Акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәні



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы ... ... . 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі ... ... ... ... . 10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ... 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008.2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ.ның экономикалық көрсеткіштерін талдау ... . 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ.ның экономикалық тиімділігін талдау ... ... .. 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары ... .. 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
КІРІСПЕ
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар. Оның негізгі көрсеткіштерінің бірі еліміздегі акционерлік қоғамдардың жағдайы мен даму деңгейі. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Акционерлік қоғам – капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.
Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр түрлі сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.
Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
 нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;
 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
 АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;
 АҚ – дың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында – Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері, қызмет етуі және олардың ролі, екінші тарауда – «Маңғыстаугеология» АҚ-ның жалпы экономикалық сипаттамасы, оның технико – экономикалық көрсеткіштері, ал үшінші тарауда-жалпы АҚ-ң экономикалық тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері қарастырылып, талқыланды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., ж.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. -Алматы: ҚазМҰУ, 1998.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы – 2002.
3. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
4. Бердалиев К.Б//Қазақстан экономикасын басқару негіздер.Алматы – 2001.
5. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
6. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
7. Ілиясов Қ. «Қаржы», Алматы - 2003
8. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
9. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,Алматы - 2000
10. Қазақстан Республикасының Заңы // Акционерлік қоғамдар туралы/
Алматы - 2004 ж.
11. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004 ж.
12. Мұханалиева И.С. Бағалы қағаздар рыногы және оларды мемлекеттік реттеу, Хабаршы - № 6, 3-2004 ж.
13. Сәбден О. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз. –
Алматы: Қазақстан, 1997.
14. Сахариев С.С. «Жаңа кезең – экономикалық теориясы». Алматы -2004
15. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
16. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
-------------------3

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі --------------------------
----- 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы--------- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі-----------------
10

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ---- 15

2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін
талдау----------------------------------- -----------------------------------
------------------- 15
2.2"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау----- 16
2.3"Маңғыстаугеология" АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау ---------- 19

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ---------------------- ----- 26

3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары----------------
26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары------ 32

Қорытынды ----------------------------------- ------------------------------
--------------- 35

Қолданылған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
----------- 38

КІРІСПЕ
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында айтарлықтай
қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру жөніндегі аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай
ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-
саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен экономикалық даму саласындағы
басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның
постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар.
Оның негізгі көрсеткіштерінің бірі еліміздегі акционерлік қоғамдардың
жағдайы мен даму деңгейі. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда
“Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң
қабылданғаннан кейін бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Акционерлік қоғам – капиталды
орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болған.
Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер
акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық
акционерлік қоғам болып саналады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып
акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен
маңызы 2003 жылы 13 мамырда Акционерлік қоғамдар туралы ҚР арнайы Заңы
қабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды
мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік
нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан
Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның
дамуына біршама әсер етуде.
Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру
салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр
түрлі сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының
динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік
қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің
және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының
бәрі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік
қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.
Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
✓ нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық
негіздерін ашып көрсету;
✓ Маңғыстаугеология АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне
талдау жасау;
✓ АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін
қарастыру;
✓ АҚ – дың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс үш
бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында – Қазақстан Республикасындағы
акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері, қызмет етуі және олардың
ролі, екінші тарауда – Маңғыстаугеология АҚ-ның жалпы экономикалық
сипаттамасы, оның технико – экономикалық көрсеткіштері, ал үшінші тарауда-
жалпы АҚ-ң экономикалық тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері
қарастырылып, талқыланды.

1. Акционерлік қоғамның экономикалық мәні
1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі

Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады және дербес
балансы, банктік шоттары болады, ол өз атынан мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асырады, міндеттер атқарады, сотта
талап қояды және жауап береді. Қоғамның өз атауы және өзге де
деректемелері жазылған мөрі және бланкілері болады. Қоғам өз қызметінде
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының
заңнамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы
№142-ші "Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы” қаулысымен
бекітілген үлгі жарғы негізінде жасалған өз жарғыларын басшылыққа алады.
Қоғамның Жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін
айқындайтын құжат болып табылады. Қоғам Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына
қатысуға құқылы.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін
біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы
ресурстары мен еңбекшілердің сақтық корып орталықтандыруға жұмылдырады.
Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық
саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық
қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған
жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым
түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің
жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз
өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер
ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне
ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі
акция да жетеді. Акционерлік қоғамға, ұжымдық
кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі
белгілеріне тән, атап айтқанда:
1.Акционерлік қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен,
жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған
ең аз дегенде үш элемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік
мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы.
Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық –
бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса
да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету
оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж
етеді.Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты
болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып
табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет
етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы
акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие
берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының
мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.
Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар
болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның
өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).
2.Экономикалық белгі–жарна ретінде жарғылық капиалға акционерлермен
берілген жинақталған мүлікті, сонымен қатар қызмет үрдісінде заңды негізде
құрылған немесе иемденген қоғамды иелену.
3. Материалдық – құқықтық белгі, оған екі элемент кіреді: азаматтық
айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік
жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды
иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.
4. Процессуалды – құқықтық белгі – соттарда талапкер және жауапкер
болу қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғамдар соттарда
міндеттемелерді орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. иемдену
бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі
мүшелерінің,коллегиялық атқарушы органның, сонымен қатар жеке атқарушы
органның мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе басқарушыға
жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу,
қоғамға олардың қателі іс - әрекеттерімен жасалған қателері бойынша
талабымен сотқа жүгіне алады.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын
өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып
табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және
дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал
облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік
қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді.
Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы
жоқ. номинальды бағамен ғана алады.
Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, еркін
нарықта сатылмайтын түрін "жабық" дейміз. Акциясы еркін сатылатын және
сатып алынатын түрін "ашық" дейміз. Қазақстан республикасының "Азаматтық
Кодесінде" акционерлік қоғам жайлы ереже бар.Қазақстанда акционерлік қоғам
ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болды. Бұл кезде
Қазақстанның өнеркәсібі өте нашар дамыды. Тек ғана таукен өнеркәсібі
алғашөы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол салаға ұмтылды. Зыран қазба
байлығы 1886-шы жылы француздардың қолына өтіп "Зыран таукен өндіруші
қоғамы" кұрылтайшьшығы құрылды. Американдықтар "Спасс қоғамы", "Орыс-азият
корпорациясы" акцияларын ұстап , Қазақстанда екі "балалық" құрылтайшы қоғам
құрылды. Олар-Риддер полиметалдық қазба байлығы және Екібастұз көмір
аумағы. Ағылшын кәсіпкерлеріне жататын — "Батыс-Орал мұнай қоғамы",
"Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы" да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел
капиталының негізінде құрылған "Нобель серіктестігі", "Колхида", "Қырғыз
тау өнеркәсібі қоғамы", "Виннер" т.б. атауға болады.
Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск таукен
өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны
орыс капиталының негізіне құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі
кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды.
Сондай-ақ ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі
компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штабс-капитан Ясман басшылық
жасады. Орыс қоғамы "Ембі -Каспий" және "Орал-Каспий" мқнай өнеркәсібі
қоғамы шетел "Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы" мен "Орал-Каспий мұнай
корпорациясын" бақылады.
Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және Кеңес
үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа
экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа
бастады. Қыска мерзімде 1922-24-ші жылдары- 120-дан астам сауда, өнеркәсіп
және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм арқасында
мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта бастады.
Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929-шы жылдың аяғында қалыптасуы мемлекеттің
экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді. Нәтижесінде
акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші
жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне
қарай бұл процесс өте ауыр жүрді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен
қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу
үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ен басты ұйымында "балалық"
кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.
Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын
кепілдіклен атқарады. Бұлай атқару оз саласында бір-бірімен байланысқан
дайын білімді өткеретін, шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар,
конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді
тарту нәтижесінде жүзеге асады.Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға
дейін 48 холдингтік компаниялар болды. Өте белгілі холдингтер — "Камкор-
холдинг" (Қазақ мемлекеттік автосервис пен сауда холдингтік компаниясы),
"Казагрореммаш" (ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг
компаниясы), "Интеркаспий", "Каратау", "Монтажспецстрой", Акционерлік қоғам
акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді.
Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген акция
дивидендті акция ұстаушыға тұрақты мөлшерде төлеуге Кепілдік жасайды.
Дивиденд пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде резервтік кор
есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі
пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында
компания акциясы облигациядан төмен болады,бірақ кәдімгі дауысқа түсетін
акциядан жоғары.

1.2 Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы

Нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, адамның
еңбек етуге деген ынтасы, яғни адамның жұмыс істегісі және ақша тапқысы
келуі, нарықтың рөліне сенуі, тауар өндірушілердің мемлекеттен тәуелсіздігі
болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Экономиканың бірқалыпты қызмет етуі
үшін мемлекеттік сектордың үлесі 25-30%-дан аспауға тиіс. Тек осындай
үйлесімділік болғанда ғана халық шаруашылығының бүгінгі құрылымын қалпына
келтіріп, тауар өндірушілер арасындағы бәсекені дамытуға, сондай-ақ
өркениетті нарықтың қатынастарын жолға қоюға болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын
жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп
жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі
өндірістік қорлардың 90%-дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қалған
мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар - кеңшарлар мен
кооперативтер иеленді.
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын сияқты экономиканың
өзіндік ерекшелігін ескере отырып Қазакстан Республикасы Үкіметі ұзақ
уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарла
масын жасады. 1991-1992 жылдарға еселтелген бағдарламаның бірінші
кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі
салаларының орта және кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау
қарастырылған. Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік
қатынастарын түрлендіру процесін жеделдету мақсатында Қазақстан
Республикасы Президентінің №728 "Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша жұмысты жандандыруға
байланысты шаралар туралы" Жарлығының қабылдануы, ірі және орта
кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі, оларды ашық
типтегі акционерлік қоғамға айналдыруға бағытталды.Қазақстанда мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті
қайта түрлендірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып,
жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын
жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12%-ы жұмыспен қамтылды.1993
жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде
жеке меншікке берілгендер саны 1461 – ді құрады. Өндірістің шоғырлануы
және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда
жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз
ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын
объектілерде өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш
күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, бірақ мұнда жеке меншік толық
біріктірген болса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып,
нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына
сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру
бағдарламаларын іске асыру ашық акционерлік қоғам түріндегі инвестициялық
жекешелендіру қорларын құрумен байланысты болды. Олар Мемлекеттік қоры
өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар
акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға
бағытталады.
Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда,
бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам
формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын
жұмылдыру мүмкіндігі туындайды. Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-
компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғырту, диверсификациялауға және
т.б. қызмет етеді.Акционерлеудің басты пайдасы - бұл алдағы уақытта әр
түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып
табылады. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа
да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын анықтау үшін кәсіпорынның,
мүлкінен келесідей баланс пассивінің баптары шығарылып тасталады:
-басқада кәсіпорындардан алынған мақсатты қаржыландыру қаражаттары;
- несие және заемдық қаражаттар - қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді несиелер;
- есеп айырысулар және баланс пассивінін басқадай, яғни заемдық және
уақытша тартылған қаражаттар бөлігі.
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттарының
ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор акционерлік қоғамның
жарғысында бекітілген акционерлердің тәуелсіз кәсіпкерлік қызметін жүргізу
құқығын көрсетеді. Екіншіден, бұл қоғамның алдағы қызметіне қуат беретін
бастапқы капитал болып табылады. Акционерлік қоғамның жетістіктерімен жұмыс
жасауы негізінде алынған пайдасы есебінен жарғылық қордың шамасын бірнеше
рет көтеруге болады. Сонда жарғылық қор пассивтің біршама тұрақты формасы
болып қала береді.
Жарғылық қор тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен
мынадай жағдайларда өзгеруі мүмкін;
- қоғам қызметі қосымша акциялар шығару және пайданы қайта
инвестициялау жолымен кеңейеді;
- жарғылық қордың азаюы акциялардың бір бөлігін сатып алу есебінен
жүзеге асады;
- бір акцияның номиналдық бөлігінің өзгерісінен.
Акционерлік қоғам өз қызметінде заемдық капиталды ( займ, банктік,
коммерциялық және басқа да несие түрлерін) кеңінен пайдаланады.
Акционерлік қоғам мынадай бағалы қағаздар түрлерін шығарады:
акцияларға және облигацияларға.
Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын
жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған
капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші
акционер деп аталады.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды
айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады.
Мәлімдеуші акция - бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды
түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында
акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік
кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады.

1.3 Акционерлік қоғамның қазақстан экономикасындағы ролі

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу
процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы
экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы
әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап
берді.
Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік
жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру.
Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлер
қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен
шығын тәуекеліне барады. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары
және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына
қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы
шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу
қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын,
эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар
нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын
жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп
жүргізуде. 2008 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі
өндірістік қорлардың 90 % дан астамы мемлекеттік меншікте болған.
Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық экономиканың үштен бір бөлігі
қалады деп күтілуде. Бұл экономика өзегін, мемлекет меншігін құрайтын қазба
байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді.
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын, сол сияқты экономиканың
өзіндік ерекшелігін ескере отырып, ҚР сы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет
иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жасады. 1991-
1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын
жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының
орта және ірі кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған.
Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын
түрлендіру процесін жеделдету мақсатында ҚР сы Президентінің №728
Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет
иелігінен алудың негізгі тәсілі болып табылады. Алайда бұл басқа
формаларды да жоққа шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің
түрлендірілуінің ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға
өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге
байланысты шараларды жасауға құқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау
ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына, еңбекшілердің
санына, рентабльдігіне және т.б.
Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші
кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлендірілді. Мемлекеттік сектордан 18%
негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс
жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12% жұмыспен қамтылды.
Меншіктәң әр формасын тарихи тұрғыдан, өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың жеткен деңгейімен байланыстырып қарастыру қажет.
Қайта түрлендірген объектілердің жартысынан астамы ұжымдық меншікке
берілді. Бірақ меншіктің ұжымдық формасына берілгенімен, ондағы
жұмыскерлердің еңбегінің нәтижелерінде көп өзгеріс болған жоқ.
Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере
алмады. Талдау көрсеткендей, ұжымдық кәсіпорындардың 25%-ы нашар жұмыс
жасап, өндірістің 24%- ы қысқарды немесе мүлдем жабылды, 30%-ы сол деңгейде
қалды, тек кәсіпорындардың 31%-ы ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен
ісі жақсара түсті.
1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын
ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461 ді құрады. Өндірістің
шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен
сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз
ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын
объектілеріне өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш
күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, онда бұл теріс және әлеуметтік
салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра
алмайды.
Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына монополия болуды
теріске шығара отырып оның көп түрлілігіне экономикалық және саяси
теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып,
экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай–ақ шаруашылықтың іскерлік
белсендігі үшін бірқатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет.
Толыққанды нарық жағдайында қажеттілікті нақты анықтауға және оларды
тиімді қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру,
өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық
экономикалық тиімділігін және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру құралы
ретінде қызмет етеді. Әлеуметтік бағыттағы нарыққа өту барысындағы
алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне
бағынышты етуге қол жеткізеді.
Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика Үкіметі екі
негізгі қағиданы жетекшілікке алады.
Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың
мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады.
Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылылығын барлық
сфераларда пайдалану болып табылады.
1993 жылы көктемде Қазақстан Республикасында 1993 – 1995 жылдарға (2
кезең ) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық
бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционерлеу жолыменен
меншікке біртіндеп беру болып табылады.
Жаппай жекешелендіру тұжырымының алатын орны ерекше. Біріншіден, ол
республиканың барлық тұрғындарының мүдделерін толық қамтиды; екіншіден,
оның басқа елдердегі тұжырымдамалармен сәйкес келмейтін өзіндік
ерекшеліктері бар.
Жаппай жекешелендіру төңірегінде республика тұрғындарының меншігіне
барлық мүліктік кешенді беру қарастырылады. Мұнда бірқатар мәселелерді шешу
талап етіледі. Купондық жекешелендіруді алдыменен республика тұрғындарының
мүддесіне сай жүргізу қажет. Бұл процесс басқарылатын және бақыланатын,
сондай-ақ әлеуметтік маңызы болуға тиіс. Сонымен қатар, республикада бар
жеке капиталды тартуды ынталандыруы тиіс. Ең соңында купон түріндегі жаңа
төлем құралдары инфляцияны жұмсартуды көздейді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына
сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру
бағдарламаларын іске асырылуда. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық
аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру
мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады.
Миллиондаған купон иелерінің көзқарасымен қарағанда, инвестициялық
жекешелендіру қоры купондарды көптеген кәсіпорындар акцияларына салуды
диверсификациялау және белгілі бір дивидент пайыз алу есебі тәуекелді
төмендетіп, сол сияқты қордың мамандары купондарға білікті қызмет етуді
қамтамасыз етумен қатар, аукцион өткізетін орынға дейінгі жол ақысын және
қаржы делдалдарын жалдау, жекешелендірілетін объектілерді оқып үйренумен
байланысты шығыстарды олар өздеріне алады.
Акционерлеудің басты пайдасы - бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы
көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша
акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Егер, басқа да компанияның акцияларын орналастыру нәтижесіне байланысты,
оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы
нақты рейтингін материалдық жағынан куәландыруды білдіреді. Ондай
компаниялардың акцияларының ашық түрде сатылуына бірдей көңіл аударылады.
Компанияның танымалдығы мен ашықтығы, потенциалды клиенттері мен
серіктестерінің көп болуы ондай компаниялармен ынтымақтасуға болатындығын
көрсетеді. Егер де олар бұл компанияның акционерлері болатын болса, онда
оларда сол компанияның өнімі мен қызметіне деген ұзақ мерзімді мүдделігі
арта түседі.
Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар.
Дегенмен де, сол компанияның акцияларын сатып алу – сату объектісіне
айналдыру туралы шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты
біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.
Акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты
корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен
кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға
мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы,
әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай
кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына байланысты бір немесе
бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке
тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.
Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйымдастырудың техникалық
қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға итермелейді.
Міне, сондықтан да Қазақстан заңдылықтарында ірі және орта
кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай
акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын
қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген.
Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік бір бөлігін иеленуге ынталы
кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай – ақ жекешелендіруге жатпайтын
өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын Қазақстанның
басқа да азаматтарының мүдделеріне қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта түрлендіру
процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау
болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік қоғамның
бастапқы капиталын алдын – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы
пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым
кәсіпорының қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай – ақ
кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік
құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да
мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып,
мемлекет сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға араласа отырып, оның
пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы дивидент ретінде
иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік
мүмкіндігін төмендетеді.
Қазақстанда жекешелендіру объектісінің мүлкін бағалау барысында
инфляция индексін ескеретін қалдық құны негізінде әдістеме қолданылады. Бұл
әдістемені қалыптастыратын бағалар мен негізгі қор құны және айналым
қаражаттарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге (қызметке) деген
сұранысты, бәсекелестік қабілетті, рентабельдігіне, кәсіпорынның даму
перспективасын әлемдік бағалар деңгейі және басқа да факторларды ескере
отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті анықтап
отырады.

2.Акционерлік қоғамдардың қызметіне талдау жасау
2.1ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009жж тиімділік көрсеркіштерін талдау

Бағалы қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық - акциялар мен
мемлекеттік құнды қағаздар.
2008 жылы 1 маусымда 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын
тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамға айналған
бұрынгы кәсіпорындар.
2007-2008 жылдардағы акциялар шығарылымы 304,421310 млрд
теңге, 2008 жылы қаңтар-маусым аралығындағысы - 110,746 млрд теңге
болды. Ал бұл аралықтағы жалпы өнім өндіру 358 млрд теңге болғанын атап
кету керек.
Корпоративті құнды қағаздар рыногында талдау жасағанда, қайтара
шығарылым кәсіпорындарының қор рыногы арқылы инвестиция алуға дайындығы бар
екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады.
Қайтара шығарылым акциялары үстіміздегі жылдың 1 маусымында 63,3525 млрд
теңге болды. Бұл барлық шығарылымның азғана мөлшерін еске ала келе,
акциялардың әлі толық инвестициялық құрал болып үлгермегендігін, олардың
шығарылымы тек жекешелендіру қорытындысын нығайтуға қызмет ететіндігін
түйіндеуге болады. Мамыр айындағы (2006ж) дерек бойынша Халықаралық Қазақ
қоры биржасына 4 акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттері қойылған.
Осының біреуінің өзімен ғана осы уақытқа дейін 5041050 теңгенің саудасы
жасалған.
Сөйтіп, жалпы алғанда бағалы қағаздардың бастапқы рыногы
салыстырмалы түрде қалыптасып қалғанын, екінші рыногы баяу дамуда екенін
байкаймыз. Қазір Халықтық банкіге салым салушылардың өсе түскенін байқауга
болады. Ұлттық статистика агентгігінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың
алғашқы 2 айында салымшылар 7,7%-ке өссе, наурыз айында салым 12,4 млрд
теңгеге жетті.
Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 2007 жылдың
қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25
млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды
қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу
тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.
Қаржылық жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының басты өзегі,
болашақта нарықты экономиканың дамуының ең маңызды буыны болғандықтан,
құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.
Жалпы бұл сала біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері
ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. Қазақстандық қор биржасы
Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда,
Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті
сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция
тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің
тигізетін маңыздылығы зор.
Ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарас тұрғысынан қарағанда, қор
биржасы регламенттелген жұмыс режимі бар, сатушылар мен сатып алушылар
арасында биржалық делдалдардың қатысуымен ресми бекітілген ережелер бойынша
қор құндылықтарымен сауда мәмілелері жасалатын қаржылық делдалдық мекеме
болып саналады. Бұл ережелер биржа заңдылығымен де , мемлекет заңдылығымен
де белгіленеді. Қор биржалары және оның персоналы құнды қағаздармен мәміле
жасамайтындығын айта кету керек.
Ол тек мәмілені жасаушылар үшін жағдай туғызады, осы мәмілелерге
қызмет көрсетеді, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, тұрғын жай
береді, консультациялық және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық
қызмет көрсетеді, қысқасы, мәміле жасалуы үшін барлық жағдайды жасайды.
Қор биржалары жеке компания ретінде (Англия мен АҚШ-та)
акционерлік қоғам нысанында да құрылады. Мұндай биржалар өз бетінше дербес
ұйымдар болып табылады. Биржада жасалатын барлық мәмілелер елде қолданылып
жүрген заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу белгілі бір құқықтық
жауапкершілікке алып келеді. Биржа саудасының тұрақтылығын және сауда
мәмілелерінің тәуекелін кемітуді қамтамасыз ету жөнінде мемлекет өзіне
ешқандай кепілдік алмайды.
Қор биржалары қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр.
Биржаның негізгі ролі қаржылық және саудалық капиталдар қозғалысына қызмет
көрсету болып табылады: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырады;
екінші жағынан – мемлекетке және түрлі шаруашылық субъектілерге кредит
береді және қаржыландырады.
Құнды қағаздарды пайдалану қазіргі кездегі икемді қаржылық
құралдардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар, әр тауарлық айналымның
маңызды атрибуты болып қалыптасты. Өзі тауар бола тұра, кредит, төлем
құралы ретінде, қолма- қол ақшалардың қызметін оңай атқара алады.
Бұрын, жоспарлы экономика жағдайында, құнды қағаздар мүліктік
қатынаста ғана қолданылатын. Қазіргі кезеңде, экономиканы нарықты
ұйымдастыруға және құнды қағаздар нарығын тұрақтандыруға көшкенде, құнды
қағаздарды қайтадан жаңарту және олардың түрлігін қолдануды қажет етті.

2.2 Маңғыстаугеология АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико –
экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қазақстан Республикасы нарығында Маңғыстаугеология АҚ – мы 1957
жылдан бері қызмет атқаруда. Ол өзінің құрамында мұнай барлау экспедициясы,
автоспецтранспорттық кантора, жүкті тиеу жән түсіру жұмыстарына арналған,
мұнай құбырларын, скважиналарды жөндейтін цехтары жұмыс істеуде.
Мемлекеттік лицензиясына сәйкес МГ АҚ – мы мұнай және газ скважиналарын
игеру, бұрғылау, жөндеу өндіріске қажетті тетіктерді даярлаумен айналысады.
МГ АҚ – мы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін ҚР Заңына,
жарғысына сәйкес жүргізеді. АҚ – ның қаржылық және өнеркәсіптік қызметі
жеке шаруашылық негізде іске асырылады.
Маңғыстаугеология АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның номиналды
құны 5000 теңгені құрайтын 70000000 теңгені құрады, жалпы саны 14000 акция
және ол келесідей түрде үлестірілген:
жарғылық қордың шамасының 25% артықшылығы бар акция түрінде
қайтарымсыз негізде еңбек ұжымына берілген;
жарғылық қордың шамасының 75% қарапайым акция түрінде мемлекеттік
пакетті құрады, ол толық көлемде Мұнайгаз Мемлекеттік холдингтік
компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария
ету құқығысыз берілді.
МГ АҚ – ның өзінің жеке балансы, банкте шоты, қазақ және орыс
тілдерінде берілген мөрі бар және серіктестіктің құрылымын анықтайды,
сонымен қатар өз штатын біріктіреді.
Маңғыстаугеология АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне деген
қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.
МГ АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:
1. Негізгі өндіріс:
1) мұнай мен газ өндіретін цех ;
2) мұнайды дайындайтын және айдайтын цех ;
3) орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);
4) қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды
жөндеу бойынша басқарма;
2. Қосалқы өндіріс:
1) орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ;
2) өндірістік қызмет көрсету базасы ;
3) құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-
жөндеу цехы;
4) мұнай өнімдерін тию және жөнелту құбырлары;
Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып табылады.
2008, 2009 жж-ғы Маңғыстаугеология АҚ негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері
Кесте-1
Көрсетікіштер Өлшем 2004 жыл 2005 жыл 2008ж-ға
бірлігі 2009ж-ға %
Өткізілген өнімнен мың тг. 816436,0 1015333,2 124,4
1 түскен
табыс
2 Өткізілген өнімнің мың тг. 592572,1 693876,9 117,09
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың тг. 223863,9 321456,2 143,6
4 Кезең шығындары мың тг. 164422,4 215221,6 130,9
5 Негізгі қызметтен мың тг. 59441,4 106243,6 178,7
түскен түсім
негізгі емес қызметтен мың тг. - - -
6 түскен
табыс
Салық салғанға дейінгі мың тг. 59441,4 106234,6 178,7
7 жиынтық
табыс
8 Таза табыс мың тг. 41609,0 74364,2 178,7
9 Өнімнің 1 тг.кеткен Теңге 0,93 0,90 97
шығыны
10 Өнім рентабельдігі % 9,7 15,5 159,8
11 Сату рентабельдігі % 5,1 7,3 143,3
12 Өндіру рентабельдігі % 0,37 0,57 154,05
13 Жұмыскерлер саны Адам 395 399 101,01
14 Жұмысшылар саны Адам 366 370 101,09
15 1-жұмыскердің еңбек мың тг. 2066,9 2544,7 123,1
өнімділігі
16 1-жұмысшының еңбек мың тг. 2230,7 2744,1 123
өнімділігі
Жұмыскерлердің еңбек мың тг. 324238,9 354960,0 109,5
17 ақы
коры
18 Жұмысшының еңбек ақы мың тг. 276794,2 296057,1 106,9
қоры
1-жұмыскердің орташа Теңге 68404,8 74135,3 108,4
19 еңбек
ақысы
1-жұмысшының орташа теңге 73824,9 79945,9 108,3
20 еңбек
ақысы
21 Н.Қ. орта жылдық құны мың тг. 112792,5 130317165,5115,5
Айналым құралдарының ортамың тг. 107,1 248,1 29,6
22
жылдық құны
23 Қор қайтарымдылығы теңге 7,23 31722 107,9
24 Қор сыйымдылығы теңге 0,14 0,13 92,8
25 Қормен қарулану мың теңге 308176,6 352208,6 114,3

Кесте-1 мәліметтерінен көріп отырғандай, өткізілген өнімнен түскен табыс
2008 жылғы мәліметпен салыстырғанда 124,4%өсіп отыр, яғни 2009 жылы ол
1015333,2 мың теңгені құрады. Бұл дегеніміз кәсіпорын басшыларының тауардың
сапасын арттырып оған деген сұранысты күшейткен.
Кезең шығындары 50799,2 мың теңгені құрап, кәсіпорынның таза табысы
178,7 пайызға артып, оң нәтиже беріп отыр.
2009 жылғы жұмыс істейтіндердің саны 399 адамды құрады (2008ж.
101,01%), 2004 жылмен салыстырғанда 4 адамға көбейді және мұнда
өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 370 адамға көбейді, яғни
жұмысшылардың 4 адамға көбеюі, кәсіпорын 4 жас маманды өзінің компаниясына
шақыруынан туындап отыр және жұмысшылар мен қызметкерлердің санының артуы
жаңа жұмыс орындарын құрумен түсіндіріледі.
Кәсіпорындағы 1-жұмыскердің орташа еңбек ақысы – жұмыскерлер еңбек
ақы қорынжұмыскер санына12; яғни, ол 2008 жылы 68404,8 мың теңгесін
құрады, ал 2009 жылы ол 74135,3 мың теңге болды, яғни өткен жылмен
салыстырғанда 108,4 % жоғарлағанын көріп отырмыз.
2008 жылы НҚ бастапқы құны 112792,5 мың теңгені құрады, яғни 2009
жылмен салыстырғанда ол 115,5% өсіп тұр.
Маңғыстаугеология АҚ – ның 2009жылы жалпы табыс 321456,2 мың
теңгені құрады.
Негізінде кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру әдісі – акция
шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивидент
алуға құқық беруі тиіс, сондай – ақ акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар
нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс
НҚ пайдалану тиімділігін қор сыйымдылығы көрсеткішінің көмегімен
түсіндіруге болады,яғни қор сыйымдылы дегеніміз – Н.Қ. орташа жылдық
құнының өткізілген өнімнен түскен табысқа қатынасын айтамыз, ол 2008 жылы
7,23 теңгені, ал 2009 жылы тауарлық өнімнің 1 теңгесіне НҚ-ның 7,8 теңгесін
құрады. Осылайша, қор сыйымдылығы 107,9%-ға артты, ол аталған өндірістің
негізгі қорлармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілу қажеттілігін білдіреді.

Осылайша, тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар 2008 жылғы
0,93 теңгеден 2009 жылы 0,90-ға дейін кеміді, яғни ол 2008 жылдың деңгейіне
қарағанда 9,7%-ды құрады.
Қызмет етудің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдаудан
келесідей қорытындылар жасауға болады: Маңғыстаугеология АҚ негізгі
қорлары жұмыс істеп тұрған жеткілікті түрдегі тұрақты кәсіпорын, және ең
қызықтысы, пайдалы және өзін-өзі қаржыландыру мәселелерін өзі шеше алады.

2.3 Маңғыстаугеология АҚ – ның экономикалық тиімділін талдау.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау
мен талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның
қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау,
кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға
мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі
мен қозғалысын зерттейді.
Яғни, кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі
көрсеткіштер:
✓ бір акцияға түскен табыс;
✓ акцияның құндылығы;
✓ бір акцияның баланстық құны;
✓ акцияны котировкалау – бағалау коэффициенті;
✓ бір акцияның табыстылығы;
✓ дивиденттерді төлеу коэффициенті
✓ тұрақты өсу коэффициенті;
✓ капиталдандыру коэффициенті;
Бұл көрсеткіштерді талдау қор биржасында тіркелген және сонда
өздерінің құнды қағаздарын бағалайтын компанияларда орындалады. Талдау
тікелей қаржы есебі бойынша ғана орындала салмайды, оған қосымша ақпарат
керек. Біздің елімізде құнды қағаздар бойынша терминология әлі қалыптасып
болмағандықтан, келтірілген көрсеткіштер атауы шартты болып табылады.
Акцияға түскен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда, әрқашан
дивидент түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады. Өйткені,
компанияның табысы дивиденттер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан
және келешекте акцияның рыноктық құнын көтеруге бизнес болғандықтан,
инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне құзығушылық
білдіреді. Ол таза табыстан айрықша акциялар бойынша дивиденттерді алған
соңғы қалдықтың, шығарылған және қолдағы әдеттегі акциялардың жалпы санына
қатынасы ретінде формуламен есептелінеді:
ДЧА = ДЧ – ДВПР.А. АО
Мұндағы: ДЧА – бір акцияға түскен түскен таза табыс;
ДЧ – таза табыс;
ДВПР.А. – айрықша акциялар бойынша дивиденттер;
АО – айналымдағы әдеттегі акциялар саны.
Бір акцияға түскен табыс, айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза
табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді.Айналымдағы акциялар жалпы
шығарылған әдеттегі акциялар мен меншікті портфельдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Меншік қатынастары және оның түрлері
Біріккен серіктестіктердің түрлілігі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары
Пәндер