Бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік



Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
– мемлекеттік;
– муниципалды;
– корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқада аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарды

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым министрлігі
Еуразия академиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік

Орындаған: 523 топ студенті
Сисенғалиева Р.Ш
Тексерген: Абдуллаева Л.И

Орал 2010 ж

Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару
арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және
сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың)
алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш
түрге бөлінеді:
– мемлекеттік;
– муниципалды;
– корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан
Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын
қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы
қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін
шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны
болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы
ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат –
құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын
үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқада аймақтың әлеуметтік
мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне
сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарды корпоративтік
бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда
акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы
қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын
жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана
алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді,
яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын
(капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен
облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты бағалы қағаздар мынадай екі
топқа бөлінеді:
• қарыздық бағалы қағаздар;
• инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға
облигацияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы
Бағалы қағаздар туралы мәлімет
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Қаржы нарығы туралы түсінік
Қаржы нарығының құрылым
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Банктердің бағалы қағаздар нарығы
Пәндер