12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының бейімделуіне практик.психологтың қосатын үлесі.
1.1. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Оқушынының жаңа ортаға бейімделуіне байланысты практик . психологтың жүргізетін жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
1.3. Практик . психологтың кәсіби сапасын анықтау, психолог моделіне сипаттама беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жұмыстың өзектілігі: Еліміздің егемендік алуымен байланысты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп – мектеп, бүгінгі таңдағы оқу - тәрбие жұмысына ендіру – келелі де кешенді іске айналды.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда халыққа психологиялық қызмет көрсету қажеттігі туындайды. Осыған байланысты мектептерге психологиялық қызмет көрсету қажеттілігі бүгінгі таңда келелі бір мәселеге айналып отыр. Бәрімізге аян мектептерде, интернаттарда, бала бақшаларда кадрлар тұрақсыздығы, әсіресе, психологтар арасында үлкен орын алған. Мұның себебі:
- біріншіден, мектеп құрлымында психологтың статусы анықталмағандықтан;
- екіншіден, психолог маманының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың мүлдем болмауы.
- үшіншіден, психологтарды аттестациялау критерилерінің маманның білім, білік дағдыларына баға беруде әлсіздігі.
- төртіншіден, психологтың қолдананатын инструментарийлеріне қойылатын біріңғай талаптың болмауы.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қазіргі реформалар орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшуіне алып келіп отыр. Біріншы сыныпқа баратын баланың оқыту бағдарламаларына сәйкес қажетті қабілеттілігі, дағдылары, сондай-ақ, танымдық процесс ерекшеліктері тек психологияның ғана емес, барлық басқа ғылым салаларының назарында. Сондықтан 12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик-психологтың ролі өте зор. Ең бірінші осы жүйеге практик – психологтардың даярлау үшін жан-жақты іздену керек.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде олқылық тудырып отырған мәселе—жасалып жатқан оқу - әдістемелік - кешендік, дидактикалық құралдар, бағдарламалар, жоспарлар практик-психологтардың қатысуынсыз әзірленетін болғандықтан, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдарының үнемі сақталып отыруын қамтамасыз ете алмайды. Олай болса, алдымен мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды қайта оқыту, оларды теориялық білімдермен қаруландырып қана қоймай, іргелі зертеулердің қолданбалы тұрғысын жетік білуге ұмтылдыру –басты мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету саласының моделі әлі де жаңару үстінде, сондықтан үмітімізді үзбейміз.
1. А.Г. Мұханбетчина. Даму ортасы – мектепалды балалардың танымдық белсенділігін бейімдеу.// 12 жылдық білім журналы.- 2006. -№ 3., 15 -17 бет.
2. А.Б. Хайрулина. Білімнің интеграциялануы жайында оқушының интелектуалдық икемділігінің дамуы. // 12 жылдық білім журналы.- 2006. - № 3., 18 –20 бет.
3. Жұмабаев Ә. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны.// Тараз журналы.- 2002 .8 – 11 бет.
4. Шевандрин Н. И. «Психодиагностика, коррекция и развитие личности». М.; 1998 г. 36 –43 стр.
5. Немов Л.С. Психология.-М., 2000.- С.22-156.
6. Савенков А.И.Иследовательское обучение практике соврименного образования в условиях перехода на 12 летнее образование.// Психология в школе.-№ 3.- 2006.- 4-с.
7. Ағыбай Р.М.Бейімдеп оқытуды ұйымдастыру жолдары. // 12 жылдық білім .- № 4.-2006.- 14-15 б;
8. Жазықбаева.Ұ.12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шартары.// Бастауыш мектеп .- № 1.- 2006.-14-1 б;
9. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны. Тараз 2002 ж.
10. Шевандрин Н. И. «Психодиагностика, коррекция и развитие личности» Москва 1998 г.
11. Шевандрин Н. И. «Психодиагностика, коррекция и развитие личности» Москва 1998 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жӘне Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы

Курстық жұмысы

12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері

Ғылыми жетекші: профессор, Асылханова М.А.

Орындаған: Педагогика және психология
факультетінің 1-курс магистранты
Смайлова А.Қ.

Алматы 2007 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I тарау. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының
бейімделуіне практик-психологтың қосатын үлесі.
1.1. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының
бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Оқушынының жаңа ортаға бейімделуіне байланысты практик –
психологтың жүргізетін
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
1.3. Практик - психологтың кәсіби сапасын анықтау, психолог
моделіне сипаттама
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

К І Р І С П Е

Жұмыстың өзектілігі: Еліміздің егемендік алуымен байланысты
халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп – мектеп, бүгінгі
таңдағы оқу - тәрбие жұмысына ендіру – келелі де кешенді іске айналды.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда халыққа психологиялық қызмет көрсету
қажеттігі туындайды. Осыған байланысты мектептерге психологиялық қызмет
көрсету қажеттілігі бүгінгі таңда келелі бір мәселеге айналып отыр.
Бәрімізге аян мектептерде, интернаттарда, бала бақшаларда кадрлар
тұрақсыздығы, әсіресе, психологтар арасында үлкен орын алған. Мұның
себебі:
- біріншіден, мектеп құрлымында психологтың статусы
анықталмағандықтан;
- екіншіден, психолог маманының қызметін реттейтін нормативтік
құқықтық құжаттардың мүлдем болмауы.
- үшіншіден, психологтарды аттестациялау критерилерінің маманның
білім, білік дағдыларына баға беруде әлсіздігі.
- төртіншіден, психологтың қолдананатын инструментарийлеріне
қойылатын біріңғай талаптың болмауы.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қазіргі реформалар
орта білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшуіне алып келіп отыр. Біріншы
сыныпқа баратын баланың оқыту бағдарламаларына сәйкес қажетті
қабілеттілігі, дағдылары, сондай-ақ, танымдық процесс ерекшеліктері тек
психологияның ғана емес, барлық басқа ғылым салаларының назарында.
Сондықтан 12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик-психологтың ролі өте
зор. Ең бірінші осы жүйеге практик – психологтардың даярлау үшін жан-жақты
іздену керек.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде олқылық тудырып отырған
мәселе—жасалып жатқан оқу - әдістемелік - кешендік, дидактикалық құралдар,
бағдарламалар, жоспарлар практик-психологтардың қатысуынсыз әзірленетін
болғандықтан, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдарының үнемі сақталып
отыруын қамтамасыз ете алмайды. Олай болса, алдымен мектептерде жұмыс
істейтін психолог мамандарды қайта оқыту, оларды теориялық білімдермен
қаруландырып қана қоймай, іргелі зертеулердің қолданбалы тұрғысын жетік
білуге ұмтылдыру –басты мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесінде
психологиялық қызмет көрсету саласының моделі әлі де жаңару үстінде,
сондықтан үмітімізді үзбейміз.
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте пән
оқытушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп толықтыру:
- Онда білімгердің жекелік ерекшелігін ескеру;
- Қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызу.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және практикалық
негізде психололгиялық қызмет көрсету қажеттігі туындады.

Зерттеудің мақсаты
12- жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик-психологтың әсерін ғылыми
зерттеу.
Зерттеу міндеттері
- 12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге қазіргі мектептегі бастауыш
мектеп оқушыларының жан-жақты ерекшеліктерін анықтау;
- Практик - психолог жұмысының қажеттілік факторы;
- Практик - психолог қызметінің алғаш мектепке келген балалардың
бейімделуін анықтау;
- Практик - психолог моделіне сипаттама беру;
Теориялық мәні:
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик психологтың әсерінің
маңыздылығы.
Зерттеу пәні
Практик – психолог, мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар
белсенді түрде зерттеуге тартылады. 12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуі.
Ғылыми жаңалығы
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик психологтың жаңа
программаға бейімделуі.
Практикалық мәні.
Оқу орындарына методикалық оқу құралдарын дайындау.
Негізгі апарат
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик психологтың дұрыс
қалыптасуы.
Күнделікті нәтижелер
Зерттеу нәтижелерін өңдеу, сандық және сапалық талдау жасау.

Жариялануы
Кезекті студенттердің ғылыми конференциясына баяндама даярлап,
Республикалық ғылыми басылымдарға

I. тарау. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының
бейімделуіне практик-психологтың қосатын үлесі.

1.1. 12 жылдық оқу жүйесіне бастауыш сынып оқушыларының бейімделуі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мектептеріндегі білім беру
мазмұнының көлемін дамыған Европа елдерінің білім беру деңгейімен
салыстыруға болады. Қазіргі таңда Білім реформасы әлемнің көптеген
дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда міндетті оқыту мәселесіне көп көңіл
бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейімдеп оқыту мәселесін дұрыс
шешудің мүмкіндігі бар.
Бейімдеп оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және
қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім берудің басты мәселесі - әлемдік білім беру
стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету,
өздігінен білім алуға тәрбиелеуі, өзін-өзі тануға, белсенділік танытуға
және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығын, жеке және
қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық
тұлғаны қалыптастыру.
Мектепке бару кезі келген шақта бала өмірінде өзіндік жаңа
кезең – бастауыш мектеп жасының басталуы, бұрынғы ойын әрекеті оқу
әрекетіне айналады.
Л.С.Выготскийдің айтуынша, бастауыш мектеп жасындағылардың
интеллектісі интенсивті даму үстінде жүреді. Ойлаудың дамуы, ең бірінші,
қабылдау мен естің сапалы қайта құрылуына, олардың өз еріктілік процесіне
жүйелі айналуына әкеп соғады.
Бала 7-8 жаста негізінен нақты категориялармен ойланады. Кейінірек
формальді операция кезеңіне, яғни қарым-қатынас пен бейімделуге қабілеті-
нің айқын даму деңгейімен байланысты.
Оқушылар келе-келе өз бетімен талқылауға, шешім қабылдауға, жеке және
жалпысын табуға, қарапайым заңдылықтарды орнатуға, анализ жасауға, үйренуі
керек.
Егер 1-2-ші сынып оқушылары негізінен сыртқы белгілер, объект
қимылын (ол не істеп отыр) немесе оның бағытын (ол кім үшін), ал 3-4-ші
сынып оқушылары ұсынылған оқу процесіне қарай құштарлық танытады.
Оқушылардың негізгі қиыншылықтары, олардың себебті - ізденуі кезінде
түсінуі. Бұл түсінік: себептен ізденіске тікелей байланысын орналастыруын,
әртүрлі себептердің нәтижесінің фактілерін қайта қарауды қарастыру.
Теориялық ойлаудың дамуы, яғни түсінікті ойлауда, бастауыш мектеп
жасындағылар түбінде рефлексияның (табиғи зерттеудің өзіндік түсінігі)
туындауы, сондай-ақ танымдық әрекеті мен басқа адамдарға деген қатынасын
және өзі -өзіне әсері тиеді.
Естің оқуға әсерінің дамуы екіге бағыталады, бала өзінің танымдық
есін бағыттау мүмкіндігі мен оны айқындауға (есте сақтауы, еске түсіруі,
қайта жаңғыртуы) жүйелеу, сөздік-логикалық, ойлау арқылы есте сақтауын
(көру-бейнелеуге қарағанда) қадағалау салмағы мен рөлі жоғарылайды.

Бастауыш сынып оқушыларының көру-бейнелеу есі өте жоғары дамыған.
Олар түсіндіргеннен және анықтауға қарағанда нақты елестерді (түр, зат,
факт) есте жақсы сақтайды. Бұл бастауыш оқушыларының тапсырманы есте
сақтауға дифференциалана алмайтындығын көрсетеді, сондықтан барлығын
жаттауға әлі де болса үйрету керек.
Осы жастағы балаларға сөйлеу қиынға соғады, сондықтан жаттаған
жеңілірек. Бала дұрыс есте сақтауды ұйымдастыра алмайды, яғни өз бетінше
берілген тапсырманы жүйелі топтауға, логикалық жоспарын құруға қиынырақ
соғады.
Бастауыш мектеп жасындағы ұл бала мен қыз баланың өзіндік ерекшелігі
болады. Қыз бала өзін есте сақтауға ынталандырып, олардың ұл балаға
қарағанда механикалық есте сақтауы күштірек келеді. Ұл балаларда есте
сақтаудың түрлі амалдарын жасау арқылы қыз балаға қарағанда өте эффективті
есте сақтауын көрсетеді.
Оқу процесінде қабылдау жақсы анализ жасауда, оны дефференциональді
бақылауды ұйымдастыруда қолданып; қабылдау сөзінің рөлі өзгереді. Бірінші
сынып оқушыларының затты танығаннан кейін оны буын-буынға бөледі, ал жоғары
сыныпқа барғанда сөз атаулары, жалпы алсақ объектінің анықталуына, оны
терең анализ жасауына әкеледі.
Қабылдаудың дұрыс дамуына мұғалімнің рөлі өте күшті, яғни оқушылардың
іс-әрекетін әлеуметтік тұрғыдан объективті қабылдауын ұйымдастырып, бар
белгілерді, заттар мен болмысының құрылуын үйрету. Негізгі эффективті
әдістердің дамуын қабылдаудың болмысымен салыстыру.
Бастауыш мектеп оқушыларының мүмкіндігінше ерік, зейін қоюы
шектелген. Жоғарғы сынып оқушылары өзіне қызық емес нәрсеге зейінін қоя
алады, өйткені болашақта жақсы нәтиже шығатындықтан қиын жұмысқа көңілін
бұра алады; ал бастауыш мектеп оқушылары өзін тек жақын мотивациялар
(мақтау, жағымды әсерлер) арқылы ғана жұмыс істей алады.
Бастауыш мектеп жасында зейіннің шоғырлануы және тұрақтылығы тек оқу
материалы қызықты, тартымды болса, оқушылардың эмоциональді қарым-қатынасын
шығарса ғана іске асады.
Баланың ішкі позициясы өзгереді. Ал жас өспірім шақта басқа адамдар
мен өзара қарым-қатынасы, әсіресе өз қатарларымен жоғарғы деңгейде
анықталады. Бұл шақта баланың жұмысқа және тұлғалық өзара қарым-қатынасы
сыныбтарымен жақсарып, оқушылардың бейімділігі өседі.
Оқу барысында оқушының өзіндік бағасы мұғалімнің басты оқу
қорытындысымен салыстырылады. Бастауыш мектеп соңында барлық үйреншікті
жайттарды басқа балалырдың бағалауына корректировкаға әкеп соғады. Сонымен
қатар тек оқу барысын көңілге алмай, ерекшеліктеріне байлансты көрінеді. 3-
4 сыныптарда өзіндік- жағымсыз бағалауы тез артады.
Балалардың бұл шақта өздерін төмендетуі өз сыныптарының арасында ғана
емес, оқу әрекетінде де көрінеді. Өзіне деген кризистік жағдай бастауыш
сыныптарда, жалпы, жағымды өзіндік тұлғалық басқа адамдардың , әсіресе
үлкендердің бағасымен күрделенеді.
Бастауыш сынып оқушыларының мінезі келесі ерекшеліктермен:
импульсивті, тез бағытталған әрекетпен, еш нәрсені ойлаусыз, барлық
жағдайда (себебі мінез-құлықтың ерікті жүйелеудің әлсіз шағы); жалпы
еріктің осалдығы 7-8 жастағы оқушы әліде бағытталған мақсатқа көп уақыт
қиыншылықтармен күреске түседі.
Қырсықтық пен ерегесушілік – жанұя тәрбиесінің кемшілігін көрсетеді:
бала өзінің барлық тілегі мен қажетіліктердің орындалуына үйреніп қалған.
Қырсықтық пен ерегесушілік – баланың міндеттемелерге қарсы тұратын өзіндік
бейнелі форма ретінде, мектептің балаға жүктелетін жүктеменің қажеттісін
игере алмауына әкеп соғады.
Бастауыш мектептің аяғында бала: еңбекқор, ұқыпты, ұстамды, әдептті
болып келеді. Келе-келе өзінің мінез-құлқын ерікті қолдануға, салмақтылықа
және өз іс-әрекетіне контроль жасауға, қызбалыққа түспей, ұстамдылық өседі.
Бүкіл оқу жыл барысында бала бойында келесі қабілетер болу керек:
бір нәрсені ұйымдастыруға, ойланып түсінуге, берілген тапсырманы уақыты-
сында орындауға, негізгі іс-әрекетінің компоненттері бейімделіп, және де,
жаңа қасиеттерді игеруге, яғни өз сыныптастары және мұғалімдермен өзара
қатынас түріне үйрену керек.6.
Соның негізінде болашақ маман студентке қоғамның әлеуметтік,
экономикалық, мәдени дамуындағы адамның шешуші ролін ұғындырып, қоғам және
тұлғаның мүддесі үшін қоғамның өндіріс, ғылыми – техникалық
процесс, оқытудың жаңа типтік технологиясы, білім берудің жаңа үлгісі,
мектептегі білімді реформалау сияқты жаңа қатынастарды миына сақтауға
бейімдеу керек. Демек, қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік – мәдени
этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар
туралы болып жатқан барлық мәселеге мән бере отырып, салауатты өмір салтын
құруда, білім беру саласындағы инновациялық үрдісті жаңа құбылыс
ерекшеліктерін меңгеруде, қоғамымызда ізгілендіруде мұғалімдер-ге, олардың
кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде
қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байлансты
екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал
болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететін, еңбегінің
нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын
ұғындыру. 7.

1.2. Оқушынының жаңа ортаға бейімделуіне байланысты практик –
психологтың жүргізетін жұмыстары

Болашақ және бүгінгі практик – психологтың қоғам дамуының деңгейінен
қалыспай отыратын, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін,
ғылымға, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын
педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын, идеялық, адамгершілік тұрғыдан
шеше алатын, жаңаша ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата – аналармен,
ұжыммен, педагогикалық ынтымақтастық орнауға бейімдлігі бар,
шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек. Сол сияқты Қазақстан
Республикасының білім беру туралы заңында психология – педагогикалық
қызыметкерлері оқушылар алған білімнің мемлекеттік стандарттан төмен
болмауына күш салуға, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттерінің
көрінуі мен даму үшін жағдай жасауға міндетті деп атап көрсеткен.
Психологиялық қызмет жүйесіндегі іс-шараларды атқарушы тұлға –
психолог болғандықтан, халық ағарту саласындағы психологиялық
қызметі ұйымдастыру мәселесі психологтың қайда жұмыс істейтініне
байланысты (балабақшалар мен мектептерде, немесе аудандық , қалалық
ағарту бөлімінде) екі түрге бөліп қарастырылады. Олардың әр қайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар.
1 – түр.
- Психолог аудандық немесе қалалық халық ағарту бөлімінде жұмыс
істейді. Ата-аналар мен ұстаздардың психологиялық білімдерін кеңейту
мақсатында лекциялар оқиды;
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін
ақыл- кеңестер береді;
- Жекелеген оқушылардың психологиялық дамуын анықтау негізінде
мұғалімге ұсыныстар береді;
- Жас ерекшелігі психологиясы, педогогикалық психология, әлеуметтік
психология мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырады.
Соған қарамастан бұл түрдің қызметі шектеулі. Себебі, ол бүгінгі
таңдағы нақты, өзекті мәселелерді ғана шешуге арналған. Қазіргі
психологиялық практика деңгейіне жауап бермейді. Психологиялық қызметтің
оқу-тәрбие үрдісінен, мектеп өмірінен алшақтығы, сыналушы нысана туралы
біржақты көзқарастың қалыптасуына әкеп соғады. Психологтен ата-аналар мен
ұстаздар тарапынан түскен өтініштер бойынша жекелеген балалармен ғана
жұмыс жүргізеді, ал негізгі масса назардан тыс қалады . Бұдан шығар
қорытынды – болашақтық бағыт принципінің аяқсыз қалуы көрінеді .
2 – түр .
Психологиялық қызмет жүйесіндегі екінші түр психологтың
балабақша, мектеп тағы сол сияқты нақты оқу буындарында жұмыс атқаруын
қарастырады. Ол мектеп өмірімен қоян-қолтық араласып жүргендіктен әрбір
ұстазды, балаларды, ата-аналарды, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын
жақсы біледі; баланың жеке басын зертей жүріп ,нақты өмір жағдайындағы
мінез –құлқына, дамудағы даралық ерекшеліктеріне байланысты терең талдау
жасай алады: сондай-ақ өзі берген ақыл-кеңестер мен ұсыныстардың қалай
жүзеге асырылып жатқандығын бақылауға; өткізілген алдын алу шараларының
мектеп өміріне қандай өзгеріс енгізгенін байқауға мүмкіндігі бар.

Бұл түр болашақтың бағыт міндеттерін шешуге жақынырақ: әр баланың жеке
дара дамуына барынша жағдай жасау және психолог қызметіндегі белсенді
формалардың орындалуы –алдын алу шаралары, психологиялық анықтау – түзету
жұмыстары т.б 9.
Адамзат қоғамы үшін адамнан өзекті , адамнан тың тақырып жоқ.
Өзіңді -өзің танып біл-деп өсиет еткен ертедегі Сократ уағызы да осыған
әкеліп тіреді. Бірақ өзіңді білумен қатар басқаны да тануға ынтығады адам.
Мәселен, оның танымдық қабілеті, әлеуметтік бағдары, мінез-құлқы.
Әр адам қайталанбас ерекшеліктерімен дараланғанмен, оларды кейбір
ортақ белгілеріне қарап топтастыруға болады. Міне, осы кезде
психологиялық сынақтардың қажеттілігі туындайды. Сынақ –психодиагностиканың
негізгі әдістерінің бірі бола отырып, адамның жеке басын зертеудің маңызды
құралы қызметін атқарады. Осы орайда АҚШ-та Гайденс деп аталатын
әлеуметтік психологиялық қызмет жүйесінің адамның жеке басының анықтау
жұмысытарының тәсілдерімен танысалық.
Ең алғаш 1908 жылы Бостон қаласында Френк Парсонстың ұйымдастырумен
ашылған Гайденс қызметінің тікелей мағынасы жетектеу, бағыттау
дегнді білдіреді. Гайденс ұйымы АҚШ-тың білім беру министрлігімен қоса,
әрбір штатында орныққан. Олар мектеп қызметін бақылап, кеңесші ролін
атқарады. Ал мектеп өміріндегі басты нысан – бала екендігі белгілі. Баланы
оқытып, тәрбиелеудің жаңа жолдарын қалыптастыру үшін әуелі балаға әсер ету
ерекшеліктері іздестіреді. Ол анықтау жұмысы арқылы жүргізіледі. Гайденс
қызметінде психологиялық анықтау жұмысының үш тәсілі қолданылады. Оның
біріншісі – жоғарыда атап кеткен психологиялық сынақтар. Қалыптастырған
сұрақтарға берілген жауап бағасы мен тапсырмаларды шешу – тест, яғни
сынақ.. Сынақ нәтижесіне қарап баланың психофизиологиялық әрі жеке
басының ерекшеліктерімен, білімі мен іскерліктерін қызығушылықтарын
анықтауға болады .10.
Енді тікелей мектептік психологиялық қызмет жүйесіндегі
психодиагростика мен психокорркция ерекшелігі туралы.
Психологиялық қызмет жүйесінде баланың психикалық даму ерекшелігін, жеке
басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі
мен қоғам талабына сай келуін анықтау – психодиагностика деп
аталады.Мектептегі психолгиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностиканың
маңыздылығы мынада:
- біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін
тарқатуда;
- екіншіден, психодиагностика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Психологиялық қызметтің дамуы
Психологиялық ағарту
Психологтың мектеп алды торбындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Топтық психотерапия
Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық көмекті экспериментті зерттеу
Мектеп психолог қызметінің ерекшеліктері
Психологиялық білімді меңгерудің ерекшелігі
Пәндер