Кезең шығындарының есебі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні бойынша: Қаржылық есеп 1
ТАҚЫРЫБЫ : Кезең шығындарының есебі
КІРІСПЕ 3
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 5
1. 1 Кәсіпорынның шығындарының мәні мен маңызы 5
1. 2 Кәсіпорындағы кезең шығындарының ерекшеліктері мен есепке алудың ұйымдастырудың теориялық негіздері 8
1. 3 Кезең шығындары есебінің нормативтік-құқықтық реттеуі 10
2. КӘСІПОРЫНДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 13
2. 1 Өнімдерді сату мен қызмет көрсету бойынша шығыстар есебі 13
2. 2 Әкімшілік және пайыздық шығыстар есебі 16
2. 3 Кезең шығындарыны есебін жетілдіру жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Шығындар кәсіпорында тікелей, кезең шығындары және басқада шығындар болып жіктеледі. Өндірістік кәсіпорындарда барлық шығындар өнімнің өзіндік құн құрамына барады, ал өндірістік емес шығындар есептік кезең шығындарына апарылады. Кезең шығыстары, өнімді өндіру шығындарына қарағанда, өндіріс көлеміне тәуелді емес және олар өндірілген өнім мен қызметтің нақты түрінің тұрақты шығындары болып табылады. Шаруашылық субъектілері кезең шығындарына белгілі бір кезеңде өндірісі тоқтап тұрса да ұшырап отырады. Сондықтан осы шығындар түрін қарау маңызды болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорынның алдағы кезең шығындарының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның кезең шығындарының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.
Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметі заттық, еңбектік, қаржылық қорларға және негізгі қорларды және айналым құралдарын кең пайдалану, өнімді өндіру мен сату, өз ұжымының әлеуметтік дамуы және т. б. шығындарды талап етеді. Демек, кәсіпорын пайда ала отырып, белгілі бір шығындарға ұшырап отырады.
ХҚЕС принциптеріне сәйкес, шығындар - қатысушылар арасында бөлу, оның капиталының азаюына әкелетін міндеттемелерін ұлғайтып, активтердің құнын азайту үшін есептік кезеңде экономикалық пайданың азаюы болып табылады.
Шығындарды анықтау мүлікті басқаруға байланысты шығындарды, өндіріс және түгендеуді, жұмыстарды және қызметтерді орындау мен шығындарды қамтамасыз етуді жүзеге асыруды қамтиды. Шығындар табиғи апаттар нәтижесінде ұзақ мерзімді активтерді сату кезінде де туындауы мүмкін.
Кәсіпорын шығындарының кез келген түрі кәсіпкерлік қызметте туындаған мәселелерді шешу үшін маңызды болуы мүмкін. Шын мәнінде, компанияның шығындары әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.
Кәсіпорынның барлық шығындарының ішінде ең көп үлесін өнім өндіру шығындары, яғни өндірістік шығындар алады. Өндірілген өнімнің өзіндік құны - кәсіпорынның өнімді шығару мен сатумен байланысты өндірістік және коммерциялық қызметін жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай құны болып табылады. Бірақ, өндіріс процессімен тікелей және жанама шартталған шығындардан басқа кәсіпорын тікелей емес те шығындарға ұшырайды. Осындай шығындарға кезең шығыстары жатады.
Кезең шығындарының түрлері және олардың корреспонденциясы ұйымдарда әр қалай және өз ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді. Себебі кезең шығыстарына өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік кұнына кірмейтін шығыстар: оның ішінде әкімшілік шығыстар, сату бойынша шығыстар, қаржыландыру бойынша шығыстар болады. Өндірістік өзіндік құнды және кезең шығындарын бөлу кәсіпорынның өндірістік қызметінің, сондай-ақ оның әкімшілік және өндірістен тыс қызметінің соңғы нәтижелеріне әсерін бағалау үшін қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты - кезең шығындары есебінің теориялық негізгін аша отырып, оның ерекшеліктерін көрсету.
Осы мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның шығындарының мәні мен маңызын ашып көрсету;
- кезең шығындары есебінің нормативтік-құқықтық реттеуін қарастыру;
- әкімшілік және қаржыландыру бойынша шығыстар есебінің көрсетулері;
- кезең шығындарыны есебін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың пәні - бухгалтерлік есеп, оның ішінде шығындар есебі. Ал зерттеу объектісі болып шығындар есебі алынды.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін келесі ғалымдардың еңбектері қалады: Тайгашинова К. Т., Проскурина В. П., Нұрсейітов Е. О., Толпаков Ж. С., Миславская Н. А. және т. б., сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды және нормативтік құжаттары, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен қаржыгерлердің монографиялары, конференция материалдарды мен «Бухгалтерлік есеп», «Қаржы», «Басқару есебі» оқулықтарының материалдары құрады.
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорынның шығындарының мәні мен маңызы
Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді. Ағымдағы шығындар есепті кезеңде орын алған өндірістік шығындардан құралады, ал алдағы есепті кезең шығындарына есепті кезеңде орын алған, бірақ алдымыздағы есепті кезеңге тиісті шығындар сомасын көрсетеді, болашақта болуы мүмкін шығындарға есепті кезеңде әлі болмаған, бірақ өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтау мақсатында жоспарлы мөлшерде жалпы шығындарға қосылатын шығындар. Мысалға, жұмысшылардың кезекті еңбек демалысына ақы төлеумен байланысты, бір реттік төлемдер түріндегі шығындар. Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды - барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысы да кіреді [1, 54б] .
Шығындар - капиталдың азаюына алып келетін капиталға қатысатын тұлғаның таратуымен байланысты активтердің жылыстауы немесе кемуі түріндегі есептік мерзім ішіндегі экономикалық табыстың азаюы.
Шығындарды анықтауға меншікті басқарумен, тауарлық-материалдық қорларды өндіру немесе сатумен, жұмыс жасау және қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатқызылады.
Шығындар - басқару есебінің негізгі обьектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
Шығындар былайша жіктеледі:
- өзгермелі (айнымалы), тұрақты;
- есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар;
- қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезең шығындары;
- жүктелген (вмененные) шығындар;
- инкременттік және маржиналдық шығындар;
- жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;
- релеванттық және релеванттық емес шығындар.
Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгеретін шығындар жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді.
Тұрақтыға мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарға үй-ғимараттарды күтіп ұстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т. б. жатқызуға болады. Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шартты-тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шыға-рылған өнімнің ассортименті негізінде болады. Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорционалды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және тағы басқа) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Бухгалтерлік есепте: ұйымның негізгі қызметі үдерісінде туындайтын шығындар және негізгі емес қызмет шығындарын ажыратады.
Негізгі қызмет бойынша шығындарға сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шығындары жатқызылады.
Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын есептеуге 7000 «Сатылған өнім және көрсетілген қызметтің өзіндік құны» тармағы арналған, ол: 7010 «Сатылған өнім және көрсетілген қызметтің өзіндік құны» шот топтарынан құралады, мұнда сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құны ескеріледі.
7010 шотына қажет болған жағдайда сатылатын дайын өнім, жұмыс, қызмет түрлері (топтары) бойынша аралық шоттар ашуға болады. Кәсіпорын қабылдаған аралық шоттар жүйесі кәсіпорынның есепті саясатынан және шоттардың жұмыс жоспарынан көрініс табуы керек.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі шикізатты және материалды әзірлеу, өнім дайындау, оны тұтынушыларға сату, жалақы төлеу және т. б. жекелеген шаруашылық операцияларының құралады. Жүзеге асырылатын шаруашылық операциялары бір-бірінен мазмұны, жасалу ұзақтығы, орындау барысында пайдаланылатын техникалық құралдар және басқа да бірқатар белгілер бойынша ажыратылады. Алайда олардың барлығы өзара байланысты және бір шаруашылық үдерістің құрамдас элементтері болып табылады [2, 9б] .
Кез келген өнім өндірісі, жұмысты орындау және қызмет көрсету белгілі шығындармен байланысты болады. Шығын деп тауарлар мен қызметтер үшін төленетін қажетті ресурстар мен ақшаны түсінеді.
Өндіріс көлеміне тәуелді айнымалы және шартты-тұрақты шығындарды, ал өнімнің өзіндік құнын қосу тәсіліне байланысты - тікелей және жанама шығындарды ажыратады.
Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тәуелді тікелей пропорционал болатын шығындар. Оларға материалдарға жұмсалатын және еңбек төлемін жүзеге асыратын шығындар жатқызылады.
Шартты - тұрақты шығындар деп өндіріс көлемін өзгерткенде мүлдем өзгермейтін (мысалы, өтемпұлдық салымдар, жөндеу қоры салымдары) немесе аз өзгеретін (мысалы, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтық шығындар) шығындарды түсінуге болады.
Тікелей шығындар өнімді шығарудың технологиялық үдерісіне негізделеді және нақты бұйымдар түрлерінің өндірістік шығындар құрамына тікелей қосылады: материалдар шығындары және технологиялық мақсаттағы отындар, өнім өндіруге еңбек ақысын төлеу, бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға салымдар.
Жанама шығындар кәсіпорынның өндірістік үдерісін басқаруды ұйымдастырумен байланысты болады. Өнімдердің нақты түрлерінің өзіндік құнына жоспар бойынша салалық нұсқаумен, есептеумен немесе калькуляциялаумен белгіленген қандай да бір тарату базасын қосады (мысалы, еңбек төлеміне, тікелей шығындарға пропорционал) .
Ұйымның өндірген өнімдерінің, орындаған жұмыстарының және көрсеткен қызметтерінің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындары болады және олар өздері болған есепті кезеңнің шығындары (есепті уақыт арасындағы жасалған шығындар) ретінде танылады.
Кезең шығындарына мыналар жатады:
- жалпы және әкімшілік шығыстар;
- өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығыстар;
- қаржыландыруға арналған шығыстар [3, 5б] .
Әкімшілік шығыстар - бұл мекеменің жалпы және әкімшілік басқару аппаратын ұстау және өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен жалпы жетекшілік етумен байланысты шығындар. Бұл шығындарға мыналар жатады: әкімшілік-басқару аппараттың қызметкерлеріне және жұмысшыларға жататын адамдардың, сондай-ақ кәсіпорындар мен шаруашылықтарға қызмет көрсететін адамдардың еңбекақысын төлеу және осы еңбекақылардан тиісті аударымдар (әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру аударымдар, зейнетақы қоры және т. б. ) ; материалдық-техникалық және көліктік қызмет көрсету шығындары; жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдарды ұстау шығындары және т. б.
Өнімдерді сату жөніндегі шығыстар - бұл өнімдерді сақтау, өңдеу, сұрыптау, тиеу-түсіру, сататын орындарға тасымалдау және сату, сондай-ақ осы операцияларды жасауға қызмет көрсету бойынша шығындар. Бұл шығындарға мыналар жатады: өткізу бөлімі жұмысшыларының еңбекақысы және одан ұстау мен аударымдар; өнімдерді сату және қызмет көрсетуге пайдаланатын негізгі құралдарды ұстау және олардың амортизациясы бойынша шығындар; сату рыногын қарастыру және рынокқа дейін өнімдерді апаруға, жарнама шығаруға, әзірлеуге кеткен шығындар; мүліктік және жеке сақтандыру бойынша шығындар және т. б.
Қаржыландыруға арналған шығыстар - бұл банктердің несиелері мен сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін жабдықтаушылар бойынша, сондай-ақ активтерді жалға алу, алынған депозиттер мен бағалы қағаздар бойынша сыйақылар төлеу шығындары.
Бұл шығындардың айырмашылығы өндірістің көлеміне қатысты емес, тұрақты шығындар ретінде және өнімдерді сату немесе қызмет көрсетудің нақты түрлеріне байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады, сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс болып табылады. Мекеме белгілі кезең бойында еш нәрсе сатпаған күннің өзінде сол кезеңде жасалған шығындарды көрсетеді. Оларды бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте көрсету тұрғысынан алып қарағанда өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарының негізгі өзгешілігі олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды да, өзі туындаған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтуға есептен шығарылады. Бұларды есепке алудың мұндай тәсілі нарықтық экономика жағдайында сәйкестік сақтылығы қағидаттарынан пайда болады.
1. 2 Кәсіпорындағы кезең шығындарының ерекшеліктері мен есепке алудың ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кезең шығындары дегеніміз - бұл мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы есептіліктің көрсеткіштері болып табылады, сондықтан өндірістік шығындар ретінде алдымен тауарлық-материалдық қорларға қосылып, мекеменің теңгерімінде (балансында) активтердің бөлігі ретінде көрсетіледі, содан кейін ғана қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудің көрсеткіші ретінде танылады [4, 102б] .
Кезең шығындары есепті кезең уақытындағы жасалған шығындарына жатқызылады және келесі кезеңдегі өткізілмеген өнімдер мен аяқталмаған өндірістің қалдықтарына ауыстырылмайды. Бұл мекеменің баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауына маңызды.
Кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік кұнына енбейтін шығыстар: әкімшілік шығыстар, сату бойынша шығыстар, қаржыландыру бойынша шығыстар.
Кезең шығыстарының алғашқы түрі - өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар. Бұл шығыстар үлгілік шоттар жоспарының 7110 шотында есепке алынады. Осы шотта өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.
Өткізу шығындары - қорларды сатудан болған шығындар. Ынталандыру түріндегі шығындар - банк зайымдары бойынша марапаттауды төлеуге, банктік емес ұйымдар, жабдықтаушылар зайымы, активтерді жалға алу бойынша шығындар. Ұйымның шығыстарының ішінде елеулі шығыстарының бірі - әкімшілік шығыстар болып табылады.
Әкімшілік шығыстар - жалпы жетекшілік, өндіріс процесін ұйымдастырумен байланысты, өндіріс субъектілерінің әкімшілік-басқарушылық аппаратын қамтамасыз етумен байланыстырылған шығыстар. Оларға әкімшілік-басқарушылық персоналдардың еңбекақыларын төлеу, материалды-техникалық және көліктік қызмет көрсетуге кеткен шығыстар, жалпы шаруашылық және әкімшілік тағайындалған негізгі құралдарды қамтамасыз етуге кеткен шығыстар және т. б. жатады. Мерзімдік шығындардың соңғы бір түрі - қаржыландыру бойынша шығыстар.
Келесі бап атауы - корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар деп аталады. Корпоративтік табыс салығы сомасы бойынша шығыстар көрсетіледі. Бұл жолда ұйымның салық есебінде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі және анықталған сома ұйымның шығынына апарылады. Корпоративтік табыс салығының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қазақстан Республиккасының Салық кодексі және №12 «Пайдаға салық» ХҚЕС-на сәйкес анықталады.
Аздық үлесі дегеніміз - ол аналық (бас) компания тікелей немесе басқа еншілес ұйым арқылы иемдене алмайтын еншілес ұйымның таза активтерінің және таза пайдасының бір бөлігі. Зерттеліп отырған кәсіпорында мұндай актив болмағандықтан, аздық үлесі бабында ешқандай мәлімет көрсетілмеген.
Сурет 1. Шығындарды мойындау критерийлері
Пайда мен зияндар туралы есептіліктің соңғы баптарының бірі -кезеңдегі қорытынды пайда (қорытынды залал) бабы. Бұл бапта кәсіпорынның жыл ішіндегі тапқан қорытынды пайдасы немесе қорытынды залалы көрсетіледі. Есептілік нысанына сәйкес осы бапты табу үшін алдыңғы 150 жол мәліметінен 160 жол мәліметін шегереміз. Шығындар жұмсау нәтижесінде өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сатып алушылар мен пайдаланушыларға сату нәтижесінде бөлінбеген таза пайданың көлемі азайып отырады. Сатудың таза нәтижесін өлшеу арқылы бөлінбеген таза пайданы анықтаудағы шығындар мен табыстар сомасы есепті осы кезеңде сәйкестіріліп көрсетілуі керек.
Сонымен, кезеңдік шығындарға - осы кезеңдегі шаруашылық қызметіне байланысты сатылып алынған шығындар, ал ағымдағы жылдың шығындарына - алдағы кезең табыстарына жатпайтын (байланыспайтын) есепті кезең ішінде жұмсалған немесе пайдаланылған шығындар жатады.
1. 3 Кезең шығындары есебінің нормативтік-құқықтық реттеуі
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық берудің жүйесінің мемлекеттік реттеуін Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі жүзеге асырады.
Қаржы Министрлігі:
- Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру аймағында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және жүзеге асырылады.
- Бухгалтерлік есепте жүргізу тәртібін анықтайды.
- Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерді қабылдайды
- Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарын дайындап, бекітеді
- Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру сұрақтары бойынша басқа мемлекеттік органдар мен білікті ұйымдармен қарым- қатынасқа түседі
- Білікті бухгалтерлерге кеңес беруші органдардың құсқауымен қойылатын квалификациялық талаптарды бекітеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттеу үшін 2007жылдаң 28 ақпанында №234- ІІІ шыққан Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы қабылданды.
Аталған заң келесілерге таратылады:
- жеке кәсіпкерлерге;
- Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкесті Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдің заңды тұлғаларының өкілеттілігі.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі нормативтік реттеудің келесі деңгейлері бар:
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы № 234 -ІІІ Заңы;
- Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары. 2012;
- «Бухгалтерлік есептің тәртіптерін бекіту туралы» 20. 02. 2012ж. №104 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы;
- «Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарын бекіту туралы» 23. 05. 2007ж. №185 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы;
- «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» 20. 12. 2012ж. № 562 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы;
- Салық кодексі 01. 01. 2013 жағдайына.
Бухгалтерлік құжат (лат. documentum - дәлелдеу, куәлік) дегеніміз - шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалдық жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.
Құжаттардың құқықтық маңыздылығы бар, олар кәсіпорындармен және басқа субъектілермен немесе жеке тұлғалармен арада туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады. Төрелік сот пен сот инстанцияларында осындай дауларды дұрыс және уақытында құрылған жазбаша куәліктің заңды күші бар құжаттары арқылы шешеді.
Кезең шығындары, яғни өндірістен тыс шығындар ұйымның салық салғанға дейінгі табыс сомасын анықтауда үлкен роль атқарады. Ұйымның қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған түсім сомасынан сол табысты алумен байланысты шығындар сомасын шегеру арқылы жиынтық табыс сомасын анықтаймыз. Содан кейін жиынтық табыс сомасынан кезең шығындарын шегеру арқылы салық салғанға дейінгі табыс сомасын аламыз. Яғни, кезең шығындарының есебін дұрыс анықтау, ол үшін бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Мемлекеттік бюджеттің табыстарының бір көзі - төленетін салық сомасына қатысты. Кезең шығындарының коммерциялық шығындардан айырмашылығы олар өнімнің өткізілуіне ғана байланысты тәуелді емес, сонымен қатар тұрақты шығындар ретінде анықталады. Шаруашылық субъектісінде есепті кезеңде қандай жағдайда болмасын белгілі-бір кезең шығындары орын алады.
Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтық шегерімдер - заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындары. Салық төлеушімен шегерімдер жасалады егер шығындарды растайтын құжаттары болған жағдайда. Берілген шығындар ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының талаптары мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес анықталатын алдағы кезең шығындарын қоспағанда, нақты салық периодында шегерімге жатқызылыды.
Алдағы кезең шығындары сол салық салық салынатын кезеңнің уақытында шегерімге жатқызылады.
Табиғи монополия субъектілерінің залалдары ҚР заңмен бекітілген нормалар шегінде шегерімдерге жатады.
Егерде бір шығын түрі бірнеше шығын баптарында көрсетілсе, онда салық салынатын табысты анықтау барысында олар тек бір рет қана шегеріледі.
Шегерімдер:
1. Танылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары;
2. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар;
3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz