XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

XVIII-XIX ғасырлардағы неміс философиясы

И. Кант (1724-1804) жаңазамандық парадигма желісін, эпистемологаялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Оның гносеологиясы жекелеген индивидке басымдылық беруден келіп шығады.

Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып,

И. Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен (Локк және Юм), рационализм мен скептицизмнен (Декарт) асып түсуге тырысады. Өзінің философиясын негіздеуді Кант Юммен пікірталасқа түсумен қатар, эксперименталды ғылым негіздері тұрақтылығын талдау мен

дәлелдеулерден де бастайды. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға

тән қажеттілік болып табылады.

Осы жұмысында Кант ескі метафизиканы сынай отырып, философияның нені зерттеуі керек екендігі туралы мәселені көтереді.

Философияның зерттеу аймағын қайта қарай отырып, Кант ескі метафизиканың негізі болып табылатын логиканың шектеулі екендігін аңғарды. «Жалпы логиканың» (Канттың терминологиясы бойынша) шектеулілігі, онда пікір мен ой тұжырым формаларына баса назар аударылып, ал олардың мазмҧнын қарастыруды теріске шығарғанынан көрінеді. Бұл алдын ала бар білімді ӛзгерткенімен жаңа білім алуға мҥмкіндік бермейді. Бұл логиканы Кант талдау логикасы деп атады. Жалпы логиканың мақсаты мен функциясын жан-жақты қарастыра отырып, танымдағы пікірдің рөлі мен білім алу туралы мәселелерді зерттей отырып, Кант жаңа логиканың - синтез логикасының қажеттілігі туралы ойға келеді.

Жаңа логиканың мәні логикалық фомалардың мазмұндық жағын зерттеу болып табылады. Бірақ мҥндай логика субъект шеңберінен шығып кетеді, яғни трансценденттік логикаға айналады. Мұндай логиканың зерттеу аймағы субъекттің объектке қатынасын зерттеу болып табылады, басқаша айтқанда танушы субъекттің (адамның) қоршаған әлемге қатынасы болып табылады. Бұл мақсатты логиканы таным теориясы мен синтездейтін жаңа философия ғана шеше алады, ал ескі метафизика болса, ол логика мен таным теориясы арасындағы байланысты керек етпейтін онтологияға баса көңіл бөлетін еді. Осылай Кант адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу философияның мақсаты деп санады.

Егер ғылымның міндеті ақиқатты негіздеу, философияның міндеті ақиқатты меңгеруге септігін тигізетін адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу болса, ал моральдың, эстетиканың және саясаттың мақсатын анықтау мәселесі.

Канттың «Практикалық ақыл-ой сыны» (1788), «Пікірлесу қабілетіне сын» (1790) еңбектерінде сөз болады. Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болды. Бұл норма

абсолюттік міндет болып табылады, себебі ол тікелей тәжірибеден туындамайды. Ол біздің ішкі дҥниемізде негізі қаланған және біздің моральдық еркімізге бағытталған. Канттың пікірінше, адам өзінің моральдық

принциптерін тәжірибе жолымен тексере алмайды. Адам әрқашан да өз қылықтары мен әрекеттерінде өзінің парыздық сезіміне сүйенеді. «Сен тиіссің» деген императив өзге де трансценденталдық формалар - кеңістік, уақыт, себептілік және т. б. сияқты біздің санамызға сіңіп кеткен.

Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялшқ императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын ӛзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет». Канттың пікірінше, адам осы ұстанымға сәйкес моральдық міндеткерлікті жалпыға тән маңызы бар деп түсінеді, ал моральдық өлшемі осындай жағдайдағы әрбір адам үшін бұл ұстанымның әділдігі болып табылады. Демек, бөл ұстаным әркім және барлығы ҥшін норма (қалып) болып табылады, өйткені ол жасырын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады. Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады және өзінді қоршаған адамдарға құрал ретінде емес, өзіндік мақсат ретінде қарауға және қабылдауға бағдар беруі тиіс. Барлығының бұл ұстанымға деген

құрметі, оның жасырын еместігі мен дұрыстығы адамзаттық қоғам ҥшін негіз бола алады

Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында

ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант трансценденталды

алғышарттарды - қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он

екі категорияны және априорлы субъект пен берілген себептілік принципін

аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып

шығады. Кантпен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды

тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік Идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің «Рух феноменологиясында» (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл үдеріс екі деңгейде көрінеді: иңдивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында) және тарих деңгейінде (антик дәуірінен Наполеон заманына дейін) . Гегель әр түрлі

формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі

драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму ҥдерісі ретінде қарастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы,

тәжірибесі өзгеріп, болмысының «негіздері шайқалады». Сананың өзгерісі

үдерісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар

ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып,

танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу

жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес

және абсолюттік біліммен мәңгілік біліммен мәңгі оған таным үдерісінде

жетуге болады және ол әрекетпен байланысты. Гегель бойынша адам әлемі әлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Адамды қоршаған нәрсенің бәрі -өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында

қалыптасқан әлем.

Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен, тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда ӛмір сҥретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе.

Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан, осы алғы - шарт негізінде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үдерісі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады. Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтар тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгізе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау және олардың даму үдерісі деп есептеп, ақиқаттың осы түсінігінсіз ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классикалық неміс философиясы жайында
Марксизм философиясы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Неміс классикалық философиясы
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
Канттың философиядағы таным мәселесі
Марксистік философия
Канттың Таза пайымға сын еңбегі
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz