Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Кіріспе
1. Зияткерлік меншіктің экономикалық мәні және маныздылығы..
1.1. Зияткерлік меншіктің түсінігі және түрлері.
1.2. Зияткерліктің меншік объектілері және оларды бағалау әдістері.
1.3. Зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжірибесі.
1.4. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншіктің эволюциясы ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері ... ... ... .
2.1. Әл.Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі зияткерлік меншіктің орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық.құқықтың механизмі ... ... ... ... ... ...
2.3. Қазақстан Республикасының меншіктік жүйесі және оны жетілдіру мәселелері..
Қорытынды ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... .
Қосымшалар

Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ.
Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін.
Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.

1. Конвенция, учреждающая ВОИС //Патентное право: Сборник
нормативно-правовых актов. - Алматы: 1996. - С.7-21.
2. Бромберг Г.В. Интеллектуальная собственность: от создания до
использования. - М.: ИНИЦ Роспатента, 2002. - 254 с.
3. Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в
переходной экономике РК //Вестник КазНУ. Серия экономическая.- 2001. -№6.-
С.176-177.
4. Шевякова А.Л. Организаңионно-экономические механизмы развития
инновационного предпринимательства в РҚ - Алматы: Дайк-Пресс,2004. - 274
с.
5. Фейгельсон В.М. Интеллектуальная собственность, недобросовестная
конкуренция и ноу-хау. - М.: ВНИИПИ, 1997. - 109 с.
6. Корчагин А.Д. Как защитить интеллектуальную собственность а России.
- М.: Инфар-М, 1995. - 336 с.
7. Козырев А.Н. Экономические проблемы ИС //ӘКО. - 1992. - №7. -
С.25-27.
8. Урузбаева Н. Человеческий капитал как ключевой фактор
индустриально-инновационного развития общества //Труд в Казахстане:
проблемы, факты, комментарии. - 2006.- №6. - С.2-5.
9. Леонтьев А.П., Корчагина З.А. Проблемы генезиса постиндустриального
общества //Вестник Московского университета. Серия 6. Әкономика. - 2001. -
№5.- С. 93-120.
10. Наука Казахстана: Статистический сборниқ- Алматы: 2007.- 60с.
11. Юрьева Т.В. Интеллектуальная сфера а предпринимательстве. - М.:
Анжил, 1994.-56с.
12. Коляда Н.И. ИС: сущность и механизмы реализаңии. - М.: Экономика,
1992.-123с.
13. Рамазанова А.А. Диалектика отношений собственности: теория,
методология и стратегические направления развития (на примере РК):
//Вестник КазНУ. Серия әкономическая.- 2004. -№7.- С.21-23.
14. Орехов А.Н. Интеллектуальная собственность как объект
философскогоисследования ////Вестник Московского университета. Серия
«Философия». - 1997. -№і.- С. 31-48.
15. Урузбаева Н.А. Интеллектуальная собственность: системный подход к
исследованию //Вестник Турана. - 2007. №1. - С.254-261.
16. Манаенкова Е.В. Формирование интеллектуальной собственности в
российской экономике: //Вестник Московского университета. Серия 6.
Экономика. - 1997. -№7.- С. 197-201.
17. Моль А. Соңиодинамикакультүры. - М.: Прогресс, 1973. - 406 с.
18. Щетинин В. Человеческий капитал и неоднөзначность его трактовки
//МӘиМО. - 2001. - №12. - С.42-49.
19. Пащонина Т.В. Влияние интеллектуальной собственности на
экономическую безопасность. - М.: Экономика, 2000. - 165 с.
20. Machlup Fritz. The Production and Distribution of Knowledge in the United States. – Princeton. NJ: Princeton University Press, 1962. - 464р.
21. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации: Учебниқ М.: 2001.-С.И0-115.
22. Дозорцев В.А. О мерах по развитию рынка интеллектуальных продуктов //Юридический мир. - 1998. - №6.- 25 с.
23. Амангельды А. Классификация объектов интеллектуальной собственности //Предприниматель и право. - 2007. - №7.- С.8-10.
24. Козырев А.Н., Макаров В.Л. Оценка стоимости нематериальных активов и интеллектуальной собственности. М.: Интерреклама. - 2003. - С.45-56.
25. Оркина Е.Интеллектуальная собственность как экономическая категория //Интеллектуальная собственность. Авторское право и смежные права. - 2006. - №7. - С.29-36.
26. Stiglits J Economics of public sector. – Norton, 2002.-102 р.
27. Мэггс П.Б., Сергеев А.П. Интеллектуальная собственность. — М.: Юрист, 2000.
28. Қазақстан Республикасы. 1991 жылгы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополист қызметті шектеу туралы» Заңы //1991 жылдың 15 маусымынан Егемен Қазақстан.
29. Қазақстан Республикасы. 1993 жылдың 5 акпанынан «Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісіңм-шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Декларациясы //1993 жылдың 6 акданынан Егемен Қазақстан
30. Қазақстан Республикасы. 1996 жылдың 10 маусымынан, №6-«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы //1996 жылдың 13маусымынан Егемен Қазақстан.
31. Қазақстан Республикасы. 1997 жылы 16 шілдесінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.- Алматы: Юрист, 1997. - 252 б.
32. Қазақстан Республикасы. 1998 жылдың 10 карашасынан «Қазақстан Республикасының әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясына (1886 жылдың 9 кыркүйегінен) қосылу туралы» Заңы //1998 жылдың 20 қарашасынан Егемен Қазақстан.
33. Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі. - Алматы: Юрист, 1999.-2926.
34. Қазақстан Республикасы. 1999 жылдың 13 шілдесінен, №422-1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы //1999 жылдың 25шілдесінен Егемен Қазақстан.
35. Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 16 шілдесінен, №427-1 «Қазақстан Республикасының Патент заңы» //1999 жылы 27 шілдесінен Егемен Қазақстан.
36. Қазақстан Республикасы. 1999 жылдың 23 шілдесінен, №451-1«Бұқаралық ақпарат құалдары туралы» Заңы //1999 жылы 27 шілдесінен Егемен Қазақстан.
37. Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 26 шілдесінен, №456-1 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің ахаулары туралы» Заңы //1999 жылы 2 тамызынан Егемен Қазакстан.
38. Қазақстан Республикасы. 2001 жылы 30 кантарнан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодексі. - Алматы: Юрист, 2001.- 2326.
39. Қазақстан Республикасы. 2006 жылдың 23 наурызынынан «Инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы //2006 жылдың 30 наурызынан Егемен Қазақстан.
40. Казақстан Республикасы. 2006 жылдың 23 желтоксанынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен «2007-2011 жылдарға Казақстан Республикасының патенттік жүйесін дамыту Бағдарламасы» //2006 жылдың 29 желтоксанынан Егемен Қазақстан.
41. Қазақстан Республикасы. 2007 жылдың 2 наурызынан «Интеллектуалдық меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы //2007 жылдың 10 наурызынан Егемен Қазақстан.
42.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ресми: 2 сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050115 – Құқық және экономика негіздері - мамандығы
Алматы 2011

Қорғауға жіберілді
Экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі:
___________
№__ хаттама ___ _____ 2011 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
050115 – Құқық және экономика негіздері мамандығы
Орындаған:
4 курс студенті
________________
Студенттің қолы
Тургымбаева А.Т.
Ғылыми жетекші:
Э.ғ.к. доцент
________________
Жетекшінің қолы
Байгісиев М.К
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе
1. Зияткерлік меншіктің экономикалық мәні және
маныздылығы ... ... ..
1.1. Зияткерлік меншіктің түсінігі және түрлері ... ... ...
1.2. Зияткерліктің меншік объектілері және оларды бағалау
әдістері ... ... ... ... ..
1.3. Зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжірибесі ... ... ... ..
1.4. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншіктің
эволюциясы ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік институтын жетілдіру
мәселелері ... ... ... .
2.1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі зияткерлік меншіктің
орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық-құқықтың
механизмі ... ... ... ... ... ...
2.3. Қазақстан Республикасының меншіктік жүйесі және оны жетілдіру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби
ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен
айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың
өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес
субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі
болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ.
Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және
жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға
немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген
жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте
жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін.
Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны
көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде
көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол
жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы
мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.
Ұйымның өмірлік циклының түрлі сатыларына зияткерлік меншік көптеген
мүмкіншіліктерге жол ашады. Ол ұйымның бастапқы қызметі үшін немесе тіпті
түгел сала үшін негіз(бастапқы капитал)құра алады. Сонымен қатар,зияткерлік
меншік дамушы ұйымдарға жаңа тауарларды немесе қызметтерді ұсына алады, ал
дамыған салалардың олардың бәсеке артықшылықтарының негізін құрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына
жолдауында мемлекеттің,ұлттың және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мақсатын алға қояды. Бұл үдерісте негізгі рөлді біздің
мемлекетімізде құрылған зияткерлік меншіктің бәсекеге қабілеттілігін, оның
коммерциялауға даярлығы, тиімді қолдануы атқарады. Бүгінгі күні зияткерлік
меншік қоғамдық үдерістің анықтаушы факторына айналуда, ал зияткерлік
еңбектің нәтижелері қоғамның әл-ауқаттылығын қамтамасыз ететін экономикалық
айналымның негізгі объектісі болып табылады. [1]
Қазақстан зияткерлік меншік құқығы саласында дүниежүзілік стандарттардың
белгілі бір минимумына жетті десек болады. Зияткерлік меншік саласында 10
халықаралық келісімдер, 5 заңдар және 20-дан астам заңға сүйенген
нормативтік құқықтық актілер жұмыс істейді. Ұлттық құқықтық базаны
зияткерлік меншікке қатысты ҚР-ның аса мәнді келесі заңдары құрайды: 1996ж.
10маусымнан Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы; 1999ж. 16
шілдесінен (соңғы редакциясы 2007 жылдың наурызынан) Қазақстан
Республикасының патент заңы; 1999ж. 26 шілдесінен Тауар таңбалары,
көрсету таңбалары және шығарылған жерлердің атаулары туралы; 1999ж. 13
маусымынан Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы; 2001ж. 29 маусымынан
Интегралды микротәсілдер топологиясын құқықтық қорғау туралы. Бұл
заңдардың дамуы арқасында көптеген нормативтік құжаттар және ведомстволық
актілер өңделген.
Қорғау құжаттарымен қорғалатын жаңа технологияларды, өнертабыстарды және
өнеркәсіптік меншіктің басқа да объектілерін экономикалық айналымға
енгізуді зияткерлік – инновациялық даму қарастырады.
Зияткерлік меншік объектілерін жасайтына авторлардың шығармашылығы
мемлекеттің инновациялық дамуының анықтаушы факторлардың бірі болып
табылады. Зияткерлік әлеуеттің дамуы ғылыми жұмвстарды жүргізуді,
мамандарды дайындауды, тәжірибиемен алмасуды, лицензияларды және ноу –
хауды иеленуді, ақпараттық қамтамасыз етуді, инвестиялармен қамтамасыз етіп
қана қоймайда, ол құқықтық саланы шығармашылық қызмет саласымен
біріктіреді.
Қазақстанда зияткерлік меншік институты бірте-бірте неғұрлым нәтижелі және
талап ететіндей бола бастады. Нақтырақ айтсақ, барлық зияткерлік меншік
субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін қолдануының ақырғы
нәтижесіне деген құштарлығы мемлекет алдында тұрған мақсаттарды табысты
шешуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты-зияткерлік
меншік институтын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін
талдай отырып, бұл саланы жетілдіруге бағытталған әдістемелік және
тәжірибелік ұсыныстарды зерттеп пайымдау, оларды болашақта пайдалана білу.
Қойылған мақсатқа жету үшін диплом жұмысының құрылымының анықтайтын белгілі
бір міндеттер қойылған:
- зияткерлік меншіктің теориялық негіздерін зерттеп, менгеру:
- зияткерлік меншік объектілерінің түрлерін анықтау:
- зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжіибесін зерттеу:
- Қазақстандағы зияткерлік меншік институтын, оның ішінде ұлттық патент
жүйесін жетілдіруге ұсыныстар жасауды талаптану.
Диплом жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайындағы зияткерлік
меншік институтын жетілдіруін талдау.
Диплом жұмысы зияткерлік меншік институтын базалық қағидаларын баяндауға
арналған. Логикаға сай зерттеу жұмысы үш тараудан, жеті баптан құралған.
Бірінші тарауда зияткерлік меншіктің теориялық негіздері қаралса, екінші
тарауда ҚР – дағы зияткерлік меншіктің эволюциясы, ал үшінші тарауда ҚР
зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері зерттелген.
Диплом жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық
актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың экономика, құқық және білім
беру саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын
газеттер мен журналдар құрады.
1. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. Зияткерлік меншіктің түсініг және түрлері.
Зияткерлік меншіктің осы заманға сай түсінігі зияткерлік қызмет
нәтижелеріне деген қоғамдық көзқарастардың эволюциялық қорытындысы болып
табылады. Тарихтың соңғы 400 – 500 жылдары осыны дәлелдеп келеді.
Зияткерлік меншіктің құрылуы адам қоғамының дамуының тан сәрісінде
басталғанына қарамастан (яғни, авторлық құқық), ал оның дамуына (негізінде,
өнер кәсіптік меншіктің) ХІІ ғасырда өнеркәсіптің, ғылым мен білімнің дамуы
түрткі болды. Зияткерлік меншікті қорғаудың тұтас жүйесі ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың басында құрыла бастады.
Зияткерлік меншік терминнің өзі бірден мойындалмады: 1971 жылдың
басында өткен Францияның Құрылтай жиналысында өнертабыстар туралы заңды
талқылау кезінде өнеркәсіптік меншік термині, содан соң әдеби – көркемдік
меншік термині пайда болды. Зияткерлік меншік терминін ХVІІІ және ХІХ
ғасырларда теоретиктер де, заңгерлер мен экономистер де эпизодтық түрде
қолданды. Бірақ 1967 жылы Женвада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының
(ДИМҰ) құрылуымен бұл термин кеңінен қолданыла бастады ДИМҰ-ның құрылтай
құжаттарына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарына:
- әдеби, көркем және ғылыми туындылар;
- артисттердің, дыбыс жазудың, радио және теледидарлық арналардың
орындаушылық қызметі;
- адамдық қызметтің барлық өнертабыстары;
- ғылыми жаналықтар;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- тауарлық белгілер, қызмет ету белгілері, фирмалық атаулар және сауда
белгілері;
- әділетсіз бәсеге қарсы қорғаныс;
сонымен қатар,өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемдік қызмет аясындағы
зияткерлік қызметке қатысты басқа да құқықтар жатады.(Зияткерлік меншіктің
дүниежүзілік ұйымының 1967 жылдың 14 шілдесінде стокгольмде қабылданған
конвенциясы бойынша).
Кейін ДИМҰ қызметі аясына географиялық нұсқаулар, өсімдіктердің жаңа
сорттары және малдың тұқымдары, интегралды микросхемалар, радиобелгілер,
ақпарат базалары, домендік аттарға қатысты ерекше құқықтар қосылған
болатын. Кейде зияткерлік меншікке әділетсіз бәсеке және сауда құпиясы
туралы заңдарды қосады, бірақ олар өздерінің контрукциялары бойынша ерекше
құқықтар болып табылмайды.
Сонымен, зияткерлік меншік – тұлғаға уақытша иеленуді, тауарлық белгілерге
жұмыс істейтін куәліктерді және жұмыс істейтін патенттерді иемденуді
түсіндіреді. Зияткерлік меншік терминінің толық мазмұны көптеген арнайы
әдебиеттерде толық айқындалмаған.
Зияткерлік меншіктің субстанционалды негіздерін экономикалық категория
ретінде қарастыру күрделі, әрі мәнді мәселе. Зияткерлік меншік ұғымын
анықтау кезіндегі туындайтын қиындықтар кейбір себептерге байланысты болып
отыр. Біріншіден, экономикалық әдебиеттерде бұл мәселенің жеткіліксіз
өңделеуі; екіншіден, зияткерлік меншік ұғымының негізінде құқықтық
түсініктің басым болуы; үшіншіден, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық
қатынастарды реттейтін нормативтік және заң актілеріндегі бұл ұғымның
қалыптасуының анық еместегі және де зияткерлік меншік терминінің
өзінінің күрделігінен және көп қырлығынан болса керек.
Зияткерлік меншіктің экономикалық талдауы мазмұнының негізгі алғы шарттары
келесідей:
1. Зияткерлік қызмет саласында орын алатын экономикалық қатынастар меншік
қатынастарының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;
2. Зияткерлік меншік қатынастары жай өз бетімен алынған қатынастар ғана
емес, сонымен қатар, зияткерлік қызмет объектілерін иелену қатынастары
болып табылады.
3. Зияткерлік меншіктің субстанционалды белгілері оның объектілеріне
қарай ерекшеленеді.
Бромберг Г. В. Былай деп белгілейді: Зияткерлік меншік тек зияткерлік
шығармашылық қызметтің нәтижелерінің өзі ғана емес, жасалған өнертабыстың
пәндік елестеуі түріндегі шығармашылық қызмет нәтижесін қолданудың ерекше
құқығы немесе нәтижесінде туындыны қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кез
келген нысанда жасалаған көркем туындының көшірмесі [2, 20 б.]
Қазақстандық экономикалық ғылымда зияткерлік меншік ұғымы көбінесе
зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерциялау контекстінде қарастырылады[3,89
б.; 4,17 б.]. Бұл авторлар зияткерлік меншік категориясын құқықтық
резервте қарастырып, инновациялық қызметпен байланыстырады. Мысалы,
Купешова С. Т. Бойынша зияткерлік меншік инновациялық қызмет
нәтижелеріндегі авторлық құқықтардың жиынтығы болып табылады. Соңғысы
түсінікті болып тұр [3, 89 б.]. Дамудың индустриалды-инновациялық үлгісіне
көшу Қазақстан үшін өзекті мәселе екенін ескеретін болсақ, әрине, отандық
авторлар зияткерлік меншікті инновациялық қызмет констекстінде қарастыра
отырып, өз назарларын нақ осы мәселеге аударады. Сонымен қатар, бұл
анықтаманың да кемшіліктері бар.
Біріншіден, зияткерлік меншік бұл жерде инновациялық қызметтің негізі
ретінде емес,керісінше, ол логика және құқықтық нормаларға сай келмей тұр.
Яғни, зияткерлік қызметтің нәтижелерін өндіріске енгізгеннен кейін,
нақтырақ айтсақ, олар инновациялық статусқа ие болған соң ғана меншіктің
объектілері болады. Екіншіден, автор зияткерлік меншікті авторлық құқыққа
теңестіреді. Соған қарамастан, объектілері патенттік құқықпен қорғалатын
өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншік құрамына кіретіні белгілі.
Зияткерлік меншік ұғымының негізінде құқықтық түсініктің басым болуын тек
қазақстандық авторлардың авторлардың еңбектерінде ғана емес, сонымен қатар
шетел авторлардың еңбектерінде де кездестіруге болады. Мысалы, ресейлік
зерттеуші Фейгельсон В. М. Зияткерлік меншікке келесідей анықтама береді:
Зияткерлік меншік – бұл жасаушысына(авторына) ресми түрде берілген
құжаттар немесе куәліктер ( өнеркәсіптік меншік) арқылы немесе авторлық
құқықтық анықталған нормалар арқылы қорғалатын ерекше құқықтар арқылы
берілген зерделі (зияткерлік) қызметтің материалды айқын нәтижесі[5,8 б.].
Ал Корчагов А.Д. бойынша: Зияткерлік меншік субъектіге (құқықтық
иеленушіге) объектіні шаруашылық айналымына енгізуге мүмкіндік
беретінабсолютті құқықты қалыптастырады[6,4 б.]
Экономикалық мазмұнның құқықтық құбылысқа ауысуын басқа авторлардың
еңбектерінде де көруге болады. Мысалы, Козырев А. Н. энциклопедиялық
сөздіктерге сүйене отырып: ... Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметке
қатысты авторлық және басқа да құқықтарды қамтитын құқықтық түсінік дейді
[7, 12 б.].
Кокурина Д. И. Зияткерлік меншік ұғымына келесідей анықтаманы ұсынады:
Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметтің және меншік иесіне табыс
әкелетін оның нәтижесі субъектісінің зияткерлік қабілеттерінің
бірлігі...[8, 269 б.].
Зияткерлік меншік ұғымы экономикадағы атқаратын рөлі мен тікелей
байланысты. Мысалы, ресейлік авторлар: Зияткерлік меншік- бұл
технологияларды тапсыру шарты және өнеркәсіптегі ғылыми қызметтің
нәтижелеріне деген бұл сұраныстың нәтижесі деп белгілейді [9, 116 б.].
Зияткерлік меншік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
маңызды стратегиялық ресурс болып табылады [10, 42 б.].
Зияткерлік меншік кәсіпорынның ауқымы кең экономикалық мақсаттарын шешетін
көп функционалды құрал болып табылады. Онын максималды қолдану арқылы
кәсіпорындар маңызды бәсекелік артықшылықтарға және көрнекті қаржылық
нәтижелерге ие бола алады[10, 42 б.].
Жоғарыдағы келтірілген анықтамалар белгілі бір дәрежеде зияткерлік
меншіктің мазмұнын кедейлендіреді десек те болады. Алайда, зияткерлік
меншіктің функционалды мәселесіне көбірек назар аудару- бұл жағдайдын
жағымды жағы болып отыр.
Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде де, құқықтық әдебиеттерде де
зияткерлік меншіктің негізін тоғысу категориясы ретінде қарастырыла
бастады.Бұл жерде зерттеушілердің индустриалы- инновациялық қызметтегі
белсенді даму үстінде үднрістер жағдайында зияткерлік меншік феноменінің
маңыздылығын ұғынуы түрткі болғаны айқын.
Олардың кейбіреулерін қарастырайық: Меншік – иелікті,рұқсатты шектеуді,
біреуге тапсыруды, бақылауды және жауапкершілікті анықтайтын өзің иелік
ететін ерекше құқықтарға ие болу. Бұл қатынас зияткерік меншікке қатысты,
бірақ олардың орындалуы белгілі бір ерекшеліктерге байланысты. Яғни,
зияткерлік меншік объектілері көбінесе тапсырылмайды, тек беріледі.
Сонымен, олар иелерін ауыстырып қана қоймайды, материалды игілік сияқты
санын ұлғайтады [11,8 б.].
Кең мағынада зияткерлік меншік – бұл зияткерлік өнімге баланысты адамдар
арасындағы қарым-қатынастар және жасалған ақпарат пен адамның ішкі рухани
дүниесін қорғау... ал тар мағынада, зияткерлік меншік деп, зияткерлік еңбек
өніміндегі құқық және адамның еркін қоғамдық қызметі [12,490 б.].
Зияткерлік меншікті экономикалық категория ретінде негіздеу үшін біз
бірнеше белгілерді қолдануымыз қажет. Бұл зияткерлік меншік түсінігінің көп
қырлылығымен және біздің зияткерлік меншік ұғымын жүйе ретінде
қолдануымызбен түсіндіріледі.
Кейбір қазақстандық авторлар негізгі белгілері ретінде келесілерді бөліп
көрсетеді[13,21 б.]:
- иелену, себебі, өндірістік үдеріс әрқашан бір субъектілерді
игіліктерін иеленумен және басқалардан тәркіленуімен байланысты;
- адамдардың игілік жөнінде қарым-қатынастары (субъектінің субъектіге);
- адамдардың игілікке деген қарым-қатынастары (субъектінің объектіге).
Шын мәндісінде, соңғы белгі бізге таза күйінде зияткерлік меншікке
неғұрлым барабар құқықтық бағалауды беріп отыр.
Біріншіден, субъектілердің зияткерлік қызметінің нәтижелеріне және
құралдарына деген қатынасы инновациялық қызметтің шарты болып табылады.
Екіншіден, зияткерлік меншік объектілеріне деген меншік иелері мен үшінші
жақтардың қатынастары зияткерлік меншік институтының цивилизациялық
деңгейін және индустриалды-инновациялық саланың дәрежесін сипаттайды.
Үшіншіден, жеке тұлғлардың зияткерлік меншік объектілеріне деген
қатынастары иелену мәдениетінің даму деңгейін және инновациялық
мәдениеттің деңгейін сипаттайды.
Сонымен, зияткерлік меншік зияткерлік еңбек нәтижелерін және құралдарын
иелену, басқару және пайдалану жөніндегі әлеуметтік - экономикалық және
құқықтық қатынастарды көрсетеді.
Қазіргі инновациялық экономика жағдайында зияткерлік меншік меншіктің
негізгі түріне айналуда, себебі, өндірісте білімді, инновациялық және
шығармашылық қабілеттерді қолдану инновациялық және экономикалық өсудің
шешуші факторы болып табылады.
Сонымен қатар, зияткерлік өнімге меншік – ақиқаттың түпкі мәніндегі
экономикалық құбылыс емес, экономикалық және құқықтық қатынастардың
күрделі және белсенді даму үстіндегі жүйесі.
Орехов А.Н зияткерлік меншікті келесідей түрлерге бөледі [14,47]:
1. Субъектілі – жалпыға белгілізияткерлік меншік дәл сол уақытта тек
жеке субъектіге ғана емес, сонымен қатар басқа адамдарға да (барлығына
немесе кейбіреулеріне ғана) белгілі болатын білімге меншік;меншік
субъектісінің санасындағы білім. Мысалы, оқушының ойындағы химиялық
формула зияткерлік меншіктің осы түрі болып табылады. Бұл формула
басқа оқушыларға да, мұғалімге де белгілі.
2. Субъектілі – жаңадан ашылған зияткерлік меншік – дәл сол уақытта
ешкімге белгісіз, тек бір субъектінің санасында болатын білімге
меншік. Мысалы, Менделеев Д.И.-дің химиялық элементтер кестесінің
ашылуы субъектілі – жаңадан ашылған зияткерлік меншік болып табылады.
Себебі, дәл сол уақытта ол туралы әзірге ешкім білмеген.
3. Объектілі – жалпыға белгілі зияткерлік меншік – дәл сол уақытта жаңа
субъектілерге белгілі, сонымен бірге олардың саналарынан тыс бір
заттық қорапта бар болатын білімге меншік. Мысалы, кітапта, мектептік
дәптерде және т.б. жазылған химиялық формула.
4. Объектілі – жаңадан ашылған зияткерлік меншік – дәл сол уақытта әлі
ешкімге белгісіз (бір субъектіден басқа), бірақ затқа айналған, бұл
меншіктің субъект-генератордың санасынан тыс болатын білімге меншік.
Мысалы, әдеби туындының қол жазбасы және т.б.
Меншіктің бұл түрлері бір – бірімен өзара әрекеттеседі, бір күйден
(затқа айналмаған) екінші күйге (затқа айналған) және керсінше
ауысып отырады. Бұдан келесідей қорытынды шығаруға болады:
зияткерлік меншікті түрлерге бөлу шарттық жағдай және уақыттық
факторға байланысты болып келеді.
Н.А. Ореховтан кейін Урузбаева Н.А. зияткерлік меншіктің негізгі екі
түрін көрсетті: субъектілі және объектілі. Субъектілі зияткерлік
меншік объектіліге қарағанда, сол уақытта субъектінің иелігінде және
белгілі бір күймен байланыста болатын білімдерді ұсынады [15,106
б.]. Бірақ, Манаенкова Е.В. зияткелік меншікті заттық меншікпен
салыстыру арқылы зияткерлік меншік ұғымына анықтама береді. Заттық
меншікте субъектілі және объектілі меншіктерді бір жиынтыққа
біріктіруге болмайтын екі түрлі зат, материя (дене және сыртқы
заттар) болып табылса, зияткерлік меншікте бұндай бөліну жоқ.
Сақтаушының маңыздылығына қарай (интеллект немесе заттық субстрат)
бір білім субъектілі және объектілі зияткерлік меншік ретінде
кездесе береді [16,20 б].
Ал Урузбаева Н.А.-ның ойынша, зияткерлік меншіктің тағы бір ерекше
түрін бөліп көрсетуге болады – ақпараттық зияткерлік меншік. Себебі,
зияткерлік меншік қатынастары элементарлы ақпараттық айырбаста
белгілі бір орынды иемденеді. Ол экономикалық өндірісте жасалған
және айырбас мақсатымен құрылған ақпарат болуы керек. Кез келген
субъектіні белгілі бір ақпарат қызықтырған кезде ғана және бұл
ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынастардың объектісіне айнала
бастағанда, иелену қатынастары, яғни зияткерлік меншік
қалыптасады.[15, 107 б.].
Шетел және отандық заңнамаларда зияткелік меншіктің келесідей
түрлері кездеседі:
- Авторлық құқық. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын
жасаумен және қолдануымен байланысты пайда болатын қатынастарды
реттейді. Авторлық құқық түпкі негізінде қандай да объективті түрде
болатын шығармашылық қызметтің өзіндік нәтижесін білдіретін туынды
ұғымы жатыр. Айтудың нақ осы объективті түрі авторлық құқықта қорғау
заты болып табылады. Авторлық құқық идеяларға, әдістерге, үдерістерге,
жүйелерге, тәсілдерге, концепцияларға, қағидаларға, жаңалықтарға,
фактілерге таралмайды.
Авторлық құқықтың объектісі тек шығарма ғана емес, сонымен қатар
шығармашылық нәтиже болып табылатын өздігінен қолданыла алатын соның
бір бөлігі де бола алады. Авторлық құқықтың ғылыми көзқарасына сәйкес
авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, тек нысанын ғана қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі
мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып
табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
- Сабақтас құқықтар. XX ғасырдың екінші жартысында – XXI ғасырдың
басында шығармашылығы жеткіліксіз болып табылатын қызмет түрлері үшін
және олардың нәтижелеріне авторлық құықты таратуға болатындай авторлық
құқық үлгісі бойынша ерекше құқықтардың тобы құрылған. Сабақтас
құқықтардың мазмұны әр түрлі елдерде ерекшеленеді. Музыкант
–орындаушылардың, фонограммаларды әзірлеушілердің , эфирден хабарлау
ұйымдарының ерекше құқықтары сабақтас құқықтың ең көп таралған
үлгілері болып табылады.
Сабақтас құқықтар – кейбір жағдайларда авторлық құқықпен ұқсастығы бар
құқық. Бұқара халыққа қол жетімді туындыларды жасауға жағдай жасайтын
жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау сабақтас құқықтардың
мақсаты болып табылады (мысалы, бұқара халық үшін белгілі бір
композитордың туындысын орындайтын әнші немесе музыкант). Сабақтас
құқықтардың жалпы мақсаты – кең халыққа туындыны жеткізу барысында
маңызды шығармашылық, техникалық немесе ұйымдық шеберлікті енгізетін
тұлғалардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау.
Кейде сабақтас құықтар авторлық құқықпен қорғалмайтын туындылармен
байланысты. Мысалы, игілігі жалпыға бірдей болатын туындылар. Мәселен,
Бетховеннің фортепьяналық концерті құқық иеленушіге лицензиялық
шегерімсіз концерт залында орындалуы немесе компакт-дискіге жазылуы
мүмкін. Себебі, Бетховен 1827 жылы қайтыс болған, сондықтан оның
туындылары жалпыға ортақ игілік ( сонымен қатар, авторлық құқықпен
қорғалмайды ) болып табылады. Бірақ, бұндай концерт
орындаушысы(пианист және оркестр) және концерт жазылған компакт-диск
өндірушісі концертті орындауына немесе жазып алуына қарай сабақтас
құқықтарды қолданады. Яғни, орындаушылардың рұқсатынсыз ешкімнің де
бұндай концертті жазып алу құқығы жоқ. Сонымен қатар, бұл
фортепьяналық концерттің фонограммалық көшірмелерін жасауға да дыбыс
жазу өндірушінің рұқсатынсыз ешкімнің құқығы жоқ.
- Тауарлық белгілер. Тауарлық белгі- заңды тұлғалардың немесе жеке
кәсіпкерлердің тауарларын жекешелендіруіне арналған белгі (ауызша,
бейнелеу,аралас немесе т.б.). Тауарлық белгілерге құқықтар- тауарлар
мен қызметтерді жекелеу үшін қызмет ететін белгілерді (ауызша,
бейнелеу, аралас немесе т.б.) қорғайтын нормалар жүйесі. Ерекше құқық
қажетті куәлігі бар тауарлық белгіге ғана заң бойынша беріледі.
Тауарлық белгінің құқық иеленушісі оны қолдануға және басқа тұлғаларға
пайдалануға тыйым салуға құқығы бар. Тауарлық белгіні заңсыз қолдану
азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
- Өнеркәсіптік үлгілер. Өнеркәсіптік үлгі ретінде сырт пішінін
анықтайтын өнеркәсіптік немесе қол өнер өндірісіндегі бұйымның жаңа
және өзіндік көркем- конструкторлық шешімі қорғала алады. Өнеркәсіптік
үлгілерге құқықтар авторлық және патенттік құқық арасындағы аралық
нысан болып келеді. Оларды қорғау нысаны әр елдерде әртүрлі болуы
мүмкін.
- Патенттік құқық. Патенттік құқық- патенттерді беру арқылы өнер
табыстарды қорғауды және өнеркәсіптік үлгілерді анықтайтын нормалар
жүйесі.
Патенттік құқық объектілерге келесілер жатады:
- Өнертабыс. Өнертабыс ретінде өнімге (негізінде, құрылғыға, затқа,
өсімдіктердің немесе малдың жасушаларының мәдениетіне) немесе тәсілге
(материалдық құралдар көмегімен материалдық объектіге іс әрекеттерді
жүзеге асыру үрдісіне) қатысты техникалық шешім қорғалады. Егер
өнертабыс жаңа болса, оның өнертабыстылық деңгейі бар болса және
өнеркәсіптік мақсатта қолданылса, онда ол өнертабыс заң арқылы
қорғалады.
- Пайдалы модель. Пайдалы модель ретінде құрылғыға қатысты техникалық
шешім қорғалады. Жаңашылдық және өнеркәсіпте қолдану пайдалы модельдің
патенттік қабілеттілік шарттары болып табылады. Пайдалы модельдер үшін
өнертабыстылық деңгейін заңнама талап етпейді.
- Өнеркәсіптік үлгі. Өнеркәсіптік үлгі ретінде сырт пішінің анықтайтын
өнеркәсіптік немесе қолөнер өндірістегі бұйымның көркем-
конструкторлық шешімі қорғалады. Өнеркәсіптік үлгі өнер табыстан
немесе пайдалы модельден мейлінше ерекшеленеді, ол негізінен авторлық
құқық объектілеріне ұқсас болып келеді.
Бүкіл дүниежүзіндегі барлық патенттік жүйе өнертабысты, пайдалы
модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау мәселелерімен айналысады.
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер патенттік
заңнама бойынша өнеркәсіптік меншік объектілері деген жалпы ұғыммен
түсіндіріледі.
- Коммерциялық құпиялар құқығы. Коммерциялыққұпиялар құқығы- бәсекелес
тұлғаларды жеңу үшін кәсіпкерлікте қолданылатын формулалар, үдерістер,
өңдеулер, құралдар немесе ақпарат жинақтарын қорғауды анықтайтын
номалар жүйесі. Бұл қорғау әдетте ең әлсіз және пайдалануға айрықша
құқықтарды бермейді. Коммерциялық құпиялар жиі әділетсіз бәсеке туралы
заңдармен қорғалады. Мысалы, мұндай заңдар өнеркәсіптік шпионажға тиым
сала алады.
- Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау. Өсімдіктердің жаңа сорттарына
және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық(селекциялық жетістіктер)
патент берілген жағдайда қорғалады.
Өсімдік шаруашылығында жасаны жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған
және оны қолда бар өсімдіктер сорттарынан ерекшелендіретін бір немесе
бірнеше шаруашылық белгілері бар өсімдік сорты селекциялық жетістік
деп танылады.
Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегі
жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкіндік беретін генеологиялық
құрылымы мен қасиеті бар және бір тұқым ретінде көбейту үшін сан
жағынан жеткілікті, яғни шығу тегі ортақ жануарлардың саны көп тұтас
тобы селекциялық жетістік деп танылады.
1.2Зияткерлік меншік объектілері және оларды бағалау әдістері.
Зияткерлік меншік объектілерінің шеңбері- зияткерлік меншік ұғымының
құрастырушы негізі болып табылады. Сондықтан,зияткерлік меншік
объектілерінің жіктемесі зияткерлік меншік ұғымының түсінігіне тікелей
байланысты.
Философиялық әдебиеттерде, негізінде француз зерттеушісі Моль А.-ның
еңбегінде (Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы) зияткерлік меншік
объектілері мен ақпарат арасында тығыз байланыс бар екені байқалады. Моль
белгілер әлемін (білімдер жиынтығын) негіз ретінде белгілей отырып,
зияткерлік меншік объектілерінің ақпараттық мәнін негіздеуге тырысады.
Мысалы, оның ойынша, туынды- бұл өзіндік ақпараттың элементі. Сонымен
қатар, бұл туындыларға меншікті ( яғни, зияткерлік меншікті) ол жаңа
білімдерді иелену деп анықтайды [17, 132 б.].
Зияткерлік меншік объектілерінің жүйесіне зияткерлік қызметтің нәтижелері
мен құралдары кіреді. Зияткерлік меншіктің бір объектілері (білім) бір
өндірістік үдерісте оның нәтижелері ретінде, ал басқасында оның факторлары
( құралдары ) ретінде бола алады. Осыған орай, кейбір авторлар білімді
оларды қолдану әдісіне қарай қарастырады [18, 47 б.].
Бірінші топқа кодифицияланған білімдер жатады. Олар әдетте жазылып,
символдар, формулалар, ақпараттық мәтіндер түрінде еш шығындарсыз жіберіліп
тұрады. Екінші топты адамның бойындағы білім құрайды, яғни жеке білімнің,
дағдылардың, ақпараттық мәтіндердің жиынтығы. Жиынтығында бұл білімнің
мақсатқа сай қолданылуы қоғамдық өндірістің тиімділігінің өсуіне,
сәйкесінше, белгілі бір тұлғанын ( білім иесінің ) табысының өсуіне де әсер
етеді. Бұл мәнде, олар адам капиталын құрады.
Зияткерлік меншіктің барлық объектілері үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты объектілер;
2) Өнеркәсіптік меншікке қатысты объектілер.
Болашақта зияткерлік меншіктің басқа да объектілері пайда болуы
мүмкін. Бірақ, бұған қатысты, әзірше, бірыңғай пікірлер жоқ.
Зияткерлік меншіктің жаңа объектілері өнеркәсіптік меншікке (белгілі
бір шарттарды ескере отырып) жатқызылуы мүмкін. Себебі, олар ғылыми-
техникалық және өндірістік салаларда (ғылымда, өнеркәсіпте,
ауылшаруашылығында), яғни инновациялық қызметпен байланысты салаларда
пайда болып, қолданылады. Қарастырып отырған объектілерді
(компьютерлік бағдарламаларды, интегралды микрожүйелерді,
репрографияларды, биотехнологияларды және т.б.) экономиканың түрлі
салаларында өнеокәсіптік қолданылуы олардың негізгі ерекшелігі болып
табылады. Сонымен қатар, зияткерлік еңбектің бір нәтижесі бір уақытта
авторлық құқықтың да, өнеркәсіптік меншіктің де объектісі бола алады.
Мысалы, ғалымның басында туған ой өнертабыс ретінде де, қол жазба
түрінде де (диссертациялар, мақалалар, және т.б.) болуы мүмкін.
Өнеркәсіптік меншіктің объектісі ретінденоу-хауды қарастыруға болады.
Ноу-хау құқықтық тұрғыдан қорғалмайды және оған қорғалатын құжаттар
берілмейді. Егер ноу-хау коммерциялық құпия статусын иеленіп, жазып
алушылардан сенімді түрде қорғалса, онда ноу-хау коммерциялық ақпарат
ретінде өте құнды болып саналады.
Өнеркәсіптік меншік объектілері өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
- зияткерлік қызмет нәтижелері;
- азаматтық құқық айналымының, таурлардың, жұмыстар мен қызметтердің
қатысушыларын жекелеу құралдары[19, 53 б.].
Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, тауарлық белгілерді, ноу-хауды
өнеркәсіптік меншік объектілерінің тобына біріктіру индустриалды
салада қолану тұрғысынан ғана дұрыс деп есептелмейді. Бұл объектілер
негізінде материалды емес активтерге қатысты болып келеді.
Махлуп Фритз зияткерлік меншік объектілерін философиялық тұрғыда
жіктейді. Ол білімнің қоғам үшін маңыздылығының тұрақтылығын негізгі
белгі ретінде қарастырады [20, 47б.].
Зияткерлік меншік объектілерінің бірінші тобына тұрақты (ұзақ уақытты)
мәні барларды жатқызады. Мысалы, көбейту кестесі.
Ал екінші топқп мәні бойынша ұзақ уақытты емес меншік объектілерін
жатқызады. Мысалы, кез келген өндірістік технологияларға қатысты
жобалар және сызбалар.
Сергеев А. П. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтың сәйкес
саласындағы институттарына жатқызылуына қарай келесідей жіктейді [21,
110 б.]:
- Авторлық құқықтың объектілері ( ғылым, әдебиет және өнер туындылары,
ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және ақпараттық базалары );
- Сабақтас құқықтардың объектілері (орындаулар, фонограммалар, эфирлі
және кабельді хабарламаларды жүргізетін ұйымдардың хабарлары);
- Патенттік құқық объектілері (өнертабыстар, пайдалы модельдер және
өнеркәсіптік үлгілер);
- Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары(фирмалық атаулар, тауарлық
белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлар шығарылатын жерлердің
атаулары);
- Дәстүрлі емес зияткерлік меншік объектілері (интегралдық микросызба
топологиялары, селекциялық жетістіктері).
Дозорцев В. А. Зияткерлік меншік объектілерін шығармашылықтың өнімі
болып табылмайтын деп, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды,
жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру қызметін атқаратын
шығармашылық қызметтің нәтижелері және зияткерлік қызметтің нәтижелері
деп жіктейді (мысалы, фирмалық атаулар, тауарлар шығарылатын жерлердің
атаулары, тауарлық белгілер)[22, 25 б.].
Манаенкова Е. В. Зияткерлік меншік объектілерін субъектіден бөліну
жағынан қарастырады: қоғамда білім және тәжірибе мәтіндер нысанында,
мамандардан жатырқау (артикуляцияланған білім) және
жатырқамау(артикулияцияланбаған білім) түрінде болуы мүмкін.
Артикуляцияланбаған білімнің мазмұны маман санасында болып, білім
қорытпасынан, іскерліктен және ойлау операцияларын жүргізу дағдыларын,
сонымен қатар ол ойды сақтаушысының ойлау ерекшеліктерінен тұрады.
Бұл жерде артикуляциялану белгісіне байланысты зияткерлік меншік
объектілері туралы, олардың дифференциациясы туралы айтылып отыр.
Бірақ бұл зияткерлік еңбек нәтижелері мәтіндер, ғылыми есептер,
сонымен қатар дыбыс жазулары, бейнематериалдар және т.б. түрде қызмет
ете ма немесе ол жеке тұлғаның санасында бола ма деген сұрақ туады.
Нәтижесінде олар бәрі бір білім болып табылады[16, 21б.].
Біздің жағдайда, меншік қатынастары артикуляцияланған білімдерде
түрленеді. Тек заттық нысанадағы объектілер ғана (артикуляцияланбаған
білім) зияткерлік меншік объектілері болатыны белгілі.
Артикуляцияланбаған білім иесі басқа мамандармен белгілі бір қарым-
қатынаста болғанда артикуляцияланбаған білімді қолдана алады. Мұнда
тар кәсіби шеңбердегі иелену қатынастары іске асады, сондықтан
артикуляцияланбаған білім – зияткерлік меншіктің , нақтырақ айтсақ,
жеке зияткерлік меншіктің объектісі [16, 22б.].
Экономикалық тұрғыда, өндірістік үдерісте зияткерлік меншік
объектілерінің қатысуы негізінде олардың жіктелуін келесідей көрсетуге
болады:
- жеке тұтынуға арналған зияткерлік меншік объектілері (кітаптар,
суреттер, ән туындалары және т.б.);
- өндірістік туындыға арналған зияткерлік меншік объектілері(
технологиялық үдерістердің кестелері мен жобалары, кәсіби білімдер,
сызбалар және т.б.).
Соңғысы индустриалды-инновациялық саласы үшін қызықты тақырып болып
отыр. Бұл жерде олардың өндірістік ресурс ретінде қолданылуы жүзеге
асады. Жүйе құрушы белгілі экономикалық әдебиеттерде құқықтық тұрғыда
құқықтық қорғану болып табылса да, зияткерлік меншік объектілерін
жүйелеуден ерекшеленеді. Бұған мысал ретінде Юрьева Т. В.-ның
жіктемесін қарастыруға болады. Ол зияткерлік меншік объектілерін үш
топқа бөлуді ұсынып отыр:
1. Құқықтық қорғалған зияткерлік меншік объектілері.
2. Белгілі бір заңды тұлғаға, ұжымға тіркеле алмайтын зияткерлік меншік
объектілері. Мысалы, белгілі бір субъектінің өзінің мамандығы бойынша
білімі. Сондықтан, бұл объектілерді тұлғалардың неғұрлым кең шеңберге
шығаруы меншік құқығынан шығатын айрықша құқықтармен реттелмейді. Бұл
жағдайда, ақпарат пен білімнің үлкен тасқыны қоғамның меншігіне өтіп,
ұлттық байлықтың көлемін ұлғайтады.
3. Басқа тұлғалардың ұқсас немесе жақын өнімдерді жасау мүмкіншілігінің
бар болуына байланысты патенттерімен, лицензияларымен және т.б.
тіркеле алмайтын зияткерлік меншік объектілерін. Оларды жасаушылар
меншік иесі болғанымен де, оларға қатысты толық құқықтарға ие бола
алмайды. Мысалы, кез келген нарықтын есеп нысанында жасалған
маркетингтік зерттеулер нәтижелері бұл нарықта зерттеулер жүргізетін
түрлі фирмалар арқылы бір уақытта алынуы мүмкін.
Бұл жіктемеде құқықтық және экономикалық тұрғыда қарастыру әрекеті
жасалған. Дегенмен, құқықтық белгілері бәрі бір басым болып келеді.
Урузбаева Н. А. Инновациялық қызметті жүзеге асыру деңгейіне қарай
зияткерлік меншік объектілерін келесідей жіктейді[15, 109-111
б.](Қосымша А):
- Инновация ретінде тура қолданылатын зияткерлік меншік объектілері (
нақты материалдық қабыққа айналған өнеркәсіптік меншік объектілері,
олар иелерінің жеке меншігінде қолданыс табады);
- Авторлық және сабақтас құқықтардың кейбір объектілері ( өздерінің
иелерінің жеке индустриясында қолданыс табатын ән, көркем және т.б.
туындылар );
- Инновация ретінде жаңама қолданылатын зияткерлік меншік объектілері (
басқа шаруашылық етуші субъектілердің қолдануына құқық берілген соң
инновация ретінде қолданыс табатын өнеркәсіптік меншік объектілері);
басқа субъектілерге қолдану құқықтарын жүзеге асырған соң қолданыс
табатын авторлық және сабақтас құқықтардың кейбір объектілері (
мысалы, компьютерлерге арналған музыкалық бет басылар және т.б.);
- Инновация ретінде қолданылмайтын зияткерлік меншік объектілері (
авторлық және сабақтас құқықтар артықшыланады, жеке қолданысқа
пайдаланылатын өнеркәсіптік меншіктің кейбір объектілер немесе қоғам
талап етпеген объектілер ).
Татиева М. М. зияткерлік меншік объектілерінің жіктемесін келесі сызба
бойынша көрсетеді ( Қосымша Ә )[ 16, 22 б.].
Амангельды А. кез келген объектіні және оның масштабын құруда
шығармашылық элементтің бар- жоғына қарай зияткерлік меншік
объектілерінің келесідей жіктемесін ұсынады [ 23, 9-10 б.]:
- шығармашылық элементі бар объектілер ( ғылым, әдебиет және өнер
туындылары, ЭЕМ- ге арналған бағдармалар және ақпарат базалары,
өнертабыстар, пайдалы модельдержәне өнеркәсіптік үлгілер, интегралдық
микро сызба топологиялары, селекциялық жетістіктер );
- шығармашылық элементі бар, бірақ аз дәрежедегі объектілер ( орындаулар
);
- Өздерінің құқықтық режимдері бойынша шығармашылық қызмет объектілеріне
теңестірілген объектілер азаматтық айналымға қатысушыларды,
тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру
құралдары ( фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету
белгілері, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары), эфирлік және
кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары,
фонограммалары мен хабарлары).
Бірінші топтағы объектілер зияткерлік меншіктің нағыз объектілері
болып табылады. Ал қалған екі топ кейін пайда болды. Олар белгілі бір
шарттық бөлігі бар зияткерлік меншіктің категориясына кіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зияткерлік меншік
объектілеріне [ 24, б.]:
1) зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
2) азматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет
көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы,
қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
4) селекциялық жетістіктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары(ноу-хау);
7) заң актілерінде көзделген реттерде зияткерлік шығармашылық қызметтің
бақа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет
көрсетулерді дараландыру құралдарына [23, 11б.]:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгілер( қызмет көрсету белгілері);
3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары ( шығатын жерін көрсету);
4) заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың,
тауарлар мен қызмет көрсетудің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Кез келген меншік сияқты зияткерлік меншіктің де құны болады.
Технологияның тиімді нарығының ( көптеген сатушылар мен сатып алушылар
және құн туралы ақпаратқа еркін жету) болмауынан белгілі бір
технологияның құнын анықтау қиын. Зияткерлік меншік объектілерін
бағалау түрлі мақсаттарға байланысты болып келеді.
Біріншіден, зияткерлік меншік объектілерін бағалау өңдеудің
авторларына берілетін сыйақылардың мөлшерін және осы объектінің
қолдануының экономикалық әсерін анықтау ( осыдан, авторларға төлемдер
төленеді ) үшін қажет.
Екіншіден, зияткерлік меншік объектілері кәсіпорынның жарғылық
капиталына қосыла алады.
Үшіншіден, лицензиялық келісім- шарттарды жасаған кезде лицензияның
бағасын анықтау қажет, ол үшін оны бағалау керек.
Төртіншіден, кепіл операцияларын өткізу және мүлікті сақтандыру
кезінде бағалау жүргізіледі.
Бесіншіден, ерекше құқықтар бұзылғанда келтірілген зиянның мөлшерін
анықтау үшін бағалауды жүргізу қажет.
Бағалауды патенттік құқық саласында және материалдық емес
активтердің бухгалтериясында тәжірибиесі бар арнайы оқытылған мамандар
жүргізеді. Бағалау қызметін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар ғана
бағалауды атқаруға құқылы.
Зияткерлік меншікті бағалау:
1. Табыс салығын азайтады.
2. Амортизациялық шегерімдердің көлемін реттейді және зияткерлік меншіктің
жаңа объектілерін сатып алуына қорлар құрады.
3. Кәсіпорынның нарықтық құнын арттырады.
4. Зияткерлік меншік объектілері түрінде жарғылық капиталға қосылған
үлесін анықтайды.
5. Кәсіпорынның барлық активтерінің есебін қамтамасыз етеді.
6. Активтердің арақатынасын ықшамдайды.
7. Зияткерлік меншік объектілерін сату- сатып алу кезіндегі олардың құнын
анықтайды
8. Кәсіпорынның иелігіндегі зияткерлік меншік объектілерінің заңсыз
қолдану жөнініндегі келтірілген зиянның мөлшерін немесе өтемділік
мөлшерін анықтайды.
9. Кәсіпорынның қайта ұйымдастыру, жойылуы немесе банкротқа ұшуы кезіндегі
зияткерлік меншік объектілерінің құнын ескереді.
Зияткерлік меншік объектілерін бағалауға сәйкес келетін көптеген
әдістер бар. Олардың негізгілерін қарастырайық [ 24, 45 б.]:
Қалпына келтіргіш құн әдісі. Қалпына келтіргіш құн меншіктің төлеу
құнын анықтайды. Тәжірибеде зияткерлік меншіктің төлеу құны ғылыми-
зерттеушілік өңдеу құнына тең, бірақ теориялық тұрғыда олар
ерекшелінеді (өңдеу құны – бұл нақты құн, ал қалпына келтіргіш құн –
қазіргі нәтиженің жүзеге асыру құнын бағалау; бұл сандар әр түрлі болуы
мүмкін). Қалпына келтіргіш құн – ағымдағы бағалар бойынша зерттеулерге,
эксперименттерге, құжатнамаға, заңгерлердің қызметтеріне кеткен
шығындар соммасы. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына салынған әр доллардан
бірдей қайтарымдарды болжау- бұл әдістің кемшілігі болып табылады.
Бұндай жорамалдың қателігі айқын. Логикаға еретін болсақ, шығыны көп
кетпеген табысқа қарағанда қымбат құлау қымбатқа түседі деген
қорытындыға келуге болады. Бірақ, кейбір бухгалтерлер бұл модельді
көбірек қолданады, себебі қалпына келтіргіш құн тек нақты, тексерілген
ақпараттарға ғана сүйенеді.
Осы теорияны сәтсіз қолдануының бір мысалын қарастырайық.Ядролық
отындағы ұшақты өңдеу әрекеті соңғы онжылдықтағы ғылыми-зерттеу
жұмыстары арасындағы, сірә, ең қымбат құлдырау болған шығар. Қалпына
келтіргіш құн әдісіне сәйкес, бұл өңдеудің ақырғы нәтижесі
миллиардтаған доллар тұруы тиіс еді ( алайда, ешкім де ол үшін цент те
бермес еді).
Бірақ, жоғарыдағы келтірілген мысал зияткерлік меншікті қалпына
келтіргіш құн әдісі арқылы бағалау тиімсіз деген сөз емес. Бұл әдісті
өндіріс құпиясын бағалауда қолдануға болады. Өндіріс құпиясын тек кері
инжинирин немесе тәуелсіз зерттеу кезінде ғана қайта заңды аша алады.
Өндіріс құпиясының құны оны қайта ашудың құнынан аса алмағандықтан,
төлеу құны ( кері инжиниринг немесе тәуелсіз зерттеудің) өндіріс
құпиясы құнының жоғарғы шегі болып табылады.
Өз кезегінде, өндіріс құпиясының максималдық құны өндіріс құпиясымен
қорғалған ашуға негізделген патенттің минималды құнын анықтайды. Жалпы,
патенттік мәлімдеменің беру өнертабыспен байланысты өндіріс құпиясының
жоғалуына әкелетіндіктен, патенттік мәлімдемені авторы жоғалған өндіріс
құпиясына қарағанда патент қымбаттырақ тұратынына сенімді болуы тиіс (
немесе ол патенттік мәлімдемені толтырмайды). Бұл жорамал патенттің
минималды бағасын өндіріс құпиясының төлеу құны ретінде анықтайды.
Патенттің нақты бағасы, сөзсіз, жоғарырақ болуы мүмкін.
Дисконтталған табыстардың құны. Зияткерлік меншік объектілерін
дисконтталған табыстар әдісімен бағалау меншік өз табыстарын өңдейді
деген жорамалға негізделген. Егер меншік лицензияланған болса, оның
иесі өз табыстарын роялти түрінде алады. Бұл роялтидің түсу уақытын
және оның ағымдағы бағадағы соммасын анықтауға болады. Әрине, есеп
айырысу мәні тәуекел дәрежесін анықтайтын және табыстарды басқарудың
бағалы аспабы болып табылатын пайыздың қойылымға тәуелді болып келеді.
Зияткерлік меншік объектілерін дисконтталған табыстар әдісіне бағалау
тиімді болып келеді, егер оның иесі үшін табыс әкелетін тасқынынан
басқа ешқандай құны жоқ болып келеді. Егер де зияткерлік меншік иесі
осы технология нарығында бәсекелесетін болса, бұл меншікті бағалау
күрделене түседі.
Нарықтық құн әдіс. Бұл әдісті жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде
қолданған жақсы, бірақ патенттерді бағалау үшін қолдану өте қиын.
Патенттік өнертабыс бірегей, яғни бағалап жатқан патентімізге ұқсас
патентті табу мүмкін емес. Сонымен қатар, тиімді патенттер нарығы жоқ.
Ұқсас патентті тапқан өзінде, олардың соңғы бағалары туралы ақпарат
табу қиын. Сонымен, бағалаудың нарықтық құн әдісі патенттер үшін емес,
жылжымайтын мүлік үшін жақсы жұмыс істейді.
Құнды жетілдіру әдісі. Зияткерлік меншік кәсіпорыннның құнын
арттырады. Құнды жетілдіру – бұл меншікті есепке алу мен есепке алмай
есептелетін кәсіпорынның осы құндарының айырмасы (теориялық тұрғыда
қарапайым, бірақ тәжірибеде күрделі қолданылады). Келесідей жағдайды
қарастырайық. Патент иесі нарықта сатылатын өнім өндірісіне арналған
патенттелген үдерісті қолданады. Фирма бұл технологияны лицензияламайды
деп қарастырайық. Дисконтталған табыстар әдісі бойынша бұл меншіктің
құны жоқ. Егер дұрыс тұрғыдан қарайтын болсақ, технологияны қолдану
арқасында құралдарды үнемдеу сомасынтабыс деп есептеуге болады. Патент
құны (кәсіпорынның құнын жетілдіру), бұндай жағдайда, құралдарды
үнемдеуге тең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz