Әдеп пен салт – сана сабақтастығы



1 Дәстүр, әдет.ғұрып пен салт.сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар
2 Дәстүр, салт.сана, әдет.ғұрып — жалпының ортақ игіліктері
3 Қазак — дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық
Қазақта мынандай бір терең тағылымды аңыз бар: «Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шыгады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктіц артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрган есігінен ішке қойып кетеді. Үй иесі жаиылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсыгын тіреп, солығын баса алмай, тұрып қалыпты.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әдеп пен салт – сана сабақтастығы
Қазақта мынандай бір терең тағылымды аңыз бар: Баяғыда тасы өрге домалап
тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шыгады. Орман кезіп, қыр
асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай
жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктіц
артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері
қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен
сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрган есігінен ішке қойып кетеді.
Үй иесі жаиылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген
киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсыгын тіреп,
солығын баса алмай, тұрып қалыпты.
Шығар киікті! — деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп
отырған қарияға. — Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің уйіңде
қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар ? —
Сонда қария:
Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас. Бұл сорлы жаны
қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын
өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың.
Көздеріңе қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда
дастарқан басына алып келмеушіме еді? Тіпті хан болсаңда, дәстүрден үлкен
емессің. Ал дәстүрді, қапыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына
қаласың, жолың болмайды, — депті. Хан аталы сәзден жеңіліп, ат басын кері
бұрыпты.
Үй иесі — көшелі қария халықтың дәстүр-салтын алға тартады, хан да одан
аттап, ожарлық жасамайды. Бұдан әдептің халықтық дәстүрмен, ата салтпен
байланысты, төркіндес екені көрінеді. Енді соған кеңірек тоқталайық.
Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар
түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының
негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының
маңызды формаларын көрсетеді.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізде қалыптасып. ұрпақтан ұрпаққа
берілетіи әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп - инабат нормасы болып
табылады. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүруі жағынан барынша
ұлттық сипатта болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне сонысымен үлес
қосады.
Дәстүрлердін жалпыға ортақ ең маңызды қызметі — адамдар арасындағы
өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылыкты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық
қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес.
Дәстүрлердін шектеушілік қызметі бейберекеттік пен өктемдікке қарсы
күресудің қуатты кұралы рөлін атқарады. Белгілі француз социологі Э.
Дюркгейм: Дәстүр—адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің
тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді
бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін
қорғаушы құрал болып табылады,—дейді.
Бұл жерде әңгіме бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін
адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Расында да, адамдар дәстүрді қажетсінеді, оны сақтауға объективті түрде
мүдделі, яғни дәстүр адамдарды біріктіреді және сол бірліктің ыдырамауын
қамтамасыз етеді.
Дәстүрде жинақталган ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және
рухани мәдениетке ие, мұрагер болады. Мысалы, халқымыздың Ата салған жол
бар, ене пішкен тон бар, Ата көрген — оқ жонар, ана көрген — тон пішер
деуінің мәні бұрынғыдан қалған жол-жосын, әдет-салтын басшылыққа алынуға
міңдеттілігін білдіреді. Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан
жолды ұстар дейтін әлгі мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай
жетіп келе жатуының өзі — дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор
мұрат санайды. Атадан ұл туса — игі, ата жолын қуса — игі деген ұлы арман
соған мегзейді.
Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен әрі ықтияттылықпен
қарауы яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу
салудан қатты сақтануы айрықша мәнді, қастерлі қасиет саналады ондай жастар
көргенді деп бағаланып, көптін алғысына бөленеді, дәстүрмен сыйыспайтын
іс істегендер тексіз, көргенсіз деген өте жек көрінішті атқа ие болып,
қауымдастық алдында абыройдан айырылып, ауыр айыпқа бұйырылады.
Кейбіреулер дәстүрді тек өткенді бағдар етіп ұстау деп есептеп, солай
түсіңдіреді. Бұл—шала, біржақты түсінік. Дәстүрлі қоғамдық қатынастардың
бағзыдан келе жатқаны, көзбастауы көнеде екені рас. Бірақ Дәстүрді нысана
тұту—өткенді бағдар етіп ұстау деген пікір—тым үстірт әрі жаңсақ тұжырым,
өйткені сол ескі деген нәрсеңіз адамның келешегіне жол көрсетіп, бағыт
сілтейді. Егер дәстүр болмаса, адамдардың қоғамдык қатынастардағы көптеген
нәрселерді алдын ала білуі, яғни келешекке арналған қандай да болсын
ережелерді түзуі мүмкін болмас еді. Ал ондай ережелер, жоспарларсыз адамзат
қоғамы өмір сүре алмайды. Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалын анықтау
Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Абай өнегесі
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Ұлттық сананы қалыптастыру
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Пәндер