Макросаясат пен микросаясат


«Жалын» журналы, №6, 2011 жыл
Амангелді АЙТАЛЫ,
философия гылымдарының докторы, профессор
МАКРОСАЯСАТ ПЕН МИКРОСАЯСАТ
немесе
ЖЕМҚОРЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ
Кеңес заманында саясат екі деңгейде көрініс алды: мемлекет деңгейіндегі стратегиялық саясат, оны ғылымда макросая-сат дейді. Сонымен қатар, адамдардың үлкен саясат туралы іштей өз пікірі, есебі, өлшемі болды. Ол саясат негізінен мемлекеттің, партияның мүддесімен үйлеспейтін, жеке қара басының жағдайын, табысын, әл-ауқатын ойластыратын, биліктегі мәртебесін сақтауға, реті келсе жоғары лауазымға қол жеткізуге, ортақ мемлекеттік меншіктен қауып жей алмаса да, жалап жеуге тыры-су, бір сөзбен айтқанда пайда табу саяса-ты болды. Оны микросаясат дейді. Олай дейтін себебі, ол көзге ілінбейді, ішкі есеп, жасырын, көлеңкелі саясат, партия сөзін сөйлеп, бастығына бейімделіп отыратын, ел, ұлт мұратынан аулақ, құбылмалы сая-сат, қажет болса жарылқаушысын, кезінде Д. Қонаевты сатқандай сатып кетуге дайын ұстаным, болмаса оған тіпті ор қазып, ор-нына отыруға тырысу. Үлкен мемлекеттік саясат бір қалтада, өзіндік ішкі саясат екінші қалтада болып, осылай екіжүзді өмір сүрдік. Бір сөзбен айтқанда, жоғары билікті қолдау, мақтау, сол арқылы өз бас пайдасын ойлау, өз мүддесін іске асыру үшін берік қорған сияқты еді. Оның да қисыны болды. Мем-лекет, партия басшыларының сөздері мен істерінің алшақтығы, идеологиялық наси-хат пен өмірдің қайшылықтары, бұқаралық ақпарат құралдарының малайлық жағдайы, әлсіздігі, билікті жақтап итаршы болуы бұқара халықты екіжүзділікке бейімдеді. «Үндемеген озады, үндемей өз сойылыңды соға бер» деген философия тарады.
Бір жағынан, көлеңкелі саясат, ұрлық, мансапқорлық, қарсыластарын құрту, жала жабу, өсек-өтірік тарату болса, екінші жағынан, билікті мақтау, мадақтау, мақтамен бауыздау арқылы билікті қолдау, жоқты бар етіп көрсету, жең ішінен жалғасып, «мен -саған», «сен - маған» психологиясы бойын-ша, мынау сенімді адам дегендей атаққа ие болу еді. Кеңес заманында екіжүзділік осы-лай үлкен саясатта да, күнделікті өмірде де шырқау шегіне жетті. Ең басты оның көрінісі - ұраншыл коммунистердің қызметін пайда-ланып баюы, билікті байлыққа айырбастау еді, осылай жемқорлық жаппай сипат алып, мемлекет дағдарысы күшейді.
Әсіресе кеңес үкіметінің соңғы жылдары номенклатураның саяси ойындар, дәлірек айтсақ қулықтың тактикасын меңгергені соншалық, тіпті, ресми кеңес - партиялық жи-ындарда сөйлейтін «партия мен халық бір» де-гендей ерекше сөз саптау қалыптасты, соны-мен бірге ресми емес ортада, отбасы, сенімді достар ортасында анекдоттар айтылып, «бұққан озады» дегендей ресми емес, екінші тіл қалыптасты. Осылай екі жақты тіл, екі жақты әдеп, мәдениет, ресми - коммунистік,
ұраншыл, ресми емес - эгоистік мораль тара-ды. Ашығын айту керек, екіжүзділік жоғары оқу орындарында, әсіресе, біз сияқты қоғамдық ғылымдар мұғалімдерінің арасын-да кең көрініс берді.
Біздің елдегі казіргі билеуші элитаның бірқатары - саяси лауазымды жұмысқа коммунистік қоғамның соңғы кездерінде келгендер. Олар сол кездегі жоғары партия -кеңестік билік басындағылардың дағдарысы, екіжүзділігі, азғындығының куәгерлері және бірқатарлары оны бойына сіңіргендер. Олар негізінен табаны жылтыр, идеялық жағынан тұрақсыз, келісімпаз, айтқанды екі етпейтін құлдық ұратындар ортасынан шыққандар. Оларды саяси тілде конформистер дейді. Олар коммунизмге де, капитализмге де, құдайға да, шайтанға да сенбейтіндер, пайдакүнемдік психологиясына бейімді, өз пайдасы үшін кімге де болса қызмет жасауға дайындар. Қазақстандағы партиялық эли-та арасында жүйеге қарсы Ж. Тәшенов сияқты күрескерлер аз болды. Сондықтан да коммунистік режим жай түскендей тез құлады.
Партия және комсомол белсенділері ешқандай қарсылықсыз жаңа билікке икемделді, енді антикоммунистік идеяға қызмет жасай бастады. Кеңестік идеоло-гияны сырттай қолдау олардың эгоистік ниетін жасыратын қандай қорған болса, енді тәуелсіздік идеясы, ұлт идеясы да олар үшін шын ниетін жасыратын сондай қорған болды. Осылай билікке, саясатқа баюдың көзімен қарайтын жемқорлық топ жаңа билікке ауысты. Коммунистік жүйе құлағаннан кейін, оларды шектеу тіпті мүмкін болма-ды, әлсіз де болса бұрынғы партиялық және мемлекеттік, халықтың бақылауы жойыл-ды. Елге «байыңдар!» - деген ұран тасталды. Ұрлаған, қаржыны шетелге шығару мүмкін болды. Сонымен екіжүзділіктің, баюдың, жемқорлықтың жаңа кезеңі басталды.
Баюдың, жемқорлықтың, қызмет ла-уазымын пайдаланудың жаңа кезеңі жекешелендіруден басталды.
Енді мемлекеттік қызмет, қаржылық, экономикалық ресурстың көзіне айнал-ды. Ірі кәсіпорындар, табиғи байлық көздерін жекешелендіру арқылы, кей-де тіпті заңды белінен басу арқылы баюға негіз болды. Бұл үрдіс орталықтан ауылға дейін, үкіметтен ұжымшар, кеңшарларға, жоғарыдан төменге дейін тарады. Осыдан келіп посткеңестік елдерде, Қазақстанда да әлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Қатардағы мемлекет қызметкерлері, жалпы бюджет секторындағылардың еңбекақысы бәрінен де төмен болды. Осылай жемқорлықтың жаңа бір көрінісі - тұрмыстық жемқорлық етек алды. Анықтама бергені, үшін, кезектен тыс шаруасын бітіргені үшін мемлекет қызметкері сұраған бағасын, қызыл диплом, кандидаттық, докторлық диссертациялар даярлағаны үшін «орамалын» беру-алу дағдыға айналды. Миллиондап жегендермен салыстырғанда күнделікті ұсақ-түйек пара қылмыс деп айтуға тұрмайтын болды, оған етіміз де үйренді. Енді жемқорлық деп ірі пара алатындарды айтатын болдық, күнделікті жемқорлық үйреншікті іске, бар-жоғы көрсетілген қызметтің ақысы, мәселе шешудің жолына айналды. Ресейдің бір газеті «осы қазақтар тәуелсіздікті табиғи байлықтарын, өздерін өздері тонауға алған сияқты» депті. Қазақстанда талан-таражылық галстук тағып кеңседе отырып жасалса, ал көрші қырғыз бауырлар 2010 жылғы революция кезінде жабайы тонаудың (мародерство) да іске аса алатынын көрсетті. Ресейде де, Қырғызстанда да жағдай ауыр, дегенмен, Қазақстанның оларға сын айтатын реті жоғына меңзейді.
Еліміздегі казіргі жемқорлықпен күрес уақытша гана шаралар, әділетсіздіктен жап-пай түңілген халықтың ашу-ызасын басатын әрекет, саяси тыныштандыруға ұмтылыс, әділдік орнатамыз деп қарсылық көрсету, ереуіл, көтерілістің алдын алудың қамы.
Жаппай жемқорлық, тоғышарлық психоло-гия тек мемлекетгік, әкімшілік, шаруашылық элита арасына ғана емес, қатардағы адамдар арсында тараған дерт екенін айттық. Бүгін адамдар алдында екі баламалы жол түр: әртүрлі ұрылар, жемқорлар байлыққа шо-мылып жатқанда, ешқандай кісілікті ойлама, пара ал, қымбат сыйдан қашпа, қажет бол-са мемлекеттік құпияны да, қаруды да сат, табыстың көзін ізде, не заң, адамгершілікке сәйкес кедей, қайыршы болып өмір сүр. Лао Цзы айтқандай, «бай адам адал, адал адам бай болмайды» деген осы дейді біздің заман.
Адамгершілікті, ізгілікті маман иегерлері мұғалімдер мен дәрігерлердің адами жағынан азып бара жатқанын көргенде,
көңілің құлазиды. «Мына еңбекақымен отба-сын қалай асыраймын, кейде бір айлықты бір күнде табамын» дегенде олармен келіскендей боласың, бірақ келіскенің оларды ақтағаның. «Кінәлімін, бірақ мәжбүр болдым», - деді бір мұғалім.
Енді не істейміз? Қалыптасқан жүйе тот басқан механизмдей тозып бара жатыр. Пара алудың түптің түбінде пайда емес екенін, оныңда сұрауы болатынын қалай түсіндіреміз? Әлемдік тәжірибе не дейді?
- Мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да бюджет қызметкерлерініц, жоіарымаман иелерініц еңбекақысын ецбегініц саны мен сапасына қарай багалау қажет. Оған қаржы қайда? Оны табуға болады. Норвегия, Мекси-ка, басқа да көптеген мемлекеттерде мұнай, газ, басқа да шикізат өндіретін салалардың шамадан тыс көп еңбекақысын шегеріп, біраз қаржыны бюджет қызметкерлеріне берді. Алкоголь өнімдеріне мемлекеттік монополия енгізіп, Швеция, басқа да елдер көп қаржы табуда. Мемлекеттік аппаратты қысқарту - табыстың бір көзі.
- Жемқорлықтыц бір себебі элі де бол-са бақылаудыц элсіздігі. Сингапурдың тәжірибесін көп айтамыз, бірақ пай-даланбайтын сияқтымыз. Қоғамды ре-формалау, жаңарту барысында барлық деңгейдегі шенеуніктер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттің, қоғамның бақылауында болды. Бұл жүйеге саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік бақылаушы орган-дар, қатардағы адамдар қосылды. Әсіресе, шенеуніктердің, олардың әйелдері, балала-ры, барлық туыстарының табысы өте қатаң бақылауға алынды. Бақылау тиімді болу үшін ол жоғарыдан да, төменнен де, тұс тұстан, қарама-қарсы жүргізілді. Бақылау толастамай, үзбей жүргізіліп отырды, бұл істе науқаншылыққа жол берілмеді. Бақылаудың қорытындысы жиі сараптама-дан өткізіліп отырды. Жемқорлықпен күрес тек пара алуға ғана қарсы емес, сонымен бірге биліктегілердің қызметке туыстарын, таныстарын тарту, жерлестік, ағайындық, туысқандық топтардың ықпалын жою да күреске үлкен күш-қуат береді.
3. Жемқорлыққа қарсы күрестің бір тетігі - билік басындагылар туралы жариялылық. Биліктегілер туралы мәліметті жасыру кеңес дәуірінен жалғасып келе жатқан үрдіс. Сондықтан да олардың төңірегінде өсек, өтірік, қауесет көп. Оны болдырмаудың жолы тек жариялылық. Мы-салы, еліміздегі табиғи байлықты шет елдер-де беру туралы келісім шарттарға қол қойған кімдер, ол кәсіпорындардан түскен табыс қалай бөлінеді, инвесторлардың үлесі мен жауап алу бүгін мүмкін емес. Осы мәселені кезінде Парламентте көтергенімізде жауап ала алмадық. Сондықтан, халық арасында биліктегілердің де ол кәсіпорындардың та-бысынан алатын үлесі бар-ау деген ой өзінен-өзі туады. Жариялықсыз саясаттағылар мен шенеуніктердің билігін өз пайдаларына пай-далануымен тиімді күресу мүмкін емес.
- Жемқорлықпен күресте тек бақылау-дыц өзі аздық етеді. Мемлекет, қоғам алдындағы жауапкершілік қана бақылауды тиімді етеді. Кеңес заманында лауазымды партия және кеңсе қызметкерлері ешқандай теріс, тіпті қиянат істеріне жауап берме-ген. Номенклатуралық жүйедегі орын-дары ауысып қана отырған. Бүгінде сол індет қайталанып келеді. Қандайда бір үлгі болғандай бағдармалар қабылданғанмен жауапкершіліктің жоқтығығынан «ауыз су», «кластер», «импортты алмастыру» сияқты бағдарламалар аяқсыз қалды, оларға көп қаржы жұмсалды, ол талан-таражға түсті, бірақ оған жауап берген адамдар көрінбеді.
Жауапкершілік пен бақылау ең алдымен заңмен реттелмеген кейбір әкімшіліктер, іс басқармалары сияқты бақылауға қол жете бермейтін органдарға қажет. Өз қалауынша шешім қабылдайтын бұл органдарда жемқорлықтың етек алуына мүмкіндік зор.
- Соцгы жылдары мемлекеттік қызмет-керлердіц тэртібін, мінез-қүлқын реттей-тін этикалық кодекстер қабылданды, ант беру дэстүрі де енгізілді. Әрине, ол шенеу-ніктердің кызметін реттеуге арналды. Бірақ мемлекеттік мекеме қызметі өзара сыйлас-тыққа, ынтымақтасттыққа негізделмей, эго-измге, пайдакүнемдікке, салқын, көңілсіз, немқұрайды ахуалға негізделсе, жемқорлық-қа да оңды ахуал туады.
Жапондық корпорацияларда сенім мәдениеті қалыптасқан. Шынайы сенім болған жерде орынсыз күдіктенуге, алдау-арбауға, ұрлық-қарлыққа орын жоқ. Сенім
- үлкен байлық. Ол тек отбасындағы сенім емес, ол туыстарына, достарына, билікке сенім.
Кәріс ұлтының шежіресіндегі ата-бабасы бір, туыстардың отыз-қырықыншы ұрпағына дейінгі тарихын сақтаған, сондықтан бір ру - бірнеше жүз мың адам. Сол себепті кәрістерде фамилия аз. Кәрістердің 40 пай-ызы - Кимдер, 18 пайызы - Пактар. Бірақ кәрістер клан болып бөлініп өз руының пай-дасы емес, мемлекеттің пайдасын ойлап, бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысып елді көгертуді ойлайды. Кимдер мен Пактардың бәсекелестігінен шыққан тауардың са-пасы әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатындығымен өлшенеді. Біз Оңтүстік Ко-реяны айтып отырмыз. Біздер үшін рулық
тайпалық қатынастардағы ынтымақтастық жемқорлыққа да ыңғайлы болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz