Негізгі құралдар есебі жайында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Есеп, аудит және талдау»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні бойынша: Қаржылық есеп 1
ТАҚЫРЫБЫ : Негізгі құралдар есебі
Орындаған :
2 курс студенті Группа: ЕжА - 23 Жумагулова Айнахан Женгисбеккызы
Жетекші: Магистр, аға оқытушы Таштанова Нурила Нурмашқызы
(қорғауға жіберілді) ( бағасы)
«»20__ж. «»20__ж.
(жетекші қолы)
Комиссия мүшелері:
АСТАНА 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны . . . 5
- Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критериялары мен бағалауы . . . 8
- Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі . . . 10
- НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 13Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі мен құжаттарда рәсімдеу . . . 13Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу . . . 16Негізгі құралдарды есептен шығару есебі . . . 19Негізгі құралдардың есебін жетілдіру . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырып жүргізу арқылы нарықтық қатынастар жағдайындағы ұйымдардың негізгі құралдарының ұтымды пайдаланылуы мен тиімділігін арттыратын есептеу әдістерін зерделеу бүгінгі күнде үлкен маңызға ие.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», «Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында» атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес [1] .
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.
Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды.
Өндірісті дамытудың негізі - кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек [2] .
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты - кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттеді атап көрсетуге болады:
- негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты көрсету;
- негізгі құралдар есебінің нормативті - құқықтық реттелуі анықтау;
- негізгі құралдардың қозғалысы есебінің қарастыру;
- амортизация есебінің мәнін нақтылау және жетілдіру жолдары.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне Қазақстанның В. Л. Назарова, Қ. К. Кеулімжаев, Алибекова Б. А., Әбдіманапов Ә. Ә., Баймұханова С. Б. және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан құрылған.
- НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны
Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер [3] .
№ 16 ХҚЕС бойынша Негізгі құралдар - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы [4] .
Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:
- өндірістік - өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттары, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналар, көлік тасымалдау құралдары және т. б. негізгі құралдар жатады;
- өндірістік емес - шаруашылықтық өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар. Оларға: денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады [5] .
Иелігіне қарай:
- меншікті - кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
- жалгерлік - жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа субъектіден алыннған объект;
- уақытша кіргізілген - бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.
Пайдалануына қарай:
- пайдаланудағы - кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;
- запастағы - жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе жою кезінде пайда болатын запастар;
- консервациядағы - уақытша қолданылмайтын құралдар.
Заттық құрамы бойынша:
- инвентарлы - объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар) ;
- инвентарлы емес - жер, орман және су алабына капитал салымы.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Өндірістік және шаруашылықтық міндет атқаруына қарай негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес болып сыныпталады.
Өндірістік сипаттағы негізгі құралдарға: машиналар, станоктар, аспаптар, саймандар, есептеу техникалары, сондай-ақ өндірістік процеске арналған негізгі және көмекші қызмет көрсету ғимараттары немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты қоймалар ғимараттары, шаруашылық мүліктері, жиһаздар және басқада табыс келтіруге, пайда табуға арналған негізгі құралдар жатады.
Өндірістік емес сипатттағы негізгі құралдар өндірістік процеске тікелей қатыспайтын, бірақта ұйым еңбеккерлеріне мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін (тұрғын үй - коммуналдық, емдеу, дәрігерлік көмек көрсету, мәдениет үйі, спорт алаңы, бала бақшалар т. с. с. ) негізгі құралдар жатады.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау, негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету [6] .
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
1. 2 Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критериялары мен бағалауы
Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар есебі» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру.
16 «Негізгі құралдар есебі» ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.
Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.
Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді.
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
- компания немесе тауарлы - материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
- әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
- компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
- компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
- компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
- активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
16 ХҚЕС-ке сәйкес «Негізгі құралдар» бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:
«Негізгі құралдар - бұл:
- тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;
- бір жылдан астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті, егер:
- активпен байланысты болашақ экономикалық пайданың кәсіпорынға келіп түсуі ықтимал болса;
- кәсіпорын үшін активтердің құны сенімді түрде өлшенген болса.
16 ХҚЕС-ке сәйкес негізгі құралдардың жекелеген топтарына мысалдар:
- жер учаскелері;
- жер учаскелері және ғимараттар;
- машиналар мен жабдықтар;
- су кемелері;
- әуе кемелері;
- автокөлік құралдары;
- жиһаз және инженерлік жабдықтардың салынатын элементтері;
- кеңсе жабдығы.
Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:
- активке байланысты игілік алатынына;
- өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.
Халықаралық стандарттарда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 16 - «Негізгі құралдар есебі» ХҚЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады.
16 «Негізгі құралдар есебі» ХҚЕС - на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
- Бастапқы құн немесе өзіндік құн - бұл төленген ақшалай қаражатының немесе оның баламасының сомасы, немесе оны сатып алу немесе құру сәтіне активті сатып алуға берілген басқа активтің әділ құны;
- Амортизацияланатын құн - бұл активтердің өзіндік құны немесе жою құны шегеріліп, қаржы есептілігінде өзіндік құнның орнына көрсетілген басқа шама;
- Жойылу құны - бұл активті пайдалану мерзімінің соңында оның істен шығуына шыққан күтілетін шығындар шегерілгеннен кейін кәсіпорын алады деп күтіліп отырған таза сома;
- Әділ құн - бұл мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
- Баланстық құнмен - бұл негізгі құралдардың барлық жинақталған амортизациясының және құнсызданудан болған жинақталған залалдардың сомасы шегерілгеннен кейін баланста танылатын сомасы.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ - 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданған объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды қарызға алу: ХҚЕС 16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ХҚЕС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
- Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі
Нормативтік-құқықтық реттеу бұл - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтық реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер жиынтығын айтамыз.
Қазіргі кезде кез келген саланың нормативтік-құқықтық реттелуі, ең алдымен, мемлекет қабылдап, бекіткен заңдар, заңнамалар, кодекстер, қаулы, жарғылар, т. б. құжаттармен, әлемдік деңгейде мақұлданған стандарттарды басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Жалпы құқықтық реттелуге сүйене отырып, ҚР бухгалтерлік есеп саласында нормативті-құқықтық реттелу 4 деңгейде жүргізіледі:
- 1-ші деңгей - ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, ҚР-ның «Қаржы лизингі туралы» заңы, ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы, ҚР Үкіметінің «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, ҚР-ның «Салық Кодексі», «Азаматтық Кодексі», т. б. ;
- 2-ші деңгей - қаржылық халықаралық есептілік стандарттары (ХҚЕС) мен ұлттық стандарт;
- 3-ші деңгей - ХҚЕС-ның жекелеген түрлері бойынша мазмұнын тарқата түсіндіріп, ашып көрсететін, бағыт-бағдар беретін әдістемелік нұсқаулар, мемлекеттік органдардың нұсқамалары, ұсыныстары;
- 4-ші деңгей - ұйымның заңға, ХҚЕС, ҰҚЕС мен әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарға негіздеп жасаған есеп саясаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz