«Тіс емдеу факультетінің студенттері үшін» оқу-әдістемелік құралы



Алғы сөз ... ... ... ... 3
Тіс құрылысы ... ... ... ... 4
Тіс ауруларынан сақтану ... . 6
Тіс тасы ... 8
Тіс неліктен қанайды ... 9
Тіс жегі ... . 11
Пульпит
Пародонтоз ... ...16
Периодонтит ... 19
Жедел ағымды периодонтит ... . 20
Альвеолит ... 23
Стоматит ... ... ... 25
Ақыл тіс ... ... ... .27
Тіс жару процесінің дерттері ... .29
Тіс және денсаулық ... ... ... 30
Тіс жұлу операциясы ... ... ... . 32
Тіс жұлу операциясын жасауға болатын және жасауға
болмайтын жағдайлар ... .. 35
Тіс протездері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
Стоматологиядағы деонтология (парызтану) кағидалары . 39
Бақылауға арналған тест сұрақтары ... ..41
Тест сұрақтарының жауаптары .49
Пайдаланылған әдебиеттер
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып бөлінеді. Ал тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс, бұл адамға 17-25 жас аралағында шығады.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі, екі түбірлі және үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азулары үші түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.
Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.
Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер шыға бастайды. Бұл сүт тістер деп аталады. Бала екі жасқа келгенде оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа дейін аяқталады. Адам 17-19 жасқа келгенде ең соңғы жұп-азу тістер, ақыл тіс шыға бастайды.
Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен (креукемен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол жұмсақ ұлпа - пульпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске қоректік заттар, ал жүйке талшықтары оған сезімталдық қасиет береді.
1. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004.
2. Доскеев Б.Ж. Қазақ тілі. – Медициналық оқу орындарына арналған. – Алматы: Қайнар, 2004.
3. Құлмағанбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. – Алматы: Рауан, 2004.
4. Франк В. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік /Русско-казахско-английский предметно-тематический словарь/ Справочное пособие. – Алматы: Рауан, 2000.
5. Уалиева Ж.С. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. – Қарағанды: Учебная книга, 2005.
6. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 1991.
7. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2006.
8. Аманжолов Қ. Өлеңдер мен поэмалар. І том. – Алматы: ТОО Тенгер, 2001.
9. Жұмабаев М. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002.
10. Ресми іс қағаздар. – Астана, 2006.
11. Махмұдов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. – Алматы: Өнер, 2001.
12. Бектуров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Р.А. Абдуллина, А.С. Ержанова

Тіс емдеу факультетінің студенттері үшін

Оқу-әдістемелік құрал

Қарағанды 2009
ӘӨЖ 616:31
ҚБЖ 56+6я7
A 13

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:

Тулеутаева С.Т. – ҚММА стоматология кафедрасының меңгерушісі, доцент,
м.ғ.к.

Головина К.М. - Қарағанды Болашақ университеті қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

Жаликенова Р.С. – ҚММА шет тілі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы

A 13 Абдуллина Р.А., Ержанова А.С. Тіс емдеу факультетінің студенттері
үшін .Оқу-әдістемелік құрал - Қарағанды, 2009 - 51б.

Тіс емдеу факультетінің студенттері үшін оқу-әдістемелік құралы
медициналық мәтіндерден, мәтінге арналған тапсырмалардан, тестерден тұрады,
сонымен қатар грамматикалық тақырыптарды қайталау мақсатында жазба
жұмыстары мен ауызекі сөйлеуді дамыту үшін науқас адаммен сұхбат құрастыру
тапсырмаларына да орын берілген.
Бұл құралды оқу орыс тілінде жүретін топтардың студенттері
пайдалана алады.

Оқу-әдістемелік құрал Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің салалық әдістемелік комиссиясы отырысында
қаралды және мақұлданды 02.04.09ж. №8 хаттама

ҚММА Ғылыми кенесіне шығарылу үшін ұсынылды және бекітілді
28.05.2009ж. №9 хаттама

© Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы ,2009

Алғы сөз

Бұл оқу-әдістемелік құрал медициналық оқу орындарының
стоматология факультетінің студенттеріне арналған. Тақырыптардың мазмұнына
қатысты берілген тапсырмалар үйренушінің сөйлеу тілін, ойлауын жетілдіруге
көмектеседі.
Оқу құралында грамматикалық түсініктер берілмеген, алайда
мәтіндерде кездесетін грамматикалық, лексико-грамматикалық тапсырмалар
өткен материалдарды еске түсіру, қайталау, сауаттылығын тексеру, тіл
заңдылықтарын білу мақсатында беріледі.

ТІСТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

1 - Тапсырма
Тістің құрылысы мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып,
жаттап алыңыз.
пішін-форма
күрек тістер-резцы
ит тістер-клыки
үлкен азу тістер-моляры
кіші азу тістер-премоляры
құрылыс-строение
түбір-корень
тұрақты тістер-постоянные зубы
жұп-пара
ақыл тіс-зуб мудрости
тіс сауыты-коронка зуба
тіс мойны-шейка зуба
сүйек-кость
беку-укрепиться
қапталу-покрываться
қан тамырлары-кровеносные сосуды
қоректік заттар-питательные вещества
сезімталдық-чувствительность

2 - Тапсырма
Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Пішініне қарай, пішініне қарай бөліну, түбірлердің құрылысы,
түбірлердің қүрылысына қарай бөліну, бір түбірлі тістер, екі түбірлі
тістер, екі қатар болып орналасу, алдыңғы тістер шығу, сүт тістер шығу, сүт
тістер түсу, түрақты тістер шығу, соңғы жұп, соңғы жұп шығу, тістің сыртқы
бөлігі, сүйекке бекитін бөлігі, тістің үсті, эмальмен қапталу, тістің асты,
тістің іші, тістің іші қуыс, сезімталдық қасиет беру.

3 - Тапсырма
Мәтінді оқып,орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығыңызға, ерекше
дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер
болып бөлінеді. Ал тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс, бұл адамға 17-25 жас
аралағында шығады.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі, екі
түбірлі және үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек
тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азулары үші түбірлі, ал
астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.
Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ
сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16-дан тіс
болады.
Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер
шыға бастайды. Бұл сүт тістер деп аталады. Бала екі жасқа келгенде оның
аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері
түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-
14 жасқа дейін аяқталады. Адам 17-19 жасқа келгенде ең соңғы жұп-азу
тістер, ақыл тіс шыға бастайды.
Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін
мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің
үсті ақ түсті зат-эмальмен (креукемен) қапталады, оның астында қатты зат
дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол жұмсақ ұлпа - пульпадан құралады, оның
арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске
қоректік заттар, ал жүйке талшықтары оған сезімталдық қасиет береді.

4 – Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тістер пішініне қарай қалай бөлінеді?
2. Тістің соңғы жұбы қалай аталады?
3. Ақыл тіс қашан шығады?
4. Тіс түбірлердің құрылысына қарай қалай бөленеді?
5. Сүт тістер қашан шығады?
6. 2 жаста баланың тісінің саны қанша болады?
7. Тұрақты тістер қашан шығады?
8. Тістің жалпы құрылысын қалай баяндайсыз?

5 - Тапсырма
Оң бағанадағы етістіктер мен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ
арқылы) сөз тіркесін жазыңыз.

пішініне қарай орналасу (қайда?)
тұрақты тістер түсу (нелер?)
арасынан беру (не?)
сүт тістер шығу (нелер?)
қоректік заттар бөліну (қалай?)
жақ сүйекте өту (қайдан?)

6 - Тапсырма
Мәтіндегі сын есімдердің қолданылуы қалай? Сын есімдерді теріп жазыңыз,
олардың жасалу жолын түсіндіріңіз. Қандай сөздерден (сын есімдерден) шырай
формаларын жасауға болады?

7 - Тапсырма
Тіс құрылысы мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
ТІС АУРУЛАРЫНАН САҚТАНУ

1 – Тапсырма
Тіс ауруларынан сақтану мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен
танысып, жаттап алыңыз.
ас-пища; еда
тістің беті-поверхность зуба
қорытылу-перевариваться
сау-здоровый
жеке-отдельный
байланысты-связано
беріктік-прочность
алдын алу шаралары-меры профилактики
арттыру-повысить
көлденең-(поперек) горизонтально
тігінен-вертикально
қыл-щетина
кебу-высохнуть
шаю-полоскать
жаңалау-обновить
қамтамасыз ету-обеспечить
түйреуіш-булавка
ине-иголка

2 – Тапсырма
Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтау,
әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза
ұстау, тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын тазалау, көлденең ысқылау,
тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, тіс ауруларын дер кезінде емдету,
дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.

3 - Тапсырма
Берілген Тіс ауруларынан сақтану мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Оқу жылдам-дығыңызға, ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер -
микробтардың жиналатын орны. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің
өзіне байланысты. Құрамында дәрумені және минералды тұздары мол тағамдармен
тамақтану тістің беріктігін арттырады. Ауыз құысын әрдайым таза ұстау
керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ
қалдықтары тұрып, уақытында тазаланбаса шіри бастайды. Сондықтан тамақ
ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарынан тазартып
отырған дұрыс. Ал тісті пастамен тазалау күніне екі реттен кем болмауға
тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлденең, содан соң тігінен
ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті
тазалып болған соң, ауызды сумен жақсылып шаю керек. Сондай-ақ, тіспен
қатты нәрсені шақпау, түйреүіш, ине сияқты заттармен тазаламау керек. Тіс
тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң
щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің
жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті
және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің
кеңестерін және алдын алу шараларын орындау - тістің жақсы сақталуын
қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер
ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым - стоматология, ал дәрігер -
стоматолог деп аталады.

3 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ауру тістер нелердің жиналатын орны?
2. Тістің беріктігін не арттырады?
3. Қай кезде тіс шіри бастайды?
4. Тісті күніне неше рет тазалау керек?
5. Тісті толық тазарту үшін қалай ысқылайды?
6. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?
7. Тістің сынған, ауырған жерін кім емдейді?

4 - Тапсырма
Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтау,
әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза
ұстау, тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын тазалау, көлденең ысқылау,
тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, тіс ауруларын дер кезінде емдету,
дәрігердің кеңестері, дэрігердің кеңестерін орындау.

5 - Тапсырма
Оң жақтағы етістіктермен сол бағанадағы сөздерден сурақ арқылы сөз
тіркесін жасаңыз.
дер кезінде аман сақтау (неден?)
қунарлы тамақпен арттыру (нені?)
инемен тазарту (нелерден?)
аурулардан емдету (қалай?)
тістің беріктігін тазаламау (немен?)
ас қалдықтарынан тамақтану (немен?)

6 - Тапсырма
Стоматолог-дәрігер ретінде емделушіге қандай кеңес бересіз?
Кеңестеріңізді дәптерге жазып көрсетіңіз.

ТІС ТАСЫ

1 – Тапсырма
Тіс тасы мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап
алыңыз.
тамақ құрамы-состав еды
айналасы-вокруг
бара-бара-со временем
қатаю-затвердеть
түзілу-образование
күлгін-фиолетовый
тітіркендіру-раздражать
ығыстыру-теснить; вытеснение
қысу-теснить; давить
емделу-лечиться
ұшырату-подвергать
жарақаттау-травмировать
өзгеріске ұшырау-изменение (трансформация)
тығыз-плотный
тереңге бойлау-углубляться
жасуша-клетка
тін-ткань

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыз.
Тісті үнемі тазарту, тісті үнемі щеткамен тазарту, тамақтанған соң,
ауыз қуысын шаю, дұрыс орналасу, дұрыс орналаспау, пломба дұрыс қойылу,
пломба дұрыс қойылмау, тамақ құрамы, тамақ құрамының дұрыс болмауы, әртүрлі
дәрежеде, қызыл иек үстінде, қызыл иек астында, қабынуға әкелу, тістің
босауы, тістің түсуі, эпителий жасушалары, бүкіл ағза, бүкіл ағзаны
уландыру, бүкіл ағзаны зақымдау.

3 - Тапсырма
Тіс тасы мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға
мән беріңіз.

Тісті үнемі щеткамен тазартып отырмаса, тамақтанған соң ауыз қуысын
шайып жумаса, тістердің айналасына әртүрлі бактериялар жиналады. Ол бара-
бара қатайып, тіс тасына айналады. Тіс тасының пайда болуына, сондай-ақ
тістердің дұрыс орналаспауы, пломбаның дұрыс қойылмауы, ортопедиялық
конструкцияның нашарлығы және тамақ құрамының дұрыс болмауы әсер етеді. Тіс
тасы ересектердің барлығында әртүрлі болады:1) қызыл иек үстіндегі тіс
тасы; 2) қызыл иек астындағы тіс тасы.
Қызыл иек үстіндегі тіс тасы күлгін сары түсті болады. Бұл тіс тасы
қызыл иекті тітіркендіріп, қабынуға әкеледі. Кейде ол үлкейіп, қызыл иекті
ығыстырып, қыса бастайды. Осылай сол жердегі тіндерді жарақаттайды. Тіпті
тістің қуысын да зақымдайды. Егер бұл процесс ұзаққа созылса, тіс
альвеолдары өзгеріске ұшырап, тіс босап, түсіп қалады.
Қызыл иек асты тіс тасы жасыл түстен қара түске дейін өзгеріп
отырады.Бұл тіс тасы өте тығыз болады. Қызыл иек асты тіс тасынан болған
қабыну біртіндеп тереңге бойлайды да, эпителий жасушаларын эрозияға
ұшыратады, қызыл иекті іріңдетеді.
Тіс тасындағы әр түрлі микробтар тек сол жерді қабындырып қоймай, бүкіл
ағзаны уландыруы, зақыдауы мүмкін. Сондықтан тіс тасы пайда болысымен тіс
дәрігеріне қаралып, емделу қажет.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тіс тасы қалай пайда болады?
2. Тіс тасының пайда болуына тағы не себеп болады?
3. Тіс тасы нешеге бөленеді? Қалай аталады?
4. Қызыл иек үстіндегі тіс тасы қандай болады? Оның қандай зияны бар?
5. Қызыл иек астындағы тіс тасы қандай болады?
6. Қызыл иек асты тіс тасынан болған қабынудың қандай зияны бар?
7. Тіс тасының ағзаға қандай қаупі бар?

5 - Тапсырма
Болашақ тіс дәрігері ретінде пациентіңізге тіс тасының пайда болу
себептерін айтып беріңіз.

6 - Тапсырма
Тіс тасының адам денсаулығына қандай зиян келтіретіні туралы абзацты
тағы бір рет оқып, өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

ТІС НЕЛІКТЕН ҚАНАЙДЫ

1 – Тапсырма
Тіс неліктен қанайды? мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен
танысып, жаттап алыңыз.
сирек-редко
әдетте-обычно
қышу-зуд
жалаңаштану-обнажиться
байқау-наблюдать
күтім-уход
маңай-вокруг
қан айналысы-кровообращение
тіс тасын алғызу-удаление зубного камня
нығайту-укрепить
нәтижесінде-в результате
жетіспеушілік-нехватка; недостаток
тамақтану тәртібі-режим питания

2 - Тапсырма
Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Тіс тазалағанда, тіс шайғанда, алма тістегенде, сирек қанайтын тіс, жиі
қанайтын тіс, тістің босауы, тістің түсуі, тіс мойны, тіс мойнының
жалаңаштануы, ауыз қуысының күтімі, тіс тасының түзілуі, тіс пастасы, тіс
пастасымен тазалау, тіс пастасымен күніне екі рет тазалау, массаж жасау,
қызыл иекте массаж жасау, тіс маңайы, тіс маңайындағы тіндер, тіндердің қан
айналымы, қызыл иекке протездің қойылуы, қызыл иекке протездің дұрыс
қойылмауы, дұрыс қойылмаудың нәтижесінде, дәруменнің жетіспеушілігі, астың
құрамы.

3 - Тапсырма
Оң бағанадағы етістіктер мен сол бағанадағы сөздер арқылы сөз тіркесін
құраңыз.
протез нығайту
тас ұмыту
ауыз қуысын түсу
ауыз шаюды қою
қызыл иекті түзілу
тіс күту

4 - Тапсырма
Төменде берілген Тіс неліктен қанайды мәтінін оқып шығып, орыс тіліне
аударыңыз. Оқу жылдамдығына, ерекше дыбыстардың айтылуына мән беріңіз.

Кейде тіс тазалағанда қызыл иекте қан пайда болғанын байқаймыз. Әдетте
тіс сирек қанайтын болса, ол туралы ұмытып кетеміз. Бірақ қызыл иек қышыса,
тіс босаса бұл жайды еске аламыз. Қызыл иекте қалта пайда болғанда, тіс
мойны жалаңаштанғанда тіс жиі қанайтын болады. Бұл тістің босауына, тіпті
түсуіне әкеледі. Бұдан басқа да тістің қанауының көптеген себептері бар.
Соның бірі - ауыз қуысы күтімінің нашар болуы мен тіс тасының түзілуі.
Қызыл иек қанамау үшін, біріншіден тіс тасын алғызу керек, екіншіден
тісті күніне 2 рет тіс пастасымен тазалау керек, сосын 3-5 минуттай
саусақтармен қызыл иекке массаж жасау керек. Массаж - маңайындағы тіндердің
қан айналысын жақсартып, қызыл иекті нығайтады. Ауызды қайнаған сумен шаю
қажет. Тістің қанауы, қызыл иекке тіс сауыты мен протездің дұрыс
қойылмауының нәтижесінде болуы мүмкін. Сондай-ақ, тістің қанауы ағзадағы
дәрумендердің жетіспеушілігінен де болады. Сондықтан егер сіздің қызыл
иегіңіз қанайтын болса, тамақтану тәртібін дұрыстаңыз. Астың құрамында сүт,
өсімдік өнімдері, әсіресе, жеміс-жидек көбірек болғаны дұрыс.

5 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қай кезде тіс қанайтын болады?
Тіс қанауының тағы қандай себептері?
Тіс қанамау үшін не істеу керек?
Массаждың қандай пайдасы бар?
Астың құрамында нелер көбірек болғаны дұрыс?

6 - Тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз. Мәтін соңында керекті сөздер қоса
берілген.
1. Тіс тазалағанда кейде ... қан байқалады. 2. Қызыл иек
жалаңаштанғанда тіс ... . 3. Егер жиі қанайтын болса, онда тіс ... мүмкін.
4. Қызыл иек қанамау үшін ... күту керек. 5. Массаж-... тіске өте пайдалы.
6. Саусақтармен қызыл иекте 3-5 минуттай ... жасау керек. 7. Тіс сауыты ...
қойылмаса да тіс қанайды.
(Керекті сөздер: мүмкін, ауыз қуысын, қанауы, қызыл иекте, түсуі,
қанайды, жасау, массаж, дұрыс)

ТІС ЖЕГІ

1 - Тапсырма
Тіс жегі мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап
алыңыз.
тіс жегі-кариес
құрам-состав
бүліну-разрушиться
созылу-затянуться; растянуться
бұзылу-повреждение; порча
түйісетін жер-место стыковки
дақ-пятно
жұмсару-смягчение
улы заттар-ядовитые вещества
зардап-тяжелые последствия
жансыздану-онемение
шіру-гнить
сыздап ауыру-ноющая боль
сасық ірің-гной с неприятным запахом
әсер-влияние
сөйтіп-таким образом

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен
орыс тіліне аударыңыз.
Тіс ауруларының ішінде, тіс жегінің салдары, эмалі бүліну, дентині
бүліну, цемент қабаттары бүліну, ұзақ уақытқа созылу, химиялық құрамы,
химиялық құрамы бұзылу, қоныр дақ түсу, дентин қабаты бұзылу, тез даму,
тәтті тағам, қышқыл тағамдар, щеткамен тазалау, дәрі пайдалану, қуысын
тазарту, қуысына пломба салу, микробтар жиналу, ірің бөліну, әлсіздік пайда
болу, лимфа бездері үлкею.

3 – Тапсырма
Тіс жегі мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға
мән беріңіз.

Тіс ауруларының ішінде ең көп және жиі кездесетіні кариес. Оны қазақтар
тіс жегі, тіс құрты деп атайды.Тіс жегінің салдарынан эмаль, дентин,
цемент қабаттары бүлінеді. Кариестік процесс айлап, жылдап, одан да ұзақ
уақытқа созылуы мүмкін. Тіс жегі тістердің бір-бірімен түйісетін жерінде
немесе мойындарында пайда болады. Тіс жегімен бір немесе бірнеше тіс қатар
ауруы мүмкін.
Бұл ауру тістегі химиялық құрамдардың бұзылуынан пайда болады. Мұндайда
оның эмаль қабатының бетіне қоныр дақ түседі. Кальций, фосфор және тағы
басқа минеральды тұздардың азаюынан эмаль, дентин қабаттары жұмсарады.
Дентин қабатының бұзылуы өте тез дамиды. Сөйтіп тісте тіс жегі жарасы,
қуыс пайда болады. Тәтті, тұзды, қышқыл тағамдар жеген кезде және тісті
щеткамен тазалағанда бұл жер ауырады. Мұны емдеу үшін ремодент дәрісін
пайдаланады. Содан соң тістің қуысын тазартып, қуысына пломба салады. Егер
тіс жегіден пайда болған қуыс тістің мойын маңына жетсе, тіс сауытының
ішіндегі тіндер қабынып, оған түрлі микробтар жиналады. Олар бойынан улы
заттар бөліп шығара бастайды. Мұның әсерінен бүкіл жақ, құлақ, жүйке
талшықтары сыздап ауырады. Ауырған жердің дентинін алып тастап, орнына
тездетіп пломба салмаса, мұның зардабы күшейе түседі. Біртіңдеп тістің
жұмсақ тіңдері қабынып, жансызданып, пульпит, периодонтит деген аурулар
пайда болады. Шіри бастаған тістің қуысынан сасық ірің бөлінеді. Бұл кезде
адамның басы ауырады, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі, әлсіздік
пайда болады. Жақ асты, мойындағы лимфа бездері үлкеюі мүмкін. Мұндай
жағдайда ол тісті жұлып тастауға тура келеді.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Кариесті қазақтар қалай атайды?
Тіс жегі салдарынан не бүленеді?
Бұл процесс қаншаға созылады?
Тісжегі неден пайда болады және белгілері қандай?
Бұл жер қай кезде ауырады?
Тіс қуысын қалай емдейді?
Егер кариес тістің мойнына жетсе не болады?
Бұл кезде қандай процесс жүреді?
Асқынған тісжегі қандай аурулармен жалғасады?
Мұндай жағдайда не істеу керек?

5 - Тапсырма
Төмендегі сөлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз. Керекті сөздер
соңында берілген.
1. Тістің ... тазартып, пломба салу керек. 2. Тәтті... жегенде тіс
ауырады. 3. Тісжегі ең көп ... ауру. 4. Бүл процесс ... созылады. 5. Тіс
жегі... құрамдардың бұзылуынан пайда болады. 6. Ауырған тістің дентинін ...
, орнына пломба салады. 7. Шіри бастаған тістен сасық иісті... бөлінеді. 8.
Науқастың ... ауырады, ... пайда болады. 9. Жақ асты, лимфа ... үлкейеді.
10. Тіс жегі салдарынан дентин, ... қабаттары бүлінеді.
(Керекті сөздер: цемент, ұзаққа, тараған, қуысын, бездері, тағам, ірің,
химиялъқ, алып, басы, әлсіздік).

6 - Тапсырма
Тіс жегі ауруы бойынша науқас адам мен тіс дәрігері арасында болатын
сұхбатты жаттап алыңыз.
1. - Қай жеріңіз ауырады?
- Тісім ауырады.
2. - Қай тісіңіз?
- Мына (азу, күрек, ақыл т.б.) тісім ауырады.
3. - Тісіңіз үнемі ауыра ма?
- Жоқ, суық пен ыстықтан ауырады.
4. - Тамақ ішкенде ауырмай ма?
- Тамақ ішкенде де, тісімді тазалағанда да ауырады.
5. - Тісіңізде қоныр дақ пайда болғанын білесіз бе?
- Иә. Және қуыс та пайда болды.
6. - Қуыс пен дақ қашан пайда болды?
- Біраз уақыт болды.
7. - Тісіңізді тазалып, орнына пломба салу керек.
- Көмегіңізге көп рахмет!

7 - Тапсырма
Төменде көп нүктенің орнына тіс жегі ауруы асқынған науқас адамның
жауаптары берілген. Сіз дәрігердің тиісті сұрақтарын қойыңыз.
1.-...?
Тісім ауырады.
2.-...?
Мына тісім ауырады.
3.-...?
- Қызуым бар. Кеше 39 градусқа дейін көтерілді.
4.-...?
- Тісімнен басқа жағым, құлағым ауырады.
5.-...?
- Басым да ауырады.
6.-...?
- Иә, ауызымнан жаман иіс шығады.
7.-...?
- Жақ асты, мойын бездерінің үлкейгенін байқадым.
8.-...?
- Емдеуге келмесе, ол тісті жүлып тастаңыз.

ПУЛЬПИТ

1 – Тапсырма
Пульпит мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
жұмсақ-мягкий
созылмалы-хронический
бұзылған-испорченный; поврежденный
шүйде-затылок
самай-висок
асқыну-осложнение
себеп-причина
қабақ үсті-надбровье
күшею-усиление
ауруды басу-подавить(облегчить)боль
тісті жұлу-удалить зуб
солқылдап ауру-пульсирующая боль
зақымданған тіс-пораженный зуб
көңіл-күй-настроение
тәбет-аппетит
әдіс-метод

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен
орыс тіліне аударыңыз.
Тіс улпасының қабынуы, қабынуды білдіреді, тіс жегі ауруы, тіс жегі
ауруының асқынған түрі, әр түрлі себептер, әр түрлі себептер әсерінен,
бұзылған тіс, бұзылған тіс арқылы, инфекция аркылы, жедел түрі, созылмалы
түрі, зақымданған тіс, солқылдап ауыру, ұдайы ауыру, уақытында емделу,
уақытында емделмеу, ауыру сезімі, ауыру сезімі көзге берілу, хирургиялық
әдіс, консервативтік әдіс.

3 - Тапсырма
Пульпит мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Пульпит - тіс ұлпасының қабынуы дегенді білдіреді. Тіс ұлпасының
қабынуы тіс жегі ауруының асқынған түріне жатады. Қабыну әр түрлі
себептердің әсерінен: инфекция түсуден, суықтан, ыстықтан т.б. себептерден
пайда болуы мүмкін. Көбінесе тіс ұлпасының қабынуы бұзылған тіс арқылы
микробтардың тіс қуысына өтуінен пайда болады. Тіс ұлпасының қабынуы жедел
және созылмалы болады. Жедел қабынған кезде зақымданған тіс солқылдап
ауырады.Ұлпасы жедел қабынған тіс ыстық, суық немесе тәтті, тұзды тағамдар
жегенде де қатты және ұзақ ауырады. Кейде себепсіз де ауырады. Пульпиттің
жедел түрін уақытында емдемесе, ол асқынып, созылмалы түріне айналады. Бұл
кезде тіс үнемі солқылдап ауырады. Төменгі жақ тістердің ұлпасы қабынса,
ауыру сезімі шүйдеге, құлаққа, жоғарғы жақ тістеріне тарайды. Егер жоғарғы
жақ тістердің ұлпасы қабынса, ауыру сезімі самайға, қабақ үстіне, бет
сүйегіне, төменгі жақ тістеріне беріледі. Науқас адамның көңіл-күйі
нашарлап, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті болмайды. Ұлпасы жедел және
созылмалы қабынған тістерді міндетті түрде емдеу керек. Соңғы кезде тіс
ұлпасының қабынуын емдеудің хирургиялық және консервативтік әдістері
қолданылады. Ең алдымен ауыру сезімін басу керек.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Пульпит деген не?
2. Пульпит неден пайда болады?
3. Тіс ұлпасы қабынуының неше түрі болады?
4. Созылмалы түрінің қандай белгілері бар?
5. Пульпит ауруын қалай емдеуге болады?

5 - Тапсырма
Оң бағанадағы етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз
тіркесін құраңыз.
уақытында ауыру (қалай?)
науқасты асқынуы (ненің?)
қулаққа, жаққа өтуі (қайда?)
тіс жегінің емделу (қалай?)
солқылдап мазалау (кімді?)
тіс қуысына тарау (қайда?)
көңіл-күйі нашарлау (несі?)

6 - Тапсырма
Пульпит ауруымен ауырған науқас пен тіс дәрігері арасында болатын
сұхбатты есіңізге сақтаңыз.
1. - Қай жеріңіз ауырады?
- Тісім ауырады.
2 .- Қай тісіңіз?
- Астыңғы азу тісім (үстіңгі азу тісім, ақыл тісім т.б.)
3 .-Үнемі ауырады ма?
- Иә. Күндіз-түні ауырады.
4. -Қашаннан бері ауырады?
- 2-3 күннен бері.
5. - Қалай ауырады?
- Солқылдап ауырады.
6. - Ауру қай кезде күшейеді, суықтан ба, ыстықтан ба?
- Ыстықтан (суықтан) күшейеді.
7. -Ауру құлаққа, шүйдеге беріледі ме?
- Иә, құлағым, жоғары жақ тістерім ауырады.
8. - Мен тісіңізге қазір мышьяк пастасын қоямын, ертең тексерілуге
келесіз. Содан соң емдеуді бастаймыз.
- Сізге көп рахмет.

ПАРОДОНТОЗ

1 – Тапсырма
Пародонтоз мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып,
жаттап алыңыз.
өте кең тараған-широко распространенный
егде-пожилой
ұйқы-сон
зардап шегу-страдать
ұялаған-гнездящиеся
қызыл иек қалтасы-десневой карман
тістің босауы-расшатывания зубов
дене шынықтырумен айналысу-заниматься физкультурой
жүйелі ем-комплексное лечение
табанды-основательный
енгізу-внедрить
нығайту-укрепить
тынығу-отдых
ұйқы-сон
ойдағыдай-как полагается; успешно

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне
аударыңыз.
Жер шары, жер шары түрғындары, тұрғындардың жартысы, жартысынан көбі,
қызыл иек пен тіс арасында, біртіндеп даму, ауырмай даму, тістің босауына
әкелу, тіс дәрігеріне көріну, тіс тасын тазарту, дәрімен емдеу, массаж
жасау, физиотерапия арқылы емдеу, витамині мол тамақ, адамның жүйке жүйесін
нығайту, дене шынықтыру, дене шынықтырумен айналысу, жоғалған тіс орнына,
протез қою.

3 - Тапсырма
Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Пародонтоз өте кең тараған ауру. Бұл аурумен жер шары тұрғындарының
жартысынан көбі ауырады, көбінесе орта және егде жастағы адамдар зардап
шегеді.
Аурудың атауы пара айнала, одонт - тіс деген латын сөзінен шыққан.
Ол тісті қоршаған тіндердің ауруы дегенді білдіреді.
Сырқаттың пайда болуына ауыз қуысында ұялаған микробтар мен тіс себеп
болады. Тіс тасы қызыл иек пен тістің арасында қызыл иек қалтасының
түзілуіне көмектеседі. Қалтада микробтар жиналып, тіс шетіндегі қызыл
иекті қабындырады.
Пародонтоз ауырмай, біртіңдеп дами отырып тістің босауына әкеледі. Тіс
тіпті үстінгі ерінді көтере өз орындарынан алға жылжып кетеді. Бұл
сырқаттан ойдағыдай сауығу үшін ертерек тіс дәрігеріне көрінген жөн. Тек
жүйелі және табанды ем арқылы ауруды тоқтатуға болады.
Пародонтоз кезінде тіс тасын тазарту қажет және қызыл иекті дәрімен,
массаж жасау, физиотерапия арқылы емдеу керек.
Ас құрамына дәрумені мол тамақтар енгізу қажет. Сондай-ақ, адамның
жүйке жүйесін нығайтатын - ұйқы, тынығу, дене шынықтырумен айналысу да көп
әсер етеді.
Кейбір адамдар жоғалған тіс орнына протез қоюға болады деп тістерін
емдетпейді. Бірақ тіпті ең керемет протездің өзі адамның өз тісіне
жетпейді.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Пародонтоз қандай ауру?
Аурудың атауы нені білдереді?
Аурудың пайда болуына не себеп болады?
Пародонтоз қалай дамиды?
Пародонтозды қалай емдейді?
Ас құрамы тіс ауруына әсер ете ме?

5 - Тапсырма
Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ
арқылы) сөз тіркесін жасаңыз.
қызыл иек қалтасында енгізу (не?)
алға көмектесу (неге?)
тіс тасын жиналу (қайда?)
ойдағыдай тазарту (нені?)
қалтаның түзілуіне сауыға (қалай?)
витаминді тамақтар жылжу (қайда?)

6 - Тапсырма
Пародонтоз ауруы бойынша тіс дәрігері мен сырқат адам арасында болатын
сұхбатты жаттап алаңыз.
1. - Аурудың басталғанын қашан байқадыңыз?
- Екі-үш жыл бұрын.
2. - Тісіңіздің қызыл еті ауыра ма?
- Иә, ауырады (жоқ, ауырмайды).
3. - Босаған тістеріңіз бар ма?
- Иә, бірнеше алдыңғы тістерім босап, қозғалып тұр.
4. - Қашаннан бері босай бастады?
- Жарты жылдай болды.
5. - Тістеріңіз қанай ма?
- Иә, тісімді тазалағанда қанайды.
6. - Тістеріңіз суық ауа кірсе ауыра ма?
- Иә, ауырады.
7. - Себебі тістеріңіздің түбі ашылған, сондықтан суық ауа әсер
етеді. Сіздің тісіңіздің ауруы - пародонтоз. Оны ұзақ уақыт емдейді.
8. - Ем қанша күнге созылады?
- 20 күндей.
9. - Мен сізге дәрілер, емдік шөптер жазып беремін, соларды
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, күніне 2-3 рет 4-5 минуттай қызыл
иекке массаж жасайсыз. Физиотерапияға баруыңыз керек.
- Көмегіңізге рахмет!

7 - Тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз. Керекті сөздер соңында берілген.
І.Тамақ ... дәрумені мол тағамдар кіргізу керек. 2. Пародонтозбен жер
шары тұрғындарының жартысынан ... ауырады. 3. Аурудың ... тіндердің
ауруы дегенді білдіреді. 4. Сырқаттың пайда болуына тіс тасы ... болады.
5. Тіс тасы қызыл иек пен тістің ... қалтаның түзілуіне көмектеседі. 6.
Пародонтоз кезінде тіс ... тазарту керек. 7. Қызыл иекке ... жасау
қажет. 8. Керемет протездің өзі адамның өз ... жетпейді.
(Керекті сөздер: тасын, массаж, құрамында, тісіне, көбі, арасына,
атауы, себеп).

ПАРОДОНТИТ

1 – Тапсырма
Пародонтит мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып,
жаттап алыңыз.
қоршаған-окружающий
шайнау-жевать
жарақат-повреждение; рана; травма
босау-расшататься
тіс шөгінділері-зубные отложения
пайдалы-полезный
қалташықтар-кармашки
қақтар-налеты
дер кезінде-вовремя
сауығу-выздоровление
тері асты-подкожно
бұлшық ет-мышцы
егу-прививка
асқыну-обострение
қадағалау-следить
пайда болу-появиться
жіңішке жіп-тонкая нитка

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыз.
Тіндердің қабынуы, 40 жастан асу, 40 жастан асқан адамдарда, жиі
кездесу, тамақ шайнау, тамақты дұрыс шайнамау, ауыз қуысы тазалығы, ауыз
қуысы тазалығын сақтамау, тістің түбі ашылу, тісі босау, қызыл иегі қызару,
қалташық пайда болу, дер кезінде, тез сауығу, дәрілер қолдану,
физиотерапиялық емдер қолдану, тамақтан соң тазарту, ас қалдықтарын
қалдырмау.

3 - Тапсырма
Берілген мәтінді оқып шығыныз, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға
назар аударыңыз.

Пародонтит - тісті қоршаған тіндердің қабынуы. Ол көбінесе 40 жастан
асқан адамдарда жиі кездеседі. Бұл тамақты дұрыс шайнамаудан болатын
тіндердегі жарақаттар, ауыз қуысы тазалығын сақтамау және кейбір басқа да
аурулар әсерінен пайда болады. Мұндай жағдайда тіс түбі ашылып, тіс босап,
түсе бастайды. Қызыл иек қызарып, қабынады, тіс айналасына қалташықтар
пайда болады, сонымен қатар тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері,
қақтар пайда болады. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделсе,
тез сауығып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты
алдырту керек. Қызыл иекке дәрілер, физиотерапиялық емдер қолдануы керек.
Сондай-ақ осы ауруға себепкер болған басқа ауруларды да емдеу қажет. Мұндай
кезде тері астына, бұлшық етке алой В1, В6, В12 дәрумендерін егу пайдалы.
Егер ауру асқынып кетсе, онда бұл босаған тісті жұлдыртып тастау керек.
Бұл аурудың алдын алу үшін тамақтан соң тісті үнемі жақсылап тазартып,
тіс арасында ас қалдықтарының қалмауын қадағалау қажет. Соңдай-ақ мына
әдісті де қолдануға болады: қызыл иекті тазартқан соң тістердің арасынан
таза жіңішке жіпті үнемі жүргізіп отыру керек. Алғашқы кезде қызыл иектен
қан ағады, ал кейіннен қан ақпайтын және ауырмайтын болады.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Пародонтит қандай ауру?
2. Ол ауру кімдерде жиі кездеседі?
3. Бұл ауру неден пайда болады?
4. Аурудың белгілері қандай?
5. Науқас не істесе тез сауығады?
6. Қандай ем қолданылады?
7. Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

5 - Тапсырма
Пародонтит ауруымен ауырған науқас жайлы хабарлама жазыңыз (науқастың
аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, аурудың белгілері).

6 - Тапсырма
Пародонтит ауруымен ауырған науқасқа қандай ем тағайындайтыңыз туралы
жазып көрсетіңіз (мәтін бойынша).

ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ ПЕРИОДОНТИТ

1 - Тапсырма
Периодонтит мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
маң(ы)-возле; вокруг; окрестность
жедел ағымды периодонтит-острый периодонтит
іріңді-гнойный
үнемі-постоянно
солқылдап ауыру-пульсирующая боль
шағымдану-обратиться с жалобой, жаловаться
таралу-распространяться
қызару-покраснеть
әсер-влияние; воздействие
жай тұрғанда-в покое
күшею-усиливаться
әлсіздік-слабость
ошақ-очаг
жүйке-нерв
өзек-ствол; сердцевина
бәсеңдеу-приутихнуть; ослабить
өздігінен-самопроизвольно
жан-жаққа-во все стороны
мүмкіншілік-возможность
дәл-точно

2 – Тапсырма
Төменде сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Тіс ұяшығы маңы, тіс түбірі маңы, тіндерде болатын қабыну, жедел ағымды
периодонтит, созылмалы периодонтит, периодонтит кезінде, ұдайы ауыру, суық
әсері, жылы әсері, ауызын ашып отыру, бас ауруы пайда болу, әлсіздік пайда
болу, іріңді шығару, іріңді кабыну ошағынан шығару, тісті пломбылау, қабыну
процесі аяқталған соң, тісті пломбылау, ауырған тіс маңы, ауырған тіс маңы
өзгермеу, тіс маңындағы тіндер, тіс маңындағы тіндер өзгермейді.

3 – Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға назар
аударыңыз.

Жедел ағымды периодонтит тіс түбірі маңындағы тіндерде болатын қабыну.
Бұл сырқат екі түрге бөлінеді. Жедел ағымды серозды периодонтит кезінде
науқас тістің өздігінен қатты ауыратынына, ал тісті басқанда ауыру сезімі
күшейіп кететініне шағымданады. Ауыру сезімі жан-жаққа таралмайды,
сондықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ауырған тіс маңындағы
тіндер өзгермейді. Тісте кейде тіс жегі қуысы, кейде пломба болады.
Жедел ағымды іріңді периодонтит кезінде науқас адам үнемі, солқылдап
тұратын ауруға шағымданады. Ауыру сезімі жүйке бойымен құлаққа, самайға,
көзге таралады. Ол суық әсерінен азайып, жылыда және жай тұрғанда күшейе
түседі. Ауру тіске тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан
науқас ауызын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан науқас ұйықтамайды, бас
ауруы, әлсіздік пайда болады. Дене қызуы көтерілмейді, кейбір жағдайларда
жоғарлауы мүмкін. Қызыл иек ісініп, шырышты қабығы қызарады.
Периодонтитті емдеу - қабыну ошағынан экссудатты, ірінді шығару болып
табылады. Ол үшін пульпалық камераны ашып, некрозға (өлі тінге) ұшыраған
заттардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, экссудаттың (жалқықтың) шығуына
мүмкіншілік тудырады. Қабыну процестері бәсендеген соң тісті пломбылайды.
Егер тіс өз қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Периодонтит деген не?
2. Ол нешегі бөлінеді?
3. Жедел ағымды серозды периодонтиттің қандай белгілері бар?
4. Жедел ағымды іріңді периодонтит кезінде науқас неге шағымданады?
5. Ауыру сезімі қайда таралады?
6. Қай кезде ауру күшейеді?
7. Аурудың тағы қандай белгілері бар?
8. Аурудың бұл түрін қалай емдейді?

5 - Тапсырма
Оң бағанадагы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сүрақ
арқылы) сөз тіркесін құраңыз.
дәл бөліну (нешеге?)
іріңнен өзгермеу (не?)
самайға, көзге кеңейту (нені?)
үшке шығару (қайдан?)
қабыну ошағынан таралу (қайда?)
түбір өзегін тазарту (неден?)
тіс маңы көрсету (қалай?)

6 - Тапсырма
Периодонтит бойынша дәрігер мен науқас арасында болатын сұхбатты жаттап
алыңыз.
1. - Тісіңіздің ауруы қай кезде басталады?
- Тісім үнемі (ұдайы) ауырады.
2. - Қай кезде ауру күшейеді?
- Жылы әсірінен, тамақ жегенде, тіске тілім тиіп кеткенде, тіпті жай
тұрғанда да ауру қатты мазалайды.
3. - Қалай ауырады?
- Солқылдап ауырады.
4.- Ауру суық әсерінен азаяды ма?
- Иә.
5.- Қызуыңыз көтеріледі ма?
- Иә, кешке қарай қызуым көтеріледі.
6. - Ауру сезімі самайға, көзге, құлаққа таралады ма?
- Иә, самайым, көзім, құлағым, басым - бәрі бірге ауыратын сияқты.
7. - Әлсіздік сезінесіз бе?
- Иә, әлсіздік сезінемін.
8. - Сіздің тісіңіздің ұяшығы мен түбір маңы қабынған. Бұл
периодонтиттің серозды түрі емес, іріңді түрі. Соңдықтан іріңді шығару
керек. Қабыну процесі басылған соң, тісіңізді пломбылау қажет.
- Көмегіңізге рахмет!

АЛЬВЕОЛИТ

1 – Тапсырма
Альвеолит мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
тіс ұяшығы-альвеола зуба
үнемі-постоянно
ауыру сезімі-чувство боли
нашар иіс-плохой запах
тексеру барысында-в результате проверки
шіріген-гнилой
ұйыған қан-сгусток крови
тамақ қалдықтары-остатки еды
жергілікті-местный
жансыздандыру-обезболивание
ерітінді-раствор
түзілу-образоваться
босатылу-освобождаться
тағайындалу-назначаться

2 – Тапсырма
Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Тісті жұлу, тісті жұлу кезінде, инфекция түсу, тісті жұлған соң,
науқастың тіс ұяшығы, үнемі сыздап ауыру, қызыл иектің қызаруы, қызыл
иектің ісуі, тісті басқанда, тісті басқанда ауыру, ұяшықты тазалау, жылы
ерітінділермен жуу, тампонмен жабу, блокада жасау, ас содасы, ас содасынан
жасалған ванна, еңбектен босатылу.

3 – Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығына, ерекше
дыбыстарға назар аударыңыз.

Альвеолит - бұл тіс ұяшығының қабынуы. Тісті жұлу кезінде ұяшыққа
инфекцияның түсуі ұяшықтың жарақаттануына себеп болады. Ауру тісті жұлған
соң 3-4 күннен кейін басталады. Науқастың тіс ұяшығы үнемі сыздап ауырады,
қызуы көтеріледі. Ауыру сезімі анальгетиктер ішіп, ыстығын түсірсе де
басылмайды. Тексеру барысында ұяшықта нашар иісті, сұр түсті, шіріген,
ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары бар екені анықталады, қоршаған қызыл
иектің қызарғаны, ісінгені байқалады, басқанда ауыру сезімі күшейді.
Емі: Жергілікті жансыздандыру жасалып, ұяшық тазаланады. Риванолдың,
фурацилиннің, калий перманганатының жылы ерітінділерімен жуылады. Содан
кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі. Немесе антибиотиктер мен
сульфаниламидтерден дайындалған пастамен толтырып, 1-2 сағатқа тампонмен
жауып қояды. Егер ауыру сезімі күшті болса, осы аталған пастаға анестезин
қосуға болады. Жергілікті жансыздандыру тәсілімен новокаин-пенициллин
блокадасын жасауға болады. Үйде анальгетиктерді ішу мен ауыз қуысына ас
содасынан жасалған ванналар тағайындалады. Физиоем ретінде Бернар тоғы,
соллюкс пайдаланылады. Науқас альвеолит кезінде 2-3 күн еңбектен
босатылады.

4 - Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Альвеолит дегеніміз не?
2. Альвеолитке не себеп болады?
3. Ауру қашан басталады?
4. Науқастың қай жері ауырады?
5. Тексеру барысында не анықталады?
6. Қалай емдейді?
7. Үйде істеуге не тағайындалады?
8. Альвеолит кезінде науқасты неден босатады?

5 - Тапсырма
Мәтіннен ілік септігімен тәуелдік форма тіркестерін табыңыз (ілік
септігі+тәуелдік фор-ма).

6 - Тапсырма
Дәрігердің сүрақтарына қарай науқас адам атынан тиісті жауаптарды
жазыңыз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Тісіңізді қашан жүлғыздыңыз?
- Тісіңіздің орны сыздап ауыра ма?
- Үнемі ауыра ма?
- Қандай дәрілер іштіңіз?
- Дәрі ішкенде де ауыру қоймады ма?
- Қызуыңыз бар ма?
- Тісіңізді басқан кезде қатты ауыра ма?
- Аузыңыздағы нашар иісті байқадыңыз ба?
СТОМАТИТ

1 - Тапсырма
Стоматит мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап
алыңыз.
шырышты қабық-слизистая оболочка
асқынған түрі-осложненная форма
жағымсыз иіс-неприятный запах
тітіркенуден-от раздражения
күйдіруінен-от ожогов
шамадан тыс-сверх нормы
байқалу-выявляться
ісік-опухоль
сілекей-слюна
жара-болячка; рана
сауығу-выздороветь
орналасу-распологаться; находиться
қызамық-скарлатина
көп тараған-распространенный
дер кезінде-своевременно

2 - Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен
орыс тіліне аударыңыз.
Ауыз қуысы, ауыз қуысының шырышты қабығы, стоматиттің пайда болуы,
себептері бар, қызыл иектің шырышты қабығы, балалар арасында, аурулардың
бірі, алғашқы кезде, сырты қызару, қызарғаны байқалу, қызуы көтерілу, ісік
пайда болу, бастапқы түрі, асқынған турі, тамақ ішкенде қанау, тіс
тазалағанда қанау, қалыпты қызмет, қалыпты қызметі бұзылғанда, ем қолдану.

3 - Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ХИРУРГИЯСЫ. БАСҚА МЕДИЦИНА САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары
Шәкәрім университетінің қысқаша тарихы
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ
ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Пәндер