Қазақстан мен шет ел арасындағы қатынастар


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі он бес жылдан соң Азия жолбарыстарының саяси моделіне жақындай түсті. Бұл елдің саяси дамуын демократияға қарай 30 жыл бойы жүрген Оңтүстік Кореямен немесе Тайваньмен салыстырған жөн. Қазақстанның экономикасы жедел қарқындармен дамып, ел бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикаларынан озық келеді.
АҚШ 1991 жылғы желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныды және осы елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Өткен он бес жыл ішінде екі ел екіжақты қатынастардың, экономикалық және әскери ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізді.
Ядролық қаруды таратпаудағы ынтымақтастық - екіжақты қатынастардың алтын арқауына айналды - Қазақстан 1993 жылы ядролық қарудан бас тартқан кезде ол жаңа деңгейге көтерілді.
АҚШ Қазақстан экономикасына шамамен 12 млрд. доллар инвестиция құйды, бұл шетелдік инвестициялардың үштен біріне жуығын құрайды. Тек 2005 жылы ғана екі ел арасындағы сауда айналымы екі есе дерлік өсіп, 12 млрд. долларға жетті.
АҚШ пен Қазақстанның арасындағы қатынастар екі “стратегиялық әріптестер” арасындағы қатынастардың тарихы болып табылады. ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі бір жылда екі еседен астамға ұлғайған: 2004 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының сомасы 835 500 мың доллар шамасында болды. Бір жылдан кейін бұл көрсеткіш екі еседен астамға өсіп, бір миллиард 870 500 мың долларға жетті. Ондағы ҚР-дан экспорттық жеткізілімдер үлесі 667 миллион доллар шамасында болды. Қазақстандық экспорттың құрылымында жай металдар, химия саласының өнімдері басым түседі. Импортты мәшинелер мен жабдықтар, күрделі техникалық аспаптар, химия өнімдері құрайды.
АҚШ Қазақстандағы аса ірі шетелдік инвестор болып табылады. Мұнда 400-ден астам американ компаниялары жұмыс істейді, олардың үлесіне 15 млрд. доллардан астам инвестиция келеді. Қазақстан экономикасына АҚШ инвестициялары тұрақты түрде өсуде. Егер 2003 жылы Қазақстан экономикасына американ инвестициялары 1 миллиард 88 миллион долларды құраса, 2004 жылы ол 3 миллиард 108, 5 миллион доллар болды. Жылдың бірінші тоқсанында бұл инвестициялар 607, 5 миллион долларға жетті. Республикада американ капиталының қатысуымен 374 кәсіпорын және 91 АҚШ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Осылайша, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар көлемі жағынан АҚШ көшбасшылық орында келеді. Осы жылдары американ компанияларының салымдары 12 миллиард долларды құрады. АҚШ компаниялары Қазақстанмен мұнай-газ секторында ғана емес, сонымен бірге коммуникация, көлік, тау-кен, өңдеу, химия, жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, ауылшаруашылық, туризм салаларында ойдағыдай ықпалдасып отыр.
Каспий теңізі жылына 400 000 - 450 000 тонна балық береді және ең маңыздысы - жұмыс орындарын құрып отыр. Балық ресурстарын оңтайлы басқару жағдайында олар мәңгіге созылуы ықтимал. Каспий бекіресінің қоры әлемдік қорлардың 90%-ын құрайды. Қазақстанның Каспий өңірінде аса ірі мұнай-газ резервтері бар және қазіргі таңда күн сайын 1, 5 миллион баррель мұнай өндіреді. 2015 жылға қарай ол күн сайынғы 2, 5-3, 5 миллион баррель деңгейге көтеріліп, Катар және Ирак секілді елдерді басып озады деп күтілуде.
Қазақстанда батыс компанияларымен өнімді бөлу туралы келісім және инвестициялық ахуал көршілес Ресейге қарағанда әлдеқайда ырықтанған, Ресей билігі 2003 жылы ЮКОС мұнай компаниясына қарсы шабуылға шықса, енді Exxon, Shell және басқа мұнай-газ компанияларының Сахалин аралындағы инвестициялық жобаларын күрт шектеп отыр.
Экономикалық реформалардың қарқыны және өсу деңгейі жағынан Қазақстан көршілес Өзбекстан мен Түркіменстаннан көп алға кеткен. Оның энергетикалық емес секторы, соның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындары өркендеп келеді, сонымен қатар ол орасан ауылшаруашылық әлеуетіне ие болып отыр.
2000 жылдан бері экономикалық өсім 9 пайыздан төмендеп көрген жоқ. Жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі 3 000 долларға тез жетті, енді одан әрі өсуі күтіліп отыр. 2004 жылдан бері АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымының деңгейі екі есе өскен.
Қазақстан мұнайға ғана емес, сонымен бірге ақыл-ойға да инвестиция жұмсап отыр. Президент Назарбаевтың қамқорлығымен шетелде оқу бағдарламасы жүзеге асырылуда, соның аясында ең талантты 3 000 студент мемлекет есебінен АҚШ-та, Еуропа мен Жапонияда білім алуда. Бағдарламаны аяқтағандардың кейбіреулері, соның ішінде Гарвард дипломына ие болғандар қазақстандық компаниялардың жетекшілері, вице-премьер болды. Бұл компаниялар қазір шетелге инвестициялар жұмсап, халықаралық капитал рыногына шықты. Бүгінде “ҚазМұнайГаз” ұлттық мұнай компаниясының мүмкіндігі Лондон қор биржасында 2 млрд. долларға бағаланған.
Қазақстан мұнай-газ саласында ғана емес, басқа секторларда да жаһандық ойыншы болып табылады. Мәселен, ол Ресеймен бірлесіп уранды байыту жөніндегі кәсіпорынды іске қосуда, оның өнімін Жапония мен Еуропаға экспорттау жоспарланған. Сонымен қатар бұл ел көмір мен темір рудасының елеулі қорына ие болып отыр, ал бұл өнімдер саланың жаһандық көшбасшысы Mіttal Steel концернінің назарын аударған. Ал Қазақстан астығының экспорты Қытай мен Орта Азия үшін өскелең маңызға ие бола түсуде.
Жуырда Қазақстанда отставкаға кетіп бара жатқан Жапон премьері Дзюңитиро Коидзуми болды, ол Ресей мен Қытайдан келетін ірі инвестицияларға бәсекелестік туғызуға тырысуда. Мұның уақыты өтіп кеткен болуы керек, 2006 жылдың басында Қытай мен Қазақстан жаңа тұрба құбырын ашып, газ құбырын салуды жоспарлауда, бұл құбырмен Қытайға Өзбекстан мен Түркіменстанның газы да ағылатын болады. Ресей мұны өкініш сезіммен қадағалап отыр, өйткені Қытайдың ұлттық мұнай компаниясының 4, 2 млрд. долларға сатып алуын тоқтата алмады. Мәскеу бүкіл Қазақстан газы оның ұлттық монополисі Газпромға тиесілі газ құбыры арқылы өткенін қалайды. Бұл тұрғыда Америка-Қазақстан ынтымақтастығы кінәратсыз болып табылады.
Қазіргі таңда АҚШ Қазақстанды өңірдегі өзінің негізгі досы және одақтасы, тұғырлы да шешуші мемлекет санайды. Биылғы жылы Еуразиялық республикада вице-президент Дик Чейни, мемлекеттік хатшы Кондолиза Райс және энергетика министрі Сэмюел Бодман болды.
Вашингтон үшін Қазақстанның маңызы өткен жылы Ресейдің қолдауымен халық әлдеқайда жиі қоныстанған Өзбекстан АҚШ ӘӘК базасын өз аумағынан қуып шыққаннан кейін бұрынғыдан да өсе түсті. Әндіжан қаласындағы көтерілісті басуға және оның барысында жүздеген адамның қаза табуына АҚШ-тың қатқыл үн қатуы салдарынан Өзбекстанның Батыспен арадағы қатынасы кілт нашарлап кетті.
Қазақстан 1994 жылы кеңестік ядролық қарудан бас тарта отырып, Мәскеудің, Пекин мен Вашингтонның арасында ұтымды маневр жасай білуде, бұл ретте көршілес Иранға маңызды кеңесін де жіберуде: таратпау режімін сақтаңыздар, ядролық қаруды жасамаңыздар, халықаралық қатынастағы үйлесімділік пен діни төзімділікті жақтаңыздар.
Даму үстіндегі экономика және бай табиғи ресурстар - Орталық Азиядағы басқа республикалардан Қазақстанды өзгеше көрсететін бірден-бір ерекшелік емес. Діни толеранттылық - бұл елдің тағы бір айрықша қасиеті. Қазақстан қырықтан астам діни нанымдар үшін ортақ үй болып отыр.
- Қазақстанда тұратын түрлі этностық топтар өкілдерінің арасындағы үйлесім мен келісімнің арқасында біз дамудың қазақстандық моделін іске асырып, экономикалық өзгерістерде таңданарлық нәтижелерге қол жеткіздік, - деп атап өткен болатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік діндер лидерлерінің конгресін ашарда сөйлеген сөзінде.
Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің көп діндік құрылымын мақтан етеді.
- Біз қырықтан астам конфессияның өкілдері республикада бейбіт қатар өмір сүруде деп жиі айтамыз, - деп атап өтті Н. Назарбаев. - Және бұл бос сөз емес. Тәуелсіздіктің 15 жылында баспасөзде де, телевизияда да қандай да бір дін өкілін қорлаудың немесе намысына тиюдің бір де бір оқиғасы болған жоқ. Бұған біздің Конституция тыйым салады.
Қазақстан аумағы жағынан әлемдегі тоғызыншы ел, ол 15 миллионнан астам адамның Отаны болып табылады. Республикада діни төзімділік орныққан. Бүгінде Қазақстан діни толеранттылықтың үлгісі болып табылады, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 2001 жылы Қазақстанда болуы соның дәлелі болса керек.
Бүкіл әлем АҚШ-тағы террорлық әрекеттің бес жылдығын атап өтіп жатқанда Астанада Әлемдік діндер конгресі дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік туралы мәселені талқылауға жиналды. Қыркүйекте ел орталығы Астанада діни төзімділік бойынша екінші дінаралық конференция болды. Еуразия кіндігіне католиктердің, православиенің, мұсылмандардың, иудейлердің, буддистердің, синтоистердің және басқа діндерді ұстанушылардың діни жетекшілері келді. Дінаралық үнқатысудың жемісі лаңкестік пен діни қаскөйлікті тоқтатуға шақыру болды. Қазақстанда түркі тілдес халық, исламды ұстанатын қазақтар славяндармен, немістермен, еврейлермен, корейлермен және басқа көптеген ұлттардың өкілдерімен қоян-қолтық тұрып келеді, бұл - көптеген әлеуметтік, этностық және діни сілкіністерді бастан кешкен өңірдегі діни үйлесімнің бірегей мысалы.
Дінаралық үнқатысу, діни наным бостандығы және халықаралық қауіпсіздікті күшейтудегі діни лидерлердің рөлін пайдалана отырып, өзекті мәселелер талқыға түсті. Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері дінді соғыс мақсаттарында немесе лаңкестік пен жанжалдарды ақтау үшін пайдаланбауға шақырды.
Бүкіл әлемнен келген 43 делегацияның кездесуі жаңа Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Осынау 62 метрлік пирамида тұрпатындағы ғимарат діни өзара түсіністіктің жаһандық орталығына айналмақ.
Президент Назарбаев 2007 жылы республикалық телевизия бір сағат бойы ізгілік пен діни төзімділік уағыздарына арналған хабар жүргізе бастайтынын айта келіп, діни лидерлерді жаңа ғимаратта жыл сайын уағыз таратып тұруға шақырды.
Жаһандық проблемалардың алдында бүкіл дүние лаңкестікті жойып, гуманизм құндылықтарын орнату мақсатымен бірігіп отыр. Толеранттылық пен үнқатысу идеологиясы лаңкестік идеологиясымен күреске түсуі тиіс. Діни қайшылықтардың ішіндегі жаһандық табиғат пен діндердің үнқатысуы бізге БҰҰ келесі жылдардың бірін Діни және мәдени төзімділіктің халықаралық жылы деп жариялайтынына деген сенімді арттыра түседі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та өзінің америкалық әріптесі Джордж Бушпен кездесу сапарының қарсаңында Би-би-сиге сұхбат берді.
Би-би-си: Сіз алда болатын АҚШ-қа сапарыңызға және Президент Джордж Бушпен келіссөздерге қандай үміт артасыз?
Нұрсұлтан Назарбаев : Бұл сапар біздің өзара қатынастарымызды - ең алдымен экономикалық, саяси және Қазақстан көшбасшылық орын алатын өңірдегі халықаралық жағдай мәселелері бойынша өзара қатынастарымызды жаңа сатыға көтереді деп ойлаймын.
Құрама Штаттар Қазақстанды тұрақтандырушы мемлекет деп атады. Бізді нарықтық экономика елі деп таныды. Экономикамыздың өсуі, оның серпінділігі біз ұсынған Қазақстанды әлемнің ең дамыған 50 мемлекетіне қосу туралы идеяға байланысты ең алдымен экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтере алатынымыз туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан антитеррорлық коалицияның белсенді қатысушысына айналды. Біз әлемнің ең қуатты деген державасының өзі ол шабуыл нысаны болмайды деп айта алмайтынын түсіндік. Әлем бұған қарсы бірігуі тиіс.
Қазақстан өз аумағының үстінен мың ұшақтың ұшып өтуіне рұқсат берді, Иракты, Ауғанстанды қалпына келтіруге белсене қолдау білдірді және осы күнге дейін мүмкін болғанынша бұл елдерге көмектесіп келеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда ядролық-зымырандық қару-жарақ арсеналы қалған болатын. Біз АҚШ-пен және Ресеймен бірлесе отырып, осынау өлім себетін қаруды бұзуға кірістік және оны жойдық.
Би-би-си: Сіздер күрделі геосаяси жағдайда қалып отырсыздар: Қытай, Ресей мен АҚШ - осы елдердің әрқайсысы Орталық Азияға өз ықпалын күшейтуге ұмтылуда. Олардың әрқайсысы Қазақстанның энергия ресурстарының қорларына қол жеткізгісі келеді. Егер олардың мүдделерін ескерер болсақ, осы мемлекеттермен қарым-қатынаста бәзбір тепе-теңдікті қалай сақтай алып отырсыздар?
Н. Н. : Қазірдің өзінде барланған мұнай, газ және көмір қорлары бойынша Қазақстан әлемде алтыншы-жетінші орындарда, уран кенінің қоры бойынша екінші орында. Осының өзі-ақ үлкен қызығушылық туғызады.
Еуропа мен АҚШ қаражат инвестициялап, осы ресурстарға қол жеткізгісі келеді. Ресей тасымалдау өзінің аумағы арқылы өткенін қалайды. Қытай қауырт дамып, энергия ресурстарын өскелең түрде импорттауды қажет етеді. Осыған байланысты біз көп векторлы саяси ұстанымда тұрмыз деп санаймыз. Біз Қытай жағына қарай мың шақырымдық мұнай құбырын тарттық, мұның өзі 20 млн. тоннаға дейін отынды экспорттауға мүмкіндік береді.
Ресей арқылы Солтүстік Каспий мұнай құбыры өтеді, оның жалпы қуаты - 60 млн. тонна. Біз Баку-Жейһан тұрба құбырына қосылдық, Бұған АҚШ үлкен мүдделілік танытты. Ол жаққа барынша 20 млн. тонна тасымалдауға болатын шығар.
Көріп отырсыздар, ресурстарды әлемдік рыноктарға тасымалдау инфрақұрылымының өзі біз түрлі көзқарасты қолданатынымызды көрсетеді.
Би-би-си: Сіз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі үшін онда өз еліңіздің мүдделерін барынша қозғап отырсыз. Неліктен Сіз Қазақстанды төраға мәртебесіне лайықты кандидат деп санайсыз?
Н. Н. : Мәселе мынада, көптеген Еуропалық лидерлер (азаматтар туралы айтпағанның өзінде) бұл өңірдің географиялық орналасқан жерін өте нашар біледі. Ауғанстанның қайда екенін, Пәкстанның қайда екенін, сондай-ақ Қазақстанның қайда екенін түсінбестен, республикаларды қорқытып үркітеді.
Мен ЕҚЫҰ бүгінде ең тәуір уақытын бастан кешіп жатқан жоқ деп білемін. Бүгінде онда дағдарыс бар. Алайда, барлық мәселе біздің ЕҚЫҰ-ны қолдайтындығымызда.
Біз осы ұйымда болғымыз келеді және қауіпсіздік саласында Қазақстанда не жасалғанын көрсеткіміз келеді: мұнда Қазақстан тәуелсіздігінің бүкіл 15 жылында 130 ұлт пен ұлыс бейбіт өмір сүруде, 46 діни конфессия өзара тату тұруда, ал мұндай жағдай басқа еш жерде жоқ.
ЕҚЫҰ нақ осымен айналысып, осы тәжірибені зерттеп, таратуы керек. Сондықтан да біз барлық тұрғыдан да ЕҚЫҰ-ға төрағалық үшін пісіп-жетілдік деп санаймыз.
Би-би-си: Сіз өңірде және туған елінде орасан беделге ие болған посткеңестік кеңістіктегі аздаған саясатшылардың біріне айналдыңыз. Бүгінде Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевсыз елестету өте қиын. Сіз Қазақстанның саяси болашағы қандай болады деп білесіз?
Н. Н. : Біз бостандықты кеңітетін заңдарды талдап жасаудамыз. Біз болашақ үшін билікті тұрлаулы ететін кейбір конституциялық өзгерістерге баруымыз мүмкін.
Біз еркін қоғам, нарықтық экономикасы бар қоғам бізге қажетті еркін демократиялық, саяси өзгерістерсіз бола алмайтынын түсінеміз. Яғни, демократия - бұл мақсат, ал біз жолдың басындамыз. Мақсатқа жететін боламыз.
Би-би-си: Қазақстанды әлемде өте шетін де тұрақсыз өңірдегі тұрақтылықтың шағын аралы ретінде қабылдайды. Қырғызстанда саяси дағдарыс жалғасуда, Өзбекстан үкіметінің саясаты Батыста қатал сынға алынып, айыпталуда. Сіз өз көршілеріңізбен қарым-қатынасты қалай құрасыз және Сіз үшін осы қатынастарды дамыту қаншалықты маңызды?
Н. Н. : Сіз атаған Өзбекстанды, Қырғызстанды, Тәжікстан мен Түркіменстан мемлекеттерін қоса алғанда, біздің өңірдегі мемлекеттер өте жақын. Біздің тарихымыз ортақ, мәдениетіміз, тіліміз, дініміз бірдей. Қазақстанның саясатында барлық кезде осы өңірді интеграциялау басымдығы орын алады. Сондықтан да біздің басты міндетіміз - ешқандай дау-жанжал ахуалына жол бермеу және тұрақтандырушы мемлекет болу. Бұл біздің қолымыздан келіп отыр.
Би-би-си: Қазақстан экономикалық дамыған сайын көптеген сарапшылар Сіздің елге көрші мемлекеттерден мигрант жұмысшылардың болмай қоймайтын ағыны туралы пікір білдіруде. Мұндай үдеріс қазірдің өзінде орын алуда. Алайда, сіздерге болашақта Өзбекстан секілді елдердің саяси босқындары проблемасымен бетпе-бет келуге тура келуі мүмкін. Сіз мұндай жағдайға әзірсіз бе?
Н. Н. : Біз қазір өзімізде жұмыс істеп жатқан заңсыз мигранттарды жария етудеміз. Бұл миллионға жуық адам деп ойлаймын. Сонымен қатар біз Өзбекстаннан және басқа мемлекеттерден тағы да миллион адам тартуға дайынбыз.
Олар бізде жұмыс істей жүріп жылына өз отбастарына 300-500 млн. доллар әкеле алады. Бұл ақша Тәжікстан секілді елде бюджеттің үштен бірі дерлік. Осы арқылы біз жаңағы адамдарға жұмыс бере отырып, олардағы жағдайды тұрақтандырамыз. Бұл - бірінші.
Екінші: олардың экономикасын көтеру үшін қазақстандық инвестицияларды ұсынудамыз. Бұл адамдар - біздің экономика үшін ең тәуір мигранттар, өйткені бізде тілдік кедергі жоқ.
Біз бір рухта тәрбиеленгенбіз және әңгіме өте еңбекшіл адамдар туралы болып отыр. Катаклизмдер, ішкі тұрақсыздық, босқындар болуы мүмкін бе - бұдан ешқайда қашып құтылмайсың. Құдай ондайды басқа бермесін, алайда біз оған да дайынбыз.
Н. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары Қазақстан соңғы жылдары қол жеткізген табыстарды бейнелейді.
Н. Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының мақсаты - екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту. Екіжақты экономикалық байланыстарға Қазақстандағы экономиканы әртараптандыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді көздейтін Хьюстон бастамасы серпін берді.
Президент Буш Президент Назарбаевты АҚШ-тың досы ретінде құттықтай отырып, Еуразиядағы американ саясатының үш ұстынына ерекше назар аудартты. Олар энергетика, қауіпсіздік және демократия болып табылады. Екі ел бір-бірін қай кездегіге қарағанда да айрықша қажетсінеді.
Мемлекет айтарлықтай елеулі цифрды, жалпы ішкі өнімнің төрт пайызын осы заманғы батыстық білімге жұмсап отыр және жыл сайын толықтай мемлекеттің есебінен мектептердің 3 мың түлегін Құрама Штаттарда, Еуропада, Жапонияда және басқа дамыған елдерде білім алуға жіберуде.
Қазақстан бұған дейін бір де бір елдің қолынан келмеген нәрсені жасай алды - ол Қытаймен, Ресеймен және АҚШ-пен бірдей деңгейдегі жылы да теңдестірілген қарым-қатынасты сақтай алды. Вашингтонмен байланыстар әлдеқашан қасаң қатынастар деңгейінен шығып кеткен; қазақ солдаттары біздің жауынгерлермен бірге Ауғанстанда қызмет атқаруда; Ирактағы Қазақстан әскерилері үш миллионнан астам минаны залалсыздандырды; Қазақстан Ауғанстан экономикасын континенттік сауда-саттыққа ашу үшін АҚШ-пен тығыз ықпалдасып отыр.
Осының бәрі біздің еліміздің ислам әлемімен байланысының болашағын Қазақстан арқылы жүргізуге сілтеме жасайды. Соңғы он бес жылда талдап жасалған бұл байланыс республикалық та, демократиялық та үкіметтің жағдайында осындай деңгейге көтерілді. Бұл үшін Американың мемлекеттік органдары, компаниялары, білім мекемелері мен ондаған үкіметтік емес ұйымдары зор жұмыс жүргізді.
Қазақстан қазіргі кезде өңірдегі ең өркендеуші ел болып табылады, оның үлесіне бүкіл Орталық Азиядағы жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы келеді.
Ақша тартуды оңайлату үшін Қазақстан ішкі де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де бірыңғай инвестициялық режім орнатты, 1993 жылдан бері елге 40 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар келді. Қазір Қазақстан күн сайын 1, 2 миллион баррельге жуық мұнай өндіреді, оның 80 пайызы экспортқа жөнелтіледі.
Нәтиже таңданарлық. Соңғы алты жылда Қазақстан ІЖӨ-сі орта есеппен жыл сайын 10 пайызға өскен, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысындағы көрсеткіш 9, 3 пайызды құрады. Салықтың жиналуы 95 пайыздан асады. “Standard & Poor’s” компаниясы Қазақстанға ВВВ оң инвестициялық рейтингін берді. Еуропа Одағы мен Құрама Штаттар Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде таныды және оның биылғы жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру мүмкіндігі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz