Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым



І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым . психологияға түсінік
2. Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым .психологияға түсінік
3. Қазіргі таңдағы бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан алуан сезім, аффективтык, интеллектуәлді, басқа да туа біткен функтсияларымен бірге сыртқы өртәмен өзәрә әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құліғын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теөрияліқ және прәктикаліқ бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терәпевттік, қоғамдық, касіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теөлогияліқ. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субективттык структурәнің, сыртқы ортаны байімдәумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Жоғарыда аталған үш жаңа бағыт ХХ ғасыр психологиясында ескіден келе жатқан ғылымдық көзқарастармен қатар жүріп отырды. Э.Толмен және К.Халл еңбектерінде бихевиоризм өзінің дәуірлеу шыңына жетті.
1. Ж.Аймауытов. Психология (оқу қүралы). Алматы, 1994.
2. Ж.Аймауытов. Жан жүйесі және өнер таңдау. Мәскеу, 1926.
3. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы, 1992.
4. Ә.Алдамұратов, М.Муканов. Психология пәніне лабораториялық-практикалық сабақтар. Алматы, 1978-79.
5. А.Әбдірахманов, Қ.Жарықбаев. Психологиялық орысша-қазақша сөздік.
Алматы, 1976.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын
зерттейтін ғылым – психологияға түсінік
2. Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
–психологияға түсінік
3. Қазіргі таңдағы бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан алуан
сезім, аффективтык, интеллектуәлді, басқа да туа біткен функтсияларымен
бірге сыртқы өртәмен өзәрә әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-
құліғын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теөрияліқ және
прәктикаліқ бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан:
терәпевттік, қоғамдық, касіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және
теөлогияліқ. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субективттык
структурәнің, сыртқы ортаны байімдәумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-
әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Жоғарыда аталған үш жаңа бағыт ХХ ғасыр психологиясында ескіден келе
жатқан ғылымдық көзқарастармен қатар жүріп отырды. Э.Толмен және К.Халл
еңбектерінде бихевиоризм өзінің дәуірлеу шыңына жетті. Генетальтпсихология
К.Левин зерттеулерінде жалғасын тауып, ал тұңғиық психологиясы З.Фрейд және
оның шәкірттерінің шығармаларында ғылыми сипаттамасын алды. ХХ ғасырдың
бірінші жартысында қолданбалы психологияның арнайы салалары өмірге келді.
Психология енді “таза” ғана ғылым болып қалмастан, өмір, тұрмыс
тәжірибесінде қолданылатын құралға айналды: еңбек психологиясы, медицина
психологиясы, педагогикалық психология т.с.с. Қолданбалы салалармен қатар
психологияның жаңа ғылыми өрістері ашылды: психофизиология, әлеуметтік,
жас, дифференциалды психология және т.б.
ХХ ғасырдың екінші жартысында психологияға үлкен әсер тигізген ғылыми-
техникалық революция еді. Зерттеулер енді математика, кибернетика, ақпарат
теориясының әдістерін қолданумен, биология мен медицинаның ең соңғы
жетістіктерін пайдалана бастады. Қазақстанда көп жылдардан бері психология
өзіне тән қалыптасып келеді.

Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін
ғылым – психологияға түсінік
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикамыздың жастарының психологиялық
жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға
қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған
мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа
ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы
секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл
феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат
әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің
бірден-бір жол ретінде, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсаты-
табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік,
жауапкершіліктік қасиеттерін  қалыптастыру процесіне көмек ету болып
табылады.
Профилактика — бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін
кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық
педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу
профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да
асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын
жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты
бағытталған әсердә болжайды.  Бұл  анықтамаларды  өз  жұмыстарында 
көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез  адамдардың  тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары
болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік
жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың
өзіндік мінез-құлыктарының  ерекшеліктері  болатындығы — тарихи шындық және
объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан
ерекшеленігі  тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин
еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап
көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен
кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға
деген достығы және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық,
сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ  олардын, бойында өзге де мінез-құлық,
сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне
деген шексіз сүуйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі,
меймандостығы мен балажандығы, өмірдің  қиыншылықтары  мен әділетсіз
істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті,
еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып
табылады.

Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым –
психологияға түсінік
Психология – жануар мен адам жанының (психика) пайда болу, даму
және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жан құбылыстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүниииие заттары
мен нәрселерінің мидағы әр турлі бейнелері болып табылады. Түйсік,
ой, сезім, елес, қабілет, қызығу, мінез т.б - осындай бейнелер түрінде
көбімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде қолданылатын
сөздер. Бұлардың мән-мағынасы мен заңдылықтарын психология пәні арқылы
танып-біліп, ұғынуға болады. Психология термині гректің екі сөзінен
тұрады. Оның біріншісі, псюхия (қазақша жан) логия немесе логос (қазақшасы
ілім-білім). Сөйтіп бұл сөз жан туралы ілім дейтін түсінікті білдіреді.
Бірақ психологияны қысқа түрде жан туралы ілім деп айта салмай өз алдына
күрделі заңдылықтары бар дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз
қажет.
Адамның жан-дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен оларды
белгілі жүйеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен
айтқанда оның психикасы бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді.
Олардың бірі – психикалық процестер бұлер тілімізде жан қуаттары деп
аталады. Жан құбылыстарының тағы бір түрі – психикалық кейіп немесе қалып,
ал үшіншілері кісінің жеке-дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп
аталынады.
Жан қуаттарының бір тобы (түйсік қабылдау, елес т.б.) сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарын тікелей танып-білуде көрінетін болса енді
біреулері (ой, қиял т.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстар мен
дәнекерлі қатынастарды, сапалық өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше
орын алады. Адамның сыртқы ортамен (объективтік шындық) үздіксіз жасалып
отыратын белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері де шешуші рол
атқарады.
Психикалық кейіп немесе қалып бұл адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,
зерігу, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) бірсыдырғы тұрақты белгілері.
Психикалық қасиеттер немесе адамның жеке дара өзгешеліктері бұл бір адамды
екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы, тұрақты
ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінещі мен темпераменті, қабілеті мен
дүние танымы, сенімі мен талғамы, мұраты мен қызығуы жатады. Бұлардың да
қалыптасуында адамның өскен ортасы мен қатар кейбір ұлттық жас өзгешелік,
кәсіптік өзгешеліктері бірсыдырғы орын алады. Адамның негізгі жан қуаттары
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі деңгейдегі бейнелері
болып табылады. Аспанда жұлдыздар жымыңдап бір өшіп бір жанып тұр, оқтын-
оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді. Шөп сыбдыры
баяу ғана құлаққа шалынады. Жас жусанның иісі мұрын жаратындай көлде әлсін
әлі құрбақа бақылдайды. Осы үзіндіде адамның түйсік қабылдау деп аталатын
жан қуаттары жақсы байқалады. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының толып жатқан жеке сапалары мен қасиеттері сәулеленетін
болса, қабылдауда олар мида тұтас зат күйінде бейнеледі. Қабылданған заттар
санамыздан жойылып, өшіп кетпейді. Оларды түрліше жағдайда елестетуге
болады. Мәселен, студент үйіне хат жазып отырып, ондағыларды бет-пішінін,
үй ішіндегі нәрселерді көз алдына түсіре алады. Мұндай жағдайда оның
басында елестету процестері пайда болады. Бұл тікелей қабылданбай тұрған
нәрселер мен заттардың күңгірттеу жалпылама бейнесі. Оқушы саюаққа
дайындалады. Кейін мұғалім сұрағанда ол оқиғаны есіне түсіріп, айтып
береді. Сөйтіп, қажетті нәрселерді есіне сақтайды да қажетсіз, қызықсыз
жәйттерді ұмытады. Бұл жерде ес, жад процестері жайлы айтылып отыр.
Ғалымның жаңадан бір заң ойлап табуы,инженердің машинаның бір
турін ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т.б қиял іске қосады.
Бұрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп, жаңа бейне жасауда
көрінетін жан қуаты-қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу,
заттардың себеп- салдарлық байланыстарын таба білу, болмысты жалпылай
және жанама түрде –ойлау процесінің арқасында болып отырады.
Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау ол адам танымының ең жоғарғы
түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға
басса,оған көңіліміз толып қаттй қуанамыз,жаман нәрсені көрсек
ренжиміз , әділетсіздік іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату,
ұнатпау, уайым, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, қайрымдылық,
инабаттылық т.б.- адамның сан –алуан сезімдері мен эмоциялары.Тіпті
тұрған үйіміздің тазалығы немесе ластығы, астың дәмді немесе дәмсіз
даярлануы да біздің көңілімізде қанағаттандырушылық пен наразылық
сезімдерін тудырады.
Әрекет ету үшін алдымызға мақсат қойып, оны орындау үшін жоспар
сызамыз. Жолда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз.
Көздеген мақсатқа жету үшін барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияға кіріспе
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына сипаттама
Психология туралы түсінік
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
Әскери педагогика құрылымы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Заң психологиясының даму тарихы
Гештальт психологиясының негізгі
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Пәндер