Ақшаның шығу тарихы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Ақшаның шығу тарихы.

Ақша - барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз ететін, жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, өлшем. Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным-түсінік, наным-сенім, ырымдар бар. Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен, оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп . . .

Ақшаның шығу тарихы. Алғашқыда түрлі тайпалар мен халықтарда ішкі және сыртқы сауда-саттықта оның басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шы-ғып, олар құн төлеуге пайда- ланылды. Яғни, ерте заманда гректерде, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда, қыпшақтарда - мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шай, Абиссинияда - тұз ақша рөлін атқарды. Кейін тауар өндірісі мен тауар айналымының дамуы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауысты. Біздің заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдағы хуннулар ақша орнына кү-міс пышақты пайдаланып, біздің заманымыздағы бірінші ғасырда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алды. Дешті Қыпшақ елінде 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбалары бейнеленген теңгелер құйыл-ды. 17 ғасырдың басында қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Қазақ елінің ұлттық валютасы - теңге. ҚР Пре-зидентінің «Қазақстан Рес-публикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заң-ды төлем құралына айналды. Содан бері 15-қараша - Теңге күні.
Ақшаның сезімталдығы Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Әрине, бұл - қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Алайда бизнес сабақтарын жүр-гізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық де-не еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар: «қағаз купьюр мен металл тиын-дар (ақшалар) өздерін қа-дірлеп, қастерлеп, аялаған-ды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз», - дейді. Өте қызық болжамдар.
Ақшаға байланысты мұн-дай болжамдарға сенсек, қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең жоғала береді.

Жасыратыны жоқ, біреу-дің ақша жинауы бізге оны сараң, қанағатсыз, қайыры-мы жоқ кейіпте елестетеді. «Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады», - деп те ойлаймыз. Ақша қасиетін зерттеушілердің ақыл-кеңесі: біздің басымызда мұндай ой, пікір болмауға тиісті. Егерде мұндай ой көкейімізге ұялай қалса, дереу одан құтылып, ақша жинау, оны үнемдеп жинау жөнінде жақсы ойға бөленуіміз қажет. Сонда ақша сенің жаман ойың үшін, өзіңді айналып өтпейді. Иә, әрбір адамның өз ақша-сының көп болуын қалауы - қанағатсыздық емес. Тек оны адал жолмен, ешкімнің еңбе- гін жемей, көз жасына қалмай табу қажет. Осы орайда үлкен- дердің балаларына: «Жұмыс орының қанша жалақы берсе де берекесімен берсін», «Қанша айлық алсаң да құ-дайға шүкір, жеткілікті» - деп айт», «Байлық пен мансап қолдың кірі», - деп айтып отыратыны есіңе түседі, «Олар сонда бізге асып-таспай әр нәрсенің қадірін біл, ақшаңды ұқсатып жұмсап, барыңды бағала, орынсыз ешнәрсе-ні шашып-төкпе деген екен ғой», - деп ойға батасың.
Ақша шақыру жаттығулары

  1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақ-шам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күн-нен - күнге менің қаража-тым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қым-сынбаңыз, қорықпаңыз.
  2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.
  3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адам-дардың психологиясын зерт-теңіз, соларға еліктеңіз. Өзі- ңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұ-ны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психоло-гиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмір-де ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз. 4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пай-ғамбарымыздың (с. ғ. с. ) ха- дис-шәрібінде айтылғанын-дай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құ-нынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.
  4. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңа-лықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді. 6. Ақша - үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыпты-лықты жақсы көретіндік-тен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның ер- келеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз. 7. Ақшаны жұмсаудағы ең басты қателіктердің бірі - оны қолдан-қолға беру. Сол себепті оны берерде ағаштан жасалған үстелдің немесе сөренің үстіне қойыңыз. Өйт-кені, адам өз қолымен ақшаны басқаның қолына бергенін- де өз қуатын бірге беруі мүм- кін. Ақша алғанда да бай-қаңыз: ауру немесе ниеті бұзық адамның қолынан алған ақша сәтсіздікке ұшыратады. Ал ақшаны ағаштың үстінен алсаң, мамандардың айтуынша, ағашта нашар қуат күшін тұншықтыратын қасиет бар. Егерде ақша алғанда мұндай мүмкіндік болмаса, үйге келісімен әлгі ақша салынған әмияныңызды ағаш үстелдің, сөренің үстіне жарты сағат қою қажет.

8. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да барлық табиғаттың құрылым бөлшектері тәрізді таңертең оянып, күн батқан-да ұйықтайды. Сондықтанда ұйқыдағы ақшаны алып та, беріп те қажеті жоқ. 9. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Бай-лықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жа-маншылықтың алдын алады, Мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту - бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.

Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақ-шаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қой- маңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзі-нің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жа-лақы, сондай ақша жетеді», - деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже

  1. Мал - баққанға, ақша - адалдан тапқанға бітеді. 2. Ақша туралы арам ой да - зиян. 3. Алаған қолым - береген. Үстемелеп берсеңіз, үстеме-леп аласыз. 4. Қайырымдылықпен айна-лыссаңыз, шығынның қайта-рымы мол болады. 5. Басы артық дүниеңізді бас- қаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
  1. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмек-тесетін бол.
  2. Фәнидегі басты парызың - қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың. Ақша қайтсе көбейеді?
  3. Мамандар ақшаны көбей-туге игі ықпал жасайтын мынандай жолдарды ұсынады:
  1. Ең алдымен өзіңе қажетті қаржыны анықтап алып, таңертең ұйқыдан оянысымен бар ынта-ықыласыңмен, көзіңді қайта жұмып алған қалпыңызда «Мен әуелі соншама, сосын одан да көп ақшаны иеленгім келеді» деп дауыстап айтыңыз. Егерде бірнеше жылдан соң туған күніңізге дейін белгілі бір мөлшерде қаражат жинап, өз бизнесіңізді жүргізгіңіз келсе: «Өзімнің . . . жылғы туған күніме дейін менің қолымда соншама қаржы болуға тиіс. Сол ақшаны жиып алған соң өз бизнесімді шебер ұйымдастыратын боламын» дегендей сөздерді айтып, со-ған талаптану қажет.

Жаңағы сөздерден кейін әрбір адам осыншама ақшамен не істейтінін, оны табу үшін қандай іс-қимыл жасайтынын айтып, «қазірдің өзінде сол ақшаны қиялымда көріп, ұстайтындай болып тұрмын» деуге тиіс.
2. Осы бағдарламаны та- ңертең мен кешке екі рет қайталап, қолыңа қажет- ті қаржы түскенше тоқтат-пағаның жөн.
3. Өзіңізге қалаған байлы- ғыңызды алу үшін немен төлей алатыныңызды адалынан айтып, өз кармаңызды сол арқылы кеңейтіңіз, сонда көзге көрінбейтін бұғаулардан құтыла бастайсыз. Сондай қолбайлаулардың бірі - кешке теледидар алдында жатып, тамашалау болуы мүмкін. Соны ойлаңыз.
4. Өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін оның нақты жоспарын жасап, дереу іске кірісіңіз. Ең маңыздысы ішкі мүмкіндік. Сол арқылы өз кармаңызды кеңейте аласыз. Іштей әрекет дұрыс болса, сыртқы жағдай да қолайлы бола түседі.
5. Өз әрекетіңіз кезінде 20 пайыз ғана күш жұмсап, 80 пайыз нәтиже беретін жағдайға ұмтылыңыз.

6. Осы сияқты идеяны ақша-ға айналдыру жоспары ақшаға айналатын жұқа әлемнің бедерін қалыптастырады. Ол анық көріне бастасымен, сіз-дің жоспарыңыз да нақты мерзімінде нақты оқиғалармен толығады.
Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары Ақшаны өзі үшін, яғни өзіне бір нәрсе сатып алу, өзіне сыйлық жасау үшін жұмсау - пайдалы іске жұмсау болып саналмайды.

7. Ақша табуға кедергі келтіретін жағдай - тәкаппарлық. «Мен кедеймін, өйткені ақша-ның соңына түсуге адамгершілігім жібермейді» дейтіндер бар. Бұл орайда адал жолмен, еселі еңбекпен табыс табуды кез-келген жолдармен (алдау, арбау, бопсалау, т. б. ) ақша табумен шатастырмау қажет. Негізінен, ақшаны пайдалы жаратудың бірінші принципі - тәкаппарлықты азайту. Себебі кез-келген адам бір жерде біреудің қарамағында жұмыс істейді, соның идеясын жүзеге асырады. Тәкаппарлық біреуге, одан қабілеттірек, таланттырақ адамға жұмыс істеуге кедергісін келтіреді.

Ақшаны қуана жұмсау қа- жет. Ақшаны пайдалы жара-тудың екінші принципі карма заңына сүйенеді. Өз ақшаңды жақсы сезіммен жұмсағаныңыз жөн. Сіздің сатып алғаныңыз үлкен, өте әдемі зат болған сайын көңіл-күйіңіз де жоға-ры көтерілуге тиіс. Ақшаны қуана жүріп жұмсаған сайын ақшаны өзңізге тартудың кармалық механизмі іске қосылады. Ақша - карманың төртінші деңгейі. Оны естен шығармаңыз. Егерде өз ақша-ңызды жұмсау ешқашан қу-андырмайтын болса, мінез-құлқыңызға қайта қарап, оны жақсы жағына қарай өзгертуге тырысыңыз.
Фэн-Шуй жүйесі бойынша, ақшалы болғыңыз келсе, үйі-ңізде ақшаны тартатын орта-лықты құруға ниеттелсеңіз: қонақ бөлме жарық та, ыңғайлы болуға, оның оңтүстік - шығыс бөлігі әртүрлі заттармен толтырылмауға тиіс. Жә- не де Сіз орындықтың, крес-лоның, диванның арқасын есікке, терезеге қаратып отыр- маңыз, қонақ бөлменің бұрыш-тарын әр нәрсеге толтырма-ңыз, бірақта оны бос қойма-ңыз. Олай жасамасаңыз, сол жерге қуаттар шоғырланып тұрып қалады да, ақшаңыздың айналымында тоқыраушылық болады. Мадақ пен сыйлық ақша Адамды мадақтау да, оған ақшалай сыйлық жасау да оның миына біркелкі дәре-жеде жағымды әсер етеді екен. Бұл - жапондық және американдық ғалымдардың ашқан жаңалығы. Баспасөз беттерінде жа-рияланған мәліметтер бойынша бұл тәжірибе Жапония- ның Оказаки қаласындағы ұлттық психология институтында жасалынған. Оған 19 адам қатысқан. Оларға ми мониторингі жүргізіп, алғашқыда тәжірибеден өтушілерді үш-үштен бөліп, құмар ойындарын ойнатады. Сол кезде оларға басқа адамдар келіп мақтау сөздер айта бастайды. Сонда анықталғаны: ақша ұтқанда әлгі адамдардың миының қай бөлігі ерекше белсенділік танытса, мақтауды естігенде де мидың сол бөлігі белсенділік көрсетеді. Яғни, ақша мен мадақ адам миына бірдей жағымды әсер етеді.

Ақшаны алдап алу Оны арнайы түрде жолы-ңызға ақша тастау, Сізге әдейі соқтығысу арқылы іске асырады. Ақша тастау. Бұл әдісті кісі тонаушылар топтасып жасайды. Олардың әрқайсының атқаратын өз міндеттері бар. Қай жерде, кімнің алдына, қалай ақша тастау керектігін жетік білетін қулар ең алдымен ауылдың адамын, алаңғасар кісіні іздейді. Бұл топтың екінші адамы тасталған ақшаны әлгі адам көрмей қалса, оны тоқтатып әмиянды көрсетеді де ішіндегі ақшаны оңаша жерге барып бөліп алуға азғырады. Үшінші адам қолайлы сәтті күтіп тұрып, олардың үсті-нен түседі де жоғалтқан ақшасын солардың тауып алғанын айтып байбалам салады, әмияндағы, бумадағы ақшасы азайып қалғанын сылтауратып, әлгі адамның қалтасын ақтарып ондағы бар ақшасын сыпырып алады. Ұры атанғысы, милицияға түсіп, істі болғысы келмеген аңқаулар өз ақшасын тектен-текке алаяқтарға беріп, тоналып шыға келеді. Арнайы соқтығысу. Мұ- ны екі-үш алаяқ бірігіп жасайды. Олардың біреуі қолтығына ескі сынық радиола немесе магнитофонды қыстырып, көз- деген кісісімен әдейі соқ-тығысып қалады. Сол кезде қолтығындағы сынық, жұмыс істемейтін радиола, магнитофон, басқа да заттар жерге түсіп, оның күл-талқаны шығады. Осы кезде оның сыбайластары жанына келе қалып, оқиғаға куә болады. Еріксіз «кінәлі» болған адам айыппұл тө-леп, кейде сол заттың құнын беріп, алаяқтардан әзер құтылады.

Сол себепті адам қаты-насы мол тротуарларда сақ жүрген жөн. Қандай оқиға-да да сасып, қорықпаңыз. Ақша жинау туралы ақыл-кеңестер Үндістанның әйелдерге арналған «Фимина» атты журналында Махалакшми-дің «Бақытты болудың 100 тәсілі» туралы зерттеу мақа-ласы жарияланған-ды. Онда ол қаражат жинау жөнін-дегі өзінің іс-тәжірибесін әйелдерге ақыл-кеңес ретінде арнайды. Яғни, автор былай деп жазады:
«Кішкентай да болса бір жетістікке жеткен сайын тындырымды істерім үшін өзіме-өзім сыйлық жасауды жоспарлаймын. Яғни, өзімнің жұмысқа деген ынтамды арттыруым керек қой.

Инфляция тарихы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .

Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.

Инфляция - ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;

Айналысқа ақшаның артық шығуы

Қолайсыз төлем балансы

Үкіметке сенімнің жоғалуы

Инфляцияның көріну нысандары;

Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;

Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;

Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.

Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:

-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.

-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде

-әсіре -баға жүздеген пайызға өскенде

Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:

Инфляция еңбек ету ынтасын азайтады,

Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын күшейтеді

Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады, олар натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай жылжиды.

Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару эканомикалық және ақша-несие саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.

Солардың ішінде өндірістік стабилизация мен стимуляциясы, салық жүйесінің қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.

Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық процестер өсу темпімен өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.

Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен: «Ақша - кредит саясатының негізгі мақсаты -инфляцияны тежеуді қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».

2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды. Бұл тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер етпей қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8, 4 пайызды құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80, 2 пайызды құраған.

Қымбат металдардың құны және доллардың бағамы ұлғайған кезде сатып алынған монетаның құны артады. Сонымен қатар борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға ықпал ету және халыққа оның салымдарының сақталуын қамтамасыз ететін жаңа қаржы құралын ұсыну мақсатында Қаржы министрлігінің жеке тұлғаларға арналған арнайы орта мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарын (МАОКАМ) шығарғанын атап өткен жөн. МАОКАМ-ның айналыс мерзімі екі және үш жыл, сыйақы ставкасы 7, 3% және 7, 5%, тиісінше, олар бойынша сыйақыны төлеу жылына екі рет жартыжылдық төлемдермен жүзеге асырылады. Бір МАОКАМ құны 10 АҚШ долл. баламасына тең және ол валюталық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады . . .

- Сіздің пікіріңізше, теңгенің болашағы қандай, ол алдағы уақытта қандай сынақтарға тап болуы мүмкін?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болу тарихы
Ақша массасы және ақша базасы
Ақша ұғымы, ақшаның шығу және даму тарихы
Ақша айналымының сипттамасы
Ақшаның мәні және қызметтері туралы
Ақшаның маңызы
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Валюталық қатынастар
Ақшаның шығу тарихы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz