Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ТҮРКІСТАН - 2009 ж.

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

М А З М Ұ Н Ы

І. КІРІСПЕ . . . 3

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ОҚУ- ТӘРБИЕ

ҮДЕРІСІНІҢ РӨЛІ . . . . . . 6

1. 2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ДАРЫНДЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 23

ІІ. МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 32

2. 2. МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН

ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49

К І Р І С П Е

Жұмыстың көкейтестілігі: Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында: « . . . бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала» -деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты- балаларға білім беру екендігі, қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану - оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып табылады.

Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі мен дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасалу қажеттігі туындайды.

Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу - басты парызымыз. Сондықтан дарынды баларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей. Республикамызда ашылған көптеген мектеп-интернаттар, колледждер мен лицейлер - негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Дегенмен, дарынды балаларға білім беру әлі де болса бірыңғай жүйеге түскен жоқ. Дарынды балаларға білім берудің дидактикалық мақсаттары әртүрлі бағдарламаларынан тұратын бағдарламалық - әдістемелік кешені қажет.

Біз дарынды деп - белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетін, өзі өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады.

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау - ежелден келе жатқан дәстүр. Ерекше қабілетті оқушылар ел болашағына, оның интеллектік (ақыл-ой) қуатына баға жетпес резерві. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу- баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай қоғамда да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлық. Осы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні диплом жұмысымның тақырыбын: «Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшелігі» таңдауды талап етті.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарына дайындығы.

Зерттеу пәні: математика 4-сынып.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарында бағдарламада анықталған көлемі мен деңгейіне қарай математикалық білімді, біліктілік пен дағдыны игерту және оқушының жеке басы ерекшеліктері мен қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына жағдай туғызу.

Зерттеу міндеттері:

  • Математика сабақтарында оқушылардың арнаулы шығармашылық

қабілеттерін айқындау және дамыту.

  • Олардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту.
  • Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік

белсенділігі арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта және деңгейлеп оқыту теориясы.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Бастауыш білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлкеттік стандарты; Бастауыш мектеп математика оқулығы, оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет, газет-журнал көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды зерделеу, байқау, анықтау, педагогикалық тәжірибелер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негіздерін және мазмұнын түзу; оқытудың тиімді әдістері.

Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларын математиканы оқытудың мазмұнын дайындау.

Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ РӨЛІ

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

“Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі”. Осы үдерісте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет.

Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998 жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми - практикалық “Дарын” орталығы құрылды. Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті - құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата - аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.

Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі - басты парызымыз.

Адами ойлау, ізденімпаз- табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түірн ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөліп бермейді, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек. Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық бұл сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондақтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен тең дейді. Бұл көзқарастар тұқым қуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы талқылаудың жауабы. Біз дарынды деп - белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетін айтып жүрміз айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одапн әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Канада ғалымы Д. Хебб «Генотивтік интеллект» деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интелект сыртқы орта мен қарым-*қатынас орната отырып, «Фенотифтік интелектіні құрайды». Д. хеббтің ойынша, ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8/2. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2 - сыртқы орта. Осылай ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік құрылымға байланысты.

Педагогикалық энциклопедияда дарындылық туралы анықтама берген. Дарындылық дегеніміз -адамдардың қабілеттіліктерін жете жақсы дамуының жоғарғы сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық -сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғалымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді деді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет қалыптасады:

  • нышандардың іс-әрекеттік негізде қабілеттілік қалыптасады;
  • әдейленген дарындылық - сапалы өзіндік қабілеттіктердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
  • жалпы дарындылық - қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
  • іс-әрекеттер сәттігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктері.

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау - ежелден келе жатқан дәстүр. Дарынды балалар ел боашағына, оның интелектік (ақыл-ой) қуатына баға жетпес резерві, қандай қоғамда да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлық.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» деген. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998 жылы 24-наурызда Республикалық ғылыми - практикалық “Дарын” орталығы құрылды. Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарындылықты анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті - құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты - өзіне тән сенімді соқпағы айқындалған, сара әрі даралығымен нәтижелерге жетіп жүрген мекемелердің үлкен ордасы білім берудің жан-жақты даму барысындағы өзекті мәселе-дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу болып отыр. Облысымызда үздіксіз білім беру институты тарапынан қабілеті жоғары балалар аймағында барлық оқу-әдістемелік қызметті жүргізу үшін - дарындылықты анықтау, дамыту және ұйымдастыру -ғылыми-практикалық, әдістемелік кабинеті өз жұмысын бастаған. Кабинет жұмысының мазмұндық моделі республикалық «Дарын» орталығының негізгі Ережелері мен Жарғысы негізінде түзілген. Бұл кабинет ғылыми жоспарлауды көп қырлы бағытта қамтиды. Кабинеттің негізгі атқаратын жұмыстары «дарын» мектептеріне әдістемелік көмек беру мен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша танымдық мотивациясы жоғары балаларды анықтау, оқыту және дамыту, ал негізгі бағыты - мұғалімнің кәсіптік -тұлғалық, креативтік, сонымен қатар, зерттеу мәдениетін дамыту болып табылады. Осыған байланысты елімізде дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар ашылуда. Облысымызда он үш (13) дарынды балалармен жұмыс жүргізетін білім беру мекемелері жұмыс істейді. Айта кететін болсақ, жақын маңда Кентау қаласында аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты, ал Түркістан қаласында Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық дарынды балалар үшін арнайы мектеп жұыс істейді. Бірақ осы аталған мектептерге мектептік орта жас немесе жасөспірім- 6-7 сыныптан бастап оқушыларды қабылдайды. Ал, бастауыш сыныптан бастап тек қана Республика көлемінде дарынды балаларға арналған тек қана А. Жұбанов және К. Байсейітова атындағы музыкалық мектеп-интернаттарды айтуға болады. Ал ендеше неге осы дарынды балаларға арналған мектептерімізге оқушыларды 1 сыныптан бастап қабылдамасқа. Ол үшін әрине, қала, аудан көлемін аралап, ауыл мектептерінде қабылдау комиссиясын құру арқылы олардың жекелеген пәндерге деген ерекше қабілеттерін есепке алып, оларды жалпы интелектуалдық қабілетін, қызығушылығын айқындап арнайы психологиялық тестілеу, сұрақ-жауап жүргізу арқылы анықтау қажет деп ойлаймыз. Сондықтан да жер-жерден дарынды балаларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды гуманистік іс.

Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д. Хебб; Г. Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.

А. А. Леонтьев, О. Н. Овчиникова, Ю. Б. Гиппенрей, К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады. Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.

Кезінде Платонның өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын.

Ал, Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған әрдайым көмекке мейірімді пірім-гений келеді» деген екен.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырған. Оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақтан универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал, уақыт өте келе, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интелектуалдық қабілетке барынша иек артуда. Интелектуалдық ақыл-ой иесі дегенде біз талантты адамдарды айтамыз. Мұндай дарын иелері қоғамның үлкен байлығы және алға жылжытар күші.

Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.

Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр.

Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.

Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.

Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер А. Бэн, В, Вундет, Д, Милль, Т. Спенсер, Т. Циген ой-өріс дарындылығын диагностикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.

Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.

Таным-ойдың білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдау тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда “білуге құмарлық, әуестік те байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсық болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.

Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсее оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуғажеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 факторға сай жүзеге асады:

  • Биологиялық фактор.
  • Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта.
  • Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы

балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың

құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұраұ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын(мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т. б.

Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, құбылмалы. Бұл оқушылар әлі өз зейінін басқаруды игермеген. Сондықтан да оқу үдерісінің әр сәтінде олардың сезім мүшелерін тиісті объектіге бағыттап, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет болады. Психологтар зейінді танымдық әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі деп есептейді.

Зейін дегеніміз - сананы белгілі бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық үдерісс.

Егер балада зейін қою қабілеті болмаса, оқу, ұғыну жөнінде айтудың қажеті болмас та еді.

Зейіннің танымдық ролі жөнінде К. Д. Ушинский:”…зейін сыртқы танымдық дүниенің санға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым бұл есікті аттап өте алмайды, онсыз ешбір ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды”-деген еді.

Ал Я. А. Каменский зейінді заттар ен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне мүмкіндік беретін “ақылдық сәулесі” деп атаған еді. Ол:”өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушылар үшін мұғалімнің уысы ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытылу сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек және бұл үшін олардың әр нәрсеге деген қызығушылығы мен зейінін оята алу қажет”, -деді.

Зейін белсенділігіне қарай - ырықсыз, ырықты, үйреншікті деп үш түрге бөлінетіні белгілі. Оқу жұмысын ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру
Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларды уақытты орынды пайдалануға үйрету
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz