстаным мынау:

Оқу орнын бітірген тұлғадан талап етілетін қоғамдық, әлеуметтік, кәсіби, мәдени заңдылықтар осы орайдан оқылатын пәннің мазмұндық мәні көрсетілген талаптарға үйлесімді, білімдік, біліктік дағды меңгертерліктей деңгейде болуы көзделеді. Атап айтқанда, олар мына тұрғыда болуға тиіс:

Біріншіден, тұлғаның танымдық түсінігін қалыптастырып, кәсіби, қоғамшыл, мәдени тұрғыда уақытын тиімді пайдалана білетін, қоршаған ортамен ретті қарым-қатынас жасай алатындай бағдарда болуы көзделген.

Екіншіден, біліктік мазмұнды сұрыптағанда дидактикада бұрыннан-ақ дәлелденген ғылыми поинциптерге үйлесімді болуы көзделеді. Дәлірек айтқанда, ғылымның қазіргі кезеңдегі қолжеткен табыстарына сай әлемдік деңгейдегі техникалық мәдени өркениетке үйлесімді, сондай-ақ білімдегі бірізді жүйелілік, шамаға лайықтылық, көрнекілік т. б. ескеріледі.

Үшіншіден, білімдік мазмұн мектеп оқушысының рухани, психологиялық мүмкіндігі мен шамасына үйлесімді болуы бастауыш, орталау және жоғары сынып оқушыларының даму деңгейіне лайықты болуға тиіс.

Төртіншіден, берілетін білімнің мазмұны тұлғаның қажетін өтерліктей болуға тиіс. Білім тек қоғамның талабын өтеу ғана емес, адамның өзіндік талабын, жеке бастық тілегіне үйлесімді болуы да көэделеді және мұны талап етуге әркім-ақ құқұлы. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мен білім мазмұнының тұжырымдамасында, басқа да нормативтік құжаттарда білім мазмұнының негізі бағдарлары анықталған. Білімнің мазмұнын уақыт талабына үйлесімді жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының объективтік заңдылығы. Әр халықтың тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылса, ол мектепте білім берудің мазмұнын жаңартудың да негізгі көзі болып табылады /2, 99-101б. /.

Қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық-танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай білім беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлі тұжырымдама бар. Мысалы, педагогика ғылымының негізінде жастардың бейімделуі мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететін өндірістік фоктор ретінде сипатталады.

И. Ф. Харламов өзінің білім беру мазмұнының тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретін білім, дағды, іскерліктерді тұтастықта қарастырады //.

Оқыту, үйрету барысында білім алушылар міндетті түрде білім мазмұнының құрамы ретінде дүние танымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттің барлық құрамы талданбаған, сондықтан да білім, білік, дағдының негізгі сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат ізгілік тұрғысынан ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуге сай келеді. Білім мен тәжірибені іске асыру барысында аталмыш тұжырымдама шығармашылық-танымдық, іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі ретінде есептеледі. Яғни:

- Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып, білім алушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыруды танымдық іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді;

- Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің арасында тұлғаның дағдыны, іскерлік білімді игеруі тәжірибені кеңейте түседі;

- Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа мәселелерді шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың әдістері алған білімін, іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдері негізінде өздігінен іске асыруды талап етеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкене кезінен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу керек. Яғни қоршаған ортаға, алған біліміне байланысты әрбір адамның құндылық дүниесі қалыптасады.

Адамның қоршаған дүниеге қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Білім беру мазмұнының компоненттері - білім, іскерлік(білік), дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады. Шығармашылық іс-әрекетте те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас білімдік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігінен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білім жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет жағдайының, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып саналады.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысындағы танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады.

Әрбір халықтың білім алуға құштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, сапалы оқыту, т. б. арқылы іске асырылады және ол мемлекеттің құзырына кіреді. Жалпыға міндетті білім беру стандарты кіреді. Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түріне (мектепке дейінгі, орта мектеп, арнайы, ЖОО, және т. б. ) байланысты құрастырылады. ЖОО стандартын белгілі бір мамандық бойынша қойылатын талаптар, оқытылатын пәндер және олардың мазмұны, оқу жоспары құрайды.

Білім беру жүйесінің нормативтік құжаттарының негізін оқу жоспары, яғни оқу пәндері мен ретін, мерзімін, бақылау түрін белгілейтін құжат, оқу бағдарламалары - білім берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат, оқулықтар құрайды.

Білім беру мекемелерінің білім беру мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының пәндік мазмұнын береді. Білім беру мазмұны жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға көмектесуге бағытталады. Мұнда оның негізгі компоненттері, атап айтқанда, білім, білік, дағдысы қалыптастырылады /1, 166-168 бб. /.

Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, әлеуметтік жағдайына үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық психологиялық талаптар негізінде айқындалады.

Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудың мақсаты - тұлғаның ақыл-ойын, есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика ғылымында бұларды «Формальдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші топтағылардың ұстанымы - білім берудің мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, өмір үшін қажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. Осы орайдан бұларды «білім берудегі материалистік» көзқарастағылар деп атайды //.

Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұсынатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімдік жүие. Мұнда ұсынылатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімніңқұрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.

Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және этникалық қарым - қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін - өзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады . Бұл салада әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым - танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зертеу үшін оқу жоспары вариативтік бөлігі кеңейтілді. Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа көзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру және тұлғаның өз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету көзделген. Сондай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.

Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.

Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі /2, 101-102бб. /.

Дүниежүзілік Банк пен БҰҰ дамыту Бағдарламалары мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта әлемде жинақталған материалды игілік және физикалық капитал жалпы байлықтың тек 16%-ын ғана құрайды, табиғи байлық - 20%, адам капиталы, яғни адамға жинақталған салым - 64% /10, 52б. /. Яғни, адам капиталы білім және оқып-үйрену арқылы қалыптасады және дамиды, соның арқасында адамның экономикалық өнімділігі көтеріледі.

Бұл тұрғыда басқару теориясында жаңалық пайда болды - білім алатын ресурстың ерекше түрін басқару.

Жалпы білім дегеніміз не және оның экономикалық, ресурстық мәні қандай? Білім кез-келген ұйымның құндылығымен біріккен ақпарат; бұл - «жанды ақпарат» //.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте білімді келесідей анықтайды. Білім - өмір суру формасы және таным қызметінің нәтижелерін жүйелеу.

Білімнің мәні барынша толық «Жаңа философия» сөздігінде ашылған: «Білім - белгілі бір әлеуметтік тұлғалар және қоғаммен анықталған білім ретінде танылған және әлеуметтік мәні бар қандай да бір критерийлерге (нормаларға) сәйкес рәсімделген белгілі әдіспен алынған, селективті ақпарат. Айтылған критерийлер негізінде білім қызмет ету деңгейіне қарай екі типке бөлінген: біріншіден, күнделікті өмірдегі қарапайым білім, екіншіден, маманданған білім (ғылыми, діни, философиялық, экономикалық, және т. б. ) . Түрлі әлеуметтік қауымдастық пен топтардың кәсіби және практикалық білімі де болады» /10, 49б. /.

Сонымен, білім - бұл жалпылама мүмкіндік, және ол жағдайына, уақытына, орнына тәуелсіз әркімге берілуі қажет. Ол өзі жеткізілетін тілге байланысты емес.

Білімнің жалпыламалығының маңызды сәттерінің бірі (орны мен уақыты бойынша жалпылығынан басқа) - білімге әркімнің қол жеткізе алуын білдіретін индивидуалды жалпыламалық.

Білім потенциалы барлығына жатады, өйткені ол әркімге тек жеке берілуі мүмкін: білімнің шығу көзіне тәуелсіз бір нәрсені білуге тек жеке өз алдына болады.

Білімнің сипаттамасына сонымен бірге тарихи мәдени және тіл бөгеттерді жеңе отырып, жетістікпен таралатындығы. Мұндай білімді экспанциялаудың кері жағы білімді қабылдай алмайтын, бірақ өздерінің өзгеше мәдени және саяси мүдделері бар маргиналды топтардың пайда болуына әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Интеграция
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Саяси режим сипаттамасы
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Дағдарыстан кейінгі кезең
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz