Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсету


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Абылай (Әбілмансұр) ХҮІІІ ғасырдағы "Ақтабан шұбырынды -Алқакөл сұлама" аталған қасіретгі кезеңдегі ұзақ жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығынан байтақ жерімізді азат еткен, алып мемлекеттер - Қытай, Ресей патшалығымен мәмілеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, Орта Азия хандықтары және Еділ қалмақтарымен халық мүддесі үшін күрескен даңқты қолбасшы, қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, отырықшылыққа, өркениеттілікке жеткізуге ұмтылған айбынды да ардақты хан, кемеңгер көсем.

Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған.

Кезінде орыс тарихшылары, зертгеушілері Абылайдың хандық қызметіне, саясаттағы беделіне, қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, кеңестік идеология көп уақытқа дейін тарих тасасында қалдырды. 1944 жылы Г. Александров, П. Поспелов, Ф, Федосеев т. б. кеңес ғалымдарының БКБ(п) Орталық Комитетінің хатшылары Г. М. Маленков, А. Щербаков атына жазған хатында М. Әбдіхалықов, А. Панкратова редакциясымен шықан Қазақ ССР тарихының тұжырымдамасы қатаң сынға алынды. Осы айтылған жайттар біздің дипломдық жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.

Диплом тақырыбының зерттелу деңгейі. 1940-1980 жылдарда А. Баймурзин, Н. Г. Аполлова, В. Я. Басин, Б. П. Гуревич, Т. Ж. Шойынбаев, С. Е. Толыбеков сияқты тарихшылар еңбегінде Абылай "халықты тонаушы", "екі жүзді"» «жауыз, қанішер» "қайшылықты, жалтақ саясат иесі", "басқыншы", "зорлық-зомбылықшы", "орыс мемлекетіне қарсы шығушы" болып айыпталды, 1950 жылғы "Правда" газетіндегі мақалада Абылай мен Кенесары заманы қараланды. Тіпті 80-ші жылдардан кейін де Қытайдан Я. Мырзахан мен мен ұйғыр тарихшысы К. Хафизова Абылай құрған хандық мемлекетті жоққа шығаруға тырысты. 1952, 1962, 1977, 1983 жылдардағы Қазақ ССР тарихы Абылайдың билігі, саясаты жайлы теріс түсінік қалыптастырды. М. Вяткиннің Абылай ханның оң баға берген еңбегі ескерусіз қалды. Абылайдың хандық мемлекетіне қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты бағалар берілген А. И. Левшиннің жазбалары тарихи шындықты жан-жақгы ашатын, құнды еңбек. Кеңестік саясат Абылайды жалаң, идеологияландырылған, қайшылықгы тұлға санаған кезде де ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай бейнесіне, атап айтқанда, Қ. Мұхаметханов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин, Х. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, Ә. Қоңыратбаев талдау жасады. Сонымен бірге С. Қасқабасов Ш. Уәлиханов жинаған Абылай жайлы аңыздарға Р. Бердібай тарихи жырлар мен қисса-дастандардағы Абылай бейнесіне сипаттама берді. Ж. Тілепов ХҮІІІ ғасыр ақын-жырауларының өлең-толғауларындағы Абылай өмірінің тарихи шындыққа қатысын, Ш. Ы. Уәлихан Абылайдың халық ауыз әдебиетінде сомдалуына, өміріне қатысты тарихи деректердің мәнділігіне тоқталды. Абылай жайлы тарихи құжаттарды аударып, Абылайтануға негіз боларлық материалдарды жинап бастыруда С. Ақтаев елеулі еңбек сіңірді. Б. С. Рахымовтың ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жырларға байланысты 1993 жылғы кандидаттық диесертациясында Абылай бейнесі басқа да қазақ батырларымен жалпылама қарастырылды. Бұқар толғауларындағы Абылай бейнесіне Ж. Артықбаев тарихи зерттеу жасады, Абылайнамалық шығармалардың баспасөзде жарияланып, кітаптарда жарық көруіне С. Дәуітов белсене араласты.

Диплом жұмысының мақсат-міндеттері.

Абылай жайлы соңғы жылдарда жариялаған өлең-толғауларды, тарихи жырларды, дастандарды жинақтап, жүйелеп Абылайдың тарихи тұлғасының жасалу ерекшелігін айқындауды, Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсетуді мақсат еттік:

- ХҮIІІ ғасырдағы өлең-толғау, тарихи жырлардағы және одан кейінгі кезеңдегі дастандарда Абылай тұлғасының жасалу ерекшелігі;

- Абылай өмірінің тарихи оқиғалармен сабақтастығы;

- Абылай туралы халық ауыз әдебиеті шығармаларын жанрлық түрде жүйелеу;

- эпикалық дәстүр жалғастығын айқындау;

- тарихи жырлар мен дастандардың вариант нұсқаларын талдауда олардың тарихи шындыққа қатыстылығын анықтау;

- Абылай бейнесін сомдаудағы қолданылған поэтикалық тәсілдерді салыстыра зерттеу,

- Абылай жайындағы текстологиялық мәселелерді қамтуды көздедік.

Диплом жұмысының әдіс-тісілдері.

Диплом жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін салыстырмалы-зерттеу, тарихи хронологиялық, сипаттау, жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1. АБЫЛАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ

Тарихымызға "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" болып енген ұзақ жылғы қазақ-жоңғар шапқыншылығының шындығының терең ашатын Қожаберген жыраудың әйгілі "Елім-ай" толғауындағы: Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ, Басынып ата жауым етті мазақ. Көршілес екі жұрттан дәу мылтық ап, Көрсетті шапқыншылар елге азап деп күйзеліп те, күйініп те жырлағанындай, Абылай ел билігіне келерге дейінгі заманның қазақ үшін "сорлы, торлы заман'\ "күн майдан", "маңдайынан бағы тайған", "қазақтан сасық қалмақ озған", олардың көршілес екі елден мылтық» яғни, зеңбірек алып (Ресей мен Қытай) "есірген", "әулиедей болған" [1, 148 б. ] заман болған.

Халықтың үштен екісі қырылып, "Еділ, Жайық, Арқаға қазақ ауып» Шу, Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды" деп жырау айтқандай, еліміздің тоз-тозы шығып, берекесі кетіп, іргесі сөгілген, қысталаң, қиын, сұрапыл заман тарих тілімен айтқанда, "шапқыншы қалмақ пен ұлт-азаттық қозғалысының шешуші кезеңін тудырды" [2, 145 б. ] .

Төле би толғауындағы "көкірек қазақ хандардың лауазымға таласып, елді быт-шыт қылғаны, ағайынның алауыздығынан көлденең көк аттының елді жаулап алғаны, аз дұшпаннан жеңіліп қабырғасын қайыстырған кезеңде "ыдырап жатқан қазақгың басын қосып, береке-білім іздеген" ел билеушісін уақыт талап етті. [3, 240 б. ] .

Халық басына төнген қасірет ел тағдырын таразыға салды, шашырап, сансырап тозған, бірлігі бүлініп, тағдыры қыл тұзақ ұшына ілініп тұрған кезенде үш жүздің басын қосып, Қазақ ордасын нығайтып, Жоңғарларға қарсы жойқын ұрыстарда қол бастап, байтақ жерді азат еткен, даңқты қолбасшы, көреген саясатшы айбынды ханымыз Абылай еді. « . . . Сол аласапыран дәуірде қалың елдің жаны аман қала ма деген үміті жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын . . . Қазақтан жат елге басынбай өз елдігін сақтап келіп іргесін бөлек салуы -Абылай заманынан бері қарай XIX ғасырдың ортасынан ауғанға дейін жаңа саяси бет алды" деген [4, 5 б] М. Әуезов сөзі сол заманның азап, сорынан, құрдымға кету қаупінен халқын құтқарып қалған даланың дана көсемі, ел тірегі Абылай болғанын паш етеді. Ш. Уәлиханов зерттеуінде: "Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жәнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық-тұрық малын, үй мүлкімен түстікке барып қойып кетгі . . . Міне, осындай екіұдай, үрейлі кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш қатардан жауынгер боп қатысты, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі, сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие болды" [5, 112 б] деп, Абылайды заманы мыңдаған, тағдырдың түрлі сынақтан өткен, басының ересен ерлігімен, қол бастауға деген ерекше қабілеттілігімен, алғырлығымен, көрегендігімен, парасаттылығымен ерте бастан ел назарына іліккенін аңғартады.

Ел аузынан жазып алынған "Абылай ханның сыны Райымбектің жауабы" деген аңыз-жырда:

Айналайын, қазағым,

Қалмақ шауып, бақ ауып,

Судан аққан қан көрді,

Аққан қанды тыймаққа,

Алаштың басын жимаққа,

Абылайдай хан берді"

десе, М. Жұмабаев "Батыр Баян" дастанында:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
Қазақтың ханы Абылай
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Ақтамберді жырау өлеңдерінің басты идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz