Бастауыш мектеп оқушыларын математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру



І. Кіріспе.

1.1. Бастауыш мектеп курсының теориялық негізі.
1.2. Бастауыш мектеп математика оқулығындағы есептерді шығаруда
қолданылатын әдістер.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін
қалыптастыру.
2.2. Бастауыш мектеп математика оқулығындағы есептерді талдауда
түсініктілік принципін қолданудың маңызы.

Сабақ жоспары.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемелекеттік стандартында: ...
« бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала» - деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты – балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып саналады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
- қазақ халқының мәдениетімен дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру мен бағалаудың рөлі ерекше.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі , заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғынуы қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Дағды – бұл қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болады. Бірақ, ол талаптар білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан, оқу үрдісін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін
( қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
1. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев « Педагогика» Алматы – 2000 ж 278 бет.
2. « Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік және
педагогикалық журнал. № 1, 2005 9 – 10 б.
3. « Бастауыш мектеп» № 6, 2004 47 – 59 б.
4. « Бастауыш мектеп» № 8, 2005 8 – 10 б.
5. «Бастауыш мектеп» № 9-10, 2008 11-17 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп оқушыларын математика сабақтарында оқу есептерін
талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру.

Жоспар.

І. Кіріспе.

1.1. Бастауыш мектеп курсының теориялық негізі.
1.2. Бастауыш мектеп математика оқулығындағы есептерді шығаруда
қолданылатын әдістер.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін
қалыптастыру.
2.2. Бастауыш мектеп математика оқулығындағы есептерді талдауда
түсініктілік принципін қолданудың маңызы.

Сабақ жоспары.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемелекеттік стандартында:
...
бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың
иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы
тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын
қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала - деп қарау міндеті
анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты
– балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз деп
есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол
білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар
еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі
мақсаты болып саналады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін
еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік
пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір
адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің халықтың, қоғамның және мемлекеттің
алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ
Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу
қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер
жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді
дамыту;
- қазақ халқының мәдениетімен дәстүр салтын оқып үйрену үшін
жағдайлар жасау.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік,
дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін
қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып
оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет
етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру
мен бағалаудың рөлі ерекше.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі , заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұғынуы қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп,
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни
оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей
білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Дағды – бұл қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке
машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар
бұрынғы бағдарламаларда да болады. Бірақ, ол талаптар білім мазмұнының
жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан, оқу үрдісін
оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін
( қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т.б.) ескере отырып
ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш білім мазмұны оқушылардың
білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгейімен
беріледі.
1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі.
2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті
деңгейі).
Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс.
Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік,
дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы
мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.
Оқушылардың меңгерген білім мен біліктерінің міндетті деңгейіндегі
талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап,
тексеруге болады.
Тапсырмалар міндетті деңгейіндегі талаптардың мазмұнын толық
қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесі пәнінен алған оқушы білімі мен
біліктердің объективті жағдайын көрсетеді.
Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады:
оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың
себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын
белгілейді.
Бастауыш мектеп математикасы білім мазмұны курстың арифметикалық,
алгебралық және геометриялық бөліктері арасындағы пәнішілік байланыстарды,
олардың өзара әрекеттестігін, өзара толықтыру мен өзара әсерін жүзеге
асырып, теориялық білімнің рөлін күшейтуге септігін тигізуде, сондай-ақ
математикалық заңдылықтар мен ережелердің, өмір қажеттіліктерінен келіп
туындайтын қорытындылардың шарттылығын бейнелейтін теория мен тәжірибенің
үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, жалпы білім
беретін мектептің бастауыш сатысындағы Математика пәні бойынша білім
мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудан басқа
ізгілендіру, білімді интеграциялау, дидактикалық бірліктерді ірілендіру
ұстанымдары ескерілген. Осыған орай, 1-4 сынып математика оқулықтарының
негізгі әдістемелік ерекшелігі олардың дамыта оқыту технологиясы бойынша
құрастырылуы болып табылады.
Бастауыш сыныптардағы математика сабағының өзіндік ерекшелігі бір
сабақта әр тараудың материалдарының, яғни арифметикалық материалдармен
қатар бір уақытта шамалар және оларды өлшеу, алгебраның және геометрияның
элементтерін, есептерді шығару және салыстыру, дамытушылық және
шығармашылық сипаттағы жаттығулардың қарастырылатындығында.
Қазіргі таңда бастауыш мектепте математиканы оқыту процесі дамыта оқыту
идеясы негізінде жүргізіліп жатқанымен, жалпы алғанда, оқушылардың білім,
білік, дағдыларының деңгейі жүйелілік дәрежесіне жетіңкіремейтіндігі
байқалады.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың дәстүрлі жүйесінің бірқатар
кемшіліктері болғандығы тәжірибеден белгілі, мәселен : математика
курсындағы ұғымдар жайында, көбінесе, бірден мағлұматтар беріледі. Ал,
мұндай түрдегі оқыту оқушының ұғымдардың мәнді белгілерін өз бетімен
ажыратуын талап етпейді. Соның нәтижесінде оқушылар ол ұғымдарды тәжірибеде
саналы түрде қолдана алмайды. Мұндай оқулықтарды жою мақсатымен
Математика жаңа буын оқулықтарында ұғымды анықтауға, яғни оның мәнді
белгілерін ажыратуға үйрету қарастырылған. Мысалы: Сан және цифр ұғымдарын
анықтау барысында санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
1) Кез-келген санды заттарды санау арқылы шығарып алуға болады ( 6
дөңгелектің суреті көрсетіледі): Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек алтау). Қандай
сан шықты? ( 6) 6 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау –
санды шығарып алудың бір көзі және сан – санаудың нәтижесін сипаттайды.; 2)
Санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын
сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы (Математика, 1-
сынып, 18-46-бет); сан шаманы өлшеудің нәтижесін сипаттайды; 3) Қосу және
азайту амалдарын орындау нәтижесінде де санды шығарып алуға болады: 5+1= 6
және 6 – 1= 5. Демек, сан арифметикалық амалдар нәтижесін сипаттайды.
Бастауыш мектепте пәнішілік байланыстар негізінде математиканы дамыта
оқытуды жетілдірудің төмендегідей жолдарын ұсынамыз:
- ортақ ғылыми идея жиындар теориясы болғандықтан, 1-сыныптан бастап,
нысан, нысандар жиыны, жиындардың бірігуі, жиындардың қиылысуы,
нысандардың әрекеті, нысандардың орналасуы, нысандарды санау,
нысандардың белгілері туралы ақпарат т.с.с. терминдерді айқын
қолданысқа енгізу;
- қосынды ережесі, сонша артық, сонша кем қатынастарын, көбейтінді
ережесі, есе артық, есе кем қатынастарын т.б. оқыту барысында жиын
элементтері арасындағы қатынастарды бейнелеудің қарапайым түрі –
графтарды қолдану; комбинаториканың есептерін шешу; біртұтастықты
қалыптастырудың бір жолы ретінде мүмкіндіктер бұтағын пайдалану;
- кіріктірудің негізіне алынатын ортақ әрекет ретінде алгоритмді ала
отырып, оқулықта бұрыннан қолданылып жүрген жазбаша қосу мен азайту,
көбейту мен бөлу тәсілдерінің, теңдеуді шешу; геометриялық фигураларды
салу т.б. алгоритмдерді терминді қолдана отырып оқыту; бұдан кез-келген
нысандардың әрекеттер тізбектілігін алгоритм деп атауға негіз
салынады;
- қорытынды (жалпылаушы) кезінде тік төртбұрыштың, шаршының периметрі мен
ауданын (әр түрлі тәсілдермен), текшенің (3-сынып) және тік бұрышты
паралеллепипедтің көлемін табуды, бір қалыпты қозғалыстағы шамалардың
(жылдамдық, уақыт, қашықтық) ара қатынасын тағайындауды (4-сынып),
сонымен қатар бастауыш мектептің соңына қарай қосу мен көбейту заңдарын
оқушыларға таныс жалпылаудың табиғи тілдегі тұжырымынан айнымалылармен
өрнектеуге көшу арқылы олардың формулаларымен таныстыру.

Математика пәнін оқыту барысында сөздік әдістерді қолдану нақты оқу
пәнінің ішкі мазмұнына, ерекшелігіне, ғылым саласы ретіндегі өзіндік әдіс-
тәсіліне тәуелділік тұрғысынан саралануы тиіс.
Сонау 20-30 ғасырдың көрнекті қайраткерлері – А. Байтұрсынов, М.
Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов әдістерін қарастыра отырып, оқыту
үрдісінде олардың қолдану ерекшеліктері анықталды.
Атап айтқанда, қазақ тілін, ана тілін, арифметика және басқа да
пәндерді оқыту әдістерін ұлттық ерекшеліктерімен сәйкестендіре қолдануға
бетбұрыс жасады. Мәселен: А. Байтұрсынов ( ауызша, әңгімелеу, түсіндіру,
әңгіме, индуктивтік және дедуктивтік әдіс, практикалық, шығармашылық
әңгіме, мақалалар); М. Дулатов (ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме,
көрнекті тұрмыстық пәндер); М. Жұмабаев ( әңгімелеу, түсіндіру,
индуктивтік, дедуктивтік); Ж. Аймауытов ( ауызша, ауызша әңгімелеу,
диалог, өзіндік жұмыс, тәжірибелі көрнекілік) сияқты оқыту әдістерін атап
көрсетті.
М. Дулатовтың Арифметика оқулығы атты еңбегінде: арифметика және
математика сабақтарында қазақтың ұлттық қолданбалы өнерін пайдалануды
ұсынғанын көріп отырмыз.
( Геометриялық түсініктермен байланысты математикалық тапсырмалардың
шешімін шығарып үйрену – қолданбалы өнер үлгілерін қолданумен
ұштастырылды).
Мысалға, а) шейнек сыртындағы өрнекте неше ұшбұрыш, шаршы (квадрат)
дөңгелек бар? б) суреттегі құрақ көрпешенің және ондағы әріптердің пішіні
(формалары) қандай?
Тұрмыстық көрнекілік түрін қолдану балалардың көру, қабылдау
түйсіктерін таныс пәндерде қолдану тірегі болып табылады. Осы тапсырмалар
балалардың локикалық ойлау, сөйлеу тілін дамыту және баланың басқа да
қасиеттерін жетілдіруге, қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы.
Сонымен, сол жылдардағы педагогтар оқу үрдісін өмірмен, еңбекпен, қарым-
қатынас арқылы ұштастырады. Мәселен, М. Дулатов өзінің Мұғалімдерге атты
еңбегінде кіші жастағы балаларды қалай оқыту керектігін көрсетеді. А.
Байтұрсыновтың Қай әдіс жақсы деген еңбегінде оқыту әдістерді қолданудың
ерекшеліктеріне тоқталады. Сонда қолданылатын әдістердің қатарында сөздік
әдістер бар.
Сөздік әдістердің дамуының екінші шартты кезеңі ХХ ғасырдың 30-90
жылдарындағы мектептің, жалпы алғанда оқыту жүйесінің, біртіндей
жетілдірілуімен байланысты.
Өйткені осы уақытқа дейін педагогикалық теориямен тәжирібеде белгілі
болған, тіпті дәстүрлі әдіс деңгейіне көтерілген әңгемелеу, түсіндіру,
әңгіме (сұрақ-жауап) сияқты сөздік әдістер мен қоса, проблемалы баяндау
әдісі, ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс, сөз бен көрнекіліктің
ара қатынасы және алмасуы сияқты сөздік әдістің түрлері өмірге келді.
Дегенмен де сөздік әдістердің пәннен өткізілетін нақты сабақтың түріне
тәуелді қолданылуы аясы жаңа материалды түсіндірумен шектелді.
Сөздік әдістердің дамуының үшінші шартты кезеңі ХХ ғасырдың соңғы
жылдарында дамыта оқыту идеясының теориялық жоба деңгейіне тәжірибелік
қолданысқа айналуымен байланысты болып отыр.
Шынында, бүгінгі күні педагогика ғылымында бастауыш буында дамыта
оқытудың әр алуан жүйесі ( Л.В. Занковтың, Д.Б. Эльконин мен В.В.
Давыдовтың, И.С. Якиманскаяның және т.б.) белгілі.
Ал, жүйенің кез келгені оқытудың мазмұнын, мақсаты мен міндетін,
әдістерін, ұйымдастыру түрлерін тұлғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке
бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік және сезіммен байланысты
қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын
пәнді оқытудың әдістерін жетілдіре түсуге ерекше мән беріледі.
Әрине, педагогика ғылымы мен тәжірибеде белгілі оқыту әдістерінің
ешқайсысы әмбебап тәсіл бола алмайды.
Дамыта оқытуды жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы болатын оқытудың әдіс-
тәсілдерін іріктей алуға және дәстүрлі әдістердің өзін тұлғаны қалыптастыру
және дамыту идеясына бейімдей түсуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Дамыта оқытудың мәнді белгісі: оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің басым
болуы, яғни білім, білік және дағдыларды оқушылардың өздігінен игеруінің
және білімді меңгеру барысындағы олардың іс-әрекетінде ақыл-ой мүмкіндігін
барынша жұмылдырудың басым болуы. Осыған орай сөздік әдістердің табиғаты,
мән-мағынасы, қолданылу ерекшелігі бүгінгі күн талабына сәйкес өзгеруі
тиіс.
Мәселен, дамыта оқытуды жүзеге асыру, сөздік әдістердің мына сияқты
дәстүрлі ( түсіндіру, түсіндірме, әңгіме деп аталатын түрлерімен
салыстырғанда әңгімелеу – беседа, проблемалы баяндау, ішінара іздену
немесе эвристикалық әңгімелеу сияқты) түрлерінің кеңірек қолданыс табуын
қажетсінеді. Демек, бастауыш буында кез келген пәннен жүргізілетін сабақта
сөздік әдістердің ішінен, жоғарыда аталған олардың екінші тобына баса назар
аударылғаны жөн демекпіз. Сонда пәндік білім – білік және дағдыны
оқушылардың игеру үрдісі, олардың өзіндік іс-әрекетінің басым болуына
бағытталады., яғни оқыту әдісі оқушы мен мұғалімнің көздеген мақсатқа жету
жолындағы міндеттің оң шешілуіне және жоспарланған нәтиженің талапқа сай
болуына қызмет етеді.

Баланы есеп шығаруға үйретуге ең қиын әрі күрделі мәселе деген сөздер
жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі буын оқулықтарындағы есептерді шығаруға
келгенде оқушы түгіл, кейбір ұстаздардың да қиналып қалар жағдайлары бар.
Ал балалардың ата-аналары болса ол есептерді тіптен түсініксіз деп
бағалайды. Осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдеріне есеп термині –
орындалуға, шешілуге тиісті; пайымдау, есептеу арқылы орындалатын жаттығу;
зерттеуді және шешуді талап ететін күрделі мәселе дегенді білдіретіндігін
ескеру өте маңызды. Әсіресе, оқу үрдісіндегі есеп оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу
үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар
аудару қажет.
Сонымен кез келген мамематикалық тапсырма немесе есепті оның шартын
талдап (белгісіз және белгілі шамаларды анықтап олардың арасындағы
байланысты тағайындау) оны шығару әдістерін анықтау маңызды. Содан кейінгі
кезекте сол есептің шығарылуына талдау жасап, оны шығарудың басқа да
тісәлдері бар ма, соған көңіл бөлінеді.
Егер де осы айтылғандар сабақ барысында толығымен орындалса, онда
оқушылардың математикаға деген көзқарасы, ата-аналарының бұл пән туралы ой-
пікірлері оң болары хақ. Өйткені оқушы сабақта белсенді болып үй
тапсырмасын орындауда қиындықтарға ұшырамас еді. Бастауыш мектеп математика
курсы оқулықтарында: Берілген есепке кері есеп құрастыр және оны шығар,
Теңдеу құр және оны шеш, Не байқадың? Теңдіктер қандай ережеге сүйеніп
жазылған?, Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр. Не
байқадың?, Шығару жолын салыстыр т.с.с. тапсырмалар берілген және олар
оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне, белсенді болуына,
ойлауға көмек береді. Сол себепті осы тапсырмаларды сабақ барысында толық
орындату өте маңызды.
Сондай-ақ берілген есптерді түрлі тәсілдермен шығаруға, оқушылардың
зерттеушілікпен жұмыс жасауға ұмтылысына мүмкіндік берген жөн. Мысалы,
Екі қорап ойыншық сатып алынды, оның біріншісінде 32, ал екіншісінде 22
ойыншық бар. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 100 теңгеге
арзанға түсті. Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленген?
Саны Құны
32. ?
22. ? 100 т
Арифметикалық тәсіл.
І тәсіл. 32-22 = 10 – Бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны.
100:10 =10 (теңге) – Бірінші ойыншықтың құны.
32 * 10 = 320 (теңге) – Бірінші қорап үшін төленген
сома.
22 * 10 = 220 (теңге) – Екінші қорап үшін төленген
сома.
ІІ тәсіл. 32-22= 10 – Бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны.
100: 10 = 10 (теңге) – Бір ойыншықтың құны.
32 * 10 = 320 (теңге) – Бірінші қорап үшін
төленген.
320-100= 220 (теңге) – Екінші қорап үшін төленген.

ІІІ тәсіл. 32-22= 10 – Бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны.
100:10= 10 (теңге) – Бір ойыншықтың құны.
22 * 10 = 220 (теңге) – Екінші қорап үшін
төленген сома.
220+100= 320 (теңге) – Бірінші қорап үшін
төленген сома.
Алгебралық тәсіл.
І тәсіл. 32 ( х-100) = 22х
32х -3200= 22х
32х – 22х= 3200;
10х= 3200;
х= 320 (теңге) – бірінші қорап үшін төленген.
320-100= 220 (теңге) – Екінші қорап үшін
төленген.
ІІ тәсіл. 32х= 22(х+100)
32х=22х + 2200;
32х – 22х = 2200;
10х= 2200;

х= 220 (теңге) – Екінші қорап үшін төленген.
220 + 100 = 320 (теңге) – бірінші қорап үшін
төленген.
ІІІ тәсіл. 32х-22х=100.
10х= 100;
х= 10 (теңге) – бір ойыншықтың құны.
32*10= 320(теңге) – Бірінші қорап үшін
төленген.
22*10= 220 (теңге) – Екінші қорап үшін
төленген.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың ғылыми таным әдістерін
қолданары сөзсіз. Себебі, алғашқыда балалар есептің шартына мұқият болып,
ондағы заңдылықтарды анықтау арқылы бақылауды орындайды. Өйткені, бақылау –
зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде қабылдау арқылы
зерттейтін әдіс. Сонан соң салыстыру жүргізіледі. Яғни объектілердің
(қораптағы ойыншықтар) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тағайындайды.
Сондай-ақ оқушылар есептің шартындағы екі қораптың бір-бірінен
айырмашылығына көңіл бөліп, артық ойыншықтар санын және әрбір ойыншықтың
құнын анықтайды. Содан әрбір қорап үшін қанша ақша төленгенін табуға
мүмкіндік туады (анализ және синтез). Және де аналогия элементтерін қолдану
арқылы есептің басқа да шығару тәсілдерін іздестіреді.

Бастауыш сынып математикасының басты мақсаттары : оқушыны
практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық және коммуникативтік іс -
әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделуін, ақыл – ойының
математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты
сапаларын дамыту. Сонымен қатар оқушының математикалық білімін өмірде
қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.
Математиканы жақсы біліп, одан тиянақты білім алмай, математиканың
басқа саласын жете түсініп, меңгеру мүмкін емес. Өйткені математикалық
есептердің барлығы, тіпті ең күрделісінің өзі математикалық мазмұнды
есептер оқушылардың ақыл – ойын, қабілетінің дамуын, ғылым негіздерін берік
игеріп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге әсер етеді. Демек, бастауыш
сынып оқушылары математиканы жақсы меңгеруі міндетті.
Оқыту барысында оқушылармен практикалық мазмұнды есептерді шығаруда
олардың белсенділігін арттыру өзекті мәселелерінің қатарына жатады. Барлық
пәндерден, соның ішінде көбінесе дерексіз ұғымдарды қарастыруды қажет
ететін математика сабақтарында, осы тұрғыдан әр алуан әдістер қолданылады.
Сонда оқушылар меңгерген белгілі бір білімді әлсін - әлі қолдану барысында
қажетті дағдылардың қалыптастырылуы мүмкін. Оқушылардың практикалық
мазмұнды есептер шығару іс-әрекетін ұйымдастыру барысында қызықты
материалдарды пайдалануға, жарыс ұйымдастыруға, әр оқушымен жеке дара жұмыс
жүргізуге, өзіндік жұмыс пен ізденістің үлесін арттыруға, меңгерген білімді
жаңа немесе өзгертілген, тіпті тосын жағдайларда қолдану тұрғысынан әрдайым
ізденуге тура келеді. Мұның бәрі оқушыларды сабаққа ынталандырып, оқыту
нәтижелерінің сапасын арттыруға себепші болады.
Мұғалім сабақта практикалық мазмұнды есептер шығаруда оқушылардың
таным, ой қабілеттерін дамыту, әр оқушының шығармашылық күш-қуатын толық
пайдаланып жұмыс істеуіне сенімділікпен қарап, білім, білік және дағдыларын
қалыптастыруы көзделеді.
Оқушы есептің мазмұнымен танысып, оның шартын басты сұрағын түсініп,
одан кейін не белгісіз екенін анықтау, есептегі санмен берілген шамалардың
ара қатынасын анықтау арқылы, қандай амалдар қолданып шығаратындығын
жоспарлайды. Осындай талаптар қою арқылы оқушылардың таным, ой қабілеттерін
дамыту үшін сабақта сан түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Оқушылардың
өздігінен жұмыс істеуіне және олардың сабаққа белсенділігінің арттырылуына
ерекше көңіл бөлінеді.
Мұндай практикалық мазмұнды есептерді сабақтың қай кезеңінде болса да,
мұғалімнің қалауы бойынша пайдалануына болады. Ол әрбір оқушының
шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып жұмыс істеуін, өз күшіне сенімді
болуын, еңбегінің қуанышын сезіне білуіне мүмкіндік тұғызады.
Төменде 2-сыныпта жүргізілетін практикалық мазмұнды есептерді әртүрлі
амалдармен жүз көлеміндегі сандарды оқып-үйрету ұсынылып отыр. Бұл ұсынысқа
сәйкес арифметикалық амалдардың мән-мағынасы жайындағы түсініктер (қосынды,
қалдықты, бірдй қосылғыштардың қосындысын табу) қолданылады. Сонымен қатар
практикалық мазмұнды есепте айтылатын нақты заттардың суреттері
пайдаланылады немесе схема бойынша түсіндіріледі.
1-мысал: Еңбек сабағында ұл балалар үш таспалы 8 қамшы, одан 3-еуі кем
төрт таспалы қамшы өрді. Барлығы неше қамшы өрді?
- Есепті оқыңдар.
- Есеп не жайында айтылған?
- Ұл балалар еңбек сабағында үш таспалы, төрт таспалы қамшы өргені
жайында айтылған.
- Сөздік: таспа деген қамшыны 3 не 4 таспа қылып өреді.
- Сұраққа жауап беру үшін нені білуіміз керек?
- Ұл балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бірлескен жұмыстарға берілген бірлескен есептер
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Математиканы бастауыш оқыту әдістері
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Пәндер