Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОНЫҢ БАЛАМАЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Жалпы ақша түсінігі, оның даму тарихы мен экономикадағы орны. Ақша қаражаттары және баламаларының түсінігі, түрлері . . . 5

1. 2 Ақша қаражаттары және оның баламаларының есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі . . . 11

2. АҚША БАЛАМАЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 15

2. 1 Кассадағы ақша қаражаттары мен ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі . . . 15

2. 2 Ақшалай баламаларының есебі . . . 21

2. 3 Ақша қаражаттары мен оның баламаларының есебін жетілдіру жолдары . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық жүйесі нарықтық қатынастарға негізделгені бәрімізге белгілі. Осыған орай нарықтық қатынастардағы экономикалық процестерді реттеу, кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық категориялардың мәнін ашу маңызды болып саналады.

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде, қаржылық қатынастарды ұйымдастыруда және экономикалық талдау жұмыстарының нақтылы жүргізілуінде бухгалтерлік және қаржылық есептің алатын орны ерекше. Бухгалтерлік есеп - ұйымның қаржалық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Сондай-ақ, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның есеп беруі мен басқаруын жүзеге асырады. Осы себептен кeз-кeлген ұйымдaрда бухгaлтерлік eсеп жүpгізу экoномикaлық мәсeлелердің бaсты жәнe нeгізгі қaжеттілігі ретінде саналады.

Қазіргі таңда елімізде әлемдік нарықта нық тұру үшін бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарылай береді. Ал кәсіпорын қызметінің дамуы мен оңтайландырылуына көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде ақша қаражаттары мен олардың баламаларын және есебін, сонымен қатар оның дұрыс ұйымдастырылуын айтуға болады.

Кез-келген ұйымды немесе кәсіпорынды бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін немесе заманға сай технологиялық жаңашылдыққа жету үшін ақша қаражаттары қажет етіледі.

Ақша баламалары түсінігінің өзі осы ақша қаражаттарынан туындайды. Яғни ақша қаражаттары мен оның баламалары нарықтық қатынастар жағдайында үлкен рөл атқарады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде, кәсіпорындарда, жалпы экономикада ақша қаражаттары мен олардың баламалары келтіріледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтімділігін дәл бағалау үшін қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету.

Курстық жұмыстың алдына аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • жалпы ақша, оның шығу тарихы мен экономикадағы орны бойынша түсінікті ашу;
  • ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі мен мәнін, түрлерін ашып көрсету;
  • ақша баламалары есебінің нормативтік-құқықтық реттелуін айқындау;
  • ақша баламаларының есебін, банктік овердрафт, овернайдты қарастыру;
  • ақша баламаларының есебін жетілдіру жолдарына тоқталу.

Курстық жұмыстың әдістемелік негіздеріне тоқталар болсақ, бұл курстық жұмыста «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары, бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспары, Толпаков Ж. С., Әбдіманапов Ә., К. Ш. Дүйсенбаевтің, К. К. Кеулімжаевтың, Б. А Алибекованың, К. Б. Блеутаеваның, Б. С. Мырзалиевтің еңбектері және әдістемелік құралдар пайдаланылды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде ақша баламаларының есебі, олардың сипаттамасы, оның нормативтік-құқықтық реттелуі мен оны жетілдіру, дамыту жолдары ашылып көрсетіледі.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОНЫҢ БАЛАМАЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жалпы ақша түсінігі, оның даму тарихы мен экономикадағы орны

Ақша қаражаттары мен оның баламаларының экономикалық мазмұнын ашу үшін ең алдымен олардың түп негізі ақша ұғымына тоқталайық. Жалпы ақшаның ұғымы, түрлері мен оның атқаратын қызметтерін білу кәсіпорын үшін айрықша орын алады. Бірақ ең алдымен оның тарихына көз жүгіртейік.

Біз білетін бүгінгі замандағы «қағаз ақша» мен «тиын-тебендер» - біздің дәуіріміздегі адамдардың алғыр қабілеттілігінің растамасы, жалпы адамзаттың ойлап тапқан соңғы керемет жетістіктердің бірі.

Көптеген елдерде алғашқы ақша құралы ретінде малды қолданғаны мәлім. Келе-келе, барлық тауардың бағасы эквиваленті түрдегі бір тауарға теңестіріле бастаған.

Оңай бөлінгіштігі мен аз орын алатын ыңғайлылығына қарай, ақша айналымында металды қолдану тәжірибесі кең етек ала бастады. Міне, осылай ең алқашқы тиындар (монеталар) дүниеге келді. Алғашқы тиындарда түрлі символдар, көбіне құдайлардың суреттері белгіленіп шығарылған. Алғашқы тиындар ежелгі Рим, Қытай мен Лидия хандығында б. з. д. VII ғасырда кең қолданыста болған.

Осындай түрлі ақша мен тауардың сан мың айналымы, ежелгі мемлекеттерде «халықаралық сауда» атты жаңа бағытты ашып берді. Бұл кезеңде адамдар өзара ортақ ақша құралын, қандай да бір дара, жасап шығару міндеттемесіне тап болды. Осылайша ежелгі мемлекеттерде «алтын» металы - бірыңғай ортақ ақша ретінде кең танымалдыққа ие бола бастады.

Ал, ең алғашқы қағаз ақшалар VIII ғасырда Қытайда пайда болған (алғашқы «қағаз» өнімі де б. э. д. 100 жылда осы Қытайда пайда болған) . Дәл осы кезеңде «уәде беріп ақшаны қағазбен төлеу идеясы» өмірге келген. Сондықтан көпестер, өсімқорлар, зергерлер алғашқы талаппен ақшаны қайтаруды міндеттейтін жазбаша құжаттар дайындап шығарған. Міне, осы «жазбаша міндеттемелер» қазіргі ақшаның ең ежелгі прототипі, «арғы атасы» болып саналады.

Осы заманға ақшалардың қазіргідей рәсімделуі мен оның қолданысқа енгізу тарихы 1440 жылдан бері басталады. Неміс ғалымы Иоганн Гуттенбергтің ойлап тапқан жылдам кітап басып шығару станогын алғаш рет ақша басып шығару үшін қолданылғанынан соң массалық белең ала бастады [1] .

Ал, еліміздің ұлттық валютасына келер болсақ, ол-теңге. Теңгенің шығу тарихын барлық Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ал енді ақшаның шығу тарихынан соң, «ақша» ұғымына тереңірек үңілсек.

Ақша ұғымы туралы отандық авторларымыз өз еңбектерінде көптеп атап көрсеткен, сондықтанда олардың бірнешеуіне тоқталып кетейік. «Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар» [2, 176 б. ] - деп Н. Қ. Мамыров пен М. Ә. Тілеужанова түсініктеме берсе, ал А. И. Ғизатова «Ақша-ол мәмілелер жасауға (тауарлар мен қызметтер сатып алуға) қызмет ететін қаржы активі» немесе «Ақша - инфляция үдерістерін, кезеңдік ауытқуларды, экономикада тепе-теңдікке жету тетігін, тауар және ақша нарықтарындағы келісушілікті және басқаларын талдауға мүмкіндік беретін аса маңызды макроэкономикалық санат» [3, 226 б. ] -деп анықтама берген. Сонымен қатар, жалпы отандық авторлардың ішінен А. Н. Доғалов пен Н. С. Досмағанбетов ақша түсінігіне толық, әрі нақты анықтамалар беріп кеткен. Ендігі кезекте осыларды қарастыратын болсақ:

  1. ақша-бұл келісімдер үшін қолданыла алатын қаржы активтерінің түрі;
  2. ақша-бұл игіліктерді айырбастау кезінде жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар түрі;
  3. ақша-бұл бағалардың тұрақты деңгейінде табыс әкелмейтін мүліктің ерекше түрі;
  4. ақша-бұл инфляциялық үдерістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар және ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория. [4, 128-129 б. ]

Сонымен біз барлық отандық авторлардың берген анықтамаларын зерттеп-талдай келе, ақша түсінігіне төмендегідей анықтама беруді жөн деп таптық: «Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар». Себебі осы анықтамаға орай, ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір - бірінен бөлінбейді, олар біртұтас деп айтсақ та болады, олай дейтініміз, ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.

Ақша ұғымы мен оның тарихына көз жүгіртіп болсақ, келесі қарастырылатын мәселе - ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтері. Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәні, қызметі мен рөлі туралы Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Сондай-ақ, ақша теориясын ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты. Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі;
  2. айналыс (айырбас) құралы;
  3. төлем құралы;
  4. қорлану және қор жинау құралы;

5. дүниежүзілік ақша [5, 65 б. ] . Осы қызметтердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып кетсек.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы үдерісінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай үдерістерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т(тayap) -A(ақша) -Т( тауар) .

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Сонымен, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Ақшаның төлем құралы қызметі. Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) - М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) - Т(тауар) .

Ақшаның төлем кұралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді [6, 84-88 б. ] .

Осыдан соң ақша түрлеріне назар аударсақ. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

  • толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) ;
  • толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері) .

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Толық құнды ақшалардың бір түрі металл ақшалар (мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандар) жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны - бұл олардың соңғы нысаны.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар [6, 117 б. ] .

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі-кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады [7, 91 б. ] .

Бухгалтерлік есептің 1 «Қаржы есептілігін ұсыну» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив, егер:

  • оны өткізу көзделсе, не ол кәсіпорынның әдеттегі операциялық кезеңінің барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;
  • ол негізінен сауда мақсаттарына арналса;
  • оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса;
  • ол шектеу салынбаған ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында, яғни, есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынбаған болса, айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс.

Қалған активтердің барлығы міндетті түрде ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталуға тиіс [8] .

Сонымен, айналымдық активтер баланс күнінен кейін он екі айдың ішінде оларды өткізу күтілмегеннің өзінде, қалыпты операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткізілетін босалқылар, сауда дебиторлық берешегі мен ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламаларын қамтиды.

Нарықтық бағалы қағаздар, егер оларды өткізу баланс күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе, айналымдық актив ретінде сыныпталады, олай болмаған ретте олар ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталады.

Жоғарыда келтірілген сипаттамалар ақша қаражаттары мен олардың баламалары айналымдық активтердің ажыратылмас құрамдас бөлігі екенін көрсетеді [9, 131 б. ] .

Қорыта келе біз ақшаның тарихына, атқаратын қызметтеріне, оның экономикадағы орнына, түрлеріне және ақша дегеніміз не деген сұрақтарға жауап алдық. Және де, ақшаның экономикадағы маңызы мен теориялық негіздемесіне тоқталып өттік. Біздің өмірімізде, қоғамымызда ақшаның атқаратын рөлі мен алатын орны маңызды болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда өмірімізді ақшасыз елестету мүмкін емес деп ойлаймыз.

Бухгалтерлік есептің 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді. Ал ақша қаражаттарының баламаларына - алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар жатады. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар болып табылады. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі [10] .

Ал Отандық авторлардың ішінен «Ақша баламалары-бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады» -деп Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов анықтама берген. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілі де жоқ. Көп жағдайда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді [11, 104 б] .

Осы ақша баламаларының түрлері қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттарға В. Л. Назарова өз еңбегінде түсініктеме берген.

Қазыналық вексельдер үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар процентсіз міндеттемелері. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі. Өтеу құны мен шығарылатын құны арасындағы айырмашылық сатып алушының проценттік табысы болып саналады.

Коммерциялық қағаздар (қысқа мерзімді вексельдер) - қысқы мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпорациялар шығарады.

Депозиттік сертификаттар немесе банктік депозиттер - тез талап етуге болмайтын депозиттер, дегенмен олар өтеледі және алу жолымен санкцияға ұшырайды.

Кідірістер немесе айып санкциялары ақшалай баламалардың ақшалай қаражаттарға айырбастауына әсер етуі мүмкін. Сондықтан баламалар ақшалай қаражат есептерінен шығарылады. Олар әдетте қысқа мерзімді инвестициялар шотына жатқызылады.

Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын қарыздарға (овердрафтқа) сүйенеді. Кейбір елдерде олар кәсіпорынның ақшалай қаражатын басқарудың ажырамас бөлігін құрайды. Мұндай жағдайларда олар ақшалай қаражат пен оның баламаларының құралы ретінде кіреді. 7 «Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп» ХҚЕС- қа сәйкес банк овердрафты - төлем атқаруда пайда болған, оң (дебеттік) сальдодан асатын және қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы теріс (кредиттік) қалдық [12, 73-74 б] .

1. 2 Ақша қаражаттары және оның баламаларының есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы . Ал нормативті-құқықтық реттелу дегеніміз - ол әр түрлі нормативтік-құқықтық құралдар арқылы қоғамдық қатынастарға мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы[13] . Яғни кез келген объектілер, субъектілер мен қатынастар белгілі бір нормалардың көмегімен ретке келтіріліп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарына бақылау
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық және халықаралық стандарттары
Ақша қаражаттарының аудиті
Ақшаларды түгендеудің әдістері
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақша қаражаттарының есебінің мәні
«Транс Техно Сервис» ЖШС- нің ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы ақшалардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz