Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
КІРІСПЕ 3
1 КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Шаруашылық субъектінің қызметіндегі кредиторлық берешектердің мәні мен мазмұны 5
1.2 ХҚЕС.на сәйкес кредиторлық борыштарды тану мен бағалау 9
1.3 Кредиторлық берешектер есебінің нормативтік.құқықтық реттелуі 12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 14
2.1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу 14
2.2 Еңбек ақы төлеу бойынша кредиторлық берешектер есебі 17
2.3 Жал бойынша кредиторлық берешектер есебі 22
2.4 Кредиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28

Курстық жұмыстың өзектілігі. Барлық кәсіпорындар өндірістік және шаруашылық қызметін жүргізе отырып, басқа кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпорын жұмысшыларымен және басқа жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынастарға түседі. Бұл өзара қарым-қатынастар өнімді, қызметті, жұмысты өткізу мен өндіру, дайындау процесінде әртүрлі ақшалай есеп айырысуларға негізделген. Осы өзара шаруашылық қарым-қатынастар жүру кезінде тұлғалар арасында белгілі бір міндеттемелер пайда болады.
Бүгінгі күні барлық кәсіпорындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі кредиторлық қарыздардың бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Қазіргі нарық заманында кредиторлармен есеп айырысуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық құралдарының үнемі айналымда жүруі алуан түрлі есеп айырысулардың үздіксіз жаңарып отыруын тудырады. Есеп айырысулардың кең таралған түрлерінің бірі – кредиторлармен есеп айырысу болып табылады.
Кредиторлармен есеп айырысуды және оның мерзімді өтелуін басқару және бақылау маңызды орын алады. Кредиторлармен есеп айырысудың жағдайын басқару және бақылау кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты мақсаты – оның баланста көрсетілген мөлшерінің дұрыстығы мен сенімділігін қалыптастыру. Ол үшін баланс мәліметтері мен Бас кітап, журнал-ордерлер, ведомостілер және басқа да есепке алу регистрларындағы жазбалармен сәйкестігі тексеріледі.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі. № 409 (өзгертулер мен жаңартулар 30.08.15 ж. енгзілген)
2. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы
3. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012 – 624 бет.
4. №39«Қаржы құралдары: Тану және бағалау» ХҚЕС
5. №37 «Бағаланатын міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХҚЕС [4, б.339]
6. №17 «Жалдау» ХҚЕС
7. Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп (тестер жинағы: оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2008-203 б.)
8. №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ХҚЕС
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
10. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // (өзгертулер мен жаңартулар 16.11.15 ж., енгзілген)
11. Нұрсеитов Е.О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы, А: LEM, 2009-428 б.
12. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. –Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ 2009, -568б.
13. Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 27.03.2008
14. Алибекова Б.А., «Бухгалтерлік есеп қағидалары: Оқулық» - Астана: «Сарыарқа» Баспасы, 2012. – 264б.
15. Сейдахметов Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. Алматы: LEM баспасы. 2008-500б.
16. Китебаева К.А. Бухгалтерлік есеп қағидалары. – Оқулық құралы, Қарағанды: ҚҚЭУ, 2013, 273 б.

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Шаруашылық субъектінің қызметіндегі кредиторлық берешектердің мәні мен мазмұны 5
1.2 ХҚЕС-на сәйкес кредиторлық борыштарды тану мен бағалау 9
1.3 Кредиторлық берешектер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі 12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 14
2.1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу 14
2.2 Еңбек ақы төлеу бойынша кредиторлық берешектер есебі 17
2.3 Жал бойынша кредиторлық берешектер есебі 22
2.4 Кредиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Барлық кәсіпорындар өндірістік және шаруашылық қызметін жүргізе отырып, басқа кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпорын жұмысшыларымен және басқа жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынастарға түседі. Бұл өзара қарым-қатынастар өнімді, қызметті, жұмысты өткізу мен өндіру, дайындау процесінде әртүрлі ақшалай есеп айырысуларға негізделген. Осы өзара шаруашылық қарым-қатынастар жүру кезінде тұлғалар арасында белгілі бір міндеттемелер пайда болады.
Бүгінгі күні барлық кәсіпорындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі кредиторлық қарыздардың бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Қазіргі нарық заманында кредиторлармен есеп айырысуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық құралдарының үнемі айналымда жүруі алуан түрлі есеп айырысулардың үздіксіз жаңарып отыруын тудырады. Есеп айырысулардың кең таралған түрлерінің бірі - кредиторлармен есеп айырысу болып табылады.
Кредиторлармен есеп айырысуды және оның мерзімді өтелуін басқару және бақылау маңызды орын алады. Кредиторлармен есеп айырысудың жағдайын басқару және бақылау кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты мақсаты - оның баланста көрсетілген мөлшерінің дұрыстығы мен сенімділігін қалыптастыру. Ол үшін баланс мәліметтері мен Бас кітап, журнал-ордерлер, ведомостілер және басқа да есепке алу регистрларындағы жазбалармен сәйкестігі тексеріледі.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі жабдықтаушыларының бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
- шаруашылық субъектінің қызметіндегі кредиторлық берешектердің мәні мен мазмұнын анықтау;
- ХҚЕС-на сәйкес кредиторлық борыштарды тану мен бағалау;
- кредиторлық берешектер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуін қарастыру;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуын көрсету;
- еңбек ақы төлеу бойынша кредиторлық берешектер есебін қарастыру;
- жал бойынша кредиторлық берешектер есебін айқындау;
- кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні - кредиторлық берешектің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Курстық жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары және зерттеліп отырған кәсіпорын мәліметтері табылды.
1 КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Шаруашылық субъектінің қызметіндегі кредиторлық берешектердің мәні мен мазмұны
Кредиторлық берешек - кәсіпорынның басқа заңды тұғалар мен азаматтар алдындағы міндеттемесінің (қарызының) сомасы. Осыдан келіп, кредиторлық берешекке түсінік берместен бұрын міндеттеме ұғымын айтып өткен жөн.
Міндеттемелердің пайда болуы, олардың түсінігі және орындалуы Азаматтық кодекстің 3-бөлімі Міндеттемелік құқық бөлімімен реттеліп отырады[1].
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан бас тартуға мiндеттi, ал несие берушi борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышкер ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады. Борышкер жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышкеры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.
Бухгалтерлік есепте міндеттеме терминін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңы былай тұжырымдайды: мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады[2].
Берешек - заңдылыққа сәйкес келісімді білдіреді. Ол бойынша ақша немесе затты бір жақ екінші жаққа меншікке немесе оперативті басқаруға береді, ал займ алушы займ берушіге займды қайтаруға міндетті болады. Мұндай келісім қарыз затын нақты беру кезінде ғана бекітілген болып есептеледі. Қарыз алушы займды қайтару кепілін қамтамасыз ету үшін мүлік кепілі келісімін бекітеді. Бұл келісім банкке қарыз алушының төлемқабілетсіздігі мен банкроттығы кезінде кепілденген мүлікті өткізуден түскен табысты займды жабуға бағыттауға құқық береді. Міндеттемені қамтамасыз ету ретінде үшінші жақ кепілі, кепіл келісімдері, сақтандыру полисі тағы да басқа бола алады. Кепілдік банктермен, ұйымдармен берілуі мүмкін. Кепіл: банк немесе ұйым қарыз алушы ұйымның төлеу мерзімі өткеннен кейін төленбеген жағдайда өзіне міндеттемені ала отырып, өз есебінен төлем жүргізуді білдіреді. Кепіл беруші қарыз алушы ұйымнан кепіл сомасынан сыйақы алады [3, б.185].
Сонымен кредиторлық берешек деп айтылған кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға, қызметкерлерге, жалпы қарызгерлерге қарызын айтады. Егер сатып алынған зат кәсіпорынға ақшасын төлемей тұрып түссе кредиторлық қарыз пайда болады.
Кредиторлық берешектің құрамына төмендегілер енеді:
oo төлем бойынша шоттар;
oo берілген вексельдер;
oo алынған аванстар;
oo салық бойынша бюджет алдындағы қарызы;
oo төлеуге тиісті дивидендтер;
oo алдыңғы кезең табыстары,
oo басқа да кредиторлық қарыздар.
Кредиторлық берешек - ұйымның шаруашылық қызметін жүргізу барысында өткен оқиғалардың нәтижесі болып табылатын есепті мерзімдегі бар міндеттемелерді және экономикалық пайда әкелуге тиісті ұйым ресурстарының шығынына әкелуі бойынша есеп айырысуларды көрсетеді. Яғни, кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).
Кредиторлық қарыздар шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өз қызметін жүргізу барысында пайда болады. Яғни, өнім өндіру, қызмет көрсету сияқты негізгі қызметін жүргізу барысында ұйымның өз жұмыскерлері алдында, сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін жабдықтаушыларға, сол өнімін өндіру үшін қажетті ғимаратты жалдау бойынша жал беруші алдында белгілі бір кредиторлық берешек пайда болуы мүмкін.
Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және аяқталмаған болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыра санаған жөн.
Бұларға мысалға айтатын болсақ, төлеу мерзімі келмеген акцепттелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек жатады.
Ақталмаған кредиторлық берешек болып еңбекті өтеу бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төлемеген есеп-қисап құжаттары бойынша жеткізушілер мен мердігерлерге және тағы да басқа мерзімі өтіп кеткен қарыздар саналады.
Кредиторлық қарыз әдетте қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасымен немесе нарық шартында әкелуге тиісті тауарлар мен қызметтер құнымен бағаланады. Көптеген кредиторлық қарыздар сомасы әрқашан белгілі, бірақ кейбіреулері үшін ол есептелген болуы керек. Міндеттемелер бойынша қарыз пайда болған жағдайда есепте тіркеледі. Бұл ережені қолдану қиын, себебі қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың маңызды бөлігі есептелген еңбекақы, сыйақы түріндегі жинақталған сомалар болып табылады. Басқа жағынан, ұйым алдағы болашақ келісімдер туралы келісім-шарт бекітуі мүмкін.
Кредиторлық қарыздар қысқа және ұзақ мерзімді болып екі түрге бөлінеді.
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз бұл қайтару мерзімі бір жылға дейін болатын қарыздар.
Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар бұл өтеу мерзімі бір жылдан асатын міндеттемелер болып табылады.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек келесідей жіктеледі:
oo Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
oo ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;
oo төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар;
oo өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек.
Жекелеп тоқтала кетейік:
oo Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер үшін өтелу мерзімі бір жылдан аспайтын қарыздар болып табылады.
oo еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек - бұл еншілес серіктестіктерге қысқа мерзімді уақыт аралығында өтелуі тиісті қарыздар саналады.
oo қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл осы ұйымдарға қысқа мерзім ішінде қайтарылуы тиісті қарыздар.
oo филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл бас кәсіпорынның өзінің филиалдарының алдындағы бір жыл ішінде өтелуі тиісті берешегі.
oo еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы қысқа мерзімді уақыт аралығында өтелуі тиісті қарыздары. Айта кету керек, бұл жұмыскерлер алдында олардың еңбегі үшін қарыздар тек қана қысқа мерзімді болады. Себебі кәсіпорын өз жұмыскерлеріне еңбектері үшін ақы төлемін ұзақ уақытқа созуы, яғни бір жылдан аса мерзімде төлемеуі шындыққа сай емес.
oo жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл жал бойынша бір жыл ішінде өтелуі тиісті міндеттемелер саналады.
oo ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі. Егер ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардың бөлігі ағымдағы жылда өтелуге тиіс болса және ағымдағы активтер айналым құралдары есебінен төленетін болса, онда бұл бөлігі ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі ретінде болады және бухгалтерлік баланста ағымдағы деп көрсетіледі де, қалғаны ұзақ мерзімді ретінде көрінеді.
oo төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар бұл алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша бір жыл ішінде төленуге тиісті пайыздардың есебі.
oo өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек бұл өтелуі бір жылдан аспайтын басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар.
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешекке келесілер жатады:
oo жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
oo еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
oo қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
oo филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
oo жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
oo төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар;
oo өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек.
oo әрбіреуіне тоқтала кетейік:
oo жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек бұл алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер үшін өтелу мерзімі бір жылдан асатын қарыздар болып табылады.
oo еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек - бұл еншілес серіктестіктерге ұзақ мерзімді уақыт аралығында өтелуі тиісті қарыздар саналады.
oo қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек бұл осы ұйымдарға ұзақ мерзім ішінде қайтарылуы тиісті қарыздар.
oo филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек бұл бас кәсіпорынның өзінің филиалдарының алдындағы бір жылдан асатын мерзімде өтелуі тиісті берешегі.
oo жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек бұл ұзақ мерзімді жал келісім-шарты бойынша бір жылдан асатын мерзімде өтелуі тиісті міндеттемелер саналады.
oo төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар бұл алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша бір жылдан асатын мерзімде төленуге тиісті пайыздардың есебі.
oo өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек бұл өзге де кредиторлық берешектердің бір жылдан асатын уақытта өтелуі тиісті қарыздар саналады.
Кредиторлық берешекті есепке алудың мақсаты - кредиторлық берешекті есепке алуға байланысты барлық операциялардың үлгілік жоспарының шоттары бойынша кредиторлық операцияларды дұрыс, әрі уақытылы құжаттық рәсімдеу. Құжаттық рәсімдеудің дұрыс орындалуы Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешекды дұрыс бақылауға әкеледі.
Қорытындылай келе, кредиторлық берешек кәсіпорынның заңды тұлғалар мен азаматтар алдындағы міндеттемесін білдіреді. Кредиторлық берешектің түрлері кәсіпорындағы жүргізілетін шаруашылық іс әрекеттеріне байланысты және өтелу мерзіміне қатысты ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлініп қарастырылады. Ал олар өз алдына бірнеше түрлерге жіктелетінін ашып көрсеттік. Яғни, қазіргі кезде кредиторлық қарыз құрамына кіретін түрлерін ашып көрсеттік.
1.2 ХҚЕС-на сәйкес кредиторлық борыштарды тану мен бағалау
Кредиторлық борыштар 39-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 39) Қаржы құралдары: Тану және бағалау сәйкес бағаланады және танылады [4].
Бұл стандарттың қолдану аясына төмендегідей қарыздар бойынша міндеттемелер кіреді:
- ұйым қаржы міндеттемесі ретінде жіктейтін, пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қарыз туралы келісімдер. Өткен несие туралы келісімдерінен туындайтын активтерді сату тәжірибесі бар ұйым осы Стандартты бірдей санатқа жатқызылатын қарыз туралы келісімдеріне қолдануға міндетті;
- ақша қаражатын беру немесе басқа қаржы құралын шығару нысанында қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы реттелуі мүмкін қарыз туралы келісімдер. Осы қарыз туралы келісімдер туынды құралдарды білдіреді. Несие туралы келісімді қарызға алынған қаражатты бөліп-бөліп төленгендіктен ғана қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы өтелген деп санауға болмайды (мысалы, құрылыстың аяқталу сатысына тепе-тең бөліп-бөліп өтелетін, құрылысқа арналған ипотекалық несие);
- нарықтық пайыздан төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша несие беру туралы келісімдер, осындай қарыздар туралы келісімдерден туындайтын міндеттемелерді кейіннен бағалау туралы айтылады.
Ұйым 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес бағалау міндеттемелері ретінде таныған не ол үшін неғұрлым ерте кезеңдердің бірінде ол 37 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес бағалау міндеттемесін таныған міндеттемені өтеу үшін ұйым жүргізуге міндетті болатын шығындарды өтеу үшін төлемдерге құқықтарын [5].
17 Жалдау ХҚЕС (IAS) қолданылатын жалдау келісімшарттары бойынша құқықтар мен міндеттемелерді [6]. Дегенмен:
- жалдау бойынша жалға беруші таныған дебиторлық берешек 9 Қаржы Құралдары ХҚЕС-тың (IFRS) танылуының бұзылуы туралы ережесі және осы Стандарттың құнсыздану туралы ережелеріне тиісті болып табылады;
- жалдау бойынша жалға алушы таныған кредиторлық берешек 9 ХҚЕС-тың (IFRS) танылуының бұзылуы туралы ережесіне тиісті болып табылады;
- жалдау келісімшарттарына енгізілген туынды құралдар 9 ХҚЕС-тың (IFRS) енгізілген туынды құралдары туралы ережелеріне тиісті болып табылады.
Ұйым хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақша ағымдарының барлық өзгерістерін хеджирлеу қарым-қатынасы ретінде тануы мүмкін. Ұйым, сондай-ақ хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақша ағымдарының өзгерістерін тек белгілі бір баға немесе басқа ауыспалыдан (бір жақты тәуекелдік) жоғары не төмен деңгейде тануы мүмкін. Хеджирленетін құралдың сату опционының ішкі бағасы (танылған тәуекелдіктің шарттарымен бірдей басты мүшелері бар деп болжанғанда), бірақ оның уақытша құны емес, хеджирленген баптың бір жақты тәуекелдігін білдіреді. Мысалы, ұйым тауар сатылымының баға өсімінен туындайтын болашақ ақша ағымдары нәтижесінің әр алуандылығын тануы мүмкін. Мұндай жағдайда, тек белгіленген деңгейден жоғары баға өсімінен туындайтын ақша ағымдары шығындары танылады. Хеджирлеу тәуекелдігіне сатылым опционының уақытша құны кірмейді, себебі уақытша құн пайда не шығынға әсер ететін болжам операцияларының компоненті болып табылмайды.
Әрбір есепті күн жағдайы бойынша ұйым амортизациялы құнда өлшенген қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының объективті белгілерінің болуын бағалауға міндетті.
Қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы құнсызданады және құнсызданудан болған шығындар, егер активтің бастапқы танудан кейін орын алған бір немесе бірнеше оқиғалардың (шығын оқиғасы) нәтижесінде құнсызданудың объективті белгілері болған жағдайда не осы шығын оқиғасы (оқиғалары) қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы бойынша болжанатын болашақ ағындарға шынайы бағалауға сай келетіндей әсер еткен жағдайда ғана туындайды. Құнсыздануды тудырған жалғыз дискреттік оқиғаны үнемі атау мүмкін емес. Негізінен құнсызданудың белгісі бірнеше оқиғаның құрама әсер етуі болып табылады. Болашақ оқиғаның нәтижесінде күтілетін шығындар осындай оқиғалардың басталу ықтималдарына қарамастан танылмайды. Активті иеленушіге белгілі, мынадай шығын оқиғалары туралы ақпарат қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының объективтік белгілеріне жатады:
- эмитент немесе борышкер бастан кешіп отырған едәуір қаржы қиындықтары;
- шартты бұзу, мысалы, пайыздарды немесе борыштың негізгі сомасын төлеуден бас тарту немесе жалтару;
- кредиторларға қарызшының қаржылық қиындықтарына байланысты экономикалық немесе заңды себептер бойынша жеңілдікті жағдайлар ұсыну, бұған кредитор басқа қандай да болмасын жағдайларда шешім қабылдамас еді;
- қарызшының банкрот болуы немесе қаржылық қайта ұйымдасу ықтималдылығы;
- осы қаржы активі үшін қаржылық қиындықтар себебі бойынша актив нарығының жоғалуы; немесе осы активтерді бастапқы тану сәтінен бастап қаржы активтері тобы бойынша ақша қаражаттарының болжанған болашақ ағындарының айқындалған азаюын растайтын ақпараттың болуы, сондай-ақ азаю деген жекелеген қаржы активтерімен осы топтың құрамында, мыналарды қоса алғанда, әлі теңестірілмейді:
(топтағы қарызшылардың төлем мәртебесіндегі қолайсыз өзгерістер (мысалы, мерзімі өткен төлемдер немесе өздерінің кредит лимитіне жеткен және ең төменгі айлық төлемдерді жүргізетін кредит карталарын иеленушілер санының ұлғаюы); немесе топ құрамындағы активтер бойынша міндеттемелердің орындалмауымен арақатысты ұлттық немесе жергілікті экономикалық жағдайлар (мысалы, қарызшының географиялық аймағындағы жұмыссыздықтың өсуі, тиісті аудандағы ипотекалардың жай-күйіне қатысты жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі, мұнай өндірушілердің қарыздық активтерін алуға қатысты мұнай бағасының төмендеуі немесе топ құрамындағы қарызшылар үшін салдары бар салалық конъюнктураның қолайсыз өзгерістері).
Кейбір жағдайларда қаржы активінің құнсыздануынан шығынның мөлшерін бағалау үшін талап етілетін деректердің шектеулі сипаты болуы немесе одан әрі ағымдағы жағдайларға сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл қарызшы қаржылық қиындықтарға душар болған, ал осындай қарызшыларда өткен тәжірибеден жеткіліксіз деректер болған кезде орын алуы мүмкін. Осылайша, ұйым ағымдағы жағдайларды көрсету үшін қаржы активтерінің тобына қатысты ақпаратты пайдалану кезінде өз тәжірибесіне сүйенеді. Дәлелді бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың сенімділігін жоғалтпайды [7, б.129].
Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын несиелердің және дебиторлық берешектің немесе өтеуге дейін ұсталатын инвестициялардың құнсыздануынан шығынның объективті белгілері болған кезде шығынның мөлшері активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны және болжанған болашақ ақша қаражаты ағындарының (әлі келтірілмеген болашақ кредит шығындарын қоспағанда) осы қаржы активі үшін негізгі пайыз мөлшерлемесі (яғни, бастапқы тану кезінде есептелген пайыз мөлшерлемесі бойынша) бойынша есептелген дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде айқындалады. Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны тікелей немесе бағалау резервінің шоты арқылы азаюы тиіс. Шығынның мөлшері табыс немесе шығын арқылы танылуы тиіс.
1.3 Кредиторлық берешектер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі
Халықаралық және қазақстандық стандарттар арасында кредиторлық борыш есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін стандарт жоқ. Кредиторлық борыштың баланста қөрсетілуі №1 Қаржылық есептілікті ұсыну ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі [8].
Кредиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 Қаржылық құралдар: тану мен бағалау ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде кредиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады.
Міндеттеме және олардың түсінігі және орындалуы Азаматтық кодекстің 3-бөлімі Міндеттемелік құқық бөлімімен реттеліп отырады. Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан бас тартуға мiндеттi, ал несие берушi борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.
Бухгалтерлік есепте міндеттеме терминін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңы былай тұжырымдайды: мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Бағаланатын міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер деп аталатын № 37 ХҚЕС-на сәйкес міндеттемелердің маңызына байланысты келесідей жіктелуі қабылданған:
oo стандартты міндеттемелер (кредиторлық қарыз);
oo резервтер (бағаланатын міндеттемелер);
oo шартты міндеттемелер.
Кредиторлық берешектерді есепке алуда, мына заңдар басшылыққа алынады:
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Заңы;
- Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығы[9];
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы №200-IV[10];
- № 98-1 1997ж 7 мамыр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикалық туралы заңы.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №215 бұйрығымен бекіткен алғашқы есептік құжаттарына сәйкес құралады. Фирмада мазмұны коммерциялық құпияда ұсталынатын келесі алғашқы құжаттар тобы бар:
- төлем тапсырмалар мен банк көшірмелері;
- шығыс және кіріс ордерлері;
- жабдықтау келісім шарттары.
Салықтық есеп айырысу мен төлемдер Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер заңына сәйкес жүзеге асырылады және бухгалтерлік есепте есептесу әдісі қолданылады.
2 Кәсіпорынның кредиторлық берешек есебін ұйымдастыру
2.1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды есептеу бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды элементі болып есептеледі. Тауарлық- материалдық қорларды жеткізетін немесе әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар мен кәсіпорындар ұйымның жеткізушілері және мердігерлері болып есептеледі.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады [11, б.104].
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу есебі үшін 3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек және 4110 - Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек шоттары пайдаланылады, онда есеп айырысулар сомасы деңгейіне және нысандарына қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, қосалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі.
Жалпы жабдықтаушыдан тұтынушыға тауар қозғалысы тауарлық жолдама құжатымен (жүкқұжат, тауарлық-көліктік жүкқұжат, темір-жол жүкқұжаты, шот немесе шот-фактура) толтырылады, ол тауарды жабдықтау шарттары және жүк тасымалдау ережелерін алдын-ала қарастырады.
Жүкқұжат сауда ұйымында кіріс те, шығыс та тауарлық құжаты болып келуі мүмкін, сауда ұйымында тауарды қабылдау кезінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz