Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе


Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т. б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады. Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.
Мәселен, Япониядағы жаңа мектеп бағдарламасының авторлары (1990-2000) тәрбиелік оқудың төрт негізі басымдылығын анықтады: 1) рухани тәрбиелеу; 2) әлеуметтік бейімделу; 3) өзінің және басқа халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметтеу сезімін қалыптастыру; 4) азаматтық қасиетті қалыптастыру.
Ресейдің білім беру мектептерінің бағдарламалары тәрбиелеуде берік адамгершілік қағидаларды және жалпыға бірдей қабылданған рухани құндылықтар негізінде азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын, өзге ұлттардың өкілдерімен бірге тұру дағдыларын алу сияқты басты бағыттарын көздейді.
АҚШ мектептерінде оқытушы оқу тоқсанында 1 сыныптан бастап әр оқушыға адамгершілік тақырыбына жеке әңгіме-кеңеске 5-6 минут бөледі.
1958 жылдан бастап Японияда мектепте адамгершілік курсы енгізілген, бағдарлама курсының мақсаты - әлемдік және халықтық қоғамдастық мүшесін тәрбиелеу. Бастауыш мектептерінде ерекше «адамгершілік сағаты» тәжірибесі қолданылады. Сабақ уақытында және өзге іс-шараларда түрлі дидактикалық материалдар және әңгімелер оқыту, поэтикалық туындамалар, мазмұндамалар жазу, видео және аудио басылымдарын көрсету, әңгіме-дүкен, балалар сауық кешін өткізу сияқты өзге де жұмыстар қолданылады.
Дін - оқушының адамгершілік тәрбиесінде ерекше орын алады. Діни тәрбие мәселелері жеке және жалпы қоғамдық білім беру мекемелердің, зайырлы оқытудың пайда болуы және шіркеулерден мектептердің бөлінуі сияқты проблемалармен тығыз байланысты. Егер Япония мен Россияда жеке мектептерді зайырлы тұлғалар мен компаниялармен құрса, Батыста көбінесе осындай мектептер түрлі шіркеулердің конгрегацияланған құрамына жатады.
Мысалы, Францияда, мектептерде адамгершілік-рухани қалыптасу және сезімдік тәрбиелік жағдай жасау, көркем-эстетикалық мәдениет қалыптастыру, мәдени іс тәжірибесін жинау сияқты 3 басты мақсаттарды айқындайтын «тәрбие өнер арқылы» тұжырымдама жүзеге асырылады.
Литваның оқу жоспарында негізгі пәндер құрмына адамгершілік білім беру жөніндегі курстар енгізілген.
Мысалы, Финляндияда, оқу жоспарына адамгершілік қарым-қатынас және рухани дамыту, мәдени өзгешелік, жалпы байланыс, азаматтық этика атты 3 бөлімнен тұратын «Этика» пәні енгізілген.
Австралияның халықтық курикуллума құрылымында «Құндылықтар» бөліміне өзін-өзі мақұлдау, және өзіндік қадір-қасиетін сезіну (өзін-өзі сыйлау), сыйлау, басқа қамқорлық көрсету және құқықтарын қорғау сияқты ойлар егізілген.
Молдава Республикасында 1-4 сыныптарға арналған «Табиғаттану» пәнінің негізгі мақсаттарының бірі «табиғатты тану мен түсіну, баланың әлемдегі орнын айқындау және сапалы деңгейдегі «Мен» сөзіне ортаның әсері» болып табылады. Куррикулум адамгершілік-рухани тәрбие бойынша жеке адамға этикалық мінез-құлығына бағыт береді.
2. Курстың нақты-әдіснамалық принциптері.
Балаларға білім беру, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін тәрбиешілерден, әрине ата-аналардан шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеп, оқудың мақсаты - балалардың рухани-адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекеттерін бағалау. Бала өсе келе жақсы мен жаманды айыра біледі. Балаларды дұрыс тәрбиелеп оқытсақ та, өздерінің талап-тілектеріне қарамай, олар үлкендердің бұрыс іс-әрекетеіне ескерту жасай алады. Ал, біздер, үлкендер ол ескертулерге өз тәрбиеміз бен біліміздің деңгейінде жауап беруіміз керек. Егер де білімді және жоғары мәдениетті баланы көргіміз келсе, өзіміз соған лайық болуымыз керек.
Адамды жақсы көру, мейірімділік, білімділік, өзін-өзі тану баланы тек жағымды қасиеттерге үйретеді. Рухани-адамгершілік тәрбиесін оқу бағдарламасына енгізу, балалар, тәрбиешілер, ата-аналар үшін ерекше маңызды.
Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың қабылдауына қолайлы, қарапайым тәртіп ереже лері арқылы қалыпты әдептерді меңгерту, іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыда баға беруді үйретуді басшылыққа алу қажет.
Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұлы бабаларымыз бен ақылды әжелеріміздің даналығы, имандылықты, адамгершілікті ардақтау тағылымы көнерген жоқ.
Қазіргі кезде оқушыларда үлкенге құрметпен қарауы төмен. Егер оқушыларды адамгершілікке үйреткіміз келсе, оларды қайырымдылық шараларына жиі қатыстырып тұруымыз керек. Нашар еститін балалар арасында көңіл-күйдің құбылмалығы, тез әсерленушілік, шапшаң қимыл-қозғалыс негізінде туындайтын жағымсыз қылықтар, бір шешімге келе алмаушылық сияқты келеңсіз көріністер жиі байқалады. Жолдастық қарым-қатынас әдептерін адамгершілік тәрбиесі сабақтарында «Достық туралы», «Туыстық қарым-қатынас», «Өзін-өзі тану» тақырыптары бойынша мейлінше оңды шеуге болады. Мысалы: «Достық туралы» тақырып өткен соң, оқушыларға анкета рақылы әр түрлі сұрақтар қоюға болады. Анкета арқылы оқушылардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста екенін білуге болады. Коррекциялық әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Экран арқылы сөздер беріледі, содан кейін есту арқылы, аппаратсыз беріледі. Мысалы: адал дос, мейірімді, сенімді адам, «Жақсы жаныңа - жолдас, жаман малына - жолдас». Корррекциялық жұмыстарды ойын ретінде, тақырыпты өткеннен кейін өткізуге болады. Ойында баланың ойлау ерекшеліктері, қиял-эмоциясы, белсенділігі, қарым-қатынасы, есту, сөйлеу қабілеттері дамиды.
Тәрбие негізі мектеп қабырғасынан басталып, жүйелі түрде дамуы тиіс. Ата-ана, мұғалімдер мен тәрбиешілер осы үрдісті дұрыс жолға қойып, ұйымдастырса, нәтижесінде елімізге тірек болар азаматтар өсіп шығады. Сондықтан, нашар еститін және естімейтін балалардың ой-өрісін, таным-білімін қалыптастырып қана қоймай, табиғатынан берілген жақсы адамгершілік қасиеттерді сақтап қалып, одан әрі дамытуға тырысайық.
3. Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастырудың мәні.
Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгерішілік-рухани тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және талғам деңгейін, болмысқа деген көзқарасын көрсете білді, рухани тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. Бүгінгі тәрбие ісінің міндеті - сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып, әр баланың өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау.
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Адам тіршілігінің саналылығының белгісі - оның өзгелерге деген адамгершілік қарым-қатынасы. Рухани-адамгершілік тәрбиесі ұрпақ бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың көрініс тауып, рухани танымының, өзіне, ортаға деген қарым-қатынасының, танымдық-эмоционалдық көзқарастарының қалыптасуын мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында балалар мен жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың негізгі өлшемін жасау ұсынылған.
Адамгершілік дегеніміз - адамдардың гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол адалдық, шыншылдық, әдептілік, жанашырлық пен сенім сияқты қасиеттерді қамтиды. Тұлға бойында адамгершілік қасиеттерді қалай анықтауға болады?
Жеке тұлғаның адамгершілік деңгейіне мінездеме: адамгершілігі мол тұлға дегеніміз-бойында жауапкершілігі бар, қоршаған ортаға, өзіне сыйластықпен қарайтын, өз қызығушылығын басқаның қажетімен байланыстыра алатын, яғни өз мүддесін әлеумет мүддесімен теңестіре білу қабілеті бар адам, яғни адамгершілік қасиет дегеніміз - тұлғаның өз мүддесін әлеумет мүддесімен теңестіре білуі. Бұл мінездеме салыстырмалы түрде және адами құндылықтардың деңгейлік көрсеткіші түрінде көрінеді.
Тұлғаның адамгершілік деңгейін өлшеу көрсеткіштері: өзіндік түйсігі, отбасылық түйсігі, ұлттық түйсігі, жалпыадамзаттық түйсігі, әлемдік түйсігі, құзырлылығы.
Оқушының адамгершiлiк-рухани мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi:
- жоғары деңгей: рухани дүниесі терең, әсемдікті, көркемдікті бағалай білетін, адамгершiлiк-рухани тағылымдарды толық меңгеріп, өз бойында көрсете білген тұлға;
- ортаңғы деңгей: белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан, адамгершiлiк құндылықтарды түсінгенімен, дұрыс шешімін таба алмай, тәрбиелеушіден көмек күтетін тұлға;
- төменгі деңгей: адамгершілік-рухани мәдениеті төмен дәрежеде қалыптасқан, рухани-ізігілікті қасиеттерді, өмір әсемдігін мойындағанымен жоғары ұмтылысы жоқ тұлға.
Педагогика жеке тұлғаның құзырлылығының өзгерісіне қарай тоқтам жасайды. Тәрбие үдерісі ұзақ уақытты қамтиды. Қазіргі кезде ата-ана көп жағдайда бала тәрбиесін мектепке, мұғалімге артып қойған. Ендеше тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытуда мұғалім маңызды фактор болып табылады. Мұғалімнің тәрбие үрдісіндегі алатын орны бүкіл тәрбие ісін өз қолына алуында емес, тәрбиелеуде елеулі жетістіктерге жетуде оның ұйымдастырушылық, бағыттаушылық күшінде және шығармашылығында. Егер ол тәрбие үрдісінің түрлі жағдайларын ескерсе, тәрбиелік іс-әрекетінің нәтижесін сараптап, одан дұрыс шешім шығарса, елеулі жетістіктерге жетеді. Нағыз тәрбиелеуші - кең сезімді адам. Ол қуаныш пен қайғыны терең сезінеді. Егер бала мұғалімнің бойындағы қасиеттерінен ашық мінез бен шындықты сезінсе, ол нағыз адамгершілік пен ізгілік болып табылады. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, оған үлкен үміт арту - мұғалімнің негізгі ұстанымы. Ұлы педагогтар атап өткендей, жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде оған әсер етудің қағидалары мынадай:
- Балаға жүрегіңді сыйла;
- Өзіңнің бала болғаныңды ұмытпа;
- Баланың өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса;
- Балаға қарым-қатынасың қуаныш сыйласын;
- Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт;
- Баланың сенімін сақтау керек;
- Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла;
- Баланың жан дүниесімен санас;
- Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа. Кемшілігінің себептерін түсіндіріп, ар-намысына тимей, келеңсіздікті жой;
- Әр баланың артықшылығын біліп, жетілдіріп, шығармашылығын мадақта;
- Әр күні бала жетістігін жина. Ешқайсысының үлгермеуші болуына жол берме;
- Жетістікке жеткізетін нық қадам жасауға үйрет.
Бала тәрбиесі жолында мұғалім еш мойынсынбай, әдепкіде ойы жүзеге аспаса да алдағы уақытта жағдайды түпкілікті өзгертетін күш болатынына сеніп, талпынуы қажет.
Канаданың балалар демалыс лагері тәрбиешілері өз тәжірибесінде жеке тұлғамен жұмыс жасағанда ескеретін негізгі шарттар мыналар:
- Егер баламен достық қарым-қатынас жасаса, олар адамгершілікке үйренеді;
- Егер баланы қолдаса, ол сыйлауды үйренеді және ұстазды бағалайды;
- Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады;
- Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенеді;
- Егер баланы мұғалім қолдап отырса, ол өзіне сенуді үйренеді;
- Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп отырса, мұғалімді құрметтейді;
- Егер баланы келеке етсе, ол тұйық болады;
- Егер баланы үнемі сынап отырса, ол жек көруді үйренеді;
- Егер балаға көп қысым жасалса, ол қатыгездікке үйренеді. - десе, пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. у. ) «Сенімен қарым-қатынасты үзгенге өзің бар, сенен пана іздегенге қамқор бол, саған зұлымдық жасағанды кешір. » - деп, нағыз адамгершілік қасиеттерді уағыздайды.
Рухани кемелдену жалпы тәрбие үрдісінің қаншалықты мақсатты, жүйелі, ұйымдасқан түрде жүргізілуіне байланысты, қоғамдағы өзгерістерге тәуелді. Бүгінде мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні жүргізіледі. «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева білім берудегі жаңа көзқарас - адамгершілік-рухани ағартудың авторы болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні - жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіндігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін білім беру үлгісі. Сара Алпысқызы атап өткендей, “Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде Махаббат пен Мейірімділік аурасын жасай отырып қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс, яғни әрбір баланың, оқушының, студенттің, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше» деген еді. Сондықтан баланы адамгершілікке тәрбиелеу ісіне күш-жігерді жұмылдырудың мәні зор.
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ең басты міндеттердің бірі - мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жекелік және тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың шығармашылықпен дамуына жол ашу. Баланың бойында қалыптасқан рухани-адамгершілік тағылымдары оның жеке басының, ар-ожданының қорғаны бола алады. Сондықтан әр мұғалім бүкіл оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның ішкі сезімі - рухани дүниесіне әсер етіп, оның бойындағы асыл қасиеттерін дамыта отырып, бар мүмкіндігін пайдалану, сезімі мен сенімінен құралған рухани -адамгершілік құндылықтарын қатынасқа түсіру әдіс-тәсілдерін қолдануы керек. Адам бойындағы табиғи сезімдердің баршасы осы қарым-қатынас барысында туындайтын алуан ықпалдарға байланысты көрініп, түрлі рең алатыны, әдебиет пен өнер шығармасында соған сәйкес өзіндік көрінісін табатыны мәлім.
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени, адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан бағаланып жатыр. Сонымен қатар, мол мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, тарихи жадымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мемлекеттілігіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезеңде халықтың мұрасын мектептің оқу-тәрбие жұмысында пайдалану міндеті тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Игенбаева В. Қ Адамгершілік сабақтары
2) Сухомлинский В. А Педагогика Алматы 2000
3) Балаға жүрек жылуы Алматы 1976
4) Ушинский К. Д Человек как предмет воспитания Москва 2000
4. Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастырудың мақсаты және міндеттері
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. / Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz