Банкроттық жағдайындағы заңсіз іс-әрекеттер



1 Банкроттық жағдайындағы заңсіз іс.әрекеттер
2 Әдейі банкроттық
3 Жалған банкроттық
4 Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік.құқық бұзушылық
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — банкроттық процесін жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі- несие берушілердің мүліктік мүдделері
Қылмыс заты — мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мәліметтер, мүлік туралы басқадай ақпарат, бухгалтерлік және ұйымның-борышқордың немесе жеке кәсіпкер-борышкордың экономикалық қызметі көрініс табатын басқадай есептік құжаттар.
Бұл қылмыстың объективтік жағы мынадай әрекеттерден көрініс табады: 1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы басқадай ақпаратты жасыру; 2) мүлікті басқаның иелігіне беру; 3) мүлікті иеліктен шығару; 4) мүлікті жою;
5) экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және басқа есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны-қылмыс жасалған жағдай. Бұл банкроттық немесе банкроттықтың болатының алдын ала білу жағдайы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 52 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы - «Банкроттық туралы» Заңының I бабына сәйкес, банкроттық дегеніміз сот шешімімен таңылған, борышқорды таратуға негіз болатын оның шамасының жоқтығы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Банкроттық жағдайындағы заңсіз іс-әрекеттер
Бұл қылмыстың тікелей объектісі —банкроттық процесін жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі- несие берушілердің мүліктік мүдделері
Қылмыс заты —мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мәліметтер, мүлік туралы басқадай ақпарат, бухгалтерлік және ұйымның-борышқордың немесе жеке кәсіпкер-борышкордың экономикалық қызметі көрініс табатын басқадай есептік құжаттар.
Бұл қылмыстың объективтік жағы мынадай әрекеттерден көрініс табады: 1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы басқадай ақпаратты жасыру; 2) мүлікті басқаның иелігіне беру; 3) мүлікті иеліктен шығару; 4) мүлікті жою;
5) экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және басқа есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны-қылмыс жасалған жағдай. Бұл банкроттық немесе банкроттықтың болатының алдын ала білу жағдайы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 52 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы - Банкроттық туралы Заңының I бабына сәйкес, банкроттық дегеніміз сот шешімімен таңылған, борышқорды таратуға негіз болатын оның шамасының жоқтығы.
Банкроттықтың ңегізі —шамамен жоқтық, яғни жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға борышқордың еңбек Шарты боиынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп ажыратуға, ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілер талабын қанағаттандыруға, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі (ҚР Азаматтық қодексінің 52-бабының 2 тармағы және Банкроттық туралы ҚР Заңының 1-бабы).
Борышқорды банкрот деп танығаннан кейін несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру және банкротты (қабілетсіз борышқорды) борыштардан бос деп жариялау мақсатыңда конкурстық іс —процедура жүзеге асырылады. Бұл қылмыстың объективтіқ жағын құрайтың әрекет не конкурстық іс процесінде, не борышқордың банкроттығын конкурс бойынша тану немесе жариялау процесінде, сондай-ақ борышқорды банкрот деп танығанға дейін, яғни банкроттықтың алдында жасалынуы мүмкін.
Өзінің конструкциясы жағынан бұл құрам материалдық. Мөлшері КК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген ірі зиян келтірген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы —не тіке, не жанама ниет түріндегі кінә. Айыпты адам банкроттық кезінде немесе оның алдында заңсыз әрекет жасап отырғанын түсінеді, несие берушілерге ірі зиян келтіруі мүмкін екенін алдын ала біледі және оның болуын қалайды немесе біле тұра оған жол береді не немқұрайды қарайды.
Бұл қылмыстың субъектісі —басшы, борышқор —ұйымның иесі, жеке кәсіпкер.
Осы баптың 2 бөлігіне сәйкес басшы, борышқор —ұйым иесі жеке кәсіпкер, өзінің шамасыз екендігін біле тұра және де өзі ірі зиян шектірген басқа несие берушілерге зардабы тиетініне қарамастан, кейбір несие берушілердің мүліктік талабын заңсыз қанағаттаңдырса, бұл қылмыстың сараланған нышаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңына сәйкес несие берушілердің банкротқа қойған талабын қанағаттандыруды, конкурстық істі жүргізу үшін белгіленген тәртіпте тағайындалған адам —конкурстық жетекші жүзеге асырады. Заңның 75 бабында бес кезек белгіленген. Әр кезектін талабы алдыңғы кезектін талабы толық қанағаттандырылғаннан соң қанағаттандырылады (76-баптың 1 бөлігі). Қарастырылып отырған қылмысты жасағанда бұл тәртіп сақталмайды.
Бұл қылмыста материалдық құрам бар, яғни ол ірі зиян келтірген кезден бастап аяқталған болып саналады.
Әдейі банкроттық
Бұл қылмыстың тікелей объектісі —банкроттық процесін іске асырумен байланысты туындайтын қоғамдык қатынастар.
Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы"—төлем қабілетсіздігін жасау немесе ұлғайту түріндегі белсенді әрекеттер, ірі зиян түріндегі қоғамға кауіпті салдарлар және әрекет пен салдар арасындағы себептік байланыс.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңының 1 бабына сәйкес, борышқор мүлкін иемденушінің немесе борышқор —заңды тұлға органдарының өз мүдделері немесе басқа адамдардың мүдделері үшін борышқорды қасақана төлем қабілетінен айыруы —әдейі банкроттық деп танылады. Әдейі банкроттықтың негізгі нышандары —төлем қабілетсіздігі, яғни орындау мерзімі келген ақшалық міндеттемелерді және ақшалық сипаттағы басқа талаптарды орындауға борышқордың қабілетсіздігі.
Бұл қылмыстың құрамы—материалдық. Ірі зиян келтірілген немесе басқадай ауыр зардап шеккен кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Қылмыстың субъективтік жағы —тікелей немесе жанама ниет түріндегі кінә. Төлем қабілетсіздігін жасағанын немесе ұлғайтқаның айыпкер біледі, ірі зиянның немесе басқа ауыр зардаптың боларын алдын ала болжайды, бұл салдардың болуын қалайды не оған әдейі жол береді немесе оған немкұрайды қарайды.
Субъективтік жақтың міндетті нышаны —себеп. Айыпкер бұл қылмысты өз мүддесі немесе басқа адамның мүддесі үшін жасайды.
Қылмыстың субъектісі —жасы 16-ға толған басшы, коммерциялық ұйымның иесі немесе жеке кәсіпкер.
Жалған банкроттық

Бұл қылмыстың тікелей объектісі-банкроттық процесін жүзеге асырумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 52 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Банкроттық туралы Заңының 1 бабына сәйкес банкроттық дегеніміз —сот шешімімен танылған, борышқорды таратуға негіз болатын оның шамасының жоқтығы.
Банкроттыққа борышқордың шамасының жоқтығы, яғни кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның несие берушілердің ақшалық міндеттемелер бойынша талабын қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеу үшін есеп жасауға, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға беретін міндетті төлемдерді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі негіз болады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 52 бабының 2 тармағы және Банкроттық туралы ҚР Заңының 1 бабы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 53 бабының және 3 тармақтарына және Банкроттық туралы Заңның бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес банкроттық:
борышқордың сотқа- берген арызы негізінде ерікті;
несие берушілердің немесе осы Заңмен уәкілеттік берілген адамдардың сотқа берген арызы негізінде мәжбүрлі болуы мүмкін.
Бұл қылмысты жасағанда айыпты адам банкроттықты танудың ерікті жолын пайдаланады.
Қосымша объект —несие берушілердің мүліктік мүддесі.
Несие беруші —борышқорға мүліктік талабы бар адам, ол талап борышқордың азаматтық-құқықтық және басқа міндеттемелерінен туындайды, оған еңбекақы төлеу, авторлық сыйақы төлеу, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлем беру міндеттемелері де кіреді (Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңының 2-бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш нышанмен сипатталады: әрекет нысанындағы қылмыстық іс-әрекетпен, қоғамға қауіпті салдардың келуімен және әрекет пен қоғамға кауіпті салдар арасындағы себептік байланыспен, яғни қылмыстын құрамы —материаддық.
Борышқор орган немесе оның мүлкін меншіктенуші несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау
Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Адам және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Оралман отбасы
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Пәндер