Валюталық операциялар есебі жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі ... ... .9

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ҚХЕС.на сипаттама ... ... ... ... ... ... 18
2.3 ҚХЕС.на сәйкес бағам айырмашылығының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Валюталық операциялар есебін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасының отырысында Қазақстан халқына кезекті – «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауын жолдап, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарын белгіледі. Аталған басымдықтардың бірі мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау және таяудағы 10-15 жылда ғылими қамтымды экономикалық базис жасау. Бұл Қазақстанның әлемдік экономикада экономикалық қатынастарға белсене қатысуын талап етеді. Ал бұл үрдіс шетелмен қарым-қатынаста міндетті түрде валюталық бағам және бағам айырмашылығы орын алатынын білдіреді, яғни әр елдің экономикалық негізі – өз ұлттық валютасы бар [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет» [2].
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорт, әлемдік капитал ағымдарының іске асуы және шетел валюталарының еркін айналымын ұйымдастыру, сонымен қатар халықаралық әртүрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы болып табылады. Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Еліміздің әлемдік нарықта алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан, әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кез келген ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады: не операцияларды шетелдік валютамен жүргізеді, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Сондықтан валюталық операциялар есебінің мақсатының, міндетінің теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды қарастыру негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру. Сонымен қатар шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін ҚХЕС-сүйене отырып орнату.
1. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы
2. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы 1996 жыл 24 желтоқсан
4. Нұрсейітов Е.О., «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» – Алматы: LEM, 2009.
5. Міржақыпова С.Т., «Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық» – Алматы: Экономика, 2006.
6. Мақыш С.Б., «Банк ісі» – Алматы: Жеті жарғы, 2009.
7. Зиядин С.Т., «Қаржы нарығы» –Алматы: Экономика, 2012.
8. Әбдіманапов Ә.Ә., «Қаржылық есеп» – Алматы, 2007.
9. Баймұханов С.Б., «Қаржылық есеп» – Алматы: Экономика, 2007.
10. Алибекова Б.А., Таштанова Н.Н., «Туризмдегі бухгалтерлік есеп» –Астана, 2013.
11. 21 ХҚЕС «Валюталық бағам өзгерісінің әсері», 2005.
12. Валютные операции, связанные с перемещением валюты и валютных ценностей – Алматы: Импорт-Экспорт, 2011 б 12-16.
13. Назарова В.Л., «Бухгалтерлік есеп» – Алматы: Алматыкітап, 2012.
14. Жақыпбеков Д.С., «Кәсіпорынның есеп және салықтық есеп саясаты» – Алматы: Экономика, 2013.
15. Құлпыбаев С., «Қаржы» – Алматы: Экономика, 2015.
16. Жоламанова М.Т., «Ақша. Несие. Банк» – Алматы: Еуразиялық нарық институты, 2011.
17. Әбдішүкіров Р.С., «Бухгалтерлік есеп» – Алматы: Нұр-пресс, 2008.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні бойынша: Қаржылық есеп 1
ТАҚЫРЫБЫ : Валюталық операциялар есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі ... ... .9

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 21 Валюталық бағам өзгерісінің әсері ҚХЕС-на сипаттама ... ... ... ... ... ... 18
2.3 ҚХЕС-на сәйкес бағам айырмашылығының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .20
2.4 Валюталық операциялар есебін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасының отырысында Қазақстан халқына кезекті - Қазақстандық жол - 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ атты Жолдауын жолдап, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарын белгіледі. Аталған басымдықтардың бірі мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау және таяудағы 10-15 жылда ғылими қамтымды экономикалық базис жасау. Бұл Қазақстанның әлемдік экономикада экономикалық қатынастарға белсене қатысуын талап етеді. Ал бұл үрдіс шетелмен қарым-қатынаста міндетті түрде валюталық бағам және бағам айырмашылығы орын алатынын білдіреді, яғни әр елдің экономикалық негізі - өз ұлттық валютасы бар 1.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз - теңгеге сенуіміз қажет 2.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорт, әлемдік капитал ағымдарының іске асуы және шетел валюталарының еркін айналымын ұйымдастыру, сонымен қатар халықаралық әртүрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы - FOREX (Foreign Exchange Operations - шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы болып табылады. Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Еліміздің әлемдік нарықта алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан, әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - кез келген ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады: не операцияларды шетелдік валютамен жүргізеді, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Сондықтан валюталық операциялар есебінің мақсатының, міндетінің теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды қарастыру негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру. Сонымен қатар шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін ҚХЕС-сүйене отырып орнату.
Курстық жұмыстың мақсаты - 21 Валюталық бағам өзгерісінің әсері ҚХЕС-ның қолданылуын, мемлекетте жүргізілетін валюталық операцияларды қарастыру, валюталық операциялар түрлерін анықтау, валюта есебін ұйымдастыруды жан-жақты қарастырып, оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- валюталық операциялардың экономикалық мазмұны және валюталық операциялардың түрлерін анықтау
- Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібін анықтау
- валюталық операциялар есебін ұйымдастыру
- 21 Валюталық бағам өзгерісінің әсері ҚХЕС-ның сипаттамасы
- шетелдік валютадағы операцияларды фунционалдық валютада көрсету
- бағам айырмашылықтарын тану
- валюталық операциялар есебін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - біздің елімізде валюта операцияларын және оның жүргізілу әдістерін үйренуге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық маңызы зор. Бұл еліміздің сыртқы экономикалық қызметін одан әрі дамыту қажеттілігіне, еліміздегі банктік жүйелердің күрт дамуына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия алған және еліміздің ішінде құрылып жатқан валюта рыногын және халықаралық валюта рыногын игеруге алғаш қадам жасаған жаңа банктердің пайда болуына байланысты, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың барлық бағамдарына байланысты.
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері болып Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы, ҚР-ның заңнамалары мен белгілі қазақстандық ғалымдарының еңбектері болып отыр, атап айтсақ: Алибекова Б.А., Таштанова Н.Н. Туризмдегі бухгалтерлік есеп, Нұрсейітов Е.О., Міржақыпова С.Т., Әбдіманапов Ә.Ә., Баймұханов С.Б., Жақыпбаев Д.С., басқа да отандық авторлардың еңбектері, сондай-ақ, мерзімдік басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер болып табылады.
1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны мен түрлері

Валюта дегеніміз - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражаттары3.
Валюталық нарық дегеніміз - ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекеттерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз - бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігімен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық операциялар дегеніміз - меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады 3.
Қазақстандық ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметінің ұлғая түсуіне байланысты, олардың шетелдік валюталарды сыртқы және ішкі қарым-қатынастарда көбірек қолдануына орай, валюталық операцияларды жүргізу механизмін үйренудің қажеттілігі туындауда 4, 61 б.
Ұйымның қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржылық жағдайына курстық айырмашылық зор ықпал етеді. Халықаралық қарым қатынастың дамуына байланысты, ұлттық ақшалай бірлікті, басқа да шетелдік әріптестердің валютасына айырбастаудың қажеттігі туындайды. Бұл қажеттілікті орындау валюта нарығы арқылы іске асырылады, сол жерде сұраныс пен ұсынысқа орай валюталық курс қалыптасады. Есептесу кезінде төлемақы операцияларын жүргізген кездегі сұраныс пен ұсынысына байланысты анықталады.
Валюталық операцияларды атқару кезінде, төменде көрсетілген түсініктерді пайдаланады:
Қолданыстағы валюта - қаржылық есеп берілетін валюта;
Шетелдік валюта - кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта;
Валюталық курс - қаржы рыногында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын олардың ара қатынасы;
Курс айырмасы - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында, шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;
Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс - белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның, шетелдік валютаға шаққандағы курсы.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы заңына (24.12.1996 ж.) сəйкес, валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1) шетел валютасы;
2) шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құралдары;
3) тазартылған құйма алтын, бағалы металдар, бағалы тастар.
Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады 5, 471 б.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
- ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
- ҚР-ның заңдылықтарына сəйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
- ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда жəне өзге де өкілеттіктер жатады.
Ал, бейрезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды жəне жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы заңына сәйкес валюталық операциялар ағымдық операциялар жəне капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
:: тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мəмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
:: 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру жəне алу;
:: салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем жəне өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды жəне өзге де табыстарды алу жəне аудару;
:: гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді жəне басқа сомаларды аудару;
:: осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
:: инвестицияларды жүзеге асыру;
:: интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мəмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
:: мүліктік құқыққа жəне өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
:: тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мəмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
:: 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру жəне алу;
:: өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде жəне өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
:: зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мəмлелер бойынша халықаралық аударымдар;
:: жинақтау сипатындағы сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар 6, 363 б.
Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:
1) Объектісі бойынша
* Шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар
* Шетелдік валютадағы бағалы қағаздармен операциялар
* Қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар
2) Субъектісі бойынша
* жеке және заңды тұлғалардың операциялары
* мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық және муниципалды құрылымдардың операциялары
* шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың операцилары
3) Жүзеге асырудың режимі бойынша
* әмбебап операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болмайды
* жекелеген операция жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болады
4) Жүзеге асырудың аумағы бойынша
* ішкі
* шетелдік 7, 87б.
Экономикалық əдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді.
1. Клиенттердің шоттарын ашу жəне жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
- заңды жəне жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
- шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
- овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
- операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
- кез келген уақыт аралығына шот архивін рəсімдеу;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу жəне сату);
- экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар
Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар жəне қызметтер экспорты мен импорты жəне капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
- қолма-қол шетел валютасын жəне шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу жəне сату;
- шетел валютасын жəне шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
- шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);
- ақшалай аккредитивтерді төлеу.
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) - банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) - коммерциялық банкте банк- корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
4. Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол жəне қолма- қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол жəне қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу жəне сату мəмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мəмілелер жатады:
- СПОТ мəмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты мəміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
- ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мəмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты мəміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
- СВОП мəмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу жəне сатуға сəйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мəміле.
- Аутрайтпен жасалатын мəміле - белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
- Опционмен жасалатын мəміле - валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив - аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым - банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
6. Валюталық қаражаттарды тарту жəне орналастыру операциялары
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1) депозиттерді тарту:
:: жеке тұлғалардан;
:: заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;
2) несиелер беру:
:: жеке тұлғаларға;
:: заңды тұлғаларға;
3) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру 6, 367б.

1.2 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеу тәртібі

Нарықтық қатынастар жағдайында валюта бір елден басқа елдерге ауыстырып отыратын ақшаға айналды. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының меншігіне басқа елдердің валюталары мысалыға, АҚШ доллары, Евро, Ресей рублі т.б. ене бастады. Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу принциптері мен тәртібі, сондай-ақ валюталық операцияларды орындаушы заңды және жеке тұлғалар, бұлардың заңды түрдегі жауапкершілігі Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсан № 54-1 Валютаны реттеу және валюталық бақылау жөніндегі, 1995 жылғы 30 наурыз № 2155 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жөніндегі, 2003 жылғы 5 сәуір № 401-2 Қазақстан Республикасы Кеден кодексі Заңдары және басқада құқықтық-нормативтік актілерімен реттелген. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк басқармасының 2005 жылғы қазан № 134 қаулысында қаралған.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды реттеп отырушы орган - ҚР Ұлттық Банкі болып белгіленген. Қазіргі заманда шаруашылық және қаржылық қызметтер атқару үшін біздің елімізде тек қазақстандық теңге қолданылып қана қоймай, басқа да шетелдік валюталар экономикалық қатынастарға енген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің шектеп қойған (лимиті) валюта көлеміне сай өкілетті банктер шетелдік валюталарды Қазақстан Республикасы аймақтарында және шетелдерде басқа ақшаларға айырбастауға, сатып алуға, сатуға құқылы.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуші Қазақстан Республикасында шетелдік валюталарды басқа ақшаларға айырбастауына, сатып алуына және басқаларға сатуына болады.
Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында тұрақты тұратын заңды тұлғалар (резиденттср) және Қазақстан Республикасынан тыс аймақтарда тұрақты тұратын резиденттер емес тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің 1997 жылғы 25 шілде № 295-ші Қолма-қол шетелдік валюта айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауында қаралған тәртіпке сәйксс шетелдік валюталарды айырбастауға, сатып алуға және сатуға құқылы.
Шетелдік қолма-қол валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банкінің рұқсаты (лицензиясы) бар заңды тұлғалар (резиденттср) өздерінің өкілетті банкте ашқан шоттарынан қолма-қол шетелдік валюталар алып, тиісті айырбас операцияларын орындауына болады.
Өкілетті банктер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамаларын сақтау және тексеру мақсатында жүргізілетін валюталық операцияларға тән қажетті қосымша ақпараттар мен құжаттарды резиденттерден талап ете алады.
Заңды тұлғалардың (резиденттер) банктегі шоттарынан алынған қолма-қол шетелдік валютаны резидент емес еңбеккерлерге еңбек ақы төлеуге, шетелдік іс-сапарларға шығушылар шығындарына жұмсау үшін алады. Заңды тұлғалар (резиденттер) шетелдік валютадағы ақша алу үшін өздеріне қызмет көрсететін өкілетті банкке арнайы рәсімделген құжаттар (іс-сапар жөніндегі бұйрықтың көшірмесі, іс-сапар шығынының сметасы, еңбек ақы төлеу жөніндегі арыз т.б.) тапсыруы керек. Өкілетті банктегі шоттан алынған шетелдік валютадағы ақшаның жұмсалынбай қалған бөлігі 10 күн ішінде (мысалы, іс-сапардан қайтқан күннен кейінгі) өкілетті банктегі шотқа қайтарылуы керек.
Занды тұлғалар - резиденттер шетелдік валютаны ішкі валюталық рыноктан тек мына төмендегі мақсаттар үшін ғана сатып алады:
* резидент еместердің пайдасына төлем төлеу және ақша аудару;
* шетелдік валютамен өкілетті банктен алынған несиені жабу міндеттемесін орындау;
* Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іс-сапар шығындары және уәкілдік шығындар үшін;
* Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актісі негізінде корпоративтік карт-шоттардағы ақшаны толтыру;
* жеке тұлғалардың шетелдік валютамен салған салымдарын (депозиттер) жабу;
* қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүргізу (қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі Ұлттық банктің лицензиясы бap заңды тұлғалар үшін);
* Қазақстан Республикасы заңнамаларында қаралған басқа да жағдайлар үшін 8,105 б.
Қазақстандағы валюталық операциялардың орындалуына қойылатын бақылау белгілі бір дәрежеде шектеулі, ал бұл тәртіптің анықтау, ескерту және бұлғартпау бойынша шараларын мемлекеттік өкілетті ұйымдар - ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі, валюталық бақылау ұйымдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Оларға:
oo Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң;
oo Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы 1995 жылдың 30 наурызындағы заң;
oo Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы 1995 жылдың 20 шілдедегі заң;
oo Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары;
oo Үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24 қарашасында Ұлттық банк басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібі);
oo 2003 жылы Валюталық реттеу және валюталық бақылау деген заң қабылданды.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі.
Валюталық қатынастардың субъектілері болып резиденттер және резидент еместер саналады.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:
* Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді;
* Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
* Ұлттық валютаның - теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан Республикасының теңгесіне нарықты баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
* Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізіледі;
* Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
* Қабылданған мемлекеттік шараларға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді жəне валюталық бақылауды жүргізеді.
2000 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
* Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік кұқыктық актілерді шығару. Валюталық операциялар субъектінің құқықтары мен міндеттері, валюталық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік;
* валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталық бақылау);
* валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:
* валюталық операциялар объектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
* сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
* шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;
* валюталық операцияларды тіркеу;
* валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
* валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшесі болып табылады).
Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтаудың қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:
* Заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялардың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
* Шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
* Валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп берудің толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республикалық заңдылықтарына сәйкес валюталық реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз кұзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24 желтоқсанында Валюталық реттеу туралы заңға толықтырулар мен қосымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың принциптері мен тәртібін валюталық операция субъектілердің құқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылықтар бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюталық шектеулер қолданылады:
* Резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық төлемдер тек қазақстандық валютада жүргізілуі керек, тек Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден заңдылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
* Шетел валютасын сатып алуга, сатуға және айырбастау өкілетті банктер мен банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тыс жерде жүргізуге болмайды;
* Қызмет және тауар үшін төлем ретінде және несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарына міндетті түрде есепке алынуы керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туындау кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы.
Валюталық реттеу - нормативтік құқықтық актілерді жасау жəне бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
Валюталық заңға сəйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:
- лицензиялау;
- тіркеу;
- хабарлау.
Тіркеу жəне лицензиялауға жататын валюталық операциялар тізімі төмендегі кестемен берілген.

Кесте 1 - Тіркеу жəне лицензиялауға жататын валюталық операциялар

Валюталық операциялар түрлері
ҚР-на кіретін
ҚР-шығатын
1
180 күн мерзімнен асатын коммерциялық несиелер
Тіркеледі
Лицензияланады
2
Тікелей инвестициялар
Тіркеледі
Тіркеледі
3
Бағалы қағаздарды сатып алу
Тіркеледі
Лицензияланады
4
180 күн мерзімнен асатын қаржылық займдар
Тіркеледі
Тіркеледі
5
Капитал қозғалысымен жасалатын өзге операциялар
Тіркеледі
Тіркеледі

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін ұстау шығыстарын қаржыландырумен байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынады.
Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса хабарлануға жатады:
- 180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық несиелер мен займдар;
- бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;
- бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай- ақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- жылжымайтын мүлікке деген меншік құқықғын сатып алумен байланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.
Валюталық операциялар бойынша тіркеу куəлігін беру, лицензиялау жəне хабарламаны қабылдауды ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы жəне валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады 6, 365 б.

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

2.1 Валюталық операциялар есебін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр түрлі операциялар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың бір - біріне төлейтін төлемдері тек қана ұлттық валюта түрінде жүргізілуі тиіс. Ұйымдардың резидент емес заңды тұлғалармен орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік валюта түрінде қаржы төлеуі немесе қаржы қабылдауы арнайы рұқсатты қажет етеді.
Шетелдік валюта дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету (пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан (теңгеден) басқа ақша бірліктері болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алатын табысы сол операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы (курсы) бойынша есептеліп, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде (теңгемен) көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасау үшін банк мекемесінен валюталық шот аша алады. Ал банктен валюталық шот ашу үшін банк мекемесіне осы кәсіпорынның жарғысының көшірмесін, валюталық шот ашу туралы өтініш, тиісті адамдардың қолдары қойылып және ұйымдардың мөрі басылған арнайы карточка және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды, материалдық қорларды және басқа да активтерді шетел валютасына сатқанда немесе оларды сатып алғанда, банктерден сондай-ақ банкіден тыс мекемелерден шетел валютасымен несие алғанда немесе оны қайтарғанда және тағы басқа жағдайларда шетелдік валюталармен жүргізілетін операциялар пайда болады. Осы операциялардың орындалған уақытымен, яғни тауарларды сатылған күні мен сол тауарлар үшін ақша қаражаттарының төленген мерзімі аралығындағы бағамның өзгеруі нәтижесінде бағамдық айырмашылық пайда болады.
Бұл бағамдық айырмашылық қай уақытта пайда болса кәсіпорындар мен ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі. Сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың бағамдық айырмашылықтан алатын табыстар немесе шеккен шығындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық шот операцияларының есебі
Ақша қаражаттар есебі
Ақша қаражаттары есебі
Қаржылық инвестициялар және ақшалар
Алынуға тиісті вексельдер, бағалау және мойындау есебі
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Қолма қол ақшаларды кассадан беру
Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру
Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
Пәндер