12 жылдық білім беру – қазақ мектебінің болашағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ - ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ БОЛАШАҒЫ

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе.

2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезеңдеп көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңарту көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы өткен алқа мәжілісінде мақұлданды.

Оқытудың І сатысында балалар мектепке 6 жастан барады. Психологтардың зерттеуі бойынша, 7 жасар балаларға қарағанда 6 жасар баланың зейіні тұрақты болғанымен, қабылдауы жылдам, қимылы шапшаң. 6 жастан оқыту біздің оқыту жүйеміздің тәжірибесінде бұрынан бар.

Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлауға жетелейтін, жеке бас гигиенасымен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру басты мақсат болып табылады.

ІІ сатыдағы білім мазмұны оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына игі ықпал ететін дайындық кезеңі мен педагогикалық, психология-педагогикалық, ақпараттылық және ұйымдастырушылық ұстанымдардын тұрады.

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын ІІІ сатының негізгі мақсаты - оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналыда жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуетімен оқу -әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, ІІІ сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

  • Бір бейінді мектеп - бір бейінді оқытуды іске асырады;
  • Көп бейінді мектеп - бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастырады;
  • Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мектептердегі бейінді оқыту сыныптары ашылады;
  • Өңірлік ресурстық орталық - материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер беіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар жоғарғы оқу орны, колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылады.
  • Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің жоғары оқу орны, облыстық БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.

Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:

  • Ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-интернат.
  • Интернат типіндегі пансионат - шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына қарай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.

Бейіндік мектептің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері оқушының өмірлік жолын жобалауда субьективті қатынасының жоғарғы сатылығы, таңдаған бейіндік оқытуға өзінің қабілеті мен қажетіне сәйкес қанағаттылығы болады.

12 жылдық оқыту жүйесіне байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерді саралай келсек халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе - бала жасына байланысты. Қазіргі оқыту жүйесінде бала 7 жастан мектепке барып 16-17 жасында орта мектепті аяқтайды, ал 12 жылдық жағдайында бала 6 жастан мектепке барса 16-17 жасында мектепті бітіреді.

Мұндағы басты артықшылық баланы тек қана білім алып ғана қоймай бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардың оқушылары жоғарғы оқу орнында алғашқы курстарда алатын білім негіздерімен мектеп қабырғасында қамтамасыз етілетін болады.

Осыған сәйкес жоғарғы оқу орындарының білім стандарттары өзгереді.

Сонымен, 12 жылдық білім беру еліміздің білім беру саласын көркейтуге үлкен үлес қосады, қазақ мектебінің болашағын айқындайды деген сенімдеміз. Халқымыздың үдесінен шығып, үмітін ақтау үшін сізбен біз біртұтас ынтымақтастықта, жауапкершілік бірлікте, ортақ түсіністікте болуымыз шарт. Ортақ ісіміз абыройлы болып, жемісті нәтижесін көрсетсін деп тілейік.

І САТЫ ІІ САТЫ НЕГІЗГІ ІІІ САТЫ ЖАЛПЫ

БАСТАУЫШ БІЛІМ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

БЕРУ 1-4 СЫНЫПТАР 5-10 СЫНЫПТАР 11-12 СЫНЫПТАР

4 ЖЫЛ 6 ЖЫЛ 2 ЖЫЛ

ЖАРАТЫЛЫС-МАТЕМАТИКАЛЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің негізінде мынадай түбегейлі жаңа тұжырымдамалық негіздер жатыр:

- мектеп бітірушілерінің тұлғалық сапалары ретінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау арқылы білім беру жүйесінің «шығуын» реттеу;

- мектептік білім берудің түрлі деңгейдеріндегі тұлғаның даму дәйектілігін сипаттайтын оқътудан күтілетІн нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін кұру;

- «дайын білімдерді алушы» баяу оқушыға жасалған акцентті оқушы-танымдық процестің белсенді субъектісі акцентіне ауысуын көздейтін мектептік іс-әрекетгің негізгі процесі ретінде оқудың рөлін күшейту;

- негзгі кұзыреттілікгерді, білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеру жөніндегі оқушылардьң оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім беру жүйесі мен мекгептің, оқушылардың даму динамикасын бакылауға бағдарланған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;

-жоғарғы мектепте бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының тұлғалық бағдары мен вариативтілігі;

- педагогикалық саралау мен бейіндендіру негізінде жеке білім алу траекториялары бойынша оқыту процесіндегі оқушылардың табысты

әлеуметтенуін қамтамасыз ету;

- жалпы орта білім берудің кұрьлымы мен мазмұнының білім берудің әрбір денгейіндегі психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы
Тәлім тәрбие құндылықтары
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Ыбырай бастаған баспа
Зәки Уәлиди Тоған
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі
Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі
Бейіндік оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz