Алынбалы протез қондырғыларын дайындау технологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Алынбалы қондырғыларды дайындау технологиясы.

жоспары

  1. Құрылымды дайындау технологиясы
  2. Алынбалы протездердің құрылымдық бөліктері

Барлық тістерді жоғалту жақ сүйектерінің атрофиялық процестің нәтижесінде бет қаңқасында өзгерістерге әкеледі. Осыған байланысты мұрын, ерін және беттін иекасты қатпарлары айқындалады, мұрын ұшының орналасуы өзгереді. Осының бәрі беттің деформациясына әкеліп оған кәрі түр береді. Осы аталған өзгерістер шайнау, сөйлеу қызметін бұзады. Осы өзгерістерді тек протездеу арқылы тоқтатуға болады.

Жоғарғы жақта көбіне атрофияға вестибуляр беткей ұшырайды, атрофия нәтижесінде жоғарғы ерін үзбесі және өтпелі қатар альвеолер өсіндігі жақын орналасады. Қатты таңдайда жоғарғы жақта ортаңғы тігіс маңында сүйек шығыңқы орналасады.

Төменгі жақ сүйегі тағаттәрізді пішінді, онда денесі, альвеолер өсінді және екі бұтағы.

Адам ағзасының тіршілігі, оның ішінде шайнау аппаратының анатомиялық және физиялогиялық ерекшеліктері, онтогенетикалық және филогенетикалық даму кезеңдеріне әрдайым сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне тап болды. Адам ағзасының заңдылықтарының ең бастысы болып оның тұтастығы мен формасының және қызметінің өзара байланысы болып табылады.

Бет - жақ жүйесі ағзаның әр түрлі қызметін атқаратың органдардың жиынтығы болып табылады: ас қорту, дем алу, сөз құрау және т. б.

Бұл жүйенің мүшелерінің өзара орналасуы, даму дәрежесі бет әлпетінің түрлерін анықтап береді.

Бұл жүйе, жақ, мұрын және бет сүйектерінен тұратын қаңқадан; тістерден - асты тістеп кесіп, майдалап және шайнауға арналған мүшелерден; асты қарпып, ауыз қуысының ішінде ұстап тұруға арналған мүшелерден (еріндер) ; ас түйінін түзіп, аранға жылжытатын мүшелерден (тіл, жұмсақ және қатты таңдай, тілше) ; шайнау және мимикалық бұлшық еттерден; үш жұп сілекей бездерінен және нервтік рецепторлардан құралған.

Бет - жақ жүйесінің барлық мүшелері бір - бірімен тығыз байланысты. Оның бірінің өзгеруі екіншісінің қалыбы мен қызыметінің өзгеруіне әкеп соғады. Қалыбы мен қызметі біртұтас процесстің екі жағы болғандықтан сыртқы ортаның әрдайым өзгерісіне бірге бейімделеді. Мысалы, бірінші азу тістің ерте жұлынуына байланысты тіс қатарының бұзылуы буын барысының қалыбына, жақ сүйегінің қисайып, төменгі және жоғарғы тіс қатарларының арақатынасының өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Адамның тіс жақ жүйесінің мүшелерінің қалыбы мен қызметі диалектикалық бірлік түзеді. Қызметінің бұзылуы мүшенің қалыбының өзгеруіне әкеліп соғады. Керісінше қалыбының құрылымы бұзылса онда қызметі өзгереді. Үлкен көпір тектес протезден болатын функциялық артық күш тіс ұясының семуін туындатады. Жалпы аурулар кезіндегі (сусамыр, авитоминоз, пародонтоз) тіс ұясының семуі, тістердің қозғалңыштарын арттырады.

Ортопедиялық стоматология клиникасында жақ сүйектерінің құрылысын функциялық ерекеліктері, шаққыш буынның, шайнау және мимикалық бұлшық еттердің, пародонт тканьдерінің құрылыстарын оқып үйренудің ерекше маңызы бар. Соңдықтан тісі жоқ адамдарды тексеруден, оларға тіс салуды үйретуден бұрын жоғарыда көрсетілген органдардың анатомиялық және функциялық сипаттамасын бергенді жөн көріп отырамыз.

Жекелеген қасықтарды тіс техникалық зертханада дәрігердің нұсқауымен балауыздан немесе пластамассадан дайындайды.

Ғаныштан құылған мүсінде болашық қасықтың шекараларын сызады. Тіс техникалық балауыз табақшаны қыздырып екіге бүктейді, кейін оны мүсінге басып жабыстырады. Балауыз қалдықтарын штампельмен шекара бойынша кесіп тастайды. Қасықты шешіп алып, оның шеттерін горелка немесе спиртовкада балқытады. Қасықпен ауыз қуысында жұмыс жазғанда ыңайлы болуы үшін және оның мықтылығы үшін қалыңдығы 1 мм алюминий сымнан П әріпі пішіндес тұтқа дайындайды. Ол 1 см-ден биік болмауы тиіс. Сымның ұштарын жалынның үстінде қыздырып тұтқаны альвеолярлы өсіндінің центрі бойынша 90 градусте кіргізеді.

Төсегііш үлгілік материал үшін орынды қамтамасыз етеді. Ол үшін мүсінді көрсетілген шекара бойынша бір қабат жұмсартылған балауызбен жабады, кейін жоғарыда аталынған әдіс бойынша жекеленген қасық дайындайды. Үлгі алу үшін қасықтан 1-і қабат балуызды алып тастап, орнына үлгілік массаны салады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі емес аппараттарды дайындау технологиясы
Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар
Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері
Пластмассалардың түрлері қасиеттері
Жұмсақ эластикалы төсеніші бар толық алынбалы протез
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Бет-жақ протездерін жасау техникасы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ауыз қуысының шырышты қабығына пластмассалы протездің әсері
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Доғалы протездердің құрылымдық элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz