АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ 1918-1990 жж


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ 1918-1990 жж.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Америка Құрама Штаттарының экономикасының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Елдің территориясында соғыс қимылдары жүрмеді, соғыс әкелетін бұліншіліктер мен қайыршылықты бастан кешірмеді. Американ әскері 1918 жылдың жазынан ғана соғысқа кірген болатын. 22 қаңтар 1917 жылы Германия су асты соғысын үзіліссіз жүргізетіні4 мәлімдеді. Бес американ кораблі суға батырылған соң, 2 сәуір 1917 жылы В. Вильсон конгреске соғыс туралы декларация қабылдауды талап еткен мәлімдеме жасады. 1918 жылдың қазаңына қарай құрамында 1 млн. 750 мың солдат пен офицері бар американ әскері Францияда шоғырланды. АҚШ әскери корабльдері британ флотына су асты блокадасын бұзуға көмектесті, ал 1918 жылдың жазында американ бөлімдері немістердің құрлықтағы шабуылында шешуші роль атқарды. Соғыстың соңына қарай қатысқан Америка Құрама Штатының соғыстағы адам шығыны: 50 мыңға жуық қаза болып және 230 мыңы жаралы қайтса, соғыс шығыны: 25. 7 млрд. долларды құрады.

Американ буржуазиясы әскери тапсырыстардан зор пайда тапты. Жаңа ірі капиталдың салынуы АҚШ-тың өнеркәсіп потенциалын нығайтты. 1920 жылы АҚШ дүниежүзілік өндірісте автомобильдің - 85 пайызын, мұнай - 67 пайызын, қара металл - 60 пайыздан астамын құрады. АҚШ болатты Ұлыбританиядан 4. 5 есе, Франциядан 14 есе көп өндірді. Америка Құрама Штаттарының 1914-1920 жылдары ұлттык байлығы 2. 5 есе өсті.

Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшеюіне ықпал етті. Соғыстың соңында АҚШ қарыз алушы мемлекеттен кредит беруші елге айналды. Американ капиталының экспорты құрт өсті. Антанта елдерінің АҚШ-қа соғыс қарыздары миллиардтаған долларды құрады. Американ капиталистері соғысқа дейін европалык бәсекелестері үстемдік еткен елдерде өзінің экономикалық және фннанстық позициясын нығайтты. АҚШ-тың 1922 жылы шетелдегі инвестициясы 7 млрд. долларға жетті. (Бұл 1913 жылы 2. 6 млрд. доллар болатын) .

АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада ұлесінің құрт өсуі дүниежүзілік саясат аймағына араласуына жағдай туғызды. Монополистік буржуазияның экспансионистік ұмтылуын қолдаған президент В. Вильсон бастаған демократиялық партия үкіметі дүниежүзілік лидерлікті жеңіп алу бағытын жүргізді. АҚШ-тын империалистік экспансия программасына бел шеше кіріскені В. Вильсонның 8 қаңтар 1918 жылы конгрессте жасаған «14 бабында» айқындалған. Соғыстан кейінгі кезеңнің дүние құрылымы программасын ұсына отырып, АҚШ империалистері дүние жүзін бөлудің өзіне тиімді келісімдерін жасауға тырысты. Олар европалық державалардың позициясын әлсірету мен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде американдық ықпалды күшейту мақсатында «ашық есік» және «бірдей мүмкіндік» принциптерін халықаралық тануға қол жеткізуге барынша ұмтылды.

1919 жылғы Париж бітім конференциясында американ делеғациясы осы мақсатты жүзеге асыруға жанталасты. Алайда олардың бұл ойына Англия мен Франция өкілдері қарсы шықты. Американ ұсынысы жүзеге аспады. Бұл американ империализмінің сыртқы саясатта әлі де әлсіз екендігін көрсетті. Ол кезде АҚШ өзінің европалық бәсекелестерінен әскер мен флотының қуаттылығынан, басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының мығымдынығынан біршама артта еді.

1919 жылғы Париж конференциясында В. Вильсонның дипломатиялық жеңілісі монополистік капиталдың ықпалды топтарының арасында наразылық тудырды. Республикандық партияның көрнекті қайраткері Генри Кэбот Лодж бастаған күшті оппозиция оқшаулану туы астында әрекет етіп, Версаль келісімін ратификациялауға және АҚШ-тың Ұлттар Лиғасына кіруіне қарсы шықты. Г. Лодж «қол еркіндігі» ұранын ұсынып, АҚШ-тың бірте-бірте европалық империалистік әріптестерінен әскери-саяси артықшылыққа ие болатынына сенді.

Алайда оқшаулану қозғалысының империалистік бағытымен қатар, монополияға оппозиция ұсақ буржуазия көзқарасын білдіретін демократиялық бағыты да болды. Демократиялық ағым лидерлері-сенаторлар Р. Лафоллет, У. Борд, Дж. Норристер империалистік саясатқа және АҚШ-тың Европа ісіне араласуына қарсы шықты.

Оқшауланушылардың біріккен әрекеттерінің нәтижесінде АҚШ Версаль келісімін ратификациялаудан және Ұлттар Лиғасына кіруден бас тартты. 1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңіске жеткен соң оқшаулану бағыты Гардинг үкіметінің ресми курсына айналды. Ұлттар Лигасындағы Вильсондық «халықаралық ынтымақтастық» ұранына қарсы республикандықтар европалық елдермен әскери-саяси одақтасудан бас тарту принципі мен сыртқы экономикалық экспансияны жандандыру программасын ұсынды. 1921 жылдың тамызында АҚШ пен Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Америка капиталы Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Қиыр Шығыс елдерінің экономикасына енді. Мұның бәрі Құрама Штаттарының Англия, Жапониямен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.

1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясында АҚШ өзінің бәсекелестеріне қарағанда көптеген жеңілдіктерге ие болды. Конференцияға қатысушы державалар Тынық мұхиттағы отарлық иеліктеріне тиіспеу және теңіз қаруларын шектеу туралы келісімдерді және Қытайға «ашық есік» доктринасын бекітті. Мұның бәрі халықаралық қатынастар жүйесінде АҚШ-тың саяси беделінің өскендігін сипаттайды.

АҚШ Кеңестік Ресейге қарсы баска империалистік мемлекеттер сияқты саясат жүргізді. АҚШ-тың басқарушы тобы Қазаң революциясы қарсаңында революциялық қозғалыстың дамуын тоқтатуға, Ресейді соғыстан шығармауға қолдан келгеннің бәрін жасады. Петроградтағы американ елшісі Фрэнсис большевиктер партиясына қарсы репрессия жүргізуді, В. И. Ленинге өлім жазасын кесетін сот процесін бастауды талап етті. АҚШ қаржысына Ресейде большевиктерге қарсы үгіт-насихат жүргізетін 17 газет шығарылды. Революция жеңісі американ жоспарының толық күйреуін көрсетті. АҚШ Қазаң революциясы жеңе салысымен-ақ Кеңестер республикасына қарсы күрес жолына түсті, 1918 жылы оған қарсы интервенция бастады. Қызыл әскер интервенттерге ойсырата соққы берді. Мұнан кейін АҚШ-тың басқарушы тобы Ресейдегі ішкі контрреволюцияны барынша қолдады. Олар Кеңестік республиканы дипломатиялық оқшаулау және экономикалық блокада орнату бағытын ұстады.

АҚШ-тың экономикалық өрлеуі өндіріс пен капиталдың шоғырлану процесін тездетті. Монополистік бірлестіктердің қуаты күшейді: 20-шы жылдардың басына қарай индустриядағы жұмысшынардың жартысынан көбі және елдің өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне жуығы ірі монополия ұлесіне тиді. Алып трестердің үстемдігі буржуазиялық мемлекетті нығайтты. Елдің экономикалық ресурстарын соғыс қажетіне мобилизациялау мақсатында 1917-1918 жылдары әскери өнеркәсіп басқармасы және оның бірнеше салалары құрылды. Олардың қызметі: әскери сұраныстарды бөлу, өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізат, отын, транспорт және жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы күшейді. 1918 жылы кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдерінен капитал мен еңбек арасында «ынтымактастық» және елде «таптық бейбітшілікке» жету мақсатында әскери еңбек басқармасы құрылды.

Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы буржуазиялық идеологияның осыған сәйкес формасының қалыптасуына әкеп соқты. В. Вильсон үкіметі XX ғасырдың басында пайда болған мемлекеттің экономикаға араласуын және жекелеген либеральдық реформаларды жүргізуді көздеген неолиберализм идеологиясын басшылыққа алды.

Капитализмнің жалпы дағдарысын тудырған тап күресінің шиеленіскен жағдайында және Қазаң революциясының идеялық әсері ірі капитал үстемдігін нығайту үшін буржуазиялық реформизм саясатын ең қажеттілікке айналдырды. Президент В. Вильсон жұмысшыларға ұйым құру, ереуілдер жасау, ұжымдық келісімдер құқын беру жөнінде конгрессте бірнеше рет ұсынғанды. Осылайша оның ойынша еңбек пен капитал арасында таптық ынтымақтастық жағдайын орнату мүмкіндігі туады. Вильсон өз сөздерінде неолиберализм идеологиясының таптық мәнін ашып көрсетті. Ақ үйдің басшысы «демократиялық қоғам» жағдайында кез келген қайта құрулар өмір сүріп отырған қоғам ішінде жүзеге асырылуға тиіс және қоғам шеңберінен шығудың барлық әрекеті аяусыз басып жаншылады деп мәлімдеді. Осындай философияны басшылыққа алған В. Вильсон үкіметі репрессия жолына түсті. 1920 жылы Әділет министрі М. Пальмер жарлығымен бүкіл елде «радикалдарға» қарсы қуғындау-тұтқындау ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы интеллигенция мен жұмысшылардың мыңдаған өкілдері түрмеге жабылды, елден қуылды.

Ішкі саясатта реакциялық ағымның күшеюі әлеуметтік өмірге кері әсерін тигізді. Соғыс кезінде нығайған және күшейген монополистік буржуазия Ресейдегі Қазаң революциясының әсерінен американ жұмысшы қозғалысының қол жеткен жетістіктерін тартып алуға тырысты. Вильсонның жұмысшыларға адам дегенге тән құқықтарды беру жөніндегі либералдық декларациясын монополистер жақтырмай қарсы алды. 1918 жылғы сайлауда көпшілік орынды жеңіп алған республикандықтар иемденген АҚШ конгресі мемлекеттің экономиканы реттеуге араласуын тез арада жоюды және либералдык реформа саясатынан бас тартуды талап етті.

Осындай жағдайда президент Вильсон республикандықтардың реакциялық бағытына тойтарыс беретін нақты реформалык программа ұсына алмады. Вильсон әкімшілігінің либералдық шарасы АҚШ конституциясына конгресс арқылы әйелдерге сайлау құқын беру жөнінде 19-шы өзгертуді енгізумен ғана шектелді. Ол 1920 жылы 26 тамызда күшіне енді. Жалпы 1919-1920 жылдары демократтардың әлеуметтік-экономикалық саясатында оңға бұрылғандық байқалды. Монополистік буржуазияның реакциялық саяси бағытқа бет алуы, конгрестегі басым көпшілік республикандықтардың либералдық реформа жүргізуден бас тартуы, демократтық әкімшіліктің буржуазиялык реформизмнен ауытқуы және тағы басқалар елдегі жағдайды елеулі өзгерістерге ұшыратты.

Осы кезеңге қарай экономикалық конъюнктурасы да өзгерді. 1920 жылдың жазында елде терең экономикалық дағдарыс орын алды. Өнеркәсіп өндірісі құлдырады. Жұмысшылардың онсыз да ауыр жағдайы тым нашарлады. 1921 жылы АҚШ-та 5 млн. жұмыссыз болды. Өнеркәсіптің артық өндіру дағдарысы аграрлық дағдарыспен ұштасты. Ауыл шаруашылық тауарлардың бағасы 2-3 есе төмендеді. Көптеген фермерлердің шаруашылығы қүйреді. Қалың көпшіліктің басқарушы партияға наразылығын республикандықтар шебер пайдаланды. Республикандықтар 1920 жылғы дағдарыстың кінәлілері Вильсон және оның маңайындағылар деп түсіндірді.

1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңді. Республикандық партияның президенттік қызметке кандидаты Уоррен Гардинг -16, 1 млн., ал қарсыласы демократиялық партия өкілі Коксу - 9, 1 млн. дауыс жинады. Бұл сайлауға социалистік партия да қатысты. Оның лидері Ю. Дебс - 920 мың дауысқа ие болды. Вильсон өкіметтен кетті. Жаңа президент кызметіне кірісу қарсаңында, 4 наурыз 1921 жылы В. Вильсон сенатор Лодждың жіберген адамына былай деп жауап берді: «Сенатор, мне нечего больще сказать». Ал бұған Лодж: «Мы вырвали вильсонизм с корнем», - деп масайрады. Вильсон алған бетінен еш қайтпады. Американдықтардың басқарушы тобы да оны түсінбеді.

Гардинг үкімет құрамына республикандық партияның консервативтік бағыттағы өкілдері кірді. Оның ішінде финанс министрі Эндрю Меллон мен министр Герберт Гувер ете беделді еді. Жаңа әкімшілік жұмысшылар мен фермерлерге ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Керісінше монополистердің пайдасының ұлғаюына жағдай туғызды, 1921 жылғы салық заңы соғыс жылдары енгізілген корпорациялардың артық пайдасына салықты жойды және жоғарғы табысы бар адамдардан алынатын салықты азайтты. 1922 жылғы тарифтік заң елге әкелінетін өнеркәсіп тауарларына пошлинаны көбейтті. Бұл ішкі рынокты бағаны өсірді.

Гардинг үкіметі «твердый индивидуализм» ұранымен мемлекеттік реттеу саясатына қарсы шықты. Соғыс жылдары экономикаға бақылау жүргізген федералдық агенттік жойынды. Бұл мемлекеттік-монополистік капитализмді бұзу дегенді білдірмейді, тек соғыс кезінде төтенше реттеу орғандары жойылды. Дегенмен 20-шы жылдардың басында мемлекеттік-монополистік тенденциялар біршама бәсеңдеді.

Буржуазиялық мемлекеттің экономикалық қызметінің бәсеңсуіне қарамастан, ірі капитал өкілдері үкімет субсидияларын алу мүмкіндіктерінің біразын сақтап қалды. Олар табыс табу үшін заңды бұзуға дейін барды. 1921 жылы мұнай кәсіпкерлері Догени және Синклер Ішкі істер министрі Фоллды паралап, Калифорния мен Вайомингтегі мемлекеттің мұнайлы аудандарын арендаға алды. Гардингке жақын үкімет мүшелерінің парақорлық іс-әрекеттері президенттің өзіне де тиіп жатты. Бұл масқарадан 1923 жылы Гардингті өлім құтқарып қалды.

Президенттің орнына вице-президент Кальвин Кулидж отырды. Ол әлеуметтік-экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу саясатынан бас тартты. Өз саясатының басшылыққа алған негізгі принципін жаңа президент «Америка ісі - бизнес» деп сипаттады. Қарапайым американдықтар республикандық үкіметтің реакциялық бағытын наразылықпеп қарсы алды. Әсіресе қара халықтың экономикалық жағдайының ауырлығы және нәсілдік кемсітушілік негрлердің табанды қарсылығын тудырды. Олардың көрнекті ғалым, жазушы, қоғам кайраткері Уильям Дюбуа баскарған түсті халықтар прогресіне ықпал ету Ұлттық ассамблеясы ұйымы нығайды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін буржуазиялық партиялардың саясатына көңілі толмаған жұмысшылар тәуелсіз саяси әрекет ету үшін күресті жандандырды. Мұнда кәсіподактардың сол қанаты үлкен роль аткарды. 1918 жылы каңтарда Чикаго еңбек федерациясының басшылығы әлеуметтік-экономикалық қайта құру программасын жасады. Онда темір жолды, гидроэнергетика кәсіпорындарын национализациялау; ірі капиталдан алым алуды күшейту; сегіз сағаттық жұмыс күнін және ең төменгі жалақыны белгілеу; жұмысшылардың кәсіподақтарға бірігу құқын мойындау; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін енгізу; Кеңестік Ресейге қарсы интервенцияны токтату мәселелері қаралды.

Осы демократиялық платформа негізінде еңбекшілердің дербес партиясын ұйымдастыру қозғалысы кең етек жайды. 1919 жылы қарашада Чикагода Ұлттық жұмысшы партиясы құрылды. 1920 жылы оған фермерлердің бірнеше радикалдық топтары біріккен соң ол АҚШ фермерлік-жұмысшы партиясы болып қайта құрылды. Демократиялық қозғалыстың сол қанатымен қатар ымырашыл ағымда өмір сүрді. Оның идеологиясы да монополия зорлығына қарсы шығып, прогрессивтік реформа программасын ұсынды.

20 жылдардың басына қарай жалпыамерикандық антимонополистік күштерді біріктіру әрекеті жасалды. 1922 жылы ақпанда прогрессивтік саяси әрекет Конфедерациясы (КППД) құрылды. Оның программасында темір жолдарды национализациялау, үлкен пайдаға салық салуды көбейту, саяси тұтқындарды босату сияқтылар көзделген. КППД лидерлері фермерлік-жұмысшы партиясының байланыс орнатуға шешім қабылдай отырып, жұмысшылардың дербес партиясын құру күресін прогрессивтік кандидаттарды қолдау жағына ауытқытты.

1924 жылы сайлау кезінде саяси күрес шиеленісті. К. Кулидж және Дж. Дэвистердің сайлау тұғырнамасы реакциялық бағытта еді. Сондықтан КППД президентке сенатор Р. Лафоллет кандидатурасын ұсынды. Оны біраз жұмысшы және фермерлік ұйымдар қолдады. Америка Еңбек Федерациясы тұңғыш рет АҚШ президентіне тәуелсіз кандидатты қолдады. Осылайша елде тарихқа «Лафоллет қозғалысы» деген атпен енген демократиялық күштер коалициясы туындады. 1924 жылғы сайлау кезінде Лафоллетті қолдамай, өз кандидатурасын ұсынған американ коммунистері үлкен қателік жіберді.

1924 жылғы сайлау кезінде республикандықтар жеңіп шықты. АҚШ президенті болып Кулидж сайланды, ол 15. 7 млн. дауыс жинады, 382 орын алды. Демократиялық партияның кандидаты Дж. Дэвис 8. 4 млн. дауыс жинады, 136 орын иеленді. Демократиялық күштердің жеңілуі және басталған экономикалық өрлеу Құрама Штаттардың өз дамуында жана кезеңге аяқ басқандығын көрсетті. Басқа капиталистік елдерге қарағанда, АҚШ-та капитализмнің тұрактану кезеңі ерте басталды және бекемірек болды. 1922 жылдың соңына қарай АҚШ-та 7 жылға созылған өнеркәсіп өрлеуі басталды. 1929 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1921 жылдың деңгейінен 78%-ға асып түсті. Оның себебі американ империализмінің бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында күшеюі, АҚШ-тың дүниежүзілік финанс орталығына айналуы, американ монополиясының кәсіпорындарды жаңа техникамен жабдықтауы, жаңа заводтар мен фабрикалардың салынуы болып табылады. Өнеркәсіптің өрлеуі АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада үлес салмағын арттырды. 20-шы жылдары буржуазиялық насихат Америкада капитализмнің тұрақтануы, ерекше мызғымастығы туралы ой таратты.

Тұрақтану жылдарында АҚШ-та ірі капиталдың жағдайы нығайды. Монополистік буржуазия өз күштеріне сеніп, «твердый индивидуализм» идеологиясын таратып, мемлекеттің бизнес ісіне араласуына қарсы шықты. Индивидуализм идеологиясы республикандық үкіметтің ішкі саясатының негізіне алынды. 1921 жылғы Гардинг әкімшілігінің бағытын жалғастыра отырып, Кулидж үкіметі буржуазиялық мемлекеттің барлық экономикалық және әлеуметтік қызметтерін жоққа шығаруға тырысты. Ол ірі капиталдың еш бақылаусыз қожалық етуіне қолайлы жағдай туғызуды басты мақсат санады.

Соған қарамастан осы кезеңде АҚШ-та мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы тоқтаған жоқ. Керісінше монополистік буржуазия әрекетінде кәсіпкерлердің салалық ассоциация құру сияқты ұжымдық тенденциялар пайда болды. Буржуазиялық ұжымдықтың жоғарғы сатысына -әлеуметтік-экономикалық проблемаларды мемлекеттік-монополистік әдістермен шешу - сатысына көшу қажеттілігінің туындауын 20-шы жылдары орнаған американ экономикасының үнемі депрессияға ұшырап отыруы көрсетеді.

Фермерлік проблемаларды шешу жолдары да шиеленіскен күресті туғызды. Толастамаған аграрлық дағдарыс фермерлердің жаппай наразылығын өсірді және ауыл шаруашылығына үкімет көмегі үшін қозғалыс туындатты. Оны фермер буржуазиясы басқарды. Олардың талаптары: үкіметтің ауыл шаруашылық товарларының бағасын көтеруі. Осы мақсатта 1924 жылы конгреске Макнери-Хоуген биллі тапсырылды. 1927-1928 жылдары оны конгресстің екі палатасы екі рет мақұлдады. Алайда Кулидж үкіметі ауыл шаруашылығын мемлекеттің реттеу принципін қабылдамады. Фермерлер өз мақсатына жете алмады.

Капиталистік экономиканың дұрыс қызмет етуі көп жағдайда теміржолдардың тиімді жұмыс істеуіне байланысты. 1926 жылы теміржолшыларға ұйымдасу мен ұжымдық келісімге құқық берген және осы салада еңбек қақтығыстарына мемлекеттің араласу системасын енгізген жаңа заң қабылданды. Капиталистік өндірістің қажеттілігі Кулидж үкіметін экономиканың кейбір салаларына мемлекеттің араласуын кеңейтуге мәжбүр етті.

Монополистік реакция прогрессивтік күшке қарсы әр түрлі шовинистік және расистік топтарды пайдаланды. Оның ішінде үлкен роль атқарған 20-жылдарда мүшесі миллионнан асқан ку-клукс-клан ұйымы болды. Өзін «жүз пайыз американдықтар» деп есептегендердің талап етуімен, АҚШ-қа европалык иммигранттардың, әсіресе Орталық Оңтүстік-Шығыс Европадан «қажет емес шетелдіктердің» келуіне қатал талаптар енгізген жаңа иммигранттық заң қабылданды. Өйткені олар мұнда қоғамды революциялық қайта құру идеясын таратуы мүмкін.

1928 жылғы сайлауда республикандық партия кандидаты Гувер ірі жеңіске жетіп, президенттік орынды иеленді. Республикандықтар конгрестің екі палатасында да өз позицияларын нығайтты. Олардың лидерлері оптимизмге толы еді. Басқару тізгінің өз ізбасарына ұсынар алдындағы конгреске соңғы жолдауында, 1928 жылы желтоқсанда Кулидж «Страна может смотреть на настоящее с удовлетворением, на будущее - с оптимизмом» деп салтанатпен мәлімдеді. Алайда жыл өтпей-ақ Америка экономикалық дағдарысқа енді, «ешқашан бітпейтін гүлдену» дәуірі туралы иллюзияның күлі көкке ұшты.

Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары капиталистік дүниенің басты елі - Америка Құрама Штаттарына оңай соқпады. 20-шы жылдары экономиканың өсу қарқыны қаншалықты жоғары болса, экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. 1932 жылы дағдарыс шегіне жеткен кезде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейіңің 54%-ын ғана құрады. Әсіресе монополия позициясы күшті ауыр өнеркәсіп саласында өнімнің құлдырауы қатты білінді. Елде 1932 жылдың жазында 285 домна пешінің 46-сы ғана жұмыс істеді.

Экономикалық дағдарыс жұмысшыларға адам естімеген қайыршылық әкелді. Жұмыссыздар саны өсті: 16. 9 млн. адам. Миллиондаған жұмыссыздар және олардың отбасылары өмір сүру қаракетінен айырылды. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің болмауы олардың мемлекет көмегіне деген үмітін өшірді. 1929-1932 жылдары жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 35%-ға азайды. Фермерлердің жағдайы да нашарлады. Дағдарыстың төрт жылында 900 мың фермерлік шаруашылық салықты төлей алмағаны және қарыздарын өтей алмағаны үшін күйреді.

Дағдарыс елдің бүкіл финанс жүйесін қамтыды. 1929 жылы қазаңда АҚШ-та адам естімеген биржалық паника басталды. 1933 жылдың наурызына қарай акцияның жалпы құны 4, 5 есе қысқарды. Төрт жыл ішінде 5, 5 мыңнан астам банкілер өмір сүруін тоқтатты, яғни бұл АҚШ-тағы барлық банкілердің бестен бір бөлігі болатын. Миллиондаған ұсақ салымшылар өз жинақтарын жоғалтып, қайыршыларға айналды.

Президент Гувер және онын кабинетінің мүшелері «твердый индивидуализм» идеологиясын негізге алып, экономиканы мен әлеуметтік қатынастарды реттеуге мемлекетті пайдалануға қатты қарсылық көрсетті. Олар жұмыссыздарға мемлекеттік көмек көрсету туралы ұсыныстардың бәрін қабылдамады. Гувер үкіметінің аграрлық саясаты да сол кезеңнің талабына сәйкес болмады. 1929 жылы құрылған федералдық фермерлік басқарма бағаның тым түсіп кетпеуі үшін ауыл шаруашылық товарларын сатып ала бастады. 1931 жылдың ортасына қарай үкімет қоймаларында 257 млн. бау бидай, 1, 3 млн. кип мақта жинақталды. 1931 жылдың екінші жартысында фермерлік басқарма сатып алуды токтатты және өз қорларын сатуға кірісті, бұл ауыл шаруашылық рыногын бұзып, фермерлердің негізгі көпшілігінің жағдайын одан сайын нашарлатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Трумэн доктринасы
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz