«Техникалық құрылғылар мен құрылымдарды жобалау негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы
Автомобиль транспортының өндірістік жұмысы, жеке автомобильді тиімді қолдану жақсы жөнделген автомобиль торабынын дамыған болуын қажет етеді.
Автомобиль транспортының дамуы экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жағымды құбылыс болып табылады. Автомобильдендіру деңгейі келешекте өте үлкен қарқынмен өседі деп айтуымызға негіз бар. Бірақта автомобильдендірудің салдарынан қазіргі заманғы қоғам оның жағымды емес тұстарымен де кездесуде. Осының салдарынан шыққан күрделі мәселелер келесілер болып табылады:
- апаттың көбеюі (жол конгресінің бүкіләлемдік ассоцасиясының және халықаралық жол федерациясының мәліметтеріне сәйкес барлық континенттердің автомобиль жолдарында жыл сайын 200 мыңдай адам қаза табады, ал апаттың салдарынан шығатын шығын көптеген елдерде ұлттық кірістің бір пайызын құрайды);
- автомобиль қоршаған ортаны ластаудың және транспорт шуының негізгі көзі болып табылады.
1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.
2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.
3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 48 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМК құжаты ОӘК ОӘК 042-18-12.1.5903-2013
Техникалық құрылғылар мен Баспа №1
құрылымдарды жобалау
негіздері
пәнінен студенттерге
арналған жұмыс
бағдарламасы

Техникалық құрылғылар мен құрылымдарды жобалау негіздері

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей
2013

Алғы сөз
1. Құрастырған
Құрастырған: ____________________ Ақпараттық жүйелер кафедрасының
аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.

2. Талқыланды
2.1. Ақпараттық жүйелер кафедрасы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 09 09 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 11 09 2013 ж.
Төрағасы __________ Бекбаева .С.

3. бекітілді
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге
ұсынылды және мақұлданды.
Хаттама № 1 18 09 2013 ж.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.

4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

мазмұны

Глоссарий

1. Дәрістер
2. Практикалық сабақтар
3. Студенттің өздік жұмысы

1.глоссарий

Есептеу жылдамдығы- бұл автомобиль жолда жол апатынсыз жүре алатын ең
үлкен жылдамдық. Сондықтан, есептеу көрсеткіші проектілеудің барлық қалған
техникалық нормаларын орнатады.
Есептеу жүктемесі- жол киімінің және инженерлік қажеттіліктің
мықтылығын есептеу үшін, сонымен қатар жер бетінің тұрақтылығын тексеру
үшін қолданылады. Есептеу жүктемесі колоннада орналасқан есептеу
автомобильінің осі және салмағының жүктемесімен сипатталады, салмақты
тоннамен белгілейтін (Н10, Н13, Н30) сандарымен анықталған НР немесе Н
әріптерімен белгілінеді.
Мост габариті (конструкцияға жақындау габариті) дегеніміз
конструкцияның ешбір элементіне берілмейтін кескіннің ішкі мостының
габариті Г әрпімен белгіленеді және метрмен өлшенетін мост бөлігіне сәйкес
санмен белгіленеді.
Жолдың өткізу мүмкіндігі- жолдан белгілі бір жылдамдықпен неғұрлым көп
автомобильдің өтуі болып табылады.
Орталық жүргіншінің жолы( немесе бір жүргіншінің бөлігі) негізгі
көлік легін өткізуге арналған. Бір жақ шетке жүру жолындағы
жергілікті және қоғмдық көліктерге арналған.
Орталық бөлу жолағы қарсы қозғалыс көлік легін бөледі, ал
қалған бөлу жолақтары бір бағыттыларды бағытына қарай бөледі.
Техникалық жолақтарды мынандай кездерде жобалайды, жер асты
инженерлік желілерді көгалдандыру мен бөлу жолақтарының астарына
кіргізе алмағанда қолданады.
Резервті жолақ керекті төсеніштер жер асты инженерлік желілер
үшін арналған және де қосымша жүру жолдарымен трамвай жолдарын
кеңейту үшін қолданылады.

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:

Дәріс 1
Автомобилдендіру процесіндегі автомобиль жолдарының ролі
Дәріс жоспары:
1. Кіріспе
2. Автомобилдендіру процесіндегі автомобиль жолдарының ролі
1. Кіріспе

Автомобиль транспортының өндірістік жұмысы, жеке автомобильді тиімді
қолдану жақсы жөнделген автомобиль торабынын дамыған болуын қажет етеді.
Автомобиль транспортының дамуы экономикалық жағынан да, әлеуметтік
жағынан да жағымды құбылыс болып табылады. Автомобильдендіру деңгейі
келешекте өте үлкен қарқынмен өседі деп айтуымызға негіз бар. Бірақта
автомобильдендірудің салдарынан қазіргі заманғы қоғам оның жағымды емес
тұстарымен де кездесуде. Осының салдарынан шыққан күрделі мәселелер
келесілер болып табылады:
- апаттың көбеюі (жол конгресінің бүкіләлемдік ассоцасиясының және
халықаралық жол федерациясының мәліметтеріне сәйкес барлық
континенттердің автомобиль жолдарында жыл сайын 200 мыңдай адам
қаза табады, ал апаттың салдарынан шығатын шығын көптеген елдерде
ұлттық кірістің бір пайызын құрайды);
- автомобиль қоршаған ортаны ластаудың және транспорт шуының негізгі
көзі болып табылады.
Қоршаған ортаға теріс әсерін азайтатын жол қозғалысының қауіпсіздігін
жоғарылату үшін тиімді іс-шарамен қамтамасыз ету – мұның бәрі күрделі
әлеуметтік-экономикалық және техникалық мәселе болып табылады. Бұл
мәселелер жаңа жол салумен, бар жолдарды жөндеумен және бұрын қалыптасқан
жол тораптарының транспорттық-экспулатациялық деңгейін өсіру жолымен
шешіледі.
Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық деңгейі
жоғары болған сайын автомобильдендірудің теріс жақтары азайады.
Кейінгі онжылдықта жол қозғалысының дамуының зерттелуі ретінде
жол инфрақұрылымының мәнді модификациясы байқалады. Автомобиль
магистральдарының тораптары және жылдам жолдар салынуда; дублер – жолдар
салынуда; елді мекенді айналып өтетін дөңгелек жолдар салынуда; трасс
жолдар тегістелуде; өткел жолдар кеңейтілуде. Мұндай жол тораптарының
қарыштап дамуы жол қозғалысының талаптарына жауап береді, қауіпсіздік
деңгейін көтереді және қозғалыстың жайлылығын қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар қазіргі заманға сай автомобил жолдарының транспорттық-экспулатациялық
дәрежесі тек трассаның геометриялық элементтерінің сәйкестенуімен, қозғалыс
жолағы санымен, өткел жолдың және жол шетінің жағдайымен ғана анықталмайды,
жол қозғалысының қауіпсіздік талаптарына сәйкес және қоршаған ортаны қорғау
инженерлік құрылғыларды кеңінен және тиімді қолданылуымен қамтамасыз етеді
сондықтан ол жолдың инженерлік құрылғыларымен анықталады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі заманғы әлемде магистральдарды салудың жағымды жақтары.
2. Қазіргі заманғы әлемде магистральдарды салудың жағымсыз жақтары.

Дәріс 2
Жолдардың транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштері
Дәріс жоспары:
1. Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштерінің
негізі.
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

1. Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштерінің
негізі
Автомобиль жолдарының негізі транспорттық-экспулатациялық
көрсеткіштері: автомобил қозғалысының есептеу жылдамдығы, есептеу
жүктемесі, мост және тоннелдер габариті, өткізу және провозная
мүмкіндіктері, жолдан өту мүмкіндіктері сонымен қатар жол қауіпсіздігі
көрсеткіштері.
Есептеу жылдамдығы- бұл автомобиль жолда жол апатынсыз жүре алатын ең
үлкен жылдамдық. Сондықтан, есептеу көрсеткіші проектілеудің барлық қалған
техникалық нормаларын орнатады. Есептеу жылдамдығы жол категориясынан және
жергілікті жердің релефінен тәуелді орнатылады. Жергілікті жерді кесіп
өтетін қиын аймақтарға релеф, жиі кездесетін ойық ойпаттары бар жол бөлігі
және 50 метрден жоғары 0,5 км-ден артық емес аралықтағы су бөліктері
жатады. Таулы жердің күрделі аумақтарына тау қатпарлары арқылы өтетін өткел
және күшті кесілген баурайлармен таулы шатқалдың учаскелері жатады.Қиын
аймақтарға жол элементтерінің тағайындалуының есептеу қозғалысын төмендету
шартымен талапты жұмсарту қарастырылған.
Есептеу жүктемесі- жол киімінің және инженерлік қажеттіліктің
мықтылығын есептеу үшін, сонымен қатар жер бетінің тұрақтылығын тексеру
үшін қолданылады. Есептеу жүктемесі колоннада орналасқан есептеу
автомобильінің осі және салмағының жүктемесімен сипатталады, салмақты
тоннамен белгілейтін (Н10, Н13, Н30) сандарымен анықталған НР немесе Н
әріптерімен белгілінеді.
Мост габариті (конструкцияға жақындау габариті) дегеніміз
конструкцияның ешбір элементіне берілмейтін кескіннің ішкі мостының
габариті Г әрпімен белгіленеді және метрмен өлшенетін мост бөлігіне сәйкес
санмен белгіленеді. Габарит жолдың категориясымен құрылғандардың
толықтығына сәйкес белгіленеді.
Жолдың өткізу мүмкіндігі- жолдан белгілі бір жылдамдықпен неғұрлым көп
автомобильдің өтуі болып табылады. Қозғалыстың қауіпсіздігі үшін бірінің
артынан бірі қозғалып келе жатқан автомобильдердің арасында белгілі бір
арақашықтық сақталуы керек, яғни алдында келе жатқан автомобиль кенеттен
тоқтап қалса артындағы автомобиль тоқтайтындай арақашықтық болуы керек.
Жолдың өткізу мүмкіндігінің өлшемі қозғалыс жолағы санынан, транспорт
құралдары қозғалысының жылдамдығынан және өту бөлігі бетінің жағдайынан
тәуелді.
Жол бойында автомобильдің V(кмсағ) есептеу жылдамдығымен 1 сағат
ішінде автомобильдің келесі саны орналасуы мүмкін:
N=1000Vla+St
Мұндағы, (la+St)-динамикалық габарит;
La - автомобиль ұзындығы;
St – қозғалыстың бір жолағы үшін автомобильдер арасындағы неғұрлым
үлкен есептеу уақыты.
Қозғалыстың бірнеше жолағы үшін жолдың өткізу мүмкіндігін келесі
формуламен есептейміз:
Nдор=N n Kn
Мұндағы,
N-бір жолақтың өткізу мүмкіндігі (автсағ);
n- жолдағы қозғалыс саны;
Kn- жолақ санынан тәуелді жолақ коэффициенті.
Жолдың провозная мүмкіндігі-бірлік уақытында (сағат, тәулік, жыл)
жолдан өту мүмкіндігі бар неғұрлым көп жүк тоннасының саны. Жолдың
провозная мүмкіндігі өткізу мүмкіндігінен және қолданылып отырған транспорт
құралының жүккөтерілімдігінен тәуелді.
Автомобиль жолдарын проектілеу кезінде алдын-ала экономикалық
зерттеулерден болашақтағы жүктің түсірілетін мүмкін салмағы жылдамдығына
мың тоннамен анықталады. Бұл қозғалыстың интенсивтілігін анықтайды және
жолдың категориясын анықтауға мүмкіндік береді.
Жүктің өткізушілігі жыл көлемінде жолдың өткізу қабілетін күндердің
санымен анықтайды. Жол конструкциясының жетілмегені әсіресе төменгі
категориясы жылдың жеке аралығында мысалы қар басып қалғанда транспорттық
құрылғылардың қозғалысын шектеуге немесе толығымен тоқтатуға әкеп соғады.
Автомобиль жолдарын дұрыс проектілеу ең бірінші қозғалыстың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өз элементтерінің барлық сәйкестіктерімен
және олардың жергілікті ландышафттарымен байланысуы арқылы жүргізушіге
бағыт пен қозғалыстың қажетті режимін көрсететін жолды ғана қозғалыс үшін
қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді деп есептеуге болады.

Дәріс 3
Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы .Ортақ желі
жолдарының классификациясы

Дәріс жоспары:
1. Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы.
2. Ортақ желі жолдарының классификациясы.

1. Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы.

Жолдардың бес негізгі категориясын атап көрсетуге болады.
Бірінші категорияға ортақ мемлекеттік белгідегі автокөлік жолдары
, Республикалық белгідегі негізгі могистральдық жолдар , ірі қалалардан
аэрапорттарға , өзіндік және теңіздік порттарға (интенсивтілігі 7000
авт.сут. жоғары) арналған кіріс жодықтар жатады.
Екінші категорияға дәл осы сияқты жолдар жатады , бірақ
интенсивтілігі 3000- нан 7000 авт\сут дейін болады.
Үшінші категорияға ортақ мемлекеттік және Республикалық
белгідегі интенсивтілігі 1000- нан 3000 авт.\сут. дейінгі жолдар ,
облыстық , белгідегі негізгі жолдар , жергілікті пункттерге , теміржол
тораптарына , өзендік және теңіздік порттарға арналған кіріс жолдықтар
, кәсіпорындардың кіріс жолдықтар жолдары , сондай ақ жеке
кәсіпорындарды немесе кәсіпорындар арасындағы топтарды шикізат
өнімдерімен , теміржол станцияларымен , өзендік және теңіздік
порттармен , негізгі кәсіпшіліктер арасындағы жолдармен біріктіретін
жолдар жатады.
Төртінші категорияға облыстық және аудандық белгідегі автокөлік
жолдары жергілікті белгідегі жолдар , ортақ желідегі кіріс жолдықтар
жолдары , өндірістік кәсіпорындар ірі құрлыс объектілері , совхоздар және
колхоздар кіреді . олардың интенсивтілігі 2000 -нан 1000 авт\сут дейін
болады.
Бесінші категорияға жергілікті белгідегі автокөлік жолдары , ішкі
кәсіпшілікті жолдар және кіріс жолдар , совхоз және колхоздардың
күнделікті ішкі жолдары , интенсивтілігі 200 авт\сут болатын қызметтік
және потрульдік жолдар кіреді . Бұлардан басқа техникалық тасымалдарға
қызмет көрсететін өндірістік кіріс жолдық жолдар болады. Оларды (нетто –
млн. т\год) 1.0 және млн- т \ год жоғары және 1.0. млн.т\год. аз болатын
жүк кернеулігі арқылы ажыратуға болады.

Қала көшелері мен жолдарының классификациясы
Қайта құрылған аймақтарда немесе қайта құруға жататын аймақтарда
орналасқан , бірінші типтегі жылдамдық жолдары , сондай ақ осындай
қиылысқан аймақтарда әр түрлі деңгейдегі жасанды жарақты тонельде ,
эстокадада салынатын жоғарғы техникалық категория жолдарын көрсетеді .
Бұл жолдарда қаланың ірірек және ірі аудандары арасында және қала
арасында және басқа да топтық таратып қоныстандыру жүйесінің жергілікті
пункттері арасындағы транспорттық жылдамдықты байланыстар бар.Қозғалыстың
мінездемесі : үзіліссіздік қозғалыс , әр түрлі деңгейдегі транспорттық
шешімдер. Жергілікті және жанама (боковой) кіріс жолдарының құрылғылары.
Транспорттық тролебустан , мопед және велосипедтен басқа барлық түрлері.
Жылдамдық жолдарындағыдай автобустардың қозғалысы аялдамасыз болады . Жаяу
жургіншілер жолының қозғалысына тыйым салынады.
Екінші типтегі жылдамдық жолдары жоғарғы категорияның бірі болып
табылады , бірақ олар қайта құрылмаған аймақтардан өтетін болғандықтан ,
жасанды жарақ трассасында олардың салыстырмалы салмағы аз болады.
Жылдамдық жолдарының бірінші типке қарағанда қозғалыс мінездемесі
аналогты : бірақ бұл жерде жергілікті және жанама ( боковой) кіріс жолдар
орнатылмайды.
Транспорт қозғалысының үзілісіз режимінің ортақ қалалық
белгідегі магистральды көшелері ірі және өте ірі қалаларда да құрылған
. Қаланың орталық бөлігі арқылы қозғалыстың транзиттік бөлігін алуға
болады.Транспорттың үзіліссіз қозғалысының ортақ қалалық белгісіндегі
магистральды көшелерді жобалау қажет. Бірінші типтегі үзіліссіз қозғалық
магистралінің максималды интенсивтілігінде жанама кіріс жолдар
қарастырылады. Олар көпшіліктік , жүктік және жергілікті транспорттардан
орталық кіріс жолдар бөлімдерді жүктейді. Екінші типтегі
магистральдардың жергілікті және жанама кіріс жолдары транспорттың
жүктемесі аз болғандықтан қарастырылмайды.( бірінші типтгі - 500 мың
адамнан жоғары қала елді мекендері , екінші типтегі -250-500 мың адам қала
елді мекендері).Ортақ қалалық белгідегі реттік қозғалысының магистраль
көшелерінде басқа да көшелер мен жолдардың қиылысуы , басқа жолдардың
жолдарымен және үзіліссіз қозғалыс магистральдарының қиылысуынан басқа ,
ережедегідей бір деңгейде т ұрады. Екі ортақ қалалық магистральдардың
реттеу қозғалыстағы немесе ортақ қалалық магистральдарының жеке
қиылысулары қозғалыстың интенсивтілігі өткізу қабілеттілігі бірінші
деңгейдегі светафор қиылысуының реттеуінде асырып , әр түрлі деңгейде
жобалайды.(1 типте – 500 мың адам қала елді мекендері , 2 типте - 250 –
500 мың адам қала елді мекендері)
Ортақ қалалық белгідегі магистральды көшелерде жергілікті және
жанама кіріс жолдар МИД 1,2 орталық өту бөлімдерінің шектелген өткізу
қабілеттілігінде транспорттың реттеліп өткізілуі үшін қолданылады .
Аудандағы белгідегі магистральды көшелер бірінші және екінші
типтегі транспорт жүктердің шамасына қарап ажыратады (250 ден жоғары және
250 мың адамнан дейінгі қала елді мекендері ). Бірінші типтегі аудандық
белгідегі магистральда жергілікті кіріс жолдар жобалануы мүмкін. Екінші
типтегі магистральдарда жергілікті кіріс жолдар жобалары қажет емес.
Аудандық магистральдардың қиылысулары өз арасында бір деңгейде
қарастырылады.
Бірінші типтегі маагистральды жүк жолдары екінші типтегі МГД – ға
қарағанда қайта құрылған және қайта құруға жататын аймақтардан өтеді. Онда
өндірістік қаланың өндірістік склады және шекарысында комуналда
арасындағы вне жилой достройки . бұл жолдарда жүктік қозғалыс бір
деңгейдегі және әр түрлі деңгейдегі қиылысуларда көпшілікті транспорт
болмайды. Қажет жағдайда көпшіліктік транспорттардың өтуі аудандық
белгідегі магистраль көшелерінің категориясына көшеді.
Тұрғындар көшесінде тұрғындарымен және микро аудандарға
транспорттық қызмет көрсету іске асады . көпшіліктік транспорт мұнда
жіберілмейді . бір және жиілігі аз көпшіліктік транспорт екінші маршруттың
өтілімі ұйымдастыру қозғалысының режимінде қиындықтар түсірмейді және сол
уақытта елді мееннің транспорттың қызмет көрсетілім деңгейін көтеру
қарастырылады .
Өндірістік және комуналды складты шекаралар жолдары аудан
аймағындағы өндірістік және құрлыстық жүктерді тасу үшін қолданылады .
Бұнда жүктік транспорт қозғалыста болады .
Жаяау жүргіншілердің жолдары және көшелер автомибилизация
өсімінің және транспорт қозғалысының интенсивтілігі өсімінің үзіліссіз
үлкеюі қызық тудырады. Жаяу жүргінщілердің көшлері қызметтік және апаттық
бағыттырдың бірлік транспорттық құралдардың өтуші қарастырады.
Ережедегідей бұл көшелер тұрғындарды кең дамыған желілермен (театр , кино ,
ресторан) қызмет көрсетуі қажет. Бұл қайта құрудың транспорттық қызмет
көрсетілімі тылдық ба ғытпен қамтамасыз етуі қажет.
Паселкалық көшелерді және жолдарда шикі паселкалы
транспорттық және жаяу жүргіншілер байланыстары бар болады. Селитебные
және өндірістік шекаралар арасындағы өндірістік шекаралардың
транспорттық байланысы , сондай ақ ортақ желілердің автокөлік жолдары
бар.
Ішкі шекра аудандық кіріс жолдар басты, негізгі және жеке
үйлерге арналған кіріс жолдар деп бөлінеді және де жергілікті белгідегі
көшелер тұрғын үйлердің бірнеше топтық транспорт байланыстары үшін және
жергілікті белгідегі магистраль көпшіліктік тұрғын үйлердің жеке
топтарының транспорттық және жаяу жүргіншілер байланыстырады , сондай ақ
көпшілік және мәдениет тұрмыстық мекемелері басты кіріс жолдармен өзара
аудандық белгідегі тұрғыынды және магистральды көшелер және
мекемелердің транспорттық және жаяу жүргіншілік қызмет көрсетулер ;
негізгі және бастапқы кіріс жолдардың байланысы үнемі қолданылады.Кіріс
жолдар арқылы қызмет көрсетулер жіберіледі.
Велосипед жолдары тек қозғалыстарында ғана қолданылады ,
ережедегідей , өзіндік трассаларда салынды , аудандық белгідегі
магистральды көшелермен ішкі микроаудандық тұрғын көшелерінің
байланыстары үшін қызмет етеді .
Бақтық саябақтық жолдар саябақ , бақ және сквер аймақтарында
жобаланады.Басты бақтық саябақтық жолдарды жылдың кез келген уақытында
қолданылатын кең жаяу жүргіншілер аллеялары бар.Ішкі саябақтың
микротранспорт және қызметтік белгідегі бірлік транспорт.

Дәріс 4
Қала шетіндегі автокөлік жолдары мен қала көшелері жолдарының
элеметтері.

Дәріс жоспары:

1.Қала жолдарының элементтері
2.Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементтері

1.Қала жолдарының элементтері.
Қалалық жолдар және көшелер өздерінің шекара шегінде қызыл
жолақтар аралығында, әртүрлі элементтермен ұштасады, оларға: бір
немесе бірнеше жүргізу бөліктері, жаяу жүру жолағы, велосипед
жолағы, әртүрлі типтегі жасыл көшеттер жолағы (газон, бульвар)
орталық бөлу жолағы қарама-қарсы бағытта жүру бөлігінің арасында,
арасында бөлу жолақтары орталық өту жолдары мен біршетке жүру
бөлігі және жергілікті жүру жолдарының арасында, трамвай жолы мен
бөлу жолақтары, тратуар мен жүру жолдарынан бөлінетін, техникалық
жолақ, резервті жолақ, тұрақтау және соңғы қоғамдық көлік аты,
әртүрлі типтегі қоршау, көліктердің жүруін бағыттау және жөнге салу
және көлік тұрағы, үйінділердің құламалары, подпорлық қабырғалар
және де сұбырғыштар жүйесінің элементтері, жарықтандыру, су асты
инженерлік желі, көше және жол қозғалыстарын жөнге келтіру және
ұйымдастыру құралы. Әр түрлі категориялардың үйлесуі және де
жергілікті шарттарда әртүрлі болуы.

Сурет 1. Қалалық жол элементтері
1-орталық жүру бөлігі (екі немесе бір); 2-орталық
бөлу жолағы; 3-орталық және бір шетке жүру арасындағы бөлу жолағы;
4-бір шетке жүру белгісі; 5-тратуар мен бір шетке жүру жолағының
арасын бөлу жолағы; 6-тратуар; 7-қызыл жолақтағы көгал жолағы; 8-
құрылыс немесе қызыл жолақ; 9-трамвай жолы мен орталық
жүргіншінің арасын бөлетін жолақ; 10-трамвай жолы; 11-техникалық
жолақ;
Орталық жүргіншінің жолы( немесе бір жүргіншінің
бөлігі) негізгі көлік легін өткізуге арналған. Бір жақ шетке жүру
жолындағы жергілікті және қоғмдық көліктерге арналған. Жергілікті
жүргіншілердің жолағына тек құрылысқа қызмет ететін көліктер ғана
жіберіледі.
Орталық бөлу жолағы қарсы қозғалыс көлік легін бөледі,
ал қалған бөлу жолақтары бір бағыттыларды бағытына қарай бөледі.
Әр түрлі бөлінген орынға бағытталған көліктер легін және көліктерден
жаяу жүргіншілерді бөлу. Бөлу жолақтары, орталықтан басқа, жер
асты инженерлік желілерді бөлу үшінқызмет етеді, көгалдандыру және
әртүрлі қала көшелерінің құрылғылары(жарықтандыру құралы және
байланыс сымы, бағыттағыш, бағдаршам т.с.сс).
Техникалық жолақтарды мынандай кездерде жобалайды, жер
асты инженерлік желілерді көгалдандыру мен бөлу жолақтарының
астарына кіргізе алмағанда қолданады.
Резервті жолақ керекті төсеніштер жер асты инженерлік
желілер үшін арналған және де қосымша жүру жолдарымен трамвай
жолдарын кеңейту үшін қолданылады.
Бөлу және техникалық жолақтар уақытша жапқан қар кезінде
қолданылады.
Трамвай жолдарын орналастыратын жолақтар жолдың бір
жолында орналасуы мүмкін, 1-суретте көрсетілгендей көше осі бойынша.
Бағыттаушы островки көліктер мен жая жүргіншілердің
қозғалысын ұйымдастыру және жөнге келтіру үшін қолданылады.
Көлік тұрағы, қызыл жола шекарасында орналасқан алаң
нмесе қала көшелері элементіне кіреді. Әрқашанда мұндай көлік
тұрақтары шеткі және жергілікті жолға және көгалдар жолағының
бойына, қызыл жолақ бойына жайғасып жасалған. Әр кезде көлік
тұрақтары қалалық алаңдар территориясына кірістіріледі. Қалалық
шегінде орналасқан көлік тұрағы, көшеден жүру бөлігін және
тртуарларды бөлу жолағымен бөледі, ереже бойынша жүру жолына немесе
тратуардан 15-см биік және көгалдандырылған болу керек. Қалалық
алаң территориясының шекарасында көлік тұрағы жүру жолының бөлігімен
бір деңгейде және де сызық бойымен қысқартылады. Қызыл жолақ
бойында орналаспаған көлік тұрағы қала көшесінің элементіне
кірмейді.
Субұрғыштар жүйесінің элементі, қала көшелері мен
жолдарының бетінде орналасқан, жаңбыр суын қабылдайтын құдықтар мен
торлар болып келеді, көру құдықтары люктармен және қақпақтарымен
ашық және жабық қайықтар. Бұл элементтерге көру құдықтары және
әртүрлі нәрсеге бағытталған жерасты инженерлік желілер.
Жарықтандыру элементтері жарықтандыру құрылғыларының тірегі
болып, ереже бойынша тралейбус және трамвай сызығы ілінген байланыс
сымы тірегімен кірістірген.

Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементі.
Автокөлік жолы элементі көп түрлі және жүру бөлігімен
қосылады, жол шеті, құм үйілімі, жол ойпаты (обочина), субұрғыштың
ашық жүйесі. Бірінші категориялық автокөліктер үшін элемент сапасы
ретінде екінші жүру бөлігі және орталық бөлу жолағы қосылады.

Сурет 2. Ортақ жүйе бойынша автокөлік жол элементтері.

1-өту жол; 2-бөлу жолағы; 3-жол жиегі; 4-жол ойпаты;
Қала жолдары мен көшелері және қала шетіндегі автокөлік
жол элементтеріне жасанды құралдарды кірістіруге болады, оларға
(әртүрлі деңгейдегі транспорт және жаяу жүргіншілер құралдары,
тунельдер, эстакада, бөгет, аздаған жасанды құралдар).
Әртүрлі кәсіпорындарды сумен, электр қуатымен және электр
жарығымен, жылумен, көгілдір отынмен, барлық түрдегі байланыспен,
әртүрлі материалдармен азық-түлікті транспорттаумен тұрғындарды
қамтамасыз ету және де осыған қоса жер бетіндегі фекальдық
шаруашылық, тазартылған суды шығару үшін жер асты инженерлік желі
қолданылады және де бұл қала жолдары мен көшелерінің элементі
болып табылады.

Тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Қала жолдарының элементтері.
2.Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементі.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Варелопупо Г.А. Қалалық транспортта қозғалысты ұйымдастыру.
М.Траспорт, 1981-жыл , 93-бет.
2. Қысқаша автокөлік анықтамасы (НИИАТ)М.Траспорт, 1984-жыл, 318-бет.
3. РСФСР автокөлік транспортының жарлығы. М.Транпорт, 198-жыл, 56-
бет.

Дәріс 5.

Жол қабатының конструкциясы.

Дәріс жоспары:
1. Жол қабатының конструкциясы.
2. Асфальтобетондық жабын.
3. Монолиттік бетон жабыны.
4. Дайын плиталар жабыны.

1. Жол қабатының конструкциясы.

Жолдық жабын негізгі және қабат астына жайылатын қабаттардан
тұрады. Жабын транспорттық – эксплуатациялық талаптарға сай болуы
керек. Осыған орай оны жоғары сапалы материалдардан: асфальтобетон,
монолиттік бетон, дайын плиталар, көптеген бетон тәріздестер. Соңғы
жылдары барлығы түрлі түсті жабындарды пайдаланады, әсіресе
алаңдарда, ескерткіштерде, бульварларда, парктерде және тағы сол
сияқты. Кейде жабын ретінде (мостовые) бола алады, бірақ
сіңіргіштігінен оны жиі қолданбайды.
Оның негізі автомобиль дөңгелегі мен ауа райы- климаттық
факторлардан әсер алмайды, сондықтан да оларға қатысты материалдарға
деген қаталдылық жабынға арналған материалдарға қарағанда қатал
емес. Оның негізі жоғары анықтайтын мүмкіншілігі бар иілмелі плита
иілу кезінде төзімді болуы керек. Кез келген жыл мерзімінде
транспорттық жүктеулерге төзіп, оны төменгі қабатқа ешбір
деформациясыз біркелкі етіп таратуы керек. Негіз ретінде
битумоминералдық қоспа, аз мөлшерде цемент қосылған құм- ұсақ тас
қоспа, ұсақ тас немесе таңдап алған құрамдық гравий мен
түйіршектелген шлак, түрлі (золы)қосылған және әсері аз тоқу
материалдарынан тұратын шлакоминералдық қоспа қолданылады.
Төменгі қабатты физико-механика әсерінен біртексіз жол-
құрылыс материалдарынан жасайды. Төменгі қабат ретінде төзімі төмен
известняки және тоқымамен өнделген грунттар шлако-минералдық қоспалар
мен қажет жағдайда құм қолданылады.

Асфальтобетондық жабын.

Жолдық құрылыста асфальтобетонның кең таралуы бірнеше
жағымды қасиеттертерге негізделген; жоғары механикалық төзімділік,
серпінді және пластикалық қасиетімен, салыстырмалы жеңіл жөндеумен,
жабын құрылғысының толық механизация мүмкіншілігімен, жолдық қабаттың
стадиондық салу, асфальтобетонның жабыннан алынып қайта қолданылуы,
құрылыс жұмыстары бітісімен транспорттық қозғалыстың ашылуы.
Асфальтобетондық жол жабындары жоғары және төменгі
температурада тұрақты болуы, коррозиялық төзімділік (су және аязға
төзімді), тозуға қарсы, жоғары түзулік пен автомобильдік шинаға
ұстасуға арналған.
Асфальтобетондық жабынның қызмет мерзімі мен эксплуатациялық
сапасы келесі факторларға байланысты: асфальтобетондық қоспаның
физико – механикалық қасиеті, жол қабатының конструкциясы және жер
қабатының төзімділігі, жер қабаты мен жол қабығының құрылыс
технология деңгейі, сонымен қатар асфальтобетондық жабын, қозғалыстың
құрамы және күшейте түскендік, асфальтобетондық жабындық жолдың
эксплуатация сапасы.
Асфальтобетондық қоспа бірнеше белгі бойынша
классификацияланады:
- Жұмыс өндіріс тәсілі бойынша (тығыздау кезінде және суу
кезіндегі тығындаусыз);
- Салу температурасы бойынша ( ыстығы – t=130-160гр.С, жылы – 60-110
гр.С);
- Шағыл және құм дәнінің ірілігі бойынша (ірі дән тәріздес,
орташа, ұсақ, құм тәріздес);
- Шағыл пен құм құрамына байланысты:
А типі - көп шағыл (50-65 %шағыл)
Б типі – орташа шағыл (35-50 %шағыл)
В типі – кіші шағыл (20-35 %шағыл)
Г – құмдас (үгілген құм қолдануы, 35 % тұрады 1,25-5 мм).
Д – құмдас (нағыз құм қолдануы, 14 % тұрады 1,25-5 мм).
- Уақ тесігінің мөлшері бойынша (қалың уақ тесігі 3-5% көлемі
және 5-10% көлемі).

Монолиттік бетон жабыны.

Монолиттік цементобетондық жабын басқа жақсы жетілген
жабындармен салыстырғанда техникалық және техника – экономикалық
жағынан ерекшеленеді. Осы жабындардың негізгі ерекшеліктері: жоғары
тасымалдаушы талабы, жабынның кедір-бұдыр жеткілікті жоғары , тозығы
аз, капиталдық ремонтқа дейінгі үлкен қызмет мерзімі, салу және
дайындау механизация мен автоматтандыру мүмкіншілігі. Бетондық
жабынның негізгі қасиеті - төселген ауырлықты үлкен көлемге дейін
белгілеу.
Цементобетондық жабынның конструкциясының типі келесідей
айырады: бір қабатты мен екі қабатты, қапталған және қапталмаған;
темірбетондық деформациялық тігісі бар құрылғы мен тігіссіз –
үздіксіз қапталған, алдын – ала қысылған бетондық және темірбетондық.

Дайын плиталар жабыны.

Темірбетондық дайын плиталар жасалған жабындар жол қабатының
конструкциясын қалалық жолдарда, алаңдарда, автомобильдік бекеттерде,
кварталдық және өндірістік территориялардың ішінде және тағы басқа
объектілерде кеңінен қолдануға болады.
Темірбетондық плиталық жабындар жиынының қажетті ерекшелігі
бірінші кезекте мынадан тұрады: оларды сыртқы ауада төменгі
температурада қанағаттандырады, осыдан құрылыстық мерзімін созады.
Қажетті ерекшіліктері төмен емес, жабын құрылғысықажетті ерекшелік
болып тағы да, жабын құрылғысы трудоемко , ал дайын жер бөлігін
транспорт қозғалысы үшін тез ашуға болады. Сондай – ақ монолитттік
цементобетондық жабындарға қарағанда зауыттық шартта дайындалғандар
плита бетондарының қасиеті жоғары. Қабаттасқан жабын ремонты,
цементобетондық немесе асфальттық жабынды қайта түзу деформацияланған
және бұзылған плиталарды айырбастау қажет болғанда. Жолдық қабаттар
қабаттасқан жабындармен барлық қалалық транспорт түрлері мен кез
келген транспорттық қысымға да жарайды.

Дәріс 6.

Автомобильдік жолдардың инженерлік құрылғысы
Дәріс жоспары:
Автомобильдік жолдардың инженерлік құрылғысына жолдық
қозғалысты өндіретін техникалық құрамдар жатады (қоршалу, жолдық
белгілер және нұсқаулар, журетін жолдар белгілері, жарықтандыру,
бағыттаушы құрылғылар, бағдаршамдар, жолдық қозғалысты автоматты басқару
системасы ); көгалдандыру, кішігірім архитектуралық пішіндер; жол-
эксплуатация қызметінің салуда және ғимараттардың кешендері; кешендер
және автотранспорттық қызметтердің салуы, автосервис салудың
кешендері; жол қозғалысын басқаратын сызықты салулар.
Автомобильдік жолдардың инженерлік құрал – жабдығы белгілі
мөлшерде транспорттық қозғалыс қажеттілік режимін түзейді. Жолдық
қозғалыстың экономикасын және ыңғайлылығын, қауіпсіздігін, қоршаған
ортада транспорттық ағымдарының кері әсерін жұмсартады.
Жолдың категориясы жоғары болған сайын, соғұрлым қозғалыс
үнемдігі жоғары, инженерлік құрылғының жолдық қозғалысты
орналастыратын рөлі маңызды және де оның қауіпсіздігі, экономика мен
ыңғайлылығы жағынан.
Организациялық – құқықтық орналастыру негізімен инженерлік
құрылғыны автомобильдік жолда эксплуатация жол қозғалысының ережесі
болып табылады. Баршалықты мемлекеттік стандарттар, нормативтік
документтер, жол полициямен жолдық – эксплуатациондық қызметтік
бөлімшелердің регламенттік қызметі.

Белгілер мен нұсқаулар түрлері және олардың мағынасы.
Жолдық белгілер жолдық қозғалыстың орналастыратын техникалық
құрылғыға жатады және барлық автомобильдік жолдар мен тұрғылықты
пунктердің көшелері қажетті бөлігі болып табылады. Заман талабына
сай барлық жол қозғалысына қатысты режимдер, шарттар, бағыттар мен
маршрут қозғалысы, демалыс аланының орналасқан жері, түрлі сервис
объектісі туралы және специфицикалық функцияларды орындайды.
Қозғалыс ұзақтығына қарай жол белгілері стационарлық және
уақытша болып бөлінеді. Уақытша белгілер жүретін жолдарда немесе
оның жанында жүргізілетін ремонт кезінде орналастырылады. Ақпаратқа
байланысты жолдық қозғалыста қатысушыларға хабарлайды. Осындай
жағдайда барлық топтың белгілері қолданылады.
Уақытша белгілер бір және көп позициялық бола алады. Бір
позициялық белгілер осы шақта кең тараған. Бұл белгілер жол
қатысушыларын үнемі әсер етуші факторлар туралы белгілі бір үлкен
уақыт аралығында хабарлайды. Осы факторларға жоспардың геометриялық
элементі, бойлай және көлденең профелі, жургінші бөлімнің қалыбы,
демек, қауіпсіздік пен мінездемеге фактор әсер етеді, олардың әрекеті
қайталамалы немесе қысқа мерзімді. Оларға тәулік ішінде
өзгертулер күшейте түскендік және қозғалыс құрамы, ауа –райы
шартына байланысты өзгеруші табиғи жарықтық, метеорологиялық
көріпкелдік, жабынның сырғанақ болуы. Көп позициялық белгілер
көмегімен қозғалыс бойынша осы шарттармен шапшаң басқаруға болады.
Осындай белгілер автоматтық режимде не болмаса диспетчермен
дистанциондық басқару ретінде жұмыс істей алады. Ең қарапайым көп
позициялы белгілер 2 позиция шығара алады. Позицияның максималды
санының принципшіл шектеуі жоқ (10 позициядан көп керек емес).
Қазіргі заманда бейнені өзгерту мен жол белгілерін басқару
екі тәсілін қолданады:жарық техникалық және механикалық. Жарық
етхникалық тәсілде бейнені өзгерту үшін сан, әріп, сегменттер немесе
символдар түрінде арнайы жарық бастауларын немесе әбден қыздыру
шамдарынан жасалған матрица таблосы немесе оптикалық талшықтар
қолданылады.
Осы тәсілдің кемшілігі жазулар мен символдар стильде
салынғандар регламент белгіленген мемлекеттік стандарт жазуы мен
символдардардан өзгеше. Механикалық тәсілде бейнені өзгерту үшін
электродвигатель, электромагнит немесе басқа да орындаушы құрылғыларды
қолданады. Осы тәсілдің кемшілігі ақпаратты ауыстыру жылдамдығы
төмен, кейбір конструкцияларда белгілердің үлкен геометриялық өлшемі
бар қапшықтар символы мен жазулары бар щиттерді сақтау үшін қажет.
Көп позициялы белгілер үшін световоды кең қолданылады, бірақ қазір
олар қымбат.
Болашақта жол белгілері үшін голографиялық бейнені орнату
үшін практикалық қолдануды ойлап табуы мүмкін.
Қазіргі уақытта жол белгілерін жол жағалауында арнайы
тіректерде, жарық ,байланыс, электротасымалдағыш линия тіректеріне
орнатады.
Жол белгілері ішкі жарықтандыру және сыртқы жарықтандыру,
көлемді, жалпақ белгілер болып бөлінеді. Бірінші түрге элкектрлі
жарық бастауын орнату үшін қабықшада бөлігі бар және белгі
тасушының біркелкі жарықтануын тарату белгілері. Осыған орай Іштей
жарық жол белгілерінің түрі көлемді. Көп қолданбайтын сыртқы
жарықтандыру белгісі арнайы стойкаларда орналасқан жарықтың
автономдық бастауы белгі алдында немесе белгі астына арнайы
кройнштейнге ілінген белгіні қолданады. Ереже сияқты, қала шетіндегі
жолдарда қараңғы кезде автомобильдің жарығы түскенде жалпақ жол
белгілерін жақсы көруі үшін қолданады.
Белгітасушы материалы бойынша жол белгілерін металдық және
полимерлік деп бөлуге болады. Кейде ғана уақытша белгі ретінде жұқа
фанера қолданылады.
Металдық жолтасушыларды жұқа көміртекті болат немесе
алюмений қорытпасынан жасайды. Коррозияға төзімді алюмений қорытпасын
қолданған дұрыс. Полимерлік белгі тасушылар жалпақ белгілерді пластик
әйнектен, көлемді белгілерді полиакрилдан жасайды. Полимерлік белгі
тасушылар алюмениц сияқты коррозияға , ауа-райы өзгеруіне төзімді,
жеңіл, құны бойынша жақсы көрсеткіші бар, бірақ барлық полимерлер
сияқты ескіріп тозады.

Дәріс7
Жабынның транспорттық-экспулатациялық сипаттамасы
Дәріс жоспары:
1. Жабынның транспорттық-экспулатациялық сипаттамасы
2. Жол сапасының комплекстік сипаттамасының коэффициенттері

1. Жабынның транспорттық-экспулатациялық сипаттамасы

Жол жабыны автомобиль дөңгелектерінің жүйелік әсер етуіне ұшырайды.
Жол жабынының типінен және жағдайынан автомобиль транспорты жұмысының
маңызды көрсеткіштері тәуелді. Олар қозғалыс жылдамдығы, автомобиль күшінің
шығыны, дөңгелектердің ескіруі, транспорт құралдарының амортизациясы.
Жүктің құны үшін маңызды негізгі экспулатациялық көрсеткіш жолдардың
жабынының мықтылығы және тегістілігі болып табылады.
Жол қабатының мықты болуы ішкі жүктемеге жол қабатының материалдық
қарсыласуын анықтайтын иілгіштік модульімен сипатталады. Жол қабатының
талап етілген иілгіштік модулі қозғалыстың интенсивтілігінің өсуінің
мүмкіндігін есептеуімен мықтылықтың жеткілікті қорын қамтамасыз ету керек.
Оны жолдың категориясына тәуелді орнатады.
Талап етілген есеппен жол қаптамасында бар иілгіштіктің практикалық
модулін сәйкестендіре отырып, жабынның қатысты мықтылығын анықтауға болады:
К1=ЕфЕр
Мұндағы, Еф-жол қабаты иілгіштігінің фактикалық модулі кгсм2;
Ер- Еф-жол қабаты иілгіштігінің қажеттілік модулі кгсм2.
Жабынның қатыстытегістілігін келесі қатынастан анықтайды:
К2= Sф Sр
Мұндағы, Sф-жабынның фактикалық тегістігі;
Sр- Берілген жол типі үшін жабынның қажетті тегістігі.
К1, К2, К3 коэффициенттері дәл қазіргі уақыттағы қозғалыс
шартымен талап етілетін қабаттың фактикалық мықтылығының сәйкестігін
сипаттайды.
Жабынның ескіру коэффициенті анықталады: К4=Н0 Н
Мұндағы, Н-жабынның фактикалық желінуі (өлшеммен анықталады);
Н0- желінудің тиімді өлшемі.
Коэффициенттер комплексті түрде жолдардың экспулатациялық
сапасын сипаттайды және жол қабатын сақтап қалуға, жөндеу жұмыстарын
жүргізуге қандай іс-шаралар өткізу керек екендігін шешуге көмектеседі.
Жол қабатын салып болғаннан кейін жабынның бастапқы тегістілігі
оның конструктивті ерекшеліктерімен, технологиясымен және жұмыстың
сапасымен анықталады.
Ең қолайлысы болып цементбетонды және асфальтбетонды жабындар
табылады. Жоғары мықтылығына қарамастан цементбетонды жабындар үнемі
тегістіліктің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ете алмайды. Асфальтбетонды
жабындардың беті тегіс болады, қозғалысқа аз кедергі жасайды және
дөңгелектер аз желінеді. Асфальтбетонды жабындардың кемшілігі онда
кішкентай кедір бұдырлардың болуында. Қозғалыстың жылдамдығын жоғарылатуға
тәуелді болатын көп факторлардың ішінде негізгісі болып жабынның тегістігі
және оның динамикалық қасиеттерін сипаттайтын автомобильдің жетілген
подвескасы табылады.
Зерттеушілердің айтуынша әр түрлі моделдегі автомобиль
қозғалысының жылдамдығы бір заңмен жабынның тегістігіне тәуелді
өзгереді.Тегіс жолда автомобиль жылдамдығы оның динамикалық сапасына
тәуелді. Двигательдері өте күшті автомобильдер өте жоғары жылдамдықтарды
бағындырады. Тегіс емес жолдарда жылдамдықтың өлшемі подвесканың жетілуімен
анықталады. Мұның әсерінен әр түрлі автомобильдердің жылдамдықтарының
айырмашылығы мәнді емес.
Жабынның тегіс емес бетінде автомобиль жүргенде кузовтың және
дөңгелектердің амплитудасы мен тербелісін өлшеу үшін акселерометрді
қолданады. Жабынның жүру сапасы жақсы болған сайын автомобиль бөліктерінің
амплитудасы мен тербелісінің жылдамдауы аз болады.
Акселерометрді дөңгелектің осіне немесе кузовтың түбіне
орнатады. Оның серпінді пластиналарында жүкшелер орналсды. Егер жылдамдату
берілген өлшемнен көп болса, жүкше винттен бөлінеді; сонымен бірге
электрлік байланыс бөлінеді. Әрбір секция белгілі бір жылдамдатуға
бейімделеді, тәжірибеден өткізуде орнатылған жылдамдатудың тербелістер
санын көрсетеді. Аксолометр счетчигінің көрсетуімен динамикалық
характеристиканың қисығын салуға болады.
Түзу емес жолдағы қозғалыстан автомобиль бөліктерінің
амплитудасы мен жылдамдатуы жылдамдық көбейтілген кезде өсуі және
критикалық өлшемге жетуі мүмкін. Зерттеушілер берілген жабын тегістігінде
мүмкін болатын есептеу жылдамдығын анықтау керек. Автомобильдің мүмкін
тербеліс өлшемін жүргізушілер және жолаушылар қолайлылығын ескере отырып
анықтайды, жүктің тұрақтылығын қамтамасыз ету, рессорларда, дөңгелектерде
және автомобильдің басқа да бөліктерінде жүктің көп болуының жоқ болуы.
Қозғалыстың берілген жылдамдығын ұстап тұру үшін қосымша
двигательдің күші қажет болғандықтан, автомобиль тегіс емес жолмен жүргенде
жанармай шығыны көбейеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жабынның транспорттық -экспулатациялық сипаттамасы.
2. Жолдың сапасының комплекстік сипаттамасының характеристикасы.

Дәріс 8.
Жол қабаттарының беріктік есеп-қисабы .
Дәріс жоспары:
1. Жол қабаттарының беріктік е сеп-қисабы
2. Қатты емес жол қабаттарының слой қалыңдығының есеп-қисабы
3. Қатты қабаттардың есеп-қисап
4. Қатты емес жол қабаттардың жуандық есеп-қисабы

1. Жол қабаттарының беріктік есеп-қисабы .
Жолдық қабаты созылу күшінің қабілетіне байланысты қатты
( жоғарғы слой майысуға қарсылық көрсетеді ) және қатты емес (
жоғарғы, слой майысуға қарсылық көрсетеді, бірақ қаттыға қарағанда
маңыздылығы аз, температураға және дымқылдылығына байланысты немесе
майысуға қарсылық мүлдем жоқ ) деп бөлуге болады.
Қатты қабаттарға цемент бетондық жабулар және негіз
жатады. Ал қатты емес қабаттарға, олардың жабулары және жоғарғы
слой негізі тоқымалы материалдан (цемент, битум, известь) тұрады,
сонымен қатар слой сакала, щебня, гравийден және басқа да түрлі
материалдардан, тоқымалыға жалғанбаған және байланысты қажет
етпейді.
Жолдық қабаттарды құрастыру материал мен қабаттарды
таңдаудан тұрады, сандарды тағайындау және қабаттың жуандығы және
оларды жүйелілікпен орналастыру, материалдардың мумкіндігін таратуда
және жуктеуді қабылдауда қолдануға мүмкіндік береді.
Жолдық қабаттардыі жобалаудың басты негізгі конструкциясы
кернеу жағдайын талдау болып табылады, күштің түсу кезінде көрінуі,
автокөлік дөңғалағыі және атмосфералық факторлар арқылы беріледі.
Пайда болған қалыпты (тік) және жанамалы (көлденең) күш тереңдігіне
қарай басылады, жолдық қабаттарда төменгі слойға берік материал
қолдана отырып, көп слойды жобалауға мүмкіндік береді.

5-сурет.

Автокөлік доңғалағына күш түскен кезде, жол қабаттарында ойпаң
пайда болады. Жоғарғы слойда қысу, ал төменгі слойда созылу жүзеге
асады. Ойпаңның көлемі күштің түсүіне байланысты. Серпінді деформация
(у деп белгіленеді, ол күштің алынуы кезінде жоғалады және қалған
деформация (о, ол қалған күшті жинап алу және күшті түсіру.
Егер жинап алынған деформация өзінің белгілі бір
тағайындалған көлеміне жеткен кезде, конструкцияда жарылу пайда
болады және ол бұзылады.
Деформация деп өлшенген майысудың Е, доңғалақ диаметріне
қатынасын айтады, шамалы доңғалақ ізі D, осы майысуды шақырушы
(=ED, күш көлеміне қатысты Р, ол серпінді деформация (у
шақырушыны серпінді модуль деп атайды. Eу=P(у=PDEу

Қатты емес жол қабатындағы слойдың қалыңдығының есебін-
автокөлік есебі көлемі бойынша рұқсат етілген доңғалақ астындағы
серпінді майысуды үлкен емес әсерлі мезгіл – көктемде, ал оңтүстік
аудандарда – қыс мезгілінде жүргізіледі.
Қойылған нормативтік көрсеткіш (серпінді майысу, серпінді
модулі) күш есебінен жүзеге асады, сол сияқты қозғалыстың көлемі
перспективті жылдық есебінен және барлық берілген уақыт ішінде
күрделі жөндеу қызметін жабу.
Нормативтік серпінді майысу есебінің нәтижесіне
тәуелсіз қабылданатын жолдық қабаттар рұқсат етілген шекарада жол
сәулесі көлеміне шек қойылады.
Жабу типін перспективті қозғалыстың шартына байланысты
таңдап алады. Жолда қозғалыс қарқынды болғандықтан, жолдың беті
соғұрлым берік болуы тиіс (асфальтбетондық, цементбетондық).
Жолдық қабаттардың беріктігін анықтау кезінде (серпінді
модуль қажет емес) күш есебі Н-Р және берілген қозғалыстың
қарқындылығынан шығады.
Қозғалыстың қарқындылығын коэффициентке көбейту есебінен
алады (күш тиісті оське).
Қарқындылық есебін 2 жол қозғалысын көрсетеді. Автокөлік
оське төменгі 4тс есебімен түсірілген күш есептелмейді, өйткені
жолдық қабаттардың берік болуына әсер етпейді.
Есеп үшін қозғалыстың тәуліктік орташа мөлшер
қарқындылығын әсерлі емес дымқыл мезгіл көрінісін алады: 15жыл –
капиталдық типті жетілдіруді жабу, 10жыл - жеңілдетілген типті
жетілдіруді жабу, 8жыл - өткелді жабу.
Капиталдық типті жабуды жетілдіру үшін шектік сапасына
қарай жабудың куйі мынаны қабылдайды, соңғы жыл қызметтік
автокөліктің ауыр жылдамдығы 55 кмсағ есебін қамтамасыз етеді (15(
сыртқы деформациялау), жеңідетілген жабуды жетілдіру үшін 35кмсағ
(35( деформациялау), өткел үшін 25кмсағ (50( деформациялау).
Көпслойлы конструкция есебін қарастырған кезде, мысалы,
биіктігі h1, h2, h3 слойлар, әртүрлі серпінді модуль Е1, Е2, Е3
қолданылған материалдың сапасына байланысты номограмманы қолдана
отырып, әрбір қос көршілес слойларды қарастыра отырып, серпінді
модульдік эквиваленттілікті анықтайды.
Қойылған мақсатқа байланысты жоғарыдан төменге қарай
есепті қарастыруға болады, егер талап етілген серпінді модуль
берілген болса және төменгі қаланған серпінді модулін немесе
слойдың біреуін анықтау керек. Кері де жасауға болады, есепті
төменнен жоғары шығаруға болады, мысалы,
Қатты қабаттардың есебі, оған цементбетондық және
темірбетондық жабу кіреді. Бұл жабулар сыртқы күштердің және
температуралық қысым жұмысына көңіл бөледі.
Сыртқы күштер есебін қауіпті жағдайда жүргізеді. Бұл
жағдайда доңғалақтың плитқа түсіретін күш қозғалысы үш есеп-қисап
схемасы бойынша мүмкін: плит ортасында, шетінде және қасында. Плит
қалыңдығы ондағы қысымнан аспауы керек.

Дәріс 9.
Жол жоспарының элементтері.

Дәріс жоспары:
1. Жол жоспарының элементтері.
2. Жолдың бойлау профилінің элементтері.
3. Жоспар және профил елементіне қойылатын талаптар.

1. Жол жоспарының элементтері.

Жүкті және жолаушыларды энергияны неғұрлым аз жұмсап және минимальды
бағамен жеткізу үшін берілген пункттерді жалғастыратын жол бір –біріне
жақын болуы керек, яғни түзу сызық бойымен болуы керек. Бірақ әртүрлі
кедергілер (өзендер,батпақ, көлдер және .т.б) жақын арақашықтықтан
ауытқуға әкеп соғады және осы кедергілерді айналып өту үшін ыңғайлы жол
іздеуге тура келеді. Бұл дегеніміз әдетте автожолдар тік учаскелі қатардан
тұрады.
Жергілікті жерден іздеу кезінде және топографиялық картаны
проектілеу барысында жол осі белгіленеді, бұл жол трассасы деп аталады. Жол
трассасының графикалық бейнесінің горизонталь тіктөрбұрышқа ұмтылуы трасса
жоспары деп аталады. Трасса қозғалысының өзгеруі бұрылыс бұрышымен
анықталады.

Сурет 4.
Бұрылыс бұрышының негізгі элементтері мыналар:
В- бұрылыс бұрышының биіктігі ; ά – бұрылыс бұрышы ;R – қисық радиусы;
Т- тангенс- қисықтың басқы немесе соңғы нүктесінен бұрылыс бұрышының
биігіне дейінгі ұзындық ; Б- биссектриса- бұрылыс бұрыш биігінен қисықтың
ортасына дейіңгі қашықтық.
Олар былай табылады:
К=πRά180=Rά57.3;
T=Rtgά2
Б=(secά2-1)=T 22R.
Қисықсызықты учаскілер , әсірісе кішкентай радиусты, трассаның сапасын
төмендетеді және көліктің жағдайын нашарлатады, сонымен қатар, көлікті
басқару қиындайды.
Қозғалыстың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы қисықтар үлкен радиусты
болуы қажет.Жоспарларда қисық радиусы I - -категориялы жолдарға 3000 м-
ден астам және басқа категориялы жолдарға 2000 м-ден алуға кеңес береді.
Қиссықтың осындай радиустарында центрге тартыш күштің әсері аз болады және
қозғалыс қауіпсіздігі есептелген жылдамдықпен жүргенде жолдың құрылымдық
элементтерінің қиындамауын қамтамасыз етеді.
2000 м- ден астам қисық радиустарды тіпті төмеңгі категориялы
жолдарға тағайындалуы келешекте интенсивті қозғалысты арттыруда және
жолдарды жоғары категорияға көшіруде анықталады.Бірақта ,үлкен радиустарды
тағайындау әрқашан және әржерде мүмкін емес . Технико – экономикалық
дәлдіктерде жоспарларда тік қисық радиустарын қолдануға рұқсат етіледі: I-
1000м;II-600м;III-400м; IV- 250м; V- 125м.
Көптеген қолдануларда көшу қисықтары бар болады, олар С=RL теңдігімен
клотоид арқылы бөлшектенеді.Мұнда С – клотоид параметрі; R-қисық радиусы ;
L- көшу қисығының ұзындығы. Сурет 5.
Көшу қисығының ұзындығы 30 м –ден 120 м арасындағы қисық радиусына
байланысты анықталады. Көшу сызығын тізімдеп көшіргенде шеңбер қисығы
қисық центріне біршама жақындайды. Барлық көшу қисығының бөлшектеу
элементтерін арнайы кестелерден алуға болады.
Жоспарда қисықты жобалау шартына байланысты жергілікті бедерлерде
жол трассаларын жақсы көшіру үшін келесі домалақтау типтері қолданылуы
мүмкін; шеңбер сызығымен және қисықтың симметриялық өткелі бірдей
ұзындықпен; шеңбер қисығымен және қисықтың симметриялық емес өткелі
әртүрлі ұзындықта; қисықтың тұтас симметриялық өткелінен; қисықтың тұтас
емес симметриялық өткелінен.
Трассаны төсегенде жолдың қоршаған ландшафтпен гармондық үйлесуіне
қол жеткізуге ұмтылады. Жолдың ландшафтпен келісімділігі эстетикалық мағына
ғана бермейді, сонымен қатар, қозғалыстың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Оқу-әдістемелік кешен "Жаратылыстану негіздері" пәнінен
«Қазіргі педагогикалық технология» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Саясаттану пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖОБАЛАУ
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Геология оқу - әдістемелік кешен
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь