Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 4
I ОҚУ.ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТЕР МЕН ҚАТЫНАС
1.1 Педагогикалық іс.әрекеттер, олардың түрлеріне талдау жүргізу ... ... ... ... ...7
1.2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін пайымдау ... ... ... ... 11
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ІС.ӘРЕКЕТІ
2.1 Бастауыш сынып математикасын оқыту үдерісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру бағыттары (4.сынып) ... ... ...20
2.2 Математика сабағында оқушылардың бiлiмiн арттыруда өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың ерекшелігі ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... .60
ҚОСЫМША

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуы керек екендігі айтылған.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының бастауыш білімді дамыту тұжырымдамасында.

1 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 1998
2 Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. -Алматы. 1973.
3 Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В. -Москва. 1978.
4 Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. -Москва. 1969.
5 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мәселелері // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2003. – Б. 171-175.
6 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері // Жаһандану жағдайында Ұлттық білім беру жүйесін дамыту: ІІІ халықаралық ғылыми «Алтынсарин оқулары» конференцияның материалдары. –Астана, 2010. –Б. 178-182. (П.Б. Сейітқазымен авторлық бірлестікте).
7 Бабанский Ю.К. Избарнные педагогические труды. –Москва, 1989.
8 Айтмагамбетова Б. Жаңашыл пелагогтар идеялары мен тәжірибелері.-Алматы, 1991.
9 Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Нұржанова Ж. –Алматы, 1990.
10 Әбиев Ж. Педагогика. –Алматы, 2006.
11 Богословский В. Т.б. Жалпы психология. –Алматы, 1980.
12 Кененбаева М.А. Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері. Автореферат. - Астана, 2005
13 Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластарда математиканы оқыту. -Алматы, 2005.
14 Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.
15. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат. -Алматы. 2001.
16 Бантова М.А., Белтьюкова Г.В., Полевщиков А.М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. –Алматы, 1978.
17 Оспанов Т.Қ. Математика. 4-сынып. –Алматы, 2008
18 Стойлова Л.П., Пышкало А.М. Основы начального курса математики.-Москва, 1988.
19 Жолымбаев О.М., Берікханова Г.Е. Математика. –Алматы, 2004.
20 Әбiлқасымова А.Е. Оқушылардың өздiк жұмысы. //Бастауыш мектеп. №9-2002.
21 Меңлiқожаева С. Өзiндiк жұмыстың түрлерi. //Бастауыш мектеп. №2-2005.
22 Әбiлдаева К. Сабақта оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыру. //Бiлiм. №6- 2005
23 Гүлмира Пазылова. Оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп. №8-9- 1999.
24 Қоқымбаева Т. Оқушының өзiндiк жұмысын ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп. №8, 2004
25 Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ.. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдiстемесi. 1-4 сынып -Алматы, 2005.
26 Сансызбаева Ш. Ш. Өзiндiк жұмысты ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп. №9-2002.
27 Хасенова Қ. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту. //Бiлiмдегi жаңалықтар. №9-2005
28 Мадияр С. Оқушылардың бiлiм деңгейiн көтерудегi бақылау жұмысының ролi. //Математика және информатика, №5-2004
29 Жандарова Ж. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабiлетiн дамытудағы математиканың ролi. //Математика. №6-2006.
30 Тәжiмағамбетұлы Ә. Оқушылардың математикадан бiлiмiн арттырудың кейбiр тәсiлдерi. //Бастауыш мектеп. №10-2004.
31 Өтепберген С. Математикалық бiлiмдегi сапа ұғымы. //Математика және информатика. №3-2004.
32 Ералиева. М.Е. Жаңа буын оқулықтарын енгiзу жағдайында мектептiң бастауыш сатысында «математика» пәнiн оқыту сапасын жетiлдiрудiң ғылыми-әдiстемелiк мәселелерi. //Бiлiм. №6 - 2004.
33 Қадiрова Б.Н. Оқушылардың қарым-қатынастық құзiреттiлiгiн қалыптастырудағы өзiндiк жұмысты ұйымдастыру. //Математикалық пәндердi мектепте және жоғары оқу орнында оқыту. №4- 2006.
34 Құлбарақова К. Математика пәнiне саяхат. // Бастауыш мектеп. №7- 2007

Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАЙБАҚОВА МИРА
бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
050102 - мамандығы–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
КЕНТАУ, 2011ж.

Қорғауға жіберілді
Бастауыш оқыту теориясы мен
әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., доц.
Б.Ортаев
____ _____________2011ж.
Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
050102 -мамандығы – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: СПМ- 915ж тобының
студенті М.Байбақова
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Б.Даулетбекова
КЕНТАУ, 2011ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТТЕР МЕН ҚАТЫНАС
1.1 Педагогикалық іс-әрекеттер, олардың түрлеріне талдау
жүргізу ... ... ... ... ...7
1.2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін
пайымдау ... ... ... ... 11
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ

2.1 Бастауыш сынып математикасын оқыту үдерісінде есепті шығара білу
шеберлігін қалыптастыру бағыттары (4-
сынып) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20
2.2 Математика сабағында оқушылардың бiлiмiн арттыруда өзiндiк
жұмысты ұйымдастырудың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
60
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 62
КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған
жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай
келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет
етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім
беру жүйесінің міндеті жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуы керек
екендігі айтылған.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту,
оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,-
делінген Қазақстан Республикасының бастауыш білімді дамыту
тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас баланы
оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты
қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз.
Бастауыш мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу
әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту
қажет [1]. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері
қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы
балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында
тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде
бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде
талдауда - кезек күттірмейтін іс.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең
алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек
балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне
абыройлы да жауапты істі жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне
ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын
өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші,
баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол
сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына
апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп
мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым А.И.Маркушевич айтқандай,
оқушыларға математикалық білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін
шыңдау, кез келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының
азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті
[2].
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты
мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты
тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым
негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат
етіп шығару, яғни оқушының білім деңгейін көтеру болып табылады.
Сондықтан оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе
көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатқан көкейтесті мәселенің бірі.
Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына
қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген
атақты ғалым Д.И. Писарев. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне
қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру
мұғалімдер үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы
тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
Осыған орай, бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың
білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекетін арттыру негізінде
оқытудың сапасын жақсарту жолдарын анықтауды мақсат етеді. Осы мақсаттың
шешімін табу үшін қазіргі заман талабына сай бастауыш сынып мұғалімдерінің
математика сабақтарында оқушының білімін арттырудағы іс-әрекетін зерттеу
мәселесі дипломдық жұмыстың тақырыбын Бастауыш сыныпта математика
сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекетін теориялық тұрғыдан негіздеп, оның
әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны:Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні:Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың
білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті.
Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей
міндеттерін шешу қажет болды:
- оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған тиімді педагогикалық
іс-әрекеттерге түсініктемелер беру;
- бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім
деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекетін анықтау;
- бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың білімін арттыруда
өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ерекшелігін айқындау.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін:
білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-
әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері,
бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-
әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік
ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Зерттеудің көздері:
зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик–әдіскерлердің
еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және
ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты
нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері
(стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.); білім
беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми
жетістіктері мен озық тәжірибелері және т.б.
Зерттеудің әдістері:
-талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т.б. әдістер арқылы
мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне
байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты
жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен,
бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік
нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, бастауыш мектептегі оқу
үдерісін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу,
математикалық талдау әдістері қолданылды.
Диплом құрылымы:
дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
I ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТТЕР
1.1 Педагогикалық іс-әрекеттер, олардың түрлеріне талдау жүргізу
Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы
білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру
жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім
сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны
әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында
біз ең алдымен іс-әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады.
Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы - деп атақты ұлы
педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына
пайдаланылатын әдістемелер, мұғалімнің іс-әрекеті мәнді де дұрыс болуы
керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ұйымдастыруы
қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын
шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің
нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой
белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті [3].
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Тақырыбымыздың негізгі мәселесі мұғалімнің іс-әрекетіне келетін
болсақ, психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Жарықпаевтың
пікірінше: Әрекет дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі
мақсатқа жетуге бағытталған үдеріс.
Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет деп,-
анықтама берді психолог Ф.Н.Гоноболин. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа
созылуымен сипатталады. Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз
мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ уақыт бойы педагогтік толып
жатқан қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған күнделікті
жүйелі еңбегін айтамыз.
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің
бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен
құралады.
Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған
әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық
сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу
іс-әрекеті педагог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік,
дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған,
танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғаныдықтан оның атқаратын
қызметтері де жеткілікті.
Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік
деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі,
әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі
әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді [4]. Бұл жұмысты
диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің
бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті.
Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап,
анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім
мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің
болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл
қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен
жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзег
асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндетерді анықтап, оларды
ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушлармен өзара байланыстылықты таңдап, өз
іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттарды
жинақта, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық прцеске
қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға
бағытталған іс-әрекеті.
Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен
нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-
әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін
болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік
береді.
Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әректін жетілдіре, дамыта
түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі
өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына
басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Сонымен, мұғалімдердің іс-әрекеті келесі компоненттерді құрайтын білім
жүйесі болып саналады:
білімдік – ұғымдар мен түсініктерді бейнелейтін білімдер, пән бойынша
біліктер мен дағды, тәсілдерді және технологияларды пайдалана білу;
ғылыми-әдістемелік – ғылыми зерттеулерді талдау, әдістеме мен
технологияларды зерделеу. Отандық және шетел тәжірибесін зерттеу;
ғылыми-зерттеу – жаңа білімдер мен педагогикалық танымды меңгерудің жаңа
жолдарын қолдану, іс-әрекеттердің жаңа немесе өзіндік әдіс-тәсілдерін
іздестіру.

абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.

тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты
тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы
қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай
тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?-
деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта
құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын
талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім
берудің алғашқы басшысы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы
дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас
қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету,
ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне
үйретеді.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани
әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру - бүгінгі таңдағы негізгі
мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың
дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті
дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен
жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін
арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалы
терең ұғына білуге баулу-мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де
байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына
сай болып келуі қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті
өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні
жан-жақты ашылуы тиіс.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің
қалыптасуына негіз салады.
Білім беру сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып
табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға
талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен
мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты
талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің,
белсенділігінің қалыптасуы мектептің бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ.
Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің,
жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі.
1.2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін пайымдау
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,
интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа
технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық
танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты мұғалімнің үздіксіз білім беру
тұжырымдамасының жобасы, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта
білім беру тұжырымдамасының жобасы т.б. елімізде білім беру жүйесін
дамытудың басты ресурстарының бірі – мектеп мұғалімінің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруды анықтайды.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының негізгі
ұйытқысы осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да
еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын,
баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Мұғалімнің
білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы, әр
түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады [5].
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын
арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға
– Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, Адамның адамшылығы
жақсы ұстаздан болады деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы
Я.А.Коменский: Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар
қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі
мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды
халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін
қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын
қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп,
белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі
олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді
енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты
міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы
жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне,
адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал
да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға
білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Қазақтың дарынды ұстазы Ахмет Байтұрсынов Мал бағатындар мал бағуын, ел
бағатындар ел бағуын, бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек...
Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек - деген. Ертең
осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары
болғандықтан қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму
бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Сондықтанда бүгінгі мұғалімдерге қойылатын талаптың жүгі ауыр. Бұл
міндетті іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, жаңалыққа
жаны құмар мұғалім қажет.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы [6]. Көп пәнді бастауыш мектептің сан қырлы жақтарына төселе
отырып, жеке пәнді оқытудың ерекшеліктерін, әр пәннің білім беру формасын
меңгерудің тәрбиелік мәні зор.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын
педагог – ғалымдар мен республика мұғалімдері жан-жақты ізденіп, оқушының
білімін арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа
көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіңе оңтайлысын таңдай білуді ұсынды.
Кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен
педагогикалық шеберлік, жан-жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне
білетін психолог болуды талап етеді.
Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері
әрдайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін
саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды.
Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар
болды. Олар атқарып отырған істің маңыздылығы және таңдаулы мұғалімдердің
беделі мұғалімдік мамандыққа айрықша ілтипат білдірді. Осыдан 300 жыл бұрын
өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы славяндық ұлы педагог Ян
Амос Коменский мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан
жоғары тұрған ешнәрсе жоқ деп жазды. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский
мұғалім мамандығын былайша бағалады: Мұғалім ісі сырттай қарапайым
болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. В.Г.Белинский былай дейді:
Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші:
оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігінің неде? Бұл ерекшелік сірә, мұғалімнің
адамдарының жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де:
Юристер, дәрігерлер, артистер... адамдармен қарым-қатынаста болады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына қарай
айқындалады [7].
Мұғалім – қоғам мен өскелен ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп
ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан
және бұқаралық информация құралдары арқылы ең бағалы және қажетті
нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына
сіңіреді.
А.В.Луначарскийдің айтуынша, мұғалім балаларға өткен ұрпақтан ең
таудаулысын беруге және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі
тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік
дүниетанымды, коммунистік мұратты, біздің кеңестік қоғамымызда орныққан
азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында
тәрбиелейді.
Мұғалім мамандығы – біздің елімізде ең кең тараған мамандықтың бірі.
Елімізде үш милиондай мұғалім бар, соның жүз мыңнан астамы – жас
мұғалімдер. Соңғы он жылда ғана еліміздің жоғары оқу орындарында екі
миллионнан астам мұғалім даярланды. Мамандықтың бұқаралығы оның
маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбір мұғаліммен педагогикалық кәсіптің
қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айрықша қамқорлықты қажет етеді.
Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды
қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін
арттыруға бағытталған. Л.Н.Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды
адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу
қажет – тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың
лайықты мүшесі бола алады.
Бұл айтылғандар тәрбиенің міндеттеріне толық сәйкес келеді. Бүгін
партада тәлім алып отырғандар еліміздің ХХІ ғасырдағы тағдырын шешетін
болады. Міне, сондықтанда мұғалім өз сыныбында болашақ ұрпақтың
отырғандығын әрдайым есте сақтауы тиіс.
Бастауыш мектепте берген білім, үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы
басқышы екенін ескере отырып оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік,
дағдыларды меңгерту, табиғат, қоғам туралы танымын қалыптастыру, оның жеке
бас қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарыдағы адамгершілік принциптерге
тәрбиелеу -бүгінгі күннің басты талабы екенін естен шығармау орынды.
Себебі, қазіргі кездегі қоғамдағы болып жатқан езгерістерді де-
мократияландыру, ізгілендіру процестері баланың еркін дамуын белсенді,
шығармашылық жүмыс жасай алуын талап етеді.
Осыған байланысты қоғамның басты тірегі адам - жеке түлғаны қалыптастыру
мәселесі тың түрғыдан танылуда оның қалыптасуына әсер ететін факторлар да
шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке түлғаның дамуы
мен қалыптасуына әсер ететін шешуші фактор-лар: орта, тәрбие,
тұқымқуалаушылық.
Жеке түлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі - тәрбие.
Тәрбие - есіп келе жатқан жас үрпақты өмірге даярлау-дың барлық жағын
қамтитын, жекетүлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзаттарихын-дағы тәжірибені
игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне
тәуелді күрделі үдеріс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті
факторла-рына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы,
тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп үйымдастыру. Бізге
бүрыннан белгі болып келген тәрбиенің үйымдастырушылары: отбасы-ата-ана,
балабақша-тәрбиеші, мекте - мұғалім.
Күрделі үдеріс - жеке тұлға тәрбиесін қоғам талабына сай етіп
үйымдастыру бастауыш мектеп мұғапімдеріне де жаңаша талап қояды. Жеке
түлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін түлға мұғалім - тәрбие кезі.
Жоғарыда аталып кеткен қасиеттерге ие түлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің
це кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек деген
ой ту-ады. Мұғалімнің кәсіби қүзіреттілігі мәселесіне баса назар аудару
керек. "Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?" деген сураққа жауап
бермес бұрын, кәсіби құзіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін
В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби
құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және
практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі [8].
Ал бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігіне мұғалімнің
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория
мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни бастауыш сынып
оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан
кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлык, қасиеттер мен
қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес . Яғни, мұғалімнің білім-білік,
дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі,
мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық
такт, әдеп т.б жатқызамыз.
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігіне байланысты зерттеушілер
О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я.Ленер, Р.В.Овчарова,
И.Ф.Харламовтар болса, мүғаліклнің мәдениетіне байланысты зерт-теу
Б.СГершукский, Ш.Таубаеаа сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.
Аталған ғалымдардың еңбектеріндегі маманның кәсіби құзіреттілігіне
берілген анықтамаларды саралай келе, бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби
құзіреттілігін төмендегідей деп танып отырмыз. Олар: мұғалімнің бойынан
табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер.
Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ,
онда:
- субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік,
шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне
талдау жасай отырып, езіне сыни турғыдан қарай апу шеберлігі жатады;
- нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және мұғалімнің
әрекетіндегі қойылған міндетгерді шешудегі стратегиялық іскерлік.
- пәндік компонент: өз оілімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
Егер біз мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін тек жоғарыда аталған
компоненттер құрайды дейтін болсақ, онда маманның кәсіби қүзіреттілігі
ұғымының мағынасын тарылт-қан болар едік. Біздің пайымдауымызша, бастауыш
саты мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің қүрамына келесі мұғалімге тән
кәсіби, даралык, қасиеттер болуы керек деп есептейміз:
- іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;
-түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жа-ңаша көзқараспен қарауы;
- инновациялық технологияларды меңгеруі;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;
- шығармашылық шеберлігі.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қүзіреттілігін төмендегідей ашып
айтар едік:
- іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейікің болуы- яғни
педаго-гика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, бастауыш сыныпта
оқытылатын барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға
берілетін білімдерді терең игеру;
- түйінделгөн іскерлікті, дағдыны, қабшетгі меңгеруі - дидактикалық,
таным-дық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға
деген қабілет, теория мен практиканы байланыс-тыра алу қабілеті,
диагностикапық іс-әрекет. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысу;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы -
бұрыннан қалыптасқан "мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс" деген қағидадан
аулақ болып, мұғалім тек ақпараттаратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға
бслып қалыптасуының басты көмекшісі болуы керек, оқушы-нын, даму деңгейіне
қарамастан, оның тұлғасын қүрметтеу, авторитарлық биліктің ор-нын өзара
бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана
білушілік басыы болуы керек [9].
Әр бастауыш сынып мұғалімі өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі
артықшылықтары мен кемшіліктерін мойындай алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай
отырып, кемшілік болса, түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе
алады, олай ету әр маман үшін, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі үшін өте
тиімді, ейткені бастауыш сынып мұғалімдерінің жүмысының нәтижесі
қалыптасқан жеке түлға.
В.А.Сухомлинский: "Барлығы да балалық шақтан басталады, жас
өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай
тәрбиеленуіне байланысты" -деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін
оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби
құзіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анық-
тама және оның қүрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыз-
дай маманның кәсіби қүзіреттілігіне мұғалімнің бойында болуға тиіс барлық
қасиеттер енеді. Олай болса, ол қасиеттерге ие бастауыш сынып мұғалімі
қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.
Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндерде
балаларға берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті
жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында
тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан
бағалап, кәсіби қүзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дұрыс қарым-қатынас
орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру
сияқты қаси-еттер мұғалімнің жүмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-
аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды
арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды
ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін
жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе мен
еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының қүзіреттілігін
танытады.
Мұғалімнің қүзіреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей
байланысты [10]. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді
ескергендері дүрыс:
- өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы
және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу; -
оқушыларды төмендетіп, женді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу,
мейірімді болу.
Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің
кемшілігіңізді іздеңіз;
- оқушылардың сөзін белмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының
жауабы дүрыс болмаса, ол қойылған сүрақтың нақты болмауынан;
-тапсырма мен нүсқау анық, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы
шарт;
- сабақ барысында оқушылардың зейінін түрақтандыру, егер ауытқулар бол-са,
тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-
ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;
- сабақты дәл уақытында бас-тау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-
кеңесті ұзақ уақыт айтып түрудың қажеттілігі аз;
- оқушыларға қойыл-ған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;
- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу мате-риалдарын оқушылар
толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;
- оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып
жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан
тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу
үдерісінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қал-жыңға мән бере
білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақүлдай, қолдай білуі; шыдамдылық
және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез
- келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді
пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Егер бастауыш мектептің мұғалімі жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі
жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз
жүмысының нағыз шебері болатыны даусыз.
Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің
кәсіби қүзіреттілігі де сай болар еді.
Мұғалім ең күрделі үдерістерді – жеке адамды қалыптастыру үрдісін
басқарады. Бұл үрдістің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі
өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет кешіп өтпейтіндігі
сияқты, оқушыға әр уақытта бір өлшеммен қарауға болмайды. Мұғалім
қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында
өлшеуіш немес басқалай приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен
тәрбиелеу барысында пайда болған қарым – қатынасты басқару. Мұғалім
көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық
шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі.
Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.
Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім
баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын
қалыптастырады, яғни оның қолында В.Г.Белинскийдің сөзімен айтқанда,
адамның өмірлік тағдыры тұр. Кезінде көне грек философы Платон былай
деген еді: егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге
қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінеді, ал егер шәкірт
ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп
кетеді. А.В.Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: Егер алтын ісінің
шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас
бүлінсе, онда ол жарамсызға кетеді, алайда ең бағалы деген гауһар тастың
өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс,
немесе орны толмас өкініш, екенін ұлы ғұламалар өз еңбектерінде айтып
өткен.
Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен
мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Бүгінгі мұғалім
еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз дәл сондай
болмақ. Әрбір адам мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді дәл осындай өзге
қызметті көзге елестету қиын.

тәжірибелік білімдерді қалып гасты-руы. Өзінің іс-әрекетін сыни түрғыдан
бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дұрыс қарым-қатынас

сияқты қаси-еттер мүғалімнің жүмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-
аналарына сыйлы болатына даусыз [10]. Өз білімін жетілдіре отырып,
оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету,
оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен
білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе
мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының
қүзіреттілігін танытады. Мүғалімнің құзіретгілігі оның сабақты нәтижелі
жүргізуіне де тікелей байланысты.

шеберлігін қалыптастыру
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық
қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды
жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, – деп
анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру
мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан,
А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және
басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев,
В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар
тарапынан зерттелген [12].
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә.Б.Ақпаева,
Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни
мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс
түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарына тоқтала кетейік.
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу
шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына
тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру,
қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай
есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып
ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол
уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше
тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға
уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде
болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік
мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн [13].
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен
шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор.
Оқушылардың ойлау үдерісінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың
белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру
кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан
кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Ауызша есептеу тесілдері оқушылардың жан - жақты дамуына, олардың
математикалық тілінің жетіле түсуіне, сондай-ақ уақыт үнемдеуге тиімді
болып табылады. Өйткені 6ip ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен
есептеу және оның әрқайсысына сәйкес түсіндірмелер келтіру және есептеулер
жүргізудің қандай да 6ip сатысындағы аралық нәтижелердің қалай шығатыны,
сондай-ақ ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, олардың бәрін
жазып жаттығуға уақыт жұмсалмайды. Мұнда оқушылар өздерінің игерген
білімдерін әр алуан жағдайларда қолдануға машықтанады және соған сәйкес іc
- әрекет орындауды үйренеді. Демек, оқушының өзінің еркін игерген 6ip
есептеу тәсілін қолдану жеткілікті болып табылады. Ал сол тәсілдердің
ішінен барынша тиімдісін іріктеп алуға балаларды үйретудің де мүмкіндігі
мол.
Есептеу тәсілдерін тиімдірек тұрғысынан бағалау бұл жағдайда оқушылар
қай тәсілді еркін және сенімді игеруіне қарай жүргізілуі тиіс. Ал
әдістемелік тұрғыдан алғанда осы тәсілдердің бәрінен де тиімдірек бірдей
деңгейде деуге толық негіз бар. Дегенмен оқушыларда ілгеріде есептеу дағды-
ларын қалыптастыру мақсатында сандарды разряд бойынша (бірліктерді,
ондықтарды т.с.с. ) қосу мейлінше дұрыс болады. Ceбeбi, қосуды жазбаша
орындағанда осылайша жасауға тура келеді және қосқанда ондықтан аттаудың
ережесін нақты көрсету мүмкін болады. Бipaқ та ауызша есептеулерді
орындағанда қандай да 6ip тәсілді қолданудың керектігін оқушыларға әрдайым
міндеттеу дұрыс емес. Оқыту мақсатына және материалдық оқытылу сатысына
қарай сәйкес тәсілді қолдануға оқушыларды машықтандыру кезінде солай
жасауға болады. Ал бірнеше тесілді иrepin, қалаған тәсілмен дұрыс есептесе,
сол жеткілікті.
Ауызша есептеу тәсілдері арифметикалык амалдардың кестелік жағдайлары
мен амал алгоритмдерін оқытуды байланыстыратын және жалғастыратын "кесте"
icпeттec. Есептеудің ауызша тәсілдерінде амалдардың кестелік нәтижелерін
табу дағдылары анықтала түседі және оқушылар сондай тәсілдерді қарастыру
барысында амал алгоритмдерін енгізуге біршама әзірліктен өтеді. Ал алгоритм
енгізгеннен кейін оның аралық кезеңдерін ауызша есептеу тәсілдеріне
негіздей отырып, кейбір нәтижелерді табу, амалдарды орындауда уақыттың
үнемделуіне себеп болады.
Демек, ауызша есептеулерді кестеден тыс жағдайларда орындау
дағдылары, амал алгоритміне сәйкес дағдылардың кұрамды бөліміне енеді.
Сондықтан тәжірибеде, әcipece амал алгоритмдеріне тірек білім болатын
кестеден тыс ауызша есептеу тәсілдеріне баса назар аударған жөн. Мысалы,
eкі таңбалы кез келген саннан 6ip таңбалы санды азайту; eкі таңбалы
сандарды ондықтан аттамай қосу мен азайту, үш және төрт таңбалы сандарды
қосу мен азайту; екі таңбалы санды 6ip таңбалы санға көбейту; санды 6ip
таңбалы санға қалдықпен бөлу; 6ip таңбалы бөліндіні сынап көру арқылы табу,
мүмкін болатын жағдайларда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу; санды
10, 100, 1000 сандарына көбейту және бөлу сияқты ауызша есептеулер
жүргізуге машықтандыру - оқушының арифметикалык амалдар алгоритмдерін де та-
бысты игеруіне негіз қалайды.
Жалпы алғанда, кестеден тыс есептеу тәсілдерінің кезеңдері мен
ерекшеліктері қарастырылған соң, әрмен қарай есептеу жұмыстарын орындау,
амалдардың кестелік мәндерін табу жаңа өзгерген жағдайда icкe асады да,
сәйкес дағды жетіле түседі. Дегенмен, олардан қате жіберетін оқушының осы
кезде қосымша жүктемеге кіріктірілуі мүмкін және жаңадан енгізілген есептеу
тәсілін игеруінде қиындық туып, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кейінірек
бұзылады. Сондықтан амалдардың кестелік мәндерін табуды еркін игерген
оқушыны есептеу тәсілдерінің жаңа түрлерін де дұрыс меңгеріп кетеді деуге
толық негіз бар.
Осы мақсатта әp6ip сабақтың құрамды бөлімі болып есептелетін ауызша
жаттығулар жүйесіне сәйкес тапсырмаларды әрдайым енгізу керек болады.
Мұндай жаттығулардың мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтуы мүмкін:
санның құрамы, сандар қатарын түрліше жолдармен анықтап алу, амалдардың
дербес және ерекше жағдайлары ( а + 0, а - а, а -1, а :1, 0 • а, а : а,
а • а ), қосу мен көбейту кестелері және азайту мен бөлудің сәйкес
жағдайлары қарастыру[14].
Сондай-ақ оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктер кестеден тыс ауызша
есептеу тәсілдерін, арифметикалық амалдардың алгоритмдерін оқытып үйретуге
қажетті негіздерін бағдарлама талабы деңгейінде болмағандығын білдіреді. Ал
онсыз жаңадан енгізілетін есептеу тәсілдерін шамалы уақыт ішінде
оқушылардың игеріп кетуі мүмкін емес. Сондықтан бұл ауызша есептеу
тәсілдерінің мән-мазмұнын және оның кезеңдерін оқушылардың табысты
игеруінің алғы шарты болып табылады. Ал, ауызша көбейту және бөлу
мәселесіне келетін болсақ.Онда оның міндеттері:
1. Арифметикалық амалдардың қасиеттерімен оқушыларды таныстыру (санға
көбейту және бөлу) және ауызша есептеу барысында қолдана білу.
2. 100 көлеміндегі екі таңбалы санды бip таңбалы санға және 6ip
таңбалы санды екі. таңбалы санға ауызша көбейту және eкі таңбалы санды 6ip
және екі таңбалы санға бөлу тәсілдерін меңгеру.
3. Кестелік көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту.
4. Оқушыларды қалдықпен бөлу жағдайларымен таныстыру және ережелерін
меңгерту.
5. Қалдыкпен бөлу және амалдардың орындалу ретін тексеру дағдыларын
қалыптастыру.
6. "Қалдықпен бөлу" тақырыбын оқытудың машықтық
маңызын түсіну: арифметикалық амал ретінде оқушылардың
бөлу туралы білімдерін тереңдету және кеңейту; жаңа жағдай-
лар үшін көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын қолданy [12].
7. Оқушыларды жазбаша бөлуге үйретуге алдын ала дайындау болып табылады.
Ауызша көбейту және бөлу тәсілдерінің теориялық нeгiзi - қосындыны
санға көбейту және бөлу.
Бастауыш буын математикасында 0 - мен 1 қатысатын бөлу мен көбейту
жағдайларында сәйкес сөздік тұжырымдамаларды ғана беру жеткілікті.
Мысалы:
1. а) 1 - 3 = 1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz