Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне баулу негіздерін анықтау
Кіріспе
1.1 Сәндік қолданбалы өнердің дамуы
1.2 Технология пәнінде қолөнерді оқыту
2.1. Бағдарламға сипаттама
2.2 8.сыныптарда кілем тоқу өнерін оқытудың әдістері мен формалары
2.3 Оқу шеберханасын жабдықтау.
Қорытынды

Қазіргі заман жағдайындағы жалпы білім беруде басты мәселелердің бірі – жоғары білімді, интелектуалды елін жан жақты дамыған, еркін ойлайтын. Өз елін, жерін, халқын сүйетін, салт – дәстүрін бағалай білетін жастарды тәрбиелеу.
«Адамды адам еткен еңбек», «Еңбек – адам баласының дамуының негізгі қозғаушы» күші болып табылады. «Баланы жастан тәрбиелі» деген дана халқымыз жастарды еңбекке баулуға жас кезінен бастады. Қыздары жастайынан кесте тігіп, ой-ойып, кілем тоқиды. Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгім, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу осыл парыз саналады.
Қазіргі таңда да еңбекке баулу – маңызды шараның бірі болып табылады. Әрекеттің басты түрі – еңбекті баланың бойына сіңіру ата-аналар мен педагогогтардың міндеті. «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші еңбекке деген қызығушылық ынта, ата – ана тәрбиесімен үйде көрген іс-әрекеттермен баланың бойына дариды. Біраз та ата – аналардың бәрі-бірдей тәрбие тал бесіктен екендігін ескере бермейді.

1. Ералин Қ., Айменов Ж Қазақтың сәндік қолданбалы өнері. Оқу құралы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ баспасы. Түркістан, 2005, - 79б.
2. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ Алматы, «Қазақстан» 1997, - 96 б.
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. – Алматы. «Қазақстан» 1995, - 240б.
4. Әмірғазин Қ Қазақ қолөнері. – Алматы ТОО «Дайк – пресс», 1996. – 160 б
5. Каракулова С. Педагогика. Оқулық – Шымкент «Нұрлы бейне» 2008 ж – 268 б
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы - Алматы, 2004. – 240б.
7. Нұрғалиева А. Жалпы білім беру мектептерінің қыздарға арналған көркем және технологиялық еңбек сабағының күнтізбелік жоспары. /Еңбекке үйрету/ 2006.-№7,8
8. Орынбаев М. Көркем өнер туындыларын үйрету арқылы баланың жеке басын дамыту /Еңбекке үйрету/ 2006.-№5,6
9. Қасымбекова Г. Жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларға шиге өрнек түсіру туралы үйрету /Еңбекке үйрету/ 2006.-№1,2
10. Дайырбекова Г.Ұлттық өнер бұйымдарын жасау арқылы оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу /Білім/-Алматы 2007 №6.
11. Б.Абилқайырова Көркем өнер жасөспірімдерге ұлттық тәрбие берудің негізгі құрамы /Білім/-Алматы 2007 №4
12. Елмұратова Ұ. Оқушыларға қазақтың қолтаңбалы қол өнерінің негіздерін жаңа технология үрдісінде әсемдей білуге үйрету /Технология/ 2005 - №9
13. Шектібаева Қ.Ж. Қолөнер – тәрбие құралы /Технология/ 2009-№1
14. Томин Ш. Қол өнер – мол өнер /Еңбекке үйрету/ Алматы №1,2
15. Жолдасова Б.Б., Байкенже Н.Қ. Қазақ қолөнерінің табиғат пен байланысы /Білім/-Алматы, 2006-№6
16. Мұханова Ж.О. Қазақ халқының көркем эстетикалық құндылықтарын игеру жас ұрпақ тәрбиелеудегі орны /Білім/-Алматы, 2006-№5

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі заман жағдайындағы жалпы
білім беруде басты мәселелердің бірі – жоғары білімді, интелектуалды елін
жан жақты дамыған, еркін ойлайтын. Өз елін, жерін, халқын сүйетін, салт –
дәстүрін бағалай білетін жастарды тәрбиелеу.
Адамды адам еткен еңбек, Еңбек – адам баласының дамуының негізгі
қозғаушы күші болып табылады. Баланы жастан тәрбиелі деген дана халқымыз
жастарды еңбекке баулуға жас кезінен бастады. Қыздары жастайынан кесте
тігіп, ой-ойып, кілем тоқиды. Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгім,
қайырымды ұрпақ тәрбиелеу осыл парыз саналады.
Қазіргі таңда да еңбекке баулу – маңызды шараның бірі болып табылады.
Әрекеттің басты түрі – еңбекті баланың бойына сіңіру ата-аналар мен
педагогогтардың міндеті. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер
демекші еңбекке деген қызығушылық ынта, ата – ана тәрбиесімен үйде көрген
іс-әрекеттермен баланың бойына дариды. Біраз та ата – аналардың бәрі-бірдей
тәрбие тал бесіктен екендігін ескере бермейді. Баланы жастайынан
адамгершілік еңбекқасиеттерге баулып, өз елін, жерін сүюге, еңбектің
қарапайым түрлерін сүйретудің маңызы зор. Ұлттық өнер, ұлттық мазмүны тек
мектептерде кәсіпке баулитын пәндер ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде
және оқу барысында кез-келген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып
жатуы тиіс. Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып мектеп ақушыларын
қөлөнершілікке баулуда кәсіби білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді деп М.Әуезов айтқанындай
өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп –
педагогтардың қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.
Өнер түрі елде мол өнім сыры жерде мол дегендей, өнер түрлері халықпен
бірге жасайды. Қазіргі кезде халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр,
сипат беріп, оларды жасаудың техникалық әдістерін жетілдіріп, ел арасында
жүрген шеберлер көп. Солардың бірі – М.Әшірбайқызы, Қалдыбаев,
К.Қарабдалов, Б.Омаров, С.Бекназарова еңбектер көрмелерде көз қуантады.
Қазақ қолөнерін зерттеуге археолог ғалымдар К.Ауышов, М.Қадырбаевтар
Аткинсон, Краплат, Сталов сияқты көрнекті зерттеушілер үлес қосты.
Сәндік қолданбалы өнерін зерттеуде К.Әмірғазин, Б.Өмірбеков,
Е.Асылханов, С.Төленбаев, Н.Әлімбаев, А.Ниязова сияқты өнер
зерттеушілерінің еңбегі ерекше.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне
баулу негіздерін анықтау. Қазақ мәдениеті дәстүр сабақтастығында сәндік
қолданбалы өнерінің мәнін аша отырып оқушыларды сабақта сәндік қолданбалы
өнер сабақтарын оқыту әдістемесін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін сипаттау.
Жалпы, оқушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері Ю.К.Бабанский,
Н.П Сакулина, Г.Г.Лебедева, В.А.Кудин, В.П.Беспалько, Б.М.Теплов,
Н.Д.Хмель, К.Ә.Дүйсенбаев, А.Н.Андреюшин, Қ.Қожахметова, Ш.Т.Таубаева,
қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылымдар тұрғысынан
кәсіби білімін жетілдіру Г.Ш.Ахметова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Ералин,
Ұ.М.Әбдіғаппарова, К.Ибраева, Е.С.Асылханов, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бержанов,
К.К.Құнантаева, Р.Төлеубекова, У.Ибрагимов, М.Оршыбеков, О.А.Сегизбаев,
окушылардың кәсіби-маңызды қасиеттерін, сондай-ақ шеберлігін қалыптастыру,
сәндік өнерге оқыту бойынша М.Қозыбақов, Ш.Әбдуәлиева, С.Жолдасбекова,
Б.Ортаев, А.Ералииа т.б. ғалымдардың зерттеулерінде ғылыми тұрғыда
негізделіп, әр түрлі аспектіде қарастырылған.
Осы және т.б. ғылыми зерттеулерді және арнайы әдебиеттерді зерделей
отырып біз тақырыбымызды Мектептегі технология сабағында қолданбалы
қолөнерді үйретудің әдістері - деп атауды жөн көрдік.
3ерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне
баулу негіздерін анықтау, Қазақ мәдениеті мен дәстүр сабақтастығында
сәндік - қолданбалы өнерінің мәнін аша отырып оқушыларды сабақта, сәндік -
қолданбалы өнер сабақтарын оқыту әдістемесін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін
сипаттау.
Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін орта мектептің жоғары
сыныптарында оқытылатын технология пәні.
Зерттеу міндеттері:
- мектепте технология пәнін оқытудың мазмұны мен құрылымын талдау;
- сәндік қолданбалы өнер сабақтарын оқыту мәселелері бойынша арнайы,
психологиялық - педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- оқушыларды көркем еңбекке баулудың мүмкіндіктерін айқындау;
- оқушыларды қолөнер бұйымдарын өндеуге баулудың тәрбиелік
мүмкіндіктерін айқындау;
- көркем бұйымдарды өңдеудің бірізділігін технологиясын мазмұндау;
- қолөнер шеберлерінің жетістіктері мен озық тәжірибелерін жинақтау,
зерделеу.
Зерттеу жұмысынын практикалық құндылығы: мектеп оқушыларын қолөнеріне
баулу мәселелерін анықтау және ұлттық нақышта және мазмұнда оқу - тәрбиелеу
арқылы оқушылардың технологиялық дайындығын арттыру.
1. Сәндік қолданбалы өнердің дамуы.
Өнердің барлық түрі өзіне тән белгілері тілі тәсілдері мен әсемдік
әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.
Көне заманнан қазірге дейін тұрмыс – дәстүрімен тығыз қайнасып,
өмірсүріп келе жатқан өнеріміз ол – сәндік қолданбалы өнері.
Сәндік қолданбалы өнері дегеніміз тұрмыста қолданылытын көркем
бұйымда жасау болып табылады.
Сәндік қолданбалы өнер жасалу тәсіліне қарай кесте, кілемн, сырмақ
болып, қолданатын материалына қарай сүйек, металл, ағаш ұқсату және ою -
өрнек өнері болып жіктеледі.
Сәндік қолданбалы өнері орындаушы шеберге байланысты профессионалды
сәндік қолданбалы өнер және халықтың сәндік қолданбалы өнер болып
бөлінеді.
Профессионалды сәндік қолданбалы өнері көркемдік негіздерімен білім
алған, әсемдеу жұмыстарының іскерлік пен дағдылармен жетік меңгерген
арнаулы мамандар жасаған өнер туындыларын айтады.
Халықтың сәндік қолданбалы өнері деп халықтың көркем өнер дәстүрін
хаық шеберлерінен үйренуі нәтижесінде жасалған көркем туындыларды айтады.
Сәндік қолданбалы өнердің бір ерекшелігі халық тұрмысында жиі
қолданылуы болса, екінші бір ерекшелігі оның ұлттық сипатының айқын болуы.
Ұлттың сәндік қолданбалы өнердің ішінде бір түрі басым болу құбылысын
байқау қиын емес. Мысалы, кавказ халықтарының сәндік қолданбалы өнерінің
ішінде металл өңдеу, өзбектерде құмыра мен роспись, ал қазақтың сәндік
қолданбалды өнерінде киіз бен кілем тоқу ерекше дамыған. [1]
Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен, өмірмен,
еңбекпен тығыз байланысты болумен анықталады. Қолданбалы өнердің әлеуметтік
тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетимкалық
құндылығымен ғана бағаланбайды. Ол сонымен қатар адамдардың өз заманына
сай талғамын білдірумен өткендегі мәдениетпен ұлттық дәстүрлермен
сабақтастығымен көрінеді. [5]
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдар асқан шеберлікпен,төзімділіктің
еңбектің арқасында орындалады. Қолөнердің қайнар көзі – еңбек. Еңбек-
адамның іскерлігі мен ой - өрісін ғана өсіріп қоймай , оның адамгершілігін,
дүниеге көзқарасын қалптастырып,рухани сезімін байыптады. еңбек - өнер
өрісі, өнер - өмір жемісі дегендей, еңбек пен өнердің егіз екендігін жас
жеткіншектер сезінуі қажет.
Халықтың қолөнерді көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық
мүліктер және ою - өрнектермен әшекейленіп ағаштан, сүйектен, қыштан
жасалған заттар жүйесі құрайды.
Қазақстан территориясының жер бедері дже ол жерді мекендеген
тайпаларда мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұшырады.
Табиғаты көркейді, қойнауындағы қазба байлықтар да молайа түсті.
Осындай ұзақ та күрделі дамудың нәтижесінде қоғамдық еңбектің түрлі
салалары пайда болды.
Қазақ қолөнері адамзат тарихында ең ұзақ кезеңТас дәуірінен бастау
алады. Бұл кезеңде адамдардың жанарлар дүниесінен бөлінген кезінен бастап,
ал ғашқы металдардың тарал кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа
тасдәуірі кезеңінде адамзат тастан құралд эжасауың 2 тәсілін жетілд іріп ,
қырқыш, қашау, өрнекті тас, балшық ыдыстар жасаған.
Тас дәуірінде жасалған құралдарШыңжаңның Алтай,Құмыл, мари өңірінен,
Іле алқабындағы Үйсін қабірлерінен кездеседі. Соның бірі тас баға, тас
келсап,тасқа айнал ған жабдықтар құлжа қаласының солтүстігіндегі Ақөбе тас
үйінділерінен табылған.
Қола дәуірі басталғаннан кейін б.з.д. ІІ мыңжылдықта металлургия
саласы дамып, адамдардың темір қарайтып, балқұту арқылды алынған балта,
пышақ, жебе ұштары, найза, шекіме арқылы әшекейленген сырғалар мен
алқалар білзіктер мен жалпылар темір ұсталық және зргерлік өнердің
дамығандығының айғағы.
Б.з.д. ІІ мың жылдық қала бұйымдарын дүұниеге әкелсе, б.з. ҮІ-ҮІІ ғ.ғ.
Қазақстьанды мекендеген тайпалар темір өңдеумен шұғылдана бастады. Археолог
ғалым с.с Черников Шығыс Қазақстандағы шілікті қорған төбесінен алтын
әшекейлі қола мен темір бұйымдарынан безендірілген киіммен жерленген
адамнан сүйегін тапты. Оның қабірінен алтын айылбас, қабан, бұға, бүркіт,
жарғанат, бозторғай сияқты түрлі фигуралар бейнеленген құйма және шекіме
заттар алынды. Қару – жарақтарының ішінен айрықша таңдандырған қолдан
істелген қорамсақ оқтарының ұштары, пышақтар, түйреуіштер ғалымдардың
тапшылауынша б.з.д. ғасыр ескерткіші. [4]
Қазақстанныңкең байтақ жерлерін көптеген тайпалар мен рулар мекендеп,
иемденді. Солардың бірі – сақ тайпалары. Сақ – біздің заманымызға дейінгі
ҮІ-ІІІ ғасырларда Қазақстан жерінің көпшілігін мекен етіп алтынды, күміст,
темірді жақсы игеріп, олардан түйін түйген халық.
Геродот. Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жай металдан
істелген бөлшектері , оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім ен белдік
әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай – ақ ат омырауындағындағы
өшілдіктр де мыстан соғылып, жүген – сұлығы, ауыздығы, т.б. бөліктері
түгелімен алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген – деп жазады. [2]
Ғалым Ақышевтың Есік қорғанынанг тапқан алтын киімді
есікжауынгері жоғарыда айтылған ойдың толық дәлелі болады. Қамзалының
сыртынан уыр белдіктер мифтік бұғы бейнесіндегі айылбас, мойнындағы
тарамдалып ұшталып бейнеленген жолбарыс, қамзалдың жапырақ тәрізді алтын
қаңылтырмалармен көмкерілуі қанатты ат,құс, арқар мүсіндегі бас киім –
барлығы ертедегі зергерлердің асыл мұрасы. [4]
Қазақстантерриториясынан Сақ дәуірінен табылған ескерткіштер аң
стиліне жатады.
Сақ дәуірінің алғашқы кезеңінде аңдар образы рейлдық шындыққа жақын
берілсе , соңғы кезде стилдеу әдісімен ықшамдау болып келді. Бұл кезеңдегі
аңдар бейнесі ою - өрнектер мативінде алынды. Тау ешкіні, арқарды, бұғыны,
жыртқыш аңдард қозғалыста бейнелеу, сақ дәуірінің арқай халық кезеңіне тән
құбылыс. Бұлар Қарқаралы ауданының мырза шоңы қорғанынан,қайрақшы көлінің
маңынан табылған. Бұлармен қатар миниатюралық розеткаларданда аңдар
стиліндегі бейнелерді кездестіруге болады. [1]
Осындай ұзақта, күрделді дамудың нәтижесінде қоғамдық еңбектің түрлі
салалары пайда болды. Тұрпайы еңбектен бара – бара халықтың қолөнерлері
туындады. Қай халықта, қашандаболса мұқтаждықта жою баршылықты молайта
берумен қатар, солбаршылықты байыпты етуге, тұрмыстық жиһаз мүліктерімізді
сәндендіруг үлкен үлес қосты.
1.2 Технология пәнінде қолөнерді оқыту
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан ұлттық өнерінің
тегін тектеп, болмасын тану, оны асыл тарихтың рухани көш керуенін
ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау, өскелең
өмір талабы. Ата – бабамыздың рухани мұраларын жоғалтып алу тіпті қиын
емес, ал оны жандандыру, жаңаша құрастыру көп жағдайда қолдан келе
бермейді.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен
ғасырларда жоғалтып ала жаздап, еліміз егемендік алғалы өз мәдениетімізді,
дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім
ордаларына тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жаңаша еңбек етуге
талпындырады. Бұл халықтың педагогиканың негізі болып табылады. Ұлттық
педагогиканы насихаттау үшін шәкірттерге білім мен өнеге берудің
тиімділігін көрсету қажет. Ол үшін қолөнерге көңіл бөліну керек. Яғни халық
тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлімінің сыры мен
ерекшелігінің молдығын, қолөнердің үй тұрмысындағы рөлін, үй жабдықтары
кілем сияқты бұйымдардың кешегі киіз үйлерде қолданылып, бүгінде тас
үйлердің қабырғаларында тұтынушы аңғаруға болады.
Ұлттық педагогиканы арқау етіп сабақ өткізуге қай пәннің болса да
ыңғайы мен мүмкіншілігі мол. Соның ішінде технология абақтарында қолөнер
түрлерін үйрету арқылы тәлім – тәрбиені оқу – тәрбие үрдісінде үздіксіз
қолдану ұлттық мәдениетті, қолөнерді насихаттау, ұлттық қолөнерге баулу
біздің міндетіміз болып табылады.
Халықтың педагогикалық негізінде қолөнер арқылы оқушының бойына
адамгершілік рухын, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыруда еңбек тәрбиесі
мынадай мақсатқа бағытталады: халықтың педагогика негізінде балаларға білім
мен өнеге берудің қажеттілігін көрсету; оқушыға қолөнерді үйрету барысында
оның икем қабілетін, дағдарысын дамыту; қолөнер жеке тұлғаны дамытуға
арналған қрал болғандықтан, олардың қызығушылық аясын кеңейтіп,
шығармашылық іздену жолдарын қалыптастыру, оқушының өзін-өзі тану қабілетін
ояту; еңбекті шығармашылықпен қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек
етуге үйрету; ұлттық тәрбиенің пайдалылығын қол өнер бұйымдарын жасату және
оны пайдалану арқылы түсіндіру.
Қыз бала балабақша, мектеп қабырғасынан бастап қолөнерге бейімделіп,
оның жасалу технологиясын жетік меңгеру, ол алдағы өмірде кез келген бір
қажетіне жаратары сөзсіз. Қолөнер қыз баланы әсемдікке баулып, өз ұлтының
мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, дәріптеуге ұлттық дәстүрді сыйлауға,
тәрбиелейді. Сонымен қатар қыз баланы үнемдіклікк, үй тұрмысына қажетті
затты дайын күйіне сатып ала салмай, өз қалауынша өрнектеп, әсемдеп, қолдан
жасап алуға үйретеді. Бұл, әрине, ата-ана қуанышы.
Бүгінгі таңда сәндік өнерді оқытудың өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасып, ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жастарды сәндік өнерге
бейімдеп оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұны мен оқыту формасы мен
әдістері бойынша анықталады. Оқушыларды еңбекке баулуда және тәрбилеуде
негізгі мақсат баланың толық білім алуына ықпал жасау болғандықтан,
педагогикалық ізденіс қажет.
Оқыту барысында оқушыларды қолөнер шеберлерінің шығармашылық
жұмыстарымен таныстыру керек. Бұл олардың өз ойларымен композиция
құрастыруына, ою-өрнектерді дұрыс қолдана білуіне, түстерді дұрыс таңдап
алуына септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалған шығармашылық жұмыстар
ұлттық тәрбиені, эстетикалық көзқарасты қалыптастырып ұлттық дәстүрлермен
қолөнерімізді байланыстыра отырып рухани жан дүниесін байытады. Өнер түрі
елде мол өнім саны жерде мол демекші, өнер түрлері халықпен жасай береді.
Қазіргі кезде де халау қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп,
оларды жасаудың техникалық әдістерін жетілдіріп, ол арасында таратып жүрген
шеберлер көп.
Оқушыларға қазақ қолөнерін үйретуде мынадай педагогикалық шарттар
орындалса тиімді болады.
- қазақ қолөнерінің тәлім тәрбиесін дәстүрін үйрету,
- оқушыларды жастайынан ұлттық өнермен таныстырып, еңбек етуге баулу
және қабілет тілек пен шеберлікке даярлауды көздеу.
- Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің ролін түсіну, өнер
адамдарын құрметтеу.
- Көне мұралард тауып, түрлендіре жаңғыртып отыру;
- Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін іздестіріп меңгеру.
Ғалымдар ұлттық мазмұнда сәндік қолданбалы өнерін оқытуда мынадай
талаптарды кешенді түрде жүргізу қажет деп санайды
- оқушылар жұмысы қажетті тәжірибелік сипатта болуы;
- жасалынатын еңбек туралы білімі және тәжірибелік тапсырмаларды
орындау шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталуы;
- сабақ барысында пайдалы өнім жасау;
- жалпы еңбекті және арнайы білім мен ептіліктің үйлесуі;
- еңбек жайлы білімнің тәрбиелік, дамытушылық және кәсіптік бейімделі
сипатында болуы;
оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты және мектеп
айналасындағы өндірісті есепке ала отырып технология жайлы біліммен
ептілікті игеруде еңбекке оқытудың жіктелуі;
-оқыту барысында ақпараттың технологияның озық, заманауи үлгілерін
қолдау.
Мұндай жағдай оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге
мүмкіндік береді; көрнекілікті үйлестіру арқылы оқушылардың білімді
терең ұғынуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, тез байқағыштығын,
қызығушылығын, ептілік пен қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, яғни кілем
тоқу, кесте тігу, ою - өрнек салукезеңінде жүзеге асырылады.
Сабақты сапалы өткізу үшін осы салада еңбек еттін ғалымдар
К.А.Дүйсенбаев, С.А. Жолдасбекова, К.К. Өстеміров, Б.Ортаев өздерінің
еңбектерінд мұғалім менр оқушының бірлескен шығармашылық мектебі, оқыту
шеберханаларының қазіргі заман талабына сай – жабдықталуы , жаңашыл
мұғалімдердің тәжірибесін зерттеп, инновациялық тенхнологияларды оқыту
процесіне енгізу керектігін айтады.
Ғалымдар ұлттық мазмұнда сәндік қолданбалы өнерін оқыту мынадай
талаптарды кеншенді түрде жүргізу қажет деп снайды.
- оқушылар жұмысы қажетті тәрбиелік сипатта болуы;

орындау шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыруға бағытталуы;
- сабақ барсында пайдалы өнім жасау;
- жалпы еңбектік және арнайы білім мен ептіліктің үйлесуі;
- еңбек жайлы білімнің тәрбиелік дамытушылық және кәсіптік
бейімделу сипатында болуы;
- оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты және
мектеп айналасындағы өндірісті есепке ала отырып технология
жайлы білім мен ептілікті игеруде еңбекке оқытдың жіктелуі;
- оқыту барысында ақпараттық технологияның озық үлгерін қолдану.
Мұндай жағдай оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты
үнемдеуге мүмкіндік береді. Көрнекілікті үйлестіру арқылы
оқушылардың білімді терең ұғынуын, сонымен бірге сабақта олардың
зейінін тез байқағыштығын қызығушылы пен ептілігін, қабілетін
арттыруға мүмкіндік береді.
2.1. Бағдарламға сипаттама
Технология – еңбек ресурстарын дайындаудың негізгі көзі,
кәсіптік білім жүйесі.
Технология білім саласы оқушыларды өзіндік еңбек жолына, оның
қайта құрымы және қызметін жасағышпен байланысты, кәсіптік өзіндік
анықауына және мектеп бітірушілердің әртүрлі маандықтарды игеруіне
дайындалуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен бекітілген
технология курс бағдарламасы жалпы білім беретін мектеп үшін
заттарды энергия мен мәлімдемелерді өзгертетін және қолданылуы туралы
ғылымды анықтайды.
Технология пәнінен білім беруде оқушы бұрынғыдай оқу
бағдарламасын игеруші, мұғалім балаға жеке пән бойынша білім беріп
қана қоймайды,жеке мамандықты меңгеретін жеке тұлғаны дамыту болып
табылады.Оны жүзеге асырудың негізгі жолдары оқушылардың жеке
қабілетін және белгілі бір кәсіпке бейімдісін анықтай отырып,білім
беру.Сол негізде оқу бағдарламасын жетілдіру кезеңінде қоғам, уақыт,
нарық, жекешелендіру, т.б. өмірде болып жатқан өзгерістер негізінде
білім беруге назар аудару.
Еңбекке баулу талаптарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
педагогика мен психология талаптарына сәйкестігі, белгіліден
белгісізге,жеңілден ауырға,қарапайымнан күрделіге деген ұстанымды
берік ұстап оқушылардыңеңбекке ынтасын жайып алмау жағына ерекше назар
аудар керек.
Технология пәні бойынша қазіргі таңда бекітілген бағдарламалар
бар.
Технология пәнінен Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9-
сыныптарына арналған бағдарламалары К.Ө.Өстеміров, Г. Шымекеева, Р.Т.
қайымова, М.М. Ырсымбекованың бағдарламалары шыққан. Бағдарламада қала
және ауыл мектептеріндегі 8-сыныптағы қыз балалар үшін тақырып реті
төмендегідей берілген.
1. Сәндік қолданбалы өнер элементтері
Тігін бұйымдарынң сән үлгілері.
2. Үй мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы.
3. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника.
4. Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негіздері
5. Ақпараттың технология негіздері.
6. Жоба.
Білім мазмұнына Сәндік - қолданбалы өнер элементтері негізінде
көркемдік қолөнер технологиясы тарауы ауылдық және қалалық мектептегі
қыздарды оқыту үшін негізделген.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қыздарға кәсіптік білім беруге
арналған бағдарламалар жобасын көптеген озат, тәжірибелі мұғалімдер
ұсынады. Олардың қойған мақсаты қазақтың ұлттық өнері тамақ әзірлеу, кесім
үлгілерін жаңа талапқа сай пішу, тігу әдістерін үй жиһаздарын дайындауды
білу, тоқыма өнері өндірістегі және тұрмыстағы техника, ауыл шаруашылық
еңбегін үйрету сияқты аса қажетті өнерге кәсіпкерлікке үйрету әдістерін,
бағдарлама талабына сай, күнтізбелік жоспар жасау. Біз тарауына
байланысты өз тақырыптың жоспарымызда ұсынып отырмыз. Осы күнтізбелік
жоспарға сәйкес 8 сыныптарға кілем оқу өнеріне 24 сағат бөлінген.
Бағдарлама мазмұнында ептілік, іскерлік,шеберлікпен бірге шығармалық
жұмыс барысында әдет дағды қалыптастырылады.
Білуі тиіс:
- кілем тоқу өнерін
- кілемге тоқуға қажетті құрал – жабдықтар
- кілем тоқуға пайдалынатын материал түрлерін
- бұйымды дайындау техникасымен технологиясын
- еңбек қауіпсіздігін сақтауды және жұмыс орнын ұйымдастыру
талаптарын дұрыс жолға қоя білу.
- дағдылырды меңгеруі тиіс.
- ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін
- коомпозиция құрастыру
- кілем тоқуда қолданылатын құрал – жабдықтармен дұрыс жұмыс
жасау.
- талапқа сай жұмыс орнын ұйымдастыру
- еңбек қауіпсіздігін сақтау.
Оқу материалдарын оқу жылынын белгілі күндеріне, айларына,
тоқсандарына белу оқу жоспарының сапасын қамтамасыз етеді. Әрбір сабақтың
қарқындылығы, жаңа оқу материалыньң сапасымен, 45 минут бойы әрбір оқушыға
берілетін физикалық жүктеменін мөлшерімен анықталады. Мұндай жүйе оқушыға
артық жүк түсірмей, оқуға берілетін уақыт мөлшерін ұлымды пайдалануға жол
ашады. Сабақтардың қатары апталық сабақ кестесі бойынша анықталады. Бұл
мұғалімге оқу бағдарламасы бойынша жұмысты жыл бойына жоспарлауға
жәрдемдеседі.
Оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлауға кіріспес бұрын, мұғалім кілем өнерін
оқытудын бағдарламасын оқып танысуға міндетті. Бағдарламада негізгі
тапсырмалар мен нұсқалық қойылымдардың тізімі беріледі, кілем өнерін оқыту
курсынын әрбір жыл бойъшша, әрбір тапсырмаға берілетін сағаттар саны,
орындау мүмкіндіктері айқындалады.
Оқушылардың әрбір токсанда, әрбір сабақта алатын кілем өнері білімдері
мен меңгеретін дағдыларын бағдарламаларының көлемі бөліп көрсетіледі.
Педагогикалық қызметті жаңа бастаған педагогтар бұл оқу бағдарламаларында
бар, мұны бөліп көрсетудің қажеті жоқ деп есептейді. Оқу бағдарламасында
әрбір жылға бөлінген оқу тапсырмаларының бірізділікпен күрделенуі
көрсетілгенімен, оқыту әдістемесінің көптеген жеке сұрақтары
қарастырылмайды. Педагогикалық үрдіс - шығармашылық үрдіс. Сондықтан оқу
бағдарламасы қатып қалған нәрсе емес, іс-әрекетке деген жалпы басшылық
бағдар ретінде тану қажет. Бағдарламада тек қана негізгі бағыт беріледі, ал
оны жүзеге асырту, көптеген жеке мәселелерді шешу, жұмысты ұйымдастыршының
мұғалімнің өзінің ісі.
Кейбір жас мұғалімдер, бағдарламада орындауы мүмкін емес нұсқаулар
берілсе оны қалай іс жүзінде асырамыз деп сүрайды. Мысалы, кілем өнері
туралы әңгіме - сабақта қолдануға, дүкеннен тауып алуы мүмкін бола
бермейтін картина репродукциялары беріледі. Немесе бағдарламаның мәтінінде
белгілі бір кілем тоқу шеберінің шығармашылығымен танысу ұсынылады, бұл
жағдайда мұғалім оның орнын өзі тұрған елді мекендегі кілем шеберімен
ауыстыруына болады.
Оқу бағдарламасы көрсетілгендердің бэрін бірдей орындауды талап
етпейді. Ол окушыларды қандай шебермен таныстыру қажетгігін және онын
қандай шығармасы, шығармашылық келбетін айқын ашатындығын керсетеді. Егер
мұғалімде бағдарламада көрсетілген қандайда бір шебер шығармасының
репродукциясы табылмаған жағдайда, оны басқа шебердің басқа шығармасымен
ауыстыруына болады.
Сондықтан, бағдарлама бойынша оқу жұмысын жоспарлау барысында,
мұғалімге біріншіден, оқу материалдарының негізгі мазмұнын бөліп көрсету
қажет; екіншіден, онын өзінін колында бар дидактикалық материалдардын
мүмкіндіктерімен санасуы тиіс.
Технология пәні бойынша 8-сынып қыз балаларына арналған күнтізбелік –
тақырыптық жоспары
Қс Тақырыбы Сағат саны КөрнекілігіПән аралықПайдаланғанЕскерту
байланыс әдебиеттер
Теория-Практи-
лық калық
1 Кілем тоқу 1 Әр Тарих, Қасиманов С
өнерінің даму ғасырдағы сурет, Қазақ
тарихы кілемнің сызу халқының
суреті қол өнері
2 Кілем тоқуға 1 Тоқпақ, Ералин Қ.,
қажетті құрал – қалық, Айменов Ж
жабдықтарды қайшы, Қазақтың
дайындау пышақ, жіп СҚӨ
3 Кілемге салынатын 2 Ою-өрнек Сурет, Әмірғазин Қ
ою-өрнектің салынған сызу, Қазақ қол
эскизін жасау плакаттар, математикаөнері
буклеттер
4 Кілем тоқуға 1 Тоқпақ, Химия, Ералин Қ.,
қажетті қалық, тарих, Айменов Ж
жөндеу-өңдеу қайшы, биология Қазақтың
жолдары пышақ, жіп СҚӨ
5 Жіп иіру, 2 Тарих, Қасиманов С
жіптерді бояу химия Қазақ
және келептеу халқының
қол өнері
6 Желі жүгірту 2 Әмірғазин Қ
Қазақ қол
өнері
7 Кілемді тоқу 2 Тоқпақ, МатематикаЕралин Қ.,
қалық, , сурет, Айменов Ж
қайшы, сызу Қазақтың
пышақ, жіп СҚӨ
8 Шеткі су өрнегін 4 Тоқпақ, МатематикаӘмірғазин Қ
жүргізу қалық, , сурет, Қазақ қол
қайшы, сызу өнері
пышақ, жіп
9 Ою - өрнек тоқу 4 Ою-өрнек МатематикаӘмірғазин Қ
салынған , сурет, Қазақ қол
плакаттар, сызу өнері
буклеттер
10 Кілемді аяқтау, 4 Тоқпақ, МатематикаЕралин Қ.,
шетін безендіру қалық, , сурет, Айменов Ж
қайшы, сызу Қазақтың
пышақ, жіп СҚӨ
11 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz