Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің тарихы
1 Уран өндіру
2 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
3 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
4 УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
5 “ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП” ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫНЫҢ тарихы

Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.
Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.
Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТОМ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТАРИХЫ
Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру
мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс
комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен
орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология
жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы
қаулыдан бастау алады.
Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған
инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі
қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік
қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.
Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған
Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі
алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін,
яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі
жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”,
“Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері
геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-
шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный
(кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта
өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
Уран өндіру
60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен
инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру
мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды
түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық,
Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа
бірегей кен орындары табылды.
1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге
жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі
кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып
жығылды.
1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі
225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-
тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан
басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты
шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.
Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы
тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде
қалып қойды.
80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және
атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом
энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен
Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран
өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің
тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6
кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.
Дағдылы әдіспен өнім өндіру
Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.)
1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде
руда өндіруді аяқтады.
Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері
қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен
өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын.
Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге
қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.
Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-
нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала
бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең
аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар
классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың
басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде
шоғырланған.
Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990
жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін
төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға
қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті.
Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады:
“СТЕПНОЕ”
Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына
қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-
дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық
өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім
өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион
фунтқа U308 жетті.
ЦЕНТРАЛЬНОЕ
Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50
миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде
басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-
жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік
деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа
U308 азайды.
№6 КЕН БАСҚАРМАСЫ
Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа
құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты
жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5
миллион фунтқа U308 түсіп кетті.
УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия
комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-
металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы
Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар
қатарына қосқан-ды.
Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген.
Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті,
сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-
жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті
мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-
дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа
бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.
Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде
алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-
кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы
жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек”
ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы
Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.
ТӘЖІРИБЕЛІК РЕАКТОРЛАР
Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды.
1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды
тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау
энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.
Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс
тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды.
Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-
өндірістік бірлестігінде орналасқан.
1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық
жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы
зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі
алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді.
САЛАНЫҢ ДАҒДАРЫСЫ
1991 жылы, яғни еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан
аумағындағы атом өнеркәсібінің барлық кәсіпорындары республика Үкіметі
құзырына өтті. Саланың дағдарысы 1998 жылға дейін жалғасты. Өнеркәсіптің
құрылымын өзгерту нәтижесінде өнімділік 90-жылдардың басындағы 8,0
миллионнан 1997 жылы 2,0 миллион фунтқа U308 құлдырап кетті. Осы кезеңдегі
атом саласының басты проблемалары мыналар еді:
- бұрын КСРО Орта машина жасау министрлігі құрамында болған кәсіпорындардың
бытыраңқылығы;
- республикадан сыртқа шығарылатын ядролық материалдарды бақылайтын
мемлекеттік органның болмауы экспорттық табыстан айырумен қатар, әлемдік
рынокта Қазақстан имиджына да көлеңке түсірді;
- Ресей рыногынан айырылу өнім өндіру көлемін төмендетуге әкеп соқтырды;
- бұрынғы КСРО мен жас тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД-ға бағытталған
демпингке қарсы әрекет;
- уран бағасының арзандауы (1979 және 1986 жылдардағы АҚШ пен КСРО АЭС-
ларында болған апаттар атом электр стансалары бойынша бағдарламаларды
тоқтатуға себеп болса, қарусыздану саясаты нәтижесінде уранның артық
өндірілетіні байқалды);
- уран өндірудің өзіндік құны рыноктық бағасынан асып кеткендіктен
кеніштерді жабудың анық қаупі төнді;
- кәсіпорынның кадрлық әлеуетін сақтау.
1991 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz