Microsoft Visual basic 6-ең жаңа программалау тілі


Мазмұны

Кіріспе . . . 4

I тарау. Мәліметтер қоры теориясы, модельі және объектілі бағдарлы

мәліметтер қоры.

1. 1. Мәліметтер қорының теориясы . . . 5

1. 2. Мәліметтер қорының модельдері мен иерархиялық модель . . . 7

1. 3. Обьектілі бағытталған мәліметтер қоры . . . 10

ІІ тарау. Visual Basic тілінің мәліметтер қорын оқытудың әдістемесі

2. 1. RDBMS - ң жұмыс істеу тәртібі мен құрылымы . . . 11

2. 2. Мәліметтер қорын қалыпқа келтіру . . . 15

2. 3. SQL тілі және байланысқан басқару элементтері . . . 17

2. 4. Мәліметтер қорын және енгізу формасын құру . . . 23

2. 5. Мәліметтерді басқару элементтерін бағдарламалау . . . 31

Қорытынды . . . 77

Қосымша. Электрондық оқыту құралын жасау мен пайдалану әдісі.

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . 78

Кіріспе

Кез-келген программалау тілі бұл адам жасаған жасанды тіл. Яғни берілгенді өңдеу мақсатында қандай да бір анықталған мақсатты орындау. Өңделіп, орындалатын тапсырманың ауқымдылығына қарай программалау тілі де әмбебап болу керек. Бір жағынын бұл әмбебаптылық кейбір нақты есеп, шешуге, пайдалануға жарамсыз болуы мүмкін. Әр есептің түріне сәйкес өзінің тілдері қарастырылады. Мәселен шығарылатын есептер үшін Фортран, Бейсик-ті айтуға болады. Біз осы бейсік тілінің дамыған түрі-Windows жүйесінде программалауға арналған Visual Basic программалау тілін қарастырайық.

Visual Basic - қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Q BASIC -тің ең күшті мүмкіндіктерін, оның негізгі алгоритмдік құрылымдарын және жаңаша ақпараттық-технологиялық амалды- MS Office немесе Internet Explorer сияқты ресурстарды бірлесіп пайдалану идеологиясын бойына жинақтаған, ол кәсіби программист үшін де, жаңадан үйренушіге де бірдей тартымды.

Visual Basic - тің арқасында, соңғы кезде ойыншық саналған Бейсік тілі программалау тілдерінің ең қарапайымы және ең күштісі болды. Visual Basic қысқа мерзімде Windows - қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалар жасауға мүмкіндік береді, бұл жағдай кәсіби програмистердің оны оның пайдалануын жиілетіп, оның позициясын құрастырушылар бәсекесінде күшейте түседі.

Visual Basic программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірінші түйінді сөз үйреніп, Windows - та жұмыс істеу дағдылары болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint сияқты дайын обьектілерді экранның қажетті орнына жай ғана тасымалдап отыруға болады.

Visual Basic программалау жүйесі Windows - тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бұл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Кез келген басқа объектілі бағдарламалау тілдеті тәрізді Visual Basic тілінің де мәлімметтер қорымен жұмыс істеуге бейімделген басқару элементтері бар, өз кезегінде олардың атқаратын қызыметін пайдаланушыға, яғни мектеп оқушылары мен студенттерг үйрету үшін алдымен әдістемелік оқу құралын, лабораториялық жұмыстар мен тапсырмалар жинағын жасау керек екендігі мәлім. Осы мәселені шешу мақсатында жасалынып отырған түлектік жұмысымыздың негізгі мақсаттары келесідей:

  • Visual Basic тілінің мәліметтер қорын оқытудың әдістемелік құралын ұсыну;
  • басқару элементтерінің атқаратын қызыметтерін түсіндіру, оқытып үйрету мақсатында жасалынған лабораториялық жұмыстарды тағайындап ұсыну;
  • Электрондық оқыту құралын жасау және пайдаланушыға ұсыну.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеу.

Көптеген бағдарламалардың өзегі (ең алдымен комерциялық қосымшалар) -мәліметтер қорына қатынас құру құралдары. Мәліметтер сипатына қарамастан, яғни ол тапсырыс берушілер жөніндегі мәліметтер болсын немесе фирма жабдықтары және жұмысшылары жөніндегі мәліметтер болсын, мәліметтер қоры барлық мекемелерде ең басты рөлді атқарады. Оларсыз тек өндірістік қызметті ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда жеке өмірдіде елестету мүмкін емес.

Мәліметтер қоры дегеніміз не?

Таным теориясының көз қарасынан алып қарағанда, мәліметтер қоры-болмыстың бейнесі болып табылады. Болмыс өте қиын, күрделі болғандықтан, оны сан немесе жазба түріне келтіру үшін мәліметтер қорына сыртқы өмірдің кішкене мөлшерде, ең маңызды деген ақпараттар бөлігін енгізеді. Мысалы тапсырыс берушілердің мәліметтер қоры тапсырысты орындау үшін керекті мағлұматтар, яғни мекен-жай, телефон нөмірі және т. б маңызды ақпараттардан тұрады. Әрине тек бұл болмыстың бір бөлігі ғана. Мысалы:сыртқы келбет жөнінде, биография жөнінде және тапсырыс берушінің таныстары жөнінде ақпараттар сақталмайды. Алайда, ақиқатқа мәліметтер қорындағы мәліметтер сәйкес келу талабы талап етіледі. Мысалы: клиенттің басқа қалаға көшуіне байланысты мәліметтер қорындағы мекен-жайы өзгеруі тиіс.

Жақын, туыстардың телефон нөмірін, мекен жайларын жазып жүрген кітапшаңыздың өзі-мәліметтер қоры болып саналады. Оны жазған уақыттың өзінде өзіндік бір ережелер мен постулаттарға сүйеніп жазасыз.

Мәліметтер қоры ақпараттық жүйенің негізі, оны өңдеудің объектісі болып табылады. Мәліметтер қоры дегеніміз не? Кең мағынада алып қарасақ, мәліметтер қоры - қоғамның қандай-да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мағлұматтар жиынтығы. Мысалы: металл және оны балқыту жөніндегі мәліметтер қоры (металлургия), емханалардың мәліметтер қоры (медицина), т. с. с.

Егер мәліметтер топтастырылмаса, толығымен реттеліп отырмаса, біз мәліметтер былығында қалар едік. Мәліметтерді реттеу үшін мәліметтер тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, карточкалар, энциклопедиялар және т. б. бар.

Осындай үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін компьютерде арнайы программа бар. Мұндай программалар мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін локальды (желілік) мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ - не Paradox, dbase, FoxPro, Access т. б жатады. Көпшілік қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т. б жатады.

МҚБЖ - нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

  • Мәліметтерді анықтау (data definition) - мәліметтер қорында қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда мәліметтерді тексеру форматы мен критериін беруге болады;
  • Мәліметтерді өңдеу- мәліметтерді әртүрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
  • Мәліметтерді басқару- мәліметтерді басқаруда мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қосуға болады. Сонымен қатар мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.

Бір базада орналасқан мәліметтер өзара қисынды байланысқан болуы керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір - біріне қатысының белгілері бойынша деректерді, яғни мәліметтерді біріктіру жолымен іске асырылады.

Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:

  1. Мәліметтер тәуелсіздігі - бұл принципті екі жақты анықтауға болады.

а) Мәліметтер өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған

программа өзгертілуі міндетті емес.

ә) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа басқа программадағы өзгертулерден оқшауланған болуы тиіс.

  1. Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше қайталанбауы тиіс, яғни, артық мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру.
  2. Жан - жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар қандай да бір файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады.
  3. Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер өзгертіліп және кеңейтіліп отыру мүмкіндігі бар.
  4. Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.

Мәліметтер қоры негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі.

Бірінші белгісі - сақталынған информацияның сипатына қарай мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.

Фактографиялық мәлімет қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған объектілердің қысқаша мәліметтерінен тұрады. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының мәлімет қорында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т. б. Кітаптың мәтіні мәліметтер қорында сақталмайды. Яғни, фактографиялық мәлімет қоры - картотекалар.

Құжаттық мәлімет қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиалық кең көлемдегі информациялардан тұрады. Мысалы, заңдық актілердің құжаттық мәлімет қоры заңдардың мәтінінен тұрады. яғни, құжаттық мәлімет қоры - бұл архив.

Екінші белгісі - информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтандырылған мәлімет қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген мәлімет қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және информацияның әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.

Үшінші белгісі - информацияны ұйымдастыру құрылымы бойынша мәліметтер қоры реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляциялық моделіне негізделеді. Мәліметтердің реляциялық негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады. Реляциялық мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.

Мәліметтер қорының модельдері.

Қазіргі уақытта мәліметтер қорының 3 түрі бар: иерархиялық, желілік, ре-

ляциялық.

Иерархиялық модель.

Иерархиялық модельдің негізгі қағидасы, аты атап тұрғандай, мәліметтердің иерархиялық құрылысы. Яғни, мәліметтер қорындағы әрбір жазба бірнеше ұрпақтан тұруы мүмкін, бірақ бір ғана ата-анадан таралады.

10. 1. суретінде мәліметтер қорының иерархиялық моделі көрсетілген. Жазбалардың төменнен жоғарыға қарай және жоғарыдан төменге қарай өңдей берсе болады. Бірақ қиыншылықтар тууы мүмкін. Біріншіден, бірінеше бөлімде жұмыс істейтін жұмысшылар немесе бірнеше мамандық бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар жөніндегі мәліметтерді біріктіру мүмкіншіліктері жоқ. Екіншіден, жұмысшыларды бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстырған кезде мәліметтер қорының құрылысын модификациялауға тура келеді. Сонымен қатар жаңа жұмысына да мәліметтер қорына қосу мәселесі де бар.

10. 1 сурет. Мәліметтер қорының иерархиялық моделі.

Желілік модель.

Мәліметтерді ұйымдастыруға желілік модельдің қағидасы иерархиялық модельді толықтыру болып табылады. Иерархиялық модельде бір

ғана бастамадан тұратын болса, желілік модельде бастама көп.

10. 2. мәліметтер қорының желілік модельі.

Суреттен мәліметтерге өзгерістер енгізген кезде шығындардың көп болатындығы көрініп тұр. Бұл модельдің кемшіліктеріне сақтау жадына жоғарғы талаптар қоюы және төменгі жылдықтарды жатқызуға болады.

Реляциялық модель.

Реляциялық мәліметтер қоры деп, өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған мәлімет қорын атайды. Мәліметтердің реляциялық негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр.

Реляциялық модельдерді 1970 жылы Э. Ф. Код ойлап тапқан. Жоғарыда аталып өткен модельдерге қарағанда бұл модельдің артықшылықтары зор. Ең маңызды ерекшілігі - қолдану негізіндегі қарапайымдылығы.

10. 3 Реляциялық модель.

Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.

Реляциялық модельдерді кесте түріндегі мәліметтерден-ақ тануға болады. Реляциялық модельдер қорындағы мәліметтер кесте ішінде орналасады және олар бір-бірінен баланыста болмайды. Өңдеуші кесте құрар кезде мәліметтерді мәліметтер қорынан шығарып алған кезде, сол мәліметтерді қалайша біріктіру керек екендігі жөнінде ойлану керек. Содан кейін бірнеше кестеден шыққан мәліметтерге сұраныс, қалып (форма), есеп құру мүмкіншілігі туады. Кестелер арасына байланыс орнату жолы арқылы үйлестіруді жүзеге асыруға болады.

Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады. Кестелік информациямен күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, үлгерім табелі, т. с. с.

Мәліметтер қорының реляциялық моделі төмендегідей қасиеттерге ие:

  • Кестенің әрбір элементі-мәліметтердің бір элементі.
  • Кестенің барлық бағандары бір тектес, яғни бір типті (мысалы: текст, күн-уақыт, сан, т. с. с)
  • Әрбір бағанның ерекше нақты аты бар.
  • Кестеде бірдей жолдар болмайды.
  • Кестеде жолдардың орналасу реті еркін және өрістер санымен, жазбалар санымен, берілгендер типімен анықталуы мүмкін.

Мәліметтер қорының осы моделінде мынадай әрекеттерді жүзеге асыру ыңғайлы:

  1. Мәліметтерді реттеу (мысалы: алфавит бойынша)
  2. Топтар бойынша мәліметтерді таңдау (туған күні, фамилия бойынша)
  3. Жазуларды іздеу (фамилия бойынша, т. с. с)

Кестелер арасындағы байланысты кілттік өрістердегі сәйкес келетін мәндер арасындағы қатынастар орнатады. Алайда, мәліметтер қорының көлемінің үлкеюіне байланысты реляциялық модельдің жылдамдығы төмендейді. Сол себепті нарықта қуатты есептеу жүйесі шыққаннан кейін ғана реляциялық модель өз күшіне ене бастады. Бұл модель Visual Basic-те кеңінен пайдаланылады.

Обьектілі бағытталған мәліметтер қоры.

Реляциялық мәліметтерде қажетті ақпарат бірнеше кестелердегі мәліметтерден құралады. Мысалы: 10. 3 суретте көрсетілгендей тапсырыс берушілерге есептер жазып, дайындау керек. Ол үшін тапсырыс берушілер жөніндегі кесте мен есептер туралы кестені біріктіру керек болады. Біріктіргеннен кейін ғана есепті басып шығару үшін қорытынды мәліметтерді алуға болады. Мәліметтерді сақтау алдында кестелер бөлініп кетеді де, жүктеу барысында қайтадан қосылады.

Обьектілі бағытталған мәліметтер қорында әртүрлі қатынасты мәліметтер 1 обьекті ретінде қарастырылады. Сондықтан да қолданушы кестелерді біріктіру не бөлу жөнінде ойламай-ақ қойса да болады. Бұл жұмыстардың обьектілі бағытталған мәліметтер қоры өзі орындайды.

Қазіргі кезде кеңінен таралған обьектілі бағытталған мәліметтер өте аз.

RDBMS- ың жұмыс істеу тәртібі мен құрылымы.

Мәліметтер басқару кезінде Visual Basic реляциялық мәліметтер қорын басқаратын жүйе ретінде жұмыс істейді (Relational Date Base Management System, RDBMS) . Жоғарыда атап өткендей реляциялық мәліметтер қоры көптеген кестелер жиынынан тұрады. Кестелерде алуан түрлі ақпараттық обьектілер сақталады. Мысалы: тапсырыс берушілердің тізімін енгізсек, бұл тапсырыс берушілер кестесі болады, сол сияқты тауарлар кестесі, есептер кестесі және т. б.

10. 4 Кесте құрылымы

Кортеждер, атрибуттар және атомдар.

Кесте жолдары жазба немесе кортеждер деп аталады. Бөлек бағандарды өріс немесе атрибуттар деп атайды. Жол мен бағанның қиылысын мәлімет(мән) немесе атом деп атайды.

Дәлірек айтқанда мәліметтер қорында кестенің әрбір жолы жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді. Бір жазба мәліметтер қорының бір ғана объектісі туралы информацияларынан тұрады. Жазбалар бір-бірінен өрістің түйінді (кілт) мәнімен ерекшеленеді. Мәліметтер қорының кілті деген - басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндері бар өріс (өрістердің жиынтығы) .

Өріс - мәліметтер қоры құрылымының негізгі элементі. Берілгендердің қандай типін енгізу керектігі, өріс қасиетіне тәуелді. өрістің мынадай қасиеттері бар: өріс аты, ұзындығы, подписі. Подпись - баған тақырыбында көрінетін ақпарат. Ұзындығы - өріске қанша ақпарат орналасқандығын анықтайды. Ол байтпен өлшенеді. өріс аты (имя поле) нүкте, леп белгісі, бұрышты жақшадан басқа символдардан құралады. Оның ұзындығы 64-тен аспайды және мәліметтер қорында екі өріске бірдей ат берілмейді.

Мәліметтер қорында жазуы бар әрбір өрістің типі болады. Өріс типтері:

  1. Мәтіндік тип (текстовый) . Бұл өріс ұзындығы 255 символдан аспайтын мәтін ді қамтиды. Өріс ұзындығын өріс өлшемі (размер поля) қасиетінен бекітеді.
  2. Сандық тип (числовой) . Бұл өріске сандар енгіземіз. Оның да өлшемін өріс өлшемі қасиетінен бекітеді. Сандық типтің екі түрі бар: бүтін және нақты. Нақты сандарды енгізгенде санның ондық бөлігінің өлшемі көрсетілуі тиіс
  3. Күн және уақыт типі (дата/время) . Бұл типтегі өріске күн және уақыт енгізіледі.
  4. Логикалық тип (логический) . Бұл өрістің қабылдайтын мәндері: иә немесе жоқ; 0 немесе 1; ақиқат немесе жалған.
  5. Ақшалы тип (денежный) . Ақша суммасын енгізетін өріс типі. Ондық нүктеден солға қарай 15 разряд, оңға қарай 4 разряд құрайтын сандар енгізіледі.
  6. OLE объект алаңы (поле объекта OLE) . Бұл өріс типінде суреттер, музыка, видеожазбалар сақталады.
  7. МЕМО типті өріс. Бұл өріске ұзын текст енгізіледі. Онда 65535 символ сақталады. МЕМО өрісінің ерекшелігі: мәліметтер сол өрісте емес, басқа орында сақталады.
  8. Счетчик типті өріс. Бұл өрісте жаңа жазу енгізген сайын өріс мәні бір-бірлікке автоматты түрде ауысып отырады.

Бірінші (алғашқы) кілт.

Кестеге бөлек жазба идентификациялау үшін кілт қолданылады. Бірінші кілт (Primary Key, PK) кез-келген кестеде болады. Кілт дегеніміз- кесетелердегі әрбір жазбаны анықтайтын бір немесе бірнеше өрістер. 10. 4 суретінде кестенің алғашқы кілт кестеде бір рет кездесіп тұрғаннан кейін тапсырыс берушінің фамилясы жазылған өріс бола алады. Әрине, алғашқы кілт кестеде Майер жөнінде жазба пайда болғанша әрекет жасай алады. Сондықтанда фамилия сияқты өрістер ешқашан алғашқы кілт ретінде анықталмайды. Алғашқы кілт ретінде арнайы өрістер енгізіледі. Мысалы тапсырыс берушінің немесе жұмысшылардың нөмірі. Мұндай нөмірлер тек бір рет қана меншіктеледі. Сол арқылы алғашқы кілт пен жергілікті жазба арасында қатынас пайда болады.

Сыртқы кілт.

Реляциялық мәліметтер қорында маңызды рольді тағы бір кілт алады. Оны сыртқы кілт деп атайды. Сыртқы кілт дегеніміз- басқа кестенің алғашқы кілтіне сілтейтін бір кестенің өрісі.

10. 5 Алғашқы кілтпен сыртқы кілттің байланысы

Бұл кестеде Counts кестесі мен Customers кестесі Customer Num кілтімен байланысқан. Counts кестесін алатын болсақ, онда Count Num алғашқы кілт, and ал Customer Num - сыртқы кілт болады.

Екінші кілт.

Алғашқы және сыртқы кілттермен қатар кестелерде басқа да екінші кілттер деп аталатын кілттер болады. Бұл кілттерді басқаша индекстер деп те атайды. Олар кітаптардың пәндік сілтеуіші секілді қызмет атқарады.

Кітаптан белгілі бір термин табу үшін кітап беттерін ақтармай-ақ, пәндік сілтеуішті қарап, керекті беттің нөмірі арқылы табуға болады. Егер Customers кестесінен Майер фамилиясын табу керек болса, RDBMS пәндік сілтеуіші жоқ кітап сияқты Майер фамилиясын тапқанша жазбаларды бірінен соң бірін қарап іздейді. Ал егерде Surname бағанын индекстесек, яғни нөмірлер енгізсек, RDBMS сілтеуіштер мен кесте аттарынан тұратын кесте құрады.

10. 6 Кілт бойынша іздеу үрдісі.

Кестелермен жұмыс істеген кезде, мысалы, жазбаларды қосу не жою барысында индекстерді жаңадан құру керек. Сондықтан да индексті пайдалану кезінде жұмыс баяулайды. Бұл жерде жылдамдықтың көп қажеттігі болмаса да, кестедегі көптеген өрістерді нөмірлей берген дұрыс емес. Тек қана көбіне іздеу жасайтын өрістерге ғана индекс құрған дұрыс. Біздің жағдайда Surname өрісіне индекс құрса болады. Тәжірибеге көбіне

тапсырыс берушіні нөмірі бойынша емес, фамилиясы бойынша іздейді.

Мәліметтер қорын қалыпқа келтіру

Мәліметтер қорын жоспарлау теориясы мәліметтер қорының құрылымын оптимизациялауға арналған қалыпты формалардың концепциясынан тұрады. Қалпты форма - мәліметтер қорына қолданылатын сызықтық бірізді ережелер.

Жалпы айтқанда, қалыпқа келтіру Кодтың реляциялық моделінің құрамына кірмейді. Қалыпқа келтіру (нормализациялау) - көп сатылы үрдіс, мұнда мәліметтер қорындағы кестелер ұйымдасады, бөлінеді және мәліметтер қалыпқа келтіріледі.

10. 7 Есеп үшін мәліметтер көзі

«Бір-бірге »қатынасы.

«Бір-бірге»қатынасында бір кестенің кез-келген жазбасы басқа кестенің бір жазбасына сәйкес келеді. Мысал ретінде жұмысшылар мен олардың мекен-жайлар кестесін келтіруге болады. Байланыстың бұл түрін көп

қолданбайды, өйткені мұндай мәліметтерді бір кестеге де жазса болады.

Мәліметтер қорында бұл қатынастың түрі көп кездеседі. Мұндай жағдайда бір кестенің бір жазбасы басқа кестенің бірнеше жазбасына сәйкес қойылуы мүмкін. Алайда 2-і есептің кез-келген жазбасы 1-і кестенің 1 жазбасын артық жазбаға сәйкестірілмейді.

10. 9 сурет «Бірге-көптің» қатынасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Visual Basic программалу тілі
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Visual basic-ті оқыту әдістемесі
Visual basic программалау ортасы
Visual basic туралы жалпы түсінік
VISUAL BASIC басты элементтерімен танысу
Visual basic тілінде программалау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz