6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау



КІРІСПЕ
1. 6.7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 6.7 жастағы балалардың психологиялық денсаулығының педагогикалық. психологиялық негіздері
1.2 6.7 жастағы балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етудегі тренингтердің рөлі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселердің бірі- ұлттың болашағын анықтайтын балалармен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулақ – адамның ағзасы мен жан – дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды білдіретін; тұрғылықты жердегі эканомикалық , экалогиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтер мен психологтердің балалармен жұмысымен байланысты комплексті түсінік.
Қазақстанда соңғы 10-15 жылдарда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Бұл түсінікті де, өйткені ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі соңғыларда психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың өсуіне әкеледі. Экалогиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа да қауіпті әсері еліміздің өндірістік, экалогиялық апат аудандарында анықталып, өзекті мәселелердің қатарында аталады.
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады. Қазақстандық психология ғылымында қазақ балаларының психологиялық денсаулығы мәселесі бұрын-соңды қарастырылмаған. Психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері , коррекциялау мәселелері қарастырылса да, комплексті зерттеу, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау әлі де қолға алынбаған. Осыған орай, қазіргі кезең жағдайында қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау мәселелері өзекті болып келеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру жүйесіндегі негізгі
мәселердің бірі- ұлттың болашағын анықтайтын балалармен оқушылардың
денсаулығы болып табылады. Денсаулақ – адамның ағзасы мен жан –
дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды
білдіретін; тұрғылықты жердегі эканомикалық , экалогиялық, әлеуметтік
жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтер мен
психологтердің балалармен жұмысымен байланысты комплексті түсінік.
Қазақстанда соңғы 10-15 жылдарда психологиялық көмекке сұраныс
пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Бұл түсінікті де, өйткені
ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен
өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі соңғыларда
психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың өсуіне әкеледі.
Экалогиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа
да қауіпті әсері еліміздің өндірістік, экалогиялық апат аудандарында
анықталып, өзекті мәселелердің қатарында аталады.
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының
қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар,
психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін
қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып,
жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз
ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын
реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады. Қазақстандық психология
ғылымында қазақ балаларының психологиялық денсаулығы мәселесі бұрын-соңды
қарастырылмаған. Психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын
жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері , коррекциялау
мәселелері қарастырылса да, комплексті зерттеу, қамтамасыз ету жолдары мен
амалдарын анықтау әлі де қолға алынбаған. Осыған орай, қазіргі кезең
жағдайында қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету
жолдары мен амалдарын анықтау мәселелері өзекті болып келеді.
Балалар тәрбиесіне,дамуына бастауыш мектеп жасы кезеңінің,
әсіресе 6-7 жастың ықпалы зор екені белгілі. Әдебиеттерде бұл кезеңнің
жалпы психикалық дамуындағы рольі келесі аспектілері арқылы көрсетіледі: 7
жас кризисі, баланың мектепке психологиялық даярлығының қалыптасуы,
күрделі физикалық, психикалық және психофизиологиялық дамуы; оқу
мотивтерінің танымдық қажеттіліктерінің , индивидуалды қаблеттерінің,
өзіндік басқарудың, адекватты өзіндік бағаның, әлеуметтік қарым- қатынас
дағдыларының дамуына сензитивті кезең. Осы кезеңде жаңа психикалық
құрылымдар – ерікті түрде іс-әрекетпен қылығын басқару; рефлекция, іс-
әрекеттің ішкі жоспары, танымдық қызығушылық, қарым-қатынаста
қатарластарына бағыттылық қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты: 6- жастағы қазақ балаларының психологиялық
денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау.
Зерттеу пәні: 6- жастағы қазақ балаларының психологиялық
денсаулығын қамтамасыз ету үшін тренингтерді ұйымдастыру негізі.
Зерттеу болжамы: Балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз
ету жолдары- тренингтер тиімді болуы үшін балалар мен психологтың қарым-
қатынасы бірлестік- диалогты танымдық іс-әрекет негізінде құрылуы керек
деп есептейміз.
1. 6-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 6-7 жастағы балалардың психологиялық денсаулығының педагогикалық-
психологиялық негіздері

Денсаулық категориясының практикалық және теориялық өңдеулеріне
қарамастан, оның қазіргі кездегі статусы біртекті емес және оның
зерттеудегі әртүрлі тұрғылар көлемді анықтама бере алмайды. Зерттеулер тек
қана ағзаның функциональді қызметі, психикалық процестер мен механизмдерге
емес, сонымен қатар жеке тұлғаны толық қамтитын психологиялық денсаулықты
зерттеуге бағытталған.
Зерттеушілер әр-түрлі деңгейдегі денсаулық құрылымын бөліп
көрсетеді: тән саулығы, психикалық, психологиялық, әлеуметтік, рухани-
адамгершілік саулық. Адамның осы аталған денсаулығының түрлері бір-бірімен
тығыз байланыста. Тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін
психикалық және психологиялық денсаулық қажет. Денсаулық психологиясы
көпшіліктің ықылысына ілініп жүр. Мұның басты себебі әлеуметтік жағдай.
Өмірдің эканомикалық жағдайының өзгеруі, нарықтық қатынастарға көшу
тұрғындардың алдына күрделі мәселелер түйінін қойып, біразы алаңдатушылық,
жүйке психикалық ауыртпалық тудырады.
Психикалық денсаулықты қарастырмас бұрын, денсаулық түсінігін
нақтылап алу қажет. Сонымен қатар, психикалық денсаулық түсінігі де
жіктеуді талап етеді.
Денсаулықтың анықтамаларын нақтылау күрделі, әлі де толық
аяқталмаған. В.Е. Каган бойынша, денсаулық- жеке норма, физиологиялық,
статистикалық, қалыпты дамудан ауытқу мөлшері. Адам осы жеке норманың
субъектісі, оның денсаулық туралы белгілі бір түсінігі бар және осы
түсінікпен өзінің актуалды қалпын салыстырады. Бұл түсініктер жиынтығына
денсаулықтың ішкі картинасы деп атау береді. Адамның өзіндік санасы,
өзіндік бағасы денсаулықтың ішкі картинасының қалыптасуында елеулі рольді
атқарады. Адамның өзі сезетін қалпы оның денсаулығының ішкі картинасына
сәйкес келмесе, ол өзін науқас сезінеді. Керісінше, денсаулық түсінігі
адамда патологиялық қалыптарды да қамтыйтын кең болуы керек. Бұл терминнің
шығу тарихына келетін болсақ, 1929 жылы А.Р Лурия отандық медециналық
психология ғылымына жаңа термин – аурудың ішкі картинасы түсінігін
енгізген, бұл жеке адамның науқасқа реакциясы, аурудың аккомпаниементі,
патопластикалық және потенциалды патогенетикалық фактор А.Б Орлов жаңа
антоним терминді қолданған- денсаулықтың ішкі картинасы В.Е Каган
денсаулықтың ішкі картинасы терминін алғаш рет 1986 жылы қолданады, 1988
жылы денсаулықтың ішкі картинасы концепциясының теориялық негізін ұсынады.
Медициналық әдебиеттер мен практикада Психикалық денсаулық
термині кең қолданылады, және психикалық денсаулық қалпы баланың
психикалық, әлеуметтік даму жағдайымен түсіндіріледі.
Жүйке-психикалық науқастардың кең тарауы бүгінде тек
дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар биологтардың, социологтардың ,
педагогтардың зерттеуін қажет ететін үлкен мәселені тудырып отыр.
Педагогтардың бұл мәселемен айналысуы оқушылар арасында ақыл-ойының
кемістігі немесе жүйке психикалық әрекетінің ауытқуы, қылықтың бұзылуы
себебінен оқу бағдарламасын игере алмайтын балалардың кездесуімен
байланысты. Педиатор – дәрігірлер үнемі стрес жағдайында жүретін
ересектерге тән науқастардың балаларда да жиілеп кеткенін айтады. Оның
себебі ретінде балалардың халық көп жиналатын жерлерде көп болатыны,
балалардың алкоголь мен анашаны қабылдауы орын алады. Нәтижесінде балаларда
ұйқының бұзылуы, бас аурулары, невротикалық симптомдар , психикалық ,
физикалық дамудың бұзылуы, қылықтың ауытқуы пайда болады.
Психикалық денсаулық мәселелері медициналық психология саласында
орындалған біршама еңбектерде қарастырылады (Д.Д Федотов, А.И Захаров, Д.Р
Исаев, М.Х Гонопольский, В.Е Дружинин). Психикалық денсаулықты сақтау
мәселелерін, психикалық бұзылуларға әкелетін биологиялық және әлеуметтік
факторларды, оның ішінде психофизиалогиялық негіздерді, тұқымқуалаушылықпен
ағзаның ішкі ауруларын адам психикасына кері әсері, эмоционалді қосылу
мен алкогольді тәуелділік , әлеуметтік оқиғалардың әсерін зерттеген.
Жанұядағы ересек адамдардың баланың қарым-қатынысының бұзылуы, олардың
тарапынан психикаға зақым келтіретін әсерлердің болуы негізгі әлеуметтік
фактор болып аталған. Мектеп жасындағы балалардың ой операцияларын қажет
ететін тапсырмалармен, сабақтармен шектен тыс жүктелу психикалық
денсаулығының бұзылуына, шаршауға әкелетін, ой еңбегінің гигиенасы қажет
ететендігін айтады. Жалпы бұл көзқарас сол кезеңдегі психология ғылымының
дамуымен, психикалық және психологиялық денсаулықтың әлеуметтік
факторларының орын алу жиілігімен , күшімен байланысты.
Психикалық қалыптың нормадан ауытқуын неврозбен байланысты
қарастыру байқалады. Балалар мен жас өспірімдердің невроз патогенезінің
негізінде дамып келе жатқан жеке адамның қарым-қатынастар жүйесінің
децормациясы жататындығы дәләлденген факт болып табылады. Бұл адамды
невротикалық дамуға әкеледі, ол В.Н Мясищевтің невроздар концепциясында
біртұтас жүйені құрайтын жеке адамның маңызды қатынастарының бұзылуы деп
түсіндіріледі. А.И Захаров анықтауы бойынша, бала неврозын сәтті емдеу
үшін, оның себебін білу керек, ал ол ата- ананың тұлғалық
ерекшеліктерімен, қате тәрбиемен , жанұядағы, қарым-қатынастың бұзылуымен
байланысты болады.
Денсаулық психалогиясы клиникалық психалогиямен салыстырғанда жаңа
ғылыми бағыт. Зерттеу мәселесі аурулардың пайда болуына әкелетін психикалық
факторлар мен науқастың жеке адамға әсерін, емдеу тәсілдеренің
психологиялық аспектілерін ашуға бағытталған. Норма мен аномальді
қалыптарды айыру денсаулық қалыпын анықтауға негіз болып табылады. Ерекше
ғылыми бағыт болып табылатын денсаулық психологиясы адамның рухани
денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру мәселесіне практикалық зерттеу
қызығушылығын тудырып отыр. Норма мәселесі психология ғылымының ең өзекті,
күрделі мәселе болған және солай болып қалуда. Бұл мәселенің даму
психикалық норманы даму нормасы ретінде түсінумен, психика табиғатын
зерттеу аймағының кеңейуімен және адам психологиясына көзқарастың
өзгеруімен байланысты.
Денсаулық, психикалық денсаулық мәселелерін ауру, науқас емес
қалыпты даму тұрғысынан қарастыру тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында кең
орын алған.
Психикалық денсаулықты жеке адам дамуының толықтығы, байлығы
тұрғысынан қарастыру батыс ғылымдарының еңбектерінде кездеседі, яғни
психикалық денсаулық өзіндік актулизациямен, өмір мәнін табумен және жеке
тұлғаның өз мүмкіндіктерін, потенциалын жүзеге асыру мен байланысты.
Гуманистік психалогияның көрнекті өкілі А. Маслоу дені, психикасы сау
адамдарды зерттеу арқылы тұлғаның өзіндік актуализациясы теориясын
тұжырымдады, психикалық денсаулыққа екпін жасады. Психикалық денсаулықтың
екі құрамдас бөлігі бар: біріншіден, адамдардың өз потенциялын
мүмкіндігінше өзін-өзі актуализациялау арқылы дамытуға талпыну; екіншіден
құрамдас бөлігі- гуманистік құндылықтарға талпыну. Психикалық денсаулық
мәселесін адамның негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы тұрғысынан
қарастырылады. Бұл қажеттіліктердің барлығы қанағаттанғанда өзін-өзі
актуализациялау қажеттілігі пайда болады: адамның мүмкіндігі жеткенше
дамуы, дарыны мен потенциалын, қабілеттерін толық ашумен байланысты.
Сондықтан, адамның психикалық денсаулығын сақтау үшін, өз мүмкіндіктерін
максималды жүзеге асыру үшін метақажеттіліктер қанағаттандырулары керек.
Метақажеттіліктердің депривациясы мен фрустрациясы психикалық аурудың
пайда болуына әкеледі, бұл- метапатологиялар, яғни апатия, депрессия.
Өзіндік актуализациясы жүзеге асқан адам- психикалық денсаулығы қалыпты
адам.
Г. Олпорт психикалық денсаулығы қалыпты немесе жетілген
тұлғаның қылықтары функционалды автономды болады және саналы
процестермен мотивацияланған деп көрсетеді. Психикалық сау адамның алты
сипатын атайды: өзіндік мен шеңбері кең, әлеуметтің қатынастарға
белсенді атсалысады; жылы жақын әлеуметтік қатынастарға қабілетті;
эмоциональді тәуелсіздік және өзін қабылдау; шынайы қабылдау, тәжірибе
және талпыныстар деңгейі; өзін-өзі тануға және әзілге қабілеттілік,
толыққанды өмір сүру үшін адамның өзін-өзі тану қажеттілігін Сакратта
айтқан.
Д. Келли бойынша, адамның қалыпты функционалдығы төрт
сипатпен анықталады: психикасы сау адамдар әлеуметтік тәжірибе негізінде
тұлғалық конструкторлық өзгерте алады; тұлғалық дамудың жаңа деңгейлеріне ,
конструкторлы жүйесін кеңейтуге ашық және даяр болады; жақсы дамыған
ролдік репертуар, әр түрлі әлеуметтік ролдерді тиімді орындай алады,
әлеуметтік әлеуметтік қатынас процесіндегі адамдарды түсіне алады.
К. Роджерс көсеткендей, адамның мені оны жағымсыз сезімдерден,
мазасыздықтан қорғай алмайтын болса, психикалық денсаулығы бұзылады.
Психиқалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзініңбасқалармен қатынасын
шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз
қылықтары үшін жауапкершілікті алады. толыққанды функционалдық
терминімен өз қабілеттері мен талантын қолдана алатын потенциалын жүзеге
асыра алатын, өзін және сезімдерін танып білуге талпынатын адамдарды
анықтайды. Олардың бес тұлғалық сипатын көрсетеді: өз сезімдерін саналы
түсінуге ашықтық; экзистенциалды өмір салты; өзінің ішкі сезімдерін
қабылдап, қылықты таңдауда негізге алу қабілеті; эмпирикалық еркіндік,
тәуелсіздік; креативтілік, яғни олар конструктивті және бейімделе өмір сүре
алады, алайда конформист емес.
Сонымен, көне грек ойшылдарының адамның өмірге қанағаттануын,
өзін бақытты сезінуін көрсететін эвдемонизм, гедонизм түсініктері
қазіргі гуманистік тұлға теорияларында әрі қарай дамып, кең қолданылып
келеді.
Т.Д Азарных, И.М Тыртышников, В.И Чирков, Э.Л Диси
зерттеулерінде психикалық денсаулық бұзылу стреспен, дипрессиямен
байланысты қарастырылады. өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде
бейімделу реакциясы болып стресс саналады. Сондықтан, стрессіз өмір мүмкін
емес. Алайда, белгілі бір жағдайларда стрестің ағзаға зиян екенінде ескеру
қажет. Стресс депрессия, мазасыздық қалыптарының негізінде жатыр. Сонымен
бірге, стресс қысқа уақыттық бецімделу процесі болса, мазасыздық пен
депрессия ұзақ уақытқа созылатын қалыптар болып табылады. Олар бірнеше рет
қайталануы мүмкін. Науқастың тұрақтануы тұлғалық дамуға зиянды және
психикалық денсаулықтың ауытқуына әкеледі.
Чех психологтары Й. Лангмейер мен З. Матейчен айтуынша психикалық
қалыптың бұзылу депривациямен анықталады, өте сирек депривациялық жағдайға
баланың бірнеше маңызды қажеттіліктерін қанағаттанбауы сәйкес келеді. Ол әр
жас кезінде әр-түрлі болады. Сондықтан, белгілі бір даму кезінде қандай
психикалық қажеттіліктердің ерекше маңызды болатындығын, қанағаттанбауы
үлкен зиян болатын қажеттіліктердің ерекшеліктерін анықтау өте маңызды.
Мұнда әр баланың бір ғана депривациялық жағдай әсерінен өзін әр-түрлі
ұстайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, әр баланың дені сау, даму үшін жылы
сезім, махаббат қажет. Даму мен мінездің бұзылуында патогенді мәнге
аффективті қажеттіліктердің жеткілікті қанағаттанбауы ие болады, яғни
змоционалді, аффективті депривация.
Жекелеген психикалық функциялардың бұзылуы депривациялардың
әсерінен болады. В.В Ветрова депривацияны- өмірлік маңызды қажеттіліктердің
толық немесе жартылай қанағаттандырылмауы мүмкін деп санайды. Сенсорлы,
эмоционалды, әлеуметтік депривация түрлерін жіктейді.
А.Б Холмогорова, Н.Г Гаранян бүгінгі күндегі психикалық
ауытқулардың негізгі эпидемиологиялық тенденциялары ретінде депрессивті,
соматоморфты, мазасыз бұзылуларды атайды. Адамның генетикасы мен биохимиясы
неврозға, яғни психикалық денсаулықтың бұзылуына шешуші фактор болып
табылмайды. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер депресивті ауытқулар жиі
кездесетін орталарда тәрбиелеу барысында қатаң талаптар мен стандарттар
қойылатындығын, олардын ауытқыған , орындамаған жағдайда сын мен
жазалаудың жиі қолданылатындығын көрсетеді. Эмоционалді ауытқулар,
психикалық денсаулықтың бұзылуы бүгінгі қоғмәдени ортаға тән рационалдылық
пен ұстамдылықты, сәттілік пен жетістікке, күш пен бақталастыққа табыну,
оларды басқа құндылықтардан жоғары қоюмен байлансты. Психикалық денсаулық -
бұл ең алдымен әр-түрлі психикалық процестер мен қасиеттердің арасындығы
тепе-теңдік, аффект пен интеллектінің арасындағы тепе-теңдік, яғни
сезімдерді саналы түсініп басқара алу мен қатар, оларды еркін көрсету,
шығару құқығы , еркіндігі. Шет елде аталған принциптер психикалық
денсаулықты қорғау жүйесінің қызметін анықтайды.
Б.С Братусь адамның психикалық денсаулығын деңгейлік бағытқа
сәйкес қарастырады. Жоғары деңгейі тұлғалық мағыналық немесе тұлғалық
денсаулық деңгейі, адамның мағыналық қатынастары сапасымен анықталады.
Индивидуалды психологиялық денсаулық деңгейі, адамның мағыналық
талпыныстарын адекватты жүзеге асыру тәсілін құра алуқабілетіне
байланысты. Психозизиологиялық денсаулық деңгейі психикалық әрекет
актілерін ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастырумен ерекшеліктерімен
анықталады. Бұл деңгей биологиялық тұқымқуалаушылық факторлармен
байланысты, алдыңғы екеуі, психологиялық болып табылады және және оқыту мен
тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты. Психозизиологиялық
денсаулық деңгейі психикалық актілер ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастыру
ерекшеліктерімен анықталады. Бұл деңгей биалогиялық тұқымқуалаушылық
факторлармен байланысты, алдыңғы екеуі психологиялық болып табылады және
оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты.
Деңгейге бөлу ерте заманнан келе жатыр. Жан мен тәнді бөлуді
алғашқы саты ретінде қарастыруға болады. Кейінірек үш деңгейлік бөлу
қалыптасқан: дене, жан, рух. Екі- үш деңгейге бөлу қазір де кең
таралған. Мысалы, А.Н Леонтьев- индивид-жеке адам. П.Я Гальперин.-
субъект- жеке адам, Б.Г Ананьев, А.Г Асмолов индивид- субъект- жеке
адам, ағза-сана сынды деңгейлер қарастырылады.
А.А Крылов бойынша, адамның өмірлік әрекеті өз-ара байланысты
функционалды деңгейлерде жүзеге асады: биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік. әр аталған деңгейде адамның денсаулығы өздігімен ерекшелінеді.

Биологиялық деңгейде денсаулық барлық ішкі органдар қызметінең
динамикалық тепе-теңдігіне және олардың сыртқы орта әсерлеріне адекватты
реакциясына негізделеді. Психологиялық деңгейдегі денсаулық мәселесі
тұлғалық контексте қарастырылады. Бұл мәселенің шешімі дені сау жеке
адамның қандай болатынын түсінуге болады. Тұлғаны құрайтын қасиеттер өзара
үйлесімді байланыста болса, соншалықты жеке адам тұрақты болады, және бір
тұтастығына кедергі келтіретін әсерлерге төтеп бере алады. Жеке адамның
психикалық денсаулығының бұзылуы негативті мінез сипаттарының басым
болуымен, рухани дүниедегі ауытқулармен, құндылық бағыттылықтарының қате
таңдалуымен байланысты. Психологиялық деңгейден әлеуметтік деңгейге ауысу
шартты түрде болады. Жеке адамның психологиялық қасиеттері қоғамдық
қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды. Психикалық денсаулыққа әр-түрлі
әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, жанұя, достар мен туысқандармен
қарым-қатынас, қызмет, демалыс, діни және басқа ұйымдарға байланысты. Бұл
әсерлердің нәтижесі де позитивті де, негативті де болуы мүмкін.
Тәрбиелеудегі олқылықтар, қоршаган ортаның жағымсыз жағдайлары адамның
қоғамдағы адекватты емес қылықтарының себебіне айналады. әлеуметтік
деңгейдегі психикалық денсаулық идеясын жүзеге асыру қоғамнан білім беру
сферасымен тәрбиелеуде өзін ақтамаған дәстүрлерге көзқарасты өзгертуді
талап етеді.
Г.А Дусманбетов, Х.Т Шерьязданов Қазақ Мемлекеттік Қыздар
педагогикалық институтының даярлық бөліменде оқып жатқан балалар үйінде
тәрбиеленген қыздарда\ың құндылық бағдарының, тұлғааралық қарым-
қатынасының, мазасыздық деңгейінің және девиянтты қылық ерекшеліктерін
зерттеген. Жеткіншек кезеңнің ерекшеліктері- ересек болуға талпынуды,
жанұядан тәуелсіз болуды тырысатын, эгоцентризмді, қалыптаспаған және
негативті өзіндік концепцияны, эмоционалды және ерік жігер сферасының
тұрақсыздығын девиатты қылықтың қалыптасуына әкелетін факторлардың бірі
ретінде қарастырады. Жетім балаларды девиантты қылықтың пайда болуқаупі бар
топ ретінде айтады. Бастауыш сынып кезіндегі балалар үйінде
тәрбиеленушілердің келесі ерекшеліктері аталады: интелектуалды сферадағы
гармонияның бұзылуы (ойлаудың жіктеу формаларының жоғарға деңгейінің
бейнелі көрнекілікті формаларының дамымағандығымен қатар келуі), қылықтың
ерікті формаларының дамымауы, қарым-қатынас мәселелерін қақтығыс арқылы
шешуге талпыну, агрессивтілік; ойлау мен импульсивті қылығы нақты жағдаймен
тікелей байланысты, ішкі реттеу механизмдерінің дамымағандығы.
Ересектермен қарым-қатынасы позитивті қатынас қажеттілігі мен тұлғалық
қарым-қатынас қажеттілігінің фрустрациялаумен сипатталады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімінің төмендеуінің
психологиялық себептерін анықтау ғылымда кең қарастырылып келе жатқан
мәселе (Рубинштейн С.Л, Славина Л.С, Корсакова Н.К, Микадзе Ю.В, Балашова
Е.Ю) Баланың мектепке психологиялық даярлағы мәселесі осы қатарда ерекше
орын алады (Божович Л.И, Матюхина М.В, Эльконин Д.Б, Кравцова Е.Е) Тұлғаның
қалыптасуымен әлеуметтік ортаға бейімделуінің ауытқулары танымдық іс-
әрекеттің дамуындағы ауытқулармен байланысты болатындығын зерттеулерде
көрсетіледі. Мектепке келгенде аталмыш қиыншылықтар орын алса, олардың
себебін баланың психологиялық даярлығының төменділігімен байланыстырылады.
Х.Т Шерязданова бойынша, педагогикалық қараусыздық оқу үлгерімінің
төмендеуінің, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудің бұзылуының негізгі
себебі.
Педагогикалық қараусыздық – жанұядағы және мектептегі оқыту-
тәрбиелеу жұмыстарындағы кемшіліктердің нәтижесінде туатын қалып келесі
элементтерден тұрады: жалпы, әлеументтік –этикалық, қылықтық білімдердің
жеткіліксіздігі , оларды қолдана алмау; физикалық, психикалық , тұлғалық
дамуда артта қалу; іс-әрекетке , басқаларға, өзіне баланың қатынасының
бұзылуы.
В.Е Дружинин баланың психикалық денсаулығын бірнеше тұрғыдан
қарастырады. Сана- сезімнің қалыптасуы эмоционалды және ақыл ойдың
дамуымен қатар жүреді. Оның алғы шарты баланың ересек адаммен қарым-
қатынасы болып табылады. Нәтижесінде балада өзіндік мен механизмі,
өзіндік сана-сезімі дамиды. Анасымен эмоционалды қарым-қатынастың болмауы-
баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себебі. Психикалық,
әлуметтік қажеттіліктердің қанағаттану қауыпсіздік сезімін туғызады,
дамуды жеделдететі, гармониялы психикалық дамуын жүзеге асырады.
Психикалық денсаулық жан дүниенің толыққанды өмірлік іс-әрекетінің
мүмкіндігіне әкелетін қалпы, ол көтеріңкі көңіл күйден, өзін-өзі жақсы
сезінуден, белсенділіктен көрінеді. Психикалық денсаулық үшін эмоционалды
сфера ерекше ролді алады. Мектепке дейінгі және мектеп жасы кезеңінде
эмоциолардың тұрақтылығы мен күші өседі. Эмоциалардың мазмұны күрделенеді.
Бала төрт негізгі эмоционы (қуаныш, ашу, қорқыныш, қайғы) дұрыс қабылдап,
түсіне алады. Эмоцияларды дұрыс түсіне және тану басқа адамдарды дұрыс
қабылдаудың аспектісі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар үшін психикалық
дамуының бұзылғандығының көрсеткіші – бұл қылықтың ауытқуы. Ол зейіннің
жетіспеушілігінен, импульсивтіліктен, бөтен сигналдарға алаңдаушылықтан
көрінеді. Нәтижесінде тапсырманы орындауда, сабақта ойын кезінде сыртқы
бақылаудың және өзіндік бақылаудың қиыншылықтары туады. Қылықтың бұзылуы
мазасыздықтан, шыдамсыздықтан , әр-түрлі әсерлерге жылаумен жауап беруден
немесе қиыншылықтан қашып кетуге тырысудан көрінеді. Баланы жиі ренжітетін
болса, оның өзіндік бағасы төмендеп, өзін сәтсіз адам ретінде қабылдай
бастайды.
А.А Крылов бойынша психикалық денсаулықты бағалау критерилері
ретінде психикалық тепе-тендік, психиканың гормониясы, психиканың адаптивті
мүмкіндіктері аталады. Психикалық тепе- теңдік критерийі көмегімен адамның
психикалық сферасының функциясын танымдық, эмоционалды, еріктік жағынан
бағалауға болады. Жеке адам дамуындағы ауытқулар дисгармониядан ,
әлеуметтік ортамен тепе-теңдіктің бұзылуынан, ғана социумға әлеуметтік
бейімделу процестерінің бұзылуынан көрінеді. Психикалық тепе-тендік
критерийі басқа екі критериймен: психика қызметінің гармониясы және
бейімделу мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Психикалық тепе-тендік
деңгейіне адамның объективті жағдайлармен сәйкестілігі, боларға бейімделу
тәуелді. Сәйкестілік өзгермейтін тұрақты емес, өмірлік маңызды биалогиялық
және психологиялық процестерге байланысты дамиды.
Психикалық денсаулық өзін-өзі басқару мен де тығыз байланысты.
Психикалық өзін-өзі басқару дегеніміз психикалық процестеріне, қалыптарына,
қасиеттеріне орындалатын іс-әрекеттеріне, қылығына оларды сақтау немесе
өзгерту мақсатымен саналы әсер ету. Психикалық денсаулық сақтау тұрғысынан
өзіндік басқару идеясын дамыту ХХ ғ басында психологтар мен психияторлардың
көңілін аудара бастады. Мысалы: сау адамның науқастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық денсаулық туралы
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Пәндер