Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі



КІРІСПЕ 3
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктелуі, бағалануы мен шаруашылық қызметіндегі рөлі 5
1.2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының түсінігі 9
1.3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік.құқықтық реттелуі 12
2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕСЕПТЕ БЕЙНЕЛЕНУІ 14
2.1 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен олардың сипаттамасы 14
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 18
2.3 Негізгі құралдар және оладың амортизациясы есебін жетілдіру жолдары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Қолданылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 27
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында былай делінген: «2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауарлар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. 2012 жылдан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды» [1].
Экономикалық қатынастардың мәнімен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және көкейге қонымды шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты көрсету, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметіне бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың өндірістік активтерін жаңарту мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді. Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Бүгінгі күні бұл тақырып көкейкесті болып табылады. Ешбір кәсіпорын өзінің шаруашылығын негізгі құралдарсыз дамыта алмайды. Олардың ролі шығындар мен қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырғанда маңызды болып келеді. Сондықтан, негізгі құралдардың амортизациясы: есептеу әдістері, қаржылық есепке алу сұрақтары бірінші орында болады. Осы тұрғыда негізгі құралдардың есебі мен амортизациясының әдістері, оның жағдайын бағалауды жетілдіру жолдарының сұрақтарының мәні де арта түспек, себебі олар кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруда басты орындардың бірін алады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 ж. 14-желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // www.akorda.kz
2. 16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IAS 16)
3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы. № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі. (2016 жылдың 01 қаңтарына жағдайы бойынша) // salyk.kz
4. Ә. Әбдіманапов «Қаржылық есеп», Алматы, 2007 ж. – 456 б.
5. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» №234-ІІІ Заңына (01.01.2016 ж. өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
6. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет: Учебное пособие. – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2009. – 624с.
7. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық, 1 том – Қарағанды: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568 б
8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2003. -360 б.
9. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами. Часть I - 2009. - 270с..
10. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет: Учебник / Н.П. Кондраков. - 3-е изд., перераб. и доп.- Рек. МО РФ. - М.: ИНФРА-М, 2011. - 656 с..
11. 2 - «Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» ІҒКS Халықаралық қаржылық есеп стандарты
12. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы// www.minfin.kz
13. Нурсеитов Э.О. «Бухгалтерский учет в организациях» Учебное пособие. Издание 2-е переработанное. – Алматы: Центраудит, 2011. - 444 с.
14. 38 «Материалдық емес активтер» Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IAS 38)
15. 8 «Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IAS 8)
16. 36 «Активтердің құнсыздануы» Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IAS 36)
17. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012 – 624 бет.
18. Мухарыцин О.В., магистр учета и аудита, бухгалтер-практик CAP, Учет основных средств. Практическое пособие – Алматы: ТОО «Центральный дом бухгалтера», 2011, 60 с.
19. Сариева Б.Д. главный бухгалтер ТОО "МедСервис" Совершенствование учета основных средств. журнал «Бухучет на практике» // №2, 2013 г.
20. Учет единовременных экономических выгод по выбытию долгосрочных материальных активов//Журнал «Пищевая технология и сервис»,-Алматы,№3,2010.- с.114-118 – 0,42 п.л.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні бойынша: Қаржылық есеп 1

ТАҚЫРЫБЫ : Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі.

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктелуі, бағалануы мен шаруашылық қызметіндегі рөлі 5
1.2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының түсінігі 9
1.3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі 12
2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕСЕПТЕ БЕЙНЕЛЕНУІ 14
2.1 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен олардың сипаттамасы 14
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу 18
2.3 Негізгі құралдар және оладың амортизациясы есебін жетілдіру жолдары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Қолданылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында былай делінген: 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауарлар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. 2012 жылдан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды [1].
Экономикалық қатынастардың мәнімен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және көкейге қонымды шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты көрсету, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметіне бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың өндірістік активтерін жаңарту мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді. Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Бүгінгі күні бұл тақырып көкейкесті болып табылады. Ешбір кәсіпорын өзінің шаруашылығын негізгі құралдарсыз дамыта алмайды. Олардың ролі шығындар мен қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырғанда маңызды болып келеді. Сондықтан, негізгі құралдардың амортизациясы: есептеу әдістері, қаржылық есепке алу сұрақтары бірінші орында болады. Осы тұрғыда негізгі құралдардың есебі мен амортизациясының әдістері, оның жағдайын бағалауды жетілдіру жолдарының сұрақтарының мәні де арта түспек, себебі олар кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруда басты орындардың бірін алады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпорындарда негізгі құралдардың амортизациясы және оларды есептеу әдістерін, ашып көрсету және жетілдіру.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктелуі, бағалануы мен шаруашылық аспектілерін қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының түсінігін айқындау;
- негізгі құралдар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуін қарастыру;
- негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен олардың сипаттамасын анықтау;
- негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу
- негізгі құралдар және олардың амортизациясы есебін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні болып негізгі құралдардың амортизациясы және оларды есепке алу мен есептеу табылады.
Курстық жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып негізгі құралдардың есебі саласындағы Толпаков Ж.С.,Радостовец В.В., Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., секілді жетекші мамандардың ғылыми еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңы, Халықаралық Қаржылық есеп стандарттары табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы бойынша кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктелуі, бағалануы мен шаруашылық қызметіндегі рөлі

16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар бұлар негізгі құралдар мынадай материалдық активтерді білдіреді:
- тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және
- бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануды көздейтін [2].
Негізгі құралдар барлық кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінде қолданылады және олар кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінде еңбек құралы ретінде немесе ұйымның ұзақ мерзімді басқарушылық қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
Салық заңнамасының тұрғысынан қарасақ, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінде негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылады, олар салық төлеушінің балансында жылдық жиынтық табысты алу үшін қолданылады. Яғни салықтық есепте негізгі құралдар мүлікке салынатын салық объектісі ролін атқарады [3].
Ал енді отандық ғалымдардың және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде негізгі құралдарды тұжырымдауын қарастырайық.
Отандық ғалым Ә. Әбдіманапов Қаржылық есеп кітабында негізгі құралдарды ұйымның материалдық - техникалық базасын және өндірістік потенциалын сипаттаушы экономикалық маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі көрсеткіш деп пайымдайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың негізінде өндірістік үрдіс өзінің бірқалыпты үздіксіз принципін жүзеге асырады [4, б.288].
Ә.Әбдіманапов осы еңбегінде негізгі құралдарды мүліктік объектілер деп қарастырып, оған келесідей сипаттама береді: белгілі бір жұмыстар орындау үшін құрылысы немесе салынуы аяқталған, заттық үлгіде алынған барлық құралдардың жіктелген жекелеген түрлері [4, б.297].
Микроэкономикалық тұрғыдан алсақ, негізгі құралдар - үнемі қозғалыста, айналымда болатын өндіріс құралдары. Айналым жасау барысында негізгі құралдар келесі сатылардан өтеді: амортизация, толық қалпына келуі, күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі құралдар кәсіпорынның капитализацияланған шығындарын құрайды, бірақ олардан айырмашылығы - негізгі құралдардың құны оның материалдық түрі бар болғанында.
Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі негізгі құралдардың түсінігін келесі түрде береді: негізгі құралдар - табиғи - заттай нысанда өндіріс үрдісінде жасалған, компаниямен тауарларды және қызмет көрсетулерді өндіру және жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын ұлттық байлықтың негізгі бөлігі, оларды бір есепті кезеңнен астам уақыт ағымында қолдану болжанады. Бұл анықтама Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына анағұрлым сәйкес келеді [5].
Қазақстандық көптеген бухгалтерлік саладағы оқулықтардың авторы, э.ғ.к., профессор Назарова В.Л былай анықтама берді: Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы [6, б.113].
Негізгі құралдар және ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелеріне жан - жақты және алуан тұрғыдан әсерін тигізеді. Кірістер алу операциялық қызметтерді бастағанға дейін жүзеге асырылған негізгі құралдарға капитал салу пропорциялары туралы дұрыс шешімдердің нәтижесі болуы мүмкін. Сондықтанда негізгі құралдарды тиімді пайдалану оның қызметі мен ұдайы өндірістің өзіндік сипаты туралы айқын түсінікке ие болуды болжайды [7, б.107].
Негiзгi құралдарға - қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуiш және реттеу аспаптары, есептеуiш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлiк тасымалдау құралдары, аспаптар өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Көлемінiң үлкендi-кiшiлiгiне, бағасының азды-көптiлiгiне (арзанды-қымбатылығына) қарамастан пайдалану мерзiмi бiр жылдан аспайтын өндiрiс құралдары негiзгi құралдардың қатарына жатқызылмайды.
Сонымен қатар негiзгi құралдардың құрамына шаруашылық субъектiсiнiң қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, кұрделi құрылыс құрамында есептелетiн монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететiн жабдықтар, жасалынып (салынып) бiткен, бiрақ әлi пайдалануға берiлмей түрған, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж, жұмысының өзiндiк құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебiнен салынған титулдық тiзiмге кiрмеген ғимараттар мен тетiктер, сонымен бiрге жас малдар, яғни мал төлдерi де жатқызылмайды.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктеуі есепке алу және есеп беруде оларды біркелкі топтастырудың қажетті жағдайы болып саналады.
Есепке алуда негізгі құралдарды топтастыру, қазіргі уақытта қолданылатын халық шаруашылығының негізгі қорларының типтік жіктеуіне сәйкес, келесідей түрде жүзеге асырылады (сурет 1) [10, б.109].
Табиғи - заттық белгісі бойынша
жер учаскелері;
жер учаскелері және ғимараттар;
машиналар;
су кемелері;
әуе кемелері;
автокөлік құралдары;
жиһаз және құрылғылар; және
кеңсе жабдығы.
Пайдалану дәрежесі бойынша
Қолданыстағы
Қолданылмайтын
Қорлар қатарындағы
Меншікті
Жалға алынған
Иелігіне байланысты
Негізгі құралдар
Функционалдық (қызметтік) тағайындалуы бойынша
Өнеркәсіптік- өндірістік
Өндірістік емес
Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары
Мүліктік құрамы бойынша
Инвентарлық
Инвентарлық емес

Сурет 1 - Негізгі құралдардың жіктелуі

Негізгі кұралдар мынадай белгілер бойынша жіктеледі: халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттігі; табиғи-заттық белгісі; иелігіне байланысты және пайдалану бойынша.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі кұралдар он тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т.б.
Функционалдық қабілеттілігі бойынша негізгі кұралдар өнеркәсіптік-өндірістік, басқа салалардың өндірістік негізгі кұралдары және өндірістік емес болып бөлшектенеді.
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінін атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар. ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.
Басқа салалардың өндірістік негізгі кұралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен коғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардын негізгі құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық және мәдени-тұрмыстық кызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің кұралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, мәдениет және өнер, тұрмыстық кызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі кұралдары жатады.
Халық шаруашылығының әр саласында табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі кұрал тобы деп аталады. Негізгі құралдардың жекелеген топтары мыналар: жер учаскелері; жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; кеңсе жабдығы.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар - бұл сол мекеме (кәсіпорын) иелік ететін және соның баланстық (өзіндік) шотта ескерілетін негізгі құралдар. Жалға алынған негізгі құралдар - бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл негізгі құралдар жалға алушыда (жалгерде) теңгерімнен (баланстан) тыс шотында ескеріледі.
Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданыстағы, қолданылмайтын және қорлар қатарындағы болып жіктеледі. Қолданыстағыларға мекеме (кәсіпорын) өнім өндіруге немесе жұмыстар орындау және қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады. Жабдықтарды ауыстыру және т.б. үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, амортизациясына байланысты пайдаланылған негізгі құралдар қолданылмайтындарға жатады. Мекемеде толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайдаланылмайтын, сондай-ақ консервацияда тұрған негізгі құралдар қорлар қатарына жатады.
Негізгі құралдар сондай-ақ келесі құндар бойынша бағаланады:
Өзіндік құн - бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттардың, мысалы, 2 - Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер ІҒКS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы [11].
Амортизацияланатын құн - жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызметі мерзімінің сонында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.
Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша мекеме өзінің есеп саясаты ретінде негізгі құралдарды не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не қайта бағалау үлгісін тандауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына қолдануға міндетті.
Бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісінің мәні - актив ретінде бастапқы танудан кейін негізгі құралдар нысаны, жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріліп, оның бастапқы құны бойынша ескерілуге тиіс.
Қайта бағалау үлгісінің мәні - актив ретінде таныла отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін негізгі құралдар нысаны, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуға тиіс. Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын теңгерімдік (өзіндік) құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуге тиіс.

1.2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының түсінігі

Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда өтеу деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі қорлардың амортизациясына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады [12, б.108].
Пайдалану барысында негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық нысанын сақтай отырып, біртіндеп амортизация құнын жаңадан өндірілген өнімге аударады.
Негізгі құралдар нысандарыныц амортизациясы - бұл олардың физикалық және моральдық сипаттамаларынан айырылу процессі.
Физикалық тозу жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар объектілерін қолдану және сыртқы факторлардың эсерінің нәтижесінде пайда болады.
Моральдық амортизация активтердің заманауи ғылымның дамуы мен техниканың талаптарына сәйкес келмеуінің нәтижесіндегі үрдіс болып келеді.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар объектілерінің амортизациясы - активтің пайдалы қызмет ету мерзімі кезеңінде, активтің амортизациялық құнының жүйелі түрде бөлінуі, соның нәтижесінде, объектінің құны пайдалы қызмет ету мерзімі өткен сайын есептен шығарылып отырады, экономикалық пайданы тұтынуға байланысты шығындар есебінен жүзеге асырылады. Активтер амортизациясы актив қол жетімді болған кезеңнен бастап есептелінеді және егер актив белгілі бір уақытқа дейін іске қосылмаған жағдайға қарамастан, оның істен шыққан уақытына дейін жалғасады.
Барлық жағдайларда негізгі құралдар нысандары пайдалану мерзімі аяқталғанша бастапқы түрін сақтайды, бірақ бастапқы құны нақты амортизация сомасына төмендейді.
Амортизация, тіпті, егер негізгі құралдың әділ құны оның теңгерімдік (өзіндік) құнынан асып түссе де, негізгі құралдың жойылу құны оның теңгерімдік (өзіндік) құнынан аспаган жагдайда, танылады. Негізгі құралды жөндеу және оған қызмет көрсету оны амортизациялау қажеттігінен босатпайды.
Негізгі құралдың амортизацияланатын құны оның жойылу құны шегерілгеннен кейін анықталады. 1с жүзінде, активтің жойылу құны көбінесе мардымсыз болады, және сондықтан да амортизацияланатын құнды есептеген кезде елеулі рол атқармайды.
Негізгі құралдың жойылу құны оның теңгерімдік (өзіндік) құнына тең немесе одан асып түсетін сомаға дейін ұлғаюы мүмкін. Егер солай болса, осы актив бойынша амортизациялық есептеу, егер бұдан былай оның жойылу құны теңгерімдік (өзіндік) құнынан төмен болмаған жагдайда ғана нөлге тең болады.
Мынаны ескеру керек, негізгі құралды пайдаланудан мүлдем немесе оны белсенді пайдалану тоқталса, егер ол толықтай амортизацияланбаған болса, амортизация тоқтатылмайды. Алайда, активті пайдалану негізінде оны амортизациялау әдісін қолданған кезде, актив еш нәрсе өндірмейінше, амортизациялык есептеу нөлге тең болуы мүмкін.
Амортизация есептеудің пайдаланылатын әдісі мекеменің болашақ экономикалық пайдаларды болжамды тұтыну сұлбасын көрсетуге тиіс.
Негізгі құралдарға қолданылатын амортизация есептеу әдісі ең болмағанда әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс, және егер активтерде жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың болжамды сұлбасында елеулі өзгеріс анықталса, бұл әдіс осы өзгерісті көрсету үшін түзетілуге тиіс.
Негізгі құралдың амортизацияланатын құнын оны пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу үшін әр түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты бойынша амортизацияны есептеудің мынандай әдістері көрстеілген [2]:
а) біркелкі есептеу әдісі;
ә) азайтылатын жойылу құны әдісі;
б) өндіріс бірлігінің әдісі.
Әртүрлі негізгі құралдар объектілеріне әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.
Ұйым таңдаған амортизацияны есептеу әдісі есептік саясатпен анықталуы тиіс және тізбектелген түрде бір есептік жылдан екінші есеп беру жылына дейін қолданылып отыруы тиіс, тек активтерден болашақта экономикалық пайданы алу жағдайларын ескермегенде.
Амортизацияны есептеу қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта және техникалық қайта жабдықтау жағдайында жүргізіледі. Жалға берілген негізгі құралдардың амортизациясы жалға берушімен немесе жалға беру шартына сәйкес және шарт талаптарына сәйкес жалға алушымен жүргізілуі мүмкін.
Біркелкі есептеу әдісі, егер бұл жағдайда оны тарату құны өзгермейтін болса, активтің пайдалы қызмет мерзімінің ішінде тұрақты амортизация сомасын есептеу болып табылады..
Азайтылатын жойылу құны әдісі пайдалы қызмет мерзімінің ішінде амортизация есептеу сомасының азаюына алып келеді. Азайтылатын калдық әдісінің мәні - біркелкі есептеу әдісінде қолданылған амортизация шамасы (нормасы) екі еселеніп, ірқашан тек жойылу құнына қолданылады. Мұндайда амортизация сомасы жылдан жылға азаяды, сонымен бірге алғашқы жылдары ол әжептеуір жоғары болады. Амортизацияны есептегенде болжамды жойылу құны есепке алынбайды, соңғы жылды қоспағанда. Бұл жылғы амортизация сомасы жойылу құны жойылуға дейін азайту үшін қажетті шамамен шектелген
Өндіріс бірлігінің әдісі (амортизацияны орындалған жұмыс көлеміне пропорционал есептеу) амортизация объектісі пайдалану нәтижесі ғана болуына, уақыттың бір бөлігі оны есептеу барысында ешқандай рөл атқармайтынына негізделген.
Бұл тәсілді пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен не болмаса ұйымның шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен шектелген жағдайда қолдануға болады.

1.3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Негізгі құралдар және олардың амортизациясы, есептеу әдістері мен есепке алынуы, есептен шығарылуы Қазақстан Республикасында қызмет ететін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы №234-ІІІ Заңына (01.01.2016 ж. өзгерістер мен толықтырулармен бірге) және Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен құрастырылған ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізеді.
Сондай-ақ негізгі құралдар амортизациясының есебі келесі заңдарға сүйенеді:
- ҚР кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңы (Салық кодексі) № 99-ІV ҚРЗ 2008 ж 10 желтоқсан (2013.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- Қаржылық есептің халықаралық стандарттары (2015.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23.05.2007 жылғы бұйрығымен бекітілген.
Ал енді ашып көрсететін болсақ, негізгі құралдар есебі, амортизацияны бағалау әдістері 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сай жүргізіледі.
Барлық активтер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС (07.11.2012 ж өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес қысқа мерзімді активтер айналымдық активтер болып саналады.
36 "Активтердің құнсыздануы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты әрекетіне түсетін ақшалай қаржыны басқаратын барлық активтер мен бірліктер үшін компания әрбір жылдың аяғында құнсыздануға міндетті тест жүргізуі қажет және ол негізгі құралдардың құнсыздануын анықтаудың бірден-бір жолы болып табылады. Егер компания аралық қаржылық, мысалы, тоқсандық есептілікті құрайтын болса, - құнсыздану белгілерінің болуын тексеру әрбір есеп беру күнінде жүзеге асырылады.

2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕСЕПТЕ БЕЙНЕЛЕНУІ

2.1 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен олардың сипаттамасы

Амортизация есептеудің пайдаланылатын әдісі мекеменің болашақ экономикалық пайдаларды болжамды тұтыну сұлбасын көрсетуге тиіс.
Негізгі құралдарға қолданылатын амортизация есептеу әдісі ең болмағанда әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс, және егер активтерде жасалған болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу процессіндегі ішкі аудиттің әдістемесі
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ОЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕП ТОПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Амортизациялық саясаттың және негізгі қордың теориялық негіздері
Ұзақ мерзімді активтер есебі. Негізгі құралдардың тозуының есебі
Негізгі құралдар есебі туралы
Қазіргі кезде Қайнар құс
Негізгі құралдар
Пәндер