Қазақстан 2030 жылға бастама


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстан 2030 жылға бастама
Банк бизнесінің даму өзгерістері
Газет беттерінен
Банкаралық конференция
Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.
Қорытынды
Кіріспе
Негізгі мәселені қозғау үшін банк жүйесін және қызметін талдап алайық. Нарық жағдайындағы банк жүйесі екі деңгейде болады: орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозитттік) банк. Комерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салыстарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналасады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің
алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы мен сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттерде орталық банк банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша - несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасын және мультипликаторға әсер ету арқылы қағадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік ақша - несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша - несие саясатының басты мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамассыз етуді көздейді.
1
Қазақстан 2030 жылға бастама
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүиежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
2
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
Қазақстанның Даму Банкi.
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi айтарлықтай тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды төмендету қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi және төмен проценттi кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi.
Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық және жоба үшiн өзге де маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды, еншiлес маманданған қаржы ұйымдарын, атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн көздейтiн Қазақстанның Даму Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады. Сонымен бiрге Қазақстанның Даму Банкiне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берiлуi мүмкiн.
Қаржы рыногын дамыту
Монетарлық саясат Монетарлық саясаттың мақсаттары экономикалық өсудiң жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның төменгi деңгейiн қамтамасыз ету, отандық тауар өндiрушiлерге қолайлы бәсекелестiк жағдайды және елдiң төлем теңгерiмiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету,
3
банктiк проценттiк ставкаларды төмендетуiн ынталандыру арқылы банктердi экономиканың нақты секторына кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдай жасау болмақ.
Монетарлық саясаттың негiзгi мақсаты 2003-2004 жылдары орташа жылдық инфляцияны 4-6% шегiнде ұстап тұру және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейiн, ал одан кейiнгi жылдары 2-4%-ке дейiн азайту болады.
Монетарлық саясаттың негiзгi құралдары РЕПО операциялары сияқты ашық рынок операциялары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару және вексельдермен қайта есептеме операциялары болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктi РЕПО ставкасы және вексельдер бойынша есептеу ставкасы сияқты өзiнiң ресми ставкаларының реттеушiлiк рөлiн күшейту шараларын қолдануды жалғастыра бередi әрi оларды нақты мәнiндегi әлсiз оң сипатын сақтайтын болады. Бұл ақша-кредит саясатын инфляция көрсеткiштерiн жоспарлауға көшуге дайындық үшiн база болып табылады. Инфляция көрсеткiштерiн жоспарлауға көшумен қатар жүргiзiлетiн ақша-кредит саясатына сенімді арттырып, алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз ететiн тетiк жасалатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүйелерi саласында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн енгiзуге баса назар аударатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алдағы жылдары EуpAзЭә елдерiнiң орталық банктерiмен бiрлесiп ЕурАзЭҚ елдерiнiң ортақ төлем жүйесiн ұйымдастыру және қаржы рыноктары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмысты жалғастыра бередi.
Монетарлық саясат қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытуға және банк жүйесiн нығайтуға, банктердiң экономиканың нақты секторына кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жетiлдiруге жәрдемдесетiн болады.
Валюта қатынастарын ырықтандыру.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңнамасымен белгiленген шектеулер мен кедергiлер нарықтық қатынастар дамып келе жатқан елдердiң көпшiлiгiне тән.
Мiндет валюталық операциялар жүргiзу, уақыттың және халықаралық практиканың талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудiң өзге әдiстерiн қолдану кезiнде жекелеген шектеулердi кезең - кезеңмен алып тастауға келiп саяды. Бағамдық саясат өңдеушi өнеркәсiп пен экспортқа бағдарланған саланы қолдауға бағытталатын болады.
Валюта режимiн толық ырықтандыруға 2007 жылы қол жеткiзу көзделуде. Қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетудiң бәсекелестiгiн арттыру мақсатында АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенiң айырбас бағамын
4
реттеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тарапынан валюталық реттеу деңгейi бiртiндеп төмендетiлетiн болады. Қазақстанның қаржы рыногында шетелдiк банктердiң қатысуын кеңейту көзделуде.
Қазақстан стратегиялық тұрғыдан алғанда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал экспортына бағдар ұстанған шағын, ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасуда.
Экономиканың ғаламдануы жағдайында дамыған iрi рыноктар тауарлар мен қызмет көрсетулерден гөрi, инвестиция iздестiруге неғұрлым баса назар аударады. Бұл олар үшiн ұзақ мерзiмдi кiрiстердiң жаңа көздерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Егер Қазақстандық қаржы ресурстары Қытай мен Ресей сияқты iрi рыноктардың дамуына қатысатын болса, онда бұл кәсiпкерлерге табыстардың тұрақты және сенiмдi көзiне ие болуға мүмкiндiк бередi.
Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту
2004 жылы қаржы рыногын қадағалау жөнiндегi дербес бiрыңғай реттеушi орган құру жоспарлануда, оның қызметi аясында барлық қаржы институттарына жедел бақылау жасау және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн кешендi қорғау жүзеге асырылатын болады.
Банк секторын дамыту
, Банк секторын дамытудың негiзгi бағыттарының бiрi банктерден, банк қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттiк ұйымдардан тұратын кредиттеу жүйесiнiң үш деңгейiн құру болып табылады. Бiрiншi деңгей - банк секторын одан әрi дамыту, бұл орайда екiншi деңгейдегi банктерде корпорациялық басқару және тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу, сондай-ақ ағымдағы қадағалау, оның iшiнде банк қадағалауы жөнiндегi Базель комитетiнiң Негiзгi қағидаттары мен стандарттарына сәйкес топтастырылған қадағалау әдiстерiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру көзделедi. Қаржылық жағынан тұрақты шетелдiк банктер үшiн банк секторының тартымдылығын арттыру жұмысы жалғастырылатын болады.
Бұған қоса қызметi банк қызметтерiнiң белгiлi тiзбесiн жүргiзудi көздейтiн мамандандырылған банктер құрылатын болады. Атап айтқанда, осындай банктер құрудың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi, мамандандырылған ипотекалық банктер шеңберiнде келешегi бар.
Екiншi деңгей - қаржы институттарының кредиттiк серiктестiктер сияқты түрлерi дамытылатын болады, бұл орайда олардың заемшылары клиентураның негiзгi бөлiгiн құрайтын шағын және орта заемшылар бола алады.
Үшiншi деңгей - микрокредит берумен ғана айналысатын ұйымдардың қызметiмен тiкелей байланысты кредит беру жүйелерi. Микрокредиттiк ұйымдар кредит берудi өз капиталы, гранттар және шағын кәсiпкерлерге арналған бағдарламаға қатысушылар жарналары есебiнен жүзеге асыратын болады.
5
Банк бизнесінің даму өзгерістері
Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс - ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі бол ды деп санаған. Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес, себебі қаржылық түсінісіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер ретпен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банкілердің рөлін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған немесе аударған кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясы мен олардың атқаратын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл - біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың рөлі де арта түсті, міндеттері де өзгерді. Бүгінгі таңда банкілер үш түрлі рөлдегі қызмет атқарады, атап айтқанда:
- Қаржы делдары (төлем жүйесіне қатысу және борышқорларға кредит беру) ;
- Елдегі ақша айналымын реттейтін Ұлттық банкінің ақша - кредит саясатын орындаушылары. Бұл реттеудің дәрежесі өзін - өзі реттейтін жүйенің сыртқы ортасы мен ішкі әлеуетіне (материалдық, қаржы, кадр ресуртарына) байланысты. Егер әлеует жеткіліксіз немесе сыртқы орта әлеует үшін қолайсыз болса, онда бұл жүйені бір қалыпсыз реттеуіштер қолданылады.
- Инвесторларға - меншікті капитал есебінен қызмет көрсету.
Қызмет көрсетулердің алғашқы екеуінде классикалық нысан басым,
үшіншісі - олардан гөрі жаңа даму сатысында тұр. Бұл жерде капиталды қандай амалмен жинақтау маңызды емес, әрине меншікті капитал өркениетті түрде жинақталады. Оның жинақталуы - заңды құбылыс. Банк капиталы, клиенттер қаражаттары емес, банк оны көбейту мақсатында ала алады. Мұндай жағдайда ақшалай қаражаттың тапшылығын сезінетін, сатып алу құнын бір экономикалық субъектіден екінші экономикалық субъектіге ауыстыруды жүзеге асыратын банкілер мен компаниялар, фирмалар арасында қандай да болмасын қаржы делдалы болмайды. Ақшаны көбейтудің бірден - бір жолы - экономиканың нақты секторларындағы инвестициялық қызмет.
Жемісті инвестициялық қызмет, банктің делдалдық функциясын жүзеге
асыруға қолайлы жағдай жасайды, өйткені, инвестициядан түскен пайда банкілердің қаржы тұрақтылығын нығайтады, заңды және нақты тұлғалардың «жаңа» ақша ресурстарының шоғырлануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан, делдалдық пен инвестициялық қызметті бір-біріне қарама-қарсы қою, менің көзқарасым бойынша - негізсіз. Шын мәнінде, олар осы заманғы банкингте бірін - бірі толықтырушылар болып саналады. Коммерциялық банкілердің инвестициялық қызметін меншікті капиталдың нормативтерін белгілеумен жасанды шектеу - тиімсіз. Мұндай тікелей сырттан әсер ету тек КБ мен нақты сектордың мүддесін сәйкес келмейді, сонымен бірге жаңа банкілердің пайда болуын қиындатады, кредит нарқындағы бәсекелестікте тайталастық туғызады, оларды белсенділіктен, қызмет бағытын таңдап алудан айырады. Ақырында бүкіл банк жүйесі әлсірейді. Коммерциялық банкілердің қызметіне шамадан
6
тыс араласудың соңы осыларға әкеп соғады. Осы заманғы коммерциялық банк, әрі қаржы делдалы, әрі институционалдық инвестор болып саналады - ол өзінің саясаты мен Ұлттық банк саясатын қолдайтын меншік иесі.
Банк секторы ақша қаржы саласында жүйе құрайтын міндеттерді орындай
отырып, басты орынды иеленеді. Банкілер, қаржы делдалдары мен бірлескен инвесторлар институттары ретінде қалыптасуға және экономикалық субъектілер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, қаржы институттары, мемлекет) арасындағы қаржы ағынына өздерінің қатысуына тікелей атсалысады. Қысқасы, олар, ішкі валюталық экономикалық қызметтің барлық түрлерінде өнім банктік қызмет құрылуы арқылы әсер етеді. Қазіргі банк жүйесі экономикалық қатынастарды ырықтандыру, кеңестік және коммерциялық банкілерді реформалау нәтижесінде дамуда. Бұның негізі 1990 ж. қабылданған «Қазақ КСР -дағы банкілер және банк қызметері туралы» заңмен бекітілген.
Қазақстан егемендігін жарияланғаннан кейін банк жүйесінің қалыптасуы басталды және тұрақтылығы төмен бола тұра ондағы мекемелердің саны қарқыны өсуімен сипатталды. Жаңа банкілер ашылуы мен қабілетсіз немесе нашарларының жабылуы қосарлана жүрді. Мұндай белсенділіктің экономикалық себептері - экономикалық нақты сектордың дағдарысының үдеуі, инфляцияның өсуі, банк қызметтерінің басқа түрлерімен салыстырғанда әлеуітті жоғары табыстылығы. Осы орайда, салықтар коммерциялық банкілер үшін осы уақытқа дейін, экономиканың басқа салаларына қарағанда, айтарылықтай төмен болғанын атап өту керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қаржы министрлігінің құнды қағаздар операцияларынан алынған табыс сияқты инвестициялық несие үшін банк сыйақысы 2004 жылғы 1 қаңтарына дейін салықтан босатылған болатын. Ұқсас салық пұрсаттылығы нәтижесінде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің басқа қаржы институттарына қарағанда бәсекелесттік артықшылығы болды және бола береді. Қор және сақтандыру нарықтарының жеткілікті дамымауы жағдайында оның қаржы нарығында оның орны ерекшелеу болады, сөйтіп банкілерге салық жеңілдіктерінен түсетін пайдаларына толықтыру ретінде сыйақының жоғары пайыздарын қамтамасыз етеді. Бастапқыда банк жүйесі, негізінен, бір құрылымды болады. Банкілік операциялар жүргізе алатын банкілік емес ұйымдар атымен жоқ болды. Дегенмен кейінгі кездері ондай ұйымдардың өсуі байқала бастауда. Ырықтандыру саясатының арқасында банк жүйесі кеңеюде, оның құрылымы күрделенуде, әр қилы түрде болуда, әр түрлі, меншіктегі қаржы ұйымдары құрылуда, отандықтан басқа, шетел институттары да қызмет көрсете бастауда. Банк саласы бір қалыпсыз жүйенің басты ерекшеліктеріне ие болуда, бұл оны басқару мен реттеуде бір қалыпсыз әдістерді қолдануды қажет еткізеді.
1993-1996 жылдардағы қарқыны өсуден кейін, ЕДБ желісінің заңды таралуы жүрді. Банк секторының әрі мемлекеттік, әрі аймақтық деңгейде қысқартылуы басталды. Филиал желісі азайды. Бұған несие нарықтарындағы
7
өсіп келе жатқан бәсекелестік, банкілердегі капиталдандыру үдерістері, Ұлттық банкінің, жеке банкілер мен олардың филиалдарын жабу жөніндегі стратегиялық шешім қабылдауға әсері мүмкіндік туғызды. ЕДБ- лердегі капиталдандырудың ауқымы мен қарқынының біркелкі еместігіне жарғылық капитал мен активтердің айтарлықтай саралануы себепші болды.
Банк жүйесін талдау ҚР Екінші дейгейлі банкілер санының (1-кесте) қысқаруының қарқыны жоғары екенін көрсетеді. Онда 1999-2001 жылдары коммерциялық банкілер санының азаю үдерісі айқын байқалады, алайда 2002 жылдан бері бұл үдеріс кері сипатқа ие болуда.
1-кесте Қазақстан Республикасының екінші дәрежелі банкілер санындағы өзгерістер
Банкілердің экономикалық мүдделері шалғайдағы аймақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінен басым болатынын көрсетеді. Бұл барлық коммерциялық банкілерге, оның ішінде халықтың қалың тобына қызмет көрсетуге міндетті Халық банкісіне де қатысты. Бұл банкілер мен мемлекет мүдделері арасындағы қарама - қайшылық - өндіргіш күштердің біркелкі орналаспау себебінен болғаны шындық. Автоматты түрде, әрі бүгінгі күні ол жойылмайды, бірақ болашақта, барлық аймақтардың дамуына байланысты шешілетін болады. Алайда біршама өзекті мәселелерді мемлекет тұрғысынан банк қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін қолдау бойынша ынталандырылатын шараларды қабылдау арқылы шешуге болады: шығындардың өтемі, салық жеңілдіктері т. б. Дегенмен, егер банкілер менеджментінің деңгейі төмен немесе олар жемқорлыққа ұшыраған болса, онда мемлекет қолдауынан тиімділік болмайды.
Нақтылық біркелкі емес күрделі жағдайларына жеткілікті капиталы, салыстырмалы түрде менеджменті жоғары, ірі коммерциялық жобаларға немесе экспорттық өндіріске, яғни ішкі нарыққа қарағанда несиелік тәуелділіктері болатын операциялары айтарлықтай аз болған банкілер төтеп бере алады. Алайда «қауіп - қатері аз өріс» созылмалы емес және де ұсақ банкілерді ірі өнеркәсіп топтарымен үлестес банкілер тез ығыстырып шығарды.
Банкілердің бастапқы қарқынды өсуін және олардың одан әрі тұрақтылыққа «екшелуін» қоғамның ділінде қабылданған экономикалық ырықтандыру және ақшаны нарық әдісімен табу мүмкіндігімен, бір қалыпсыз емес ойлау заңдарымен байланыстыруға болады. Әрине, жеке банкілер жобылуының негізгі себептерінің бірі - нарықтық шаруашылық жүргізуде тәжірибесінің болмауы, олардың дағдарыстан аман қалуға бейімделмеуі болып табылады. Сонымен бірге банк менеджерлері баға жетпес сабақ алды, оладың көпшілігі әлі де өнеркәсіптік бизнес пен коммерция саласында, ал басқалары парабанк саласында (кредит серіктестері, ломбардтар т. б. ) еңбек етуде.
Әр түрлі банк инститтуттарының қарқынды өсуін тек Қазақстан Республикасының банк секторының ырықтандырылу саясатымен байланысты стихиялық немесе жүйесіздікпен ғана түсіндіруге болмайды. Бұл үдерісті
8
реттеу берілген және кері алынған лицензиялар көрсеткіштері растайды. Сонымен, 1993-2004 жылдары банкілерден 215 лицензия, оның ішінде жұмыстағы кемшіліктері үшін - жартысына жуығы кері қайтарылынып алынды. Бұған қарамастан, егемендіктің бірінші жылдары мемлекеттік реттеудің деңгейі мүлдем жеткіліксіз болғанын ескеру керек. Ол банк жүйесін қалыптастыру мен реформалаудың осы кезеңдегі ерекшеліктеріне сәйкес болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz