Winrar архивтік программасын пайдалану


WinRAR архивтік программасын пайдалану

Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп, файлдың көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар.

Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі- файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.

Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR- алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тің RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі оперциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS, OS/2, Windows(32-разрядты), UNIX (linux BSD SCO Spare HP-UX) және BeOS.

Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:

-WinRAR. exe-графикалық интерфейсті қолдану(GUI) нұсқасы;

Rar. exe-мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.

WinRAR-дың мүмкіндіктері:

RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;

-мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;

-арнайы мультимедиялық -қысу алгоритмін қолдану;

-алып бару-және қойып -кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;

-басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZN, TAR, GZ, ACE, UUE) архивтерді басқару;

-бірнеше ұқсас файлдарды қысуда, қарапайым әдістерге қарағанда қысу деңгейі 10-50%-ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;

-бірнеше томдық архивтерді жасау;

-стандартты және қосымша модульдер көмегімен өздігінен қосылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;

-физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;

-басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу(ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу) қателер хаттамасын жүргізу және т. б.

WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.

WinRAR-ды қоршау режимінде қолдану үшін WinRAR белгішесіне тышқанмен екі рет шертіңіз. Бұдан соң файлдарды архивтеуге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз.

WinRAR-ды командалар қатарында қолдану үшін «Іске қосу» менюінен «Орындау . . . » жолын немесе «Пограммалар\ MS-DOS Сеансы» деген жолды таңдап, керек команданы енгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасының қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егер WinRAR-ды параметрсіз командалық қатардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына көңіл аударыңыздар.

WinRAR-ды орнатқан кезде «WinRAR-ды программалық қоршау ішіне енгізу» опциясын іске қоспаған болсаңыз, онда файлдарды архивтеу және шығарып алуды тікелей Windows ортасында (Сілтемеден және жұмыс столынан) жасай аласыз.

Файлдарды архивке енгізу

Ең алдымен, WinRAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Сонымен қатар Іске қосу менюіндегі Программалар пунктінен WinRAR-ды таңдап кіруімізге де болады.

WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумаға өтуіміз керек. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясын пайдаланамыз, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін BackSpace (BS) немесе Ctrl+PgUp пернелерін, әйтпесе аспаптар тақтасындағы «Жоғары» деген кішкене батырманы қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter, Ctrl+PgDn пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз. Дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctrl+\ пернелерін басу қажет.

Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері арқылы немесе тышқанның сол жақ батырмасымен Shift (Сілтеу және Windows-тің басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін «Бос орын» және Ins пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдар тобын ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз. Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау керек. Осы жерден жаңа архивтің форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бұл сұхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шеру қажет.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу қажет. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейтіп ықшамдау үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы файл күйінде қалады.

Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесінде архивті белгілеп және оның атында немесе тышқанды екі рет шертіңіз пернесін бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.

Файлдарды архивтен шығарып алу

WinRAR ортасында архивтен файды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:

-Windows ортасында архивтік файлға тышқанды екі рет шерту немесе Enter-ді басу . Егер WinRAR орнатылған кезде архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив WinRAR-да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болғаннан соң да «Интеграциялау» сұхбаты көмегімен де жасауға болады;

-WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын WinRAR терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;

-командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу;

WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін «Бос орын» және Ins пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Архивтік файл
Сервистік бағдарламалар
Файлды архивтеудің қажеттілігі
Архиваторлар
Архивтеу бағдарламалары
Архиватор жайлы түсінік
Файлдарды архивтендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz