Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1. 1 Міндеттемелер түсінігі, мазмұны мен жіктелуі 5
1. 2 ХҚЕС-қа сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелерді тану критерийлары мен бағалау 8
1. 3 Міндеттемелер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі 12
2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ 15
2. 1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу 15
2. 2 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі 20
2. 3 Салықтар бойынша міндеттемелер есебін ұйымдастыру 23
2. 4 Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есебі 25
2. 5 Қысқа мерзімді міндеттемелер есебін жетілдіру жолдары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауында «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм» делінген. Яғни әр бір қазақстандық осы саясатты ұстана отырып, экономиканың көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс. Осыған орай нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда.
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор[ 1, б. 75]
Елдің бәсекеге қабілеттілігі валюта бағамы саясатына байланысты. Ұлттық валютада құнсызданған кезде, елдің экспорттық тауарлары шетелдіктер үшін арзан, ал импорттық тауарлар оның резиденті үшін қымбатттау болады. Ұлттық валюта қымбатттаған кезде, керісінше, импорттық тауарлар арзан болады, ал олар жеткізіліп беретін елдің валютасымен бағаланған экспорттық тауарлар қымбаттайды. Бұл ҚР Ұлттық банк алдында екі жаққа да асыра сілтеуге жол берілмейті валюталық бағам саясатын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша күрделі міндет қояды.
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.
Кәсіпорынның есеп саясатындағы мәлiметтердегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сөйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшiн қолданылады. Кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай - ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қысқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Курстық жұмыстың мақсаты - қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:
- міндеттемелер түсінігі, мазмұны мен жіктелуін қарастыру;
- ХҚЕС-қа сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелерді тану критерийлары мен бағалау;
- міндеттемелер есебінің нормативтік-құқықтық реттелуін зерттеу;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу;
- қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
Зерттеу әдістемесі ретінде бухгалтерлік есепке алу қағидаттары мен экономикалық теория, отандық және шет елдік ғалымдардың жалпы ғылыми тұжырымдары құрайды.
1 МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Міндеттемелер түсінігі, мазмұны мен жіктелуі
Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса, ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі. Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары, ведомостар журнал және т. б. регистрін қолдана алады. Жан-жақты ойластырылған және жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі. Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары, шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі, мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең, бірақ 30 күннен аспайды. Қысқа мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есеп шоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар» және 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар»шоттарында есепке алынады
Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.
Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:
- кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
- міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
- міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.
Оларға мыналар жатады:
- Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
- Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
- Кредиторлық борыштар:
-төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
-салық міндеттемелері;
-төленуге тиісті дивидендтер;
-негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;
-акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
-өзге де кредиторлық борыштар;
- Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
- Алдағы кезең табыстары;
- Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер [2, б. 85] .
Шаруашылық жүргізуші субьект есеп саясатына сәйкес, әртүрлі аналитакалық есеп регистрлері-карточкалар, ведомостар, журналдар және т. б. қолдануына болады. Нақты қарастырылған аналитикалық есеп кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерге жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін дұрыс бағалау тексерушілерге көмектеседі.
Қысқа мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» шоттарында жүреді. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар: 1030, 1050, 1060 ал кредиттелетін шоттар 3010-3020. Неиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010-3020 шоттар дебеттеліп, 1030, 1050, 1060 шоттары кредиттеледі. Қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі.
Соңғы кезде шығын және орта бизнестің белсенді өсу беталысы байқалады, ол ел экономикасына қажеттіикемділік береді және күннен күнге оның дамуының шешуші себеп шарты болып келеді. Сондықтан шығын бизнеске мемлекет жағынан ерекше көңіл бөлінеді: оны қолдау бойынша әртүрлі бағдарламалар әзірленіп, өмірде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қаржы- несие ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Мөлшері бойынша аздаған несиелердің өзі кісіпорын құрылуы мен дамуы үшін аса маңызды.
Несие алғанда, кәсіпкер өтімділік кепілінің болуы мәселесімен кездеседі. Несие беруші банкті және және несиелендіру бағдарламасын таңдаған кезде мердігер ең алдымен қаржыландыру мерзімімен мақсатына байланысты өз бизнесіне қаржыландырудың аса қолайлы түрін анықтап алуы тиіс.
Салықтар, жиындар, пошлиналар және басқа да міндетті төлемдер болып бюджетке төлеушілердің құжаттарын табылады.
Салықтар, жиындар, пошлиналарды және басқа да міндетті төлемдердің төлеушілері заңды және жеке тұлғалар.
Салықтар мен жиындарды және басқа да бюджетке төленетін төлеушілерді есептеу тәртібі ҚР-ның «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» заңымен белгіленген.
Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерінің жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады.
Салықтың субъектісі немесе салық төлеуші - заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т. б. ) .
Бюджеттің кірістер бөлімін толықтыратын негізгі салықтардың бірі- корпоративтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері болып заңды тұлғалар табылады, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар.
Корпоративтік табыс салығы заңды тұлғалармен олардың тапқан табыстың салық салынатын үлесінен бюджетке төленеді. Салық салынатын табыс болып есепті кезеңнің табыс сомасынан Салық заңдылығына сәйкесті табылған сома есептеледі
Жоғарыда айтылғаннан басқа да салықтар түрлері бар; оларға:
- Қосылған құн салығы
- Жеке табыс салығы
- Әлеуметтік салық
- Жер салығы
- Мүлікке салынатын салық және т. б.
Жеткізушілер мен мердігерлердің төлем қарым- қатынасы қорларды жеткізуге, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге құрылған келісім шартпен реттеледі. Келісім шартта төлем нысаны екі жақтың еркін келісімі бойынша анықталады.
Жеткізушілер мен мердігерлермен қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарының есебіне 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты қолданады. Бұл шоттың кредиті бойынша келіп түскен тауарлы материалдық қорлар, орындалған қызметтер үшін акцептелген шоттарға сәйкесті жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы кәсіпорынның міндеттемелері көрсетіледі. Ал осы шоттың дебеті бойынша осы міндеттемелердің өтелуі көрсетіледі.
Есеп беру кезеңінің соңына қалып тұрған кредиттік соңғы қалдық жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы төленбеген қарызды білдіреді.
1. 2 ХҚЕС-қа сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелерді тану критерийлары мен бағалау
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы - мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегң үшін, сондай - ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай - ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің міндеттемелер деп аталынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышкер) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту) ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
- ақшалай қаражатпен төлеу;
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға аудару;
Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу [3, б. 35] .
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық - техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім шартқа отырады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысу есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот - фактурасы немесе төлем талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот - фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есеп журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнал бойынша сондай - ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы - көлікті ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тарту немесе ішінара акцептелген сомасы немесе басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот - фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үшін кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот - фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот - фактурадағы акцептің сомасы жазылады.
Екінші кезеңде журналда қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы - көліктік құжаттары, материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың номерлері келіп түскен құнділіқтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап - тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезіндегі жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталады. Осы кезде келісім - шарт бойынша талап сомасы 1% мөлшерінде өтеледі.
Сондай - ақ журналда жұмыстар мен қызметтер берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот - фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот - фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады [4, б. 108] .
Жабдықтаушыламен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбай қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.
Талдамалық деректер вексельдер бойынша берешектерді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлем мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар.
Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз. Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек, ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді, жаңа іздестіру зерттеулерін талап етеді.
Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық берешек тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық берешек бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық берешек сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша жеңілдіктеріне, сату жеңілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.
Дебиторлық берешек есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома, кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома.
Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz