Ажырасу – ұлт келешегіне төнген қатер



1 Елімізде әрбір төртінші некенің баянсыз болуына не себеп?
2 Ене мен келіннің жараспауы
3 Еліміздегі ажырасқандардың статистикасы
4 Ажырасуды болдырмайтын себептердің ең бастысы
Қазір қазақ үшін таңсық нәрсе қалмады. «Жаһандану» деп өзгенің жақсысын да, жаманын да бірдей жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны ажыратуға шама жоқ. Өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, нашақорлық, тонау, бірін-бірі өлтіру, ажырасу... Иә, бұның бәрі біз өмір сүріп отырған қоғамға тән дүниелер. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. «Пәленшенің қызы қайтып келіпті» немесе «баласы ажырасыпты» дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір ондай гу-гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер» демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Тіпті, «бұл өмір заңдылығы» деп, оған оң қабақ танытып жүргендер де бар көрінеді. Масқара! Қазақ сияқты діні Ислам халық үшін бұл заңдылық емес, жат қылық болу керек еді. Бірақ амал нешік?
Жалпы, ажырасу туралы айтпастан бұрын ұлт тарихына көз жүгіртіп алсақ.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ажырасу – ұлт келешегіне төнген қатер
06 сәуір, 2011 16:27 Соңғы мақалалар Таңдаулы мақалалар

Елімізде әрбір төртінші некенің баянсыз болуына не себеп?
 
Қазір қазақ үшін таңсық нәрсе қалмады. Жаһандану деп өзгенің жақсысын да,
жаманын да бірдей жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны ажыратуға шама жоқ.
Өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, нашақорлық, тонау, бірін-бірі өлтіру,
ажырасу... Иә, бұның бәрі біз өмір сүріп отырған қоғамға тән дүниелер.
Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті
құбылыс ретінде қарап жүрміз. Пәленшенің қызы қайтып келіпті немесе
баласы ажырасыпты дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір ондай гу-
гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме ету
сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер
демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар
аудармайтын болдық. Тіпті, бұл өмір заңдылығы деп, оған оң қабақ танытып
жүргендер де бар көрінеді. Масқара! Қазақ сияқты діні Ислам халық үшін бұл
заңдылық емес, жат қылық болу керек еді. Бірақ амал нешік?
 
Жалпы, ажырасу туралы айтпастан бұрын ұлт тарихына көз жүгіртіп алсақ. Біз
ешқашан жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған халықпыз. Өйткені, дін
Исламға берік едік. Ал, Ислам ешқашан адам тағдырымен ой-науды құптамайтыны
белгілі. Содан болар, қазақ келіндерінің санасында көрпе-төсегін жинап
төркініне кету дейтін ой мүлдем болмайтын. Босаға аттаған күннен бастап
өмірінің соңына дейін сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отын өшірмейтін.
Кеңес үкіметі орнағанға дейін өз ағамыз өзбектерден әлдеқайда көп
болуымыздың да басты себебі осы еді. Десек те, бүгінде дін мен діл жағынан
озықпыз деп мақтана алмаймыз. Өйткені, сол бір қызыл үкіметтен кейін белең
алған рухани жұтаңдықтан әлі толық ес жия алмай жатырмыз. Әйтпесе, ұлт
тамырына балта шабатын, қоғамды іштен ірітетін ажырасуға дәл қазіргідей
бейқам қарамайтын едік.
Әлқисса. Енді осы проблеманың себептерін айқындап көрейік. Сөз жоқ, ең
басты себеп – имансыздықта. Дін мен ділдің тұрмыстан тыс қалуында. Отан –
отбасынан басталады дейді қазақ. Ал сол отбасының діңгегі – дін мен діл,
ұлттық өре мен рух. Алайда, қазіргі қазақ отбасыларында ондай қасиеттер
азайып барады. Тіпті, кейбіреуінде жоқтың қасы. Соның салдарынан бүгінде
кей ата-ана қыздарын адал жар, аяулы ана, ибалы келін болуға емес,
кәсіпкер, шенеунік болуға тәрбиелеп, бай-лыққа жетудің жолдарын үйрет-кенді
оң көреді. Кейін әлгіндей тәлім алған қыз бала билікке ұмтылып, дүниеге
құмартары айдан анық. Ондай нәзікжандылар үшін ана атану, сүйікті болу
екінші кезектегі шаруа. Күйеуге тиген күннің өзінде жарына сөзін өткізіп,
отбасын өзі билеуге ұмтылады. Ал ері айтқанына көнбесе, олар үшін ажыраса
салу түк емес. Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген бір кәсіпкер апамыз
қыз баланың дербес болуын ақтамақ болып: Егер күйеулері тастап кеткен
жағдайда өмір көшіне ілесіп, өз күнін көре алатындай болу керек. Сол үшін
әйел адамдардың дүние жиып, билікке құмартуында еш сөгеттік жоқ, – депті.
Бұл не сонда? Ынтымақ-бірліктің ұйытқысы бол деудің орнына, Ертең жарың
тастап кетеді. Соған дайын бол! Есеңді жіберме дегені қалай? Қосағыңмен
қоса ағар дейтін қазақтың бұлайша сұйықталғанына жол болсын. Әрине,
мұндайлардың қолтығына су бүркіп отырған батыстың батпаққа батырар саясаты
екені айтпаса да түсінікті.
Жоғарыдағыдай таяз ойлайтын апаларымыз ерлердің не үшін әйелдерін тастап
кететінін ойлап көрді ме екен? Бұл еркек кіндіктілер сүттен ақ, судан таза
деген сөз емес. Бірақ, айтпаса, сөздің атасы өледі демекші, мәселенің
басын ашып алған дұрыс. Өйткені, бұл жерде ағаттық көбіне нәзікжандылардан
кетеді екен. Осыған байланысты көрші Ресей елінде ажырасқан еркектер
арасында сауалнама жүргізіліпті. Нәтижесінде, қаты-сушылардың жартысынан
көбі әйелдері көздеріне шөп салғанын айтыпты. Сондай-ақ, кейбірі жары-ның
ең болмағанда, жұмыртқа қуыруды білмейтінін айтып, өкпе-назын білдірген.
Әрине, біздің орыстармен қалыбымыз бөлек болса да, мұндай мәселелерде көп
айырмашылық жоқ. Себебі, біз 70 жыл бір астаудан ас ішіп, бір тудың астында
құдайсыздықты ұрандап келдік. Оның үстіне қазір де екі елдің ақпарат
кеңістігі мен бағыт-бағдары өзара қабысып, астасып жатыр. Демек, біздегі
жағдай да көрші елден көп алысқа ұзай қоймасы анық.
Алла тағала әр нәрсені үшеуден немесе төртеуден емес, жұп қылып екі-екіден
жаратқан. Өзара үндескен екеудің арасына үшінші біреу киліксе, Алла
заңдылығына қайшы тиіп, әсемдікке нұқсан келері сөзсіз. Ажырасудың көбі
ерлі-зайыптының бір-бірінің көзіне шөп салудан болып жататыны да сондықтан.
Тіпті, мұндай өресіз әрекетке ешқандай тосқауыл табылмай тұр. Қайта иман
мен ибадан алшақтап кеткен бай-манап үшін жасырын тоқал ұстау сәнге
айналған. Соны мақтаныш тұтатындарын қайтерсің? Еліміз-дегі телеарналардың
бірінен осы тақырыпта өткен сөзсайыста белгілі жас әншіміз: Егер әйелің
әдемі болмаса, қонақтыққа немесе басқа жерлерге нақсүйеріңмен баруға тура
келеді, – деп ойына келген ойланбай айтып салды. Ұят-ай! Бір қызығы
мәдениет саласында жүрген сол бауырымыз әлгі сөзімен өзінің
мәдениетсіздігін байқатып алды. Бірақ, оның артық қылам деп тыртық
қылғанында шаруасы жоқ. Тіпті, сөзінің еш ақылға сыйымсыз екенін де білетін
емес. Әйтпесе, әйелің әдемі болмаса дегенді айтпас еді. Сондықтан,
жасырын тоқал ұстау, бәйбішесі мен бала-шағасын үйде қалдырып қыз-қырқынмен
қыдыру сәндік емес, әпенділік. Құдай қосқан қосағыңның көзіне шөп салып,
теріс айналу ақымақтық.
Негізі ажырасқандар әртүрлі себептерді алға тартып жатады. Солардың ішінде
көп кездесетіні мінездерінің жараспауы, көзге шөп салу және ішімдіктің
салдары екен. Бейресми деректерге сенсек, соңғы уақытта қыз-келіншектердің
жеке бастарының мақсаты үшін ауқатты, бай еркектерге күйеуге шығып, көп
ұзамай қайта ажырасып кету оқиғасы да жиілеп кеткен. Сондағы арам пиғылды
әйелдердің көздегендері – еркектің жиған-терген дүниесіне ортақтасып, заң
шеңберінде оның мүлкіне қол салу. Сондай-ақ, перзенттің болмауы, діни
көзқарастың сәйкеспеуі, тұрмыс тауқыметі, еріксіз үйлену және ене мен
келіннің тіл табыс-пауы да жұбайлар арасына өз салқынын тигізіп отыр.
Жалпы, ене мен келіннің жараспауы ұлтымыз үшін ұят саналатын, дініміз үшін
құптал-майтын қылық. Өйткені, бұрынғы апаларымыз келіндерін қызда-рындай
көріп, білмегені болса, үйретіп, сол әулеттің болашақ отанасы қылып
тәрбиелейтін еді. Соған сай келін де енесіне ілтипат көрсетіп, алдын
орамайтын. Сондай-ақ, ене мен келіннің анасы мен қызындай екенін ескерсек,
екеуара салқындық ислами көзқарасқа қайшы. Бұл жөнінде қазақ енелерге
қаратып: Келінді ұлың тапса, ұлыңды өзің таптың. Енді кімге ренжисің?, –
дейді. Демек, ене тырнақ астынан кір іздемей, келіннің еркелігін кешіріп,
бір сәт өзінің келін болып келген кезін есіне түсіріп, баласы және әулет
абыройы үшін жас шаңыраққа мейлінше қолдау білдірсе, саналы ұлт, салиқалы
ұрпақ қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан болар еді. Сол кезде келін де
бар жасауын жинап, төркінге кетем деуін доғарары хақ.
Соңғы кездері ерлі-зайыптының арасына түсіп, ажырасуға апаратын тағы бір
тың себеп пайда болды. Ол – интернет. Өйткені, қазір ғаламторда жедел
хабарлама ар-қылы сөйлесетін бірнеше қызмет түрлері бар. Соның ішінде
біздің елде ең көп тарағаны – орыстың мэйл.ру.агент қызметі. Бүгінде агент
дейтін әлекті пайдаланбай-тын қазақ жоқ десек, артық айтқандық емес. Қызмет
бабымен немесе шұғыл жағдайда пайдалан-са, қанеки. Алтын уақытын өлтіріп,
түн ортасында да компьютер мен ұялы телефонға шұқшиып отыратындар бар.
Агенттің зияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ажырасудың негізгі себептері
Отбасы мен неке мәні мен мазмұнын ашу
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Басқарудың Азиаттық түрі
Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығы мен сақталу мәселелері
Қазақ зиялыллары
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Пәндер