Антикалық дүниетанымдық ой


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Антикалық дүниетанымдық ойының дiни дəуiрi
  2. Антикалық философия тарихындағы ерекше орынды софистер

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Антика философиясы

“Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим

философиясын бiлдiредi. “Антика” сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда “көне” деген мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Алайда, қалыптасқан дəстүр бойынша антикалық дəуiр тек батыстың көне заманын бiлдiрiп, осы грек-рим əлемiне қатысты айтылады. Ал хронологиялық шеңберiне келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын б. з. д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық

емес философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А. С. Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-V ғ. ) ; классикалық грек философиясы (б. з. д. ΙV ғ) ; эллиндiк-римдiк философия (б. з. д. ΙΙ ғ - б. з. V ғ) . Ал Дж. Реале мен Д. Антисери антикалық философия дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:

1. Б. з. д. VI жəне V ғасырлар аралығын қамтитын физис жəне космос мəселерiмен айналысқан натуралистiк кезең. Мұның өкiлдерi қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер жəне физик-эклектиктер жатады.

2. Адам болмысының мəнiн айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистiк кезең. Бұл кезеңнiң басты өкiлдерi-софистер жəне Сократ.

3. Сезiмнен тыс əлемнiң ашылуы жəне негiзгi философиялық мəселелердi

органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдiң үлкен синтезi кезеңi.

4. Александр Македонский жорықтары дəуiрiндегi эллиндiк мектептердiң-кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм жəне эклектицизм бағыттарының дəуiрi.

5. Антикалық дүниетанымдық ойының дiни дəуiрi - неоплатонизм жəне оның

модификацияларының қайта жандану кезеңi.

6. Христиандық ойдың қалыптасуы жəне грек философиясының категориялары

тұрғысында жаңа дiннiң догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңi.

Ежелгi Греция дүниетанымның жаңа формасы-философияны қалыптастырған негiзгi үш мəдени орталықтың бiрi болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үндi жəне Ежелгi Қытай жерлерiнде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бiрақ эллиндiк ақыл-ойдың дүниеге келтiрген жемiсiнiң шығыстық философиямен салыстырғанда өзiндiк түбiрлi ерекшелiктерi болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмiрiнiң формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дiн, ғылыми бiлiмнiң бастапқы түрлерi, əдеттiк сана жəне тiршiлiк даналығы жатады.

Грек философиясы “физис” философтары немесе натурфилософтар болған милеет мектебiнiң өкiлдерiнен (Фалес, Анаксимандр жəне Анаксимен), Гераклиттен жəне

Пифагордан басталады. Олар дүниедегi барлық заттардың түннегiзiн iздеумен айналысты, нəтижесiнде дүниетанымда төңкерiс басталып, философияның қалыптасуына əкелiп соқты.

Түпнегiз (архэ) - бұл барлық нəрселердiң шығу тегiн, олардың мəндiлiк ретiнде өмiр сүруiн жəне неге айналатынын бiлдiретiн бастапқы негiз. Фалес барлық нəрсенiң түпнегiзiн су деп пайымдаса, Анаксимандр өзi апейрон деп атаған шексiздiк пен белгiсiздiктi атайды. Архэ ретiнде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор- сандық қатынастарға аса мəн бередi. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегiздi неғұрлым философиялық жəне абстракциялық тұрғыда түсiндiруге тырысады. Алайда, су, ауа жəне отты физикалық-химиялық элементтердiң немесе процестердiң бiр бөлiгi ғана деген ой туындамауы тиiс, себебi олар ең алдымен құдiреттi бастаумен

байланыстырылады. Бұл шексiз бастаудың құдiреттiлiк қасиетi бар, өйткенi ол мəңгi өмiр сүредi жəне бұзылмайды. Бұл Сократқа дейiнгi алғашқы философтар осы құдiреттi түпнегiздi əлемнен бөлiп алмай, керiсiнше əлемнiң мəнi ретiнде түсiндiргендiктен “натуралистер” деп аталады. Сондықтан Гомер жəне антикалық дəстүрмен салыстырғанда бұл ұғым пантеистiк типтегi түсiнiк болып табылады. Мысалы, Фалес “бəрi құдайға толы” деп айтқанда барлық нəрсенiң өн бойын түпнегiз қамтиды дегенге меңзейдi.

Ал өмiр бастапқы болғандықтан, бар тiрi нəрсенiң де жаны болады (гилозоизм) . Алғашқы грек ойшылдары əлемдегi бiр-бiрiне үстемдiк етуге ұмтылған қарама- қарсылықтарды аңғара бiлдi (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық жəне т. б. ) .

Анаксимен барлық өзгерiстер мен трансформацияларды түсiндiрудiң негiзi ретiнде өзiнiң үнемi өзгермелi табиғатына орай универсалдық стихия түрiнде ауаны түпнегiз етiп алғаны белгiлi. Ол сонымен қатар, “тығыздалу” мен “сиректелу” процестерiне динамикалық себеп принципiн енгiзгендiктен, себептiлiктiң түпкi бастаумен жетiлген үйлесiмдiлiгiн түсiндiрiп бергендiктен милеттiк ақыл-ойдың қатаң жəне логикалық көрiнiсiн айшықты түрде көрсетедi. Кейiнiрек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгiсiне айналып, əсiресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түрiндегi түпнегiз-от ретiнде өзiнiң заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегiздiң универсалды динамизмi тақырыбын онан ары дамытты. Оның “бəрi ағады, бəрi өзгередi” деген атақты тезисi осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл

түйiндерге тоқталады: бiр қарама-қарсылықтан екiншiсiне үнемi алмасу ретiндегi қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресi идеясы, олардың үйлесiмдiлiкке бiрiгуi, ақиқат пен танымның көп қырлығы. Гераклиттiң дəл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерiнде пайдаланды.

Философия дүниеге келiсiмен құдiреттiлiк (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенiмдердi бұзып, өзiнiң жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады:

Космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу (“болмыс”, “болымсыздық”, “ойлау”), диалектикалық тəсiлдi енгiзу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дəлелдеудiң

қажеттiлiгi мен оның тəсiлдерiн қолдануды (абсурдқа əкелу принципi) мойындау.

Зенонның аргументтерi өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын бекiтетiн берiлген тəжiрибеге күмəн келтiретiн логостың позициясын күшейтуге бағытталған.

“Кiшi физиктер” немесе физик-плюралистер-Эмпедокл жəне Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге ұмтылумен байланысты болды.

Олардың плюралистiк концепциялары элейлiктердiң де, иониялықтардың да

монизмiне қарсы бағытталды. Ал бұл үшiн Эмпедокл элемент, немесе төрт “түбiр” ұғымынан өзге бiрiктiруге жəне ажыратуға мүмкiндiк беретiн Махаббат жəне Дұшпандық деп аталған ғарыштық күштердi де енгiзедi. Ал Анаксагор болса (Афинадағы философияның дамуы оның есiмiмен басталады) əлемдегi сан жетпес сапалар мен өзгерiстердiң көп құбылмалы себебiн заттардың “ұрықтары” (гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бiр тəртiпке келуi арқылы түсiндiредi. Бұл мəселенi түсiндiруге келгенде ең жүйелi жəне мақсатты талпыныс Левкипп жəне Демокрит ұсынған əлемнiң атомистiк картинасы болды. Əлемдегi барлық өзгерiстi, қозғалысты түсiндiретiн - атом (абсолюттi, тығыз, онан ары бөлiнбейтiн болмыс), бос

кеңiстiк (болымсыздық) жəне олардың қозғалыстары. Атомдар формасына, ретi мен жағдайына қарай ерекшеленедi, олар сезiммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады. Элеаттардың апорийларын игеру мақсатында олар əртүрлi сезiмдердiң болуы атомдардың сыртқы əсерiнен, ал ақиқатты түсiну атомдардың өмiр сүруiн ақылмен ұғыну арқылы iске асады дей отырып, “ақиқатты” да, “пiкiрдi” де сақтап қалды. Демокриттiң бүкiл дүниетанымынан байқалатын атомизм принципi ғаламның шексiздiгi мен ондағы əлемдердiң сан алуандылығы, себептiлiк пен кездейсоқтылық туралы iлiмдерiнде, мəдениет тарихына көзқарасында, моральды зерттеуiнде жəне т. б. оның данышпан ойларды дүниеге əкелуiне мүмкiндiк бердi.

Антикалық философия тарихындағы ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий жəне т. б. ) алады. Əдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүдденi ойлаушылар жəне тағы да басқа күнəлармен айыптайды. Шындығында софистика б. з. д. V ғасырдың екiншi жартысындағы Грецияның өмiрiне объективтi əлеуметтiк, экономикалық, мəдени дамудың алғы шарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс

ұғып, оған форма мен дауыс бердi. Олар аға ұрпақтың дəстүрлi құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса “грек ағартушылары” деп те атайды. Софистер дəстүрдiң орнына рух еркiндiгiн жариялап, бұрынғы əлеуметтiк кестенi бұзып, оның орнына тəрбие мəселесiн

алдыңғы орынға қойды. Бұл мəдениеттi бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңiнен енгiзуге жағдай жасады. Полистiң тар шеңберiн

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Ежелгі философия туралы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қоғамның гуманизациясындағы философияның рөлі
Антикалық философияның даму кезеңдері
Болмыс
Ортағасырлық философия туралы
Философия дәрістер
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz