Антарктика және Антарктида


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Антарктика және Антарктида

Жоспары:

  1. Ұғымдары
  2. Тасты және мұзды Антарктида
  3. Климаты
  4. Тіршілік дүниесі

Лекцияныњ мєтіні

Антарктика-Жердің оңтүстік полярлық аймағы. Оның атауы Нанти (қарсы) және артикос (солтүстік ) деген грек сөзінен шыққан. Антарктика құрамына мұз жауып жатқан аса зор Антарктида материгі және оны жауып жатқан поляр сулары олардағы бытыраңқы аралдарымен енеді. Бұл жер шарының табиғаты жөнінен ең қатал бөлігі. Кейбір аралдардың басқасында тұрақты халық жоқ. Антарктиданың бар-жоқтығы туралы болжамдарды географтар мен теңізде жүзушілер орта ғасырда айтса да, Антарктида ғылымға кеш белгілі болды. Орыс теңізде жүзушілер 1819-1821 жж. Ф. Ч. Беллинсгаузен мен Лазаревтің басшылығымен арнайы ұйымдастырылған экспедиция кезінде материктің жағасы мен Антарктикаға жататын көптеген аралдарды алғаш рет көрді.

Келесі ондаған жылдарда Антарктика әр түрлі елдер зерттеушілері мен теңізде жүзушілердің назарын шешілмеген ғылыми проблемаларымен де, сондай-ақ су бассейніндегі зор байлығымен де өзіне тарта түсті түсті. 1911 - 1912 жылдары норвегиялық поляр зерттеушісі Р. Амундсен мен ағылшын ғалымы Р. Скотт Оңтүстік полюске бір мезгілде дерлік жетті. Жұмбақ материкке деген қызығушылық одан арғы кезеңдерде де әлсіреген жоқ, бірақ Антарктиканы жүйелі зерттеу кезеңі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басталып, қазіргі кезеңде жалғаса тұсуде. 1940 - 1950 жылдарда Атарктика материгінде бірқатар мемлекеттер ғылыми- зерттеу станцияларын орнатты. 1957 жылы Халықаралық геофизикалық жылды дайындауға және өткізуге байланысты біртұтас халықаралық зерттеу программасы жасалды. 1953 жылы басталған халықаралық програма бойынша зерттеу құрылымы, зерттеу станциялары мен пункттерінің ішкі конструкциялары салынды. Экспедициялар мен ғылыми - зерттеу кемелерінің теңіз экспедициялары жұмыстарын бастады. 1958 жылы совет экспедициясы алғаш рет материктің геометриялық орталығы - салыстырмалы түрде жан баспаған полюске жетті. Совет Одағының, АҚШ - тың басқа елдердің ғалымдары материктің түкпіріне ұзаққа созылған жорықтар жасап, осы кездерде материкті Оңтүстік пролюс арқылы бірнеше рет кесіп өтті. Қазір Анарктидада ғылыми зерттеу станцияларының жүйесі жұмыс істеп, Оңтүстік поляр аймағының табиғат жағдайын ең жаңа әдістерді қолда отырып, комплексті зерттеу жүргізуде. Соңғы жылдары Антарктиданы зерттеуде үлкен роль авиацияға тиюде. Антарктика оның оңтүстік полюске жақын орнымен, сондай - ақ жоғарғы оңтүстік ендіктердегі құрлық пен теңіздің арақатынасымен анықталатын табиғат жағдайларының айрықша өзіне тән қаталдығымен ерекшеленеді. Тіпті Арктика жағдайының кейбір ұқсастығы бола тұрса да Арктика жағдайынан шұғыл ерекшеленеді. Антарктикаға тән жағдай құрлық пен су бассейндерінің кең - байтақ кеңістігін қамтиды. Антарктика құрлығы Антарктида материгінің басқа аралдық архипелагтар мен жекелеген аралдарды :

І Александр жерін

Оңтүстік Шетланд аралдарын

Оңтүстік Оркней

Оңтүстік Сандвичев

Оңтүстік Георгия

Баллени және басқа көптеген аралдарды қосып алады.

Олардың кейбіреулері материкке тікелей жақын жатыр және одан табиғат жағдайлары бойынша мүлдем ерекшеленбейді, қалған аралдар материктен және бір - бірінен үлкен қашықтықта шашырап жатыр. Антарктида жағасын Оңтүстік Мұзды мұхит сулары жуады. Мұхит материка жағалауына сұғына түсіп, Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Содружество, Космонавтар теңіздерін құрайды. Антарктика су бассейндеріне оларды басқа ендіктердің су бассейндерінен айырып, Жердің бұл бөлігінің табиғатына үлкен ықпал көрсететін режимнің флорасы мен фаунасының көптеген ерекшеліктері тән. Полюс маңында жатқан Антарктиканың мұиттың барлық жерінен өтетін және сондықтан анықтауға қиын бір ғана, солтүстік шекарасы бар. Антарктика аймағының шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болды және әр түрлі зерттеушілер түрліше шешті. Антарктикалық атмосфералық айналым жағдайы қоңыржай ендіктер жағдайымен ауысатыняғни қоңыржай ендіктер ауа массалары мен антарктикалық ауа массалары бөліп жатқан шамасы фронттық антарктикалық ауа масса бөлігінде болған. Фронт зонасына тек атмосфералық өзгеріс ғана емес сондай- ақ мұхит бассейні режимінде өзгеріс өтеді. Шамамен осы зонамен суық антарктика сулары қоңыржай ендіктің біршама жылы суларымен антарктикалық конвергенция деп аталатын зона сәйкес келеді.

Антрактиканың солтүстік шекарасында мұхиттың бүкіл су режимінің шұғыл өзгерісін барлық зерттеушілер атап көрсетуде. Оның үлкендігі соншалық, Дүние жүзілік мұхитта Антарктика аймағының табиғаттық зоналық шекарасының болуы күмән туғызбайды. Антрактика Жердің оңтүстік, антрактикалық белдеуіне сай келеді.

Антрактиканың әр түрлі секторларындағы антрактикалық конвергенция зонасы әр алуан ендіктерде жатыр, алайда жыл ішінде оның орны өте аз өзгереді. Атлантика секторларындағы антарктикалық конвергенция зонасы әр алуан ендіктерде жатыр, алайда жыл ішінде оның орны өте аз өзгереді. Атлантика секторында және Үнді секторының батыс аудандарында ол 48-50º оңтүстік ендіктердің арасымен өтіп, оңтүстікке ауытқиды да Тынық мұхит секторында 60º оңтүстік ендікке жақындайды. Бұл зона айсбергтер мен теңіз мұзының жиегі олардың барынша таралуы байқалатын солтүстік шекара аралығында аралық қалып алып, орташа алғанда ол 53º 05´ оңтүстік ендікке жақын жатыр. Антрактика ауданы бұл аралықта Антрактика материгін қоса алып, 52 млн. км² құрайды.

Антарктида маңайындағы материктік қайраң жер шарының басқа бөліктеріне қарағанда, недәуір тереңге батып тұр. Бұл терең бату сондай-ақ материктің шетін қамтитын мұхит түбінің кейінгі кездегі төмен түсуімен түсіндірілуі мүмкін. Материктің қайраң бетінде оның ең көп даму кезеңіндегі материктік мұзқ басу әрекетінің іздері бар. Материктік қайраң көлемінде Антарктиканың шеткі теңіздері бұтіндей дерлік жатыр.

Материктік қайраңның тіп-тік бір-бірінен су асты жоталары мен мұхит түбінің көтерілуімен қашықталған тереңдігі 4000-5000 м солтүстігірек жатқан қазан шұңқырларға апарады. Неғұрлым ірі қазан шұңқырлар - Африка-Антарктика, Австралия-Антарктика, Беллинсгаузен қазан шұңқырлары. Олардлы Африка -Антарктика жотасы, Австралия-Антарктика көтерілуі, Оңтүстік Тынық мұхит көтерілуі бөліп тұр.

Су асты жоталарының шыңдары су бетіне аралдар түрінде шығып тұрады. Олар әр түрлі жастағы вулкандық құрылыстар болып табылады. Оңтүстік поляр суларының беткі қабаты шектен тыс төменгі температуралы және тұзды болуымен ерекшеленеді. Қыста Антарктиканың оңтүстік бөліктерінде судың бетіндегі температура шамамен -2ºС, ал солтүстігінде 1ºС-қа жуық немесе біршама жоғары. Жазда судың ең беткі қабаты кейбір жерлерде тек +2, +3ºС-қа дейін қызады. Біршама суық судың беткі қабатиының қалыңдығы бірнеше ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін ауытқиды. Антарктика суларының тұздылығы айсбергтердің тұщытқыш әсерінен ешбір жерде 35‰ жетпейді. Ал бет жағы 34‰-ге тең. Жоғарғы ендіктердегі батыс ауа массаларының басым болуына байланысты Антарктидада батыстан шығысқа қарай үнемі жылжуы болады. Жердің айналуынан ауытқу әсерімен бұл беткі ағыстар солтүстік ағыстарды да алады, сондықтан судың бір бөлігінің үнемі қайтуы пайда болады. Осыған байланысты кейбір тереңдіктерде Антарктикаға біршама жылы су әкелетін компенсациялық ағыстар түзіледі. Бұл сулар тұрақты +1, +2º С-қа жуық мұхиттық антарктика суларының орташа қабатын түзейді. Бұл қабаттан төмен суық су таралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Антарктида ғылыми станциялары
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Халықаралық ынтымақтастық
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Антарктика
Антрактика мен антрактида
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Антарктида
Мұз жамылғысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz