12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы ... ... ... ... ... ... . 5
2 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
3 Оқыту бағыттарын есепке ала отырып, бейіндік сыныптарда мектеп және оқушы компонентінің үлгілік мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
4 Пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .. 16
5 Қалалық және ауылдық мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
43
6 Бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ..
52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67
А қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69
Ә қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
84
Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа енгізілімдер сияқты, бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды нақтылауды керек етеді. Ең алдымен, «бейіндік оқыту» және «бейіндік мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.
Бейіндік оқыту – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау.
Бейіндік мектеп – осы мақсатқа жетудің институционалдық формасы. Бұл негізгі форма болғанымен, жекелеген жағдайларда бейіндік оқытудың басқа формалары перспективалы бола алады, оның ішінде білім стандарты мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жеке білім беру ұйымынан тысқары шығара алатын формалар да болады.
Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді.
Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:
- жалпы орта білім берудің жекелеген пәндерін тереңдете оқытуды қамтамасыз ету;
- оқушылардың индивидуалдық білім бағдарламаларын құрудың кең ауқымдағы және икемді мүмкіндіктерін анықтай отырып,жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;
- оқушылардың қабілеті мен индивидуалдық бейімділіктеріне, қажеттіліктеріне орай, түрлі категориядағы оқушылардың толыққанды білім алуға тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;
- оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықтың қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге тиімділікпен даярлау.
Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:
- оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу, нәтижесі – түлектердің болашақ мамандығын игеруге жоғары деңгейдегі психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;
- кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік оқыту бағдарламалары бойынша көрестілетін білімдік қызметке білім беру үдерісіне қатысушылардың сұранысы болуы;
- біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;
- қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;
- таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
- оқушылардың өзін-өзі тануы мен әлеуметтік бейімделуі үдерістерінің жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;
- бейіндік пәндердің оқытылу сапасын бақылайтын және әдістемелік қамтамасыз ететін әдістемелік кеңес болуы; бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен нәтижелерінің бағаланымы бойынша аналитикалық іс-әрекеттер жасау; таңдалған бағыттар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің оза жүру сипаты; бейіналды және бейіндік оқытудың бағыттарына сәйкес келетін кәсіби бағдар беру жұмысының мазмұны мен формаларын әзірлеу;
- ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.
1. Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 24 октября 2011 г.
2. Государственная Программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы от 7 декабря 2010 г. - № 1118.
3. Ермаков Д.С. Профильное обучение: проблемы и перспективы//Народное образование, 2004. - №7. - С.101-107.
4. Образовательный процесс в начальной, основной и старшей школе. Рекомендации по организации опытно-экспериментальной работы. – М.: Сентябрь, 2001. – 37 с.
5. Щербо И. Реализация профильного обучения в школе //Директор школы, 2005. - №4. – с.47-56.
6. Захарова Т.Б., Филатова Л.О. Дифференциация содержания обучения в старшей школе как условие эффективной преемственности общего и профессионального образования //Стандарты и мониторинг в образовании, 2003. - №5. – с.26-29.
7. Давыдов В.П. Теоретические и методологические основы моделирования процесса профессиональной подготовки специалиста / В.П. Давыдов, О.Х-А. Рахимов // Инновации в образовании. – 2002.- № 2. – с. 10-12.
8. Короткова М.В. Вопросы методологии и методики профильного исторического образования / Изучение истории на профильном уровне в современной школе: Сборник учебно-методич. Материалов/ Под ред. Е.Е. Вяземского. – М.: ООО «ТИД «Русское слово - РС», 2006. – с. 13-16.
9. Воронина Е.В.Профильное обучение. М., 2006.
10. Еременко, Н. И. Предпрофильная подготовка школьников 5-11 классов / Н. И. Еременко. - М.: Панорама, 2006. – с.33-36.
11. Ефремова, Н. В. Управление введением системы предпрофильного обучения девятиклассников [Текст] / Н. В. Немова. - М., 2003. – с.79-81.
12. Как построить профильную школу/под ред. Кричевского Р.Ю. СПб., 2006. - С.92-95.
13. Назарова Т.Н. Опыт профильного обучения в школе. Волгоград, 2008.
14. Предпрофильная подготовка [Текст]: начало эксперимента / под ред.
А. А.Пинского.-М., 2004. - С.129-134.
15. Савченко М.Ю., Обухова Л.А. Управление процессом самоопределения учащихся 9 классов: профильная ориентация. Культура личной работы. Воронеж, 2006. - С.187-190.
16. Самоопределение школьника в профильном обучении/под ред. Тряпицыной А.П. Спб, 2006. – С. 45-48.
17. Коркунова Е. Н. Профильное обучение в старшей школе // Вестник Герценовского университета. 2010. - №12. – С.41-43.
18. Егорова А. М. Профильное обучение и элективные курсы в средней школе [Текст] / А. М. Егорова // Теория и практика образования в современном мире: материалы междунар. науч. конф. (г. Санкт-Петербург, февраль 2012 г.). – СПб.: Реноме, 2012. - С. 173-179.
19. Баранников А.В. Элективные курсы в профильном образовании //Первое сентября, 2004. - №2. – С.1-2.
20. Гужавина Н.А. Положение о программе элективных курсов //Управление современной школой. Завуч, 2008. - №3. – С.53-56.
21. Гультяева Л.И. Разработка и проведение элективных курсов для предпрофильного и профильного обучения //Информатика,2007. - №3. – С.4-6.
22. Добрецова Н.В. Возможности дополнительного образования детей для реализации профильного образования: Учебно-методическое пособие для учителей /под ред. А.П. Тряпицыной. –СПб.: КАРО, 2005. – 160 с.
23. Ермаков Д., Петрова Г. Элективные учебные курсы для профильного обучения //Народное образование, 2004. - №2. – С.114-119.
24. Ермаков Д.С. Элективные курсы для профильного обучения //Педагогика, 2005. - №2. – С.36-41.
25. Ермаков Д.С., Петрова Г.Д. Создание элективных учебных курсов для профильного обучения//Школьные технологии, 2003. - №6. – С.23-29.
26. Ермаков Д.С., Рыбкина Т.И. Элективные курсы: требования к разработке и оценка результатов обучения //Профильная школа, 2004. - №3. – с.6-11.
27. Ершов Д.А. Элективные курсы профориентационной направленности для учащихся 10 – 11-х классов гуманитарного профиля обучения: учеб.-метод. пособие /Д.А. Ершов; под ред. Т.В. Черниковой. – М.: Глобус, 2007. – 153 с.
28. Захарова Т.Б., Филатова Л.О. Дифференциация содержания обучения в старшей школе как условие эффективной преемственности общего и профессионального образования //Стандарты и мониторинг в образовании, 2003. - №5. – С.26-29.
29. Каспржак А.Г. Элективные курсы – ответ на запросы ученика и учителя, семьи и государства //Директор школы, 2006. - №1. – С.3-9.
30. Каспржак А.Г. Элективные курсы: типология и задачи //Директор школы, 2006. - №3. – С.53-57.
31. Немова Н.В. Новый учебный план профильного обучения старшеклассников //Директор школы, 2005. - №1. – с.49-58.
32. Савицкая Н. Элективные курсы в профильном обучении //Народное образование, 2004. - №6. – С.275-277.
33. Сафонов Г. Элективные курсы в профильных классах //Народное образование, 2005. - №6. – С.213-219.
34. Цветкова М.С. Элективный учебный проект как новая форма профильного обучения школьников //Профильная школа, 2008. - №5. – С.31-37.
35. Черникова Т.В. Методические рекомендации по разработке и оформлению программ элективных курсов//Профильная школа, 2005. - №5. – С.11-16.
36. Штомпель Г.Г. Значение и социальная направленность элективных курсов в современной школе //Профильная школа, 2007. - №2. – С.47-51.
37. Щербо И. Реализация профильного обучения в школе //Директор школы, 2005. - №4. – С.47-56.
38. Артемова Л.К. Профильное обучение учащихся в системе общего среднего образования. – М.: - Новокузнецк, 2002. – С.11-13.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)

Әдістемелік құрал

Астана
2013
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға
ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент).
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2013. – 87 б.

Әдістемелік құралда үлгілік оқу жоспарында бейіндік пәндер бойынша оқу
жүктемесінің ерекшеліктері, пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны,
мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жолдары және бейіндік
сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын
талаптар қарастырылады.
Құралда бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан алдын
ала сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның
еңбек нарығының сұранысы тірек ретінде алынады. Мектептің (мамандар,
материалдық-техникалық қоры) мүмкіндігі де маңыздылығы жағынан жоғары
көрсеткіш болып саналады.
Әдістемелік құрал мұғалім-экспериментаторларға, білім беру ұйымдарының
басшыларына, 12-жылдық білім беруге көшу бойынша экспериментке жетекшілік
ететін облыстық (қалалық) педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және
қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне арналады.

©
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
Кіріспе

Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам
болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа енгізілімдер сияқты,
бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды нақтылауды керек етеді. Ең
алдымен, бейіндік оқыту және бейіндік мектеп ұғымдарын ажырату қажет.
Бейіндік оқыту – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру
үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе
отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін
ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және
таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау.
Бейіндік мектеп – осы мақсатқа жетудің институционалдық формасы. Бұл
негізгі форма болғанымен, жекелеген жағдайларда бейіндік оқытудың басқа
формалары перспективалы бола алады, оның ішінде білім стандарты мен
бағдарламаларды жүзеге асыруда жеке білім беру ұйымынан тысқары шығара
алатын формалар да болады.
Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін
жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу
траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді.
Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:
- жалпы орта білім берудің жекелеген пәндерін тереңдете оқытуды
қамтамасыз ету;
- оқушылардың индивидуалдық білім бағдарламаларын құрудың кең
ауқымдағы және икемді мүмкіндіктерін анықтай отырып,жоғары сынып
оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;
- оқушылардың қабілеті мен индивидуалдық бейімділіктеріне,
қажеттіліктеріне орай, түрлі категориядағы оқушылардың толыққанды
білім алуға тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;
- оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби
білім беру арасындағы сабақтастықтың қамтамасыз ету, мектеп
түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге
тиімділікпен даярлау.
Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:
- оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және
бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу,
нәтижесі – түлектердің болашақ мамандығын игеруге жоғары деңгейдегі
психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;
- кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік оқыту бағдарламалары
бойынша көрестілетін білімдік қызметке білім беру үдерісіне
қатысушылардың сұранысы болуы;
- біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;
- қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;
- таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
- оқушылардың өзін-өзі тануы мен әлеуметтік бейімделуі үдерістерінің
жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;
- бейіндік пәндердің оқытылу сапасын бақылайтын және әдістемелік
қамтамасыз ететін әдістемелік кеңес болуы; бейіналды және бейіндік
оқытуды ұйымдастыру мен нәтижелерінің бағаланымы бойынша
аналитикалық іс-әрекеттер жасау; таңдалған бағыттар бойынша
зерттеулер мен әзірлемелердің оза жүру сипаты; бейіналды және
бейіндік оқытудың бағыттарына сәйкес келетін кәсіби бағдар беру
жұмысының мазмұны мен формаларын әзірлеу;
- ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.
Жалпы білімнің жоғары сатысын жаңалаудың басты идеясы - мұндағы білім
беру барысының неғұрлым индивидуалдануы, функционалдануы мен тиімді болуы.
Көпжылғы тәжірибе көрсеткендей, жасөсіпірім шақтың 15 жас шамасынан
бастап білім беру жүйесінде оқушылардың өз қызығушылықтарының,
қабілеттерінің және мектептен кейінгі өмірлік жоспарларының жүзеге
асырылуына жағдайлар жасалынуы керек.
Әлеуметтік зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70% шамасы)
негізгі пәндердің басты қағидаларын білу, ал терең оқуға тек мамандануға
байланысты пәндер ғана таңдалуына мүдделі екендігін көрсетеді. Басқаша
айтқанда, жоғары сынып оқушыларында оқытуды бейіндендіру жоғары сынып
оқушыларының көпшілігінің білімдік және өмірлік ұстанымдарына сәйкес
келеді. 15-16 жасқа таман көптеген оқушыларда болашақ кәсіби қызметіне
бағдар қалыптаса бастайды.
Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу мен сынақтардан
өтуі бойынша мектепте қосымша мамандандырылған даярлықтың қажеттілігі
туралы тұрақты пікір қалыптасқан.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы жоғары сынып оқушыларының дәстүрлі
бейіндік емес даярлығы мектеп пен ЖОО арасындағы сабақтастықтығы бұзылуына
алып келді, ЖОО-ларда көптеген даярлық бөлімдерін, репетиторлық, ақылы
курстар т.б. ашуға жетеледі. Жалпы орта білім беретін мектептің міндеті –
жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар алуына жағдайлар жасау.
Әлемдік ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты, білім беру саласын
да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім мазмұнында
қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті қалыптасатындай күш
болуы керек.
Ол үшін білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгеруі керек, атап
айтқанда, оқушылар тек білім, білік, дағдыны меңгеріп қоюы ғана көзделмей,
есесіне, адамдық болмысының қалыптасуына, әрқайсысының қайталанбас өзіндік
тұлғасы қалыптасуына ден қою керек. Бейіндік оқытудың түпкі көздейтін
мақсаты осындай болуы керек.
1 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы

Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы
қабылданып, 2011 жылы өзгертулер енгізілген ҚР Білім туралы Заңы табылады
[1].
Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:
- Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы №345 Заңы;
- Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-2050
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;
- Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық
қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы
30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін
мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың
жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған Бейіндік мектеп
бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген. Бейіндік мектепке қабылдау
ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп
күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан жатақханалар
ашылып, олардың жартысынан көбі – ауылдық жерлерде болады деп күтілуде.
Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге
асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО анықталған (11-12 сынып) [2].
Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескергенде, Қазақстанның
білім беру жүйесі 2015 жылдан бастап БХСЖ сатыларына сәйкестендіріледі.
Арнайы техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім жіктелісі қайта
қарастырылатын болады. Жекелеген орта кәсіби білім бағдарламалары үшіншілік
білім беруге (қолданбалы бакалавриатқа) жатқызылатын болады, сөйтіп
колледждердің мәртебесі жоғарылайды.
Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін толық жалпы орта
білімді аяқтау міндетті болып табылады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік
мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:
- бастауыш мектепте – оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау
мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;
- негізгі мектепте (10 сыныптан соң) оқытудың әрі қарайғы
траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;
- бейіндік мектепте – алынған білім мен білік деңгейлерін бағалау
мақсатымен жүргізіледі.
2015 жылға қарай білім алушылардың құзыреттілігі қалыптасу деңгейін
анықтауға арналған, жазба тапсырмалар қосылған тестілік тапсырмалардың қоры
қалыптасады.
Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін
компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Жоғары білім алуға үміткерлер
тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы қосымша бейіндік емтихандар тапсырады
[2].

2 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің
ерекшеліктері

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

Бейінді оқыту – білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұнында және
ұйымдастырылуындаға өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары,
бейімдіктері және қабілеттері толық есепке алынғанда, оқуды жалғастыруға
байланысты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары мен
ниеттеріне сәйкес білім алулары үшін жағдай жасалған кездегі білімді
дифференциациялау және даралау құралы. Бұл ретте оқушының жеке білім
траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.
Бейіндік мектеп осы мақсатты іске асырудың институциналды түрі, әрине
бірегей емес негізгі түрі болып табылады. Жекелеген жағдайда, бейінді
оқытудың басқа түрлері де перспективті болуы мүмкін, мысалы,жеке бір мектеп
қабырғасында,ы сәйкес білім бағдарламаларын іске асыратын түрлер.
Экспериментке қатыастын жалпы білім беретін мектептер сынақ алаңы ретінде
ғана емес, бейінді оқытудағы жаңа құрылымды ашудағы серіктес ретінде
танылады.
Профиль базистік оқу жоспарымен (ТОЖ) бекітілетін оқу уақытының
минимальды көлемі, санитарлық жүктеменің максималды лимиті сияқты оқу
жүктемесінің нормасына қатысты жалпы шекті талаптарға жауап беретін
негізгі, бейіндік және элективті курстардың бірігуі болып табылады. Демек,
негізгі, бейіндік және элективті курстарды біріктіру арқылы оқушыларға
әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға
мүмкіндік беретін толық орта білімді алып шығудың жеке бағдарламасын немесе
жеке бағытын құруға мүмкіндік [3].
Бейінді оқыту – бұл оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және
қабілеттері есепке алынатын, оқушылардың кәсіптік таңдауларына сәйкес
олардың дамуына жағдай жасалатын, оқу қызметін ұйымдастыру түрі, оқуды
дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.
Бейінді оқытудың әдістемелік тәсілдері, стратегиясы, мақсаты мен
міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.
Жалпы орта білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы мен әлеуметтік
бейімделуін қамтамасыз етуге, оларды қоғамдық және азамттық өзін-өзі
анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл
функциялар өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тани алатын, өзінің
әлеуетті мүмкіндіктері, таңдаған өмірлік жолын іске асыру ресурстары мен
тәсілдерін анық тани білетін, әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді
тұлғаны қалыптастыруға мақсаттардың бағытталғанын көрсетеді. Аталған
мақсаттарды тиімді іске асыру оқытуды даралар және оқушыларды
әлеуметтендіруге бағдарланған, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары
кәсіптік білім ұйымдарымен мектептердің жоағыр сатылары профилі мен
кооперациясының икемді жүйесін жасау сияқты еңбек нарығының шынайы
қажеттілігі есебімен, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарда
мамандандырылған дайындау жүйесі болып табылатын, бейінді оқытуды
енгізген кезде ғана мүмкін. Оқушылардың бейінді оқытуы ұйымдастыруын құру
және эксперименттік тексеру білім беруді жаңалау стратегиясына негізделеді
(білімді оның тұлғалық дамушы бағытталуын даралау және дифференциациялау,
қызметтік және құзыреттік тәсілдерді іске асыру, коммуникативтік дамыту,
аймақтың еңбек нарығы қажеттілігі мен геоэкономикалық кеңістігін есепке
алу) [4].
Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі болып
табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі болып
табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан метептегі
бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз
жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және
элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар
оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді. Бұған
қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы негізінде ғана
емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін,
аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта дәстүрі мен
ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі таяу даму
аймағын құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен
дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы Л.С.Высотскийдің
гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың
дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы
оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін
ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар болатын
теориялық білім болып табылады.  Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили,
В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды [5].
Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі
дамыту феноменінің әдістемелік негізін әр оқушының даралығы, өзіндік
ерекшелігі, өзін-өзі бағалауын мойындау негізіне кіретін, білім берудегі
жаңа тәсіл – антропоэкологиялық тәсілді (А.А. Макареня, С.В. Кривых, И.В.
Иванов, Е.В. Бускина, А.Н. Макарчук) ашады. Адамзат табиғатының терең
біліміне (онтогенез дағдарысы, жас физиологиясы мен психологиясы,
идентификация заңдары, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі
дамыту) негізделген тәсіл - білім берудің гуманистік тұжырымдамасы
талаптары: толеранттық, педагогикалық қолдау, атсалысу және т.б. талаптарды
есепке алатын, субъект-субъекттік қатынас. Баланың барлық даму сатысын:
дене, эмоционалдық, зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және т.б.
оның қалауы, қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау
кезіндегі оның жеке даму қарқынын дамытуды қамтамасыз ететін когнитивті,
перцевтивті, креативті қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алатын тәсіл.
Білім беру міндеттерін шешудің антропоэкологиялық тәсілі адамзаттың жоғары
құндылығынан және адамдар мен олардың қаоғамдастығын (іскер қоғам)
ұйымдастыру тәсілі ретінде өркениеттің тиімділік өлшемінен туындайды [6].
Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады.
Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт құрамында екі бейін болады: физика-
математикалық және химия-биологиялық.
Физика-математикалық бейінге Математика (ілгері деңгей), Физика
(ілгері деңгей), Информатика және АКТ, English for specific purposes,
Графика және жобалау пәндері кіргізіледі.
Физика-математикалық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі
керек:
- математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді
практикада қолдануға бағыт алу;
- математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді
болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;
- білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын
білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;
- түрлі сипаттағы қолданбалы физика-математикалық модельдерді
құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;
- басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен
негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың
нәтижелерін талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға
болуға даярлану.
Химия-биологиялық бейінге Химия (ілгері деңгей), Биология (ілгері
деңгей), Рекреациялық география, Englishforspecificpurposes,
Информатика және АКТ пәндері кіргізіледі.
Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі
керек:
- жаратылыстану циклы пәндерін пәнаралық байланысты ескере отырып
тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;
- білім алушылардың қазіргі кезеңдегі жаратылыстану білімі
тұжырымдамасын меңгеруі;
- химия, биология, географиядан білім мазмұнының жоғары білім
деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес
оқуды жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;
- қазіргі кезеңдегі жаратылыстану таным әдістері мен оларды оқу іс-
әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен
негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың
нәтижелерін талдау және негіздеу;
- күрделілігі жоғары теориялық және қолданбалы сыпаттағы есептерді
шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;
- жаратылыстану нысандары мен үдерістерді танып-білу мен модельдеуді
жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға
болуға даярлану.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық, әлеуметтік-
экономикалық, тарихи-құқықтық.
Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған
Қазақ тілі (ілгері деңгей), Қазақ әдебиеті (ілгері деңгей), орыс тілді
мектептерге арналған Орыс тілі (ілгері деңгей), Орыс әдебиеті (ілгері
деңгей), Әлем әдебиеті, Екінші шет тілі, Информатика және АКТ.
Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық-
экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында
қызмет ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін
білуі т.б.;
- қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету
ерекшеліктерін меңгеру;
- қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша
сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;
- танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және
жіктеме жасаудың критерийлерін өз бетімен сұрыптай алатын білік-
дағдыларды меңгерту;
- білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге
баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
- сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі,
психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын
меңгеру;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен
негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың
нәтижелерін талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға
болуға даярлану.
Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: Қазіргі әлемдегі
Қазақстан, Қазақстан заңнамасы,English for specific purposes,
Информатика және АКТ, Этика және қарым-қатынас психологиясы.
Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға
тәрбиелеу;
- оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;
- қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін
дамыту;
- оқушыларда қоғамдық-тарихи ақпаратарды талдау, мәнін түсіну және
түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;
- қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың
тіліне, тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін
тәрбиелеу;
- басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен
негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың
нәтижелерін талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға
болуға даярлану.
Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: Экономики және
кәсіпкерлік негіздері, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, English for specific
purposes, Информатика және АКТ, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі
геоэкономикасы.
Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі
тиіс:
- қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді
азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;
- әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму
заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;
- кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік
салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;
- Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және
әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім
қалыптастыру;
- адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары,
мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;
- оқушыларда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды
талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;
- өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен
негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың
нәтижелерін талдау және негіздеу;
- білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде
жалғастыруға дайындалу, өзіндік кәсіби келбеті қалыптасқан тұлға
болуға даярлану.
3 Оқыту бағыттарын есепке ала отырып, бейіндік сыныптарда мектеп және
оқушы компонентінің үлгілік мазмұны

Оқушылар жүктемесінің жоғарғы шегі Мемлекеттік жалпыға білім беру
стандартында көрсетілген оқу жоспары негізінде анықталады.
Бейіндік оқытудың ерекшеліктері оны жүзеге асырудың сан алуан түрлі
формаларынан туындайды. Түрлі деңгейдегі мектептерді осылай ұйымдастыру
арқылы тек таңдалған бейін мазмұны жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен
оқушылардың әрқайсысы үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бірге басқа
бейіндік пәндердің де мазмұнын меңгеру мүмкіндігі беріледі. Ол мүмкіндік
білім беру үдерісін ұйымдастырудың сан алуан формалары (қашықтан оқу
курсы, экстернат) арқылы да және түрлі білімдік ұйымдардың (жалпы білім
беру, қосымша білім беру, бастауыш, орта кәсіби білім беру т.б.) қауымдасуы
(білімдік ресурстардың бірлестігі) арқылы да іске асырылады. Бұл жағдай бір
жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына білімдік тұрғыдан
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын толық жүзеге асыруға тірек болатын
екінші білім беру ұйымдарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік туғызады
[7].
Жоғары сатыдағы бейіндік оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру
стандартымен байланысы маңызды болып табылады. Егер білім беруді
жаңашаландыру бағытында ұлттық тестілеуді енгізуді қарастыратын болса, егер
мәселе білім сапасын тексерудің жалпыұлттық жүйесі туралы болса, онда
мұндай жүйенің шынайылығы мен жүзеге асырылуы тек соған лайықты білім беру
стандарттарының ендірілуімен және тек базалық жалпы білім беру ғана емес,
сонымен бірге бейіндік жалпы білім беру пәндері үшін де қамтамасыз
етілуімен мүмкін болады.
Осымен де байланысты, жоғары сатыдағы мектепте бейіндік оқыту ұлттық
тестілеумен тікелей байланысты болуы тиіс. Негізгі сатыдағы оқушының
өзіндік жолын айқындай алуына ықпал ететін білім беру кеңістігін
қалыптастырудың қажетті шарты болып таңдау курстары негізінде бейіндік
даярлауды енгізу алынады.
Осы мақсатта:
- Типтік оқу жоспарында жалпы орта білім берудің негізгі сатысындағы
түлек сыныпта вариативтік (мектеп) компонентінің сағатын көбейту;
- міндетті пәндерді оқытуда сыныпты керекті топ санына бөлу;
- білім беру ұйымдарына вариативтік компонент сағаттарын, ең алдымен,
бейіналды даярлықтарына пайдалану көзделінеді.
Бейіналды даярлық мектептің психология-педагогикалық, ақпараттық және
ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде енгізіліп, оқушылардың болашақ
бейіндік оқыту бағытын саналылықпен таңдауға дайындауды іске асырады.
Бейіналды дайындауды жоспарлауда негізгі мектеп оқушыларының жоғары
бейіндік мектептегі білім кеңістігіндегі өзінің индивидуалдық маршрутын
таңдаудың күрделілігі мен өзіндік ерекше болатынын ескеру керек [8].
Көп жылдық педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, өзін-өзі анықтау
жағдаяттарына даярлық 11 сынып оқушыларында жеткіліксіздік танытады.
Түлектердің үштен екісі (23) өз оқуларын жалғастыруда кездейсоқ
факторларды себеп қылатынын көрсетеді.
Бұл мәселе бейіналды даярлық аясында кәсіби бағдар беруге ерекше назар
аудару қажеттілігін дәлелдей түеді. Бұл ретте оқушыларға оқуды
жалғастырудың түрлі нұсқаларын жобалауы және жасөспірімнің әлеуметтік,
кәсіби, мәдени тұрғыдан даярлығын жоғарылатуы барысында психология-
педагогикалық сүйеу болуға бағытталған арнайы қызмет ұйымдастырылуы керек.
Таңдау курстарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Таңдау курстарының басты
функциясы – кәсіби бағдар беру. Осымен де байланысты, мұндай курстардың
саны мол болғаны дұрыс. Ол курстар қысқа мерзімді және өзара алмасып
отыратындай және оқу модульдері ретінде ұйымдастырылуы керек. Таңдау
курстарын біртіндеп енгізу керек. Курстардың сан алуан түрлерін бірден
енгізу арқылы оқушының (оның отбасының) алдына күрделі міндеттер туындатып
жіберу қаупі бар. Таңдау курстары,оқушыларғаөз мүмкіндіктерін айқын танып,
бағалауға және оқу бейіндерін таңдауда дұрыс бағдар беруге көмектесуі тиіс.
Осыған байланысты оқушылардың шешім қабылдау тетіктерін меңгеретін мақсатты
түрдегі, оза ұйымдастыру жұмыстары өзінің мүмкіндіктері мен
жауапкершіліктерін тани алатындай ретте ұйымдастырылуы керек [8].
Негізгі мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы және жоғары бейнідік
мектепке түсуді ұйымдастыру.
Маңызды жаңа қадам ретінде атап өтілетін нәрсе –бейіндік мектептер мен
сыныптарға қабылдауғa байланысты сұрақтардың реттелуі мен олардың неғұрлым
шынайы, әділетті негізге түсірілуі. Бұл мәселе негізгі саты түлектерінің
қорытынды аттестациясының формаларын өзгертуді, сөйтіп 10 сынып
оқушыларының бітіру емтихандарын неғұрлым шынайы, сыртқы, жөн-жосықтарына
өтудіталап етеді.
Негізгі мектеп түлектерінің білімдік рейтингісін құру идеясы жоғарыда
айтылғандармен байланысты.
Шамалауымыз бойынша, рейтингінің негізгі құраушылары ретінде:
а) қорытынды аттестациялаудың нәтижелері (10 сыныптан соңғы сыртқы
емтихандар);
ә) портфолио яғни оқушының сабақтан тыс кезде қолы жеткен жеке оқу
жетістіктерінің жиынтығы (жеке оқу жетістіктері портфелі).
9-10 сынып оқушылары үшін мамандық таңдау оңай шаруа емес. Олардың көбі
өз өмірлерінде алғаш рет жауапкершілікті қадам басу туралы ойланады.
Бұл тұста бейінді дұрыс таңдаудың өзі жоғары сынып оқушысының болашақ
өмірімен тікелей байланысты болатынын ұмытпаған жөн.
Мотивтер және бейін мен болашақ мамандықты таңдауды зерттеу барысы
көрсеткеніндей, жоғары сыныптарда бейін мен болашақ мамандықты таңдауда
басым мотивтер ретінде әлеуметтік жайлы мотив алынатыны анықталған. Бұл
ретте әлеуметтік жайлы мотивті оқушылардың жартысынан астамы маңызды мотив
ретінде таңдаған. Бұл көрсеткіш бойынша, ішкі тетіктер, ішкі қозғаушы
күштер (ішкі мотивация) зерттеу кезінде әлсіз қалыптасқан деуге болады.
Бейінді таңдауда оқушының өзінің жеке басы ерекшеліктерінен,
қызығушылықтары мен қабілетінен гөрі достары мен ата-аналарының пікірлері
үлкен ықпал етеді. Бұл ретте оқушылардың өз қызығушылығын, қабілеті мен
тұлғалық бағдарын анықтау қажеттілігі зор болып келеді [9].
Ғалымдар атап көрсеткеніндей, мамандықты таңдау, барлық басқа таңдауды
дұрыс жасауды талап ететін жағдаяттар сияқты, жеке тұлға құрылымындағы
күрделі түзілім болып табылады. Кәсіби бағдарын анықтауда қозғаушы күш
болып табылатын факторлар ретіндегі компоненттер өзара бір-біріне ықпал
етені тығыз байланыста тұрады. Шешім қабылдау және таңдау жасау - қай
адамнан да белгілі бір деңгейдегі пісіп-жетілген ақыл-ой болмысын қажет
етеді (Е.А.Климов).
Психологияда адамның кәсіби тұға ретінде пісіп-жетілгенін танытатын
мынадай параметрлер анықталған:
- автономдық;
- мамандық әлемі туралы ақпараты болуы және ол ақпаратты өзінің болмыс
ерекшеліктерімен сәйкестендіре салыстыра білуі;
- шешім қабылдай алу білігі болуы;
- өзінің кәсіби өмірін жоспарлай алатын білігі болуы;
- шешім қабылдау бойынша туындаған жағдаятты сезімталдықпен тани білуі.
Жеке тұлғаның дербестігі өзін қоршаған адамдардан даралай алатын
қасиетімен өлшенеді, өзінің мақсатын ата-ананың және басқа да өзінің сыйлас
адамдарының көрсеткен мақсатынан бөлек анықтай алатын қабілетінен танылады,
өзінің жеке тұлғасының тұтастығын тану және сақтауға ұмтылуынан, өзінің
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылысынан, мансаптық шешімдер қабылдау
барысындағы шынайылықты анықтай алу деңгейінентанылады.
Дербестікті қалыптастыру есею үдерісін танытады. Егер есею үдерісінде
жеке тұлғаның бейімделу ресурстары болмаса, үлкен қиындықтарға ұшырайды.
Бұл ретте сөз бейіндік оқытудың оқушының алдын ала даярлығынсыз басталғанда
және сыныптарды қайта құру, басқа мектепке ауысу жасөспірімді әлеуметтік
жағдаят пен тұлғааралық өзара қарым-қатынастардың жаңа жүйесіне
бағдарлайды. Көбінесе жасөспірім басқа бейінді таңдап алған өз достарымен
тұрақты қарым-қатынасынан айрылып қалып жатады-дағы, бейімделу
мүмкіндіктерін төмендетіп алады [10].
Сөйтіп, психолог маманның өзіндік сананы дамытуға, мақсаттылықты
айқындай алуға, шешемі қабылдауға байланысты жүргізетін жұмысы 7-9
сыныптарда ұйымдастырылуы орынды екенігі айқындала түседі.
Мамандықты таңдау үшін адам сол мамандық турлы мол ақпаратқа ие болуы
керек; мамандық әлемін тани білуі керек, еңбектің пәні мен мақсатын,
мамандықтың адамға қоятын негізгі талаптарын түсінуі керек, таңдалған
мамандықты қай жерде игеруге болатындығын, осы мамандық бойынша кәсіби өсу
бағытын тани білуі керек.
Мамандық таңдауға кең ақпараттық даярлықпен келу арқылы адам өз
санасында көптеген өзіндік ақпараттық қорды қалыптастырады. Ол ақпараттық
қорда:
- мектептен соң өзі қалаған мамандық бойынша білім алу тәсілдері
туралы;
- сол білімді алуға жіберетін күш-қуат туралы;
- жеке басында таңдаған білімді меңгеруге керекті практикалық даярлық
пен қабілеттер туралы;
- білімінің арқасында игеретін мамандықтар туралы;
- меңгеруі мүмкін мамандықтардың мазмұны мен шарттары туралы;
- оқуды аяқтаған соң кездесетін жағдайлар туралы (яғни осы мамандыққа
нарықтың сұранысы, еңбекақы өтемі, жеке басының және мансаптық өсу
жолдары т.б.);
- таңдаған білімі арқылы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын
жүзеге асыру үмкндіктері және кәсіби қызметі туралы.
Осындай мазмұндағы ақпараттарды оқушыларға меңгерту әлеуметтік
педаогтің, сынып жетекшісінің, тәрбеи жұмысын ұйымдастырушылардың қязмет
аясына кіреді. Солай десек те, ата-аналармен жүрізілетін ақапарттық
жұмыстың бір бөлігін психолог өзіне алуы жөн. Атап айтқанда, оқушылардың
жас ерекшелігі, жеке тұлғаның таңдау мәселелері, ата-аналардың емтихан,
бәйге іріктеулері, қиындықты басынан өткеру деген түрлі сынақтардыөз
балаларымен бірге бөлісуі сияқты мәселелерді түсіндіру жұмыстары психолог
жүргізгені дұрыс.
Ер жетіп есею, сонымен бірге адамның таңдау барысында практикалық және
мотивациялық дайындығы болуын керек етеді.
Практикалық дайындықтың құрамында мыналар болады:
- мектеп түлектерінің өз білімін әрі қарай жалғастыруды таңдау
біліктеріне ие болуы;
- оқушыларда мектептен соң өзі таңдаған бағыт бойынша білім алуға
керекті практикалық білім мен білік болуы.
Таңдау жасау білігі оқушыда бірнеше басқа біліктердің болуын талап
етеді:
- өзінің қажеттіліктері мен мүмкінктеріне орайы келетін білім алудың
баламаларын айрықшалау;
- олардың артықшылықтары мен жетіспестіктерін бағалау;
- қолда бар нұсқалардың ең жақсысын таңдау.
Мотивциялық-құндылық немесе психологиялық дайындықтың құрамында мыналар
болады:
- түлектің алғысы келетін біліміне сәйкес келетін өз қабілеттері мен
мүмкіндіктерінөзіндік бағалауы;
- құндылық бағдардың болуы және индивидуалдық айқын мақсаттар болуы,
олардың білім алудың әрі қарайғы тәсілдері мен болашақ мамандықпен
байланысты болуы.
Саналы таңдау романтикалық немесе кездейсоқ таңдаулардан өзіндік ерекше
болады, өйткені онда оқушы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын
саналылықпен түйсініп, оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктерін
анықтықпен бағалайды, ал жасаған таңдауы оның ішкі құндылық бағдарларын
ерекшеленбейді, сөйтіп өзінің жеке ниетін іске асыруға тірек болады [11].
Орта буын оқушыларының (6-8 сыныптар) мақсатты тұжырымдар жасай алуы
үшін, саналылықпен таңдап, мамандықтар әлемімен белсенді әрі жүйелі танысуы
үшін белгілі бір мамандықтың қыр-сырын тану үшін психологиядан арнайы сынып
сағаттарын, сабақтар, факультативтер өткізіп, бүгінде басылымдарда
жарияланып жатқан ойындардың, тренингтердің бай қорын пайдалану керек.

4 Пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны

Орта мектептің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуды енгізу -мектеп
білімін жаңашаландырудың маңызды бір бағыты ретінде танылады. Қоғамда
қалыптасқан пікір бойынша. Жоғарғы сыныптардадағы білім мазмұнын
бейіндендіру қазіргі кезде мектепті дамытудың айшықты, көрнекі қадамдарының
бірі ғана емес, сонымен қатар оны жаңашалаудағы оң бағаланатын іс-
шаралардың бірі ретінде де танылады.
Мектептің жоғарғы сатысында, бір жағынан, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын және жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін
жалпы орта білім алуы аяқталады, екінші жағынан, жастардың әлеуметтік және
азаматтық еректенуіжүріп жатады. Мектептің жоғары сатысының осы функциялары
білім мазмұны бағытының онда әлеуметтік сауатты және жинақы әлеуметтік
тұлғаның қалыптасуына мұрындық болады. Ондай тұлға өзінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін, өзінің әлеуетін, ресурстарын және таңдалған
өмірлік жолының жүзеге асырылуын көз алдына айқын елестете алады [12].
Жоғарғы сыныптарда жаңа мақсаттар мен білімдік нәтижелерге бағдар алу –
қоғамның әрбір адамның әлеуметтік мәртебесіне қоятын талаптарына беретін
жауабы болып табылады. Осы талаптардың ішіндегі неғұрым маңыздысы –дербес
болу, таңдаудың табысты болуы мен өмірлік жоспарлардың жүзеге асырылуында
өзіне жауапкершілікті ала білуі, азаматтық орны болуы, еңбек нарығының
өзгерістеріне қарай қызметтің жаңа амал-тәсілдерін, жаңа мамандықтардыигеру
т.б.
Көрсетілген мақсаттардың тиімділікпен жүзеге асырылуы, осындай
нәтижелерге қол жеткізу қазіргі мектеп жағдайында мүмкін емес. Сондықтан
да мектептің жоғарғы сатысында оқушылардың бейіндік білім алуы
қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында
мамандандырылған дайындық (бейіндік оқыту) жүйесін жасау, білім беруді
дараландыру мен білім алушыларды әлеуметтендіру, соның ішінде еңбек
нарығының сұранысын ескеру..., бейіндердің икемді жүйесін өтеп шығу және
мектептің жоғарғы сатысының бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім
мекемелерімен қауымдасуы міндеті қойылған.
Бейіндік оқыту – саралай оқыту мен даралай оқытудың құралы, ілім беру
үдерісінің құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастыруындағы өзгерістер
есебінен оқушылардың қызығушылықтары, икемділіктері мен қабілеттері
неғұрлым толыққанды қамтылып, жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби
қызығушылықтары мен білім алуды жалғастыру ниеттеріне сәйкес білім алуына
керекті жағдайлар жасалады.
Бейіндік оқыту - жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту үдерісін
жүзеге асыруға бағытталған. Бұл ретте оқушының меншікті, индивидуалды
білім алуының жылжу жолы мәнді түрде кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшу,
өстіп, бірнеше басты мақсатқа жетуді көздейді:
- толық жалпы білімнің жекелеген пән бағдарламаларын тереңдете оқытуды
қамтамасыз ету;
- оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын құруға кең және икемді
мүмкіндіктер бере отырып, жоғарғы сынып оқушыларының оқыту мазмұнын
біршама саралауға жағдайлар жасау;
- жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне орайластырып, оқушылардың
түрлі категорияларының толыққанды білім алуына тең жағдай орнату,
оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту;
- жалпы және кәсіби білім берудің арасында сабақтастық орнату, оның
ішінде мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламасын игеруге
тиімді дайындау да қамтылады.
Бейінді оқытуды енгізу, көп ретте, мектептің типтік оқу жоспарын (ТОЖ)
қалыптастырудың дәстүрлі жолдарына өзгерістер енгізеді. Бұл құжаттың мектеп
өмірінде, оқыту мазмұнында, оқу үдерісін ұйымдастыруда маңыздылығы зор, оны
құрастыру ұстанымдарын өзгерту арнайы талқылап қарастыруды қажет
етеді.Білім мазмұнының теориясы (соның ішінде жалпы білім беру) соңғы кезге
дейін бөлшектенген, үзінділерден тұратын, педагогиканың басқа тарауларына
кірігіп кеткендей болатын Бұлай толығымен мектептің оқу жоспарын құрудың
басқа да мәселелеріне қатысты айтға болады. Егер педагогиканың осы саласын
сипаттайтын болсақ, күні кешеге дейін қолданыста болған білім мазмұны
тұжырымдамасы қандай болсын білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына қандай
пәнді кіргізуге болатыны туралы толыққанды жауап бере алмады. Сондықтан
олар тәжірибеде тиімділікпен қызмет ете алмады, түсіндіре алатын және
болжай алатын қажетті күш қуаты болмады [13].
Қазіргі кезеңде дидактика жалпы білім берудің инвариантты негізін және
сол негізді құрайтын оқу пәндерінің тізімін анықтауға мүмкіндік беретін
тұжырымдамалық негізге ие.
Мектептің жоғарғы сатысында бейіндік оқытудың осындай типтік оқу
жоспарын жүзеге асыру үшін маңызды болып табылатын екі қағиданы атап өту
керек.
Біріншіден, ТОЖ жобасының негізіне жалпы орта білім беру стандартының
жобалары енгізілген. Бұл мәселе, көп жағдайда, ТОЖ-ның жалпы мазмұнын және
базалық және бейіндік деңгейлердегі жекелеген пәндерді оқуға бөлінетін
уақытты анықтауға негіз болды.
Екіншіден, ТОЖ-ның қарастырылып отырған жобасы мен мектепте қолданылып
жүрген оқу жоспарының сабақтастықтығы сақталынып, мектеп біліміне қойылатын
жаңа талаптарды енгізеді. Бұл ретте мектеп білім мазмұнының құрылымы мен
мазмұнын эволюциялық жолмен өзгерту ұстанымы басшылыққа алынып, оған
педагогикалық тұрғыдан негізделген және тәжірибеде өзін ақтаған
инновациялар енгізілді.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру жоғары сатыдағы білім мазмұны инварианттық
компонентінің үлесін азайтуды талап етеді. Олай етілмеген жағдайда оқушының
иығына түсірілген керек емес жүк болып табылады және оның тиімді болып,
қойылған міндеттергеқол жеткізетіні неғайбіл болып қалады.
Өйткені бейіндік оқыту оқушының жүктемесін азайтып, білім мазмұнын
оқушылардың қызығушылығына, ұмтылыстары мен қабілеттеріне жауап беретін
вариативті қылу үшін енгізіліп отыр. Бірақ оған қол жеткізу үшін жай ғана
бар білім мазмұнына бейін бағдарлы оқу материалын қоса салу жеткіліксіз
[14].
Сөйтіп, бейіндік оқытудың жүзеге асырылуы тек базалық жалпы орта білім
беретін бейіндік емес пәндердің білім мазмұнынжеңілдету және сағат көлемін
азайту негізінде ғана мүмкін болады. Бұл жерде басқа шешім жоқ, өйткені
олай болмаған жағдайда жоғары сынып оқушыларының апталық жүктемесі 42-44
сағатқа дейін өсіп кетеді.
Айтылғандар бос сөз болып қалмауы үшін және бұл шешім таңылғандай
болмауы үшін, оқу жоспарындағы инвариантты, міндетті және вариативтік
компоненттердің сәйкестіктерін өзгертудің мүмкін нұсқаларын талдап көрейік.

Неғұрлым батылдау болып келетін алғашқы нұсқа бойынша - жоғары сыныптан
базалық пәндерді алып тастап, тек әр бейіннің өзне тән бейіндік және
элективтік курстардың белгілі бір жиынтығын қалдыру. Бұл тұрғыдан келетін
болсақ, жалпы орта білім беру міндетті болып табылмайды, және осы бағытты
жақтаушылардың пікрінше, жоғары сынып оқушыларын тек ЖОО-ға түсуге дайындық
үшін ғана керек. Мұндай батылдыққа қарамастан, бұл көзқарасты ата-аналар
мен ЖОО оқытушылары тарапынан қолдаушылар көп.
Екінші нұсқа – жоғары сыныптарда инвариантты бөлшекті бұрынғы көлемде
сақтап қалу. Бұл көзқарасты жақтаушылар, негізінен, жоғары сыныптарда
мамандандыра оқытуды сынаушылар. Олардың айтуынша, 15-16 жаста кәсіби
қызметті саналы түрде таңдау мүмкін емес, бұлай етпеген жағдайда мектеп
өзінің жалпы білім беру және жалпы дамытушылық болмысынан айрылып қалады
[15].
Сөз жоқ, оқушылардың көпшілігі (әлеуметтанушылардың мәлімдеуінше – 30-
35%) оныншы сыныптың аяғында өзінің әрі қарайғы өмір жолының, мүмкін деп
санайтын кәсіби қызметінің бағытын нық сеніммен таңдауға дайын емес. Бірақ
мұндай оқушыларға кәсіби бағдар беретін жұмыстар жүргізілетін бейіндік емес
мектептер мен сыныптар сақталынады. Облыстық білім басқармаларының
пікірінше, оындай мектептердің саны жақын арада мектептердің жалпы санының
30 % санын құрайтын болады.
Осы нұсқаны бағалай отырып ескеретін екінші мәселе: қазіргі жоғары сынып
оқушыларның 40 % (оқыту нәтижелерінің мониторингі көрсетуінше) қолданылып
отырған оқу бағдарламаларындағы пәндерді талап етілетін деңгейдегі білім
мазмұнын игермейді. Мұның басты себептерінің бірі – пәндердің оқу
материалын игеруге деген оқушының мектептен кейінгі өмірлік жоспарларымен
байланысты қызығушылықтың болмауы. Жоғарыда айтылған мен байланысты
туындаған жағдай: егер қолданылып отырған білім мазмұнына бейіндік курстар
үстемелене қосылатын болса, онда білім мазмұны мен көлемі оқушылар үшін
жоғары деп саналатын санитарлық-гигиеналық нормалардан асып кетеді.
Мектептің жоғары сыныптарында білім берудің инварианттық бөлшегін
құрудың үшінші нұсқасы – жоғары сыныптың оқу жалпы білім беру
стандартындағы базалық білім беру талаптарына сай, жоспарында жалпы білім
беретін пәндерді минималды көлемде беру.
Бұл – барлық бейіндер үшін инвариант болып табылады. Дәл осы үшінші
нұсқа мектептің жоғары сыныптарының оқу жоспарының инварианттық бөлшегін
құрау үшін оңтайлы болуы мүмкін. Өйткені осындай тұрғыдан келгенде ғана
мектептің жалпы білім берушілік сипатын сақтайды әрі жоғары сыныптарда
білім беруді саралау қажеттілігіне де жауап бере алады [16].
Осылай, білім берудің инварианттық бөлшегінің көлемі негізгі мектеппен
салыстырғанда жоғары сыныптарда қысқара түседі. Осыған сәйкес, білім
мазмұнын саралаушы қызметініғ есебінен, вариативтік компоненттердің көлемі
ұлғая түседі.
Мектептің жоғары сыныптарының ТОЖ-ы түрлі оқу курстарының комбинациясын
құруға мүмкіндіктер беретінбейіндік оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз етуі
тиіс. Мұндай жүйе мынадай типтегі курстарды қамтиды: базалық жалпы білім
беру курстары, бейіндік жалпы білім беру курстары, элективтік курстар.
Базалық жалпы білім беру курстары - оқушылардың оқытудың барлық
бейіндерінде міндетті болып табылатын курстар. Жоғары сынып оқшыларының
әрқайсысының минималды жалпы білім алу деңгейін қамтамасыз ететін базалық
жалпы білім курстардың құрамы – жалпы білім берудің мақсатын, міндеттерін,
функцияларын жарқын көрсете алуы тиіс.
мынадай міндетті жалпы білім беру пәндерінің құрамы ұсынылады: қазақ
тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, шеттілі, тарих, дене
шынықтыру, сонымен бірге жаратылыстану-математикалық, технологиялық бейінге
арналған қоғамтану пәндері кіріктірілген курстары; ал гуманитарлық,
филологиялық, әлеуметтік-экономикалық бейіндерге арналған – жаратылыстану
пәндері кіріктірілген курстары.
Атап өтетін мәселе, бейіндік оқыту жобасында жоғарыда көрсетілмеген
кейбір пәндердің де (информатика, жағрафия, өнер т.б.)базалық минималдық
деңгейде оқытылу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл пәндер барлық
бейіндерге міндетті болып саналмайды, дегенмен, олардың әрқайсысы қандай да
бір бейінге ондағы мамандандыру ерекшелігіне орай білім мазмұнына кіруі
мүмкін. Мысалы, базалық деңгейдегі география курсы әлеуметтік-экономикалық
бейін мазмұнында қарастырылған, ал бейіндік деңгейде – жаратылыстану
бейініндегі нұсқалардың бірінде берілген.
Бейіндік жалпы білім беруші курстар – оқытудың нақты бейінін анықтайтын
жоғары деңгейдегі курстар (нақтырақ айтсақ, мектептің жоғары басқышы үшін
тереңдетілген курстар) [17].
Физика, химия, биология пәндерінің – жаратылыстану бейіні үшін; тіл мен
әдебиет – филология бейіні үшін; құқық, экономика – әлеуметтік-экономикалық
бейін үшін бейіндік курстар болып табылатыны белгілі.
Базалық және бейіндік жалпы білім беру курстарының құрамы ТОЖ
компоненттерінің құрамын анықтайды. Мектептің жоғары басқышының ТОЖ-ғы
басқа компоненттер (мектеп және оқушы) онда тек оқылатын саны ғана
көрсетіліп, шектеліп берілген.
Элективтік курстар – мектептің жоғары басқышында бейіндік оқыту
мазмұнына кіретін оқушылар таңдаған міндетті курс болып табылады. Ол пәндер
бейіндік курстың қондырмасы бола алады. Ол кезде қосылған бейіндік курс
толыққанды түрде тереңдетілген болып есептеледі-дағы, ал осы пән оқылатын
мектеп (сынып) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын дәстүрлі мектепке
айналады.
Екінші жағынан, элективтік курстар жалпы білім беретін минималды
минималдық базалық курстардың біреуінің мазмұнын кең арнада дамыта алады.
Бұл, біріншіден,аралас пәндердің бейіндік деңгейде оқытылуына тірек болып
табылады, және екіншіден, қызығушылық танытқан оқушылардың өз
қжеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мысалы, таңдалған пәннен бейіндік
деңгейдегі ҰБТ тапсыру үшін қосымша даярлануына мүмкіндік береді.
Элективтік курстардың үшінші типі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейіндік оқу
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
12 жылдық білім беру жүйесі
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы негізгі оқу бағдарламалары
Пәндер