Кіші жастағы мектеп оқушылаоына информиканы оқытудың мақсаты
1.Кіші жастағы мектеп оқушылаоына информиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны. ақпарат. компьютер және оны қолдану

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шетелдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік–тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
14.ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1.Кіші жастағы мектеп оқушылаоына информиканы оқытудың мақсаты мен
міндеттері.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шетелдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-
сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік–тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі
өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету
керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11
жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық
ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге
үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу
қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін
қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына
айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет
мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру
арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса,
жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар,
жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы
информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық
және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар
негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты
қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі –
бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін
пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде
оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды
пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін
табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың
қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін
дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар
байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді
жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың
зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас
аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін
барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері
бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық
технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу
процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі
шарттарды ұсынады:
1. Проблемалық оқытуды қолдану;
2. Алгоритмдік оқыту;
3. Оқытуды ақпараттандыру;
4. Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім
алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да
білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың
бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім
алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз
білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.
АҚПАРАТ. КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныптартда компьютерді қолданудағы басты мақсат
дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы, баланың тұлғасы мен
ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
Компьютерлік сауаттылық – екінші сауаттылық, - деп ғалым
А.П.Ершов айтқандай оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық
ойлауын дамытуы қажет. Дәстүрлік эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға
бағытталған. Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толықтарытын
компьютердің екі қызметін: өлшеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші
пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем
жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.
Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны екі бөліктен
тұрады:
Ақпараттық технологиялар курсы;
Алгоритмдік курс.
Ақпараттық технологиялар курсында -компьютерлік сауатттылықты
қалыптастырумен қатар оқушыларды нақты ақпараттық технологияларды кеңінен
қолдануға үйрету. Тікелей компьютерді қолдану арқылы оның құрамымен
танысып, сурет салу, мәтін теру, өңдеу, мәтінді принтерден шығаруға
үйретеді.
Алгоритмдік курста - оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілеттерін
қалыптастыру және одан әрі дамыту. Алгоритм, алгоритмдерді орындау, жиын,
жиындардың берілу тәсілдері қарастырылады.
Әр сабақ екі бөліктен 20-25 минуттан тұрады. Сабақтың бірінші бөлігі
компьютердің қолдануынсыз алгоритмдердің құрылуына, ал сабақтың екінші
жартысында өздері құрған алгоритмді ақпараттық технологияларда қолданады.
Жалпы, бастауыш мектептегі оқытылатын информатика пәніне жалпы 102
сағат бөлінген, пән 2-сыныптан бастап оқытылады, яғни 2-ші сыныпқа – 34
сағат, 3-ші сыныпқа – 34 сағат, 4-ші сыныпқа – 34 сағат.
Қазіргі кезде санитарлық талаптарға сәйкес балалардың
компьютерде жұмыс істьеуіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы
санитарлық – эпидемологиялық қорытындысы бар компьютерлерді ғана
пайдалануға болады.
Компьютерлік сыныпта жұмыс орындары гигиеналық тұрғыдан тиімді
түрде орналасуы керек. Компьютерді оның экранына түсетін жарық көзін сол
жақта болатындай етіп орналасқаны дұрыс. Экранның өзі жарық беретініне
қарамастан, сабақ жарық жақсы түсетін бөлмеде өтуі тиіс.
Бір оқушының жұмыс орнына бөлінген аудан көлемі 6 метр квадарттан
аз болмауы керек. Әрбір компьютерлік жұмыс орны өз айналасында радиусы
1,5 м аймақта электромагниттік өріс таратады. Бұл өріс тек экранның бетінен
емес оның артқы және екі бүйір жақтарынан да таратылады.
Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс
шаршамауы үшін: ІІ-ІҮ сынып оқушыларының компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы
15 минуттан аспауы керек;
Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң,
олардың көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар
экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын
барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін
жаттығулар ойын күйінде орындалады.
Ақпарат сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін іпfогтаtіо сөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:
философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларына
кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз үғымы мен түсінігі
бар.
Ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлі құбылыстар
туралы мәліметтер жиынтығын айтады.
Адам қоршаған ортадағы ақпаратты алуда сезім мүшелерінің бес түрін
қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу мүшелері. Ақпаратты
біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.
Көру ақпараты – бұл көз арқылы қабылданатын ақпарат.
Дыбыстық ақпарат – бұл есту арқылы қабылданатын ақпарат.
Сипап сезу ақпараты – бұл тері арқылы қабылданатын ақпарат.
Иіс сезу ақпараты – бұл мұрын арқылы қабылданатын ақпарат.
Дәм сезу ақпараты – бұл тіл арқылы қабылднатын ақпарат.
Адам ақпаратты қабылдайды, есте сақтайды, өңдейді, таратады. Осының
барлығы ақпараттық үдеріс болады.
Бізді дүниежүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын
газеттерді, радио мен теледидарды БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары деп
атаймыз. Диктор теледидар арқылы Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар
келіп түсті деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен: кеше біздің футбол
командамыз жөнінде жаңалық естідің бе? немесе "бүгін соңғы хабарды естідің
бе? деп сұрайсыңдар. Бұл мысалдарда ақпарат деген сөз белгілі бір
хабардың, жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз
қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі, құрал-
жарақтары, үй бұйымдары т.б. табылды. Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын
мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы,
сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөнінде өте
бағалы ақпарат берді.
Тірі организмнің құрылысьш зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы, баласы ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, тірі
жәндіктер мен микроорганизмдердің түрі неге өте көп? Бұл сұрақтарға
генетика ғылымы жауап береді, ол тұқым қуалаушылық болатынын, әрбір тірі
организмнің: ол адам, жануар, өсімдік, тіпті микроорганизм болсын, негізгі
белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық
ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Шексіз алыс әлемді, физиканың
жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер, астрономдар олардан Жерге
жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығу тегі
жөнінде көп мағлұматтар алады.
ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез
келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал
теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниежүзінде не болып жатқанын көріп-
біліп отыруға мүмкіндік берді.
Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде, яғни оны алу немесе беру
кезінде ғана алынып қоймай, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді,
хабарларды, білімін өңдеу процесінде де туу мүмкін.
Информатика сабағында ақпараттық құбылыстар компьютер арқылы өңделеді.
Информатика - бұл электронды есептеуіш машинаның көмегімен ақпаратты
қабылдау, сақтау, өңдеу, жинау және тарату үдерістерін зерттейтін ғылым.
Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол орқашан
сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар деп айта
аламыз. Ақпарат қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу т.б.
әрекеттер нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние
туралы және онда жүріп жатқан үдерістер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп
түсінуге болады.
Ақпарат — белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы
таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мөліметтер тобы.
Ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы ксрек. Хабар
жеткізуде пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған
теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар т.б. жатады. Адам
ақпаратты өңдей алады.
Ақпаратты өңдеу деи ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну
түрлі өзгертуді, алынған ақпаратты бір рет- келтіруді және жаңа ақпарат
іздестіріп толықтыруды айтады.
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз үдеріс, тіпті сендер ұйықтап
жатқанда да ой үдерісі, яғни ақпаратты өңдеу үдерісі жалғаса береді.
Алынған мәліметтерді өндеу, математикалық есептерді шешуде қиын
жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын болмаған жаңа ақпарат ойлап
шығарады. Адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және (шыгарып бере) жеткізе
алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық
үдеріс дейді. Ақпараттық үдерісті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі
құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз,
магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады. Ақпарат
жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын
әрекеттер ақпараттық үдерістер деп аталады.
Адам ақпаратты қалай қабылдай алады? Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап
отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы
ақпарат та сондай қажет.
Айталық, адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалды
делік. Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі
(психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол ең
қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай қалады.
Өйткені адамға кез келген тірі организм сияқты әрқашан қоршаған болмыс,
уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді
сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адамның ең басты сезім мүшесі - көру мең
есту.
Ол кітаптан, теледидар мен радиодан алатын ақпаратты тек осы
мүшелерімен қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпа-раттың 90%-ы сол мүшелер
арқылы қабылданады.
Бірақ басқа сезу мүшелерінің рөлін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,
шай ішкенде, оның төтті немесе тәтті емес екенін сеземіз, затқа тек қол
тигізе салып, біз оның температурасының қандай екенін, қатты немесе жұмсақ
екенін анықтай аламыз.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге
болады.
Бейнелік ақпарат деп — табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс,
сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа
адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.
Жазба мәтін әр түрлі: а, в, ".", "-" ... таңбаларынан тұрады. Ауызекі
тіл де таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар — фонемдер.
Фонемдерден сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Сөз бен жазу бір-
біріне пара-пар (бірдей). Сөйлеу дыбыстары — әріптермен, әріптер
тіркестерімен, үзіліспен (пауза), дауыс ырғағы (интонация) тыныс
белгілерімен көрсетіледі.
Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу
немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде
беріледі.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиги
және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдер жатады. Олардың
ауызекі және жазу түрлері болады.
Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка,
компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құрылығысы. Компьютер – бұл құрамы өте
күрделі электрондық құрылғы.
Компьютердің негізгі құрылғылары: монитор, жүйелік блок, пернетақта,
тышқан.
Компьютердің қосымша құрылғылары: сканер, модем, принтер, джойстик,
мультимедиялық құрылғы.
Монитор - компьютердің экранында ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы
пішіні бойынша кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды. Ол компьютердің
тілі, оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп
отырады.
Монитор түрлі түсті немесе монохромды (қара-ақ түсті) болуы мүмкін.
Монитордың экранындағы кез кеоген көрініс немесе кескін түрлі түсті
нүктелержден немесе сұр нүктелердің әртүрлі реңдерінен тұрады.
Компьютердің ең негізгі блогы – жүйелік блок.
Жүйелік блок деп компьютердің негізгі құрылғыларынан тұратын бөлігін
айтады. Жүйелік блок компьютердің жұмысын басқарады. Жүйелік блоктың
алдыңғы жағына өшіріпқосу тетікшесі, дискжетек, компакт–дискіден оқитын CD-
ROM және компьютерді қайта жүктеу батырмасы орналасқан. Жүйелік блоктың
артқы тақтасында кіру негізгі және қосымша құрылғыларды қосатын порттардың
ажыратып – қосқыштары бар.
Жүйелі блоктың ішінде процессор орналасады. Процессор - компьютердің
миы және ең негізгі құрылғысы. Процессор компьютердің қалған бөліктерін
басқарады, бірақ ол адам жазған арнайы бағдарлама арқылы жұмыс істейді.
Дискет, флешка, компакт дискі – арнайы ақпарат тасымалдайтын
құрылғылар. Дискет, флешка, компакт диск арнайы тетікше арқылы енгізіліп,
ажыратылады. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те айтады. Олар арқылы
компьютерге әртүрлі бағдарламалар, әуендер, ойындар, фильмдер орнатуға
болады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол
компьютерге цифр және әріп пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген
ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақтада 100-ден аса перне бар.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол
пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез
келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл
бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да
символдары бар пернелерден тұрады;
Функционалдық пернелер символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар
компьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Олар латынның F (F1, F2,
..., F12) әрпімен белгіленген. Әртүрлі бағдарламаларда әртүрлі қызмет
атқарады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз
экранда (тік сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Меңзерді экранда
жылжытуға арналған. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын
орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында
орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелкалар) салынған. Олар
меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады.
Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық
ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын
басқаруға болады. Num Lock пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша
бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер Num Lock пернесін бір рет
басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал оны тағы бір рет
басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады.
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы –
тышқан. Тышқан құрылғысы – атына заты сай құрылғы, ол тышқанның құйрығына
ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Тышқан қорабының
ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан.
Тышқанда арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытқанда, шар айналады.
Тышқан құрылғысының қимылы кәдімгі тышқан қимылына ұқсас болып келеді.
Тышқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz