Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”, - деп анықтама берген А. С. Макаренко болатын. Яғни, отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т. б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату - жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады. Қазақта “үйлену оңай, үй болу қиын” дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін - салт-дәстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі “ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұсмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т. б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғыасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады. ” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Айттыру, құда түсу ежелден келе жатқан дәстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де “бел құда”; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып “бесік құда” атанады. Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты жалғастыруды “сүйек жаңғырту” немесе “сүйек шатыс” деген. Бір кездері құдалы болған адамдар құдалықтарын ұзақ жалғастыру үшін қыз берісіп, қыз алысады. Бұрынғы замандағыдай қазіргі кезде қызды зорлап қосу жоқ. Бірақ ата-аналары ақылдасып және екі жастың келісімі бойынша жасалатын салт. Қалай отау құрғанда да жаңа түскен келіннің екі жақты жақындататын дәнекерлік ролі аз емес. Келін болып түскен қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, аналық қасиеттерінде және жарына деген мейір-махаббатында деуге болады. Әрине, бұл жастардың адамгершілік қасиеттеіне, алған тәрбиесіне, әдептіліген байланысты. Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру - жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып, кейін де жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді. Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру - бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-санасы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жарауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану - ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесінің жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл. Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн. Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек. 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады. Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы - ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Отбасының бала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасы тәрбиесінің құралдары
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz