Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1.бөлім. Информатиканы оқыту ... ... ... ... .5
1.1. 3.сыныпта информатиканы оқыту бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Информатиканы 3.сыныпта оқытудың күнтізбелік.тақырыптық жоспары ... ... ... ..8
2.бөлім. Сабақты жоспарлау ... ... ... ... ... ... ..9
1.сабақ. Компыотерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. Техника қауіпсіздігі. Көз жаттығулары ... ... ... ... ... ... .9
2.сабақ. Компьютердің даму тарихы ... ...10
3.сабақ. Әрекеттер ... ... ... ... ... ... .12
4.сабақ. Кері әрекеттер ... ... ... .14
5.сабақ. Алгоритмдер ... ... ... ..15
6.7.сабақтар. Алгоритм қасиеттері ... ... ... ..17
8.сабақ. Алгоритм түрлері ... ... ... ... ... ... ... 19
9.сабақ. Бақылау жұмысы.№1 ... ... ... ...20
10.сабақ. Алгоритмді графикалық және блок.сызба түрінде бейнелеу ... ... ... ... ... 20
11.12.сабақтар. Сызықтық алгоригм ... ...22
13.16.сабақтар. Тармақталу алгоритмі ... ... 24
17.сабақ. Бақылау жұмысы.№ 2 ... ... ... .27
18.21.сабақтар. Қайталану алгоритмі сабақ..
22.23.сабақтар. Жиындар сабақ ... ... ... ..31
24.27.сабақтар. Жиындарды салыстыру мен топтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
28.сабақ. Бақылау жұмысы.№ 3 ... ..
29.сабақ. Жиындар арасындағы қатыстар ... ... .35
30.32.сабақтар. Терістеу ұғымы. Ақиқат және жалған сабақ ... ... ... ... ... ..36
33.сабақ. Бақылау жұмысы ... ... ... ... ... ... ...38
34.сабақ. Қайталау

Ақпараттық қоғам жағдайында жалпы орта білім беру сатысында өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі "Информатика" пәні болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі әлемдегі ақпараттық білім мен технологияның мән-мағынасына сәйкес артып отыр.
Оқытудың мақсаты — оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу мен оны пайдалану туралы білімдерді меңгерту және ақпараттық технологияны саналы да, тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Информатиканы 3-сыныпта пән ретінде оқытудың мазмұны мемлекеттік білім стаңндарты деңгейіңде қарастырылған. Бастауыш сыныптарда оның жаңа пән ретінде пайда болуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Мұхамбетжанова С.Т., Сардарова Ж.Ы.,
Нұрманбетова Ш.К.
ИНФОРМАТИКА
3-сынып
әдістемелік құрал
Алматы
Жазушы
2005
БKK 32.81 я72
М 92
Мухамбетжанова Сәуле Талапеденқьсзы, п.ғ.к., білім беру жүйесінің басшы
және ғылыми-педагогикалық кадрлар білікгілігін арттыратын республикалық
институттың информатика кабинетінің меңгерушісі
Сардарова Жаннатп Ысмагулқызы, п.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің "Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі"
кафедрасының меңгерушісі
Нурманбетова Шайкамал Қасенқызы Алматы қаласы,
№ 173 физика-математика гимназиясының
информатика пәні мұғалімі
Мұхамбетжанова С. Т., Сардарова Ж. Ы., Нұрманбетова Ш. К.
М 92 Информатика. Әдістемелік құрал. 12 жылдық мектептерінің 3 сынып
мұғалімдеріне арналған құрал.
Алматы: Жазушы, 2005. — 40 б.
ISBN 9965-746-53-2
БКК 32.81 я72
М1404000000-080
402(05)-05
© Мүхамбетжанова С. Т.,
Сардарова Ж. Ы.,
Нұрманбетова Ш. К., 2005
ISBN 9965-746-53-2 © "Жазушы", 2005
КІРІСПЕ
Ақпараттық қоғам жағдайында жалпы орта білім беру сатысында өскелең
ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі "Информатика" пәні
болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі әлемдегі
ақпараттық білім мен технологияның мән-мағынасына сәйкес артып отыр.
Оқытудың мақсаты — оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу мен оны
пайдалану туралы білімдерді меңгерту және ақпараттық технологияны саналы
да, тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Информатиканы 3-сыныпта пән ретінде оқытудың мазмұны мемлекеттік білім
стаңндарты деңгейіңде қарастырылған. Бастауыш сыныптарда оның жаңа пән
ретінде пайда болуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты.
Сол себепті де информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқыту
қажеттігі бүгінгі күні өте көкейкесті мәселе болып отыр. Біздіңше, бастауыш
сыныптарда информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:
— ақпараттық қоғамға бастауыш мектеп оқушысын бейімдеу;
— ерте жастан оқушылардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
— бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,
оларды әлемдік-ақпараттық білім кеңістігін игеруге даярлау.
Аталған факторлар мен отандық, ТМД елдерінің зерттеулері мен тәжірибелерін
негізге ала отырып, ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені жасақталды.
Олар оқулықтан, өдістемелік құралдан, дәптерінен тұрады.
Жасақталған оқу құралы мұғалімдерге бастауыш сыныптарда информатика пәнін
оқыту әдістерін қарастыруға негізделген әдістемелік құрал болып табылады.
Бұл құралда информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мазмұны ашылып, оны
әдістемелік тәсілдері айқындалады.
Әдістемелік құрал 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде информатиканы 3-сыныпта
оқытудың оқу бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау үлгілері
келтірілген.
2-бөлімде күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес сабақты өткізу
мазмұндалады. Сонымен бірге сабақтың мақсаттары мен міңдеттері, теориялық
материалдарды баяндау бойынша әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптеріңдегі
берілген тапсырмаларды орындау реті мен оның жауаптары келтірілген. Бұл
құрал мұғалімнің түрлі әдістерді қолданып, сабақты түсіндіруге, әрі оны
қызықты өткізуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімнің сыныптағы оқушының білім деңгейіне сәйкес күнтізбелік-тақырыптық
жоспарда берілген оқу материалдарының сағаттарын қысқартып не сағат
сандарын көбейтуіне, сонымен бірге өзінің шығармашылық деңгейіне сәйкес
әдістермен тәсілдерді де түрлендіріп өткізуіне мүмкіндігі бар.
Информатиканы оқытудың эргономикалық (санитарлық-нормалық) талаптарына
сәйкес оқушылар компьютерде 10-15 минут жұмыс жасайтынды. Осыны ескере
отырып, негізгі тапсырмалардың басым көпшілігін жұмыс дәптерінде
орындалатындай етіп бердік.
Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды сыныпта орындап үлгермей қалғандары
болса, оны үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмаларды мұғалім дауыстап оқып, оның
мағынасын түсіндіргеннен кейін, оқушыға тапсырманы қарындашпен орындау
ұсынылады.
Оқушылардың білімін бағалауда теориялық материалдарды меңгеру мен жұмыс
дәптеріндегі тапсырмаларды орындау деңгейлері және компьютерде жұмыс жасау
қабілеттері ескерілуі қажет.
Мұғалімдер үшін жасақталған бұл құралдың сапасын арттыру негізінде
шығармашылық ескертулер, ұсыныстар мен қосымша материалдарды авторлар ұжымы
шын жүректен қабылдайды.
1-бөлім ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1. 3-сыныпта информатиканы оқыту бағдарламасы
3-сыныпта информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық желілер
қарастырылады:
— әрекет және кері әрекеттер;
— алгоритм және оның қасиеттері;
— алгоритм және оның түрлері;
— компьютер және оның құрылымы;
— алгоритмді графиктік түрде бейнелеу;
— сызықтық алгоритмнің мәні мен мағынасы;
— тармақталу алгоритмнің мәні мен мағынасы;
— қайталану алгоритмінің мәні мен мағынасы;
— алгоритм түрлерін графиктік түрде бейнелеу;
— алгоритмді өндеуге графиктік ақпаратгардың мүмкіндіктерін қолдану;
— алгоритмді өңдеуге мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін қолдану;
— жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
— логикалық тұжырымның мәні.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Ұсынылып отырған мазмұндық желілер оқушыларды төмендегідей мумкіндіктермен
қамтамасыз етеді:
- алгоритм - информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мағлұматты беру;
- күнделікті өмірдегі алгоритм қасиеттерінің рөлі мен мәнін түсіндіру;
- алгоритмдік графиктік түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашу;
- алгоритм түрлері туралы жалпы мағлұмат беру;
- сызықтық алгоритм ді құра білуге үйрету;
- сызықтық алгоритмді графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- тармақталу алгоритмін қызметші сөздерін пайдалану арқылы құра білуге
үйрету;
- тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- сызықтық алгоритм мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты
айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету;
- компьютердің қызметін ұйымдастыру, оның негізгі бөліктерінің жұмыс
жасау принциптері мен оның қосымша құрылғылары туралы мағлұматты беру;
- алгоритмді түрлендіруге компьютердің графиктік және мәтіндік
мүмкіндіктерін қолдана білу туралы мағлұмат беру;
- алгоритмнің графиктік түрлерін бейнелеудегі графиктік редактордың
қызметі туралы мағлұматты беру;
- мәтіндік редактордың алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін жаза білу
туралы мағлұматты беру;
- Информатика пәнінің пәнаралық байланысындағы алгоритмнің рөлін
мысалдар келтіру арқылы ашу;
- саңдық ақпараттарды өндеудегі "Калькулятор" қызметі туралы мағлұматты
беру;
- нысанның және оның қасиеттерінің күңделікті өмірмен байланысы туралы
мағлұматты беру;
- жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты
беру;
- логикалық тұжырымның ақпаратгармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы
мағлұматты беру.
Оқушы нені білу керек:
- алгоритм — информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мәнін;
- алгоритм қасиеттері мен түрлерінің мәнін;
- компьютер — ақпаратты өндеу құралы ретіндегі мәнін;
- компьютер құрылғылары және олардың ақпаратты өндеудегі қызметтерінің
мәнін;
- пернетақта және оның негізгі бөліктерінің мәнін;
- компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелерін;
- алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуін;
- алгоритм түрлерін жазудағы қызметші сөздердің мәнін;
- графиктік редактор мен оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
- мәтіндік редактор мен оның алгоритмді түрлендіруден мүмкіңдіктерін;
- Калькулятор мен оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
- нысан ұғымы мен оның қасиеттерінің мәнін;
- жиын және оның элементтерінің мәнін;
- логикалық тұжырым және оның мәнін.
Оқушы нені үйрену керек:
- алгоритммен және оның түрлерімен жұмыс жасау әрекеттерін;
- компьютерді іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
- компьютер құрылғыларының жұмысын басқару әрекеттерін;
- пернетақтамен жұмыс жасау әрекеттерін;
- тышқанмен жұмыс жасау әрекеттерін;
- графиктік редакторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
- алгоритмді графиктік түрлендірудегі графиктік редактордың әрекеттерін;
- мәтіндік редакторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
- мәтіндік редактор арқылы алгоритм түрлерін жазу, редакторлау мен
форматтау процестерін, оларды сақтау мен aшy әрекеттерін;
- Калькуляторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
- Калькулятор арқылы арифметикалық өрнектерді есептеу алгоритмдерін
өңдеу процестерін, оларды сақтау мен ашу әрекеттерін;
- нысанмен жұмыс жасау әрекеттерін;
- жиын және оның элементтерімен жұмыс жасау әрекеттерін;
- логикалық тұжырыммен жұмыс жасау әрекеттерін.
1.2. 3-сыныпта информатиканы оқытудың
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сагат)
Сабақ Тақырыптар мазмүны Сағат
нөмірі саны
1-сабақ Компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. 1
Техника қауіпсіздігі. Көз жаттығулары
2-сабақ Компьютердің даму тарихы 1
3-сабақ Әрекеттер 1
4-сабақ Кері әрекеттер 1
5-сабақ Алгоритмдер 1
6-7-сабақ Алгоритм қасиеттері 1
8-сабақ Алгоритм түрлері 1
9-сабақ Бақылау жұмысы №1 1
10-сабақ Алгоритмді графикалық және блок-сызба түрінде 1
бейнелеу
11-12 сабақСызықтық алгорихм 2
13-16 сабақТармақталу алгоритмі 4
17-сабақ Бақылау жұмысы № 2 1
18-21 сабақҚайталану алгоритмі 4
22-23 сабақЖиындар 2
24-26 Жиындарды салыстыру, топтау 3
сабақтар
27-сабақ Ішкі жиындар 1
28-сабак. Бақылау жұмысы № 3 1
29-сабақ Жиындар арасындағы қатыстар 1
30-32 сабақТерістеу ұғымы. Ақиқат және жалған 3
33-сабақ Бақылау жұмысы № 4 1
34-сабақ Қайталау 1
БАРЛЫҒЫ 34
2-бөлім. САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
1-сабақтың тақырыбы: Компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау. Көз жаттығулары.
Қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— компыотер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен көздің жұмысын қалпына
келтіретін жаттығуларды қайталау;
— компьютер сыныбында міндетті, түрде сақталатын тәртіп, тазалық ережелерін
әрдайым есте сақтауға оқушыларды үйрету;
— жаңа материалдарды меңгерудегі өткен материадарының өзара байланысын ашу,
рөлін көрсету.
Дамытушылық мақсаты:
— компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық
талаптарды қатаң түрде сақтауға оқушыларды дағдыландыру;
— оқушыға өз денсаулығының қоршаған орта мен қоғам үшін маңыздылығьш ашу;
— ақпараттық қоғамда өз орнын табуға бейімдеу.
Тәрбиелік мақсаты:
— оқушыларды тәртіптілікке, жүйелілілікке, сабырлыққа, шыдамдылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу;
— өз денсаулығына деген жауапкершілігін тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, көрнекі
плакаттар (компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесіне арналған),
компьютер, компьютерлік программалар.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалім қайталау сабағын өзара пікір алысу, әңгіме, сұрақ-жауап әдістеріне
құра отырып, "Компъютер сыныбына саяхат" сабағы түрінде өткізгені тиімді.
Сабақ мазмұнын ойын түріңдегі саяхат сабағына құра отырып, мұғалім ойната
отырып, ойландыруға, проблемалық жағдайларды жеңіл де, мазмұнды деңгейде
құра білуге, бір-бірінің жауаптарын толықтырып, өз пікірлерін айта білуге,
оны дәлелдеуге оқушыға үлкен мүмкіндіктер береді.
Ойын соңында мұғалім жіберілген қателіктерге, жауаптарды талқылап, дұрыс
жауабын беріл, оны толық, жан-жақты мазмұңда қосымша мағлұматтармен
толықтырып өтеді.
III.Оқулықпен жұмыс.
IV. Сергіту сәті.
V. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VI. Жаца сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелерін кім жатқа айтып береді?
2. Кез жаттығуларын қалай орындаймыз, кім көрсетеді?
3. Осы көз жаттығуларын үнемі орындап, тәртіп ережелерін бұзбау не үшін
пайдалы және маңызды?
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасын беру. Оқулықта, жұмыс дәптеріңде берілтен
материалдарды қайталау. Ережелерді жаттау, көз жаттығуларын дұрыс орындауға
жаттығу.
2-сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-ның даму тарихы.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты:
— компьютер туралы түсініктерін толықтыру;
— оқушыларға ЭЕМ-ның шығу, даму тарихы туралы нақты мағлұмат беру;
— ақпараттық қоғамдағы компьютерлік сауаттылықтың рөлін, маңызын ашу.
Дамытушылық мақсаты:
— оқушыларға ЭЕМ-ның даму тарихы туралы білім бере отырып, ақпараттық
қоғамдағы ақпараттық технологиялардың рөлін көрсету;
— бүгінгі күні ақпараттық технологияға (компьютерге) деген қоршаған
ортаның, қоғамның көзқарасын көрсете отырып, оқушылардың техниканы сауатты
меңгеруге деген қабілеттерін дамыту;
— өз бетімен қосымша материалдарды оқуға, білімін толықтыруға деген дағды
қалыптастыру;
— оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмыс
жасауға баулу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
— оқушылардың қабылдау, ойлау, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз
бетімен ізденуге, білім алуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық, ойындық

плакаттар (ЭЕМ-ның даму тарихы), компьютер, мультимедиялық электрондық
оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, компьютерді біз бәріміз білеміз, ал оның шығу, даму тарихы
туралы не білесіңдер?
2. Компьютерді кім ойлап тапқан?
3. Алғаш шыққан ЭЕМ-дар және бүгінгі күнгі арнаулы компьютерлер арасыңда
қандай айырмашылықтар бар?
4. Кім осы арнаулы компьютердің мүмкіңдіктерін рет-ретімен айтып береді?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын талдап және толықтыра келе жаңа
сабақты ертегі, әңгіме түріңде баяндауға құрғаны ұтымды. Мұнда мұғалім өз
әңгімесін ерте кездегі адамдардың, соның ішінде, гректер мен
мысырлықтардың, абак — есеп шоты құрылғысы ретінде пайдаланудан бастағанын
кейін шетел ғалымдарының Блез Паскаль, Г. Лейбниц және т.б. ғалымдардың
арифметикалық амалдарды орыңдауға арналған құрылымдарды ойлап тапқаңдары
туралы мәліметтер беруден бастайды. Әңгіме барысында есептеуіш техниканың
даму тарихындағы негізгі жетістіктерді айта келе, басты назар 1970 жылдары
шыққан есептеуіш машиналар және 1984 жылы шыққан арнаулы компьютердің 1-
моделіне жан-жақты түсінік беріледі. Бүгінгі таңда қолданылып жүрген
арнаулы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы күнделікті өмірдегі қолданылу
саласына қарай мысалдар келтіре отырып баяндайды.
Сонымен қатар мүғалім мүмкіндігіне қарай программалық құралдарды,
Интернетті, электрондык поштаны пайдаланып, техниканың бүгінгі жеткен
жетістіктерін көрсетудің пайдасы зор.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Сергіту сәті.
VI. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Алғашқы құрылғының шығу тарихын кім айтады?
2. Компъютердің 1-моделі қашан жарық керді және оны кім ойлап тапты?
3. Біздің елімізде мектептерде компьютерлер қашан қолданыла бастады?
4. Бүгінгі күні қай фирманың компьютері кеңінен қолданылады?
VIII. Бағалау.
IX. Үй тапсырмасын беру.
Компьютердің шығу және даму тарихы туралы реферат дайындау.
3-сабақтың тақырыбы: Әрекеттер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— оқушыларға заттарды іс-әрекетіне қарап атауды, анықтауды түсіндіру;
— заттарды іс-әрекеттері бойынша талдауға, топтастыруға үйрету;
— тышқанның көмегімен draq and drop операцияларын орындауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— Оқушылардың қоршаған ортадағы заттарды жан-жақты талдай білуге, іс-
әрекеттеріне қарай топтастыра білу қабілеттерін дамыту;
— Компьютерде жұмыс істеудің іс-әрекеттерін меңгерте отырып, өз бетімен
жұмысқа баулу;

— жүйелелілікке, талдауға, бірізділікке, жұмысын жобалай білуге тәрбиелеу;
— оқушылардың жұмысына деген жауапкершілікті арттыру.

Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер,
мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Балалар, іс-әрекет дегенді қалай түсінеміз?
2. Күнделікті өмірде оның маңызы қандай, яғни іс-әрекеттерсіз біз өмір сүре
аламыз ба? Мысалдар келтіріндер.
3. Сонымен, осы айналадағы заттардың іс-әрекеттерін жақсы білу не үшін
керек деп ойлайсыңдар?
4. Сезім мүшелеріне денеміздің қай мүшелері жатады және соған сәйкес қай
ақпарат түрлері алынады?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім жаңа сабаққа шолу бағытында берілген сұрақтарға берген оқушылардың
жауаптарын толықгыра келе, жаңа сабақты түсіндіреді.
Бұнда айналадағы заттардың бір-бірінен іс-әрекетіне, түрі, түсі, қасиетіне
қарай ерекшелетіні, олардың атқаратын қызметтері туралы нақты мысалдар
келтіру арқылы түсіндіріледі. Бізді қоршаған күнделікті ортадағы жанды,
жансыз заттардың әрқайсысының өзіне тән іс-әрекеттер атқаратыны, мысалы,
жылқы кісінейді, қой маңырайды, қалам жазады, гүл өседі. Сондай-ақ,
компьютерді басқару әрекеті көрсетіліп, ондағы тышқан мен пернетақтаның
рөлі айтылады. Сабақтың мазмұндылығы мен оқушылардың материалды нақты
қабылдауы үшін қоршаған ортадағы жанды, жансыз заттарға арналған суретті
картинкалар, буклеттермен қатар мультимедиялық программаларды қолданған
тиімді.
IV. Окулықпен жұмыс.
V. Сергіту сәті.
VI. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында ұшты-ұшты, телефон т.б. басқа іс-әрекет
мазмұнына құрылған ойындар ойнату,
карточкамен жүмыс түріндсгі жүмыстарды ксңінен пай-даланған дүрыс.
VIII. Бағалау,
IX. Үй тапсырмасын беру. Әрекеттерге арналған суреттерді жинақтау, соған
сәйкес өңгіме құрастыру.
4-сабақтың тақырыбы: Кері әрекеттер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— кері әрекет түсінігімен таныстыру;
— оқушыларға кері әрекеттерді анықтай білуді үйрету, оған тән қасиеттерді
меңгерту;
— оқушыларға дұрыс және кері әрекеттерді бір-бірінен ажырата білуге
дағдыландыру;
— берілген тапсырмаға кері әрекет жасауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— оқушыларға іс-әрекеттер туралы түсініктерін кеңейтіп, кері әрекеттердің
өзіне тән қасиеттерін меңгерту;
— оқушылардың талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып, кері
және дұрыс іс-әрекеттердің өзара байланыстылығы мен айырмашылығын көре
білуге үйрету;
— өзіндік қорытынды, пікір жасап, оны дәлелдей білуге, тәжірибе жинақтауға
баулу;
— шығармашылық жұмысқа машықтандыра отырып, өздігінен бағдарламаны қосу
және жұмыс істеу дағдыларын дамьпу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— қоршаған ортадағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарып, олардың
заңдылықтарын көре білуге тәрбиелеу;
— еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер; дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер

1. Балалар, сонымен іс-әрекеттер туралы біз не білдік?
2. Ал компьютердегі іс-әрекет қалай іске асады, оны кім компьютерде
көрсетіп береді?
3. Компьютердегі іс-ерекетті басқару құрылғылары қайсы, олардың атқаратын
қызметі қандай?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен сабақта айжан материалды бүгінгімен байланыстыра келе, іс-
әрекет арқылы заттың күйін өзгерте алатынымызды түсіндіреді, мысалы киімді
кию, қайтадан шешу, теледидарды қосу, оны өшіру. Бұл әрекеттердің басты
айырмашылығы: оларды бұрыңғы бастапқы қалпына келтіре алатыңдығында
екендігінде, сол себепті олар кері іс-әрекеттер деп аталатынын айтады.
Сонымен бірге, кері іс-әрекеттері жоқ іс-әрекеттер де болатындығын нақты
мысал негізінде түсіндіріп кетеді. Мысалы сынған ыдыс-аяқ. Сабақта бұған
қоса бағдарламаны іске қосу, шығу сияқты жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге
мән беріледі.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютерде жұмыс
VI.Сергіту сәт.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны
1. Сонымен кері іс-әрекеттер дегеніміз не, мысал келтір.
2. Кері іс-әрекеттері жоқ іс-әрекеттерге мысал келтіріңдер. Кім тақтаға
дұрыс әрекет пен оған кері әрекетті жазады?
VIIІ. Бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасын беру. Оқулықтағы берілген материалдарды қайталау. Жұмыс
дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. Кері іс-әрекетке 3-4 мысал дайындау.
5-сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
- оқушыларға алгоритм ұғымын түсіндіру;
- алгоритмді құруға және оны орындауға үйрету;
- алгоритм атқарушысы туралы беру.
Дамытушылық мақсаты:
- алгоритм туралы түсінік бере отырып, өз жұмысын жоспарлай білуге
оқушыны үйрету.
- логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушыны шығармашылықпен
жұмыс істеуге машықтандыру;
- оқушылардың алгоритмдік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыны өз мақсатына жете білуге, жүйелілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
— оқушыны өз жұмысына есеп беруге, жұмысының нәтижесін көре біліп,
жоспарлай білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойыңдық.

І. Үйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаца сабақты түсіндіру.

1. Балалар, біз таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін қандай іс-әрекеттер
орындаймыз?
2. Ал таңертеңнен кешке дейінгі атқаратын іс-әрекеттерімізді кім айтып
береді?
ІІІ. 2.Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім оқушылардың жауабын толықтыра келе, күнделікті іс-әрекеттер
негізінде алгоритм ұғымы туралы түсінік береді. Бұнда іс-әрекеттердің
жүйелі тізбегі алгоритм деп аталатынын айта отырып, "Әрі қарай жалғастыр"
ойыны арқылы сабақты өткізуге болады. Ойын барысында қате айтылған
жауаптарды оқушылардың өздеріне тапқызып, оны ұжымды түрде талқылау, түзету
жұмыстары орын алғаны дұрыс.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компъютермен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту жүмысын топ немесе парта қатары жарысы түрінде өткізуге
болады. Бұнда тақтаға іс-әрекет суреттері ілініп, соған сәйкес
алгоритмдерін жазу тапсырмалары беріледі. Тапсырманы ертегі, әңгіме
құрастыру сияқты шығармашылық жұмыс түрлерімен толықтыруға болады.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Өз бетімен еркін тақырыпқа алгоритм құрып келу.
6-7-сабақтардың тақырыбы: Алгоритм қасиеттері: түсініктілігі, нәтижелелігі,
қадамдылығы, дискреттілігі, жалпылығы.

— оқушыларға алгоритм қасиеттері туралы нақты мағлұмат беріп, түсінік
қалыптастыру;
— алгоритм қасиеттері туралы түсінік бере отырып, оларды бір-бірінен
ажырата білуге үйрету;
— алгоритм қасиеттерін айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету;
— алгоритм құруда оның қасиеттерін орынды пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық мацсаты:
— алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі маңыздылығын аша білу арқылы
ойлау, елестету, салыстыру, алдын-ала болжау, қиялдау қабілеттерін дамьпу ;
— алгоритм қасиеттерінің өзара байланыстылығы мен ерекшелігін айқындайтын
мысалдар арқылы танымдық оқушының қызығушылығын қалыптастыру;
— оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу
дағдыларын дамыту;
— өз бетімен ізденуге баулу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, еңбекқорлыққа, өз жұмысына есеп
беруге тәрбиелеу;
— алгоритмдік мәдениетін қалыптастыру .

ІІІ.1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, алгоритм құру барысында басты назарды неге аударамыз?
2. Алгоритмде көрсетілген әрекеттердің сапалылығы немен анықталады?
3. "Көшет отырғызу" алгоритмінің құру әрекеттерін ата және ол алгоритмнің
мазмұнын түсіндір.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен материалды пысықтай отырып, оқушылардың берген жауаптарын
толықтыру арқылы "Киіз үй құру" алгоритмін қарастырады. Себебі өтілетін
материал өте күрделі. Сондықтан "Киіз үй құру" алгоритмін оның әрбір
қасиетіне сәйкес құру әрекеттеріне ерекше назар аудару керек. Аталған мысал
арқылы мұғалім оқушыларға алгоритм қасиеттерінің мәні мен маңызын ашады.
Оқушыларға айтқан мағлұматтар түсінікті болу үшін "Информатика әлеміне
саяхат" мультимедиялық оқулығында берілген "Алгоритм қасиеттері" сабағы
басшылыққа алынады.
Сабақ 2-сағатқа жоспарланған және төмендегі мазмұнда беріледі:
6-сабақ. Алгоритм қасиеттері: түсініктілігі, жалпылығы.
7-сабақ. Алгоритм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz