Аграрлық секторды интенсифтендіру Қазақстан – 2030 стратегиясының басымды бағыты ретінде


Аннотация
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Аграрлық секторды интенсифтендіру Қазақстан - 2030 стратегиясының басымды бағыты ретінде».
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда. Ауыл шаруашылығы - Агробизнес негізі, екінші тарауда. Аграрлық рынок және агробизнесте нарықтық ақтынастарды реттеудің тегіріші, үшінші тарауда. Агробизнес жүйесінде мемлекеттік реттеу жүйелерін қарастырдым.
Курстық жұмыс 64 бет компьютерлік тексте жазылған, 15 кесте, 2 сызба, 10 сурет, 18 түрлі әдебиет және қосымшалар (А, Ә, Б, В, Г) қолдандым.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І-тарау. Ауылшаруашылығы - Агробизнес негізі
1. 1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы . . . 7
1. 2 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-
экономикалық ерекшеліктері . . . 10
ІІ-тарау. Аграрлық рынок және агробизнесте нарықтық қатынас-тарды реттеудің тегеріші
2. 1 Ауыл шаруашылығының өнімдері мен азық-түлік рыногіндегі
сұраныс . . . 13
2. 2 Ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының ұсынысы . . . 17
2. 3 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік рыногіндегі баға
белгілеу ерекшеліктері . . . 21
ІІІ-тарау. АГРОБИЗНЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3. 1 Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі
тәсілдері . . . 26
3. 2 Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік
бағдарламалары . . . 31
3. 3 Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар . . . 32
3. 4 Агроөнеркәсіптік кешені . . . 35
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымша А . . . 59
Қосымша Ә . . . 60
Қосымша Б . . . 61
Қосымша В . . . 63
Қосымша Г . . . 64
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне иегізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршіл-әкімшілдік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл-ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер, нартәуекелге бара білетін, өз іс-қимылына жеке жауапкершілікпен қарайтын "экоцомикалық адам" келуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының төртінші тармағында жазылғандай: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".
Баршаға белгілі, өндірістін, негізгі факторлары табиғи, еңбек және өндірістік ресурстар болып табылады, Нарықтық экономика жағдайында осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне ерекше әсер ететін нақты күш бар. Олар - іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі. Сондықтан да осы бір адами қасиеттерді өндірісті алға жылжытатын күштің төртінші факторы ретінде айтуға толық құқымыз бар және оны іс жүзінде пайдалана білетін адамдар іскер, бнзнесмен, ал олардың экономикадағы немесе өмірдің кез келген саласындағы қызметі іскерлік немесе бизнес деп аталады.
Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда "бизнес" ("businss") сөзі іс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиісінше "бизнесмен" ("businss mеn") сөзі іскер адам, іскер деген ұғымдарды білдіреді.
Көптеген отандық әдеби басылымдарда бизнес сөзі іскерлік ұғымымен теңдестіріледі, сондықтан біз бұдан әрі екі терминді де пайдалана беретін боламыз.
"Бизнес" ұғымының экономнкалық мәні экономикалық басылымдарда да әрқилы айтылып жүр. Бірақ, барлық авторлар көптеген мәселелерде таласқанымен, ең басты мәселеде бір жерден шығып келеді. Бизнес немесе іскерлік - бұл адамдардың кез келген саладағы, ең алдымен тауарды өндіруімен, бөлуімен, айырбастауымен және тұтынумен байланысы және табыс немесе басқадай түрдегі экономикалық пайда алуға бағытталған экономикадағы қызмет түрі.
Бұл ұғым адам қызметінің қай саласында қолданылғанына қарай бизнестің бірнеше түрлері пайда болды: өндірістік бизнес, саудалық, қаржылық, делдалдық, қамсыздандыру және т. б. Осылардың ішінде агробизнес ерекше орын алады.
Алғаш рет 1955 жылы агробизнес терминін Гарвард (АҚШ) университетінің профессоры Джон Дэвис қолданған. Автор бұның аясында фермерлік шаруашылықтарды жабдықтауға қажетті өнімді өндіру мен бөлу жөніндегі операциялар жиынтығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, сақтау, өңдеу және бөлумен айналысатын салалардың жиынтығын түсінген. Басқаша айтқанда, агробизнес - бұл "үлкен бизнестің" ауылшаруашылығын ресурстармен қамтамасыз ететін және оның өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін бір бөлігі. Кейіннен агробизнес ұғымы қызметтің салалары мен түрлерінің жиынтығы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін, яғни ауыл шаруашылығы үшін ресурстар өндіруден бастап түпкі өнім - азық-түлікті сатуға дейінгі тұтас тізбекті білдіретін болды.
Материалдық өндіру салаларын зерттейтін ғылымдар арасында адамзат қоғамы дамуының әр түрлі кезеңдерінде материалдық игіліктерді өндіру және бөлудің жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысатын экономикалық теория жетекші орын алады.
Авторлар агробизнесті одан әрі зерттей беретін болады және қадірменді оқырмандардың объективті сын-ескертпелерін қабыл алып, олардан келіп түскен пікірлерді кітаптың кейінгі басылымдарын толықтыру кезінде міндетті түрде ескеретінін білдіреді.
І Ауылшаруашылығы - Агробизнес негізі
1. 1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практика-лық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше "агроөнеркәсіптік кешен" атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-сызбаны қараңыз) .
1-сызба
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс - несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шауашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бул сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.
Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа аукцион жүйелері және т. б) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін артгыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды (2-сызбаны қараңыз) .
Агроөнеркәсіптік кешен
2-сызба
Бірінші сфераға (I) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық қурылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға (II) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сфера (III) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға (IV) жатқызып жүр.
1. 2 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жүмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен - топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100°С) тиімді жиыңтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.
Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 4 50-900 мм-ге дейін жетеді.
Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді - республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таулы сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім жер, 50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде 17, 7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74 миллион гектардан астам сортаң және кейбір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.
Республика агроөнеркәсіп кешешнің тағы бір ерекшелігі - өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шарауашылығы кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда алты есеге жуық артық бодды. Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеншарлар мен ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа (фермерлік) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерек-шеліктері - мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда - 129 метр, Украинада - 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биокдиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді.
ІІ Аграрлық рынок және агробизнесте нарықтық қатынастарды реттеудің тегеріші
2. 1 Ауыл шаруашылығының өнімдері мен азық-түлік рыногіндегі сұраныс
Сұраныс нарықтық экономиканың маңызды параметрлерінің бірі болып тадылады. Оның деңгейі өсуі және шапшаңдығы рыноктегі жағдай мен өндірушілердің жайын анықтайды. Тауарлардың басқа түрлеріне қарағанда ауыл шаруашылығының және азық-түліктің өнімдеріне сұраныстың арнайы оқып үйренуді қажет ететін бірқатар ала бөтен ерекшеліктері бар.
Аграөнеркәсіптік кешен және барлық агробизнес үшін тамақ өнімдеріне сұраныс негізгі түпкі мәселе болып табылады. Дәл осы сұраныс ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысты, ал сол арқылы ауыл шаруашылығына арналған ресурстарға сұраныстарды айқындайды, Агробизнестің әр сферасында өндіріс пен өткізудің арналарында тиісті буындардың тізбегін құруға болады. Азық-түлікке деген негізгі сұраныс бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтандырудың тікелей тамақ өнеркәсібі немесе фермердің өніміне көтерме сауда сұранысын қалыптастырады. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының өніміне сұраныс жемге сұранысты айқындайды. Өндірістік мәндегі қызметке сұраныс көлеміне, ресурстарға әсер етеді.
Ең алдымен азық-түлікке түпкі сұранысты айқындайтын факторларды немесе сұраныстың детерминанттарын қарастырайық.
Кез келген басқа тауар сияқты сатылатын азық-түліктің көлеміне әсер ететін негізгі фактор - оның бағасы. Басқа, тағы да бір маңызды детерминант тұтынушының қаржылық табысы болып табылады. Жеке сұраныста жеке табыс, жиынтық сұраныста жиынтық немесе орташа табыс маңызға ие. Бұдан кейін сұраныстың тұтынушылық талғам және таңдау сияқты факторы келеді. Азық-түліктің молшылық рыногі жағдайында талғам мен таңдауға әсер ететін параметрлердің қатарына бәрінен бұрын жарнама, өнімнің беделі, өмір стилі, отбасы құрамы жатады. Айталық, балалары бар отбасылар ас дайындауға көп уақыт жұмсап, рацион мен өнімнің сапасына ерекше мән береді. Балалары жоқ жас отбасылар қабылдауға дайын тағамдарды, консервіленген азық-түлікті жөн көреді. 70-жылдары азық-түлік рыногі дамыған елдерде мейрамханаларда, дәмханаларда тамақтану бедел болып саналды. Содан болар, азық-түлік рыногінің осы секторының үлесі көбейді.
Азық-түлік сұранысының деңгейіне әсер ететін маңызды фактор ұқсас тауарлардың бағасының көлемі мен динамикасы болып табылады. Ұқсас тауарларға бірін-бірі өзара ауыстыратын және өзара толықтыратын тауарлар жатады. Бірін-бірі өзара ауыстыратын тауарлар рыноктің толығуына тәуелді салыстырмалы ұғым болып табылады. Азық-түлік тапшылығы жағдайында сары май мен маргарин бірін-бірі өзара толықтырушы тауарлар болып қарастырылғанмен, рынок молшылығында маргариннің әр түрлі сорттары өз бетінше азық-түлік ретінде қарастырылуы әбден мүмкін. Аталмыш тауарға ұсыныс пен ауыстырушы тауардың бағасы арасында тікелей байланыс болады: бір тауарға бағаның өсуімен тұтынушы ауыстырушы тауар ретінде қарастыратын басқа тауарға сұраныс артады.
Бірін-бірі өзара толықтыратын тауарлардың қатарына екеуі бірдей немесе жиынтық түрінде тұтынылатын тауарлар, мысалы, шай мен қант жатады. Олардың біреуінің бағасы мен екіншісіне деген сұраныстың арасында айналмалы байланыс бар. Азық-түлік сұранысының келесі детерминанты - тұтынушылық күту. Оның рөлі тұрақсыз экономикалық немесе азық-түлік ситуациясы жағдайында арта түседі. Мұны біздің республикамыздың мысалынан жақсы байқауға болады. Бағаның өсуін күту мен саудадағы қордың азаюы 90-жылдардың басында азық-түлік өнімдеріне, әсіресе ұзақ уақыт сақтауға келетін түрлеріне сұранысты күшейткенін білеміз.
Тұтынушылар саны да жиынтық рыногінде сұраныстың көлеміне әсер ететін параметрдің бірі болып табылады.
Азық-түліқке жеке және жиынтық сұраныстың өсуіне әсер ететін маңызды фактордың тағы бірі - сандық жағынан болсын, тамақтанудың тиімді құрылымдық аспектісі жағынан болсын, тұтынудың қол жеткізілген деңгейі. Тұтынудың және оның құрылымы тиімділігінің жоғары деңгейі жағдайында сұраныстың артатынын күтудің қажеті жоқ және керісінше болуы да ықтимал.
Азық-түлікке түпкі (негізгі) сұранысты тұтастай талдай келе мынаны атап өту қажет: ол агробизнес кешенінің басқа буындарындағы кез келген сұраныстан ала бөтен ерекшеленеді. Тәуелсіз, ерекшеленген индивидтердің көп болуы монополияландыруға жатпайтын сұранысты анықтайды. Оның үстіне тұтыну рыногінің басқа секторларына қарағанда азық-түлік рыногі салыстырмалы түрде берік және дәстүрлі рынок болып саналады.
Негізінен алғанда азық-түлікке түпкі сұраныстың мәні осындай.
Агробизнес кешенінде сұраныс мәні агроазық-түліктік кешенінің нүктелерінің орналасуына байланысты едәуір аумалы-төкпелі болады. Түпкі азық-түлік рыногінен алыстаған сайын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізаттық рыногіне жақындаған сайын шығарылатын және сатылатын өнімнің ассортименті күрт қысқара береді. Сондықтан да сұраныстың бағалық бейімділігі түпкі сұраныстан қашықтаған сайын және бөлшек сауда, көтерме сауда, тамақ өнеркәсібі сияқты тиісті тұтынушылардың көз алдында бір-бірін өзара ауыстырушылық азайған сайын төмендеуі керек деп теориялық тұрғыдан күту әбден заңдылық. Алайда әңгіме өз бетінше жұмыс істейтін әр түрлі рыноктер туралы болып отырғандықтан, олардың әрқайсысында сұраныстың шапшаңдығына өздерінің факторлар кешені әсер етеді, сондықтан да бейімділік коэффициенттерін жәй салыстыру барлық кезде бірдей дұрыс бола бермейді.
Ауыл шаруашылығы рыногіндегі сұранысты, яғни фермерлік қожалықтардың өніміне сұранысты қарастырайық. Бәрінен бұрын бұның қандай сұраныс екенін атап өтейік. Көп жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын толық ауыстыратын басқа шикізаттың болмау себебінен оның бағалық бейімділігі өте төмен (АҚШ-та - 0, 2) . Сонымен қатар өнімнің кейбір түрлері үшін бейімділік көрсеткіштері біршама жоғарырақ болуы мүмкін.
Сұраныстың мәні фермерлік табыстың қозғалысына тікелей әсер етеді. Егер өнімге сұраныс бейімірек болса, бағаны арттырған кезде тұтынушы сатып алынатын өнім санының күрт төмендеуімен жауап береді, сондықтан да сату көлемінің төмендеуін бағаның өсуімен жабуға болады. Бұл жағдайда фермердің жалпы табысы төмендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz