Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу



І.Кіріспе ... ... ... ..3
1. Тарау. Алғашқы феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы
1.1. Алғашқы феодалдық Венгер мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодалдық бытыраңқылық. Венгер мемлекетінің сыртқы саясаты ... ... ... 7
ІІ тарау. Венгрия мемлекетінің ауылшаруашылығы мен феодалдық идеологиясының қалыптасуы.
2.1. ХІІІ. Ғасырдағы ауылшаруашылығындағы алғабасушылық. Қолөнер және сауда ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Венгриядағы феодалдық идеология және оған басқа да европалық мәдениттердің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІ. Қорытынды ... ... .24
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, ірі-ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологиясының шығуы — Батыс Европада феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болу процесі, міне, осындай еді. Бірақ әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды.
Батыс Европаның бірқатар аймақтарында феодалдық қатынастар жан-жақты өз ара әрекет етуінің және германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы мен кейінгі римдік құл иеленушілік қоғамның ыдырауының синтезінің нәтижесінде дамыды. К. Маркс пен Ф. Энгельс феодализмнің Германиядан Батыс Европаға дайын күйінде әкелінбегендігін атап көрсетті.
1. Хрестоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П.Грационского, С.Д.Сказкина.
2. Средновековье в его памятниках. Под.ред. Егорова. Москва.1913 г.
3. Сидорова Н.А. Очерки по истории городской культуры в Европе. Москва. 1953 г.
4. О.В.Трахтенберг. Очерки по истории запдноевропейской средновековой философии. Москва. 1957 г.
5. www.ya.ru
6. www.google.kz
7. www.kazref.kz

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Тарау. Алғашқы феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы
1.1. Алғашқы феодалдық Венгер мемлекетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодалдық бытыраңқылық. Венгер
мемлекетінің сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ тарау. Венгрия мемлекетінің ауылшаруашылығы мен феодалдық
идеологиясының қалыптасуы.
2.1. ХІІІ. Ғасырдағы ауылшаруашылығындағы алғабасушылық. Қолөнер және
сауда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Венгриядағы феодалдық идеология және оған басқа да европалық
мәдениттердің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17
ІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 4
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, ірі-ірі
феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді
өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің
және феодалдық қоғам идеологиясының шығуы — Батыс Европада феодалдық
қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болу процесі, міне, осындай еді.
Бірақ әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл
процестің өзіндік ерекшеліктері болды.
Батыс Европаның бірқатар аймақтарында феодалдық қатынастар жан-жақты өз
ара әрекет етуінің және германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы мен
кейінгі римдік құл иеленушілік қоғамның ыдырауының синтезінің нәтижесінде
дамыды. К. Маркс пен Ф. Энгельс феодализмнің Германиядан Батыс Европаға
дайын күйінде әкелінбегендігін атап көрсетті. Германияда рулық құрылыстың
ыдырау кезеңінде көріне бастаған феодализмнің нышандары тек жаулап
алғаннан кейін ғана — жаулап алған елдерде табылған өндіргіш күштердің әсер
етуінің арқасында нағыз феодализмге өріс алды.
Сонымен, варварлық германдық корольдіктерде кейінгі римдік және германдық
қоғамдық қатынастардың жәй механикалық түрде қосылуы жүрген жоқ,
синтезденген жері де болып, түбірімен жаңа феодалдық қатынастар қалыптасты.
Бұрында да айтылып өткендей, мұндай қатынастардың элементтері кейінгі
римдік қоғамда да және ыдыраған рулық-тайпалық герман қоғамында да болған
еді. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен дамуы Европа
тайпалары үшін жеделдеді, тұйыққа тірелген Рим қоғамы үшін мүмкіндік туды.
Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Европаның көптеген
аймақтарына тән қасиет болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі
феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын
зерттеу.
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
1. Венгриядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына түсінік
беріп, оны зерттеудің қоғамдық мәнін айқындау.
2. Ортағасырлық Венгрияның сыртқы саясатына сипаттама беру.
3. Ортағасырлық идеология мен мәдениеттің дамуын талдау.
Зерттеу объектісі: Ортағасырлық Венгрияның қоғамдық құрылысы.
Зерттеу пәні: Орта ғасырлар тарихы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз
материалдары, өзіндік ізденістер.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады

1. тарау. Алғашқы феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы
1.1. Алғашқы феодалдық Венгер мемлекетінің құрылуы.
Оңтүстік орыс даласында көшіп-қонып жүрген Венгер тайпаларының одағы IX
ғасырдың
ақырында Карпатты асып өтіп, Орта Дунай ойпатынан орын тепті.
Бүкіл X ғасыр бойыңда осы территорияны мекендеген және жергілікті
негізгі көпшілігі славяндар болған, егінші халықтың тәжірибесін меңгере
отырып, венгерлер біртіндеп отырықшылық пен егіншілікке көшті.
X ғасырдан бастап венгерлерде феодалдану процесі басталып, ол мұнда XII
ғасырдың орта тұсына дейін созылады. Венгерлердің билігіндегі паннон
славяндарында, сондай-ақ кершілес славян халықтарында алғашқы феодалдық
қатынастардың болуы және кешпелі венгерлерде мүлік дифференциясының есуі
Венгрияда феодализмнің қалыптасуына жағдай жасады. Венгерлердегі мүлік
дифференциясы венгер отрядтарының X ғасырдың алғашқы жартысында Орталық
және Батыс Европа елдеріне және Византияға жасаған шапқыншылықтарының
салдарынан тездей түсті. Қолға түсірілген олжа (құлдар мен дүние-мүлік)
бертінде феодалдар табының негізін құрған рулық-тайпалық дәулетті жоғарғы
топты байытты. Феодалдану процесімен бір мезгілде екі жүз жылдан кейін ғана
аяқталған венгерлердің жергілікті славян халықтарын ассимиляциялау процесі
де жүріп жатты.
Венгер қоғамындағы күшейген әлеуметтік дифференцияға байланысты князь
Гезенің (972—997) тұсында-ақ мемлекеттік ұйымның белгілері көріне бастайды.
Венгрияның христиан дініне ене бастауы да осы уақытқа жатады I Иштван
(Стефан) (әулие) (997—1038)—Арпадтар династиясының негізін салушы шамамен
1000-жылы папа II Сильвестрден тәж бен корольдік титул (атақ) алды.
Иштванның тұсында алғашқы феодалдық мемлекеттің негізі қаланып, елдің
христиандандырылуы аяқталды. Бұл корольдің және оның мұрагерлерінің ішкі
саясаты (Арпадтардың династиясы Венгрияда 1301 жылға дейін биледі) елдің
феодалдану процесіне жағдай жасады. Бұл істе корольдардан едәуір
жеңілдіктер және сыйлыққа аумақты жер алған католик шіркеуі көрнекті роль
атқарды. Венгрияда ірі дүнияи жер иелері де экономикалық және саяси үлкен
күшке ие болды. Едәуір территорияны корольдік домен иеленді.
XI—XII ғасырлардағы феодалдық қатынастардың қалана бастауы және
қалыптасуы. Феодалдар мен корольдің иеліктеріңде алғашында ерікті
қауымдастар мен тәуелді шаруалардың әр түрлі категориялары қоныстандырылды.
Сербтер мен либертиндер — жерге отырықшыландырылған құлдардың
ұрпақтары және феодалдарға мейлінше қатты тәуелді болды, бірақ XI ғасырдың
өзінде-ақ олар жеке басы тәуелді шаруаларға айналды. Дүниені феодалдардың
иеліктеріндегі халықтың едәуір бөлігін сербтер құрады; олардың негізгі
міндеткерліктері барщина болды. Сербтер шіркеулік жерлерде де тұрды, ондағы
жұмыс істеп өтейтін міндеткерлік ерте кездің өзінде-ақ өнімдей рента арқылы
екінші қатарға ығыстырылған болатын. Кең-байтақ корольдік иеліктер
шаруаларының ерекше категориялары — қорған адамдары — жерге
отырықшыландырылған, әрі корольдің пайдасына оброк төлеуге және борышын
жұмыс істеп өтеуге міндетті бұрынғы жауынгерлер; сондай-ақ корольдік сарай
шаруашылығына қызмет істейтін сарай қызметкерлері — удворниктер (двор—
аула — деген славян сөзінен шыққан) құрады.
XI ғасырдың ішінде ерікті қауымдастардың негізгі бұқарасы феодалдарға
тәуелді шаруаларға айналып болды. Егер I Иштванның 1000—1010 жылдарда
басылып шыққан зандарында олар әлі еркін адамдар ретінде аталатын болса, ал
король Кальманның (Кітапшының) (1095—1116) заңы еркін шаруалар бұқарасының
феодалдарға толығынан бағынғандығын дәлелдейді. Қауымдастардың феодалдануға
қарсы наразылығы феодализмге дейінгі тәртіп пен пұтқа табынушылыққа оралу
ұранымен өткен 1046—1060-жылдардың шаруалар көтерілістерінен анағұрлым
айқын көрініс тапты. XII—XIII ғасырлар ескерткіштерінде аталатын азат
егіншілер іс жүзінде тәуелді халық категорияларының бірі болып табылады.
Олардың шаруалардың өзге түрлерінен өзгешелігі еркін ауысу (иеленушіден
шығуы, кетіп қалуы) әрі барщинаны оброкпен және ақшалай төлеммен ауыстыру
правосының сақталуында болды.
Феодалдану процесінің негізгі нәтижесі XI—XIII ғасырлар ішінде
экономикалық және праволық қатынас жағынан феодалдарға тәуелді бір тұтас
шаруалар табының құралуы болды. Сөйтіп сербтердің, либертиндердің жағдайы
жеңілдеп еркін шаруалардың тәуелсіздігі күшейді. XIII ғасырдың 40-
жылдарынан бастап деректердің көбінде заттай рента басым орын алған
шаруалар міндеткерлерінің унификацияланғанын көрсетеді. Ескерткіштер,
сондай-ақ бұл кезде ақшалай рентаның да болғанын дәлелдейді. XIII ғасырдың
соңына қарай қалыптасқан Венгрия-дағы феодалдарға тәуелді бір тұтас
шаруалар табының өзіне тән ерекшелігі еркін өтудің оның барлық жіктеріне
таралғаны болды, бұрын онымен (еркін өтумен) еркін шаруалар ғана
пайдаланып келген болатын. Феодалдарға тәуелді шаруалардың бүкіл
бұқарасының бұл правоны іс жүзінде жүзеге асыруы ХШ ғасырдың екінші
жартысындағы шаруалардың таптық күресінің күшеюі нәтижесінде мүмкін болды.
Шаруалардың қарсылық көрсетуі негізінен жаппай қашу, қоныс аудару қозғалысы
түрінде көрінді, онымен күресу әлсіз корольдік орталық үкімет пен бытыраңқы
феодалдарға қиынға түсті.
XIII ғасырдың басына қарай феодалдардың билеуші табы қалыптасып болады.
Оны қалыптастыруға венгерлік ірі жер иелерімен қатар венгерлер біртіндеп
ассимиляциялаған славян ақсүйектері, сондай-ақ, бір жағынан, XI ғасырдан
бастап Венгрияның территориясына ішкерілей енген және жергілікті
феодалдармен тез бірігіп кеткен неміс рыцарьлары да қатысты.

1.2. Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодалдық бытыраңқылық. Венгер
мемлекетінің сыртқы саясаты.
Феодалдану процесінің жүзеге асуы және XI—ХІІІ ғасырларда болған феодалдық
жер иелерінің әртүрлі топтары күштерінің арақатынасындағы өзгерістердің
нәтижесінде елдегі орталық өкімет әлсіреді. Азат қауымдастардың
тәуелділікке түсірілуіне қарай ірі дүнияи және шіркеулік феодалдардың
экономикалық қуаты артты. XII ғасырдың екінші жартысында-ақ жеке жер
иеліктері мөлшері жағынан корольдік доменнен кем болды; бірақ осы кезден
бастап дүнияи және шіркеу шонжарлары корольдік домен тарапынан сыйға
берілген жер есебінен өздерінің иеліктерін едәуір кеңейтті. Жерді сыйға
беру XIII ғасырдың басында II Эндренің (Андрата) (1205—1235) басқаруында
ерекше өріс алды, оның тұсында феодал ақсүйектердің саяси ықпалы да өте
күшейді. Дүнияи және шіркеу ақсүйектерінің қол астына өтудің салдарынан өз
жағдайының нашарлауынан тегін қауіптенбеген корольдік, шаруалардың
көпшілігі бұл сыйлық берушілікке қарсы шықты. Қозғалысты ұсақ феодалдар
замок иобагиондары мен король малайлары басқарды. Алғашқылары жекелеген
корольдік иеліктерді басқару қызметін іске асырды, сол үшін де жер
иеліктерімен және артықшылықтарымен пайдаланды. Соңғылары оларды корольге
өтейтін әскери қызметтің есесіне алды. Венгриядағы ұсақ және орташа
феодалдардың толып жатқан жіктері негізінен осылардың екеуінен де
қалыптасты. Қозғалысты шонжарлардың өз ара бәсекелесуші топтарының бірі
қолдады. Оған қатысушылардың 1222 жылы II Эндреден Алтын булланың (алтын
мөр басылған грамота) басылымын алуға қолдары жетті. Формасы жағынан, аздап
мазмұны жағынан да, еркіндіктің ағылшындық Ұлы хартиясымен ұқсас бұл
документ венгер феодалдарының правосы мен артықшылықтарын кепілдендірді:
олар салық төлеуден босатылды, жеке басына қол сұқтырмайтын ерік алды,
провинциялардағы—комитеттердегі барлық билік соларға берілді. Король жыл
сайын ақсүйектердің өкілінен заң шығаратын жиналыс шақырып отыруға міндетті
болды. Мұнымен қатар Алтын булла ұсақ феодалдардың (замок иобагиондары
мен король малайларын) олардың артықшылықтарын сақтау туралы, корольдіктің
аумағындағы олардың корольге пайдалы әскери қызметін шектеу туралы және
бастысы — шонжарларға комитеттерді тұтастай сыйлауды шектеу жайындағы
арнаулы талаптарын қанағаттандырды. Сонымен бір мезгілде король алдағы
уақытта жат жұрттықтарға иеліктер мен мансаптарды сыйға бермеуге Алтын
буллада уәде ете отырып, iонжарлардың бір бөлігінің талаптарына жол
бермеуге мәжбүр болды. Ол кездегі ірі жер иелерінің қуатты болғаны Алтын
булланың 31-пунктінен көрінеді, ол (31-пункт) ірі жер иелеріне король
мең оның мұрагерлері осы документте берген уәделерін бұзатын болса, оларға
қарсылық көрсетуге право берді. Ішкі таптық күрес барысында шіркеу
шонжарлары күшейді, шіркеу иелеріне бірқатар артықшылықтар бекітіп берген
1231 жылғы заң осының айғағы. Дүнияи және дін иесі ірі феодалдар қуатының
өсуі XIII ғасырдың орта тұсында Венгрияда феодалдық бөлшектенуге әкеп
соқты.
Венгер мемлекетіне өмір сүре бастаған кезінен бастап Герман империясымен
ұзақ та табанды күрес жүргізуге тура келді. 1030 жылы I Иштван
Герман императоры II Конрадттың шапқыншылығына тойтарыс берді. Осы кезден
бастап венгер корольдері өзінің басты қарсыласы империя деп білуі тегін
еместін. Сондықтан империяның папалықпен күресінде Ласло мен Кальман
папаларды қолдап отырды. Империя тарапынан болған қауіп венгер
корольдерінің Киев Русімен (ежелгі орыс мемлекетімен) достық, тату көршілік
қарым-қатынас орнатуына да себепші болды. XI ғасырдың соңына дейін осылай
болып келді. 1902 жылы елге басып кірген печенегтерді талқандап, венгерлер
Европа халықтарын шығыс көшпенділерінен қорғауға өз үлестерін қосты.
XII ғасырдың орта шенінен бастап Венгрияға Бабенбергтердің австралиялық
герцогтары тарапынан туындаған қауіппен санасуына тура келді. II Геза
(1141—1162) герцог Генрих Бабенбергтердің (Ясомирготтың) шабуылын тойтарды,
венгер шонжарларының (1146) бір белігі соның жағына өтіп кетті. Ішкі таптық
және династиялық ұрыс-таластар да Венгрияның екінші бір қуатты қарсыласы —
XII ғасырдың 50—60 жылдарындағы византиялық император I Мануил Комнинға
қарсы өзінің тәуелсіздігі жолындағы күресін қиындатты. Бірақ венгер
корольдерінің сыртқы саясаты елдің тәуелсіздігін қамтамасыз ету талабымен
ғана сипатталып қойған жоқ: феодалдық қатынастардың нығаюымен байланысты
венгер феодалдарының көршілес территорияларға қатысты жаулап алушылық
қимылдары ұлғаяды. Славяндық аймақтарды Славония мен Хорватияны (1091),
Далматин қалаларын жаулап алуы (1102—1105), сондай-ақ венгер феодалдарының
Галициялық-Волынскілік Руське жасаған толып жатқан жорықтары (1099, 1123,
1148—1152, 1187, 1205—1213) шанқыншылық саясатының көрінісі болып табылады.
Татарлардың Венгрияға шапқыншылығы. Ел татар шапқыншылығының
сойқандарына ұшыраған 1241—1242 жылдар Венгрия халықтарының басына
түскен ауыр сынақ болды. Татарлар Венгрияға 1241 жылдың
көктемінде үш колонна болып (Моравия, Верец асуы және Трансильвания арқылы)
шүйілді. Негізгі отрядты Бату хан басқарды. Шонжарлардың зорлық-зомбылығы
мен корольдік доменнің кемуі жағдайында король IV Беланың (1235—1270) қол
астында жауға тойтарыс беруге жеткілікті әскери күш болмады. Оның жинаған
әскері 1241 жылдың 11 апрелінде Шайо өзенінде талқандалды. IV Беланың өзі
алдымен Австралия гер-цогына қарай, ал одан кейін Даламатин жағалауына
қашып кетті. Венгер шонжарларының бір бөлігі татарлар жағына өтті. IV Бела
жалбарынып сұранғанмен Папа Венгрияға көмек көрсеткен жоқ. Алайда
Адриатикаға жетісімен татар әскерлері 1242 жылы күтпеген жерден шығысқа
бұрылып, орыс жеріне кетті. Татарлардың күшін әлсіреткен Русь халықтарының
қаһармандық күресі Венгрияны ұзаққа созылған кұлдықтан құтқарып қалды.
Елді татар шапқыншылығының қайталауынан қауіпсіздендіру мақсатымен IV
Бела 1246 жылы Галицк князі Даниил Романовичпен 1264 жылға дейін өмір
сүрген одақ құрды.
XIII ғасырдың ортасына қарай Венгрияда феодализм қалыптасып болды.
Феодалдану табыстарымен байланысты бірінші ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында-
ақ басталған орталық өкіметтің әлсіреу және жекелеген шонжар руларының
ілгері шығу (выдвижение) процесі осы жүз жылдықтың екінші жартысында да өсе
берді. Ол елдің іс жүзінде жекелеген шонжар руларының иеліктеріне
ыдырауынан көрінді. Задунай аймағындағы Хенрикфьтің семьясы, Солтүстік
Венгрияда (Словакия жерінде) Чака руы, Венгрияның шығысы мен солтүстік-
шығысында Аба және Борша рулары билік жүргізді. Шонжар үйлерінің әрқайсысы
дербес ішкі және сыртқы саясат жүргізді, жеке әскер ұстады оның негізін
ұсақ және орташа дворяндар — фамилиаристер деп аталған оның бұрынғы
вассалдары құрады. Шіркеу феодалдарь да өз иеліктерінде іс жүзінде
дербестікпен пайдаланды, мәселен 1264 жылғы Эстергом архиепископтығы
пайдаланған артықшылықтар осыны дәлелдейді. Король IV Ласлоның (Половец
немесе Кун деп аталып кеткен) (1272—1290) шонжарлардың зорлық-
зомбылығына қарсы күресте Венгриядағы половецтерге сүйену талабынан ештеңе
шықпады. 1270 жылы IV Ласлоны шонжар топтарының бірі түтқынға алды, ал
1280 жылы шонжарлар половецтерді талқандап жеңді. Феодалдық анархия
Арпадтар династиясынан шыққан соңғы корольдың III Эндренің
(1290—1301)—билігі тұсында және венгер тағы үшін кейбір үміткер, жат
жерлік династиялардың өкілдері арасында күрес болған патшалық құрған
аралықтағы уақытта (1301—1308) ең жоғары дамуға жетті. Өз ара үнемі
шайқасып отырған шонжарлардың қожалығы елдің экономикасына, шаруалар
шаруашылығына ауыртпалық келтірді.

ІІ тарау. Венгрия мемлекетінің ауылшаруашылығы мен феодалдық
идеологиясының қалыптасуы.
2.1. ХІІІ. Ғасырдағы ауылшаруашылығындағы алғабасушылық. Қолөнер және
сауда.
Қалай дегенмен де XIII ғасырдың соңын ала Венгрияда өндіргіш күштердің
дамығаны бай қалады. Бұл кезде егіншілік ауыл шаруашылығының жетекші саласы
болып түбегейлі орнықты. Егіншіліктің басты жүйесі қайта жырту болып
қалғанымен XIV ғасырда үш танапты жер жыртудың пайда болуы дамығандықты
көрсетті. Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы дами берді. Ауыл
шаруашылығының өнімдері — шарап, мал, мал шаруашылығының өнімдері ішінара
дамып келе жатқан қалаларға, ішінара басқа елдерге — Чехияға Австрия
жеріне, Польшаға сатуға жіберіліп отырды. Дамып келе жатқан товар-ақша
қатынасының әсерімен венгер шаруаларының көпшілігінің жағдайы XIV—XV
ғасырларда одан ары ауырлай түсті. Өнімдей және ақшалай рента, сондай-ақ
еңбекпен өтейтін міндеткерліктер үздіксіз өсе берді. 1351 жылы жаңа
натуралды міндеткерліктің—тоғыздықтың өндірілуі заңмен бекітілді.
Жекелеген жер иелері шаруалардың барщиналық еңбегін барған сайын көптеп
пайдаланады. Әскер ұстау шығыны шаруалардың мойнында болды. Оған қоса
шаруалардың праволық жағдайы да нашарлады. Егер XIV ғасырдың басына дейін
венгер шаруаларының көпшілігі әлі де бір феодалдан екіншісіне кету правосын
сақтап келген болса, XIV ғасырдың алғашқы он жылдығында қабылданған заң
бойынша бұл правоның жүзеге асуы бұрынғы иесінің (қожасының) рұқсатына
тәуелді етілді. XIV ғасырдың екінші жартысы XV ғасырдың бірінші жартысы
ішінде феодалдар бұрынғы шаруалар бостандығының бұл қалдықтарын іс жүзінде
толығынан жоя алды. Көптеген ірі және орташа феодалдар XV ғасырда өздерінің
иеліктерінің халқына қатысы корольдерден жоғары юрисдикцияның правосын
—қылыш правосын алады.
XIII ғасырда Венгрияда қолөнер мен сауданың орталықтары ретіндегі
қалалар пайда болады. Король IV Бела қолөнершілер мен саудагерлердің жиырма
алты елді мекеніне олардың осыған дейінгі дамуының нәтижелерін нығайтқан
қалалық артықшылықтар сыйлады. Неғұрлым ірі қалалар Буда, Пешт, Эстергом,
Дьер, Шопрон, Секешфехервар еді. Ірі қалалармен қатар Венгрияда үлкен
селолар түріндегі толып жатқан селолық қалалар деп аталатын қалалар да
болды, олардың тұрғындарының арасында өздерінің өнімдерін жергілікті
рыноктарға өткізіп отырған қолөнершілер бар еді. Ондай елді мекендер
қалалық артықшылықтармен пайдаланған жоқ, әрі жекелеген феодалдардың.
билігінде болды; олардың тұрғындары осы феодалдардың пайдасына міндеттер
өтеп отырды, XIV ғасырда қалалық қолөнердің дамуында үлкен ілгерілеулер
болды. Осы жүз жылдықтың 70-жылдарында жекелеген мамандықтардың
қолөнершілерін біріктірген цехтар қалыптасады; осы кезде цехтық ұйымға
қамтылған қолөнердің 25-ке жуық түрі бартын.
Венгер қаласы әлеуметтік және этникалық қайшылықтардың тоғысқан жері
болды. Тұтастай алғанда Европаның басқа да көптеген елдеріндегі сияқты қала
адамдары феодалдарға қарама-қарсы тұрды, феодалдық анархияға қарсы күресуші
корольдерді қолдап отырды. Жекелеген қала тұрғындарының әлінен асқан
феодалдарға өз күштерімен соққы берген жағдайлары белгілі. Мәселен, 1360
жылы Шопронда солай болды. Қалалар билігі жекелеген патрициан семьяларының
қолында болды және көбінесе мұрагерлік жолымен қолдан-қолға өтіп отырды.
Шатрициаттың құрамына қалалық жер иелері, неғұрлым бай саудагерлер мен
өсімқорлар кірді. Бұл кездегі Венгрия үшін қалалық дәулетті жоғары топтың
феодалдануы тән: сауда мен өсімқорлық капиталдың көптеген өкілдері феодал-
жер иелеріне рйналды. Венгер қалаларындағы патрициаттың көпшілігі неміс-рер
еді, олар едәуір мөлшерде венгер қалаларына осы қалалардың пайда болған
кезінен бастап қоныс аударды, әрі оларға Эенгер корольдері ерекше қамқорлық
жасап отырды. Алайда ХІҮ—XV ғасырлардың ішінде қаланың билігінен үміткер
венгер көпестері мен өсімқорларының күші өсті. Қолөнершілердің денін
венгерлер, словактар, румындар құрады. Сондықтан XIV—XV Ігасырларда
қалалардағы патрициаттар мен қала жұртшылығының арасындағы шиеленіскен
күрес этникалық қайшылықтары қиындай түсті. 1439 жылғы 23 майда бұрқ ете
түскен Буда қаласы тұрғындарының көтерілісі неміс зорлық-зомбылығын жою
ұранымен өтті. XV ғасырда шеберлер цехтардың мүшелері мен кіші шеберлердің
— цехтан сыртқы қолөнершілердің араслндағы қайшылық барған сайын көбірек
байқала түседі, цехтан тыс қолөнершілерді қанау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясының құлауы
Рим империясының құлдырауы
Византия қалаларының құлдырау себептері
Германия, Англия және Сотүстік Европа елдеріндегі феодалдизмнің дамуын, ішкі –сыртқы саясаттың барысын зерттеу
Ортағасырлық Византия қалалары
Батыс Европа мемлекетi
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық құрылысы
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Пәндер