Педагогика пәнінен оқу құралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 218 бет
Таңдаулыға:   

Д. Ж. Кішібаева, М. Б. Жаздықбаева

П Е Д А Г О Г И К А

Д. Ж. Кішібаева, М. Б. Жаздықбаева

Жоғары оқу орны білімгерлеріне арналған оқу құралы

JSBN 978-1-01-243-305-0

УДК 37. 0(075. 8)

ББК 74. 00я73

Б97

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ.

Баспаға Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Ғылыми Кеңесінің № шешімімен ұсынылған ( . . . )

Пікір жазғандар :

Т, .

«Білім» 2011

Түркістан. 2011. 300бет

JSBN 978-1-01-243-305-0

Кіріспе

Елімізге егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде білім беру жүйесін реформалау және оны дамыту мемлекеттік бағдарламалары жасалды. Елбасының өзі білім саласын дамытуды басты назарда ұстап келе жатқаны белгілі. Үстіміздегі жылдың 18 ақпанындағы халыққа Жолдауында Президент: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті: әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» - деп қадап айтқан болатын.

Елбасының бұл тұжырымдамасынан бүкіл әлемдік ғылымның көкжиегін, оның қол жеткізген жетістіктерін көруге болады. Ғылымы дамыған елдердің көші қаншалықты жерге ұзап кеткенін байқаймыз. Әрбір мемлекеттің дамуы оның біліміне байланысты. Білімі дамыған елдер қазір дамудың шарықтау сатысына көтеріліп отыр.

Әлемдік прогресс күн сайын алға озып бара жатыр. Бұдан он жыл бұрынғы ғылыми жаңалықтар қазір жаңалық болудан қалып барады. Олай болса елімізде білім берудің жаңа жүйесін жасау кезек күттірмейтін мәселе екені айдан анық.

«Цивилизацияның басты міндеті - адамдарды ойлай білуге үйрету» деген екен Эдисон. Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға болады. Небір қиял - ғажайып дүниелер қазір шындыққа айналып барады. Қазір қоғамдағы өзгерістер өте тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе өмірлік білім алып қана қоймай, өз бетімен ізденіп білімін шыңдауы керек. Жаңа ақпараттық жүйе бізге таныс білім алу үлгісін өзгертіп жіберіп отыр. Бұрындары білім алу адамның жас кезіне ғана тән кезең болып келсе, енді оның не уақыт, не кеңістік тіпті, жасына қарамай өмір бойы уйрену, білу үрдісіне айналып отыр. Өйткені, бүгінгі ғылым жетістіктерін дер кезінде меңгермесеңіз өмір керуеніне ере алмайсыз деген сөз. , , Білім беру мектептің ғана ісі емес. Мектеп білім алудың кілтін ғана ұстатады. Ал мектептен тыс білім алу дегеніміз-бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруға тиіс’’, -дейді Луначарский. Олай болса адам баласы ағаш бесіктен жер бесікке түскенге дейін үйренуі қажет. Мен үйреніп, біліп болдым деп аз ғана білімге тоқмейілсу астамшылық. Осыған дейін әр адам белгілі бір мамандық шеңберінде ғана білім алып келсе, енді көптеген мамандықтардың негізінде жатқан фундаментальдық ұстамдарды игеруі қажет.

Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заманауи талаптарына сай болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға байланысты қай салада болмасын белгілі бір деңгейде білімдермен қаруландыру бүгінгі күннін талабы. Педагогика пәнінің мақсаты-болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдерді, біліктерді, дағдыларды қалыптастыру. Педагогика ғылымының басты негізгі міндеті-адам тәрбиесі туралы ғылымға білімдерді жинау, тәрбие заңдылықтарын ашу, педагоктарды оқу-тәрбие үрдісінің теориялық білімдерімен қаруландыру. Бұл педагогика пәні бойынша оқу құрал 4 бөлімнен құралған. Бұл бөлімдер оқу стандартына сәйкес жасалған. Әр тақырыптың мазмұны ықшамдалып, түсінікті, қажетті жерінде тірек-сызба түрінде түсіндірілген. Әрбір бөлімнің сонында студенттердің білімін тексеру мақсатында қайталау мен бақылауға арналған сұрақтар беріліп отыр. Сонымен қатар емтиханға арналған тест сұрақтары арқылы алған білімдеріңізді меңгеру деңгейін бақылауға мүмкүндік береді. Болашақ педагог мамандары болғандықтан алған теориялық білімдеріңізді практикада ұштастыруға өз көмегін көрсете алатын 100 педагогикалық жағдаяттар беріліп отыр. Ұсынылып отырған оқу құрал күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне, жас педагогтарға арналған еңбек болып табылады.

І бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері

1. Педагогика пәні, міндеттері.

Педагогика деген сөз, яғни термин көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ . "Педагогика" термині гректің, екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы жаңарып өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау кеңейе түсуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы -тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика-жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, олар қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту" жатады.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

"Тәрбие" терминін тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді" деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тәрбие - тap мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық тағамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары -мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбие жайлы әр түрлі теориялармен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар обьект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігімен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірге тиімді етіп қолдана білуі.

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Білім беру -оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке басты дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар т. б. ықпал жасайды.

Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу " ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл ішкі сыртқы, басқарылатын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуымен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Негізгі педагогикалық ұғымдар-тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандайда болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғам жас ұрпақтың тәрбиеленудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге-" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХV-ХVІ ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла) . Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.

Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) . Тәрбие туралы ойлар деген тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы таза тақтаға теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо ( 1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы “еркін тәрбие” идеясын ұсынды. И. Пестолоции Лингард еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.

Ресейде революциялық-демократияшыл ойдың негізін салушылар:

А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен; XIX ғасырдың 60-шы жылдарында Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдың екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н. И. Пирогов. К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б. болды.

Н. К. Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н. К. Крупскаяның айрықша көңіл бөлген мәселеленің бірі - оқыту теориясы. Сонымен қатар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді. Көрнекті кеңес педагогі Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің, бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер", "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері", "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл еңбектері Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.

Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) . Өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығындағы басқа қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш орта мектебі", "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат" тағы басқа құнды еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1935-1865) . Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп, ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен елбилеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді", - деді Шоқан.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу кұралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әлістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқына қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады.

Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.

Торғайда - қолөнер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1901) поэтикалық шығармалары мен “ғақлия” сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлер, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

Aғapтушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.

А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914ж) “Мектеп керектері”, - деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы" - деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.

А. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліппе (1913) жылдардан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастаушы болды.

Міржақып Дулатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып. А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуіне ерекше мән берген педагогтардың бірі.

М. Дулатовтың "Есеп құралын" (1921 ж. ) қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог- Нәзипа Құлжанова (1887-1934) . Оның мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу атты педагогикалық жинақ-нұсқау кітабы 1924 жылы жарық көрді.

Райса Григорьевна Лемберг (1988-1975) педагог, ғалым. Қазақстан ғылымына еңбек cіңірген қайраткер, профессор. Ленинград университетін бітірген Политехникалық оқу мәселелері деген т. б еңбектер жазды. 1938 жылдан бастап Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында жұмыс істеді. Осы кезден бастап дидактикамен жете шұғылданды. Осыған байланысты Сабақ құрылысының мәселелері 1941, Сабақта оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіру 1942 т. б ірі еңбектері жарияланды. Лемберг мектептегі тәрбие мәселелеріне арналған бірнеше ғылыми еңбектер жазды.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 ) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Тәрбиеге жетекші, атты еңбегінде 1924ж, педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі - Мағжан Жұмабаев (1893-1938) . Оның “Педагогика” атты еңбегі сол кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық көрді. Ол "Ес және есте сақтау мәселелері", "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері" атты еңбегінде (1936 ж. ) шәкірт психологиясының, жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғайды, сол салада жүргізілген сараптамалық зерттеулердің, нәтижесін оқырман назарына ұсынады.

Қазақтың белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы (1962 ж. ) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы деректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

Сұлтанбек Қожанов 1910-1945 дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі. Өзінің "Педагогика мәселелері" 1940ж. -деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері, баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық талғамдарын дамытып қалыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.

Қартбай Бержанов (1921-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдың екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.

Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика және мектептану т. б.

Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, әлеуметтік педагогика, салыстырмалы педагогика, этнопедагогика және пәндерді оқыту әдістемесі педагогикасы т. б пайда болды.

Мектепке дейінгі педагогика отбасы, балалар бақшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.

Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқуытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айқындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:

1. Педагогиканың жалпы негіздері.

2. Тәрбие теориясы.

3. Дидактика.

4. Mектептану (басқару теориясы) .

Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі.

Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек? Деген сұрақтарға жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөніндегі түсінік
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz